Гельминтоздардың диагностикасы және дегельминтизация



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

"Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы" институты
"Ветеринарлық клиникалық ғылымдар" жоғары мектебі

"Ветеринарлық фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау" пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: "Анитигельминттік заттардың әсер ету механизмі"

Орындаған:ВТ-31 Әскербай З.Н.
Тексерген:а.о, магистр Нуржанова Ф.Х.

Орал, 2022
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Гельминттерге жалпылама сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттардың жіктелуі ... ... ... ... .8
1.3. Антигельминттік препараттың әсер ету механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.4.Аталған препараттардың уытты әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .20
II.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
III.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Тақырыптың өзектілігі гельминттердің ауыл шаруашылығы жануарларының организмінде этиологиясы әр түрлі паразитарлық ауруларды тудыруында болып саналады. Олар тудыратын ауруларды гельминтоз деп атайды. Гельминттер ағзаның ішкі мүшелерінде, мәселен өкпесінде, бауырында, мида, ішек-қарында және тағы да басқа мүшелерде паразиттік тіршілік етіп, механикалық зақымдауларды тудырады. Қазіргі таңда осы инвазиялық аурулар салдарынан ауыл шаруашылығы малдарына үлкен экономикалық зиян келуде.
Гельминтоз дертіне шалдыққан мал нашар жайылады, ал қойлардың жүні сиреп, оның сапасы да төмендейді. Қыс, көшіқоны кезінде малдың қоңы одан сайын нашарлайды.
Көптеген тәжірибелер көрсеткеніндей ішқұртпен ауырған малдың еті немесе одан дайындалған өнімдерден адамға сол аурудың жұғу қаупі өте жоғары. Сол сияқты гельминтозбен ауырған малдың тұқымы да нашарлайды, қысыр қалады.Мұндай зардаптарды болдырмау үшін шаруашылық басшылары мен мал мамандары гельминтоз ауруына қарсы қолданылатын шараларды әрі сапалы, әрі уақытында жүргізгендері дұрыс.
Гельминтоз ауруын дұрыстап анықтап білсе, малды емдеуге және оны дерттен тез жазуға мүмкіншілік туады. Демек, гельминтоз түрі дәлелденген соң ғана, індеттің мал арасына одан әрі таралуына жол бермеуге болады.Аурудың алдын алу үшін дегельминтизация шаралары жасалып, ауру малды антигельминттік препараттармен емдейді. Гельминттерге қолданылатын заттарды антигельминттік препараттар деп атайды. Антигельминттік препараттар басқа да химиотерапевтикалық заттар секілді ветеринарлық практикада кең қолданысқа ие. Олар жоғары экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ жануарларды паразиттерге қарсы емдеуге кеткен шығындар өнімділікті арттыру, жануарлар арасындағы өлім-жітімді азайту және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту есебінен бірнеше есе өтеледі.
Осы курстық жұмысымда гельминттерге және паразиттерге қарсы қолданылатын дәрілік препараттарды, олардың әсер ету механизмін, түрлерін, жануарларға уытты әсерін баяндайтын боламын.
Курстық жұмыстың мақсаты: ғылыми кітаптарды, әдебиеттерді, мақалаларды және өзімнің теориялық, практикалық білімімді пайдалана отырып, антигельминттік препараттардың әсер ету механизмі тақырыбын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
+ Гельминттерге жалпылама сипаттама беру;
+ Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттардың жіктелуімен танысу;
+ Антигельминттік препараттың әсер ету механизмдерін зерттеу;
+ Аталған препараттардың уытты әсерін анықтау
I.Негізгі бөлім
1.1. Гельминттерге жалпылама сипаттама
Гельминттер ( Helminthes -грек тіленен аударғанда құрттар деген мағына береді) жануарлар мен құстарға орасан зор нұқсан келтіретін паразиттер. Олар ұлпалардағы сұйық заттармен коректенеді де, ондағы зат алмасуды бұзып, организмнiң резистенттілігін төмендетеді. Жануарлар организмінде тіршілік ете отырып, оларға уытты әсер ететін өзінің зат алмасу өнімдерін бөліп отырады. Сонымен бiрге, паразиттер өлгенде де, едәуiр мөлшерде уытты заттар бөлінеді. Паразиттердің көпшілігі белгілі бір ұлпаларға жабысып алады да, оларды бүлдіреді, кейде тiптi тесiп те жiбередi. Мұндай механикалық бүлінулер, сол жердiң кабынуына және сол жер аркылы микробтар еніп, жұқпалы аурулардың пайда болуына септігін тигiзедi. Ауырған малдар катты арықтап, өнімділігі төмендейдi, ал жас малдардың өсуі нашарлайды.
Статистикалык мәлiметтерге қарағанда фасцилоз ауруында қойлардың еттiлiгi 25%, сүттілігі 34 %, ал жүнi 39 % төмендейді. Көптеген гельминтоздарда, өз уақытында емдiк немесе профилактикалықшараларды колданбаса, жануарлардын едәуiр бөлiгi өлiмге ұшырауы мүмкін. Жануарлар организмiнде 1000-га жуық гельминттер тiршiлiк етедi. Олардың дәрілік заттарға деген сезiмталдығы әртүрлi келедi. Гельминтозды аурулар жануарларға тез жұғып, тез тарап кетеді. Кеп жылдар бойы гельминттер адамдар мен жануарларга орасан зор нұқсан келтiрiп келедi. Гельминттердің паразиттік тіршілігін зерттеуде К.И.Скрябин еңбектерiнiң манызы өте зор. Ол және онын шәкірттерi гельминтозды ауруларды емдеу және алдын алу шараларын ашып берді[1].
Гельминтоз дегенiмiз iш құрттар немесе гельминттер тудыратын жұқпалы ауру. Бул кесел адамда, жануарларда, өсімдіктерде кездеседi. Олар адам мен жануарлардың iшкi мүшелерінде (органдарында), мәселен өкпесінде, бауырында, мида, ішек-қарында және т.б. орналасады. Паразиттік тiршiлiк ететiн құрттар әр түрлi болып келеді. Жалпақ құрттар қатарына трематодалар немесе сорғыш құрттар, цестодалар немесе таспа құрттар жатады. Нематодалар жұмыр құрттар тобын кұрайды. Мал мен құс денесiнде (организмде) акантоцефалар немесе тiкенбасты құрттар да кездеседі. Сондықтан, гельминтоздарды олардың қоздырғыштарының атауына байланысты трематодоздар, цестодоздар, нематодоздар және акантоцефалездар деп жіктейді.
Гельминттер адам мен жануарлардың дене мүшелерiн және ұлпаларын, дене куыстарын мекендейді. Олар эволюциялык даму барысында өздері бейiмделген ұлпалармен ағзаларға ғана орналаса алады. Құрттардың көптеген түрi ас корыту жүйесiне бейiмделген. Мысалы, нематодтардың және цестодтардың басым көпшілігі мал ішегінің паразиттерi, ал сорғыш құрттардың көпшiлiгiн бауырдан табуға болады. Тыныс алу жолдарына, ұлпаларына қылқұрттар орналасса, ішкі ағзаларға таспа құрт жылауықтары, беріш терi коныстанады.
Гельминтозды аурулармен күресу өте күрделі. Өйткені әрбір паразиттің әрбір даму сатысындағы дәрілік препаратқа деген сезiмталдығы әртүрлі келеді. Гельминтоздармен күресудің тағы бір күрделілігі сол-мұндай ауруларды ауру малдар ғана емес, сонымен бiрге паразиттердің аралық иелерi де таратады. Сол себепті, гельминттерге қарсы шараларды ғылым жетiстiктерiне негiздей отырып, зор ұйымдастырушылықпен кең ауқымда жүргiзедi. Ол үшiн емдеу, алдын алу жұмыстары жүргiзiлiп, арнаулы дәрiлiк заттар-антигельминттер колданылады.
Гельминттермен жас төлден бастап, ересек малға дейiн закымданады. Ішқұрт әсерінен жануардың ас корыту, тыныс алу, тағы басқа мүшелерi зардап шегеді, олардың қызмет аткару қабiлетi бұзылады. Паразиттер мал денесiнде қанмен, селмен, торшамен (клетка) қоректенедi. Организмде паразиттердiң саны көбейсе, мал дертке шалдығып, шығынға ұшырайды. Гельминтозға іліккен түлiктiң өнiмi кемиді, баска жұқпалы ауруға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Қайсыбір құрттар түрлерi мал атаулының бірнеше түлігінде (мысалы, күйіс қайыратындарда) кездессе, екiншi бiреулерi бiр ғана түлікте (мысалы, жылкыда) өмiр сүредi. Құстарда болатын гельминттер сүткоректiлерде тiршiлiк ете алмайды.
Ішқұрт ауруларының кейбiреулерi адам өмiрiне де өте қауiптi. Құрттар малдан адамға, ал кейде керiсiнше, адамнан малға жұғып отырады. Бұлар адамға да және жануарларға да тән зооантропоноздар (zoon - хайуан, anthropos - адам, nosos - ауру деген грек сөздерінен шыккан) немесе антропозооноздар деп аталады [2].
Гельминтоздардың диагностикасы және дегельминтизация. Гельминтоз ауруын дұрыс аныктап бiлсе, малды емдеуге және оны дерттен тез жазуға мүмкіншілік туады. Демек, гельминтоз түрi дәлелденген соң ғана, iндеттiң мал арасына одан әрі таралуына жол бермеуге болады.
Диагноз қою үшін әуелі жануардың қашан кеселге шалдыққанын, дерттiң қандай белгі бергенін, қандай жем-шөп жегенін, жайылымын, суатын, мұндай дертпен түлiктiң бұрын-соңды ауырған ауырмағандығын, бірден канша бас дертке шалдыкканын сұрастырып біледі. Осыдан кейін малға тексеру жүргiзедi. Алдымен ауру малдын жасына, жынысына, қоңдылығына, азыққа тәбетiне, жүрiс-тұрысына назар аударады.
Іш құрт ауруларын анықтаудың өзiндiк ерекшелiгi бар. Гельминттер дене мүшелерi мен ұлпалардан табылса да, жануар гельминтозға ұшыраған деп кесіп айтуға болмайды. Іш құрт ауруларын жануардың тiрi кезiнде және мал өлген соң анықтайды.Гельминтоовоскопия, гельминтоларвоскопия, гельминтоскопия секілді зертханалық зерттеу жұмысын жүргізеді [3].
Дегельминтизация. Гельминтоздарға қарсы қолданылатын шаралардың iшiндегi ең мәндiсi - дегельминтизация. Дегельминтизация дегенiмiз мал денесiн химиялық дәрiлер көмегiмен iш құрттардан арылту. Малды дегельминтизациялау үшiн қолданылатын дәрі-дәрмектердi антигельминтиктер дейді.
Көздеген мақсатқа байланысты, дегельминтизация диагностикалық, емдiк және профилактикалық болып үш түрге жiктеледi. Емдік пен сақтық дегельминтизациялардың ара жiгi шамалы, себебі олардың мақсаты мал денесiн белгiлi бiр iшқұрттан арылту, сондай-ақ мал денесiне оларды қайта жұқтырмау. Емдік дегельминтизацияның бiр түрiн лажсыз немесе амалсыз деп атайды. Бұл дауаны гельминтоздың клиникалық белгiлерi айкындалып, мал азып тозып, олардың арасында өлiм-жiтiм пайда бола бастаған кезде, күнiне, айына, мезгiлiне қарамай жүргізе береді. Емдік немесе профилактикалық дегельминтизацияны жүргiзерде, антигельминтиктер алдымен бiрнеше бас (10-20) малға берiлiп, тексеріледі. Егер 2-3 тәулік арасында сынақ малдары арасында улану белгiлерi білінбесе, онда барлығы жаппай дәріленеді.
Дегельминтизацияны мал iш құрттарының даму сатыларына қарсы қолдануына байланысты преимагиналық, имагиналық және постимагиналық деп үшке бөледі.
Преимагиналдық дегельминтизацияның мақсаты - мал денесiндегi жыныс мүшелерi жетiлмеген балаң құрттарды жою. Бул дегельминтизация нәтижесiнде сырткы ортаға мал нәжісімен іш құрт жұмырткалары, балаңқұрттары таралмайды, яғни жайылым ластанбайды.
Имагиналдық дегельминтизация нәтижесiнде мал денесiндегi ересек құрттар жойылады немесе сыртқы ортаға шығарылады. Шаруашылықта бұл әдiс өте жиi пайдаланылады. Дегельминтизацияны әуелі гельминтоздың сырт белгiлерi айкын бiлiнiп, азып тозған малға жасау қажет. Бiрақ дерт белгiлерi барлық малда бiр келкi бiлiне бермейтiнiн ескерiп, дәрілеуді отардағы (үйірдегі, табындағы) күллi малға түгелдей жасайды.
Профилактикалық дегельминтизация жыл сайын малдың белгiлi бiр гельминтозы шығатын шаруашылықтарда, аудандарда жүргiзiледi. Тiптi мал арасында гельминтоз шыкпаған күннiң өзiнде де (гельминттердiң жұмырткасы мен балаң кұрттарының тарауына жол бермеу үшін) бұл дегельминтизацияны белгiлеген уакытын да жүргізе береді. Профилактикалық дегельминтизацияны жүргізу үшiн гельминттердiң түрiн, олардың даму айналымының мерзiмiн (егер биогельминт болса аралық, қосымша иелерi ескерiледi), аурудын эпизоотологилық ерекшелiктерiн бiлу жөн. Әдетте малды қорада ұстау алдында (қыс түсерде) немесе ерте көктемде (өріске шығарда) жүргiзiлген дегельминтизация, ең ынғайлы болып саналады. Мал гельминтозы түрiне байланысты дегельминтизация кейде 2 немесе 3 (өте сирек) рет қайталанады. Кейбiр гельминтоздарға (фасциолез) қарсы сактандыру дегельминтизациясы, мал түрінің барлығына (күйіс қайыратындарға, жылқы, шошқаға) түгелімен жүргiзiледi.
Аталған емдiк дегельминтизация дұрыс жүргiзiлген жағдайда, гельминттердiң 90-92% жойылады. Шаруашылықты гельминтоз ауруынан тазарту үшiн, тек дегельминтизация жүргізумен ғана шектелуге болмайды, өйткені мал гельминтоздарын таратуда қоршаған ортаның рөлі зор. Осыған байланысты, гельминтоздарға қарсы ветеринариялык-санитариялык шаралар қоса жүргiзiледi [4].

1.2. Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттардың жіктелуі
Антигельминттiк заттар (anti-карсы, helmins-құрт) дегенiмiз жануарларды гельминттерден арылту үшiн қолданылатын дәрілік заттар. Паразиттің биологиялық ерекшелiгiне, құрылымына және тiршiлiк ететiн жеріне байланысты әртүрлі дәрілік заттар қолданылады.
Бұлар синтетикалық немесе өсімдіктен алынатын емдік дәрілер. Мал гельминтоздарын емдеу, одан сақтандыру үшін қолданылады. Көпшілік жағдайда гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар гельминттердің бір түріне немесе бірнеше түріне әсер етеді. Бұл препараттар әсер ету басымдылығына қарай 3 негізгі топқа бөлінеді:
1)Нематоцидтер:
-ішек нематодтарына қарсы;
-өкпе нематодтарына қарсы.
2)Цестоцидтер
3)Трематоцидтер:
-фасциолезге қарсы;
-дикроцелиозге қарсы [5].
Әсер ету механизміне байланысты антигельминттік препаратты келесідей түрлерге жіктейді (кесте-1):

Кесте 1- Антигельминттік препараттардың әсер ету механизмі бойынша жіктелуі
Атауы
Әсер ету механизмі
Гельминттердің жүйке-бұлшық етіне әсер етушілер
Жүйке жүйесін қоздырып, кейін оны салдандырады. Салдану уақытша болуы мүмкін. Гельминт ішек қабырғаларынан босатылады және іш жүргізетін дәрілердің әсерінен шығарылады (еркек усасыр препараты).Толық салдану кезінде гельминт нәжіспен шығарылады немесе қорытылады (пиперазин, тетрамизол, альбендазол).
Холиномиметикалық әсер
Асқазан-ішек жолдарының қозғалғыштығын күшейтеді, гельминттің қозғалғыштығын арттырады, сондықтан ол ішек қабырғаларынан босатылып, шығарылады (ареколин).
Кутила тұтастығын бұзушы әсер
Нәтижесінде гельминттер қорытылады (феносал, дихлорофен).
Некротикалық әсер
гельминт мүшелерінде дистрофиялық процестерді тудырады (көміртегі тетрахлориді).
Ферментативті әсер
Ферментативті процестерді бұзады (мышьяк, фтор қосылыстары).

Жалпы антигельминттік препараттар деп өсімдіктестес және химиялық заттардан дайындалатын, адам, жануар, өсімдіктерді гельминттерден арылтуға көмекші құрал. Бұл заттар шығу тегі бойынша 2 топқа жіктеледі (кесте-2):

Кесте 2 - Антигельминттік препараттардың шығу тегі бойынша жіктелуі
Антигельминтикалық препараттар
Өсімдік тестес
Синтетикалық
Сантонин, еркек усасыр, камала, асқабақ дәні және т.б.
органикалық
бейорганикалық

Фенотиазин, пиперазин және т.б.
Йод препараттары, мыс сульфаты және т.б.

Уркхарт және басқалары (1987) жылпы шығу тегі мен әсер ету механизміне негізделген антигельминттік препараттарды жіктеу схемасын ұсынды (кесте-3):

Кесте 3- антигельминттік препараттардың Уркхарт ұсынған жіктеу схемасы
Атауы
Әсері
Түрлері
Пиперазин
Бұл препараттар гельминттердің жүйке-бұлшықет жүйесінің сал ауруын тудырады, өйткені олар антиаллергиялық әсерге ие, бұл импульстардың өтуін бұзады. Пиперазин тұздары дөңгелек құрттарға, ал диэтилкарбомазид филариялар мен өкпе нематодтарына қарсы кеңінен қолданылады.
пиперазин адипинат, пиперазин сульфат, пиперазин фосфат, диэтил карбомазин
Имидазоттиазолдар (тетрагидропиримидиндер).
Бұл антигельминтиктердің әрекеті нематодтарда да, олардың иелерінде де жүйке-бұлшықет блоктаушы агенттерінің деполяризациясына негізделген. Олар көптеген нематодтарға, әсіресе асқазан-ішек жолдарында паразиттерге қарсы қолданылады.
тетрамизол, левамизол, морантел,пирантел
Бензимидазолы (пробензимидазолы).
Бұл топтағы дәрі-дәрмектер, әдетте, гельминттердің ішек жасушаларына әсер етеді, глюкозаның сіңуіне жол бермейді, бұл гельминттердің ашығуына әкеледі. Олар жануарларға іс жүзінде зиянсыз, тіпті фармакопеядан 10 есе артық дозада. Алайда, гельминттер бірнеше рет қолданған кезде оларға төзімділік береді. Препараттарды топтық әдіспен қолдануға болады. Олар қойлар мен жылқыларда нематодтарға, сирек цестодтар мен трематодтарға қарсы кеңінен қолданылады.
тиабендазол, мебендазол, парбендазол, оксибендазол, оксфендазол, камбендазол, флубендазол, фебантел, тиофанат, триклабендазол
Авермектиндер
Бұл Актиномицет Streptomyces avermitilis ашыту өнімдері болып табылатын макроциклді туынды лактондар тобы. Бұл топтан тек ивермектиннің нематодтарға қарсы кең қолданылуы бар, парентеральды қолданғанда екі апта бойы жұмыс істейді. Ивермектин гельминттердің жүйке синапстарында гамма-аминобутир қышқылының (GABA) бөлінуін және байланысуын күшейтеді. GABA нейрондар арасындағы сигналдарды тасымалдайтын нейротрансмиттер ретінде әрекет етеді, ал ивермектин бұл сигналдарды бұзады, нәтижесінде нематодтардың салданады.
Ивермектин
Органофосфаттар
Олар холинэстеразаны тежейді, бұл ацетилхолиннің жиналуына әкеледі және бұл нематодтардың салдануына және олардың ішектен шығарылуына әкеледі. Дәрілердің бұл тобы салыстырмалы түрде улы және негізінен жылқыларға қолданылады. Сонымен қатар, бұл препараттар қосымша инсектицидтік әсерге ие болғандықтан, олар асқазан-ішек жолдарының личинкаларына қарсы қолданылады.
дихлофос, халоксон, трихлорфон (метрифонат)
Салициланилидтер
Олар жеткілікті зерттелмеген, тотығу фосфорлануын бұзу арқылы паразиттің АТФ түзілуіне жол бермейтіні анықталды. Көбінесе фасциолезде, ал никлозамид өкпе гельминттеріне қарсы қолданылады.
нитрозоканат, клозантел, нитроксинил, рафоксанид, оксиклозанид, бротианид, диаморенитид, никлофолан, никлозамид
Жалпы шығу тегі жоқ және әсер ету механизмі нашар зерттелген препараттар
Бұл препараттар тәжірибеде кеңінен қолданылады. Мысалы, празиквантел паразиттердің бұлшықет жасушаларының спастикалық сал ауруын тудырады, бұл олардың ішектен шығарылуына әкеледі.
хлорсулон, праиквантел, бунамидин, ареколин.

1.3. Антигельминттік препараттың әсер ету механизмдері
Антигельминттердің әсер ету механизмi әлi толық зерттелген жоқ. Бұл заңды да, өйткені колданылатын препараттар әртүрлi топка жатады, ал әртүрлi топка жататын гельминттердiң биологиялық ерекшелiгi әртүрлi келеді.
Ең бағалы әсерге препараттың гельминттер денесінде адсорбциялануы немесе олардың кейбiр физиологиялық жүйелері өте сезімтал келетiн некротикалық әсері жатады. Мұндай әсердiң бағалылығы сол-препарат қысқа мерзiмде әсер етсе де гельминттердiң кейбiр физиологиялық кұбылыстары қайта қалпына келмейдi де, оларды өлiмге ұшыратады (төртхлорлы көміртек, гексил, резорцин және т.б.). Мұндай препараттардын көпшілігі белгiлi бiр денгейде жануарлар организмiне де уытты әсер етеді. Сол себепті препаратты қолданғанда, оның нәтижелілігін арттырып, жануарлар организмiне қолайсыз әсерін кемітетін шараларды ойластырған жөн [6].
Антигельминтиктердің едәуір бөлігі (у сасырдың препараттары, сантонин, ареколин және т.б.) гельминттердегi жүйке бұлшық ет жүйесiндегi реттелу құбылыыстарын бұзады. Таспа құрттар ұзакка созылатын наркобиотикалық әсер жағдайында болатын болса, ал жұмыр құрттар-алғашқыда козып, соны салдануға ұласады. Кейде, гельминттердiң кейбір бөліктерінің тiршiлiгi қайта қалпына келуi мүмкiн. Егер гельминттерді организмнен арылту жолдары дер кезiнде жолға қойылса,онда дезинфекциялық шаралардың нәтижелілігі өте жоғары болады.
Паразиттерге қолайсыз жағдай тудыра отырып, кейбiр антигельминттер оларды елтіреді, кейбіреулері оларды "есiнен тандырады", ал үшінші біреулерi қоздырады.
Дәрілік заттардың антигельминттік әсері әртүрлi деңгейде болады. Кейбір жағдайларда организм гельминттерден толық арылатын болса, ал ендiбiр жағдайларда жартылай арылады. Осыған байланысты препараттың нәтижелiлiгi мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) Экстенс нәтижелiлiк (қыскаша-ЭН)-белгiлi бір гельминттерден толық арылған жануарлардың проценттік көрсеткіші.
2) Интенс нәтижелiлiк (қыскаша-ИН)-алғашкы мөлшерiмен салыстырғандағы бөлінген паразиттердiң, олардың личинкалары мен жуұмырткаларының көрсеткіші. Сонымен бiрге бөліну көрсеткiшi деген түсiнiк те бар. Бұл белгiлi бiр деңгейде гельминттерден арылған жануарлардың проценті.
Жануарларға уытты әсер етпейтін антигельминттiк заттар жок. Көптеген медикаменттердiң антигельминттік мөлшерi көп жағдайларда организмге уытты әсер етеді [7].
Препараттың көптеген қасиеттерiнен ең маңыздысына оның ерігіштігі, организмге сiңiмдiлiгi және әртүрлі органикалык заттар әсеріне тұрақтылығы жатады. Кейде, препараттың тез ерiгiштiгi ас корыту жүйесiнiң гельминттерiмен күресуінде қолайсыз фактор болып саналады. Өйткені ол паразиттерге қарағанда, ішектерге тез сіңіп кетеді. Бұған карама-карсы препараттың судағы тез ерiгiштiгi резорбтивті әсер үшiн өте бағалы фактор болып саналады. Көптеген антигельминттер in vitro жағдайында белсенді әсер еткенімен, in vivo жағдайында әсер етпейді. Препаратты еріту үшiн қолданылатын еріткіш касиетiнiң де маңызы өте зор, өйткенi ерiткiш антигельминттік заттың паразиттерге сiңуiне кедергi келтiрмеуi тиiс.
Антигельминттiк заттар паразиттiң анатомиялық-биологиялық ерекшелiктерiне және қандай топқа жататынына байланысты әртүрлі әсер етеді. Мысалы, бiр түрге жататын паразиттердiң iшiнде препараттың белсендiлiгi, паразиттiң қандай даму сатысында екендiгiне байланысты келеді.
Антигельминттік заттарды таңдаганда жануарлар түрiнiң манызы да өте зор. Өйткені, олардын уыттылығы әртүрлi малға әркалай келеді. Мысалы, төртхлорлы көмiртектi құстар оңай, иттер женіл көтереді, ал оны қойларға белгiлi бiр сақтықпен қолдану керек болса, iрi кара малға оны ауыз қуысы аркылы тiптен беруге болмайды. Бұған қосымша белгiлi бiр паразиттер кейбір жануарларда оңай жойылады, ал енді біреулерiнде жойылуы тіптен қиын. Мысалы, сантониннің нәтижелiлiгi мысыктар мен иттердiңаскаридозында 70-90 % болатын болса, түлкілердің аскаридозында 30-40 % тен аспайды.
Жануарларды емдегенде антигельминттердiң концентрациясы паразиттер тiршiлiк ететiн ортада оларды өлтіруге жеткілікті болуға тиiс. Сол себепті, препаратты таңдағанда, олардың қолдану формасы мен мөлшерiн анықтағанда, паразиттiң тiршiлiк ететiн жерiн ескерген жөн. Ішектерде тіршілік ететін паразиттерге әсер ету қиын, бауырдағы, тыныс алу жолдарындағы паразиттерге әсер ету өте қиын, ал мида, бұлшык етте, дәнекер ұлпасында шоғырланған паразиттерге әсер ету қиынның қиыны. Гельминтозды аурулармен жануарлар топ-тобымен ауыратындықтан, дегельминтизациялық шараларды жалпылама жүргiзедi, ал кейбір жағдайларда жеке жеке малдарды ғана дегельминтизациялайды. Жүргізілген шаралардың нәтижелілігі жоғарғы деңгейде болу үшін, арнаулы ережелер мен нұскауларды қатаң сактап жасайды. Гельминтоздарды емдеуде дәрілік заттардың формасымен оларды организмге енгiзу жолдарының маңызы өте зор.
Препараттарды ұнтак, таблетка, суспензия, эмульсия, ерiтiндi түрiнде қоректік заттарға қосып береді немесе зонд аркылы енгiзедi. Кейде капсула түрiнде де беруге болады. Егер, ауру қоздырғыштары тоқ iшекте шоғырланған болса, препаратты ректальды жолмен енгiзедi, ал ұлпалардың гельминтозында бұлшық етке енгiзедi. Кейбiр препараттар кеңірдек аркылы қолданылады (интратрахеальды). Антигельминттердi әрбiр малға жеке және топтастыра колдану кенiнен тараған. Ерігіштігі нашар препараттарды (фенесол, фенотиазин, дефезил және т.б.) ұнтақтап бергенде, олар ас қорыту жүйесi аркылы жаксы сiңiп, препараттың емдiк нәтижелiлiгi артады [8].
Антигельминттерді қолдану жиiлiгi препаратқа және аурудың түрiне байланысты. Ас қорыту жүйесiнiң гельминтоздарында емдеу курсы бiр немесе екi күннен аспайтын болса, ұлпалардың гельминтозында емдеу курсы ұзакка созылады.
Антигельминттiк заттар өздерiнiң құрылымы мен қасиетi жөнінен әртүрлі келеді. Кейбір препараттар тек антигельминтік ретiнде ғана белгілі болса (еркек усасыр, сантонин), ал енді біреулерінің антигельминттік әсерi екiншi қатарда болады (ареколин).
Антигельминттердің көпшілігі политропты әсер етеді, бiрак, әртүрлі гельминтке әсер ету белсендiлiгi әркалай болады.
Антигельминттердің тиімділігі паразиттің даму сатысына байланысты. Антигельминтиктердің фармакодинамикасы өте алуан түрлі. Кейбір антигельминтиктер паразиттердің өлімін тудырады, басқалары-салдануды, енді біреулер - қозу, содан кейін гельминттер денеден шығарылады немесе онда қорытылп кетеді. Паразиттердің орналасуына байланысты антигельминтиктер тік ішекке ( клизма арқылы), ішке , тері астына, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне, интратрахеальды, ингаляциялық түрде тағайындалады. 100% тиімді антигельминтиктер әлі жоқ, сондықтан олар жиі екі және үш рет қолданылады, кейде бүкіл емдеу курсы қайталанады. Көптеген антигельминтиктердің емдік дозалары жануарлар үшін субтоксикалық болып табылады.
Антигельминтикалық әсер ететін дәрілер келесі қасиеттерге ие болуы керек:
* Ол гельминттің белгілі бір түрінің барлық кезеңдеріне қарсы тиімді болуы керек.
* Препарат осы және басқа да гельминттердің басқа түрлеріне тиімді әсер еткені жөн.
* Препараттың иесі үшін улы болмауы маңызды. Бұл әсіресе дене салмағы сәйкес келмейтін жануарларды топтық емдеуде өте маңызды.
* Антигельминтик тез метаболизденуі керек (жойылып, иесінің денесінен шығарылады, әйтпесе дегельминтизациядан бастап союға және сүтті қолдануға дейінгі ұзақ аралықты сақтау қажет болады.
* Препаратты енгізу әдісі қол жетімді болуы керек және көп еңбек пен уақытты қажет етпеуі тиіс.
* Препараттың бағасы қалыпты болуы керек [9].
Малдәрігерлік практикада көбіне мынадай препараттар қолданылады:
Панакур.Қарын-ішек және өкпе нематодтарының , фасциолдың, монезияның және ірі қара, жылқы, шошқа және құстың басқа да гельминтоздарының көпшілігіне қарсы тиімді препарат. Жетілген гельминттерге ғана емес, олардың личинкалары мен жұмыртқаларына да күшті әсер етеді.
Ірі қара мен ұсақ малдардың диктиокаулезіне, стронгилятозына, шошқа стронгилоидозына, неоаскаридозына, монезиозына, дикроцелиозына, парамфистомозына, трихоцефалезіне, тауық аскаридозына, күркетауық сингамозына, қаз амидостоматозына топтық дегельминтизация ретінде қолданылады.
Сусымалы жем азықтарға қосып береді.Дегельминтизация жүргізілгеннен кейін 7 күннен кейін малды союға рұқсат етіледі.
Битионол.Хлорфенолдар туындысы. Цестодоздар мен трематодоздарға қарсы активтілігі жоғары. Күйіс қайыратын малдардағы фасциолезге, парамфистоматозға , монезиозға, тиханизиеозға, қой мен ешкінің авителлинозына, ит цестодозына, құс гельминолипидозына, тауық пен күркетауық цестодозына қолданылады.
Азыққа қосып береді, құсқа суспензия түрінде жемсауына құяды. Препараттың цестодозға әсері фенасалмен бірге күшейеді. Ауру қайталап жұқпауы үшін малды жақсылап күтеді, қора-жайды мұқият тазартады, нәжісін өртейді.
Нильверм.Мал түліктері мен құстың қарын-ішек жолдарындағы нематодқа күшті әсер етеді, паразиттің физиологиялық активтілігін тежейді, олардың бұлшық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гельминтоздардың диагностикасы
Жылқының оксиуроз ауруы
Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар
Бұзауларды оқшаулап бағу
Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы
Жануарларда паразиттық ауруларды болдырмау үшін бірінші атқаратын жұмыс профилактика, яғни осы аурулардың алдын алу жолдары
Шошқа трихоцефалезін анықтау және емдеу
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Ірі қара мал диктиокаулез ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасы
Инвазиялық аурулар
Пәндер