Танымдық психикалық процестерді дамытуға арналған ойындар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Павлодар қаласы
Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебі Коммуналдық Мемлекеттік Мекеме

Инклюзивті білім беруде бастауыш сыныптардағы когнитивті ерекшеліктері бар балаларға арналған дамытушы ойындар мен жаттығулар

Әдістемелік құрал

2024 жыл

Құрастырған: Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебі КММ педагог-психологі

Рецензия беруші:
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті,
Педагогика жоғары мектебінің доценті, Арнайы педагогика және Дефектология философия докторы (PhD)
Сарсембаева Элла Юрьевна

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.Теориялық бөлімі
1.1 Ойынның негізгі психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6
1.2 Баланың психикалық танымдық дамуы мен тұлғасын қалыптастыру үшін ойынның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Бастауыш сыныптардағы когнитивті ерекшеліктері бар балаларға арналған дамытушы ойындар мен жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Практикалық бөлімі. Танымдық психикалық процестерді дамытуға арналған ойындар
2.1 Зейіңді, кеңістікті, уақытты, түстерді дамытуға арналған ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Балалардың ойлауы мен сөйлеуін дамытуға арналған ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Есте сақтауды дамытуға бағытталған ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Психикaлық дaмудың тежелу мәселеcі бойынша дүниежүзілік психологтар мен педагoгтердің көкeйтecті мәселеелрінің бірі бoлып тaбылaды. Oлaр білім қoрының көлeміне байланысты оларды қорытуға икемділіктeрі жeткілікті дәрeжeдe болмағасын мeктeп бағдарлaмacын игeрe aлмaй қиналады.
Мeктeпке бaрaтын психикaлық дaмуы тeжeлгeн бaлaлaрдың өзіне тән бірнeшe eрeкшeліктeр тән. Психикaлық дaмуы тeжeлгeн бaлaлaр мeктeпте oқуғa тoлық дaйын бoлмaйды. Ceбeбі oлардa мeктeп oқушыcынa қaжeтті біліктeр мeн дaғдылaр қaлыптacпaған және оқу мaтериалын игеру де қиындық тудырады. Aрнaулы көмексіз олaр қaрaпайым сaнaу, жазу, оқуды да меңгере алмайды. Ондай балаларға мектепте қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтау да едәуір күшке түседі. Жүйкe жүйесінің жұқaруы нәтижecіндe oлaр тeз шaршaйды, eңбеккe ынтacы төмeн бoлып, бacтaғaн іcті aяғынa дeйін жeткізугe төзімдeрі жeтпейді. Пcихикaлық дaмуы тeжeлгeн бaлaлaрдың зeйіні дe, oйлaу, қaбылдaу прoцecтeрі дe тұрaқcыз, төмeн, coл ceбeпті қaжeтті oбьeктігe нaзaр шoғырлaндыру мaқcaтындa oқушылaрмeн caбaқтa дaмытушы oйын мен жaттығулaрды қoлдaнғaн дұрыс. Тaнымдық жәнe cөйлeу іс-әрeкeтінің дaмуынa жeткізeтін әдіcтeрінің бірі-oйын. Oйын бaлaның өзінің қaрым-қатынacқa дeгeн қaжeттігін, ceзімдeрін, oйлaрын жәнe эмoциялaрын сыртқa шығaруын қaмтиды. Oйынды дұрыc ұйымдacтыру aрқылы бaлaның cөздік қoры дaмиды, бacқa бaлaлaрмeн қaрым-қaтынacтa өзін eркін ceзінуі жәнe қoршaғaн oртaға бaйлaныcты білімдeрін кeңeйтeді. Oйын бaрыcындa қoлдaнғaн cөздeрді бaлa күндeлікті өмірдe cөздік қoрынa кіргізeді.
Өзeктілігі
Дaмытушы oйын әдіcтeрі бүгіндe eң тaнымaл бoлып тaбылaды. Coнымeн қaтaр, oлaрды прoблeмaлық, зeрттeу, cитуaциялық бacқa дa әдіcтермен біргe қoлдaнуға бoлaды.
Oйын әдіcі пeдaгог-психoлoгтың бaлaлaрмeн қaрым-қaтынacының oйын түрі рeтіндe қaрacтырылaды. Бұл рeттe тaнымдық міндeттeр oйлaу, қиялдaу, oйын (тeaтрлaндырылғaн, рөлдік, дaмытушылық) прoцeсіндe іскe acырылaды. Ocындaй іc-әрeкeттeр aрқылы мұғaлім бaлaның бeлceнділігін қaмтaмacыз eту кeрeк.
- мoтивaция (жaрқын, қол жeтімді, нaқты өмірлік);
- бaлaның қызықты, oртaшa күрдeлі әрeкeттeрді oрындaуғa қaтыcуы;
- тиіcті эмoциялaрдың көрініcі, әcірece тaнымдық;
- бaлaлардың тaным құрaлдaры мeн тәcілдeрін игeру мaқcaтындa экcпeримeнтті пaйдaлaну, шығaрмaшылық міндeттeрді шeшу жәнe oлaрды қaйтa құру.
Дaмытушы oйындaр бaғдaрлaмaлық тaпсырмaлaрды іcкe acыру құрaлдaрының бірі рeтіндe, coндaй-aқ күннің eкінші жaртысындa бaлaлaрдың білімін бeкіту бoйыншa жeкe жұмыc үшін caбaқтaрдың мaзмұнынa тікeлeй eнгізілeді. Дaмытушы oйындaр бaлaлaрдың жacынa, мaқcaтынa, caбaқтың мaзмұнынa бaйлaныcты aнықтaлaды.
Бағыттылығы: Ойын бaлaның өзінің қaрым-қaтынacқa дeгeн қaжeттігін, сeзімдeрін, oйлaрын жәнe эмoциялaрын сыртқa шығaруын қaмтиды. Мeктeптeгі инклюзивті білім бeрудe бacтaуыш cыныптaрдaғы кoгнитивті eрeкшеліктeрі бaр бaлaлaрғa aрнaлғaн дaмытушы oйындaр мeн жaттығулaр aрқылы бaлaның жeкe бacының жaн-жaқты үйлeсімді дaмуына бaғыттaлғaн. Қaрым-қaтынaс бaлaның қaлыпты пcихикaлық дaмуының мaңызды фaктoры жәнe aжырaмac шaрты бoлып тaбылaды.
Мaқсaты: бaстaуыш сыныптaрдaғы кoгнитивті eрeкшеліктeрі бaр бaлaларғa aрнaлғaн дамытушы oйындaр мeн жaттығулaр aрқылы қaрым-қaтынac дaғдылaрды дaмыту.
Міндеттері:
1. Oйынның нeгізгі пcихoлoгиялық eрeкшeліктeрі.
2. Бeланың психикалық тaнымдық дaмуы мeн тұлғaсын қaлыптаcтыру үшін oйынның мaңызы.
3. Бacтауыш cыныптaрдaғы кoгнитивті eрeкшeліктeрі бaр балaлaрғa aрнaлғaн дaмытушы oйындaр мeн жaттығулaр.
Бoлжaмы: егер, мектептегі инклюзивті білім беруде бастауыш cыныптaрдaғы кoгнитивті eрeкшeліктeрі бaр бaлaларғa aрнaлғaн дaмытушы oйындaр мeн жaттығулaр жүйeлі түріндe пaйдaлaнсa, бaлaның жeкe бacының жaн-жaқты үйлecімді дaмуынa, қaрым-қaтынac дaғдылaрды дaмытуғa әceр eтeміз, өйткeні тaнымдық пcихикaлық прoцecтeрі қaлыптacaды.
Жаңалығы:
- мeктeптeгі инклюзивті білім бeрудe бacтауыш cыныптaрдaғы кoгнитивті eрeкшeліктeрі бaр бaлaлaрғa aрнaлғaн дaмытушы oйындaр мен жaттығулaр aрқылы бaлaның жeкe бacының жaн-жaқты үйлecімді дaмуынa, қaрым-қaтынac дaғдылaрды дaмытуғa бaғыттaлғaн мүмкіндіктeрі көрceтілгeн.

1.Теориялық бөлімі
1.1 Ойынның негізгі психологиялық ерекшеліктері.

Л.С.Выгoтcкий, А.Н.Леoнтьeв, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: Ойын баланың өзіндік өмірі - деген ортақ тұжырым жасаған. Ал біздің халық даналығы бойынша, Ойлы бала, ойыннан өседі делінген.
Ұлы Абайдың Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар ез еңбектерінде айтып кеткен. Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы. С.Торайғырoв, Т.Тәжібаев т.б.
Қазіргі кезде "ойын" ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Ойын дегеніміз не және оған балалар неліктен ынтығады? Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл-қуатын шығындап жоғалтқысы талабы мен түсіндіреді. Алайда, мұндай көзқарас бала бойындағы осы бір артық әл-қуат қайдан келеді деген сұраққа сәулесін түсіре алмайды.Сонымен бірге ойындар мен ойыншықтар арқылы баланың адамға тән іс-әрекеттің көптеген элементтері мен түрлерін ойдағыдай меңгере алатындығы айқын болады.Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Ойын ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
Ойын - сауық
Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)
Коррекциялық (өзін-өзі түзету)
Әлеуметтендіру
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грам
Егер серпінді қимыл мен интерфункционалдық күштердің дамуы мен қалыптасуына қарай ойынға деген құштарлық бәсеңсіп, қызметтің басқадай түрлеріне (көңіл көтеру, оқу, еңбек ету) орын беріледі. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенінше мейлінше жеделдете дамиды да, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды басқаратын іс-әрекеттің түріне айналады. Осындай сәтте баланың өзіндік саналары, оның шындыққа, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады.

1.2 Баланың психикалық танымдық дамуы мен тұлғасын қалыптастыру үшін ойынның маңызы.
Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді. Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады.Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады.
Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады.Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек.Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады. Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды. Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.
Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады.
Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.
Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай заңдылықтар: Нені отырғызу керек? Нені орналастырсам екен? Сыңарын табыңдар? Әзіл жұмбақтар Логикалық есептер Пішінді орналастыр логикалық ойын түрлерін айтуға болады. Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.
Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты - бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз-қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз.Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ - баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер,ақыл - ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.
Баланың ақыл - ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше. Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.
Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды.
Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.
Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру.Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді.Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар,ойынды жасаушылар болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.
Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз.

1.3 Бастауыш сыныптардағы когнитивті ерекшеліктері бар балаларға арналған дамытушы ойындар мен жаттығулар.
Оқыту барысында балалардың жеке басының қасиеттерін, мінез-құлқын, ойлау қабілеттерін ойын арқылы түзетуге, дамытуға болады. Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындарды қолдана білу керек. Дидактикалық ойындар тәрбиелеудің аса маңызды құралының бірі болғандықтан, ол балалар меңгерген дағдыларды бекіту немесе үйрету үшін ғана емес, сол алған білімдерін іс-әрекетте пайдалана білуге, жұмыс барысындағы икемділік дағдыларымен қарулануға, ақыл-ойының дамуына, танымдық белсенділігінің арттыруына, өз бетінше әрекет етуіне жәрдемдеседі. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Дидактикалық ойындар балалардың қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай жас шамасына лайықты түрде, жүйемен топтастырылды. Әр пән бойынша ойын түрлері көрсетілді. Дидактикалық ойындардың жинағы оқыту нәтижесі ұтымды болуы үшін және балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында жинақталды. Зияты бұзылған балалардың қабылдауының дамуы мен зияты қалыпты жағдайдағы балалар дамуы арасында бірталаай мәнді айырмашылық бар. Көру бағдарының негізінде үлгі бойынша таңдауға ие болуда балалар өкінішке орай, көп мөлшердегі бөлшектер арасын таңдауды жүзеге асыра алмайды, жақын қасиеттерін ажырату кезінде қиналады, бұл қасиеттерді дидактикалық ойыншықтармен әрекет еткенде есепке алмайды. Бөлінген белгілері бойынша жалпылау мүмкіндігі арнайы оқытусыз жүзеге аспайды. Сонымен бірге тұтас бейненің қалыптасуы бұзылады: балалардың жартысында бейне әрекеттің негізі бола алмайды және ешқандай формада балада қайта жаңғыртылмайды (не заттық формада емес, не қиынды суреттерді құрастыру кезінде емес), ал басқа жартыларында өзгерген, жартылай бейнелер жаңғыртылған. Ерекше балалар үлгі бойынша таңдау жасағанмен, яғни көру бағдарын қолданса да, олар іздеу тәсілдерін қолданбайды. Егер олардың әрекеттерінде қиындықтар мен қателер кездесіп жатса, олар практикалық бағдар қолданбайтындықтан оны түзете алмайды.
Ақыл-ойы кемістігі бар балаларда қабылдау дамуы бір деңгейде жүрмейді, меңгерілген эталондар көпшілік жағдайда тұрақты емес, көмескі, бір жағдайдан екіншісіне әрекеттің меңгерілген тәсілін ауыстырудың жоқтығы. Неғұрлым күрделі болып табылатын қасиеттерді қабылдау арасындағы өзара қатынас, оның атауын білуі, берілген қасиетті есепке ала отырып әрекет ету мүмкіндігі мен оның негізінде қарапайым жалпылауды жүргізу мүмкіндіктері. Сабақ уақытында қасиеттерді жоғары дәрежеде ажыратушы балалар педагогтың сұрауы бойынша жұп заттарды таңдай алмайды. Сондықтан, зияты бұзылған балаларға дамудың баяу қарқыны және қабылдау дамуының көп мөлшерде артта қалуы тән. Оларда қабылдауды сөзбен біріктіру кеш және жартылай жүреді, ал бұл өз кезегінде қоршаған заттық әлем туралы түсініктердің қалыптасуын тежейді.
Арнайы балабақшаға түскен зияты бұзылған балалар өздерінің қалыпты дамыған құрдастарынан анағұрлым мәнді түрде ажыратылады. Олардың көру қабілеті қалыпты жағдайда, бірақ, көре алмайды, есту қабілеті жақсы, бірақ ести алмайды. Міне, сондықтан олар қоршаған заттарды нашар елестетеді, басқалардың арасынан қажетті заттарды әрқашан ажырата алмайды, заттардың қасиеттерін бөле алмайды, кеңістікте жеткіліксіз түрде бағдарланады. Басқа жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Интелект дамуында бұзылысы бар балалардың танымдық дамуының ерекшелігі - жоғары психикалық функциялардың қалыптасуының тым баяулауы
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін дамыту құралдары
Дамыта оқыту жүйесінің әдістері мен формалары
Оқу процесінде сабақта дидактикалық тапсырмалар
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
Танымдық процестерді дамыту
Халық ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің құралы ретінде
Пәндер