Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары

Мазмұны

Кіріспе

1. Бастауыш сыныпта есімдікті оқытудың негізін қарастыру (немесе маңыздылығы)

1. 1 Бастауыш сыныпта есімдікті оқытудың мақсат-міндеттері

1. 2 Бастауыш сыныпта білім берудің тиімді жолдары (немесе Бастауыш сыныпта есімдікті оқытудың тиімді жолдары)

2. Мектеп бағдарламасында есімдіктің берілуі

2. 1 Есімдіктің 4-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығында берілуі.

2. 2 Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлерін;

3. Практикалық бөлім. Қысқа мерзімді жоспар (4-сынып)

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Еліміз дамып, ілгері жылжи бастаған сайын оқыту үдерісіндегі мәселелер де заманауи үлгіде қалыптасатыны белгілі. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгертуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану - заман талабы. Осы жұмысымда бастауыш сынып оқушыларына есімдікті меңгертудің жолдары қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты : . . .

Зерттеудің міндеттері :

- мәтіннен есімдіктерді табу;

- есімдіктердің мағыналық түрлерін ажырату;

- есімдіктің түрлерін мәтіннен табу арқылы меңгерту

Зерттеу нысаны:

Зерттеу пәні:

Зерттеудің ғылыми болжамы: Сабақ барысында меңгертілген тақырып негізіндегі мәтіндерінде өнегелі ұрпақ өсіп жетілуіне жол ашу. Әрбір мәтін арқылы оқу сауаттылығын меңгертіп, өмірде өз орын табуға бағыт-бағдар көрсету.

Зерттеудің әдістері : Жұмыс мақсатына сай оқытудың бірнеше тиімді әрі заманауи үлгідегі әдіс-тәсілдері ұсынылады. (галымдарды жазу)

Зерттеудің практикалық маңыздылығы : . . .

Зерттеудің құрылымы: Жұмыс кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімдегі теориялық және практикалық бөлімдермен қоса, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің нәтижесі: есімдікті оқытудың тиімді жолдарын қосымша сабақтарда, элективті курстар мен факультатив курстарында қолдануға болады. Сондай-ақ жас мамандардың қолдануларына болады.

1 1. Теориялық бөлім

Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері.

Әлемдік педагогикалық ойдың тарихы мен мектепте оқытудың практикасында оқытуды ұйымдастыру формалары жүйесіне берік көзқарас қалыптасты. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «Forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, Сыртқы сызық белгілі орныққан тәртіп. Философиялық сөздікте: «Түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген анықтама береді. Яғни «Түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен сабақтастықта. Жоғарыда «Түрлері» ұғымының мәнін басшылыққа отырып, оқытудың формасына былай анықтама беруге болады: «Оқыту формасы - оқу материалын меңгеруден оқушылардың өзара әрекеті». Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Ресей педагогы Чередов И. М. бойынша: «Педагогикалық іс- әрекетті бұл бірімен - бірі, өзара байланысты ықпалдасық, әсер етушілік белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым -қатынасы» деп түсіндіріледі. Оқытудың формасы - оқыту үрдісінің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс- әрекетін басқару мен оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. болып саналады. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішімін белгілейді, мұның өөзі оқушылардың білім сапасының көрсеткішімен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогикалық сөздікте: «Оқуды ұйымдастыру формасы- оудың -әдіс тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру» деп анықтама берілген.

Г. Усмановтың «Педагогика» атты оқулығында: «Оқытуды ұйымдастырудың формасы- бұл мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған? белгілі бір тәртіппен өтілетін жұмыс» деп қарастырылады.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары-белгілі бір тәртіп пен режим негізінде жүзеге асырылатын оқыту процесін ұйымдатыру тәсілі.

Мектептердің даму тарихыда ұлы педагогтардың тұжырымдамалары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның дамып жетілуі, қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүдесіне қатысты.

Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың «дидактика» деп аталатын арнаулы саласы шұғылданады. Дидактика бұл - білім мен оқытудың теориясын жасап шығаратын, педагогика саласы. Дидактиканың негізгі проблемалары оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын жасап шығару болып табылады.

«Оқытуды ұйымдастыру формасы» ұғымының мәнін ашу үшін оқыту ұғымының педагогикалық анықтамасы на тоқтала кетейік:

Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл -ойы мен жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың білім алудың қалған барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Әрбір пәнді оқыған кезде оқушылар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болды. Іскерлік - деп іс жүзіндегі қимыл шәкірт алған білімнің негізінде жүзеге асырылатын және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп айтуға болады.

Сонымен оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының мәні «Оқыту» және «Ұйымдастыру формалары» деген категориялардың жиынтығы ғана емес, олардың синтезі болып табылады.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігімен сұраныстың талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың формалары бойынша жәктеледі:

 оқушыың саны мен құрамы

 жұмыс орны

 оқу жұмысының ұзақтығы

Оқыту процесінің әрқашанда мұғалімнің басшылығымен өтеді. Сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылады. Біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуі; екіншіден оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.

Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды.

Ғалым -педагогтардың тәжірибелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың формаларын былайша топтастырылады:

- жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді) ;

- жеке жұптық (оқушы- оқушымен, мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы, жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен) айқындалады.

- жеке топтық: топ мектепте жұмысістейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған) .

- Өзара бірлескен оқыту (аталған оқыту жүйесі Англяда пайда болған, атауы Балланкастер жүйесі) .

- Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі - оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі. (Мангейм жүйесі) .

- Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші - бригадир (оқытудың бұл түрі ХХ- ғасырдың 20- жылдарына тән) .

- Американдық «Винетка- жоспар», «Грамле жоспар» және т. б.

- Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальдық, ұжымдық жұмыс және т. б)

Мектеп практикасының тарихында оқытуды ұйымдастырудың сыныптық оқу жүйесін зерделеу және қорытынды, сабақтың орнықты ғылыми теориясын жасауды алғаш рет қолға алған А. Я. Коменскии болды.

Я. А. Коменский «Ұлы дидактика» (1632) атты әйгілі еңбегінде сабақтың бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі бір уақыттағы; сабақ арасындағы үзіліс; топтағы балалардың саны мен жас шамасының біркелкілігі; материалды оқыту қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі бір ұйымдастырылған түрде өткізу мұғалімнің түсіндіруіне оқушылардың назарын аудару; оқушыларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізетін топтың түрінің тиімділігін және қажетті теория жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу аталған топтық оқытудың осындай түрі кеңіннен таралып, нығая бастады және қазірдің өзінде жетілдіру үстінде.

А. Әбілқасымованың «Қазіргі заманғы сабақ» атты еңбегінде «Оқытуды ұйымдасырудың негіәзгі формасы » сыныптық - сабақтық жүйесінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді:

 жастары және дайындық деңгейлері біркелкі оқушылар бір сыныпты құрайды және мектептегі оқыту кезеңінде негізінен тұрақты құрамын сақтап қалады.

 Сынып тұрақты кестеге сәйкес, бірыңғай жылдық жоспармен және бағдарламамен жұмыс істейді.

 Сабақ оқудың негізгі бірлігі болып саналады.

 Сабақ оқу пәніне, тақырыпқа арналады, Сондықтан сынып оқушылары сол материалмен жұмыс істейді.

 Сабақта оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық жасайды, ол аз пән бойынша оқу нәтижесін, әрбір оқушының мегеру деңгейін жекеше бағалайды және оқу жылының соңында оқушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылданды.

 Қабілеті орташа оқушыға биімділік, және нашар оқушыға қиындықтар туғызса, жақсы оқушының қабілетінің дамуын тежейді.

 Мұғалім оқытудың мазмұны, жылдамдығы, және әдістері бойынша жеке ұйымдастыру жұмыстарында оқушылардың даралық ерекшеліктерін ескеруге қиындық туғызуы;

 Ересек балалар мен жасы кіші оқушылардың ұйымдсқан түрде араласуын қамтамасыз етпеуі және т. б;

Оқыту теориясын дамытуда К. Д. Ушинскийдің ролі ерекше. Ол сабақта барлық негізгі жақтарын, «сабақтың әрір құрамдас мағынаға толы қызметке сай болуын, өйткені онсыз оқушының көптеген жақсы қасиеттерін дамыту мүмкін еместігін» талап ете отырып, талдау жасады және шығармашылықпен жұмыс істеді.

(К. Д. Ушинский. Собр. соч., 6т, с. 25)

Сабақта және оны жетілдіруге қатысты проблемаларды Ушинскиймен қатар және одан кейін де белгілі орыс педагогтары Д. А. Семенов, Н. А. Корор, М. И. Демков, Н. Ф. Каптерев және т. б. зерттеді.

1960 жылдары дидакттар және әдіскерлер сабақты ұйымдастыруды жетілдіре отырып, топтарын үлгіден бірте - бірте бас тарта бастады. Олар тақырыбы, бағдарламалардың бөлімдері бойынша өзара байланысты сабақтар жүйесін дайындауды қолға алды. Эксперименттер мен оқытудың жалпылама тәжірибесі сабақтың бұрыннан қалыптасқан теориясы мен практикасының жаңа міндеттерге сай еместігін көрсетті. Психологтар В. В. Давыдов, Л. В. Заньков., Н. А. Менчинская., Д. Б. Элкониннің зерттеулерінің арқасында балалардың психологиялық ерекшеліктері мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға құрылған, осы процесте теориялық білімі мен жалпылау ролін көтеретін оқытуға көшуге мүмкіндік беретіні түсінікті болды. Осы уақыттарда В. В. Давыдов, Л. В. Заньков, Н. А. Менчинский, И. А. Маркушевич К. И. Нешков, А. М. Пышколо П. М. Эрдиев және т. б. төменгі сынып оқушыларын математикадан тәжірибелі оқытуда нәтиже берген идеалары кеңінен тарай бастады.

Сабақ теориясы мен практикасының жағдайын дәлірек анықтау үшін қазіргі бастауыш мектептің өзіндік келбеті бәрінен бұрын оқушыларды оқыту толыққанды қызметін және оқуға сұранысы мен ынтасын топтастыруға бағытталуы тиіс бұрынғыша тек қана пәнді білімді, оқу, жазу және есептеу білімі мен дағдысын меңгерумен шектелмеуі тиіс. Осыған орай, оқытудың барлық мазмұны, әдістері, құралдары сабақты оқыту процесін ұйымдастыру осы мақсаттарға жетуге ғана бағытталуы тиіс.

Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру процесінде оқытудың мазмұнын, әдістерін және құралдарын дамытуға бағытты күшейтудің әсерінен сабақ әдістерінің проблемасы өткір тұрды. Осы уақыттарда педагогтардың, психологтардың жүргізген белгілі эксперименттік зерттеулерінің арқасында бұрын қалыптасқан сабақ әдістемесі, оның мазмұны және ұйымдастыруы оқушыларды оқытудың жаңа талаптары мен міндеттеріне сай еместігі анықталады.

Сонымен жоғарыда аталған оқыту жұмысын ұйымдастырудың формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін келесі 3- сызбанұсқа арқылы көрсетуге болады.

Жоғарыда көрсетілген оқу жұмысын ұйымдастыру формаларын оқу процесінде пайдалану бастауыш сыныптарда өте тиімді. Сондай -ақ бастауыш сыныпта оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда және танымдық іс -әрекетін дамытуда оқытудың басқа да формаларын пайдалану ерекше мәнге ие болып саналады. Осыған байланысты келесмі тақырыпта оқу -тәрбие процесінде оқытудың түрлі формаларын пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамыту факторы ретінде қарастырылады.

1. 2 Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары - бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамытудың негізгі факторы.

Біздің елімізде жеті жылдық жалпы білім беруді (1949) енгізгенге дейін бастауыш мектеп өз бетінше тұйықталған, оқшауланған күйде болды. Көптеген балалар бастауыш сыныпты бітірісімен білім алуды аяқтап, алған білімдерімен шынайы өмірге араласты. Тек аз ғана бөлігі білім алуды немесе кәсіптік оқуды жалғастырды. Ол кезде бастауыш мектеп өзінің әлеуметтік міндетін атқарды - балаларды практикалық өмірге дайындады. Оның өз түлектерін қажетті практикалық біліммен, оқу, жазу және есептеу дағдысымен, машықтарымен қаруландыруы өте орынды еді.

Бастауыш білім берудің бір кездердегі мұндай жалпы мақсатты әлеуметтік сұранысқа толығымен сәйкес келді және оқытудың өзіндік мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын талап етті. Ол кездегі оқу бағдарламалары мен жоспарларына географиялық, математикалық және бастауыш мектепті бітірісімен бірден өндіріске баратын оқушыларға қажетті басқа шарттарды пропедевтикалық таныстыру енгізілген. Бұл фактілерді оқушылар саналы игеруі мүмкін. Сондықтан да сабақтар, қолданылатын оқыту әдістері тапсырманы белгілі үлгі бойынша орындауға бағытталды және оқушының атқарушылық, өндірушілік (репродуктивті) қызметінің басымдығын анықтады. Бұл кезеңдерде бастауыш сыныптарда оқытудың түрлі формаларын пайдалану білімді дайын түрде игеруге бағытталды.

Д. Б. Эльконин осы кезеңдердегі бастауыш мектептердегі оқытудың принциптері мен тәсілдерін талдай келе, оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларында білімді игеру мынадай үш буыннан тұрады деп атап көрсетті:

1) мұғалім өмір шындығының қандай да бір саласы туралы мәлімет береді және түсіндіреді, ал оқушы оны қабылдай отырып, өзінің даму деңгейіне сәйкес түсінуге және есте сақтауға тырысады;

2) мұғалім бірнеше біртектес міндеттер ұсынады, кейде шешімінің үлгісін көрсетеді, ал оқушы осы үлгіні қабылдайды немесе қарапайым міндеттерді шешуге білімін өз бетінше қолдануға тырысады, яғни көптеген біртектес жаттығуларды атқару арқылы білімін, білігін және дағдысын бекітеді.

19 - 20 жылдары мектептерді құлдырататын сенімсіз педагогикалық тұжырымдамаларға орай “жобалар әдісі” деген атты икемденген оқыту формасы пайда болды. Оқушылар ауылшаруашылығы өндірісіне, сондай-ақ тұрмыстық еңбекке қатысты тапсырмаларды орындауы тиіс болды. Мысалы, белгілі бір тауық санына сәйкес тауыққора жобалауға тапсырма беріледі. Оқытудың осы формасын жасаушылардың ойынша, балалар сызбаларды, есептеулерді жасау процесінде математикадан, ана тілінен, физикадан, химиядан, сызудан, суреттен, еңбектен және басқа да пәндерден кешенді білім алды. Оқытуды ұйымдастырудың бұл формасы үзіп-жұлма, кездейсоқ білім алуға алып келді, әрине, кейбір жекелеген оқу сабақтарын пәнаралық байланыстарды, ынта мен ықыласты арттыру мақсатында осылай жүргізу тиімді болса да, ол оқу пәнінің мазмұнына, жүйелілігіне, ғылымилығына кері әсер етті.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л. С. Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

- оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;

- оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

- оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;

- оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

- Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептеді;

- Н. А. Менчинская, Д. И. Богоявленская, Е. А. Кабанова, Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл - ой іс-әрекетінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

- Б. Г. Ананьев, А. А. Любинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;

- Л. В. Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ен бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жекізуге болады деп тұжырымдайды;

- П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекетінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;

- Т. В. Кудрявцев, А. М. Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың рөлін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.

Психологиялық және педагогикалық теорияларды қорытындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі түсініктер енгізілді:

- даму бұл организмнің жүйке жүйесінің психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерістерінің көрінісі;

- оқыту - қоғамның - тарихи тәжірибені мақсатты жүргізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгерудің ұйымдастыру процесі.

Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлттық, көпқырлы дәстүрлі, ұлттық психологияны сипаттайды. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты рөлді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я. А. Коменский, И. Песталоцци, И. Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.

Бүгінгі ұстаздардың білім беру жолы тек сабақпен шектелмейді. Ол әртүрлі қосымша сабақ, өз бетінше білімін жетілдіру, ақпарат құралдары арқылы оқу т. б. Осылардың нәтижесінде сабақтың көп түрі жүйесі қалыптасуда.

1. 3 оқытудың маңыздылығы . . .

Мәтіннен есімдік сөздерін анықтаудың мәні зор. Есімдік пен оның мағыналық түрлерін меңгертуде оқушыларға зат есім, сын есім мен сан есімнің орнына жұмсалатын «орынбасар сөз» екеніне түсінік беру. «Орынбасар» сөзінің мағынасын аша отырып, есімдіктің қызметіне, жасалуына тоқталу. Оның сұрақтарын айта отырып, мысалдар келтірту. Жалпы есімдік ұғымын ашып алған соң оның мағыналық түрлеріне меңгерткен жөн. Ендеше, әрқайсысына жеке тоқталып өтсем.

Есімдіктің алғашқы түрі - жіктеу есімдігі зат есімдерше түрленіп, заттық ұғым беретінін атап өткен дұрыс. Жіктеу есімдігі үш жақта және жекеше-көпше түрде жіктелетінін де ескерту. Қарапайым мысалдар келтіре отырып, дәлелдеу. Нұсқау, меңзеу мағынасында жұмсалатын есімдік түрін «бұл», «сол», «анау», «осы», «әне», «міне» сөздері арқылы меңгерту. Жауап алу мағынасында қойылатын барлық сұрақтар сұрау есімдігіне жатады. Жалпылау мен жинақтау ұғымын білдіретін де сөздер барын, оған «барлығы», «жалпы», «барша», «бүкіл» т. б. сөздері жататынын мысал келтірте отырып дәлелдеу. Бір ғана «өз», «еш» түбір сөздері арқылы да есімдіктің өздік пен болымсыздық сияқты мағыналық түрлері жасалатынын айту. Белгісіздік ұғымын білдіретін сөздерді оқушыларға айтқыза отырып, оған жататын сөздерді тізіп айтқызу. Осылайша есімдіктің мағыналық түрлерінен хабардар болған оқушының әрі қарайғы қызметімен таныса алады.

1. 3

2.

2. 1 Бастауыш сыныпта білім берудің тиімді жолдары

Жалпы бастауыш сынып оқушыларын тақырыпты меңгертуде мұғалімнің

жетектеуші сұрақтары арқылы өздігінен білім алуға бағыттаймын. Бұл тәсілді әр сабақта жаңа тақырыпты меңгертуде қолданамын. Мәселен, мәтін арқылы ережені анықтау, сызбаға ережелердің жасалу жолдарын бөліп жаз, салыстыр, керегін түртіп ал деген сияқты әдіс-тәсілдерді қолданған өте тиімді. Бұндай тиімділік оқушының оқулықтағы тақырып пен өзінің айтқан ақпаратын салыстыра, толықтыра отырып игеруі. Әрине бұл жерде мұғалім қалыс қалды деген сөз емес. Қазіргі жаһанданған заманда оқушылардың білімденулеріне аса мән берілгені анық. Тақырыпты оқушыға «шайнап беру» уақытша алынған біліммен тең. Білім алушы әр сабақта талаптанып, еңбекпен жетуі керек. Сол себепті оқушылардың өздері еңбектене отырып, ізденген білім нәрі бойына сіңімді таралатынын байқап жүрмін. Міне, өздігінен білім алудағы тиімділік деген осы болмақ. Сондай-ақ тиімділікті жүзеге асырудағы басқа да тәсілдерімен бөліспекшімін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытуда берілетін тапсырмалар түрлері
Дидактиканы оқытудың мақсаты
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту
Қазақ тіліндегі есімдіктердің пайда мен есімдіктердің даму тарихы туралы ғалымдардың пікірінен мағлұмат беру және есімдіктердің өзіндік ерекшелігін танытудың жолдарын айқындау
Қазақ тілі сабағында есімдіктерді оқыту әдістері
Қазақ тілінен ұйымдастырылатын оқу жұмыстары. Оның түрлері
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекі құралдар
Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні
Бастауыш сынып оқыту процесіне жаңа оқу - әдістемелік кешенді енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz