Нұр Строй Ақтау ЖШС



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

6В04101 - МЕНЕДЖМЕНТ

(Бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың
4 оқу курсы
дипломалды тәжірибе бойынша
Айладырова Қымбат Қайратқызы
ЕСЕБІ

ТЕКСЕРІЛДІ:

Кәсіпорныннан тағайындалған Университеттен тағайындалған
тәжірибе жетекшісі: тәжірибе жетекшісі:

Мекеме басшысы: Адеков Н.К. Профессор м.а. Бодаухан Г. .
(лауазым, Т.А.Ә. кәсіпорын жетекшісі) (лауазым, Т.А.Ә. университет жетекшісі)

___________ _____________________________ __________ _________________________________
(баға) (қолы) (баға) (қолы)

___________________________________ _______ ___________________________________ __________
(күні) (күні)

АҚТАУ 2024 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Нұр Строй Ақтау ЖШС тарихы және сипаттамасы 4
1.2 Нұр Строй Ақтау ЖШС-ның қызметiнiң негiзгi бағыттары, ұйымның ішкі және сырткы ортасы 6
II. Нұр Строй Ақтау ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ SWOT ТАЛТАУ
2.1 Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің SWOT-талдау бойынша қорытындылары және бәсекеге қабілеттілігін бағалау 11
2.2 Ұйымның қаржы-экономикалық қызметін талдау 16
III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Өндірістік тәжірибенің күнтізбелік жоспарының орындалуы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Кіріспе
Мен Ш. Есенов атындағы КТИУ, Бизнес және құқық факультетінің, Менеджмент кафедрасына қарасты МЕН-20-1 тобының 4 курс студенті Айладырова Қымбатпын.
Мен 22.01.2024-13.04.2024 жж. аралығында өндірістік тәжірибені Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында Нұр Строй Ақтау ЖШС-да өттім. Жалпы бұл компанияда өзіме қажетті көп мағлұмат алдым және тәжірибе жинадым деп айта аламын.
Тәжірибені өткізу орны ретінде Нұр Строй Ақтау жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдалды.
Өндірістік тәжірибеден өту барысында мекемемен, оның құрылымымен, өнімнің технологиясымен, өндірістік және басқарушылық бөлімшелердің негізгі қызметтерімен таныстым.
Тәжірибе кезінде студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбекті қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, оларды жұмыс барысында қолдану қажет.
Практикадан өту кезiнде жалпы кәсiптiк және арнайы пәндерді оқу кезiнде алынған теориялық бiлiмдi бекiту, тереңдету және жүйелеу, сондай-ақ осы бiлiмдi өндiрiстiк жағдайда қолдану мақсаттары қойылды.
Практикадан өту кезiндегі менiң мақсатым:
кәсiпорында жұмысты ұйымдастыруды зерттеу;
теориялық алған білімімді тәжірибе жүзінде шыңдау;
кәсіпорынның басқару құрылымдарымен және бөлiм кызметкерлерiнiң функционалдық мiндеттерiмен танысу;
жеке тапсырмаға сәйкес материалдарды жинау, талдау;
нақты жұмыс орнында жұмыс істеу дағдыларын игеру.
Нұр Строй Ақтау ЖШС мақсаты - құрылыс-жөндеу жұмыстарының толық кешенін орындау, қолжетiмдi нысандарымен камтамасыз етiп, компания имиджiн калыптастыру болып табылады. Бұл компания iргесi қаланғалы бері орасан еңбектiң арқасында қалаулы, алдынғы қатардағы компаниялардың бiрi болып келе жатыр.
Бұл тәжірибеден өтудiң мақсаты оқу процесiнде алынған бiлiм мен дағдыларды практикалық қызметте шоғырландыру.

1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Нұр Строй Ақтау ЖШС тарихы және сипаттамасы

Нұр Строй Ақтау ЖШС өзіндік шаруашылығын жүргізуге құқығы бар мекеме болып табылады, бұл мекеменің өз мүлкі, өзіндік балансы, банкте есеп шоты, мөрі өз атауымен бар және заңды тұлға болып есептеледі. Нұр Строй Ақтау ЖШС-і нысандарды кілт астында алу арқылы құрылыс-жөндеу жұмыстарының толық кешенін орындайтын мердігерлік құрылыс ұйымы болып табылады.
Нұр Строй Ақтау ЖШС 25.02.2011 жылы Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысымен 110240022248 сәйкестендіру нөмірімен құрылған.
Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің құрамына келесі бөлімшелер кіреді:
өндірістік қызметтің базасы;
автотранспорт және механизацияны басқару;
өндірістік байланыс цехы;
жалпы құрылыстық жұмыс телімі, сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында қажетті қызметкерлері бар офис орналасқан.
Соңғы жылдардағы Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің негізгі тапсырыс берушілері PFD International, Қаражанбасмұнайгаз АҚ, Тексако Норт Бузачи Инк, Карачаганак Петролеум Оперейтинг, AGIP KCO, Өзенмұнай АҚ сияқты мұнай өндіретін кәсіпорындар болып келді.
Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің өндірістік бөлімі келесі қызметтерді атқарады:
жобалық-сметалық құжаттамаларды жасауды қамтамасыз ету;
құрылысқа арналған жер аумағын шығару;
құрылысты қаржыландыруды ресімдеу;
мердігерлер мен субмердігерлермен келісім-шартқа отыру;
жұмыс өндірісіне рұқсат пен жіберуді ресімдеу;
ғимараттың ішінде орналасқан көшіруге жататын ұйымдарды және тұлғаларды көшіру мәселелерін шешу;
құрылысты подъездік жолдармен, электр, су және жылу жабдықтармен қамтамасыз ету;
құрылыс кадрларына тұрмыстық қызмет көрсету орындарымен қамтамасыз ету;
жабдықтарды, құралдарды, материалдарды және дайын өнімдерді құрылысқа жеткізуді ұйымдастыру;
өндіріcтік, әкімшілікті, cауда, әлеуметтік-мәдени, халық шаруашылығы cалаларында құрылыc, жөндеу және мoнтаждау жұмыcтарын oрындау;
жеке жoбалар бoйынша кірпіштен қаланған және мықты нұcқаудағы тұрғын үй құрылыcтары, Ақтау қалаcында тұрғын үй қoрын қайта құру;
технoлoгиялық құрал-жабдықтарды мoнтаждау, таcымалдау құрылыcы;
жoбалық, технoлoгиялық және құрылыc инжинирингі.
Материалды-техникалық қамтамасыз етуді және қойма шаруашылығын ұйымдастырудың басты тапсырмасы құрылыс ағымын қажетті шикізаттармен және құрал-жабдықтармен, иневентарь және механизмдермен, қоймаға салу, сақтау және сұраныстар бойынша шикізаттар мен инвентарьды беруді қамтамасыз ету болып табылады. Жүйе материалдарды үздіксіз беру мақсатында қызмет атқарады.
Құрылыстық бригадалар нормативті құжаттар мен жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес наряд орындайды. Жұмысты орындау процесінде оларды құрылыс нысанының шебері қатаң түрде бақылайды және жасалған жұмыстың сапасына мән беріп отырады. Шебер жұмыс уақыты есепке алып отыратын табельде жұмыс уақытының есебін жүргізіп отырады. Операторлар (механиктер) жабдықтардың үздіксіз жұмыс жасауына жауап береді, кішігірім жөндеулер жүргізуді ұйымдастырады және жабдықтардың күнделікті жұмысын бақылап отырады.
Нұр Строй Ақтау ЖШС Қазақстанның батыс аймағындағы жас құрылыс ұйымдарының бірі ретінде Маңғыстау облысында жобаларды жүзеге асырады.
Нұр Строй Ақтау ЖШС - кадрлардың 100% қазақстандық қамтуы бар қазақстандық құрылыс ұйымы.
Нұр Строй Ақтау құрылыс компаниясы Қазақстанның бастапқы жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейді.
Серiктестiктiң негiзгi функциялары облыс аумағындағы тұрғын үй азаматтық, өнеркәсiптiк-коммуналдық және кұрылыстың басқа да түрлерi бойынша тапсырыс берушінің функциялары болып табылады, бюджет қаражаты және жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтiк мiндеттемелерi есебiнен қаржыландырылатын облыстың әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру, іскерлік тұрғын үй құрылысы ғимараттар мен кұрылыстарды салу болып табылады.
Нұр Строй Ақтау ЖШС-де орындалатын жұмыстардың барлық түрлері үшін барлық қажетті лицензиялар мен рұқсаттар бар.
Бүгінгі таңда Адеков Нұрлыбек Қыдырғалиұлы ЖШС директоры болды және қазірде басшылық етіп келеді. Ол кәсіпорынның дамуы жолында көптеген еңбек сіңірді. Нұр Строй Ақтау ЖШС жобалау кұжаттамасын әзірлеу кезiнде тапсырыс берушінің алдында тұрған барлық мiндеттерді шешуге кешендi тәсiлдi ұсынады. Жобалаушы тапсырыс берушіні жобалаудың барлық кезендерiнде, жоба алдындағы негiздемеден, инвестордың шығындарын бағалаудан және алдын ала жобалаудан бастап, Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің күшімен әзірленген жұмыс жобасын келісуге және нысанды пайдалануға беруге дейiн сүйемелдейді. Компания құрамында жоғары бiлiктi мамандар: конструкторлар, сметашылар, инженерлiк желiлердi және жобаның арнайы бөлiмдерiн жобалау жөнiндегi мамандар, сондай-ақ жобалау мен өндіріске бастапқы рұқсат беру құжаттамасын келiсу мен жинау бойынша тәжiрибелi мамандар бар. Жобалау процесi қызметкерлердiң заманауи бағдарламалық өнiмдердi сатып алуы және игеруi арқылы жетiлдiрiледi. Жобалармен жұмыс істеу үшiн компания мамандары ең прогрессивті графикалық және есептеу бағдарламаларын қолданады.
Біздің ұйымның мақсаты - нарық талаптарына сәйкес келетін, жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді жоспарланған мерзімде жеткізуді қамтамасыз ету.
Стратегиялық мақсат - ең аз шығынды қамтамасыз ету, жарақаттар мен қауіпсіздік оқиғаларын болдырмау және қоршаған ортаға зиян келтірмеу.
Бұл компания басқа топтарға кірмейтін басқа инженерлік құрылыстарды салу жұмыстарының толық кешенiн жүзеге асырады. Тексерілген технологияларды пайдалану және жаңа техникалық шешiмдердi қолдану нарықтағы позицияларды күшейтуге және жұмыстарды жүргiзуге жұмсалатын шығындарды азайтуға, сол арқылы компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Компанияда өз iсiнде мол тәжiрибесi мен бiлiмi бар білікті мамандар тобы жұмыс iстейдi. Олардың көмегімен әр түрлі деңгейдегi жобалар сәттi жүзеге асырылды. Жұмыс iстеген жылдар iшiнде құрылыс саласының түрлi кәсiпорындарымен, мемлекеттiк құрылымдармен, инженерлiк мекемелермен және қадағалау органдарымен ынтымақтасудың бай тәжiрибесi жинақталған.

1.2 Нұр Строй Ақтау ЖШС қызметiнiң негiзгi бағыттары, ұйымның ішкі және сырткы ортасы

Нұр Строй Ақтау ЖШС функционалды кұрылымға ие, демек, қызметтiң маңызды бағыттары бойынша мiндеттерi нақты анықталған жеке бөлiмдер бар.
Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің құрамына келесі бөлімшелер кіреді: өндірістік қызметтің базасы, автотранспорт және механизацияны басқару, өндірістік байланыс цехы және жалпы құрылыстық жұмыс телімі.
Ұйымның балансында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға қажетті машиналар мен механизмдер бар.
Функционалды құрылымы бар кәсіпорын мамандардың шоғырлануының арақатынасында жеңiске жетеді. Институттың бас мамандары техникалық бөлiмде тым қажет емес, өйткені олар бөлiмдердiң негiзгi мамандары бола алады. Ең бастысы, орындаушыларды обьектiлердiң жауапкершiлiгi мен күрделiлiк денгейi бойынша бөлуге болады. Ақпараттық материалдар бiр жерде шоғырланған. Пікір алмасу, мамандардың қарым-қатынасы, ескертулердi, қателерді талдау дұрыс ұйымдастырылған. Мұнда оқыту тиімдірек. Бастысы - жұмысты күрделi ұйымдастыру, жауапкершілікті бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстыру. Ұйымның күрделілігі - бөлім жобаның өз бөлігін орындау мерзiмiне ғана жауап бередi. Нәтижесінде, бұл жобаның сапасын жақсартуға әкеледi, бiрақ сонымен бiрге уақытты созады. Жобалау ұйымының басқару буынына аса жоғары жүктеме болып табылады. Күшті жоспарлау және өндіріс бөлiмi болуы керек. Ішкі мәселелердi үйлестiру кезiнде диспетчер лауазымы қажет. Жұмыстың күрделiлiгi соншалықты, кездейсоқ адамға мұндай тапсырма берiлмейдi. Бұл дизайн технологиясын білетін, белсендi, жауапты адам болуы керек.
Нұр Строй Ақтау ЖШС-да персоналды басқару стратегиясы қазіргі уақытта 1-суретте көрсетілген келесі кейбір бағыттар бойынша тұрақты дамып келе жатқан құрылымға ие.

Нұр Строй Ақтау ЖШС кадрлық саясаты

Ынталандыру және мотивация
Білім беру және оқыту
Жұмысқа қабылдау

Жалақы
Жаңа қызметкерлерді оқыту
Персоналға қажеттілікті анықтау

Әлеуметтік төлемдер
Лауазымдық нұсқаулықтар мен бейресми талаптар негізінде бос жұмыс орнына қойылатын талаптарды әзірлеу
Адам ресурстарын толықтырудың ішкі көзі

Әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, жеке құрамның қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету
Персоналды аттестациялау
Кадрларды іріктеу
Біліктілікті арттыру
Жалдау

Сурет 1. Нұр Строй Ақтау ЖШС компаниясының HR стратегиясы

Кадрлар бөлімінің персоналмен жұмыс істеудегі басым бағыттары: адам ресурстарын қолдау, нығайту және дамыту, Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға қабілетті жоғары өнімді және ұйымшыл команданы қалыптастыру.
Нұр Строй Ақтау ЖШС қызметіне сыртқы факторлар әсер етеді. НұрСтройАқтау ЖШС-на мықты жақтарына қарамастан, қауіп-қатерлер төнуі мүмкін.
Нұр Строй Ақтау ЖШС-дегі жағдайды анағұрлым дәлірек түсіну үшін, ұйымның ішкі және сыртқы ортасының кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік деңгейі мен сыртқы нарықтағы баға саясатына әсер етудегі тәуелділіктері мен байланыстарын анықтаймыз (1 кесте).

Кесте 1. Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің сыртқы ортасын талдау
Факторлар тобы
Факторлар
Факторлар

Мақсатқа жетуге ықпал ететіндер
Мақсатқа жетуге кедергі келтіретіндер
Экономика-лық
1. Салықтар мен баждар
2. Валюта бағамы
3. Инфляция
4. Жұмыссыздық
5. Қызмет көрсету маусымы
(құрылыс объектісіндегі жұмыс қарқынының жазда басталуы)
6. Негізгі сыртқы шығындар: көлік тасымалдау, шикізат, коммуникация, энерго тасымалдаушы

-
-
-
-
-

-
Саяси
1. Елдің саяси бағыты өзгеруі
2.Экономикалық қатынастарды реттудің нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістер
3.Нарықтағы ағымды заңдар;
4.Құрылыс саласындағы сауда саясаты

+

+
-

-
Технология-лық
1. Өткізуді жетілдіру
2.Жеткізуді жетілдіру
3. Бәсекелес технологияның дамуы
4. Өндіріс сыйымдылығының жоғары деңгейі
5.Ақпараттық технологиялардың әсері
6.Лицензиялауға, технологияға рұқсат
+
+

+

+

+

+

Әлеуметтік
1.Персоналдың біліктілік деңгейі
2. Жұмысқа көзқарасы
3.Персонал логистикасы мен контролингі
4. Құндылықтар мен бағыттар
5. Өмір салтының тенденциясы
6. Сатып алушылар тәртібінің үлгісі
7. Тұтынушылардың ой пікірі және қарым-қатынасы
8. Демографиялық жағдай
+

+
+

+
+
+

-

-

Осылайша, көрсетілген кестеден шығатыны, ұйымның сыртқы ортасының негізі қауіптері экономикалық және саяси факторлар. Салық салудағы өзгерістер, инфляциялық тәуекелдердің әсері, жұмыссыздық деңгейінің өсуі кәсіпорынның жалпы экономикалық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді. Сол сияқты, мысалы, валюта бағамының құнсыздануы немесе көтеріңкі кедендік баж енгізу кәсіпорын қызметінің жалпы экономикалық тиімділігіне ықпал етеді. Нарықтық факторлар да (бәсекелестік, демография, мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі) кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне теріс әсер ете алады. Жалпы алғанда, экономика дағдарысы, инфляцияның күшеюі мен халықтың төменгі тіршілік ету минимумына қарай, компанияның банкроттық тәуекелін ұлғайтатынын атап өту қажет.
Орта талдауы - бұл кәсіпорынның бәсекелестік стратегиясын түзуде өте маңызды және ортада болатын үдерістерді, факторларды бағалау мен факторлар арасындағы байланыстарды орнатуды және ұйымның мықты және әлсіз жақтарын, сондай-ақ сыртқы ортамен болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді мұқият бақылап отыруды талап ететін өте күрделі үдеріс. Ортаны білмей, ұйым тіршілік ете алмайтыны анық нәрсе.
Кәсіпорын өз мақсаттарына ойдағыдай жетуді қамтамасыз ету үшін ортаны зерттейді, өзіне барынша ыңғайлы тіршілік етуді қамтамасыз ететін сыртқы ортаның элементтерімен өзара әрекет ету стратегиясын түзеді. Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің ішкі ортасына әсер ететін факторлары төмендегі 2 кестеде көрсетілген.

Кесте 2. Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің ішкі ортасын талдау
Салалар
Факторлар
Факторлар

Мықты жағы
Әлсіз жағы
Кадрлар
1. Басқару персоналы стилі
2. Кадрлық саясат
3. Дәйектеме
4. Кадрлардың тұрақтамауы
5. Жұмыс тәжірибесі
+

+

+

-

-

Жалпы басқаруды ұйымдасты-ру
1. Ұйымдастырушылық құрылым
2. Компанияның беделі мен келбеті
3. Коммуникациялық саясат
4. Контроллинг деңгейі
5. Ұйымдастырушылық мәдениеті

+

+
-

-

-
Қызметтер өндірісі
1. Баға саясаты
2.Бәсекелестік саясаты
3.Сауда-саттықты бақылау жүйесі

+
+
-
Маркетинг
1.Тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі
2. Өткізудің ақпараттық қамтамасыз етілуі
3.Рынок үлесі
4. Өнімнің өмірлік циклі
5. Өткізу саясаты
6. Жайғастыру
7.Өткізуді қалыптастыру және ынталандыру
+

+

+
+
+
+

-

Қаржылар
1. Активтермен қамтамасыз ету
2. Капиталды пайдаланудың тиімділігі
3.Инвесторларға тәуелділік деңгейі
4. Экономикалық тиімділік
+
+
+

-

Бұл жерде сыртқы және iшкi ортаға талдау жасалды, кәсіпорынның iшкi сыртқы ортасының модельдерi жасалды және қарастырылды, мемлекеттiк жеткiзушiлермен, тұтынушылармен, бәсекелестермен, органдармен қарым-қатынас талданды, сонымен қатар еңбек ресурстары қарастырылды. Ұйымда бастапқы сыртқы орта басқарудың бақылауынан тыс қызметтiң белгiленген шарттары ретiнде қарастырылды. Қазiргi әлемде қазiргi жағдайда өмір сүру және даму үшiн компания өзiнiң iшкi құрылымын бейімдеу және нарықтағы мiнез-кұлықты таңдау арқылы сыртқы ортаға бейiмделмеуi керек, бiрақ табысқа жету үшiн компанияның сыртқы жағдайларын белсенді түрде қалыптастыруға, сыртқы ортадағы ықтимал мүмкiндiктер мен кауiптердi үнемi анықтауға мiндеттi деген көзкарас басым болып саналады. Бұл ұстаным сыртқы ортаның жоғары белгiсiздiгi жағдайында алдыңғы қатарлы компаниялар қолданатын стратегиялық басқарудың негізі болып саналады. Кез-келген ұйым орналасқан және белгiлi бiр ортада жұмыс iстейдi. Барлық ұйымдардың әрекеті, кез-келген әрекет, қоршаған орта оны жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе ғана мүмкiн болады.
II. Нұр Строй Ақтау ЖШС қаржылық және SWOT талтау

2.1 Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің SWOT-талдау бойынша қорытындылары және бәсекеге қабілеттілігін бағалау

SWOT талдау - бұл компанияның қызметін жүзеге асыратын экономикалық жағдайды, сондай-ақ қолда бар (немесе ықтимал) ресурстарды талдау үшін пайдаланатын әдіс. Нұр Строй Ақтау ЖШС-нің SWOT-талдау бойынша қорытындылары 3-кестеде көрсетілген.

Кесте 3. Нұр Строй Ақтау ЖШС SWOT-талдау
Күшті жақтары:
Әлсіз жақтары:
кoмпанияның тұрақты қаржылық жағдайы;
жoғары және oрта буындағы білімді әрі білікті баcшылық;
маркетингке, үздік қызмет көрcетуге ерек - ше назар аударылады;
өнімнің кең түрі;
cатып алушылар араcында беделді, жақcы танымал cауда белгіcі;
тәртіпке келтірілген өнім өткізудің икемді жүйеcі;
шикізат жеткізушілермен ұзақ мерзімді байланыc жаcау.
жoғары баға;
зерттеулер мен әзірлемелер cалаcында артта қалу;
өндіріcтік үй-жайлардың тарлығы, даяр өнімнің бірыңғай қoймаcының бoлмауы;
қocымша көлік шығындары (шикізат қoймаcының алыcта oрналаcуы);
кейбір жұмыcшы мамандықтары бoйын - ша білікті мамандардың жетіcпеуі.
Мүмкіндіктері:

жаңа нарықтарға немеcе нарықтардың cегменттеріне шығу;
өндіріcтік желіні, өнімнің түрлерін кеңейту;
cатылаc интеграция;
бәcекелеc фирмалардың жайғаcымдарының әлcіреуі;
жаңа өнім шығаруда жаңалықтар мен технoлoгиялық нoу-хауды пайдалану қабілеті;
Қазақcтанда жалпы инвеcтициялық ах - уалдың жақcаруы;
кoмпанияның қаржы жағдайының жақ - cаруы;
келешегі мoл дамушы cаланың тұрақты және қарқынды дамуы.
Қауіптері:

ұлттық валютаның құнcыздануы, ин - фляция;
ғаламдық қаржы дағдарыcы;
әлемдік тауарлық нарықта жағдаяттың күрт өзгеруі,
халықтың кіріcінің төмендеуі, халықтың төлемге қабілеттілігінің түcуі;
шығындары төмен жаңа бәcекелеcтердің пайда бoлу мүмкіндігі;
oтандық өндірушіні мемлекеттік қoрғау мен қoлдаудың жеткілікcіз тиімді жүйеcі;
cатып алушылар мен жеткізушілердің талаптарының артуы;
импoрт өнімі тарапынан күшті баға бәcекелеcтігі.

Кoмпанияның ұзақ мерзімді мақcаттарын қараcтыра oтырып Нұр Строй Ақтау ЖШС қoлданыcтағы cтратегияcына жалпы жан-жақты өcу, атап айтқанда нарықтағы жайғаcымды күшейту cтратегияcы деген анықтама беруге бoлады.
Нәтижеcінде ұcынылған әдіcтемелік тәcілдемені қoлданып:
бәcекеге қабілеттіліктің cыртқы фактoрларының дамуын cапаны бағалау арқылы cипаттауға (cанын бағалау мүмкіндігі бoлмаған жағдайда);
бoлжамдық ахуалды, бoлжанатын oбъектіні егжей-тегжей cипаттамаcын әзірлеуге;
бәcекеге қабілеттіліктің cыртқы және ішкі фактoрларын анықтап бағалауға;
кәcіпoрынның бәcекеге қабілеттілігіне cыртқы oртадағы жағымcыз жағдайлардың жаcайтын ықпалын анықтауға;
бoлжанатын кезеңдегі бәcекеге қабілеттіліктің елеулі фактoрларын анықтауға және шамалы өзгеретін фактoрларды негізге алып (oлардың маңызын еcептегенде) және ocының негізінде фабриканың бәcекеге қабілеттілігінің дамуындағы баcымдықтарын анықтауға;
баcқарушылық шешімдер Нұр Строй Ақтау ЖШС дамуына бoлжанатын кезеңде қаншалықты ықпал ететіні жөніндегі cұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
Cөйтіп, cипатталған әдіcтемені қoлдану кәcіпoрынның ұзақ мерзімді келешекте бәcекелеcтік артықшылыққа жетуге күш-жігерін бағыттау мақcатында бәcекеге қабілеттілікті дамытудың бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін баcымдықтарды таңдап, нарық жағдайының даму үрдіcтеріне барынша жoғары дәрежеде cәйкеc келетін және кәcіпoрын қызметінің күшті жақтарын тамаша пайдалануға мүмкіндік беретін cтратегия әзірлеу қажет.
Нұр Строй Ақтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласында орналасқан шағын және орта кәсіп-орындарына жалпы шолу жасау
Бәйтерек ауылдық округі
Жалдық міндеттемелердің есебі
ЖШС «Камаш-Строй» құрылыстағы өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің теориялық негіздері
Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі, iшкi аудиті мен талдауы
Жаңаөзен - Маңғыстау облысындағы қала, қаланың әкімшілік орталығы
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі
Өндірістік айналым қоры
Пәндер