Қазақстанның оқушылары арасындағы буллинг мәселесі
Дипломдық жұмыс
Білім беру ортасындағы буллинг және кибербуллинг факторлары.
Мамандық атауы:
Пәні:
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м.
Дипломдық жұмысты қорғаған бағасы ______________
Кафедра меңгерушісі ________________п.ғ.м.
Хаттама № ____ ____ ____________ 20___ ж.
2024 оқу жылы
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
3
АНЫҚТАМАЛАР
4
ҚЫСҚАРТУЛАР
6
КІРІСПЕ
9
I

10
Қазақстанның оқушылары арасындағы буллинг мәселесі
12
Мектептегі психологиялық қызметтің буллингтің алдын
алудағы рөлі
16
Буллинг туралы түсінік
19
Буллингтің алдын алудағы ойындар мен жаттығулар
25
II
Кибербуллинг туралы ұғым
29
2.1.
Буллинг алдын алу жолдары
33
2.2.
Білім беру орталығындағы мәселелер
37
2.3.
Оқушылармен жұмыс
42
ҚОРЫТЫНДЫ
45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
47
ҚОСЫМША
51
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
Қазақстан Республикасының білім беру заңы. 27 шілде, 2007 ж.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Білімдегі жаңалықтар, №1, 2010, 11-20б.
3. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы
4. ҚР-ң Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы
АНЫҚТАМАЛАР
Физикалық буллинг - күш көрсетіп, әлімжеттік жасау: итеріп жіберу, құлату, тебу, ұру, қолын қайыру, денесін зақымдау. Көбіне балалар мұны ата-анасына айтпайды. Тек жырық, соққы белгісі арқылы білесіз. Әлеуметтік буллинг - бұл құрбанды ортадан бөлектеу, ортақ шаралардан шектеу. Мысалы, барлығын шақырып, бір баланы әдейі туған күнге шақырмау, жарыстарға қатыстырмау, командаға алмау, ешкімнің онымен дос болмай, шетке ысыруы. Белгілері: бала көбіне жалғыз жүреді, достары жоқ, сыныптастары туралы ештеңе айтпайды, үнемі көңілсіз.
Вербальді буллинг - сөзбен намысына тию, мазақ ету, келемеждеу, ар-ұятын таптау, қорқыту, т.с.с. Вербальді буллингке тап болған баланың ең әуелі тәбеті нашарлайды. Өзімен-өзі болып қалады. Өзін ренжіткен сөзді айтып, Мен сондаймын ба? деп сұрауы мүмкін.
Кибербуллинг - әлеуметтік желі, байланыс құралдары арқылы зиян келтіру. Біреуге жария түрде жала жабу немесе жеке хаттармен қорқыту. Мұның белгілері: бала алаңдап телефонына жабыса береді, көңіл-күйі төмендеп кетеді, ұйқысы нашарлайды.
ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЮНЕСКО - Біріккен ҰлттарҰйымының Білім, Ғылым және Мәдениет
жөніндегі Ұйымы.
БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
АҚ - Ақпараттық құралдар
ЖОО - Жоғары оқу орны
ҚР МЖМББС - Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты
ХҒПК - Халықаралық ғылыми- практикалық конференция
PhD - философия докторы
ҚазҰПУ - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
СОӨЖ - Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары
ЭТ - Эксперименттік топ
БТ - Бақылау топ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Ата-ана балаларына адамдармен дұрыс қарым-қатынас құру, қысым көрген адамды қолдау, өзгелерді құрметтеу үлгісін көрсетуге тиіс. Баламен ашық және жиі сөйлесіп тұруы қажет. Бала ата-анасына барлық тақырыпта ойын еркін айта алатындай, өзін тыңдайтынын, түсінетінін білетіндей сенімді қатынас орнату қажет. Мектепте пәндердің қалай өткенін, дене шынықтыруда қандай жаттығулар жасағанын, қатарластарымен қарым-қатынасының қандай екенін, интернетте не істейтінін неге көңіл-күйі жоқ екенін, сұраған жөн. Сол сияқты буллинг тақырыбында көбірек сөйлескен жағдайда бала қатарластары туралы айтатын болады. Бала сіз тарапынан психологиялық және эмоционалдық қолдауды әрдайым сезінуі тиіс. Ал мұғалімдер буллинг орын алмауы үшін сынып сағаттары мен ашық сабақтар арқылы түсіндірме жұмыстарын өткізуі керек. Балалардың арасында әлімжеттік жасау, ауыр сөздермен намысқа тию жағдайларын байқаса, дереу оған тоқтау салуға міндетті. Ата-аналармен тығыз байланыста болу, оларды да осы тақырыптағы іс-шараларға қатысуға шақыру да жақсы шешім.
Зертеу жұмысының мақсаты:
-буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.
Зерттеудің міндеттері:
- Білім беру ортасындағы буллинг және кибербуллинг факторларын зерттеу;
-Буллинг және кибербуллингті толық ашып зерттеу.
Зерттеу объектісі: Баланың қажеттіліктеріне көңіл аудармау. Бірнәрсе айтып, сөйлескісі келсе, қоя, тұр, кейін деген сөздермен оған сенің айтатының немесе жағдайың маңызды емес деген қатынасты көрсету.
Зерттеу пәні:
Зерттеу әдістері: Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда
жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата- ана сабырлы болып, ашуды көрсетпеуі қажет, өйткені ата- ана ашу мен мазасыздығын байқатуы- әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып оны жұбату қажет. Бәрін білгішсініп ақыл үйретуден аулақ болу, өйткені баланың өзін- өзі бағалауы, өзіне деген сенімі одан ары қарай жоғалып кетуі мүмкін.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I.Білім беру ортасындағы буллинг және кибербуллинг факторлары: Буллингтің, кибербуллинг, зорлық зомбылықтың алдын-алу тақырыбындаы білім алушылардың білімін кеңейту, алдын алу бойынша кеңес беру Семинар барысында мектеп психологтары оқушыларға буллинг және кибербуллинг, Зорлық зомбылық туралы ақпарат беріп өтті. Оқушыларға Кибербуллинг дегеніміз не? Буллинг дегеніміз не? Олардың ішіндегі буллинг пен кибербуллингтің түрлері және де жеке тұлғанын психологиялық денсаулығына әкелетін зардабы мен қиындықтары туралы ашып айтты. Оқушыларға әлеуметтік желілердегі балағат сөздер, қорқыту секілді кибербуллинг түсінігі айтылды. Бұл жағдайға тап болғанда ата-анаға, мұғалімдерге, психологке ескерту ұят емес екендігі айтылды. Керісінше, сол жағдай туралы бөлісу буллинг мәселесін алдын-алатындығын және сақтайтындығын түсіндірді. Сонымен қатар егер достарыңыз кибербуллинг пен буллинг құрбаны болса қалай көмектесуге болатыны жайында түсіндірілді.Оқушыларға зорлық зомбылық дегеніміз не? Әлімжеттік дегеніміз не? қандай түрлері бар? Заң тұрғысында қандай жаза қолданады сол туралы түсіндіріледі.
Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек?
-Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;
-Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;
-Мінезінің өзгеруіне әкеледі;
-Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;
-Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;
-Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.
Ата-ана балаға агрессия көрсетсе, оны шектен тыс мұқатып, ұрып-соқса, бұл да буллинг болып есептеледі. Тіпті кей психолог ата-ана баласының өзгені қорқытып жүргенін байқаса, кінәні өзінен, үйден іздеуге кеңес береді. Агрессия көріп өскен бала оны басқаға бағыттауы мүмкін.
Сонымен бірге буллинг адамның араласатын ортасына қарай оқу орнындағы, түрмедегі, мектептегі, медицинадағы қорқыту немесе жұмыстағы кемсіту деп атала береді. Заңды буллингке адамды бақылауда ұстау немесе жазалау үшін сот құралдарын қолдану кіреді. Қорқытудың мұндай түрін жасайтындар көбіне ұзаққа созылатын сот процестерінің басталуына себеп болады. Осылайша буллинг жасаушы құрбанды өзіне бағынышты қылуға, қорқытып-үркітіп отыруға тырысады. Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр.
1.1.Қазақстанның оқушылары арасындағы буллинг мәселесі: Қазіргі таңда белең алып тұрған Кибербуллинг,Буллинг,Зорлық зомбылық тақырыбында 1 класс оқушыларына видеоролик көрсетумен басталды. Психолог буллингтің кез келген түрі қауіпті екенін айтты. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады. ."Балалар арасындағы буллинг бұрыннан бар нәрсе. Тек қазіргі уақытта телефонға түсіріп алу, оны таратып жіберу секілді әрекеттер бұл мәселені одан бетер өршітіп жіберді.Семинар барысында Телағысова М.Ы сөз алып Кибербуллинг дегеніміз не?Кибербуллинг немесе киберқорқыту - бұл компьютерлерді, ұялы телефондарды, смартфондарды немесе кез-келген басқа технологияларды өзге адамның жанын ауырту немесе оны ұялту мақсатында әлденеше рет қолдану.Егер мені біреу онлайн қорқытып жатса, кімге айтуым керек? Осы туралы айту неге соншалық маңызды?Егер сен кибербуллингке тап болсаң, не істеу керек?Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін report батырмасын басу жеткілікті)ондай хабарламаларпосттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін осы хабарламалардыпосттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге - ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт111 жедел желісіне қоңырау шал немесе біздің форумда өз уайымыңмен бөліс біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, киноға бар).Буллинг дегеніміз не?Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін.Ол:адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру сол жайында өсек тарату оны елемеу немесе жекелету ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?Жақын деген мұғаліміңе немесе ата-анаңа айту керек екендігі түсіндірілді.Келесі Зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша психолог Қазақстан Республикасынның заңнамасына сәйкес II бөлім,17-бап,2-тармақ ешкімді азаптауға,оған зорлық зомбылық жасауға басқада қатігездік немесе адамдық қадыр қасиетті қорлайтын жәбір көрсетуге болмайды. Буллинг,Кибербуллинг,Зорлық-зомбылы қты алдын-алу
- Дене жәбірі;
- Менсінбеу, елемеу;
- Жыныстық жәбір;
- Психологиялық жәбір.
Денеге зорлық
-зомбылық
бетінен ұру;
сілкілеу, итеру;
шапалақ пен ұру
тұншықтыру, тепкілеу;
бөлмеге қамау, күштеп ұстау;
белбеумен т.б. заттармен ұру.
1.2.Мектептегі психологиялық қызметтің буллингтің алдын
алудағы рөлі: Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қанау, қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз-өзіне қол жұмсау ісәрекеттері қоғамды толғандыруда. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал тиімді шаралар қолдануды қажет етеді. Осындай жоғары деңгейде балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету мәселелерінің талқылануы, балалық шақ мәселесі әрқашан сөзсiз мемлекеттiк басымдылықтар болып табылатына сенiмдiлiктi арттырады.зорлық-зомбылықтың кейбір түрлеріне тоқтала кететін болсақ: Физикалық зорлық - зомбылық - бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі. Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып - соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай - ақ ата - ана тарапынан, мұғалім тарапынан да балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы зорлық көрсету белгілері білінеді. Осы жәбірлеудің теңдесі жоқ түрі Мюнхаузен синдромы іспеттес. Физикалық күштеу кезеңінде ата - аналар көбінесе балалардың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады, медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді, алайда психологиялық аурудың бұл түрі балада емес ата - анасында деген қорытындыға келеміз.
Эмоционалды зорлық - зомбылық түрі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды түрі күштеудің кең таралған түріне жатады. Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:
1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата - анасының,мұғалімнің жоққа шығаруы);
2. баланы оқшаулау (басқа балалардан бөліп қарау)
3. Баланы бопсалау;
4. Елемеушілік;
5. Балағаттау;
6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;
Қысым көрген балалардың айрықша белгілері:
-Мектепке барғысы келмейді;
-Сабақ оқуға зауқы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды;
-Көңіл-күйі түсіп жүреді;
-Үнемі уайымдайды және өзіне сенімсіз болады;
-Ешкіммен әңгімелесуге зауқы соқпайды және оқшау жүреді;
-Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тәбеті тартпайды;
-Үйден қашып кетуге тырысады;
-Суицид жасайтынын айтып қорқытады;
-Түнде дұрыс ұйықтамайды және шошып оянады;
-Өзіне не болғанын айтудан қорқады;
-Жиі ақша сұрайды не ұрлық жасайды;
-Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;
-Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.
1.3.Буллинг туралы түсінік: Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.
Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер.
Кибербуллингке тап болғанда:
-Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;
-Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;
-Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;
-Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек.
Балаларға арналған кеңестер:
Желіде болған кезде сыпайы және мейірімді болыңыз. Өз құрдастарыңа жағымды хабарламалар, күлімсіреу немесе бестік жіберу арқылы қолдау көрсетіңіз
Параметрлеріңізді және парольдеріңізді тексеріңіз: сіздің пароліңіз 12345 ме? Сіз мұны досыңызбен бөлістіңіз бе? Желіде не орналастырғаныңызды кім көре алады? Құпиялылық параметрлерін соңғы рет қашан қарадыңыз
Бұл туралы сөйлесіңіз. Егер сіз өзіңізді қорлап жатқанды сезінсеңіз, сіз кибербуллингтің құрбаны екеніңізді сезсеңіз, сенімді адамыңызға хабарласыңыз.
Қолдау көрсету. Егер біреудің қорлық көргенін көрдім деп ойласаңыз, ол туралы үндемей қалмаңыз. Сол адамға хабарласып, қолдауыңызды көрсетіңіз. Сіздің сөздеріңіз өзгерте алады
Егер сіздің біреуге деген мінез-құлқыңыз бұзақылық санатына жатады деп ойласаңыз, өзгертулер енгізе аласыз. Бұзақылықты тоқтатыңыз. Тоқтатып, біреуден қолдау сұраңыз. Мейірімді бол, бүгінгі күннің кейіпкері бол
Достардың өтінішін қабылдамас бұрын, олардың профилін қарап, олардың кім екенін анықтауға тырысу керек. Есіңізде болсын, кейде адамдар өздерін жоқ адам етіп көрсетеді және олардың шындықты айтып жатқанын білу қиын.
Сіздердің ортақ достарыңыз бар ма? Сіз бір қаладансыз ба? Достардың кездейсоқ өтініштерін қабылдау қажет деп санамаңыз. Құпиялылық параметрлерін тексеріңіз, сондықтан сіз білмейтін адамдар сіз көрсеткіңіз келмейтін ақпаратты көрмейді
Өсектерді таратпаңыз, зиянды немесе ұятты оқиғалармен , фотосуреттермен бөліспеңіз. Бір адамға зиянсыз әзіл болып көрінуі басқаларға қатты ренжітуі мүмкін.
Жіберу батырмасын басар алдында екі рет ойланыңыз, әсіресе егер сіз ренжісеңіз немесе ашулансаңыз. Сіз хабарламаны, фотосуретті немесе бейнені бөліскеннен кейін, оған не болатынын бақылау қиын. Бұл әрекетті қайтару мүмкін емес.
Қоғамда буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді. Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг. Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету -- өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі. Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.
Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл - бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.
Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг -- интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.
Мүгедектігі бар адамға қарсы буллинг
Мүгедектігі бар немесе аутизммен ауыратын адамдар да буллингке жиі ұшырайды. Мұқатушы мұндай адамды денесіндегі ерекшелігіне бола кемсіте береді.
Жыныс ориентациясына байланысты буллинг
Адамды жыныс ориентациясына байланысты қорлау, жағымсыз сөз айту, ұрып кету де буллингке жатады. Бұл жерде жәбірленуші көбіне топ адамның кемсітуіне ұшырайды.
Заңмен қорқыту
Заңды буллингке адамды бақылауда ұстау немесе жазалау үшін сот құралдарын қолдану кіреді. Қорқытудың мұндай түрін жасайтындар көбіне ұзаққа созылатын сот процестерінің басталуына себеп болады. Осылайша буллинг жасаушы құрбанды өзіне бағынышты қылуға, қорқытып-үркітіп отыруға тырысады.
1.4.Буллингтің алдын алудағы ойындар мен жаттығулар: Егер ұстаздар оқушының мінез-құлқында қандай да бір өзгеріс барын байқаса, оны мұқият бақылауға алуы қажет. Ал кибершабуылға ұшырағанын немесе жоғары сынып оқушыларынан теперіш көргенін анықтаса, жасырмай мектеп директоры мен ата-ананы да дереу хабардар етуі тиіс. Әрмен қарай, бұл құрықтан баланы құтқарудың жолдарын іздеуі керек. Егер мектеп ұжымының оқушыны тығырықтан шығаруға шамасы жетпесе, арнайы мамандардың көмегіне жүгінгені жөн. Кейін болған жайтты журналға тіркеп, оқушының мінезіндегі өзгерісті тағы бір ай бойы бақылауы қажет.
Балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен онлайн қорлықты болдырмау үшін әр мектепте қамқоршылық кеңес құру ұсынылды. Кеңес мүшелері білім ошағындағы барлық мәселеден хабардар болып, оны жылдам шешу үшін күш салу қажет. Сондай-ақ, тәлімгерлер арасында сауалнама жүргізіп, әр жауапқа анализ жасауды әдетке айналдыру ұсынылды. "Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке-шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата-аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді. Ал білген кезде кеш болуы мүмкін", - деді әлеуметтанушы Халида Әжіғұлова.
Егер сіздің балаңыз буллер болса, не істеу керек? Көбінесе буллерлер отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар, сондай-ақ өткен психо-травматикалық сәттерді бастан өткерген балалар болады. Егер әкесі баланы үйде ұрып-соғып, қорлайтын болса, онда келесі күні ол әлсіз сыныптастарына күш көрсетіп, әкесінің қылығын қайталауға тырысады. Мұндай балаға мамандардың көмегі қажет, бірақ бастысы сіздің үйіңізде не болып жатқанын талдау. Буллер эмпатияның төмендеуімен бірге өзін-өзі жоғары бағалайтын және оның әрекеттерін жақсы білетін кездер болады. Мұндай балаға қатаң тыйым сала отырып, оның әрекеттерінің салдары қалай болатынын түсіндіру қажет. Бұл туралы онымен сөйлесіңіз. Жәбірленуші немесе агрессор ретіндегі тәжірибеңіз туралы айтыңыз. Баланың айналасына назар аударыңыз, ол ересек достарының зорлық-зомбылығына ұшырайды ма? (кейде үнемі мысқыл сөздер жеткілікті). Маманмен кеңескеннен кейін сіз балаңызбен болған жағдай туралы қалыпты түрде сөйлесе аласыз. Баланың өзі агрессор болмас үшін басқа адамдардың шекараларына деген эмпатиясы мен құрметін дамытыңыз. Бірақ егер қандай жағдай болмасын, сіздің балаңызға үнемі сыныптастары шабуыл жасаса-мектепті немесе оқу формасын өзгерту арқылы оны жарақаттан қорғаңыз. "Балалар арасындағы буллинг бұрыннан бар нәрсе. Тек қазіргі уақытта телефонға түсіріп алу, оны таратып жіберу секілді әрекеттер бұл мәселені одан бетер өршітіп жіберді. Сонымен қатар қазір буллингтің физикалық түріне қарағанда психологиялық шабуылы көбірек байқалады. Балалар арасындағы суицидтің көп белең алып кетуі де осыған байланысты. Алайда біз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz