Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары

Мазмұны

Кіріспе
1. Бастауыш сыныпта есімдікті оқытудың негізін қарастыру (немесе маңыздылығы)
1.1 Бастауыш сыныпта есімдікті оқытудың мақсат-міндеттері
1.2 Бастауыш сыныпта білім берудің тиімді жолдары (немесе Бастауыш сыныпта есімдікті оқытудың тиімді жолдары)
2. Мектеп бағдарламасында есімдіктің берілуі
2.1 Есімдіктің 4-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығында берілуі.
2.2 Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлерін;
3. Практикалық бөлім. Қысқа мерзімді жоспар (4-сынып)
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Еліміз дамып, ілгері жылжи бастаған сайын оқыту үдерісіндегі мәселелер де заманауи үлгіде қалыптасатыны белгілі. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгертуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану - заман талабы. Осы жұмысымда бастауыш сынып оқушыларына есімдікті меңгертудің жолдары қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты: есімдіктерді оқытуда оқушылардың танымдық, оқу сауаттылығын арттырудың тиімді тәсілдерін қолдану.
Зерттеудің міндеттері:
- мәтіннен есімдіктерді таба білу;
- есімдіктердің мағыналық түрлерін ажырату;
- есімдіктің түрлерін мәтіннен табу арқылы меңгерту
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушылары
Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Сабақ барысында меңгертілген тақырып негізіндегі мәтіндерінде өнегелі ұрпақ өсіп жетілуіне жол ашу. Әрбір мәтін арқылы оқу сауаттылығын меңгертіп, өмірде өз орын табуға бағыт-бағдар көрсету.
Зерттеудің әдістері: Жұмыс мақсатына сай оқытудың бірнеше тиімді әрі заманауи үлгідегі әдіс-тәсілдері ұсынылады. (галымдарды жазу)
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқулыққа қосымша тапсырмалар беру арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда тиімді тәсілдерді қолдануды ұсынамын. Оқушылардың танымдық деңгейін арттыруда алынған тәсілдерді тиімді қолдану.
Зерттеудің құрылымы: Жұмыс кіріспе бөлімнен, негізгі және практикалық бөлімдермен қоса, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің нәтижесі: есімдікті оқытудың тиімді жолдарын қосымша сабақтарда, элективті курстар мен факультатив курстарында қолдануға болады. Сондай-ақ жас мамандардың қолдануларына болады.

1. Бастауыш сыныпта есімдікті оқытудың негізін қарастыру (немесе маңыздылығы)
Мәтіннен есімдік сөздерін анықтаудың мәні зор. Есімдік пен оның мағыналық түрлерін меңгертуде оқушыларға зат есім, сын есім мен сан есімнің орнына жұмсалатын орынбасар сөз екеніне түсінік беру. Орынбасар сөзінің мағынасын аша отырып, есімдіктің қызметіне, жасалуына тоқталу. Оның сұрақтарын айта отырып, мысалдар келтірту. Жалпы есімдік ұғымын ашып алған соң, оның мағыналық түрлерін де жеке меңгерткен жөн. Ендеше, әрқайсысына жеке тоқталып өтсем.
Есімдіктің алғашқы түрі - жіктеу есімдігі зат есімдерше түрленіп, заттық ұғым беретінін атап өткен дұрыс. Жіктеу есімдігі үш жақта және жекеше-көпше түрде жіктелетінін де ескерту. Қарапайым мысалдар келтіре отырып, дәлелдеу. Нұсқау, меңзеу мағынасында жұмсалатын есімдік түрін бұл, сол, анау, осы, әне, міне сөздері арқылы меңгерту. Жауап алу мағынасында қойылатын барлық сұрақтар сұрау есімдігіне жатады. Жалпылау мен жинақтау ұғымын білдіретін де сөздер барын, оған барлығы, жалпы, барша, бүкіл т.б. сөздері жататынын мысал келтірте отырып дәлелдеу. Бір ғана өз, еш түбір сөздері арқылы да есімдіктің өздік пен болымсыздық сияқты мағыналық түрлері жасалатынын айту. Белгісіздік ұғымын білдіретін сөздерді оқушыларға оқыту отырып, оған жататын сөздерді тізіп айтқызу. Осылайша, есімдіктің мағыналық түрлерінен хабардар болған оқушының әрі қарайғы қызметімен таныса алады.

Бастауыш сыныпта есімдікті оқытудың мақсат-міндеттері
Есімдіктерді оқытуда оқушылардың танымдық және оқу сауаттылық
қабілетінің арттыруын негізге ала отырып, меңгертудің тиімді жолдарын қарастыру. Осы мақсатта оқу бағдарламасы, әдістемелік нұсқау хат пен қазақ тілі оқулығы басшылыққа алынды. Оқытудың маңыздылығы мен жолдарын ашып көрсету, сабақ барысында тапсырмалар түрлерін құрастыру, тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстар орындату сияқты мәселелер қамтылды.
Таңдалынып алынған мәтіндерден оқушылар есімдікті және оның мағыналық түрлерін ажырата алу міндеті тұрды. Оқушылар есімдікті таба отырып, мәтінмен жұмыс жасауды жүзеге асыра алатын болады. есімдіктердің мағыналық түрлерін қосымша ақпарат ретінде беріліп, тапсырмаларда оны ажырату қажеттігі туындады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай мәтіндер таңдалынып, тапсырмалар құрастырылды.

(https:stud.kzreferatshow72244 )

1.2 Бастауыш сыныпта білім берудің тиімді жолдары (немесе Бастауыш сыныпта есімдікті оқытудың тиімді жолдары)
Жалпы бастауыш сынып оқушыларын тақырыпты меңгертуде мұғалімнің
жетектеуші сұрақтары арқылы өздігінен білім алуға бағыттаймын. Бұл тәсілді әр сабақта жаңа тақырыпты меңгертуде қолданамын. Мәселен, мәтін арқылы ережені анықтау, сызбаға ережелердің жасалу жолдарын бөліп жаз, салыстыр, керегін түртіп ал деген сияқты әдіс-тәсілдерді қолданған өте тиімді. Бұндай тиімділік оқушының оқулықтағы тақырып пен өзінің айтқан ақпаратын салыстыра, толықтыра отырып игеруі. Әрине бұл жерде мұғалім қалыс қалды деген сөз емес. Қазіргі жаһанданған заманда оқушылардың білімденулеріне аса мән берілгені анық. Тақырыпты оқушыға шайнап беру уақытша алынған біліммен тең. Білім алушы әр сабақта талаптанып, еңбекпен жетуі керек. Сол себепті оқушылардың өздері еңбектене отырып, ізденген білім нәрі бойына сіңімді таралатынын байқап жүрмін. Міне, өздігінен білім алудағы тиімділік деген осы болмақ. Сондай-ақ тиімділікті жүзеге асырудағы басқа да тәсілдерімен бөліспекшімін.
Ресурстарды, көрнекіліктерді қолданудың тиімділігі неде? Оқушылардың психологиялық қабылдау жағы әр түрлі дамиды. Кейбір оқушылар құлақпен есту арқылы қабылдайтын құйма құлақтар болады, ал кей оқушылар көзбен көріп, есіне сақтап алатындары бар. Осы жайтты ескере отырып, көрнекіліктерді сабақта қолданған тиімді болады. Мысалы, есімдіктің мағыналық түрлерін, жасалу жолдары мен мысалдарын кестеге түсіріп, тақырыпты меңгерту барысында оқушыға көрсетсе, оқушы бірден есіне сақтап, қабылдап алады. Осы тәсіл жаңа тақырыпты меңгерту кезінде ғана қолданылмай, оқушыға сол кестені ережелер жинағы ретінде әр оқушының қолына беріп қойғанда нәтижесін береді. Оқушы бұл кестені тек мектепте ғана емес, үй жұмысын орындау барысында да пайдалана алады. Осылайша көзбен қабылдаған білім, ойға келіп түйінделеді. Ойдағы білім бойына сіңіп, мәңгі есте сақтауына септігін тигізеді.
Көп ұғымды аз, қысқа жеткізу тәсілі де өз нәтижесін беріп жүргенін аңғаруға болады. Ұзақ мәтіндерде берілетін ақпаратты қысқартып, тезис түрінде жазуға бастауыштан буыннан бастап-ақ дағдыландырған дұрыс деп ойлаймын. Оқушы орта буын сыныптарына келген кезде эссе жазу, шығарма жазу, шығармаға мәтін құрау сияқты тапсырма түрлері күрделене береді. Шығармашылық тұрғыда орындай отырып, мұғалімнің көздеген мақсатына жетудің оңай тәсілдерінің бірі. Есімдіктің мағыналық түрлерінің әрқайсысына берілген анықтама мен түсініктерді толық жазбай, негізгісін бөліп алып, өзінің түсінгенін өз сөзімен жазғанда тақырып оңай меңгеріледі.
Келесі бір тәсіл - сәйкестендіру әдісі. Берілген есімдіктің барлық мағыналық түрлерін жазып, екінші бағанрға оның сұрағын немесе анықтамасын (яғни жасалу жолын) жазып, сәйкестігін, дұрыс жауабын анықтату.
Сонымен қатар оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды міндетті түрде беріп отырған абзал. Шығармашылық тапсырма оқушының ой-өрісін дамытып, сыни тұрғыда өз көзқарасын білдіруге машықтанады. Меңгерген есімдіктің мағыналық түрлерін одан әрі бекіту мақсатында ертегі құрастыру тапсырмасын берген өте орынды. Соңғы сабақтардың бірінде шығармашылық тапсырма ретінде Ертегі құрастырайық айдарымен тапсырманы орындаты. Оқушыларға есімдіктің жеті түрін жеті батыр немесе жеті ата, т.б. оқушының қиялына қарай тапсырма түрін орындату баланың қызығушылығы артады. Ойын баласы жас ерекшелігіне сай ертегі жанрын жақсы көреді. Олар бұл жанрды жақсы қабылдайды. Осылайша бала қиялын жаңа тақырыппен сәйкестендіре отырып меңгерткен өте тиімді жолдардың бірі болмақ.

https:stud.kzreferatshow83079# &gid=1&pid=19 жалғастыру

2. Мектеп бағдарламасында есімдіктің берілуі

2.1 Есімдіктің 4-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығында берілуі.
Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулықтың (Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. 2 бөлімді Ә.Е.Жумабаев, Г.И.Уайсов,, Г.Т.Сәдуақас. Алматы: Атамұра, 2019. - 144 бет.) 55-бетінде есімдік туралы тақырып берілген. Оқулықта Есімдіктер: мен, сен, біз, сіз, ол, өзі, бұл, сол, кім, қанша, қайда, ешкім, әркім, ешқашан, әрқайсысы т.б. деп берілген. Ал оқулықтың 57-бетінде Мен, сен, ол сөздері жіктеу есімдіктері деп аталады. Жіктеу есімдіктері жіктеледі, септеледі делінген. Оқулықтың 60, 62-беттерінде жіктеу есімдігінің септелуі туралы жазылған. Ол беттерде жаттығуда мысал ретінде жіктеу есімдігінің түрлерін алып септеген және сұрақтары келтірілген. Жеті септіктің сұрақтары жазылып, мысал ретінде мен, сен, ол, біз, Сәуле сөздері алынған. Бұл - теориялық білімді меңгертуде берілген ақпарат. Оқулықтың осы беттерінде төмендегіше тапсырмалар берілген екен:
- жаңылтпаштан есімдікті тауып, сұрақ қою;
- берілген есімдіктерден сөйлем құрау;
- есімдіктің жазылуын есте сақтау (мұнда біріккен сөздердің жасалуын есте сақтау керектігі айтылған);
- түсіп қалған сөздің орнына есімдік түрін қою;
- қарамен жазылған сөзге сұрақ қойып, қай сөз табының орнына жұмсалатынын айтқызу;
- сұрау мәтінде берілген есімдікті табу;
- септелген есімдікті салыстыру (мысалы, мен, маған);
- жіктеу есімдігін септеу.
Жоғарыдағы тапсырмалар тек есімдікке қатысты алынған тапсырмалар. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау барысында есімдіктің жіктеу және сұрау мағыналық түрі беріледі. Ал ережеде есімдіктің барлық мағыналық түрлеріне мысалдар келтірілген. Алайда, тапсырма берілмеген. Осындай мәселеден сабақ өту барысында есімдіктің барлық мағыналық түрлері мысал арқылы көрсетілсе, тапсырмалар берілуі керек деген тұжырымға келдім. Демек, есімдіктің жіктеу мен сұрау түрінен басқа түрлеріне тапсырмалар құрастыру қажеттігі туындайды. Тақырыпты меңгертуге берілген сағат санын қамти отырып, есімдіктің қалған мағыналық түрлеріне тапсырмалар құрастырып, сол көлемге кіріктіру керек.

2.2 Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлері
Есімдікті бастауыш сыныпта тиімді оқытуда мынадай тапсырмалар түрлерін енгізуге болады:
Анықтағыш құрату. Есімдіктің мағыналық атауларын бір
бағанға қойып, ал мағыналық түрлеріне жататын сөздерді екінші бағанға қойып жазғызу. Осылайша, әрқайсысына жататын сөздерді жаттап, еске сақтап алады.

Есімдіктің мағыналық түрлері
Есімдікке жататын сөздер
Жіктеу
Мен, сен, біз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары
Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері
Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні
Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау
Дидактиканы оқытудың мақсаты
Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекі құралдар
Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту
Сөз таптары орыс
Қазақ тілінен ұйымдастырылатын оқу жұмыстары. Оның түрлері
Пәндер