Самаурынның қазақ даласына келуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

АННОТАЦИЯ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
І САМАУРЫН ЫДЫСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА КЕЛУІ
1.1 Самаурын ыдысының пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...6
1.2 Самаурынның қазақ даласына келуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 8
ІІ Зерттеу бөлімі
2.1 Самаурынмен шәй ішудің пайдасы мен зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..9
2.2 Шәй демдеу рәсімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.3 Шәйдің емдік қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..18
Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

АННОТАЦИЯ

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 Ә сынып оқушысы Ерпайызова Аделина Самаурын және қазақтың шай ішу дәстүрі атты ғылыми жобасы өмірде жиі көріп, самаурынның пайда болу тарихы, оның қазақ даласына келуі және самаурынмен шай ішу салтының қалыптасуын танып білуге, тереңірек танысуға арналған.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ жеріне етене еніп, сіңіп кеткен самаурын бұйымының келуі және пайда болу тарихымен таныстыра отырып, қазақтың самаурынмен шай ішу дәстүрінің қалыптасуының сырын айқындау, оның өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттау, пайдалы мен зиянын зерттеп, танып-білу.
Зерттеудің міндеттері:
- Самаурынның қазақ даласына келуінің алғышарттарын айқындау;
- Самаурын ыдысының пайда болуы және қазақ даласына келуі;
- Қазақтың самаурынмен шай ішу дәстүрінің қалыптасуын зерттеу
- Шайдың адам ағзасына пайдасы мен зиянын айқындау;
- Шайдың дайындалу рәсімі мен оның емдік қасиеттерін айқындау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егер самаурынның қазақ даласына келуі, шайдың өзіндік қасиеттері ата-бабаларымыздың тұрмыстық салт-дәстүріне деген таным-түсініктеріміз арта түсер еді, олардың пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.
Гипотеза: Самаурын бұйымының келу және пайда болу тарихымен танысып, қазақтың самаурынмен шай ішу дәстүрінің қалыптасуының сырын айқындау, оның өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттау, пайдалы мен зиянын зерттеп, танып-білу.
Жұмыстың орындалу әдістері. Самаурын бұйымы және самаурынмен шай ішу туралы материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.
Күтілетін нәтиже:
Самаурынның қазақ даласына келуінің алғышарттары айқындалды;
Самаурын ыдысының пайда болу және жетілу тарихы зерделенді;
Қазақтың самаурынмен шай ішу дәстүрінің қалыптасуы зерттелінді;
Шайдың сан алуан қыр-сыры ашылды;
Олардың қоғам мен адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
Шайдың түрлері мен олардың адам ағзасына пайдасы мен зияны;
Шайдың дайындалу рәсімі мен оның емдік қасиеттері айқындалды.

КІРІСПЕ

Өң бойына өткеннің сырын сақтаған, өз кезегінде аса бағалы болып қазірдің өзінде құнды тарихи жәдігерлердің қатарынан орын алған дүниелердің бірі самаурын. Ол біздің ата-әжеміздің, әке шешелеріміздің тұрмысындағы ең маңызды әрі қажетті зат болып табылған. Самаурынды білмейтін қазақ, орыс немесе өзбек отбасын елетету қиын. Салтанатты күндері оның орны дастарханның төрінде. Жалпы самаурын қазақ даласына ХІХ ғасырда келіп, 2-3 ғасыр бойы халқымыздың қажетіне жарады. Ұлтымыздың тыныс тіршілігімен біте қайнасып кеткен тұрмыстық бұйым. Бүгінгі жаңа технология оны қолданыстан ысырып тастасада Тарихи жәдігердің қадыр-қасиетін жоғалтпай, үйіміздің төрінде сақтаулы тұруыда содан болар. Ойлап қарасақ самаурын белгілі бір шаңырақтың, сол шаңырақтағы түрлі буынның көзін көрген, жоқшылықтыда тоқшылықтыда солармен бірге бастан кешкен куәгерлердің бірі. Алмасып жатқан буынды, жалғасып жатқан ұрпақты танитын, өзін қажет етпейтін өзгере бастаған заманныңда жаңа талаптарын қамықпай қабылдаған қымбат дүние.
Жалпы осы тұста шай қайнататын самаурын шаймен бірге орыстардан келді деген түсінік бар. Бірақ тарихшы этнограф Мұрад Аджиев орыстардың ұлттық нышаны ретінде көретін самаурынды далалықтардан алған деген пікірі бар: Осы самауыр бізге шумерлерден келген, су - су түрікше, мавар - құмыра тәріздес ыдыс- деген мағына береді деп тұжырым жасайды.
Самаурын дархан даланың, таза табиғаттың, ауылдың бөлшегі десек қателеспейміз. Өйткені оның салтанат құратын ғұмыр кешетін жерлеріде осылар. XlXғ қазақ даласындағы этно мәдени байланыстардың нәтижесінде пайда болған тұрмыстық зат. Ата-бабаларымызға сауда-саттықпен айырбас түрінде келіп, күнделікті қолданыста болған. Жалпы самаурынның қазақ қоғамына шамамен XІХ ғасырда Ресей мен Қазақстан арасындағы интеграцияның нәтижесінде пайда болған деп есептеледі. Дегенмен қазақ қоғамы үшін самаурын қазақтың төл мәдениетінің бірі ретінде қабылданған.

І САМАУРЫН ЫДЫСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА КЕЛУІ
1.1 Самаурын ыдысының пайда болу тарихы
Кейбір көне жазбаларда Ежелгі гректер мен римдіктердің самаурынның арғы атасы саналатын су қайнататын, өзі пісіретін құралды пайдаланғаны туралы айтылған. Бұл төрт бұрышты, қос қабырғалы, ортасы тесік темір ыдыс болыпты да, автесса деп аталыпты. Қабырғаларының арасына су құйылып, ортасындағы тесікке отын салып суды қайнатқан. Жанып жатқан отты ұқыпты пайдаланудың амалы ретінде автесса оттығының жоғары жағына үш аяқты темір ошақ орнатып, оның үстіне әдейі ыдыс қойып, онда тамақ пісірген.
Қытай деректері өздеріне көшпелілер арқылы таныс болған хо-го, яғни ыстық қазан деп аталатын ішінде шоқ салатын ұңғысы бар шошақ бітімді ыдыс түрін атайды (ол кезде шүмексіз). Ортасында шоқ салатын мұржасының айнала сұйық құйылатын ыдыс еді. Осы ыдыс түрі, жоғарыда атылғандай, шайдың таралуымен бірге, шамамен XIV-XV ғасырдан бастап, ең әуелі хиуа, Бұқара өңіріне келіп, кейінірек оған кәдімгі шәугімдегідей шүмек орнатылады. Осы кезден бастап Ресейде шай жаппай тұтыныла бастауының нәтижесінде XVIII-XIX ғасырларда шүмек орнатылған самаурын өндіріле бастайды.
Алғашқы самаурынды Тула қаласының қару-жарақ зауытының шеберлері Лисициндер (Иван мен Назар) жасапты. Олар 1778 жылы үкімет орындарының рұқсатымен жеке меншіктегі зауыт ашып, одан самаурын жасап шығара бастаған. 1840 жылы Тулада Баташев, Балашевтар да самаурын зауытын ашқан.
ХІХ ғ. екінші жартысында тек Тула қаласының өзінде самаурын шығаратын 50 шеберхана болған. Оны жасау өте күрделі жұмыс болыпты, біреуін жасау үшін 12 тетік істеледі екен. Сондықтан бір шебердің бір айда формалы самаурының бесеуін немесе қарапайымының онын ғана шығару мүмкіндігі болған.
Бүгінде Тула қаласындағы өлкелік музейдегі коллекцияда 8000 самаурын бар көрінеді, оның ішіндегі ең көне және кішкентайына бір стакан ғана су сияды да, ең үлкеніне 50 литрлік су құйылатын болып жасалған.Тіпті одан да үлкен самаурын түрлері болғанын деректер айтады.
Әрбір шеберхана өз бұйымының бағасын асыру мақсатында самаурынды неше түрлі пішінді, үлкенді-кішілі етіп шығаруға тырысқан.
Түрі жағынан бөшке, цилиндр, алмұрт, бәйшешек, әтеш, құмыра, тіпті паровоз тәрізділері де болған. Жанұяда дастархан басында шай ішуге, жолға шыққанда алып жүруге, ресторандарда қойылатын, сыйға тартуға арналған самурындар да болған. Тарихи деректер бойынша Тула шеберлерінің 100 литрлік самаурынды жасап, оны бүкіл ресейлік староста М.И.Калининге сыйлыққа тартқаны белгілі. Көпке дейін сәндіктің, салтанатты тұрмыстың белгісі болып саналған самаурынның бағасы да қымбат - бір сиырдың құнымен бірдей болған. Сондықтан кейбір ата-аналар оны ұрпақтарына мирас ретінде қалдырып отырған.
Уақыт оза Тулада от жағу арқылы қызатын самаурындармен қатар, электр самаурыны да шығарыла бастаған. 1986 жылдың 1-қаңтарына бері алты қырлы етіп лакталып, алтын түсті самаурын шығарыла бастады.
Ретро деген атпен текше формалы самаурын шығарыла басталған.
Туланың Штамп дейтін зауыты жыл сайын 1,5 миллионға жуық самаурын шығарады. Бұл самаурынның негізі төтбұрышты, төрт аяқты, жезден қондырылған тұтқасы бар, ол қол күймес үшін ағашпен толықтырылған. Өзі банка тәріздес. Бұл самаурынға екі шелектік су кетеді. Қақпағы мыстың мырышпен қоспасынан жасалған, бу шығар орны мен қақпақты ұстайтын жері бар. Сайып келгенде самаурын өзіне дейінгі құрылысы жоғарыда аталған осы тектес көшпелілер ыдысының су қайнатуға арналып, шүмек (кран) орнатылу арқылы жетілдіріліп жасалған жаңа нұсқасы ғана болып табылады.
1.2 Самаурынның қазақ даласына келуі
Қазір ақпараттарды қарасақ халық Орта Азияда шығарылған, Қытайдан келген, мүмкін бұл Ұлы Жібек жолы арқылы Қытайдан Европаға дейінгі саудагерлер алып жүріп осы қазақ жеріне жетісу жерінеде сатқан шығар. Бұл заттың қазақ топырағына қалай келген шынымен ақ қызықты әрі жұмбақ сұрақтардың бірі деуге болады. Әйтседе тарихшылар мен зерттеушілер бұл тақырыптың тереңіне бойлап, өзіндік тарихи болжамдарымен ақпараттарын айтып та, жазып та жүр. Олардың сөздеріне сүйенсек ең алғашқы самаурынды Солтүстік ханы Есеней қолданған деген аңыз бар.
Самаурын қазақ жерінде XІX ғасырдан бастап қолданысқа еніп, күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымға айналды. Самаурынның сыртының бәрі жезден жасалған ортасындағы оттық салатын жері мыстан жасалған. Жезден қарағанда мыс ыстықты жақсы ұстайды. Еру температурасы да жоғары сондықтан мыстан жасалған. Ал түбіндегі оттық тұратын жері ол шойыннан құйылған, қара темірден жасалған. Сыртының бәрі жезден жасалған. Ал енді ХХ ғасырда бұлардың бәріне никель жалатылды. Өйткені мыс, жезден жасалған самаурындар тез қараяды. Өте ұқыпты, тазалап тұру керек болды. Сондықтан сыртындағы пішіні бұзылмас үшін,сыртқы келбеті бұзылмас үшін никель жалаттылған. XIX ғасырдың бас кезінде Ресейде жасалған самаурындардың таралуымен шай жылдам дайындалатын болып, шай ішу бұрынғыдан жеңіл, қолайлы бола түсті. 1836 жылы Бұқарада болған И.В. Виткевич жергілікті дүкенде орыс самаурындардан көптеп сатылатынын баяндайды. XIX-XX ғасырлардың ширегінде самаурынды шайханалар оңтүстікте көптеп таралады. Бұрынғыдай сүт, тұз, май т.б. қоспасыз жасалған шайдың ендігі бұл түрін қазақтар сол кезден бастап қазірдің өзінде қара шай деп атады.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан Хорезм, Бұқара, Самарқанд, Ташкент өңірінде шайдың бір түрін - көк шай ішу орын алды.
Шайдың қазанда, шәугімде немесе самаурында қайнатылуы әр аумаққа шайдың келіп таралу тарихынан мәлімет береді. Әуелі XIX ғасыр соңынан Бұқара арқылы - Оңтүстік, Сыр бойына самаурын жаппай тарала бастаса, XX ғасырдың бастапқы ширегінен Ресей арқылы Қазақстанның Батыс және солтүстік өлкелерінде самаурынмен шай ішу кең таралып, кейінірек, орталық және Жетісу өңіріне таралады.
ІІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Самаурынмен шәй ішудің пайдасы мен зияны
Көшпелі өмірде самаурын өте қолайлы болған. Жайлауға аттанғанда оны өздерімен алып жүрген. Оны кез келген кезде қайнатып жіберіп, шәй ішетін болған. Біздің ата бабамыз самаурынның отын дұрыс жағуды білген. Бүгінгі күнде электр самаурындар пайда болды. Дегенмен отынмен қайнатлған самаурын шәйінің дәмі мен қош иісі мүлде басқа. Самаурынның құрылысы ерекше. Сықырлап қайнайтын самаурынның орнына қазір электр шәйнегктері бар. Қазіргі заман талабына сай ойлап табылған десек те болады. Олардың әрқайсысы адамдар алып, қолданып та жүр. Тез қайнайды, көп күтпейсің. Осымен ғана ерекшеленетін электр шәйнектері қазір қаланың әрбір үйлерінде бар. Электр шәйнектерін тоқпен қайнайды, кейде адамдар ішіндегі суды үш төрт реттен қайнатып жатады. Тәжірибелі дәрігер Дарья Мешкованың айтуынша, суды үнемі қайнату судағы кальций мен магний сияқты минералды тұздардың концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, минералға бай суды үнемі тұтыну денсаулыққа зиянын тигізеді. Әсіресе бүйрек тастарының пайда болуына бейім адамдарда және осы органның жұмысында басқа да проблемалар бар жандарға бұл өте қауіпті. Сонымен қатар, қорғасын немесе мыс сияқты судағы металдардың көбеюі ұзақ мерзімді қолданыста денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Самаурынның мұндай зиянды тұстары жоқ деуге де болады. Самаурын табиғи жолмен қайнайды, алдымен отынын тұтатып кішігірім ағаштар салады және оны үнемі бақылауда ұстайды. Самаурында қайнаған сумен дайындалған шәйдің адам ағзасына келтіретін зияны жоқ. Ата заманнан қолданыста жүрген самаурынды дұрыс қолдана білсе жеткілікті.
ЗЕРТТЕУ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностика
Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы
Көк сөзінің семантикалық қызметі
Сөз тіркесінің түрлері, топтастыруы
Абайдың поэзиясының көркемдік ерекшілігі
70 орынды мейрамхананың көкөніс цехының есебі
Торғай көтерілісі
Қазақ халқының ұлттық мінезбітіктері
Диалектология ғылымының зерттелуі
Этнопсихологиядан жекелеген мағлұматтар
Пәндер