Глоссарий


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК ФАКУЛЬТЕТІ

ГЛОССАРИЙ

ОРЫНДАҒАН: ЕСКОЖА А. ЭО-113К

ТЕКСЕРГЕН: ҚУАНДЫҚОВА ЭЛЬНАРА

АЛМАТЫ 2014 ж

  1. АВТОТРОФТАР -қорек ретінде бейорганикалық заттарды пайдаланатын организмдер. (жасыл өсімдіктер)
  2. АГРОЦЕНОЗ- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін адам қолымен жасалған жасанды экожүйе (шалғындық, бау-бақша және т. б)
  3. АДАПТАЦИЯ- тірі организмдердің қоршаған ортаның жағдайларына бейімделуі.
  4. АЛЛЕЛОПАТИЯ- зат алмасу өнімдері арқылы өсімдіктірдің бір-біріне химиялық әсер етуі.
  5. АМЕНСАЛИЗМ- бірге тіршілік ететін түрлердің бірінің зиян да, пайда да алмай, екінші түрдің зиян шегуі.
  6. АНАБИОЗ- қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары кезінде (температураның өзгеруі, ылғал тапшылығы) организмдердің уақытша өмір сүруін тоқтатуы.
  7. АРЕАЛ- тірі организмдер немесе қауымдастық топтарының таралған жер бетінің бөлігі.
  8. АЭРОЗОЛЬ- газ тәрізді ортада кездесетін заттардың қатты немесе сұйық бөлшектері.
  9. БӘСЕКЕЛЕСТІК- қоршаған ортаның ортақ ресурстарын (территория, қорек) пайдаланған кезде пайда болатын әр түрге жататын немесе бір түрге жататын организмдер арасындағы қарым-қатынас.
  10. БЕНТОС- көл, теңіздердің түбінде тіршілік ететін организмдер (бактериялар, балдырлар) .
  11. БИОМАССА- белгілі бір көлемде немесе аумақта тіршілік ететін тірі организмдердің салмағы.
  12. БИОСФЕРА- бүкіл тірі организмдер тіршілік ететін және планетаның осы организмдермен зат алмасуда болатын Жер қабаты, яғни атмосфераның төменгі, бүкіл гидросфера және литосфераның жоғарғы қабаты.
  13. БИОЦЕНОЗ- белгілі бір жерде тіршілік ететін өсімдіктер (фитоценоз), жануарлар (зооценоз) және микроорганизмдер (микробиоценоз) топтарының жиынтығы.
  14. ГАЛОФИТТЕР- тұзды топырақтыларда (шөл, шөлейт, теңіз жағасы) өсетін өсімдіктер.
  15. ГЕТЕРЕТРОФТАР- қорек ретінде органикалық заттарды пайдаланатын организмдер (саңырауқұлақтар, жануарлар) .
  16. ГИДРОБИОНТТАР - үнемі суда тіршілік ететін және тіршілік циклының бір бөлігі суда жүретін (кебір насекомдардың личинкалары) организмдер.
  17. ГОМОЙОТЕРМИЯ- қоршаған ортаның температурасына тәуелсіз, дене температурасын үнемі бір қалыпта ұстайтын организмдер (құстар, сүт қоректілер) .
  18. Д. АДЛЕН ЕРЕЖЕСІ- жылы қанды жануарлардың бір түрге не жақын түрлерге жататын особьтарының кейбір дене бөліктерінің (аяқтары, құйрық, құлақтары) мөлшерінің солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысқан сайын ұлғаюы.
  19. ДОМИНАНТ ТҮРЛЕР- қауымдастықтағы ең көп мөлшерде кездесетін түрлер.
  20. ДЕТРИТ- организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.
  21. ЖЫРТҚЫШТЫҚ- әр түрге жататын жануарлардың бірін - бірі аулап, ұстап қорек етуі.
  22. ЗООЦЕНОЗ- белгілі бір биоценоздағы жануардың қауымдастығы.
  23. ЗООФАГТАР- жануарлармен қоректенетін организдмер (канибализм) .
  24. ЗООХОРИЯ- өсімдіктердің жемістерінің тұқымдарының спораларының жануарлар арқылы таралуы.
  25. ИНТРОДУКЦИЯ- өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтарының тіршілік ету ареалынан басқа жаңа табиғи климаттық жағдайға ауыстыру.
  26. К. БЕРГМАН ЕРЕЖЕСІ- географиялық өзгеріске ұшыраған жылы қанды жануарларды особьтардың дене мөлшері ареалдың суық аудандарында мекендейтін популяцияға қарағанда үлкен болады.
  27. КОММЕНСАЛИЗМ- белгілі ортада тіршілік ететін бір түрлердің екінші түрлерге зиян келтірмей, қалдықтарымен қоректенуі.
  28. КОНСОРЦИЯ- бір түрге жататын особьтардың денесінде тіршілік ететін әр түрлі организмдер.
  29. КОНСУМЕНТТЕР- гетеротрофты организмдер (негізінен жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануарлар қоректі зоофактар) органикалық заттармен қоректенетіндер.
  30. ҚЫШҚЫЛ ЖАҢБЫРЛАР- атмосфералық қалдықтардың жауын, қар, тұманның құрамындағы техногенді қалдықтар әсерінен олардың қышқылдығы қалыпты мөлшерден артып кетеді, pH 5, 6- дан кіші болады.
  31. ҚОРЕҚТІК (ТРОФИКАЛЫҚ) ТІЗБЕКТЕР- биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңындағыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергияның тасымалдануы.
  32. ЛАНДШАФТ- негізгі компоненттері (рельеф, климат, су, топырақ, өсімдіктер, және жануарлар әлемі) күрделі қарым-қатынаста болып, біркелкі жүйе құратын табиғи географиялық комплекс.
  33. МАКРОЭКОЛОГИЯ- классикалық экологияның ең негізгі тұжырымдары, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім, адам экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.
  34. МЕЛИОРАЦИЯ- ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерді жақсарту.
  35. МЕТАБОЛИЗМ- организмдегі, биологиялық системадағы зат пен энергияның алмасуы.
  36. МИНИМУМ ЗАҢЫ (Ю. ЛИБИХ ЗАҢЫ) - өнімділік потенциал (организмдердің, популяциялардың түрдің өнімділігі, тіршілік қабілеті) басқа барлық жағдайлар қолайлы болса да, ортадағы ең аз мөлшердегі фактормен шектеледі (толеранттылық заңын қараңыз. )
  37. МИМИКРИЯ- өсімдіктер мен жануарлардың сырт көріністерінің тірі және өлі табиғатқа ұқсас бейімделуі.
  38. МОДИФИКАЦИЯ- қоршаған орта әсерінен (температура, ылғал және т. б. ) организм белгілерінің тұқым қуаламай (фенотипті ) өзгеруі.
  39. МОНИТОРИНГ (ЭКОЛОГИЯЛЫҚ) - қоршаған орта жағдайларының сапасын және биологиялық объектілердің жағдайын бақылау.
  40. МУТАЦИЯ- организмнің тұқым қуалау белгілерінің (генотипінің) табиғи немесе жасанды жолмен (химиялық заттар, радияция) өзгеруі.
  41. НЕЙТРАЛИЗМ- бір территорияда тіршілік ететін түрлердің бір-біріне зиянын да, пайдасын да тигізбей бірге тіршілік етуі.
  42. НООСФЕРА- ойлаушы қабат, ақыл- ой сферасы, В. И. Вернадскийдің сөзімен айтқанда, адамның ақыл-ой әрекет нәтижесінде биосфераның сапалық жағынан жаңа, жоғарғы сатыдағы даму кезеңі.
  43. ОЗОН ҚАБАТЫ-тірі организмдер үшін аса қауіпті қысқа толқынды Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының (О3) жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.
  44. ПАРАЗИТИЗМ- бір түрдің екінші түрді тіршілік ортасы етіп өмір сүруі және сол организм арқылы қоректенуі.
  45. ПАРНИКТІК ЭФФЕКТ- күннің жылу сәулелерін сіңіретін парниктік газдардың мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температурасының жоғарылауы.
  46. ПЕСТИЦИДТЕР-ауыл шаруашылық дақылдарын арам шөптердің (гербицидтер) насекомдардың (инсектицидтер), саңырауқұлақтардың (фунгицидтер), т. б зиянды әсерінен қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар.
  47. ПИРАМИДА (ЭКОЛОГИЯЛЫҚ) - биозеноздардың қоректік деңгейлері -продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамида), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энергиясы (энергия пирамидасы) бойынша графикалық бейнеленуі.
  48. ПОЙКИЛОТЕРМИЯ- қоршаған ортаның температурасына байланысты дене температурасы да өзгеріп тұратын организмдер (микроорганизмдер, өсімдіктер, омыртқасыздар) .
  49. ПОЛЛЮТАНТТАР- ортаның техногенді ластаушылары - ауада- аэропланктондар, суда- гидрополлютанттар, топырақта- терраполлютанттар.
  50. ПОПУЛЯЦИЯ- салыстырмалы бірдей экологиялық жағдайлардағы кеңістікті мекендеп, генофонды ортық, бір - бірімен еркін будандасып өнімді ұрпақ беретін особьтардың жиынтығы.
  51. ПРОДУЦЕНТТЕР- органикалық заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер (негізінен, жасыл өсімдіктер)
  52. РЕДУЦЕНТТЕР- өлі органикалық заттармен қоректеніп, бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдер.
  53. РЕКУЛЬТИВАЦИЯ- бұзылған табиғи ландшафтарды, бұзылған жерлердің өнімділігін қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.
  54. САПРОФАГТАР- өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детрифагтар) .
  55. СИМБИОЗ- әр түрге жататын организмдердің бір-біріне тек пайда әкеліп, бірге селбесіп тіршілік етуі.
  56. СИНЭКОЛОГИЯ- көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.
  57. СУКЦЕССИЯ-белгілі тіршілік ортасындағы организмдердің түр құрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.
  58. ТАКСОН- бір бірімен туыс, бірақ жеке түр, туыс, тұқымдас т. б. таксономиялық категорияларға ие бола алатын организмдер топтары.
  59. ТЕРАТОГЕНДЕР- организмдерге әсер ету арқылы олардың ұрпақтарында аномалиялар туғызылатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі.
  60. ТЕХНОСФЕРА- адамзаттың әлеуметтік -экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін техникалық құралдардың көмегімен өзгертілген биосфераның бір бөлігі.
  61. ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ЗАҢЫ (В. ШЕЛВОРД ЗАҢЫ) - белгілі жағдайларда пессимальді мәнде болатын орта факторлары басқа оптимальді жағдайларға қарамастан түрдің сол жағдайларда тіршілік ету мүмкіндіктерін шектейді.
  62. ТІРШІЛІК ОРТАСЫ- тірі организмді қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі (сулы орта, құрлықты-ауа ортасы, топырақ, организмдердің өзі)
  63. РЕДУЦЕНТТЕР- органикалық заттарды жай бейорганикалық заттар - су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Қашықтықтан оқытуды іске асыруға арналған MOODLЕ жүйесі
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
МДҰ әдістемелік кабинет
JavaScript- та бағдарламалау
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Психоллогия консультация жайлы анықтама беру
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz