Айтыс өнерінің өткеніне шолу жасау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
УАЛИХАН БЕКЖАН
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КӨРІНІСІ
Д И П Л O М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы C
5В011700 - Қaзaқ тілі мен әдебиеті
Шымкeнт 2022.
Ф. 7. 06-02
Қaзaқcтaн Рecпубликacы Білім жәнe ғылым миниcтрлігі
Oңтүcтік Қaзaқcтaн мeмлeкeттік пeдaгoгикaлық унивeрcитeті
«Қoрғaуғa жібeрілді»
Кaфeдрa мeңгeрушіcі
Ф. ғ. к. Д. Н. Бaйғұтoвa
“ ___” 2022 жыл
Қазіргі кездегі ақындар айтысындағы әлеуметтік
мәселелердің көрінісі
Д И П Л O М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы C
5В011700 - Қaзaқ тілі мен әдебиеті
Oрындaғaн: Уалихан Б.
Ғылыми жeтeкшіcі
ф. ғ. к., aғa oқытушы: Жаппарқұлова А.
Норма бақылаушы: Қайырбека Ұ.
Шымкент 2022.
Ф. 7. 06-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
Дипломдық жұмысын орындау үшін
ТАПСЫРМА
Білім алушы Уалихан Бекжан
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы: Қазіргі кездегі ақындар айтысындағы әлеуметтік мәселелердің көрінісі
Жоғары оқу орны бойынша «___» № бұйрықпен бекітілген.
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі “___” 2022 ж.
Жобаның (жұмыстың) негізгі деректері:
1. Дипломдық жұмысты жазуға арналған әдістемелік нұсқау, т. б. құралдар.
2. Оқулықтар, оқу құралдары.
3. Арнайы зерттеу еңбектер, мақалалар.
4. 1Семей полигоны мен желтоқсан көтерілісі жайлы жазылған қазақ қаламгерлерінің шығармалары.
5. Теориялық еңбектер, зерттеулер.
6. Энциклопедиялық анықтамалықтар, сөздіктер.
Диплом жобасын әзірлеуге қажетті сұрақтары немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:
А) Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, мақсат-міндеттері;
Ә) Жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі;
Б) Қазіргі поэзиядағы қазақ қасіретінің көркем шындығы;
Ф. 7. 06-03
В) Прозалық шығармалардағы Семей ядролық полигонының бейнелену ерекшеліктері;
Г) Қазақ тарихи романдарындағы желтоқсан шындығы
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1 Айтыс. - Алматы: Жазушы, 1965
2 Ақындар айтысы. - Алматы, 1958
3 Сыздықова Р. Ғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1993
4 Әуезов М. О. Айтыс // Қазақ әдебиетінің тарихы: Т. 1. - Алматы: ғылым академ. баспасы, 1960
5 Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. - Алматы: Ғылым, 1976
6 Жармұхамедов М. Айтыс. - Алматы: Білім, 1990
7 Жармұхамедов М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. - Алматы: Мұратас, 2001
8 Қазіргі айтыс / құраст. : Айтұлы Н., Дүйсенғазин С., жалпы ред. басқ. Жолдасбеков М / - Астана: Күлтегін, 2004
Жоба (жұмыс) тараулары көрсетілген жоба (жұмыс) бойынша кеңестер:
Диплом жұмысын дайындау кестесі:
1-тарау. Қазіргі поэзиядағы қазақ қасіретінің көркем шындығы. 1. 1 Семей қасіретінің қазақ лирикасында жырлануы
1. 2 Прозалық шығармалардағы Семей ядролық полигонының бейнелену ерекшеліктері
2-тарау. Қазақ тарихи романдарындағы желтоқсан шындығы 2. 1 Садықбек Адамбековтің «Желтоқсандағы қара түн» романы
2. 21Саяси- Р. Тоқтаровтың2«Бақытты2құлдықтың ақыры»1мен1Б. Мұқайдың1«Өмірзая»1романдары
Тапсырма берілген күні: қазан, 2021 жыл.
Кафедра меңгерушісі: Байғұтова Д. Н.
(қолы)
Жоба (жұмыс) жетекшісі: Жаппарқұлова А.
(қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдады:
Студент: Уалихан Б.
(қолы)
Ф. 7. 06-03
Дипломдық жұмысты орындау бойынша күнтізбелік жоспар
Тақырып: Қазіргі кездегі ақындар айтысындағы әлеуметтік
мәселелердің көрінісі
Тапсырма берілген күні: қазан, 2021 жыл.
Жетекші: Жаппарқұлова А.
Студент: Уалихан Б.
Ф. 7. 06-03
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
АНЫҚТАМАЛАР . . .
КІРІСПЕ . . .
1 АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ӨТКЕНI МЕН БҮГIНI
1. 1 Айтыс жанрының зерттелуі . . .
1. 2 Қазіргі заман айтыс ақындарының тілдік ерекшеліктері . . .
1. 3 Өлеңмен өрнектелген өмір . . .
2 Б. ШОЙБЕКОВ, Е. ҚАЙНАЗАРОВ АЙТЫСТАРЫНДАҒЫ
КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР
2. 1 Б. Шойбековтің көтерген қоғамдық-әлеуметтік мәселелері . . .
2. 2 Е. Қайназаровтың көтерген қоғамдық-әлеуметтік мәселелері . . .
2. 3 Ақындар тіліндегі көркемдік тәсілдер . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы (22. 12. 2016 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) ;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (13. 05. 2016 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) ;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (28. 01. 2016 ж. өзгертулер және толықтырулармен) ;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі (16. 11. 2016 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) ;
- Мемлекетаралық стандарттар: МЕМСТ 7. 32-2001 (2006 жылғы өзгерістермен) . Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Құрылымы мен ресімдеу ережелері;
- МЕМСТ 7. 1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама.
- Дипломдық жұмысты жазуға және безендіруге қойылатын жалпы талаптар туралы. Ереже. СМЖ ОҚМПУ Е 7. 06-2021.
АНЫҚТАМАЛАР
Әңгіме - әдебиетте оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Аллегория (көне грекше: allёgorіa - астралап, пернелеп айту) - оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл.
Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж, кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі.
Гротеск (фр. grotesgue- таңғажайып, өзгеше келбетті, итал. grotta - үңгір) - шынайы, нақтылы өмір мен фантастиканың шарпысуынан, әдепкі және таңғажайып оқиғалардың, кейіпкерлердің тоғысуынан тұратын, жақсы мен жаманды, қайғы мен күлкіні, т. б. шендестіруге құрылатын, әжуа, күлкіге ерекше мән берілетін көркемдік бейнелеу тәсілі.
Лирика - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді.
Әдеби үрдіс - әдебиеттің әлемдік, аймақтық, ұлттық көлемдегі белгілі бір кезеңін, сондай-ақ тұтастай тарихын қамтитын туу, қалыптасу және дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағымы. Әдеби үрдіс өз бойына әрбір тарихи кезеңге тән әлеуметтік, идеологиялық, эстетикалық тұрғыдан түрлі деңгейдегі (яғни көркемдік құндылығы өте жоғары туындылардан бастап, қарабайыр әдеби шығармаларға дейін) көркем туындыларды, соған орай олардың қоғамдық өмірде тіршілік ету түрлерін де (форма бытования), яғни жарияланымдар, басылымдар, әдеби сын, оқырмандар хаты, т. с. с. тоғыстырады.
Әдеби тек - обьектіге немесе субьектіге қатысты танымдық бағыты мен өзінің сөздік қолданыс сипатгары типтері бойынша ұ қсас келетін әдеби туындылар қатары; немесе көркемдік бейнелеу актісінің өзі. Яғни сөз заттық дүниені суреттейді, яки сөйлеушінің жай-күйін көрсетеді, не болмаса сөздік қарым-қатынас жасау процесін елестетеді.
КІРІСПЕ
Халық поэзиясы қашаннан-ақ қазақ әдебиетінің мол тармағы екендігі әмбеге аян. Жазба әдебиетіміздің де әуелі ауыз әдебиетінен нәр алғандығы рас. Бүгінгі күні де ауыз әдебиеті кең арналы, көп салалы.
Айтыс - ежелден айтысу, сөз таластыру, сөз жарастыру деген ұғымды білдіретін қазақтың төл сөзі. Қазақта айтыстын қара сөзбен, күй тартысы арқылы немесе өлеңмен айту сияқты бірнеше үлгілері бар. Бұлар тапқырлық, сезімталдық, алғырлық сияқты қасиеттермен қатар түйіп, әрі тіліп айтатын шешендікті, шеберлікті қажет етеді. Қашан да сөз қадірін біліп, “өнер алды-қызыл тіл ” дейтін қазақ халқы жалпы ауыз әдебиеті мұраларына ерекше мән берген. Әсіресе, қайда болмасын халықтың қызығушылығын арттырып, адам жанын ләззатқа бөлейтін айшықты өнердің бірі - айтысты ғасырлыр бойы қастерлеп, оны рухани өмірінің айнасы ретінде ұрпақтан - ұрпаққа мирас етіп, жалғастырып отырған.
Өзінің жанрлық белгі- сипаттары жағынан ертеден-ақ бөлек сала ретінде дамып келе жатқан айтыс өнерінің әдебиетімізде алатын орны ерекше. Ол ескі замандардан бермен өзге де фольклорлық жанрлармен қоса - қабат, өзара байланысты өсе отырып, халқымыздың мәдени өмірінің бірден- бір көркем шежіресіне айналды. Жалпы айтыстардың бірнеше ғасырлар бойы үзілмей дамып келе жатқан дәстүр жалғастығымен қатар олардың авторларының анықтығы, стильдік ерекшеліктері, оның өзіндік сипат белгілерін көрсетіп тұр емес пе? Суырып салмалық дәстүрінің қайнар көзіне айналған айтыстың жанрлық мүмкіндіктері мен толғайтын тақырыптары да мол.
Ол - халық өмірінің айнасына айналған қазақ әдебиетінің көп салаларының бірі. Мұнда елдің тұрмыс - тіршілігі, әдет-салты, шаруашылығы, заманауи көзқарасы және басқа да үрдістері шынайы беріледі.
Өзінің тыңнан туатын тапқырлығы, тыңдарманды тез баурап алғыштық тартымдылығымен қатар, ел өмірінің түрлі саласымен араласып, біте қайнасып кеткен айтыс.
Өлеңді суырып салып айтудың, яғни импровизация (латынша impro - дайындықсыз ) тосыннан, бөгелмей сөйлеу дегенді білдіреді.
Айтыс - өнер бәсекесі, сара ойдың, жүйрік қиялдын, көркем тілдің жарысы. Ол өте алғырлық пен тапқырлықты, ұтқырлықты талап етеді. Осындай қаситеттерді бойына жинаған адам ғана алқалы топқа түсе алады. Табиғатынан талғампаз халық та кестелі сөзді кие тұтып, өнердің бағасын жете білген.
Қазақтың ескі салтында, баланың бесік тойынан бастап, ержетіп отау құрған тойына дейін түгел дерлік айтыссыз өтпеген. Ол, қыз бен жігіттің айтысы болсын, құда мен құдағидың, жас пен кәрінің айтысы болсын міндетті түрде жиының қызығы болып отырған.
Басқа елдерде де айтыс түріндегі өлеңдер болғанымен, қазақтағы айтыс әр дәуірдің талабына сай мазмұнын байытып, түрін жаңартып, өзін шырқау биікке көтере білді. М. Әуезовтың “Қазақ елі ақындықтың теңізі сияқты ”, - деп бағалауы да жайдан - жай емес.
Айтыс қасиетпен қатар адамға эстетикалық ләззат сыйлайтын ұтқырлық, тапқырлық, өткірлік сияқты түрлі қырларымен де құнды. Тіпті осыдан бірнеше ғасыр бұрын табан астында айтылған екі ауыз өлең сөздің өзі халықтың жүрегін жаулап, әлі күнге бірге жасасуда. Халқымыз сөз өнеріне ерекше маңыз беріп, айтысың сәтті шыққан асыл нұсқаларын жанында сақтап келеді.
Айтыс - жазу-сызудың жоқ кезінде ауызша таралып, халықтың жанында сақталып келген өнер. Осы себептен ол кейінгі ұрпаққа бастапқы қалпынан біраз өзгеріңкіреп жетеді. Бірнеше буынның сараптауынан өтеді. Кейде жонылып, кейде молығып отырады.
Қазақ халқының басынан кешкен қай кезеңіне назар салсаңыз да, ақын сөзінің қасиет пен өсиетке айналғанын көреміз. Елдің ертеңін, ұлттың тәуелсіздігін ойлаған ел ағалары ақын сөзіне құлақ асқан. Бұл - аталы сөзге деген құрмет. Мысалы Абылай ханның Бұқарға деген ілтипаты мен ықыласы жыраудың жасын емес, биік мақсат-мұратын сыйлағандықтан дер едік.
Бұрынғы замандарда да ақын ханмен емес, хан ақынымен беделін көтерген. Мұның өзі хандардың ел ішіндегі ақындардың абыройын мойындағаннан. Ақындар қанға білгенін аямай айтып, пікірін білдіріп, кере кезінде өкпесін де өткізе алған. Ол не айтса да елдік тұрғыдан сөйлеп, не жасаса да, халыққа арқа сүйегендіктен, жұртшылық “Ақын - елдің еркесі ”, - деп, қауым болып қадірлеген. Яғни ақын сөзі, қазақ халқының өмірінде үлкен орын алды. Ғ. Мүсіреповтің “ Ақын сөзі қазақ халқының ұл туса бесігінің қасында, егер өлсе қабірінің басында болды”, - деуі де осыдан шықса керек.
Талай жылға созылған елдік күрестер мен сұрапыл соғыстардың да басы - қасында ақындардың рухты жырлары жүргеніне өткен тарихымыз куә. Елдік пен ерліктің туын жықпай, қайта оны асқақта желбіретушілер де ақындар.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті есте жоқ ескі замандар да туып, бүгінгі күнге дейін жалғасып отыр.
Тіпті сонау көне замандарда, Б. Адамбаев айтқандай “ қора шетінде - қой күзетінде, шырақ жанында шілдеханаларда сыңсып айтылатын ұйқы ашар қара өлең, қайым өлеңдерінен басталатын айтыстар XVIII-XIX ғасырларда ерлік пен елдікті, наным-сенім секілді келелі мәселелерді көтеретін дәрежеге жетсе, XX ғасырдан бастап бүгінге дейінгі бірде өркендеп, бірде бояулап келген тарихында Кеңес одағының идеологиялық үгіт құралы қызметін атқарып келді . ”
Айтыс қазақ халқы үшін қаншалықты маңызы зор болса, әдебиеттегі орны да соғұрлым салмақты. Біз бұл еңбегімізде әдебиетіміздегі айтыстың туып қалыптасу кезеңдерін қарастырумен қатар, оның басқа да фольклорлық жанрлармен өзара байланысына үндестігіне тоқталуы да мақсат еттік. Және осы өнердің кемелденіп қанат жою жолдарын, оның өмір талабына сай әркезде түрлі бел-белестер өтіп бірде толысып, бірде толас тапқан даму жолдары мен ерекшеліктерін сөз етуге тырыстық. Оның соңғы жылдары пайда болған кейбір жанрлық түрлерін де сипаттадық.
Жұмыстағы зерттеу нысаны. Х алық ауыз әдебиетінің мол тармағы саналатын айтыс өнері.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазіргі кездегі ақындар айтысындағы әлеуметтік мәселелердің көрінісі».
Дипломдық жұмыстың мақсаты : бүгінгі айтыс өнеріндегі әлеуметтік мәселелерді талдау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Айтыс өнерінің өткеніне шолу жасау ;
2. Қазақ тілінің көркемдігін таныту ;
3. Айтыс ақтаңгерлерінің жырын жаңғырту;
Жұмыстың теориялық маңыздылығы жұмыста көркем сөзге сипаттама беріліп, оны жіктеуге жеткілікті көңіл бөлу.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Оның материалдарының тіліміздің көркемдігіне берер үлгісінде және айтыстың соңғы жылдары пайда болған жанрлық түрлерін сипаттау барысында анықталады.
- АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ӨТКЕНI МЕН БҮГIНI
1. 1 Айтыс жанрының зерттелуі
Айтыстың қазақ халқының өмірінен алатын орны мен ерекшеліктері жөнінде ең алғаш қалам тартқандардың ішінде Ш. Уәлихановтың алатын орны бөлек. Кейін айтыс жанры хақында өзіндік ой толғамдарымен танылған бірнеше ғалымдар мен зерттеушілер осы өнердің қыр-сырын ашуға күш салады.
Ш. Уәлиханов - суырып салмалық өлеңнің көшпелі елдерге тән өнер екендігін алғаш айтқан ғалым. Ол көшпелі халық поэзиясында өз ара ұқсастықтардың сырын да ашып берді. Табан астында өлең шығарушылық қасиет арабтар мен қоса моңғол, түрік ұрпақтарының бойында да жатқандығын айта келіп, Шоқан қазақтардың ақындық қабілетін бірінші орынға қояды.
Сөз жоқ, әдебиетіміздегі арналы жанрының бірі айтысты аз зерттелді дей алмаймыз. Әсіресе М. Әузовтың, С. Мұқановтың, Е. Исмайловтың, Қ. Жұмалиевтің, М. Қаратаевтың, Ә. Тәжібаевтың, М. Ғабдуллиннің, Р. Бердібаевтің, Т. Нұртазиннің, І. Дүйсенбаевтің, Б. Кенжабаевтің, Н. Төреқұловтың, Ғ. Мүсіреповтың, Б. Уақатовтың, Б. Адамбаевтың, М. Жармұқамедовтердің әр тұста жазған еңбектері мен зерттеулерін атаған болар едік. Олардың кейбіреулері айтыстың туу, қалыптасу, даму кезеңдерін арнайы әңгімелесе, кейбіреулері жалпы ерекшеліктерін топтап қарастырумен шектелді. Осыны дөп басқан С. Мұқанов кезінде “Айтыс ” жинағында жазған алғы сөзінде: “Айтыс жанрының туу, даму, өркендеу процстерін айрықша зерттеу - қазақ халқының поэтикалық түсінік - түйсігі мен талап талғамының жетілу жолдарын айқындап алумен мәнді арнаның бірі болары анық ”, - деп оны жете қарастыру қажеттігін ескерткен-ді.
Бір ғана ұлы Жамбылды зерттеуші ғалымдардың өзі - бір төбе. Мысалы, ақынның шығармашылығы хақында ғылыми мақалалар, баяндамалар, монографиялар жазған бір топ ғалымдардың ішінде М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, С. Бегалин, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмаилов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, Ғ. Орманов, М. Қаратаев, М. Дүйсенов Р. Бердібаев, М. Жолдасбеков, Н. Төреқұловтар бар. Бұл ғалымдарымыздың Жамбылтану саласының қалыптасуына қосқан үлесі екен.
Қазақ халқының фольклорын жинап, оны жете зерттеуде “ тыңнан түрен салған ” ғалым ретінде Ш. Уәлихановты ерекше қастерлейміз. Шоқан сондай- ақ халықтың мәңгі өлмейтін ең асыл қасиеті - рухы - оның фольклорында екендігін тайға таңба басқандай етіп жазып кеткен болатын.
Импровизациялық өнердің қоғамдық әлеуметтік маңызын бағалап, ғылыми пікір айтқан да Ш. Уәлиханов. Ол сол кездегі қазақ ақындарын мақсат - мүддесіне қарай екі топқа бөледі. Оның біріншісі - қазақ халқының түрлі көкейкесті тілегі мен ой-армраны ұштасатын ақындар болса, екіншісі - көне патрихалды - рушылдық салт-сананы дәріптейтін ескішіл ақындар. Тіпті айтыстардың өзін дәл осындай екі топқа бөледі де, олар жайында былай дейді: “Екі жақ арасындағы қарама-қарсылық өмірдің барлық көріністерін, тіпті ас-тойдағы ақындар айтысынан да байқалады. Сапақ деген бидің асындағы екі ақынның айтысы ел ішінде әлі ұмытылған жоқ. Өтебай деген ақын қазақ халқының орыс өкіметіне бағынудан көретін пайдасын айтып дәлелдесе, ал екінші ақын бұл пікірге қарсы дау айтады. ”
Шоқан импровизация дәстүріне айрықша мән берген. Осы өнердің қыр-сырын зерттей отырып, ол қазақ поэзисы мен араб поэзиясын салыстыра қарап, олардың даралық айырмашылықтары мен ұқсастықтары жайында да айтады. Қазақ поэзиясындағыдай жаугершілік пен қиян-кесті тартысты бейннелеу, рулар арасындағы өзара жанжал, ұрыс-керістер арабтардың поэзиясында кездесетін ұқсастықтар екендігін көрсетеді.
Қазақ ақындары мен араб рауилерінің, қазақ айтысы мен араб муфаққарларының арасында біршама дәуір алшақтығы жатса да, араб, қазақ поэзиялары табиғи мазмұн сипаты жағынан тамырлас, бір-бірімен өзара үндес деген ғылыми тұжырым жасайды.
Ол қазақ ақындарының төкпелік өнері көшпелі елдің тұрмыс салтына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық дәстүр негізінде туып дамығандығын айта келіп, “ . . . Импровизаторлық өнері жағынан қазақ ақындары көшпелі араб ақындарынан бірде-бір кем түспейді”, - дейді өзінің салыстырмалы зерттеулерінде.
Сондай-ақ импровизаторлық өнердің шын көрінісі нағыз сайыс үстінде, айтысқа түскен шақтарда, бір-бірімен білім таластырып, тапқырлық, шешендік жарысына көшкенде ғана аңғарылатындығын айтады. Осындай аламан айтыстың жүйріктері ретінде сол кездегі Орынбай, Шөже, Жанақ, Түбек ақындардың аттарын атап, олардың айтыстарына баса назар аударады.
Шоқан сол кездегі суырып салма ақындардың өнерін жоғары бағалай келіп, керек жерінде жіберілген кемшіліктерін де ақындарға ескертіп, түсіндіріп отырған. Әсіресе, қазақ тілінің тазалығына көп көңіл бөлгендігін баяндай келіп, зерттеуші Н. Қанафияұлы: “Естеліктерден ( И. И. Ибрагимовтің Шоқан жайлы естеліктері ) Ш. Уәлихановтың өнерге, оны баяндаушыға деген сүйіспеншілігін, екіншіден, ана тіліміздің қоспасыз, таза күйінде сақталуын қадағалап, қамқор болғанын және халық арасынан жылт етіп көрінген игі нышанды қалт жібермей тыңдай да, зерттей де білгенін аңғара түскендейміз”, -дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz