Заңды тұлғаның жарғысында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1. Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі . . . 5

2. Коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі . . . 7

3. Коммерциялық заңды тұлғаларды құру тәртібі . . . 9

4. Коммерциялық заңды тұлғаны қайта құру . . . 11

5. Комммерциялық заңды тұлғаны тарату негіздері . . . 12

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 16

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Коммерциялық заңды тұлға - өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейді. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

Жұмыстың өзектілігі . Коммерциялық заңды тұлғаның өз атынан айналымға қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі. Олардың сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, заңды тұлғаның құрылу және қайта құрылу ережелерін сақтай отырып, басқа ұйым ретінде қайта құрылып, өз жұмысын ары қарай да атқаруға мүмкіндік береді. Заңды тұлға туралы мәселелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің тұтас тарауымен, яғни 33-57 баптармен қаралған.

Зерттелу деңгейі. Қазақстан ғалымдарының еңбектері құрайды. Олар: Ғ. А. Жайлин, М. К. Сулейменов, Ғ. Төлеуғалиев т. б. Әдістемелік негізін зертеу пәнін жан жақты қарастырумен айқындалатын, танудың жалпы философиялық, диалектикалық әдіспен базалық ерекшіліктері құрайды. Зерттеу жұмысының практикалық негізін осы тақырып бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстар «Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы» пәні бойынша қолданылуы мүмкін.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты -Коммерциялық заңды тұлғалардың сипаттамасын қарастырып, коммерциялық заңды тұлғаларды құру, қайта құру, тоқтату тәртібіне тоқталу болып табылады.

Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:

  • коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі туралы сипаттама беру:

коммерциялық заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі туралы мәселелерді қарастыру:

коммерциялық заңды тұлғаларды құру, қайта құру тәртіін талдау:

комммерциялық заңды тұлғаны тарату негіздерін қарастыру.

Курстық жұмыстың объектісі - коммерциялық заңды тұлғалардың түрлерін реттейтін қоғамдық қатынастар

Курстық жұмыстың пәні -коммерциялық заңды тұлғалардың құқықтық режимі

1. Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі

Азаматтардан (жеке тұлғалардан) басқа, заңды тұлғалар - ұйымдар азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады. Қазақстан Республикасы АК-нің 33-бабына сәйкес «Өзінің жеке мүлкі бар, өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып алатын және жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады» [1] .

Заңды тұлғаның негізгі белгісі-оның мүліктік оқшаулануы және одан туындайтын өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілік .

АК-нің 34 бабына сәйкес, «Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялы ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірілмейтін(комерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады» [1] .

Коммерциялық үйым боп табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. »

Ғ. Төлеуғалиевтің пікірінше «Азаматық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес «заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады» [1] . Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны атауы заңды тұлғаны тіркегенен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың біріңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркеліуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтың (құқықтың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі болып табылады »[2] .

Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.

Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатының және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Азаматық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгелі бір дәрежеде шектеу жасайды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан ( олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол бермейді.

Заңды тұлғаның тұрған жері. А. П. Сергееваның айтуы бойынша, «заңды тұлғаның туған жері іс жүзінде (міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және т. б анықтауда да) өте маңызды»[3] . Азаматтық кодекстің 39-бабында, «заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істйтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады»[1] .

2. Коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі

Коммерциялық ұйымға қатысты ережелер АК-ның 7-тарау «заңды тұлғалар» ережелермен реттеледі. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.

Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгеленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгеленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезден тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ған айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. АК-тің 35-бабның 1-ші тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық үйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.

Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.

АК-те арнайы құқық қабілетілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі әре олар қызмет аясына сай келетін құқықтармен міндеттерді еншілей алады.

Ал коммерциялық ұйымдар болса, керсінше арнайы құқық қабілеттілігіне жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтедің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ен бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі приципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие. Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттарында көрсетілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қандай да түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.

АК-тің 37-бабында айтылғандай, «заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады» [1] .

Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаны ұсыныстармен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алда заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тін 44-бабының 4-ші тармағы) . Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.

Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы айқындалады.

АК-тегі 37-бабтың жалпы ережесі заңды тұлғалардың нақты түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі.

Заңды тұлғаның органдары арқылы немесе жеке дара болуы мүмкін.

Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттері ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес мойнына алуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтарды болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заң актілерінде көзделген жағдайларда белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшін басқа қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі мүмкін. Заңды тұлға тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болады және оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болады және ол алып қойылған, қолданыс мерзімі өткен немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

3. Коммерциялық заңды тұлғаларды құру тәртібі

АК-ке заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. АК-тің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органың келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

АК құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқада оған қойылатын талаптарды айқындайды.

АК-тің 41-бабына «сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін»[1] . Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативы, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзгеде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін-құрылтайшылар беркіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін- жарғы боп табылады («Коммерциялы емес ұйымдар туралы » Заңның 21-бабы) .

Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. АК-тің 41-бабаның 3-тармағына сәйкес шаруашылық серіктестікпен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс.

Ғ. Жайлин пікірінше «Басым көпшілік жағдайларда құрылтайшы болып жеке меншік мемлекеттік меншік иесі болып келеді. Заңнамада қарастырылған жағдайларда заңды тұлға мүлкінің иесінен өзге субъектілерде құрылтайшы болып келуі мүмкін»[3] .

Заңды тұлғалар құрылтайшылары туралы жалпы ережелер ҚР АК-ның 40-бабында қарастырылады. Заңды тұлғалардың бөлек ұйымдық-құқықытық нысандары үшін құрылтайшыларына қойылатын талаптар арнайы заңнамамен қарастырылады.

Жалпылама мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтацшылары бола алады. Бұл орайда, мұлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғада, егер ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе, меншік иесінің немсе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғаларды құрылтайшылары бола алады.

Заңды тұлғаның құрылтайшылары, ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бір артықшылықтарға ие бола алмайды.

Заңды тұлғалардың заңнамамен қарастырылган құрылтай құжаттары болады. Егер осы ҚР-ның АК немесе ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметін жарғысы және құрылтай шарты негізінде, немесе егер заңды тұлғаны бір тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресімделген шешімі ( жалғыз құрылтайшының шешімі) негізінде жүзеге асырады. ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрі жөніндегі жалпы ережелер негізінде іс-әрекет жасай алады.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін ҚР-ның Үкіметі мазмұнын белгілейтін үлге жарғының негізінде жүзеге асыра алады.

Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекітеді. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бір адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.

Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттік кәсіпорының құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметінін мәні мен мақсаты белгіленуге тиіс.

Шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғамы мен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.

Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне (оралымды басқаруына) өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудің, заңды тұлға қызметін басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртәбі де белгеленеді және оның жарғысы бекітіледі.

Құрылтай шартына құрылтайшылардың келісуі бойынша басқа да ережелер енгізілуі мүмкін.

Жалғыз құрылтайшының шешеімі мүліктерді меншікке беру (шаруашылық жүргізі оралымды басқару) шарттарын және ҚР-ның заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шешімдерді қамтуға тиіс.

Жлағыз құрылтайшының- заңды тұлғаның шешімін ҚР-ның заңдарына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешім қабылдауға құқығы бар органдары қабылдайды.

Заңды тұлғаның жарғысында; онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті, оның қызметін қайта құру және жою ережелері белгіленеді.

Егер заңды тұлғаның бір адам құрса, онда оның жарғысында мүлікті құру және кірістерді бөлу тәртібі де белгіленеді.

Жарғыда ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін басқада ережелер болуы мүмкін.

Бір заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болаған жағдайда:

  1. Егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;
  2. Егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолдануға тиіс.

Барлық мүдделі адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.

4. Коммерциялық заңды тұлғаны қайта құру

Заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыру барысында нарықта неғұрлым тұрақты өмір сүруді қамтамасыз ету үшін оның ұйымдық құрылымын оңтайландыру қажеттілігі туралы мәселе туындауы мүмкін. Мұндай өзгерістер заңды тұлғаның құрылтайшыларының (қатысушыларының) өз бизнесін нарықта ұқсас тауарлар мен қызметтерді сатумен айналысатын басқа ұйымдармен біріктіру ниетінен немесе олардың серіктестіктері бұзылған жағдайда коммерциялық кәсіпорынды бөлуге деген ұмтылысынан туындауы мүмкін. Сонымен қатар, белгілі бір себептерге байланысты кәсіпорынның қолданыстағы ұйымдық-құқықтық формасын өзгерту ниеті туындауы мүмкін. Мұндай құрылымдық өзгерістер заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы заңда көзделген нысандардың бірінде ресімделеді: бөлу, біріктіру, қосылу, бөлу немесе қайта құру.

Заңды тұлғалар біріккен кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері тапсыру актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді. Бірігу кезінде екі (немесе одан да көп) заңды тұлға өмір сүруін тоқтатады - және бір жаңасы пайда болады. Біріктіру нысанындағы қайта ұйымдастыру жаңадан пайда болған заңды тұлға мемлекеттік тіркелген кезден бастап аяқталды деп есептеледі (ал қайта ұйымдастырылғандар өз қызметін тоқтатты деп есептеледі) .

Заңды тұлға басқа заңды тұлғаға қосылған кезде берілген актіге сәйкес қосылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері соңғысына өтеді. Қосылған жағдайда бір заңды тұлға (қосылатын) өмір сүруін тоқтатады және өзінің барлық мүлкімен бірге басқасының құрамына құйылады (оған қосылу орын алады) . Қосылу нысанын қайта ұйымдастыру мемлекеттік тізілімге қосылған заңды тұлғалардың соңғысының қызметін тоқтату туралы жазба енгізілген сәттен бастап аяқталды деп есептеледі.

Заңды тұлға бөлінген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға өтеді. Бөлінген жағдайда бір заңды тұлға екіге (немесе одан да көп) бөлінеді, нәтижесінде бөлінуші өмір сүруін тоқтатады - және оның орнында екі (немесе одан да көп) жаңа заңды тұлға пайда болады. Бөлу түріндегі қайта ұйымдастыру аяқталды, ал қайта ұйымдастырылған компания жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың соңғысы мемлекеттік тіркелген сәттен бастап өз қызметін тоқтатты деп есептеледі.

Заңды тұлға құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлға бөлінген кезде олардың әрқайсысына бөлу балансына сәйкес қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады. Белгілі бір заңды тұлға құрамынан бөлінген жағдайда бір (немесе одан да көп) жаңасы бөлінеді, бұл ретте бұрынғысы өзінің өмір сүруін сақтайды және онымен бірге жаңасы (бөлінген) жұмыс істей бастайды. Бөлу нысанындағы қайта ұйымдастыру жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың соңғысы мемлекеттік тіркелген кезден бастап аяқталды деп есептеледі.

Бір түрдегі заңды тұлғаны басқа түрдегі заңды тұлғаға айналдырған (ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген) кезде беру актісіне сәйкес қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. Қайта құру нысанында қайта құру кезінде заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгереді. Қайта құру нысанындағы заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру жаңадан пайда болған заңды тұлға мемлекеттік тіркелген кезден бастап аяқталды деп есептеледі. Қайта құру кезінде заңды тұлғалардың барлық активтері мен міндеттемелері, құқықтары мен міндеттері бұрынғы күйінде сақталады (беру актісі бойынша беріледі)

5. Комммерциялық заңды тұлғаны тарату негіздері

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз- бұл оны заңды тұлғалардың мемлекеттік тізімінен шығару жолымен заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін тоқтату. Заңды тұлғаны тарату кезінде заңды тұлғаны қайта құру кезінде сияқты құқықтық мирасқорлық орын алмайды.

Заңды тұлғаны тарату ерікті және ықтиарсыз болуы мүмкін. Заңды тұлғаны ерікті тәртіппен тарату оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органың шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттары уәкілдік берген заңды тұлға органының шешімімен кез келген негіздер бойынша жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалардың түрлері
Заңды тұлға ұғымы жайында
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар
Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері
Заңды тұлғалар ұғымы, атауы, тұрған жерi мен тұлғаның органдары, олардың құқық қабілеттіліктері
Өндiрiстiк кооперативтің –коммерциялық ұйым ретінде заңды тұлға ретiнде түсінігі
Коммерциялық заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
Коммерциялық емес ұйымдар
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz