Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана
заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар
себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті
болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш
жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі,
оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады
Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады.
Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс
түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық
ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға,
салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Мектепалды даярлық, балаларының
логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені
балалардың ойлары осы кезде нақты - бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай
дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып
және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге
үйрене бастайды.
Дәлеледеу үшін бала тиісті жүйе - логикалық ойлануға сүйенеді - дейді
Ғ. Жолтаева. Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз -
қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек
қателеспейміз..Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ - баланың
жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік
қасиеттер, ақыл - ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең
негізгі кезеңі болып табылады.
Баланың ақыл - ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес,
танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау,
ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.
Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың
бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және
ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай
дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау
үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық
амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу
әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: Ойлау- жанның өте бір
қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың
ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек -деген.
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша
айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic - сөз, ой, ойлау, ақыл
- ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым. Обьективтік
пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың
формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.
Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге,
өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.

Курстық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту жолдары

Орындаған: МД-18 тобының студенті
Төлеубай Ж.
Қабылдаған: Ахметова А.Ә.

Қарағанды 2022
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .5
Танымдық белсенділік түсінігі және маңызды сипаттамалары ... ... ... ... ... 5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру бойынша эксперименттік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...14
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларда жансыз табиғатпен танысу кезіндегі танымдық қызығушылықтың қалыптасу деңгейін диагностикалау ... ... ... ... .14
2.2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Шығармашылық қабілетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Пәндер