Ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Филология бөлімі
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары _______Г.Б.Каментаева
___ ______ 2024 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында грамматикалық жаттығулармен жұмыс әдісі
Орындаған: Капсихова Д.Б
Жетекшісі: Кургенова Г.М
Атырау 2024
Жоспары:
Кіріспе
1.Ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері
1.1 Грамматиканы оқыту әдістемесі
1.2 Ағылшын тілі сабағындағы грамматиканы меңгерудегі қиыншылықтар
2.Ағылшын тілі сабағында грамматикалық жаттығуларды тиімді орындау тәсілдері
2.1 Жазуға және оқуға үйрету жолдары
2.2 Грамматикалық жаттығулармен жұмыс әдістерінің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі Америка Құрама штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ алты тілінің біреуі. Ағылшын тілін білген адамға болашақта мүмкіндігі зор сондықтан оны көптеген елдерде үйретудің маңызы зор. Дамыған елу елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән беруде. Қазіргі кезде бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін үш тілді жетік меңгеру керек сондықтан елімізде ағылшын тілін үйретуде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызы зор себебі, бала жастайында тез қабылдайтын болғандықтан оған тілді үйрену жеңіл болады.
Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан бүгінде шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:
- сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;
-интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;
-сабақты ойын түрінде өткізу;
-сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;
Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады.
Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Шыныменен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие болып, барлық сфераларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады. Ағылшын тілі сабағында оқушының оқу-танымдық көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты.
Зерттеу мақсаты: ағылшын тілі грамматикасын оқыту әдіс тәсілдерімен таныстыру.
Зерттеу міндеттері:
Ағылшын тілін оқытудың маңызы;
Ағылшын тілі сабағына грамматиканы оқыту тәсілдері туралы түсінік беру.

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Ағылшын тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды,оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым - қатынас жасауға мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс Шетел тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым - қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады - деген К.Ушинскийдің даналығында.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын,қызықты іс - әрекеттерін әгімелеуге үйрету. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек ету нәтижесінде жете алады.
Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс - бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез - келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдері пайдалануға болады:
- сөздік арқылы тіл дамыту;
- мәтінге байланысты тіл дамыту;
- көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
- үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады.
Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы - тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.
Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:
1. Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
3. Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
4. Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
5. Шағын көріністер даярлату;
6. Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Осының ішінен ең басты орын алатыны - мәтінмен жұмыс.Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі - берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын төмендетеді.
Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:
1 Мәтінді өзгертіп баяндату.
Мысалы: "Менің ойымша", "Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып отырмын", сияқты сөз тіркестерін қолдану.
2 Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату.
Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.
3 Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.
4Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән - мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
5 Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлеріде өте көп.
1. Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
2. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
3. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
4. Мәтін бойынша сурет cалғызу.
Тіл - қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас қралы ретінде оқимыз.Сөйлеу екі жақты үрдіс. Ол біріншіден таңдап түсінуден, екіншіден сөйлеуден тұрады.
Сөйлеудің екі түрі бар. Олар:
1) Диалогтық
2) Монологтық
Бағдарламада ауызша сөйлеуге мынадай талаптар қойылған:
1) Сөйлеу тілін түсіну
2) Бағдарлама алынған мөлшерде шет тілінде әңгіме жүргізе білу, сөйлей білу. Бұл - сойлеудің тжирибелік мақсаты. Ауызша сөйлеу шет тілін үйретудің маңызды құралы. Ол лингвистикалық материалды таныстыру құралы: дыбыстар, сөздер, грамматикалық құрылымдар. Және бұл сөздік үлгілер мен сөздікті меңгеру құралы, әрине, ол айту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу - сабақтың маңызды бөлігі. Ауызша сөйлеу - оқұшылардың мәтінді тыңдау мен оқу кезіндегі оқылған материалды тексеру құралы.
Тыңдау, түсіну, меңгеру оқушылар үшін қиынға соғады, себебі олар дыбыстарды жылдам айырып, ойында сақтап түсіну керек. Оқушылар бұл процесті өзінің туған тілінде өте жөңіл орындайды, ал шет тілінде қатты қиналады. Сондықтан, таңдағанда өте зерек болуы керек және ойлай білуі керек. Ерік- зейінін, еске сақтауға көмектеседі.
Ол үшін негізгі факторды еске сақтау керек:
1) Лингвистикалық материал
2) Материалдың мамұны
3) Материалды беру жағдайы
Оқушыларға шет тілін үйретуде негізгі 3 қиыншылық бар: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.
1. Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбыстық құрамының айырмашылығында кездеседі. Ағылшын тілінің дыбыстарын өз тілінің дыбыстарына ұқсатып айтады
Мына сөздерді қиындықпен айтады:
Worked-walked, first-fast-forced, lion-line, tired-tide, bought-boat-board.
Дауыс ырғағындағы айырмашылықтар да түсінуді қиындатады.
Мысалы: Good morning!
Сондықтан тыңджау дағдыларының, дыбыстар мен дауыс ырғағының жаттығулары өте қажет.
2. Лексикалық қиындықтар - ағылшын тілінің аналитикалық құрылысымен және инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты,
Мысалы:
The horse is slipping. The horse is sleeping.
They worked till night. They walked till night.
Міне, осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, сөздерді шатыстырады.
Мысалы:
East-west take- put ask-answer
Әсіресе, логтан кейін қолданылатың етістіктер.
Put on: put off-put down
Take off: see off-going for: etc.
Ағылшын тілінде грамматикалық омонимдер де қиындық туғызады.
Мысалы: to work-work6 to answer-answer. - ed Past Ind. Participle 2
Бұлардың бәрін тыңдап айыру қиын.
3. Тыңдауға берілген материалдың мазмұны да түсіндеуге әсер етеді. Тыңдауға арналған материалды дайындау үшін маныларды ескеру қажет:
А) материал тақырыбы түсінуге жеңіл ме? Қандай қиын сөздер бар?
Ә) материал түрі: суреттеу ме, әңгіме ме?
Б) материалды үзінді ме, әлде толық па?
В) материалды тыңдауға әзірлік
Г) материал диалог түрінде ме, әлде монолог па? Монологтық сөйлеу оңай, сондықтан тыңдауға тиімді.
4. Матеиялды тыңдау жағдайы өте маңызды.
1. Сөйлеу дылдамдығы
2. Сөйлеу қарқыны: басында жай басталуы қажет.
Сөз топтарының арасында пауза болуы қажет. Тыңдаудың соңында қарқыны қалыпты деңгейге 1 минут - 150 сөзге жетуі керек. Орташа қарқын 120 сөз: жай қарқын - 95 сөз.
3.Қайталау жиілігі 1 немесе 2 рет.
4. Сөйлеп тұрған адамның барлығы, егер таза тілде сөйлеуші адам өзі тұрса өте жақсы. Ал ең қиын диалогты тыңдау керек.
5. Көру құралдары заттар немесе қимыл тектес болуы мүнкін. Олар көруге, естуге, тыңдауға көмектесуі қажет.
6. Сөйлешінің дауысы да тыңдаушыға әсер етеді. Мұғалінің дауысына үйреген оқушылар басқа адамның сөйлегеніне түсінбеуі мүнкін. Сондықтан мұғалім дауыс ырғағын барынша өзгертіп отыруы керек. Ағылшын тілінде сөйлеу - тілді игерудің ең қиын түрі, бір екі сөзден тұратын сөйлем құрастыру үшін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, машықтану керек.Бұл көп дайындықты қажет етеді, ал мектепте оқушы өз ойын айтып түсіндіруі қиын. Мұғалімнің бұл үшін қолданатын әдістері өте аз. Оқушы жай ғана естігенін қайталайды, үлгі бойынша берілген сөздердіжазады. Әрине, бұл механикалық жаттығулар өте қажет, бірақ жылдан жылға оларды сөйлеу мағынасыз қолдану ешқандай пайда бермейді. Оқушы бір нәрсе туралы айтқысы, түсіндіргісі немесес сұрағысы келсе тілдік қоры пайдалануы қажет және оған мұғалім көмектесіп отыру керек, Осы психологиялық фактор үнемі есте болуы керек

Оқушыларымызға заман талабына сай білім беру - біздің алдымызда тұрған үлкен міндет.Осындай жауапкершілігі үлкен қызметті абыроймен атқару үшін және бізге аманат етілген оқушыларымызды білім шыңыны шығару үшін ,әрбір сәтімізді ізденіспен өткізуге тырысамыз. Қысқа жол - білген жол демекші,біз өз мақсатымызды іске асыру үшін,сапалы нәтижеге жету үшін,білім технологияларының ең тиімді әдіс - тәсілдерін қолдануға тырысамыз. Балалардың бәрі бірдей болмағаны сияқты,олардың қабілеттері де жан - жақты болады.Мысалы,ағылшын тілі сабағында грамматикалық ережелерді оқушылардың бәрі бірдей қабылдамайды,біраз оқушылар қиыншылықпен қабылдайды. Осындай қиыншылықтарды болдырмау үшін,яғни оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып,оларға грамматикалық ережелердің түсіндірудің тиімді әдіс - тәсілдерімен ой бөліскім келеді.Мысалы,грамматикалық ережелерді түсіндіруде музыкалық әуенді қолданудың тиімділігін көрдім және баланың естігендерін естен шығармайтынына көзім жетті. Шетел тілі - үлкен тәрбиелік диапазон. Ол оқушылардың рухани жан дүниесін байытады,ой - өрістерін кеңейтеді,көркемдік талғамын тәрбиелейді,халықаралық достыққа,мәдениетке тәрбиелейді.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор.Grammar summary қолданып еске түсіріп отырады. Оқулықтағы жаттығуларда берілген деңгейлік тапсырмалар оларды оқушының білім деңгейіне қарай орындауына мүмкіндік береді.Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздермен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерд,қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады.Фонетикалық материал бір қарағанда,жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен,кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері,дауыс ырғағы,екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта түсірудің маңызы зор.Оқулықта ұсынылған іс - шаралармен шектелмей,мұғалім өзі де шығармашылықпен жұмыс істеп,нәтижеліі сабақтарды жоспарлай білу керек.
Қазіргі қоғамда ағылшын тілін білу саналы түрдегі қажеттілік болып тұр. Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтары артып, осы тілде еркін сөйлеуге талпынуда. Ағылшын тілін үйретудің, оның ішінде ағылшын грамматикасын түсіндірудің әртүрлі тиімді тәсілдері бар, ал соның ішіндегі ең тиімдіссі сабақта өлең қолдану деп білеміз. Әнді тыңдай білген бала болашақта сезімтал, белсенді және зерек болып өсседі. Олар сүюді (анаға, Отанына, досына т.б. деген сүйіспеншілік) жақсы жаманды ажыратуды , сұлулықты бағалауға үйренеді. Грамматиканы әнмен түсссіндіру - тек ән салу емес, сол арқылы үйреніп жатқан өзге тіл мен ана тілінің ерекшеліктерін ажыратуға үйретеміз. Бұл әдісті қолдану жаңа материалды бекітуді, фонетикалық дағдыны қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға берері мол. Мұндай әдіс тәсілдіі күнделікті сабақты қолдану алдына қойған мақсаттарға жетуге көмектеседі.
Ән - оқушылардың сезімі мен эмоциясына әсер етудің бірде бір құралы. Белгілі педагог Ян Амос Коменский айтуынша , әнді білмеген, түсінбеген адам сауатсыз адам болып саналады. Тіпті Ежелгі Грецияда алғашқы кезде мәтіндерді әнмен жаттаған екен, ал Индия елінде әліпби мен есепті қазірде де, әнмен жаттатқызады екен, ал мұғалім болса, өзі де оқушылармен бірге бар ынтасымен ән айтады екен, сондықтан шет тілін оқытуда ән мен ән айтудың көмегі зор екен. Ән айта отырып грамматиканы түсіндіргенде, әнде әртүрлі сөз таптары кездеседі, атап айтсақ жалпы, жалқы есімдер, географиялық атаулары, есімдіктер, етістіктер т.б. Ән айта отырып оқушылардың музыкалық есту қабілеті дамиды, шет тіліндегі дыбыстарды айту, екпін түсіруді, ырғаққа ілесуге үйрене алады. Ән деген балаларға эстетикалық тәрбие береді, ұжымдық достыққа, әрбір жеке тұлғаның ашылуына септігін тигізеді.
Сабақта әннің қолдануы қолайлы психологиялық климаттың орнауына әкеледі, психологиялық жүктеме төмендейді тілдің қызметтік белсенділігі артады, шет тіліне деген қызығушылығы ояна түседі. Ән кезінде монолог, диалогтық әрекеттер орындалады оқушылар ойлауға үйренеді. Жалпы ән шет тілінде не үшін қолданатынын атап кетсек, олар:
1)сабақты ұйымдастыру кезінде фонетика дағдыларын қалыптастыруда
2)лексикалық, грамматикалық білімін бекіту
3)білім-білік дағдыларын дамыту
4)оқушылар шаршаған сәтінде, сабақтың ортасында немесе соңында демалдырып алу мақсатында ән тақырыбына байланысты әртүрлі болып келеді: лирикалық, саяси, халық әндері, дәстүрлі әндер. Әсіресе, әр сыныпқа арналған тақырыптық әндердің маңызы зор атап айтсақ: Жыл мезгілдері, Спорт, Музыка, Етістік шақтары, Ағылшын әліпбиі, Отбасы.

Оқушылардың ағылшын сөздерін қолды үзбей бір-біріне тіркестіріп жазуы қиын, сондықтан кішкентай әріптерді қолын алмай жазғызу үшін көп жаттығу керек.
Мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға ағылшын орфографиясы көп қиыншылық келтіреді.Әртүрлі сөздердегі әртүрлі әріптердің немесе әріптер қосындыларының оқылуы кейде бірдей болады:
Eye - I
Road - rode
Write - right
Tale - tail
Әріптердің көбір кейбір сөздерден оқылады, ал кейбір сөздерде оқылмайды.
Build - suit
Laugh - brought
Help - hour
Ағылшын тіліндегі әріптердің айтылуы мен орфографиясының сәйкес келмеуінің себебі ағылшын тілінде әріптерден көрі дыбыстар көп, 26 дауысты дыбыс және 6 дауысты әріп бар. Сондықтан busy, daughter, language, beautiful, foreign деген қиын сөздерге назар аудару керек. Ағылшын орфографиясын білу үшін, оның заңдылықтарын жақсы білу қажет. Оқушылар мыналарды білуі тиіс:
1) У әрпіне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдарын:
Day - days
Stay - stays
Бірақ: city - cities, study - studies дауыстыларға ed жалғанады
Play - played
Carry - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz