Қимыл дағдылары қалыптасуының кезеңдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
6В01404 "Дене шынықтыру және спорт " мамандығы
Курстық жұмыс
ҚИМЫЛ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ. ҚИМЫЛ ДАҒДЫЛАРЫ ДАМУЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ.
Орындаған: Қанатов Ж.Қ.
Жетекшісі: Жумабаева А.Ж.
Ақтөбе - 2024
Мазмұны
КІРІСПЕ3
1. Қимыл дағдыларын қалыптастырудың физиологиялық механизмдері.6
1.1. Қимыл дағдылары дамуының физиoлогиялық механизмдері6
2. 15
2.1
2.2.15
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
ҚОРЫТЫНДЫ25
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ26
Кіріспе
Аристотель атап өткен өмірдің өзі талап ететін қозғалыстың барлығы, яғни адамның күнделікті өмірде орындайтын көптеген түрлі қарапайымқозғалыстарынан бастап, спорттық практикада кездесетін күрделі сипаттағы жаттығуларға дейін жалпы физиологиялық заңдылықтарға бағынады. Соның ішінде, итальяндық физиолог А. Моссо дене жаттығулары көптеген дəрі-дəрмектің орнын алмастыра алады, бірақ бірде-бір дəрілік зат дене жаттығуларының орнын толтыра алмайды, - деп айрықша көрсеткен спорттық шынығудың физиологиялық механизмін білу аса маңызды. Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері пəні биология, медицина жəне спорт ғылымдарының тоғысындағы салыстырмалы түрдегі жас ғылым болып табылады.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері биология, медицина жəне спорт ғылымдарының тоғысындағы салыстырмалы түрдегі жас ғылым болып табылады.
Спорт физиологиясының мақсаттарының бірі - ағзаның жеке жүйелері және ағзаның тұтастай әртүрлі спорттық әрекеттерді орындау барысында физиологиялық реакцияларына сипаттама беру.
Осы ғылымның тағы бір маңызды мақсаттарының бірі - дене шынықтырумен жүйелі айналысудың нәтижесінде денсаулық күйі мен ағзаның мүмкіндіктерін жақсарту, олардың тиімді жақ- тарына сипаттама беру болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі
Спорт - басқа қатысушылармен салыстырғанда жоғары нә- тижеге жетуге тікелей бағытталған, айрықша жүйе бойынша ұйымдастырылып жүргізілетін дене-күш жаттығулары.
Спортпен айналысу, айналысушылардың жоғары сезімтал- дығымен, спортқа шын ниетімен берілгендігімен, үлкен дене күш-қуатты және психологиялық жүктемелердің ерекшеліктері- мен сипатталады.
Сонымен, дене шынықтыру - ағзаның дене жағынан қалып- тасудың қасиеттері сапасының дамуына бағытталса, ал спорт спорттың жеке түрі бойынша жоғары нәтижеге жетуге қажетті қасиеттерді баса дамытуға бағытталған.
Зерттеудің мақсаты:
Адамның тіршілік ету барысында яғни өмір сүру кезінде оның мінез-құлқының негізін құрайтын әр түрлі қозғалу дағдылары мен үйрену қасиеттерін қалыптастыру.
Қозғалып үйрену, дағдылары мен әдістер және оларды зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Қимыл мүмкіндіктері, дағдылары және оларды зерттеу әдістері.
3. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін айқындау;
4.Қимыл дағдысы - қимылды, талдағышты және вегетативті рефлекстердің жиынтығы ретінде.
5. Қимыл дағдылары қалыптасуының кезеңдері.
6. Қимыл дағдыларын жетілдірудің физиологиялық негіздері.
Зерттеудің болжамы: Спортшылардың техникалық шеберлігінің негізін қиымл мүмкіндіктері және қимыл дағдылары құрайды, олар шынығу процесі нәтижесінде қалыптасып, спорттық нәтижеге әсер етеді. Спортшылардың техникалық шеберліктерінің негізін, жаттығуларға дайындалу процессі кезінде қалыптасатын қозғалып үйрену мен дағдылану құрайды және ол спорттық жетістіктердің нәтижесінде маңызды роль атқарады. Дағдыланудың есебінен спорттың цикльды түрінде спроттық техниканың эффективтілігі 10-25% көрсетсе, ал ацикольды түрінде оданда көбірек болатындығы айтылады.
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру,жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Зерттеу нысаны:
Пәні:
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол тақырып бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құрып,жазу
3. Мемлекеттік практика барысында эксперименттік зерттеулер жүргізе отырып, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
1. Қимыл дағдыларын қалыптастырудың физиологиялық механизмдері
1.1. Қимыл дағдыларын қалыптастырудың физиологиялық механизмдері
Адамның ерікті қимыл - қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Қимыл - қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына, оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді. Адамның қимыл - қозғалы әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірбиесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.
Қимыл - қозғалыс қасиеттері, спорттағы жаттығулар түрлі қимыл - қозғалыстар және оны қайталаулар арқылы жан - жақты дайындықты жетілдіру болып табылады. Жаттықтырушы өзінің шәкіртінің қимыл - қозғалыс қасиеттерін мүмкіндігінің шегіне жеткенше дайындауға және оның нәтижесін жарыстар кезінде көруге тырысады. Мұндай қасиетті меңгеру кез келген жаттықтырушының қолынан келмейді. Мұнда оның үйрету тәсілдері ерекше орын алады.
Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс - әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл - қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл - қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты. Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз өте жоғары маңызды сигнал.
Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері адамның дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру мақсатында қоршаған орта факторларымен дене жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын қалыптастыру негіздерінде, дене жүктемелеріне төтеп беру - машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру.
Қимыл дағдыларының дамуының физиологиялық механизмдері дене тәрбиесі мен спорттық физиологияның ғылыми дүниетанымында қалыптасады. Бұл механизмдер дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру мақсатында қолданылады.
Спортшылардың техникалық шеберліктерінің негізі жаттығу үдерісінде қалыптасып, спорттық нəтижеге айтарлықтай ықпал ететін қимыл дағдылары болып табылады. Осы қимыл дағдысы есебінен спорттық техника тиімділігі циклдік спорт түрлерінде 10-25%-ға, ал ациклдік спорт түрлерінде одан да көп пайызға жоғарылайды деп саналады.
Түрлі қозғалыс əрекеттері туа пайда болумен қатар тіршілік ба- рысында арнайы үйрену нəтижесінде жүре қалыптасады. Орталық жүйке жүйесінің осы қимыл-қозғалыстарды басқарудағы жəне жұ- мыс кезіндегі физиологиялық өзгерістердің дамуындағы реттеушілік маңызы өте зор. Бұл спорттық динамикалық қозғалыстарды орын- дау мен дененің белгілі бір қалпын сақтаудың тек бір ғана емес, бірнеше тіпті, ондаған түрлі бұлшық еттердің қатысуымен қатар жүретіндігімен байланысты. Жұмыс атқарушы бұлшық еттердің құрамы жəне ондағы жиырылатын қимыл бірліктері (моторлық бірліктер) саны үздіксіз өзгерісте болады (7-тараудағы 38-, 39-суреттерді қараңыз). Бұл тек бір қозғалыс əрекетінен келесіге өту кезінде ғана емес, сонымен қатар сол бір фазаның өзінде де орын алады. Сол сияқты қозғалыс кезіндегі бұлшық ет құрамы секілді жұмысқа қатысқан қимыл бірліктерінің саны да қозғалыс жылдамдығына, күш дəрежесіне, қажуға жəне т.б. факторларға сəйкес құбылып отырады.
Адам баласы туа пайда болған саны мен күрделілігі бойын- ша шектеулі қозғалыс əрекеттері қорымен (ему, жұту, кірпік қағу, əртүрлі тітіркендіргіштерге жауап ретінде аяқ-қол бұлшық еттерінің бүгілуі мен жазылуы, т.б.) дүниеге келеді. Осылармен қатар үйрету арқылы өзгермелі тіршілік жағдайларына барабар қозғалыс актілерінің жаңа түрлерін меңгеру қабілетіне, яғни жаттықтырудың жоғары дəрежесіне жетуді қамтамасыз ететін маңызды қасиеттердің бірі жүйке жүйесінің серпімділігі де тұқым қуалау арқылы беріледі. Бұл қасиет спорттық жаттығулар техникасын жетілдіруде зор мүмкіндіктер тудырады.
Жаттықтырылу дəрежесі тұқым қуалау арқылы беріле оты- рып əртүрлі тұлғаларда түрліше көрініс береді. Жəне де бір адамның өзінде түрлі əрекеттерге қатысты үнемі түрленіп отырады. Сондықтан спорттық іріктеу кезінде морфологиялық ерекшеліктер мен вегетативтік қызмет күйімен қатар сол немесе басқа дене жаттығулары түрлеріне тəн белгілі қозғалыс үйлесімділігі жағынан арнайы жаттықтырылу дəрежесін ескеру қажет.
Баланың əрекетті орындауы кейде сəтті немесе сəтсіз аяқталып жататын көптеген ретсіз, жүйесіз қозғалыстарынан бастап, белгілі бір мақсатқа бағытталған қозғалыс əрекеттері біртіндеп қалыптаса бастайды. Бала əрекеті нығаюының оның дамуының неғұрлым кешірек кезеңдерінде де, əсіресе, жаңа қозғалыстарды үйрету бары- сында маңызы бар.
Əртүрлі жас кезеңдерінде жаттықтырылу дəрежесі біркелкі көрінбейді. Кейбір жас кезеңдерінде жаттықтырылу дəрежесінің жоғары болуына орай қозғалыс əрекеттерін үйрету де ерекше та- бысты өтеді. Бұл кезеңдер ақыл-ой жəне бұлшық ет əрекеттерінің əртүрлерінде түрліше болады. Мысалы, шетел сөздерін дұрыс айту- мен байланысты қозғалыс үйлесімділігі балалық шақта жеңіл əрі тез меңгеріледі.
Жаңа күрделі спорттық қозғалыстар да адамның өмірінің белгілі бір кезеңдерінде меңгеріледі. Сондықтан болашақ жаттықтырушыға қозғалыс техникасын үйретудің тиімді жақтарын қарастыру бары- сында дене жаттығуларының сол түріндегі жаттықтыру дəрежесі неғұрлым жоғары болатын жас кезеңдерін айқындап алудың маңызы зор. Спорт практикасынан коньки, гимнастика, суға секіру жəне т.б. дене жаттығуларындағы күрделі қозғалыс əрекеттерін үйретудің балалық шақта айтарлықтай тиімді өтетіндігі белгілі.
1.2. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері
Балада үйретудің ерте кезеңдерінде қалыптасатын ерікті қозғалыс ртардың барлығы шартты рефлекстік қызметтің жалпы заңдылықтарына бағынады. Жасқа сай даму мен сананың қалыптасуы барысында бұл заңдылықтар жаңа сапалы мазмұныға ие болады. Қозғалысты саналы ерікті бақылай білу үйретудің табысты болуының басты қағидасы болып табылады.
Қимыл дағдысының сезгіш (сенсорлық) жəне орындаушы (оперантты) бөлімдері. Жаттықтырылу дəрежесінің физиологиялық механизмі шартты рефлекстік жолдар арқылы пайда болған байланыс болып табылады. Шартты рефлекстің физиологиялық негізі уақытша байланыстың тұйықталу қасиеті болып табылады. Шарт- ты рефлекстің пайда болуының негізі - ми қыртысындағы жүйке орталықтарының арасындағы уақытша жүйкелік байланыс дегеніміз - шартты жəне шартсыз тітіркендірулерді ұштастырғанда пай- да болатын, əртүрлі ми құрылымдары арасындағы белгілі қарым- қатынасын қалыптастыратын мидың нейрофизиологиялық, биохимиялық жəне құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И. М. Сеченов ашып көрсеткен болатын. Кейін И. П. Павлов шəкірттерімен шартты рефлекстік байланыс механизмдері бойынша қозғалыс əрекеттерінің жаңа түрлерінің түзілуінің негізгі заңдылықтарын ұсынған. Ғалымның пікіріне сүйенсек, уақытша жүйкелік байланыс ми қыртысының шартты жəне шартсыз тітіркендірілуін қабылдайтын орталықтарының арасында соқпақ жолдар пайда болуы салдарынан қалыптасады.
Сезгіш шартты рефлекстерде афферентті сигналдарға жауап беру (мысалы, сілекей бөліну, тітіркендіргіштер əсер етуінен қолды тартып алу) шартсыз рефлекстік немесе ертерек жүре пайда болған шартты реакция болып табылады. Олардағы жауап организмдегі бұрынғы болған реакция ретінде қолданылса, тек сигнал, яғни сезгіш бөлім жаңа шартты рефлексті қасиетке ие.
Бірақ қимыл дағдылары туралы сөз болғанда оперантты немесе мануалды, уақытша байланыстың түзілуі қатар айтылады. Бұл байланыстар қозғалыстың жаңа түрімен немесе сол организмде осы уақытқа дейін болмаған жаңа күрделі қозғалыс актісінің белгілі элементтерінен комбинация түзілуімен сипатталады. Демек, бұл жағдайда уақытша байланыстар тек афферентті (сезгіш) ғана емес, сонымен қатар эфферентті, яғни қозғалыс реакцияларының орындаушы буындарына да қатысты.
Адамның қимыл дағдылары оларда уақытша байланыстың екі түрінің де бір мезгілде сəйкес келуімен сипатталады. Бір жағынан, бірінші жəне екінші сигналдық жүйелер арқылы спортшы үшін талғаусыз (индифферентті) тітіркендіргіш пен келесі əрекет (уақытша байланыстың сезгіш бөлімдері) арасында байланыс қалыптасса, екінші жағынан, тек қозғалыс ғана емес вегетативтік қызмет сипатына да сəйкес жаңа жауап қимыл реакциялары (уақытша байланыстың оперантты бөлімдері) пайда болады.
Адамда спорттық жəне т.б. қимыл дағдыларының түзілуі барысында тек бірінші ғана емес, екінші сигналдық жүйенің де əсер етуі арқылы қалыптасатын жоғары қатардағы уақытша байланыстың маңызы өте зор.
Қимыл дағдысының қалыптасуы əсіресе циклдік ұзақ жаттығулар кезінде қозғалыстың вегетативтік мүшелер қызметімен неғұрлым тиімді қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беретін уақытша байланыстың түзілуіне əкеледі.
Қимыл дағдысының моторлық жəне вегетативтік бөлімдерінің бір мезгілде қалыптаспауының өзіндік маңызы бар. Салыстырмалы қарапайым қозғалыс дағдыларында (мысалы, жүгіруде, шаңғы тебуде) моторлық (қимыл) бөлімдері, ал күрделі қозғалысты дағдыларда (мысалы, гимнастикада, күресте, спорт ойындарында) вегетативтік бөлім ертерек қалыптасады.
М. Е. Маршак пікіріне сүйенсек, дағдының қалыптасуынан кейін вегетативті бөлімдер қимыл бөлімдеріне қарағанда неғұрлым инертті болып келеді. Мысалы, үйреншікті əрекет түрінің өзгерісі кезінде, яғни үздіксіз жұмыстан үзілісті қарқынды жұмысқа ауысса қимыл қызметтері жылдам, кейбір жағдайларда сол сəтте-ақ өзгереді, ал вегетативті мүшелер ұзақ уақыт бұрын қалыптасқан қозғалыс сипатына сəйкес қызмет етеді.
Күрделі қозғалыстардың қалыптасуында ертеде өндірілген үйлесімділіктің (координацияның) маңызы. Күрделі қозғалыстардың қалыптасуында ертеде өндірілген үйлесімділіктің маңызы зор. Спорттық қозғалыстар техникасын үйрету кезінде қимыл дағдыларының қалыптасуы əрқашанда организмнің ерте өндірілген үйлесімділігі базасы негізінде жүреді. Мысалы, баланың қаз тұруы бұрынғы отыру дағдысы негізінде, жүру дағдысы қаз тұру дағдысы негізінде қалыптасады. Түрлі спорттық жаттығулар кезінде, мысалы, гимнастика, коньки тебуде дене жаттығуларының көпшілік бөлімдері толығымен жаңа болып табылмайды, яғни оларда бұрын қалыптасқан дағдылардың элементтері бар.
Егер компоненттері айтарлықтай жаңа болатын күрделі қимыл техникасын меңгеру қажет болса, онда көбінесе, даярлық жаттығулары жəне неғұрлым қарапайым үйлесімділікте қалыптасқан уақытша байланыстар базасы негізінде қимылды орындау техникасын біртіндеп күрделендіре отырып, элементтер бойынша үйрету қолданылады.
Бұрын берік қалыптасқан дағдылар қимыл актісі өзінің сипа- ты бойынша жаңа дағдылардың түзілуіне ықпал ете отыруымен қатар кейбір жағдайларда, əсіресе, егер жаңа қозғалыс құрылымы ескі дағдының қайта жасалуымен байланысты болса, олардың қалыптасуына кедергі келтіруі де мүмкін. Сондықтан спорттық жаттығуларды үйрету барысында дұрыс қозғалыс дағдысын қалыптастырудың маңызы зор. Себебі толық қанды емес берік бекітілген қозғалыс əрекеттерін қайта жасау ұзақ уақытты жəне көп тер төгуді қажет етеді.
Қимыл дағдысы элементарлық емес, бір-бірімен байланысты бірнеше фазалардан тұратын кешенді біртұтас қимыл актісі. Ациклдік жаттығуларда жеке фазалар белгілі тəртіпте бірізділікпен бір-бірін алмастырып отырады. Циклдік жаттығулардың да əр циклінде фазалардың қайта-қайта бірнеше рет қайталануымен жүретін белгілі бір заңдылықты байланыс болады.
Қимыл дағдыларының қалыптасуы барысында қозғалыстың жеке фазалары өзіне тəн реакциялар тізбегін түзіп, динамикалық стереотип (лат. динамика - қозғалыстың, əрекеттің көптігі; грек. стерео - қатты, типос - таңдау, із) қалыптасады. Сыртқы ортадан организмге жүйелі жəне дəлме-дəл бірізділікпен белгілі бір мерзімде əсер ететін тітіркендіргіштердің əрқайсысы ми қыртысындағы тиісті қозу мен тежелу үдерістері арқылы организмнің белгілі бір реакциясын туғызады. Сондықтан сыртқы стереотипті (таптаурынды) тітіркенуге сəйкес, мида осы сияқты функциялық қатынастардың бірізді өзгерісі пайда болады. Олар сол тəртіппен бірнеше рет қайталанған жағдайда біртұтас біріккен рефлекстер жүйесіне айналады. Мұндай қозу мен тежелудің мидағы бекітілген белгілі бірізділікпен қалыптасуы динамикалық стереотип деп аталады.
Дене жаттығуларында динамикалық стереотип қозғалыс фазаларының жүзеге асырылуының тек бірізділігіне қатысты екенін атап өткен жөн. Мəселен, жүгіру, жаяу жүру, жүзу жəне т.б. бары- сында бұл фазалардың бірізділіктері ғана бəрінде бірдей болады, ал олардың арасындағы уақыт қатынастары, қадам жиілігі мен ұзындығы үнемі түрленіп отырады. Қозғалыстың ішкі құрылымы, яғни қозғалыс əрекетіне қатысатын бұлшық еттің құрамы жəне сол бұлшық еттегі қимыл бірлігінің жиырылу саны ұдайы өзгеруі мүмкін.
Динамикалық стереотип сыртқы құрылымдық фазалардың бірізділігі белгілі стандарт бойынша өтетін дағдыларға (циклдік жаттығуларға) тəн болып табылады. Сонымен қатар жиі өзгерістердің болуына орай жаңа қозғалыстардың қайталануын қажет ететін басқа да дағдылар (ациклдік жаттығулар) кездеседі. Мұндай тек- тес дағдыларға жекпе-жек түрлері бокс, семсерлесу, күрес пен спорттық ойындар футбол, хоккей, баскетбол жəне т.б. жатады. Оларда қозғалыс фазаларының алмасуы тұрақты біртұтас жүйе ретінде болатын динамикалық стереотип түзілмейді. Тұрақтылық күрделі қозғалыс комбинацияларынан көрінбей, тек жеке құрам элементтерінен (мысалы, баскетболда айып добын лақтыру кезінде) көрінеді.
Адамның қимыл - əрекеті көп түрлілігімен сипатталады. Жаңа құрылымдық моторлық актінің көп бөлігі ОЖЖ жоғары серпімділігінің арқасында экстраполяция жолымен жүзеге асырылады. Ол дағдылардың тасымалдануын қамтамасыз етеді жəне сол орыннан жаңа қозғалыстарды іске асыруға мүмкіндік береді.
Экстраполяция дегеніміз жүйке жүйесінің бұрын болған тəжірибе негізінде келесі туындаған қозғалыс міндеттерін барабар шешу қабілеті болып табылады. Меңгерілген қозғалыс қорларының артуы адамның бұрын шешілген міндеттерге ұқсас жаңа қимыл міндеттерін арнайы үйретусіз дұрыс шешу мүмкіндігінің айтарлықтай жоғарылауына ықпал етеді.
Экстраполяция түрлері сан алуан. Олар тек жаңа қозғалыстар ғана емес, сонымен қатар үйреншікті қозғалыс əрекетін орындау кезінде де (мысалы, жаяу жүріс кезінде) кең қолданылады.
Экстраполяцияның қозғалыс əрекеті сыртқы сипатының айтарлықтай вариацияларымен қатар жүретін қимылдарды орындау барысында маңызы орасан зор. Мысалы, футболшы допты аяғының ұшымен де, түрлі қырларымен де, өкшемен де, əртүрлі күшпен жəне əртүрлі бастапқы жағдайда тұрып тебе алады. Осындай əр алуан қозғалыс міндеттері тəсілдердің салыстырмалы шектеулі санын үйретуден соң экстраполяция арқасында шешіледі.
Қимыл актілерін меңгерудегі адамның экстраполяция қабілеті біраз дəрежеде ғана тұқым қуалайтын ақпарат негізінде пайда болған. Бұл ретте уақытша байланыстың қалыптасуының маңызы зор. Қозғалыс əрекетін біркелкі орындау кезінде экстраполяция мүмкіндігі төмендесе, ал əркелкі орындау барысында бұл мүмкіндік кеңейеді. Сондықтан тек спорттық ойындар мен жекпе-жектерде ғана емес, циклдік қозғалыстар кезінде де жаттықтыру (жылдамдығы, ұзақтығы, салмақтары бойынша) түрліше өткізілуі қажет.
Экстраполяция диапазоны үнемі біршама шектелген. Мəселен, футболист меңгерген дағдылар экстраполяция жолымен күрескер немесе боксшылардың (жəне керісінше) тəсілдерін орындау үшін қолданылмайды. Сондықтан экстраполяцияны даярлық жаттығулары кешендерін таңдауда ескеру керек. Бұл кешен негізгі жаттығуларды меңгеруге жағымды ықпал ететін жаттығуларды қамту қажет. Егер бірнеше көмекші жаттығулар экстраполяция механизмі бойынша бірдей нəтиже берсе, онда олардың санын кеміткен жөн. Даярлық жаттығуларын таңдауда экстраполяция механизмі бойынша қозғалыс əрекеттерін қамтамасыз ететін вегетативтік қызметтің (қан айналу, тыныс алу, т.б.) дамуына ықпал ететін əсерлерді əрқашан ескеру қажет.
Н. В. Зимкин бойынша қимыл дағдысының қалыптасуы келесідей көп сатылы үдерістерден тұрады.
1-кезеңде артық бұлшық еттерді жұмысқа тарту жəне жауап реак- цияларын генерализациялаумен (жалпыламалаумен) қатар жүретін жүйке үдерістерінің иррадиациясы немесе таратылуы байқалады. Бұл кезеңде бөлек жеке əрекеттердің тұтас акт түзуі басталады.
2-кезеңде жүйке үдерістерінің концентрациясы немесе жинақталуы, координацияның (үйлесімділіктің) артуы, артық бұлшық ет ширығуын жою жəне стереотипті қозғалыстардың қалыптасуының неғұрлым жоғары дəрежесі байқалады.
3-кезеңде дағды тұрақтанады жəне одан əрі қозғалыс координа- циясы мен автоматизациясы (дағдылы əрекеттенуі) жетіле түседі.
Кейбір жағдайларда бұл кезеңдердің бірінің болмауы мүмкін. Бұл бұлшық ет жұмысының күрделілік жəне қуаттылық дəрежесімен, қозғалыс аппаратының бастапқы күйімен, спортшының біліктілігімен, т.б. көптеген факторлармен байланысты. Жоғарыда айтылғандай, жаңа күрделі қозғалыстар пайда болған координация фонында қалыптасады. Сол себепті мысалы, гимнастикалық жаттығуларды үйрету жаңадан бастаған, біліктілігі орташа дəрежедегі спортшылар мен спорт шеберлерінде түрліше өтеді. Біліктілігі жоғары дəрежелі спортшыларда жаттығуларды үйрету бұрын жүре пайда болған дағдылар мен экстраполяция қабілетінің арқасында бірінші, тіпті, екінші кезеңдерсіз де өтуі мүмкін.
Физиологиялық бейімделу деп организмнің жүйе, мүше, ұлпа қызметтерінің белсенділігі мен олардың өзара байланысын реттеуші механизмдердің орнықты деңгейін айтады. Мұның мəні жаңа орта жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін əрекеттердің қайта құрылуына келіп тіреледі. Сонымен бірге қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларында адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілеттілігінің сақталуы, ұрпақ жаңғыртуы бейімделудің көрнекті белгілері болып саналады.
Бейімделу нақтылы физиологиялық механизмдермен байланыс- ты бірнеше кезеңдерден тұрады. Бейімделудің 1-кезеңі - бастапқы кезең тітіркендіргіштер əсер еткен алғашқы сəттен басталады. Мұнда əртүрлі бағытталған құрама реакция байқалады. Бірінші құрама реакция бағдарлау рефлексіне байланысты. Бұл рефлекс пайда болғанда, осыған дейінгі іс-əрекетті тежейді. Жалпы тежеуші реакция күшті тітіркендіргіштің бəріне жауап ретінде туады.
Екінші құрама реакция - қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда жүйкелік трофикалық ықпалдар белсендіріледі жəне мүшелердің қызметі күшейеді. Бұл əсерленістерді симпатикалық адреналдық жүйемен бірге орталық жүйке жүйесі атқарады. Алайда, бейімделудің бастапқы кезеңінде, олар өзара үйлесімсіз болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл кезеңге организмнің эмоциялық өзгерістері де қатысады.
Бейімделістің келесі сатысы - 2-кезең өтпелі кезең. Мұнда орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді, гормондардың белсенділігі азаяды. Ол кезде организмнің икемделу механизмдері ұлпаларда тереңдей түседі.
Бейімделудің 3-кезеңі тиянақты кезең - организмнің жəне оның мүшелері мен жүйелерінің жаңа жағдайларға мұқият икемделу сəтін көрсетеді. Олардың қызметі үйлесімді келеді. Организмнің бейарнайы төзімділігі көтеріледі жəне əркелкі арнайы бейімделудің механизмдері дамиды. Бұл кезең физиологиялық үдерістерді үнемді атқарады жəне энергия шығынын азайтады.
Адам экологиясының негізгі мақсаты организмнің бейімделу үдерісін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмін зерттей отырып, икемделу əрекетін жетілдіру болып саналады. Мұның басты міндеті - адамның денсаулығын сақтау, оны жақсарту жəне аурудың алдын алуда өте тиімді жүйелер жасау.
Қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзеге асыратын бейімделудің жалпы физиологиялық механизмдері физиологиялық жүйелер арқылы атқарылады. Ол қозғағыш жəне жағдайлық тітіркендіргішті бағалаудан басталып, шешім қабылдау мен болашақ нəтижені алдын ала болжауды қалыптастырады.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда жаттығу - белгілі бір мақсатқа жетуге, яғни қозғалыс міндетін шешуге бағытталған бір-бірімен үздіксіз байланысты қимыл əрекеттерінің жиынтығы.
Спорттық жарыстар жаттығуларында қозғалыстар жиынтығы максималды спорттық нəтижелерге жетуге бағытталған. Мыса- лы, спорттық жаттығуларға биіктікке секіру, найза лақтыру, ату, спорттық ойындар, белгілі бір арақашықтыққа жүгіру немесе жүзу, т.с.с. жатады.
Барлық спорттық жаттығуларды екі үлкен топқа бөлуге бола- ды. Бірінші топ жаттығуларына жетекші физиологиялық жүйелер қызметінің белсенуі мен күш, жылдамдық немесе төзімділік сияқты қозғалыс сапаларының көрінуін талап ететін өте үлкен дене жүктемелері тəн. Мұндай жаттығуларға жеңіл атлетиканың барлық түрлері, жүзу, шаңғы мен коньки тебу спорты, ескек есу, спорттық ойындар, жекпе-жек жəне т.б. жатады. Ал екінші топқа автомото
спорт, желкен, шана, желкерме, ат, авиапланер жəне дельтапланер ісі сияқты техникалық жаттығулар жатады. Бірінші топтағы жаттығулардың көпшілігін орындау кезінде кеңістікте спортшының орын ауыстыруы негізінен ішкі (бұлшық еттік) күштердің есебінен іске асырылады. Ал техникалық жаттығуларды орындау кезінде спортшының орын ауыстыруына сыртқы (бұлшық еттік емес) күштер ең басты ықпал жасайды. Мысалы, автоспортта - машина двигателі, шана, желкерме спортында - тартылыс күштері, желкен, авиапланер жəне дельтапланер ісі спортында - ауа ағымы күштері əсер етеді. Техникалық жаттығуларда үлкен табыстарға жету техникалық құралдарға (ат спортында - аттың жаратылуына, сапасына) жəне оны меңгеру дəрежесіне өте көп байланысты.
Жетекші физиологиялық жүйелер мен механизмдерге жұмыс атқарушы бұлшық еттің лактацидтік (гликолиздік) энергиялық жүйесінің сыйымдылығы мен қуаттылығы, жүйке-бұлшық ет аппаратының функциялық қасиеті, сонымен қатар организмнің оттегі тасымалдау (əсіресе, жүрек-тамыр жүйесінің) мүмкіндіктері жəне жұмысшы бұлшық еттердің аэробтық (тотығу) мүмкіндіктері жатады. Сайып келгенде, бұл топ жаттығулары спортшылардың анаэробтық сияқты аэробтық мүмкіндіктеріне де аса жоғары талаптар қояды.
Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін -- жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде.Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И.М.Сеченев ұсынған. Ми рефлекстері атты еәбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл- қозғалыс әрекеттерінің табиғи - материалистік көзқарасты негіздеді. И.М.Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен. И.М.Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері - еріктіліктің ең жоғары формасы.
И.М.Сеченевтің идеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтың тәжірибелерінде дәлелденген. И.П.Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі функцияларына тигізетін әсерлерін мұқият есепке алып, осы заманға дейін өзінің маңызын жоймаған, рефлекстік теорияның материалистік принциптерін негіздеді.
Ерікті қимыл-қозғалыстардағы шартсыз тонус беруші - сергітуші рефлекстер. Ерікті қимыл-қозғалыстар - туа біткен рефлекстік негізді процестер. Туа біткен рефлекстер қатарына дене қалыптарының немесе кейіп рефлекстері, тепе-теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етуші және тағы басқа рефлекстер жатады.
Қолданыстағы жіктеу бойынша туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстері дене қалпын тыныштық күйде ұстап тұруды және дененің қозғалыстардан соң бұрынғы қалпына қайта келуді қамтамасыз етуші рефлекстер болып екіге бөлінеді.
Кейіптену рефлекстері бастың еңкейген немесе оңға-солға бұрылған кездерінде мойын бұлшық еттеріндегі жүйке талшықтары ұштарының және ішкі құлақ шытырманының тітіркенулерінен пайда болады. Басты көтеру немесе еңкейту аяқ-қол және тұлға бұлшық еттерінің тонусын өзгертеді де, қалыпты кейіпті сақтауға септігін тигізеді. Бастың оңға-солға бұрылуы мойын бұлшық еттері мен сіңірлер проприорецепторларының тітіркенулерін туғызады да, тұлғаны басқа қатысты симметриялы қалыпқа тұрақтандырады.Бастың кеңістіктегі қалпының өзгеруінде және сол өзгерістерді талдауда вестибулдар аппаратының маңызы зор. Бас оңға-солға бұрылған кезде оның рецепторлық құрылымдары қозуға келеді де, бұрылған жағындағы мойын бұлшық еттерінің тонусын рефлекстік жолмен көтереді. Бұл тұлғаның басқа қатысты бағытын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Айналумен байланысты көптеген спорттық жаттығуларды тонустың осылай таралуы арқылы ұтымды орындауға мүмкіндік туады.
Түзетуші рефлекстер дене кейпін қалыптан ауытқыған жағдайында сақталуын қамтамасыз етеді. Түзетуші рефлекстер тізбегі басты көтеруден басталады және өзгерген тұлға қалпын соңынан қалыпты кейіпке қайта келтірумен аяқталады. Түзетуші рефлекстердің іске асуына вестибулар, көру аппараттары, бұлшық ет проприорецепторлары, тері рецепторлары қатысады.Дененің кеңістікке бір орыннан екінші бір орынға ауысуы статокинетикалық рефлекстермен іске асады. Айналмалы қимылдарға жарты шеңберлі каналдардағы (арна) эндолимфа толқуларының нәтижесінде вестибулалық рецепторлар қозады. Орталыққа тепкіш тітіркеністер сопақша мидағы вестибулалық ядроларға келіп, айналмалы қимылдарда бас пен көз қалыптарының рефлекстік өзгерістеріне әкеледі.
Айналдыру рефлекстері бастың қозғалысқа қарсы баяу бұрылысымен, соңынан тұлғаға қатысты қалпына шапшаң қайта келуімен сипатталады. Көз де ұқсас қозғалыстар жасайды, айналу жағына қарай тез, ал айналуға қарсы жағына баяу бұрылысының биологиялық маңызы мынада. Айналған сәтте көру алаңында көрінген заттарға көз қырын салу және оларды белгілеу.Көздің айналу жағына қарай шапшаң бұрылысы олардың бұрынға дұрыс қалпына келуін қамтамасыз етеді. Дененің айналуы тоқтаған кезде көз айналысқа қарсы бағытта бұрылыс жасайды, ал бас пен тұлға айналу жағына қарай ауытқуды жалғастыра береді.
Дененің тік бағыттағы ауысуы лифт рефлекстерімен іске асырылады. Кенеттен төмен қарай түсірілген жануардың секіруге дайындық рефлексі пайда болады, ал жерге қонуы аяқтарының иілуімен іске асырылады. Осыған ұқсас құбылыстар лифт кабинасын жоғары қарай шапшаң көтерген кезде ішінде тұрған адамдарда пайда болады.Көтерілудің басында аяқтар мен тұлға иіледі, ал кілт тоқтаған сәтте - жазылады.
Тұлға мен аяқ-қол бұлшық еттері тонусының рефлекстік өзгерістері вестибулалық ядролардың мишықпен, ми дінінің қимыл орталықтары және қыртыс асты бөлімдерімен өте кең функциялық және морфологиялық байланыстары арқылы жасалады. Лифт рефлекстерінің балаларды тереңге секіруге, секіріп түскенде жерге дұрыс қонуды үйретуде маңызы зор. Бұл рефлекстердің туа біткендігіне қарамастан, секіртерде жерге дұрыс қонуды үнемі түзетіп отыруды қажет етеді. Дәлірек айтқанда, балалардың лифт рефлекстерін жетілдіру, оқытушының үнемі назарында болғаны жөн. Еріксіз қимыл-қозғалыс формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады. Ию, тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание, ретмические).Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде бала қол-аяғын иеді, егерде алақанды немесе табында баппен қысса, ол затты тебеді.Ырғақты рефлекс екі формада білінеді. Серпу және адымдау. Серпу рефлексінің типтік мысалы ретінде жануардың қасыну рефлексін келтіруге болады. Бір аяқтың ырғақты қимылдары жұлындағы жүйке орталықтарының функциялық сыңаржақтылық өзгерістері арқылы іске асады.Адымдау рефлексі аяқтардың жүйке орталықтарындағы реципторлық арақатынастарына байланысты. Ырғақты рефлекс жүру, жүзу сияты күрделі циклдық қозғалудың (локомоция) негізін құрайды. Дене жаттығуларын орындау туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстерін үнемі түзетумен байланысты. Орталықтан бағытталған реттеуші әсерлер ерікті қимыл-қозғалыстардың сипатына орай, бұлшық еттер тонусын қажетті дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау - атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі - организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл-қозғалыстарға үйрету -- өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау-қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.
Қимыл -- әрекетке үйрету әдістері - қимыл әрекетінің күрделігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге де болады. Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету. Күш түсіру қарқыны - белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын тездете орындау. Күш түсірудің ішкі және сыртқы қарқынның көрсеткіші болды.
Сыртқы көрсеткіш - қозғалыс жылдамдығы, спорт ойындарындағы ойын қарқыны.
Ішкі қарқын - жүректің соғу жиілігі, белгі бір уақытта күш жұмсау тағы басқалар жатады.
Адам организмінде әсер ету көлемі жағынан күш түсіру. Мысалы : (кіші жүректің минутына 130 рет соғады.) орта (131-155 рет соғу) үлкен (156-175) қатты (176-190) оданда қатты соғулар болады. Бұлшықеттің жұмысына байланысты күш түсіру стандартты және ауыспалы болып келеді.
Стандартты -- бұлшықеттің белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы тұрақты қарқынды жұмысы.
Ауыспалы - бұлшықеттің жаттығуды орындаудағы қарқындының өзгеруі (жоғары және төмен).
Дене тәрбиесінің принциптері -- Қимыл ептілігімен дағдысын қалыптасу және дене қуаты қасиетін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол әдісте келіп принциптер д.а.
Дене тәрбиесінің принциптері :
1) саналық және белсенділік 2) жүйелілік, 3) біртіндеушілік, 4) реттілік, 5) даралық.
2)Саналық пен белсенділіктерін - бұл принциптердің мақсаттары - дене тәрбиеғсі процесінде жаттығулардың сапалы белсенді және шығармашылық әрекетерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Мысалы: балаларға қызықты тапсырмалар беру, марапаттау ойындар өткізу.
3) Жүйелілік - дене қуаты қасиетін дамыудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже. Мысалы : сабақтар арасында үзіліс болмауы, түрлі жаттығулар үйрену.
4)Біртіндеушілік - орындайтын жаттығулар тәсілі күрделеніп, күш түсіну көлемі біртіндеп өсуін біртіндеушілік деп аталады. Мысалы : оқушылардың мүмкіндіктері тұрақты өсіп отыруы.
5)Реттік -- қимыл әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту. Мысалы: жеңілден -- қиынға, қарапайымнан - күрделіге.
Даралық -- дене тәрбиесі процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Мысалы : адамның дайындық денгейі, спортқа деген көзқарас.
Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасқан белгі бойынша топтау. Ал бойынша барлық жаттығулар 4 топқа бөлінеді ; а) гимнастикалық жаттығулар, ә) ойын жаттығулары, б) туристік жаттығулар, в) спорттық жаттығулар болды.
Дене тәрбиесі жаттығулардың әсер етудің анықтайтын факторлар.
1.Әдістемелік факторлар - адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын түсінуі.
2.Әдістемелік факторлар - жаттығуларды қолданар кезде ескеретін факторлар.
3.Санитарлық гигиеналық факторлар - дене тәрбиесі жаттығуларды даам аргонизміне тиімді тәртібін сақтап, спорт залын санитарлық нормада ұстау.
Физиологиялық жүйелердің күйлері мен олардың адам жасына қарай қимыл-қозғалыс қызметтерін қамтамасыз ету мүмкіндіктері бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметтік (функционалдық) мүмкіндіктеріне қарай түрліше болады. Сондықтан адамның жас мөлшеріне байланысты дене-күш жаттығулардың сипаты мен рұқсат етілетін жүктемелер мөлшері әртүрлі болуға тиіс.
Адам ағзасының жеке даму ерекшелігі оның ата-анасынан қабылдап алған генетикалық бағдарламасына тәуелді. Алайда ол бағдарламаның орындалысы нақты қоршаған орта жағдайларының ерекшелігіне қарай іске асырылады.
Онтогонездің (жеке дамудың) әр сатысында генетикалық ақпарат пен қоршаған ортаның әсерлері әртүрлі.
Айталық, өмірдің алғашқы жылдарында кейінгі жылдармен салыстырғанда қоршаған ортаның әсері ықпалды. Дами бастаған ағзаның мүшелері мен жүйелерінің қалыптасуы гетерохронды (бір мезгілде емес) түрде жүреді: біреулері ерте, екіншілері кешірек дамиды. Мысалы, ми мен жұлын құрылымдық (морфологиялық) тұрғыдан сәби кезде қарқынды дамып, ал 10-12 жаста даму шегіне жетіп, әрі қарай дамуын тоқтатады. Керісінше, жыныс мүшелерінің қалыптасуы 11-12 жасқа дейін баяулау жүреді, ал 12-14 жаста жедел дамып кетеді.
Адамның жеке дамуы кезінде, өзара байланысты екі кұбы- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz