Мысықтың дене жамылғысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Секциясы: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырыбы: Үй жануары - мысық туралы
Бағыты: адам денсаулығы

Орындаған: 7 Б сынып оқушысы: Скорокиржа Пётр
Жетекшісі: Нуржанова Корлан Жаксылыковна
Сулейменова Айгуль Секеновна

2024 ж.
АБСТРАКТ
Зерттеудің мақсаты: Үй мысығының негізгі ерекшеліктерін қарастырып, олардың адам өміріндегі маңызын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:
Болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасу
Көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдыққа ынталандыру
Шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа бейімдеу, медицинаның қолжетімді жаңалығымен танысу.
Оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру.

Зерттеудің өзектілігі:
Сондай елеулі өзгерістердің бірі - Қазіргі таңда анималды терапияның күштілігі дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ оларда хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Егер мысықтардың шығу тегін тани отырып, олардың ерекше қасиеттері терең анықталса, адамзатқа тигізер пайдасы нақтыланса, сонымен қатар оның халқымыздың өміріндегі орны жүйеленіп берілсе, онда мысықтар туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, мысықтарға деген құрметіміз арта түсер еді.

Ғылыми жұмысының ғылыми жаңалығы. Мысықтардың өзіндік қасиеттері мен түрлері, емдік қасиеттері туралы жан-жақты таныстырылып, оның пайда болу және әлемге таралуы туралы қызықты деректер ашылады, сонымен қатар олардың қызық тіршілігі айқындалып, оны күтіп-баптау жолдары көрсетілді.
Жұмыс қорытындысы. Мысықтардыңң пайда болуы мен қазақ өміріндегі алатын орны, емдік қасиеттері кеңінен талдауға алынды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Мысықтардың емдік қасиетінің қыр-сырын жетік меңгердік. Олардың ерекше қасиеттерін зерттеп білдік.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта мысықтың емдік қасиетін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ мектептің оқу әдістемелік жұмыстарына, дүниетану, жаратылыстану сабақтарында, таңдау курстарында кеңінен қолдануға енгізуге болады.
Жұмыстың орындалу әдістері. Мысықтар туралы терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, талдау, салыстыру әдістері қолданылған.

АБСТРАКТ

Актуальность исследования: одно из таких существенных изменений - в настоящее время сильная терапия доказана в развитых странах. Также в них созданы специальные научно-исследовательские институты, которые контролируют и исследуют влияние животных на человека. В США, Великобритании, Канаде, Франции работают организации, занимающиеся обезболивающей терапией для оказания помощи людям с физическими или психическими проблемами.
Научный прогноз исследовательской работы: если бы кошки, узнав их происхождение, были глубоко известны их особые свойства, были бы полезны человечеству, а также были бы систематизированы его роль в жизни нашего народа, то было бы больше познаний о кошках, уважение к кошкам.
Цель исследования: убедить учащихся в том, что сама природа является целителем. Ученые приступают к модернизации старых методов в древности. В частности, внедряют методы лечения забытыми животными. Научно-теоретическое и методическое обоснование ценности природы, предоставленной человеку, проверить ее в экспериментально-экспериментальном обследовании, дать научно-методические рекомендации.
Задачи исследования:
- Формирование правильной ориентированной личности в будущее
- Поощрять ученика к поиску, деловому и познавательному мышлению, зрению, слуху и запоминанию
- Умение решать различные проблемы через совершенствование творческих способностей, адаптировать к находчивости, познакомиться с доступной новизной медицины.
- Развитие интереса учащихся, совершенствование знаний путем самостоятельной работы.
Научная новизна научной работы. Подробно ознакомили с особенностями и видами кошек, лечебными свойствами, раскрывают интересные факты о его появлении и распространении в мире, а также выявлялись интересная их жизнь и пути ухода за ними.
Итоги работы. Широко проанализированы лечебные свойства кошек и их роль в жизни казахского народа.
Теоретическая значимость исследования заключается в том, что мы в совершенстве владеем гранями лечебного свойства кошек. Мы изучили их особые свойства.
Практическая значимость исследования: материалы, собранные в результате исследования, в дальнейшем могут быть использованы для дальнейшего изучения и изучения лечебных свойств кошки, а также для широкого использования в учебно-методической работе школы, на уроках познания мира, естествознания, на курсах по выбору.
Методы выполнения работ. Использовались методы глубокого знакомства, сбора данных, научного поиска, исследования, анализа, сравнения о кошках.

Теміртау қаласының №31 мектебі КММ-ң
7Б сынып оқушысы Скорокиржа Пётрдің
Үй жануары - мысық туралы атты ғылыми жұмысына

Пікір

Оқушының Үй жануары - мысық туралы тақырыбы күнделікті тұрмыста көп қолданылатын мысықтың біз біле бермейтін қыр-сырын танып-білу, оның адамға тигізетін пайдаларын, емдік қасиеттерін анықтау.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға табиғаттың өзі емші екндігіне көзін жеткізу. Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Адамға табиғаттың өзі берген құндылығын ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Оқушының Фелинотерапия және мысықтар әлемі тақырыбы күнделікті тұрмыста көп қолданылатын мысықтың біз біле бермейтін қыр-сырын танып-білу, оның адамға тигізетін пайдаларын, емдік қасиеттерін анықтау.
Ізденуші бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Естідіңіз бе... - бөлімінде, мысықтар жайлы таңқаларлықтай оқиғаларды жақсы іріктеген. Жұмысын қазіргі таңда жануарлармен емдеу әдісін Қазақстанда дұрыс жолға қою керектігі, ит, мысықтарды қорғауға алу керектігі жайлы ойымен қорытындаған.
Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Нуржанова К.Ж.
№31мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 Б сынып оқушысы Скорокиржа Пётрдің Үй жануары - мысық туралы атты ғылыми зерттеу жұмысы жайлы

К Ү Н Д Е Л І Г І
(2023-2024 жыл)


Атқаратын жұмыс тізімі
Мерзімі
Жетекші қолы
Нәтижесі
1
Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу
Қаңтар -ақпан,

Үй жануары - мысық туралы зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.
2
Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Наурыз-сәуір

Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.
3
Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу
мамыр-тамыз

Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.
4
Оқушылардың отбасынан сауалнама жүргізу
Ақпан-наурыз

Сауалнама қорытындысын зерделеу

Ғылыми жетекшіден кеңес алу
қыркүйек-қазан

Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.

Мазмұны
І.Аннотация------------------------ ----------------------------------- ----2
ІІ.Кіріспе ----------------------------------- -------------------------------3
ІІІ.Теориялық бөлім
І бөлім.Негізгі бөлім.Мысықтың сыртқы құрылысы--------4
3.1 Сүтқоректілер класына мысықтар түріне сипаттама
3.2 Мысықтардың арғы ата тектері
3.3 Мысықтың дене жамылғысы-------------------------- ----------5
3.4 Мысықтардың қаңқасы
3.5 Мысықтардың жақсүйектері мен тістері---------------------6
3.6 Мысықтардың бұлшық еттері
3.7 Мысықтардағы қылшықтың маңызы------------------------7
ІІ бөлім.Үй мысығының ішкі құрылысы------------------------8
2.1Мысықтың қорегін аулауы
2.2 Мысықтардың тыныс алуы
2.3 Мысықтардың жүрегі
2.4 Мысықтардың зәр шығаруы
2.5 Мысықтардың миы-------------------------------- -------------9
2.6 Мысықтардың көбеюі мен дамуы--------------------------10
ІІІ бөлім. Зерттеу бөлімі.
Үй мысықтарының құпия-сырлары
3.1 Мысық терапиясы - фелинотерапия---------------------- -11
3.2 Мысық -емші
3.3 Мысықтар туралы қызықты деректер---------------------12
3.4 Әлемдегі ерекше мысықтар--------------------------- ---------13
3.5 Діни әдебиеттегі мысықтар туралы-----------------------17
ІV.Қорытынды----------------------- ----------------------------------1 8
V.Қолданылған әдебиеттер ----------------------------------- ------20

Аннотация
Зерттеу мақсаты:
Үй мысығының негізгі ерекшеліктерін қарастырып ,олардың адам өміріндегі маңызын зерттеу.
Болжам:
Үй мысығының емдік қасиеттерін медицина саласында қолдану және оны әрі қарай дамыту.
Зерттеу процедурасы, кезеңдері :
-Даярлау: тақырыбын,бағытын таңдау, мақсатын , міндеттерін қою.
-Зерттеу: үй мысығын үйде ұстау мақсатымен танысу, мысықтар жайлы материалдар жинау, бізге белгісіз құпияларды зерттеу.
Дербестік дәрежесі және зерттеу жаңалығы:
- тақырып бойынша зерттеу қорытындылары жинақталады.
- зерттеу міндеттері мен мақсаты анықталады.
- үй мысығының адам өміріндегі маңызын және емдік қасиетін дәлелдеу , қызықты деректер, әйгілі мысықтар жөнінде деректер қарастырылады.
Жұмыс нәтижелері және қорытындылары:
Өткізілген зерттеулер нәтижесінде үй мысығының негізгі ерекшеліктерімен,одардың дене құрылысымен таныстық. Үй мысығының адам баласына тигізетін маңызы мен пайдасын зерттедік . Мысықпен емдеу фелинотерапия тәсілдерін қарастырдық. Олардың адам баласының жалғыздығын жоятын қабілеті бар екенін дәлелдедік. Үй мысығы туралы қызықты мәліметтер жинадық.
Жұмыстың практикалық қолданылуы:
Үй мысығын медицинада және психологияда емдік терапия ретінде кеңінен қолдану. Анималтерапия саласын биология сабақтарында қосымша материал ретінде қолдануға болады.

Кіріспе
Мысықтар - омыртқалы жануарлардың жылықанды, ең жоғары сатылы тобы. Бұлардың басқа жануарлардан басты ерекшеліктері: орталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ерекше дамуы, дене температурасының біршама тұрақтылығымен қамтамасыз етілетін жылу алмасу жүйесінің күрделілігі: баласын тірідей туып, сүтпен асырау арқылы ұрпағының одан әрі тірі қалуына қолайлы жағдай жасауы. Бұл топтағы жануарлар баласын сүтпен қорқтендіретіндіктен, класс сүтқоректілер деп аталады.Сүтқоректілердің дене мөлшері мен пішіні алуан түрлі, ол көбінесе тіршілік әрекетімен мекендейтін орта жағдайларына байланысты болады. Бұлар негізінен құрлықта тіршілік ететін төрт аяқты жануарлар. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы күнделікті тұрмыста өздерінің білетін мысықты алып көрелік.
Болжам:
Үй мысығының емдік қасиеттерін медицина саласында қолдану және оны әрі қарай дамыту.
Зерттеу мақсаты:
Үй мысығының негізгі ерекшеліктерін қарастырып ,олардың адам өміріндегі маңызын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
-зерттелетін тақырыппен танысу, талдау жасау, материал жинақтау.
-үй мысығының медицинада және психология саласындағы маңызы, қажеттілігін білу.
-қойылған болжамның дұрыстығын дәлелдеу.
Қойылған міндеттерді шешу тәсілдері:
-ақпаратты жинау және талдау,қорытындылау, қосымша әдебиеттерді қарастыру, салыстыру,сауалнама алу.
Зерттеу көзі: Ғылыми жоба сүтқоректілер класының негізгі сипаттамасына, оқу бағдарламасына негізделеді, сауалнама нәтижесі қарастырылады. Ғылыми жоба кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан, қолданылатын әдебиеттер-
ден ,қосымшалардан тұрады.

ІІІ.Теориялық бөлім
І бөлім.Негізгі бөлім.Мысықтың сыртқы құрылысы.
1.1.Сүтқоректілер классына мысықтар түріне сипаттама
Систематикасы:
Тип: Желілер; Класс: Сүтқоректілер; Отряд: Жыртқыш сүтқоректілер отряды
Тұқымдасы:Мысық тұқымдастар;Туысы: Мысықтар туысы
Түрі: Кәдімгі мысықтар
Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы күнделікті тұрмыста өздерің білетін мысықты алып қарастырылады. Асыранды мысықтың арғы тегі ливиялық мысық болып саналады, оны Африка тұрғындары бұдан 5 мың жыл бұрын қолға үйретсе керек. Қолға үйретілген басқа жануарларға қарағанда мысық арғы тегінен онша өзгере қоймаған, сондықтан мысықтың қолтұқымдары айтарлықтай көп емес. Мысықтың денесінен басқа сүтқоректілерден де байқалатын, бас, мойын, тұлға,құйрық, алдыңғы және артқы аяқтарды айқын ажырауға болады. Сүтқоректілердің аяқтары қосмекенділер мен жорғалаушылардың аяқ бөліктері тәрізді болмағанымен тұлғасынан екі жаққа қарай тарбимай, тұлғаны тік көтеріп тұрады. Мысықтың басына назар аударсақ: бұған дейін оқып кеткен омыртқалы жануарлардан кездеспеген екі құлақ қалқаны көрінеді. Бұл - сүтқоректілерге тән ерекшелік. Қаршығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр мұрыннан екі танау тесіктері бірден көзге түседі.
1.2. Сүтқоректілердің арғы ата тектері.
Қазбадан табылған жоғары сатылы аңтістілер тобына жататын бұл жорғалаушылар - иностранцевия тікелей сүтқоректілердің ата тегі болмаса да оның дене құрылысында аңдарға ұқсастық көбірек болды. Иностранцевияның дене тұрқы 3-3,5 м, басы өте үлкен (бассүйегінің ұзындығы 50 сантиметрге дейін жетеді), қаңқа сүйектері жеңіл жануар болғаны байқалады. Сүйектерінің жеңіл болуы оның тез қимылдайтынын, басқа жорғалаушылар тәрізді бауырын жерге сүйретпей, көтеріңкі ұстап жүруге бейім болғанын аңғартады. Мұның сүтқоректілерге тағы бір ұқсастығы - үстіңгі жақсүйегінде ірі күректістер мен үлкен екі иттістің болуы.Иностранцевия - су маңында немесе суда мекендеген жыртқыш жорғалаушы жануар, оның саусақтарында үлкен тырнақтары болады. Денесінің үлкендігі, терісінде түктердің болмауы , дене температурасының тұрақсыздығы иностранцевия тәрізді жорғалаушылардың табиғаттағы қолайсыз жағдайларға төтеп бере алмауы салдарынан, ақыры өліп бітті.

1.3. Мысықтың дене жамылғысы
Сүтқоректілердің денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері орналасады. Тер безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындатады, ал май безінен бөлінген май теріде орналасқан түкті майлап, оған су жұқпауға мүмкіндік жасайды. Тер бездерінің өзгерген түрі сүт бездеріне айналады да, сүтқоректілер баласын сүтпен қоректендіреді. Сүтқоректілердің көпшілігінің терісінен түкті жамылғы өсіп шығады. Оны денесіндегі түкті жамылғыны аяғымен тазалап, жуынып отырған мысықтан анық көруге болады. Мысық дененсінен итте болатын қолайсыз иіс сезілмейді, ол қашан да таза жүреді. Өйткені мысықтың терісінен май бөлінбейді, сондықтан да мысық суға түспеуге және жаңбырдың астында қалмауға тырысады. Тер бездері тек табандарында ғана болғандықтан, мысықтың денесінен тер иісі де сезілмейді.Сүтқоректілердің түкті жамылғысы біркелкі түктерден құралмаған: жуандау және ұзын түк қылшық деп, ал қысқа жұмсақ түк - мамық немесе түбіт деп аталады.Түк дегеніміз - мүйізтекті түзіліс. Ал сүтқоректі жануарлардың үлпек жүнді бағалы терісі үлбір деп аталады. Тері тек түк қана емес, қабыршақ, өткір және жалпақ тырнақ, тұйяқ және мүйіз сияқты мүйізтекті заттар түзіледі Өткір тырнақты - кез келген жыртқыш сүтқоректілерден байқауға болады.
1.4. Мысықтардың қаңқасы
Сүтқоректілердің қаңқасы және осыған дейін оқылған омыртқалы жануарлардың сүйек бөліктеріне ұқсас бассүйек, омыртқа жотасы кеуде қуысы иық белдеуі мен алдыңғы аяқ және жамбас белдеуі мен артқы аяқ сүйектерінен құралды. Бұларға тән негізгі белгі - мойынының ұзын - қысқалығына қарамастан 7 омыртқа болады. Сүтқоректілердің бассүйегі мойын омыртқаға жалғасады да,омыртқа жотасы бүкіл арқаны бойлай құйрық омырқалармен шектеледі.Сүтқоректілердің аяқ қаңқасындағы сүйектер бессаусақпен аяқталғанменде тіршілік ету жағдайларына және аяқтардың атқаратын қызметіне байланысты құрылысы жағынан бірдей емес: алдыңғы аяқ сүйектері жер қазуға бейімделіп,артқы аяқтарындағы сүйектерде жүру сипатына қарай саусақтар өзгереді.Сүтқоректілердің арқа омырқалары (12-15)қабырғаларға жалғасып,қабырғалардың екінші ұшы шеміршек арқылы төссүйекке бірігуінен кеуде қуысы түзіледі.Бел омыртқалардың саны да барлық сүтқоректілерде бірдей емес (2-9). Сегізкөз 3-4 омырқаның тұтасуынан пайда болған.Ал құйрық омыртқалардың саны 3-тен 49-ға дейін жетеді.
1.5. Мысықтардың жақсүйектері мен тістері
Сүтқоректілердің бассүйегі жорғалаушылардікіне ұқсас болғанмен, тістердің атқаратын қызметіне қарай түрленіп ерекшеленуі және ми сауытының көлемді болуына байланысты күрделі құрылысты болады. Бассүйек ми сауытымен тұтасқан үстіңгі жақсүйектен және еркін қозғала алатын астыңғы жақсүйектен құралған. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің алдыңғы жағында бірнеше күректістер орналасады,одан кейірінек иттіс,жақсүйектің түбіне қарай кіші азу және үлкен азу тістер жалғасалы. Азу тістердің ең ірісі жыртқыш тіс деп аталады. Сүтқоректілер тісінің жорғалаушылардан негізгі ерекшелігі - жақсүйекке тіс түбірі арқылы орнығуында. Мысық тәрізді етпен қоректенетін сүтқоректілер жыртқыш сүтқоректілер деп аталады. Жыртқыш сүтқоректілердің жақсүйектері тек қана жоғары және төмен қарай қимылдайды,олар жақ сүйектерін жан-жағына қимылдата алмайды.
1.6. Мысықтардың бұлшық еттері
Сүтқоректілердің бұлшық еті орналасу ретіне байланысты сан алуан қызмет атқарады. Бұлшық еттер әсіресе аяқ, бел, арқа бөліктерінде жақсы дамыған, сондай - ақ ұстаған жемін шайнағанда жақ сүйектерді қимылға келтіретін шайнау бұлшық еттері де жақсы жетілген.Барлық жыртқыш жануарлар тәрізді мысық етпен қоректенеді. Мысық тышқанды немесе құсты олжалаған кезде оны тісімен жұлқылай бастайды. Тістің негізгі ерекше заты - дентиннен тұрады, ал дентиннің сыртын өте берік зат - кіреуке қаптайды. Қоректену ерекшеліктеріне байланысты сүтқоректілер тісінің пішіні әр түрлі болады. Мысық ауызға түскен қоректі тілімен қимылдатып, дәмін сезініп, сілекей бездерінен бөлінген сұйықты - сілекеймен шылайды. Сөйтіп, қорек жұтқыншақ арқылы өңешке түседі, ал өңеш қарынға жалғасады. Мысықтың қарны бір бөлімді, оған аш ішек, тоқ ішек және тік ішек жалғасады. Шектегі ас ұйқыбез бен бауырдан бөлінетін сөл арқылы қорытылады. Еттекті азықпен қоректенетін сүтқоректілердің шегі (тұрқынан 4-5 есе ұзын) өсімдікқоректі сүтқоректілердің ішегінен (тұрқынан 20 есе ұзын) әлдеқайда қысқа болады, өйткені олар кенеулі аздықпен қоректенеді. Сүтқоректілердің басқа омыртқалылардан тағы бір ерекшелігі - кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бірінен - бірін бөліп тұратын бұлшық ет - көкеттің болуы. Көкет кеуде қуысына күмбездене еніп, өкпеге жанасып жатады. Бұл тыныс алған кезде кеуде қуысының көлемі өзгеріп тұрады.
1.7. Мысықтардағы қылшықтың маңызы
Сүтқоректілердің қабығынан, самайынан, үстіңгі ернінің төңірегінен қатқылдау келген ұзын қылшық көзге бірден шалынады. Бұл сезімтал қылшықтар сүтқоректілердің сипап сезу мүшесі- мұрт. Маймылдар адам тәрізді саусақтарының ұшымен сипап. Сүтқоректілердің мінез- қылығы. Алдыңғы ми сыңарларында иірімдер мидың көлемін арттырып, сүтқоректілердің шартты рефлестерінің түзілуіне жеңілдік жасайды . Сыртқы ортадан келген сансыз хабарларға орай алуан түрлі шартты рефлекстер қалыптасады да, тіршілік ортасының өзгерісіне бейімделу арқылы жануарларда жаңа байланыстар пайда болады.
ІІ бөлім.Үй мысығының ішкі құрылысы.
2.1. Мысықтың қорегін аулауы
Қорегін аулағанда дыбысын сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табандарына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне атылады. Міне осы тұста саусақ ұшында жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау - мысық тұқымдас аңдарға тән.

2.2. Мысықтардың тыныс алуы
Сүтқоректілер аудағы оттегі мен өкпесі арқылы тыныс алады. Тыныс алу жүйесі мұрын қуысынан, жұтқыншақтан , көмекейден, кеңірдектен , кеңірдек тармақтары - ауатамырдан және өкпеден құралады. Ауатамырлар өкпеде одан әрі тармақтанып , өкпе көпіршіктеріне таралады. Сүтқоректілер қабырғааралық бұлшықеттер мен көк еттің жиырылып босаңсуы нәтижесінде тыныс алып, тыныс шығарады. Өкпе көпіршіктерін ұсақ қылтамырлар торлап жатады. Өкпе көпіршіктерінің саны неғұрлым көп болса, жануарлардың тыныс алу көлемі соғұрлым арта түседі.
2.3. Мысықтардың жүрегі
Сүтқоректілердің жүрегі де құстардікі тәрізді төрт бөліктен: екі жүрекше және екі қарыншадан құралады. Қан ағзада екі қан айналым шеңбері бойынша ағады, сондықтан салатамыр қаны көктамыр қанымен араласпайды. Сүтқоректілердің жүрегіндегі қан қарқынды ағып, денедегі ұлпаларды оттегімен, кенеулі заттармен қамтамасыз етеді және ұлпа жасушаларын ыдырату өнімдерін тазартады.
2.4. Мысықтардың зәр шығаруы
Мысықтың жамбас бұршақ пішіндес екі бүйрегі бел омыртқа тұсында орналасады. Оның зәр шығару мүшелері:екі бүйрек, екі несепағар және бір қуық. Бүйректе түзілген несеп несепағар арқылы қуыққа жиналып, одан зәр шығаратын өзек арқылы сыртқа шығарылады.Ағзадағы тұздың біраз бөлігі тер бездері арқылы теріден де бөлінеді. Сүтқоректілердің едәуір жетілген асқорыту мүшелері мен өкпе, жүрек және зәршығару мүшелері ағзадағы зат алмасуды қамтамасыз етеді. Осындай әрекеттер арқылы сүтқоректілердің дене температурасы тұрақты (37-38 С)

2.5. Мысықтардың миы
Басқа да омырқалы жануарлар тәрізді сүтқоректілердің миы да алдыңғы ми сыңарлары, ортаңғы ми, аралық ми, мишық және сопақша мидан құралады. Алайда алдыңғы ми мен мишықтың көлемі басқа омыртқалылардан әлде қайда көлемді және ми сыңарларында иірім болғандықтан, сондай-ақ ми қыртысы түзілгендіктен, сүтқоректілердің мінез-қылығы өте күрделі. Сүтқоректілердің иіс сезу, есту, көру, сипап сезу және дәм сезу мүшелері жақсы дамыған, бірақ барлығында біркелкі деуге болмайды. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы мен тіршілік жағдайы сезім мүшелері дамуына түрліше әсер етеді. Мысалы, ашық жерлерде мекендейтін жыртқыш аңдардың көзі жақсы жетілсе, орманда мекендейтін сүтқоректілердің есту сезімі мен иіс сезімі күштірек дамиды.
2.6. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мысық организмінің физиологиясы
Қазақстандағы сүтқоректілер класы туралы мағлұматтар
Қазақстандағы сүтқоректілер класы туралы
Қазақстандағы сүтқоректілер класы
Қазақстанда кездесетін жыртқыштардың жекеше сипаттамалары
Гепардтардың биологиялық ерекшелігі
Сілеусіндер, бархытты мысық, жанаттар, ескекаяқтылар
Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдар биологиясы
Шошқа цистицеркозын анықтау
Үстірт мемлекеттік қорығының жұптұяқтылары
Пәндер