Кен орны бойынша жалпы мәліметтер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Каспий ойпатының геологиялық-тектоникалық құрылымының ерекшеліктері және Алибекмола кен орнының мұнай-газ кен орындарының сыйымдылық-фильтрациялық қасиеттерінің сипаттамасы.
Особенности геологического и тектонического строения Прикаспийской впадины и характеристика емкостно-фильтрационных свойств нефтегазовых залежей месторождения Алибекмола.
Features of the geological and tectonic structure of the Caspian basin and characteristics of the reservoir-filtration properties of oil and gas deposits of the Alibekmola field.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Геологиялық бөлім
Кен орны бойынша жалпы мәліметтер
Кен орнының геологиялық зерттелу және игерілу тарихы
1.3 Литологиялық-стратиграфиялық сипаттама
1.4 Тектоника
1.5 Мұнайгаздылығы
1.5.1 Мұнайдың физика-химиялық сипаттамасы
1.5.2 Мұнайдың және мұнайда еріген газдың қорлары
2 Арнайы бөлім
2.1 Өнімді горизонттардың қалындығы мен коллекторлық қасиеттеріне сипаттама
2.2 Өнімді горизонттардың коллектор таужыныстарының сыйымдылық-фильтрациялық қасиеттерін сипаттама
2.3 Қабат жағдайындағы мұнайдың қасиеттері
2.4 Жер үсті жағдайындағы мұнайдың құрамы мен қасиеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Әлібекмола кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бортында орналасқан және Шығыс Ембі мұнай-газ облысына жатады.
Кен орны 1987 ж. ашылған, ал 1994 ж. мұнай, газ, конденсаттың және ілеспе компоненттердің қорлары Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау Министрлігінің жанындағы пайдалы қазбалар қоры жөніндегі Мемлекеттік комиссиямен бекітілген (1994 ж. 24 қарашадан №24 хаттама).
Әлібекмола кен орны Жарқамыс көтерілімінің солтүстік-шығыс бөлігінде Жаңажол кен орнының солтүстік-шығысынан 30км жерде орналасқан. Сейсмикалық мәліметтерге сәйкес өнімділік екі карбонатты қатқабатпен (КТ-I және КТ-II) байланысты. КТ-I карбонатты қатқабатының гжель және жоғары москва подъярусының орта карбонын шөгінділерінде, жоғары карбонның касимов ярусында газмұнай шоғыры анықталған. Серпухов-башкир кеңінің КТ-II карбонатты қатқабатында мұнай шоғыры анықталған.
Кенорнының геологиялық қорының 93.8%-ы мұнай шоғырының КҚ-ІІ карбонатты қалыңдығында жинақталған. КҚ-ІІ карбонатты қалыңдығы екі нысанға бөлінген: I қойнауқат, жалпы қалыңдығы 149-186 м, және II қойнауқат, қалыңдығы 299-362 м. Бұл қойнауқаттар қуаты 23-51 м аудан бойынша төзімді, өткізбейтін жыныстардың топтамасымен бөлінген. Шоғырлар қойнауқатты, жинақты, мұнайлы, бір ғана су мұнайлы байланысымен 3300 м белгісінде бар. Мұнайдың негізгі шоғырында II карбонатты қалыңдықта эпизодтық түрде мұнайдың литологиялық қауқаланған шоғырлары пайда болады. Әлібекмола кен орны 152990,6мың тонна құрайтын айтарлықтай мұнай қорымен сипатталады, бұл кезде мұнайдың біраз бөлігі КҚ-ІІ-І қойнауқаттарында және КҚ-ІІ-ІІ қойнауқатының оңтүстік күмбезінде жинақталған, олардың мөлшері сәйкесінше 64022,0 және 63036,0 мың тонна құрайды.
Алынатын қорлар 54 миллион тонна жеңіл мұнай мен конденсатқа бағаланады. Кен орнының пайда болуының күрделі тау - кен геологиялық жағдайлары, мұнайдағы күкіртсутектер мен меркаптандардың көп мөлшері осы ірі кен орнының игерілуін тежеді.
Әлібекмола кен орны Жарқамыс көтерілімінің солтүстік-шығыс бөлігінде Жаңажол кен орнының солтүстік-шығысынан 30км жерде орналасқан. Өнімділік екі карбонатты қатқабатпен (КТ-I және КТ-II) байланысты. КТ-I карбонатты қатқабатының гжель және жоғары москва подъярусының орта карбонын шөгінділерінде, жоғары карбонның касимов ярусында газмұнай шоғыры анықталған. Серпухов-башкир кеңінің КТ-II карбонатты қатқабатында мұнай шоғыры анықталған.

1 Геологиялық бөлім

1.1 Кен орны бойынша жалпы мәліметтер

Әлібекмола кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының аумағында Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 250-270 км жерде орналасқан (сурет 1.1.).
Ең жақын елді мекен кен орнының ауданынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан Жағабұлақ ауылы және 45-50 км жерде орналасқан Шұбаршы ауылы болып келеді. Ең жақын темір жол станциясы және аудан орталығы кен орнынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан Жем станциясы болып келеді.
Орографиялық жағынан аталған аудан арқалықтар мен жырақтармен бөлінген төбешікті жазық болып келеді. Аймақтың солтүстік-батыс бөлігіне Құмжарған құмы жалғасады.
Рельефтің жоғарғы абс.нүктесі +281м аталып өткен аймақтың орталық бөлігіне келсе, төменгі абс.нүкте + 160 м аймақтың солтүстік бөлігін кесіп өтетін Жем өзенінде байқалады.
Аудан ауа температурасы +35 - 40 С (жазда) - тан -33-45 С аралығында тәуліктік тербелістері бар континенталдық ауа-райымен сипатталады. Негізгі жауын-шашын қыста түседі, олардың жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды.
Ең жақын мұнай кен орындары - жетілген инфрақұрылымы, энергетикалық базасы және мұнай мен газ өндіруге дайындық күштері бар Жаңажаол (20 км) және Кеңқияқ (45 км) кен орындары. Бұл кен орындарының мұнайы мұнай құбырлары арқылы Атырау-Жаман қала магистральды мұнай құбырына жіберіледі. Көрсетілген кен орындарының мұнай кәсіпшіліктері Ақтөбе қаласымен асфальт төселген тас жолмен байланысқан. Кен орнының солтүстік бөлігі арқылы асфальт төселген Жаңажол - Жем - Ақтөбе жолы өтеді.
Жұмыс ауданында құм, құмшық, саз, саздақ сияқты құрылыс материалдары кең таралған. Альб және төрттік кезеңдеріндегі құмдар құрылыс материалдары ретінде қолданылады. Техниканы сумен жабдықтауға кен орны аймағынынң солтүстік бөлігін көлденең бағытта кесіп өтіп жатырған Жем өзенінің суы жарамды.
Әлібекмола дөңесі терең іздеу-барлау бұрғылауы мақсатында сейсмикалық барлау арқылы 1980 жылы дайындалған. Алғашқы ашылғаны - 1987 жылы КҚ-І, КҚ-ІІ (карбонатты қалыңдық) тізбек қалыңдықтарында сынақ кезінде мұнай мен газдың фонтандық ағындары болғаны. 01.01.02ж. жағдайында кен орны бойынша 29 ұңғы бұрғыланды.
Кен орны бойынша жалпы мұнайдың, газдың, конденсаттың қоры (С1 санаты бойынша) 1994 ж. қараша айында ҚР ҚБМК бекіткен №21 хаттама бойынша мынадай:
мұнайдың баланстық қоры - 127427,6 мың тонна,
мұнайдың алынатын қоры - 54119,2 мың тонна.
С2 санаты бойынша
мұнайдың баланстық қоры - 2054,3 мың тонна,
мұнайдың алынатын қоры - 930,2 мың тонна.
Бос газдың алынатын қоры - 655 млн.м3
Газ-конденсаттың баланстық қоры - 22 мың тонна, алынатын қоры - 13 мың тонна.

1.2 Кен орнының геологиялық зерттелу және игерілу тарихы

Әлібекмола кен орны аймақтық тектоникалық жоспарда Шығыс-Еуропа платформасының оңтүстік-шығысындағы ірі облысы - Каспий маңы ойпатының шығысындағы аттас дөңге сәйкестендірілген. Каспий маңы ойпатының шығыс борттық аймағының негізгі геоқұрылымдық элементі болып Ақтөбе - Астрахань биігінің жүйесінің құрамына кіретін Жарқамыс - Темір төбелері табылады. Аймақтың кунгур кезеңіне дейінгі геологиялық өсуінің негізгі сипаты алғашқыда Орал геосинклиникалдық облысының, кейінірек жоғарғы палезой кезеңінде Орал қыртысты жүйесінің қалыптасуынан пайда болған ұзақ уақыттық өтеусіз аймақтың төмен түсуі болды.
Аймақтың шөгі қабаты екі құрылыстық қабатқа бөлінеді: тұз үсті және тұз асты қабаттары.
Әлібекмоланың тұз асты дөңесі негізгі ерекшелігі өз кезегінде брахиантиклиналды типті дөңестермен күрделенген күшті карбонатты массивтердің өсуі болып келетін Жаңажол тектоникалық басқышында орналасқан.
Әлібекмола кен орнының тас-көмір жүйесі барлық бөлімдерімен берілген:
төменгі (визей және серпухов қабаттары),
орташа (башкир және мәскеу қабаттары),
жоғарғы (касим және гжель қабаттары).
Кен орны аймағында ашылған ең ежелгі шөгінділер - окск кезеңіндегі қабат үсті карбонат-терриген шөгінділері. Бұл шамадағы шөгінділер № 4,5,9 ұңғыларда ашылған.
Әлібекмола дөңесі гжельск- подольск (КҚ-І) және кашир-вена (КҚ-ІІ) кезеңіндегі карбонатты массивке сәйкестендірілген.
Бұрын жұмыс жұмыс барысында Әлібекмола құрылымы бұрғылау деректері бойыеша КҚ-І жамылғы беті бойынша субмеридионалды жазықтың батыста тектоникалық бұзылулармен шектелген брахиантиклиналды қыртысы болып келеді. Төменгі карбонаттық қалыңдықтардың жамылғы беті бойынша (КҚ-ІІ) - оңтүстік және солтүстік шыңдармен (биіктіктермен) күрделенген брахиантиклиналды қатпары. Батыста дөңес субмеридионалды жазықтың тектоникалық бұзылуларымен шектелген. Жыныстардың араласу амплитудасы (солтүстіктен оңтүстікке қарай) осыған сәйкес 200м-ден 500 м-ге дейін.
"Қазақстанкаспийшельф" ААҚ орындаған ЗД сейсмиканың детальдық талдауы Әлібекмола кен орнының шоғырлы құрылысын дәлелдеп берді (28.06.02ж. Алматы қаласы). Қабылданған құрылымдық карта 1-бет КТ-ІІ бетін өте жақсы кескіндеген. Екі батыстық бұзылушылық (Ғ1,Ғ2) және субмеридионалды бағыттағы шығыстық лықсыма (Ғ3) құрылымды батыстан және шығысьан шектейді. Ғ1 мен Ғ2 аралығында құрылысы терең миграциялаудан кейін дәлелденетін №6 және №29 ұңғылардың ауданындағы лықсыма-қозғалыс аймағы орналасқан. Бұл жерлерде бағалау ұңғыларын бұрғылау мақсатты болады.
Кен орнының солтүстік бөлігіндегі Ғ4 ішкі жер жарығы аз амплитудалық және осы кезеңде құрылымдық тұрғызуға қомақты өзгеріс жасамайды. Ең қомақтысы - құрылымды оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлетін Ғ5 көлденең жылжыманы табу. Ғ5 тің жылжымалы деформациясы екі игеру телімін бөлуге мүмкіндік береді:
негізгі (Ғ5-тен оң жақта),
нашарланған қасиеттерімен (Ғ5 - тен сол жақта).
Қазіргі кезде үш телімнің өнімділігі дәлелденген:
1-негізгі (Ғ2 мен Ғ3-тің аралығы),
2- лықсыма-қозғалыс телімі (№6 ұңғы аймағы),
3-оңтүстік-шығыс (Ғ1 мен Ғ2 аралығы) № 29 ұңғының аймағы.
Екінші және үшінші телімдер ауданы мен көлемдері бойынша кішірек, сол себепті алғашқы кезеңде жоспалау бірінші телімде (негізгі) көбірек жүргізілуі тиіс.
Кен орнының күрделі толқынды суреттемесіне қарай құрылымдық тұрғызулардың өзгерісіне әкелетін итерациялардан кейінгі терең миграциялардың нәтижелерінің қомақты маңызы бар.
Әлібекмола кен орнында үлгі тас (керн), ГИС және ұңғыларды сынау нәтижелері бойынша ағынға жоғары және орта карбонатты шөгінділерге сәйкестендірілген екі карбонаттық қалыңдықтардың өндірістік мұнай-газдылық бекітілген.
Қалыңдықтық карбонаттық жыныстарының таяз су шельфтік генезисі бар және әк тас, доломит және жұқа 2-5 м, кейде 10 м аргиллит қабаттарымен кезектесетін олардың өтпелі түрлерінен құрылған. Мұндай құрам карбонатты қалыңдықтардың ритмикалық қатпарлы сипатын қалыптастырады, мұнда коллекторлар ритмдердің регрессивтік бөлшектерінің жоғарысына келтірілген.
КҚ-І жоғарғы карбонаттық қалыңдық стратиграфиялық жағдайда жоғарғы подольск-гжельск кезеңінің шамасындағы шөгінділерге сәйкестендірілген.
Қалыңдық әк тас, доломит және карбонаттық жыныстардың әк тас-доломит түрлерінен, терригендік, әсіресе аргилиттік жыныстардың қатпарларынан қалыптасқан. Оның жалпы қалыңдығы - 250-599 м. Түзілу тереңдігі - 1850-2950 м.
КҚ-І жоғарғы карбонаттық қалыңдық Әлібекмола дөңесінің оңтүстігіне келетін газ шапкалары мен мұнайдың кенішін құрайды.
Барынша жылдам дамыған солтүстік басында подольск кезеңі алдында кашир шөгінділерінің басым бөлігі, ал пермь кезеңі алдындағы гжельск кезеңі шөгінділері жинақталған. КҚ-І қалыңдығының солтүстік төбесінде мұнай мен газдың кеніштері табылмаған.
ГКЗ-да мұнай мен газдың қорын бекіткенде КҚ-І қалыңдығы екі кешенге бөлінген: ГНК және ВНК-лары бар КҚ-І-1 және КҚ-І-2, шартты түрде асб.нүкте - 1671 м (ГНК) және - 1772 м (ВНК) деп қабылданған.
ГНК және ВНК қабылдаған шекараларында кеніштердің биіктігі 75 м-ден 101 м-ге дейін.
Кеніштердің шамалары мынаған тең:
КҚ-І-1 -4,56х2,62 км
КҚ-І-2 -3,4х2,3 км.
Кеніштер мұнай сақтайтын ыдыстар (резервуар) түрлеріне байланысты қабатты-массивті, тектоникалы экрандалғанға жатады.
КҚ-І қалыңдығы КҚ-ІІ қалыңдығымен салыстырғанда шамасы бойынша үлкен емес мұнайға қаныққан қалыңдықтар және мұнай қорлары бар, сондықтан кен орнын игеру үшін кері объект ретінде болуы мүмкін. Төменгі карбонаттық қалыңдық (КҚ-ІІ) жоғарғы визей-кашир кезеңіндегі шөгінділерге сәйкестендірілген және литологиялық жағынан негізінен әк тас пен жасыл-сұр аргиллит қабаттарымен берілген.
КҚ-ІІ төменгі өнімді қалыңдығының орналасқан тереңдігі 2800-4500м. Алты ұңғы бойынша жалпы қалыңдық орташа 535 м-ге тең.
КҚ-ІІ қалыңдығы жоғары жатқан КҚ-І қалыңдығының тілігінен терригендік, негізінен төменгі подольск кезеңіндегі сазды шөгінділермен бөлінеді. Бұл шөгінділер карбонатаралық қалыңдық (КАҚ) деген атқа ие болған және құрайтын жыныстардың қалыңдығына байланысты 460-738 м аралығында өзгереді және өнімсіз болып саналады. Оны сынау тоғыз ұңғыда жүргізілді, оның үшеуінде (№№ 6,10,16) мұнайдың болар-болмас ағыны алынды (0,22м3тәулігіне). Басқа ұңғылардан мұнай алынған жоқ. Қалыңдық УВ үшін флюидо (сұйықтық)-тірек болып табылады.
Төменгі карбонаттық қалыңдықтың құрамында мұнай кеніштері бар. Газ шапкалары табылған жоқ.
Кен орнында бұрғыланған барлық ұңғылардың тіліктерінің детальды жыныс қабаттарының салыстырмалы ара-қатынасы коллекторлар дестелерімен қатар коллектор емес дестелерін бақылауға мүмкіндік береді. Оның ішінде ең төзімдісі КҚ-ІІ қалыңдық шөгінділерінің орта бөлігінде бақыланады.
Осының салдарынан КҚ-ІІ қалыңдығын есептеу және игеру екіге бөлінеді: КҚ-ІІ-1 және КҚ-ІІ-2.
КҚ-ІІ-1 кеніші бойынша су-мұнай түйісу (СМТ) шартты түрде абс.нүкте - 3300 м қабылданған және КҚ-ІІ-2 мен №10 ұңғыда (оңтүстік төбе) мұнаймен қаныққан коллектор-қабаттың табаны бойынша бірдей және осы ұңғыдағы сынақ нәтижелерімен дәлелденген. Абс.нүкте - 3287,7 - 3298,7 аралығынан мұнайдың сусыз ағыны алынған.
Сулы аз ағынды мұнай алынған абс.нүкте - 3284,9 - 3310,2м аралығында № 20 ұңғыдағы сынақ нәтижесі дөңестің солтүстік және оңтүстік төбелеріне сәйкестендірілген мұнай кеніштерінің бірдей СМТ пайдасына куә.
КҚ-ІІ-1 объектісінің коллекторларын мұнаймен қанықтыру он екі ұңғының ағынының колоннадағы сынағын жасау арқылы дәлелденген. Сынау нәтижесінде мұнай ағыны тәулігіне 114 тоннаға дейін алынды (№51 ұңғы).
Сейсмикалық көріністің жаңа деректерінің есебі бойынша КҚ-ІІ-1 кенішінің шекарасы қабылданған СМТ контуры , коллекторды тығыз жыныстармен ауыстыру аймағы және шығыс қанаттары бойымен жердің жарылуы болып келеді.
Қабылданған шекаралардағы кеніш мөлшері құрылымның созылуы бойынша 12,4 км және және оған қарсы солтүстікте 1,8 км және оңтүстікте 2,9 км.
Мұнайлылық қабаты 637 м-ге тең.
Кеніш типі - қабатты, тектоникалық экрандалған. Су - мұнай аймағының ені үлкен емес: 100 м-ден 700 м-ге дейін. Бет 2.
КҚ-ІІ-2 кешені 13 ұңғыда ағынға сыналған. Оның тоғызында мұнайдың өндірістік ағыны дебитпен тәулігіне 75 т-ға дейін алынды (№26 ұңғы).
КҚ-ІІ-2 кешені Әлібекмола дөңесінің солтүстік және оңтүстік төбелеріне сәйкес келетін екі мұнай кеніштерін құрайды. Бет 3.
Солтүстік төбенің кенішінің биіктігі 108 м. Оның мөлшері - 3300м СМТ қабылданған шекарада, 3,76 х 1,4 км. Кеніш типі - қабатты, тектоникалық экрандалған. Су-мұнай аймағының мөлшері: 400 м-ден 2,36 км-ге дейін.
КҚ-ІІ-2 қалыңдығына шамасы бойынша негізгі саналатын мұнайдың қорлары жатады. Осы құжатттың дайындалу мерзіміне зерттелген болып кен орнының оңтүстік бөлігі есептеледі, бұрғыланған №№ 26,28,51,52 ұңғылар пайдаланылу үшін сыналуда. Сондықтан кеніштің оңтүстік бөлігі игеруге бүтіндей дайындалған.
Солтүстік бөлігі әлі де бағалау ұңғыларын бұрғылау арқылы аяғына дейін зерттелуі керек.
Әлібекмола кен орнының батыс қанаты арқылы өтетін екі жарық ортасында орналасқан аймақта (№ 6,12 ұңғы аймағы) КҚ-ІІ қалыңдығында мұнай кеніштері болуы мүмкін, бірақ оны зерттеу керек.
Одан басқа, жұмыста өз еркінше есептеу объектілеріне КҚ-ІІ-1 қвлыңдығы үстіндегі коллектор қабаттарының линзалары бөлінген. Осы есепті жасау барысында жоғарыда көрсетілген № 10,16,17 ұңғылары аймағындағы линзаларға қайта талдау жүргізілген жоқ және есептеу жоспарлары өзгеріссіз қалдырылып отыр.

1.3 Литологиялық-стратиграфиялық сипаттама

Бұрғыланған ұңғымаларды талдау көрсеткендей, Алибекмола кен орнындағы стратиграфиялық қима төменгі таскөмірден төрттікке дейінгі шөгінділермен қамтылған.
Стратиграфияны зерттеу кезінде қолда бар палинологиялық және палеонтологиялық анықтамалар, каротаждық диаграммалар және кернді сипаттау арқылы жүргізілген. Екінші таскөмір қабатының шөгінділеріндегі тау жыныстарының литологиялық құрамы мен биокласттардың құрамы шөгінділердің әртүрлі жағдайларын сипаттайды.
Көмір жүйесі (С) үш бөлімнен тұрады: төменгі (визей және серпухов ярустары); орта (башқұрт және мәскеу ярустары); жоғарғы (касимовский және гжель ярустары).
Ұңғымалар ашқан неғұрлым көне шөгінділер болып табылатын визей ярусы (C1v), ол Таскөмір жүйесінің төменгі-жоғарғы визей подярусының окс горизонтының карбонатты-терригенді шөгінділері болып табылады. Литологиялық белгілері бойынша олар екі қалыңдыққа бөлінеді: төменгі - терригенді және жоғарғы - карбонатты. Литологиялық тұрғыдан терригендік бөліктің шөгінділері құмтастардың, алевролиттердің және сирек қара-сұр әктастардың бағынышты қабаттары бар қара-сұр саз балшықтарымен ұсынылған. Аумақта ашылған қалыңдықтың терригендік қалыңдығы шамамен 85 м құрайды.
КТ-II төменгі бөлігін құрайтын карбонатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзен кен орны жайлы жалпы мағлұматтар
Жетыбай кен орны
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
«Қабылдау комиссиясы жұмысын автоматтандыру»
Арнайы құжатнаманың каталогтары
Туризмнің статистикалық сипаттамасы
Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)
Кен орын ауданынын геологиялық зерттеу және игеру тарихы
Мекемедегі құжат айналым
Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)
Пәндер