Эмотивті лексика және аударма



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
3
1 Эмотивті лексика және аударма

1.1 Эмотивті лексиканың тілдегі және аудармадағы көрінісі

1.2 Көркем шығармалардағы эмотивті лексиканы аудару кезіндегі баламалылық мәселесі

1.3 О. Генридің шағын әңгімелеріндегі эмотивті лексиканың қолданысы

1-ші тарау бойынша қорытынды

2 О. Генридің шағын әңгімелеріндегі эмотивті лексикасы аудару ерекшеліктері

2.1 О. Генридің шағын әңгімелеріндегі эмотивті лексикасы аудармасындағы трансформациялар

2.2 The Gift of the Magi Сыйға сый шағын әңгімесінің талдауы

2.3 The Last Leaf Соңғы жапырақ шағын әңгімесінің талдауы

2-ші тарау бойынша қорытынды

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша А О. Генридің Соңғы жапырақ әңгімесіндегі эмотивті лексика аудармасы

Қосымша Ә

Кіріспе

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі қазақ тілінде жазылған көркем әдебиеттерді ағылшын тіліне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасындағы байланыс жүзеге асырылуын зерделеп, түпнұсқаны аудару аспектісінде олардың көркемдік сапасын айқындау мақсатында түпнұсқа мен аудармадағы көркемдік-бейнелеу құралдарын салыстырмалы түрде зерттеу, фонетикалық және стилистикалық әдістерді аудару жолдары, лексикалық-стилистикалық әдістерді, синтаксистік стилистикалық әдістерді анықтауға оларды аудару кезінде жүзеге асыру жолдарын қарастыруға және бірқатар аударма мәселелерін шешу жолдары бойынша негізгі ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны: О.Генридің шағын әңгімелеріндегі қазақ тіліндегі эмотивті лексика аудармасы.
Зерттеу пәні: Көркемдік бейнелеу құралдары мен стилистикалық тәсілдерді аудару ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты: О.Генридің шағын әңгімелеріндегі стилистикалық тәсілдерін қазақ тілінен, ағылшын тіліне берілу ерекшеліктерін анықтау.
Мақсат келесі міндеттерді шешуді көздейді:
1) қазақ тіліндегі эмотивті лексика сипаттамасы;
2) шағын әңгіме балама мәселесі;
3)түпнұсқа мен аудармадағы стилистикалық талдауы;
Зерттеу әдістері: Іріктеу әдісі, салыстыру, аудармашылық талдау және квантативті әдістер.
Зерттеу материалы ретінде түпнұсқа мен аударма мәтіннен іріктеу әдісімен көркемдік бейнелеу құралдары мен стилистикалық тәсілдері таңдап алынды.
Теориялық маңыздылығы. О.Генридің мәтін мағынасының берілуіне мәдени контексттің әсерін түсіну, лингвистикалық мәселелерді анықтау және көркем әдебиеттегі аударма сапасын бағалау.
Практикалық маңыздылығы. Шағын әңгімелеріндегі экспрессивті элементерін қазақ тілінде жетіп меңгеруге және жеткізуге мүмкіндік береді, бұл аудармалардың сапасын арттарып, тілдік құзіреттердің дамуына ықпал келтіреді.
Қорғауға мынадай тұжырымдар шығарылады:
Жоғарыдағы 3 Міндеттерден шығатын нәтижені жазыңыз
Жобаның әдіснамалық негіздеріне аударма теориясы бойынша отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының, атап айтқанда А. Қ. Жұмабекова, А. М. Алдашева, Л. К. Латышев, В. Н. Комиссаров, З. Г. Прошина, J. C. Catford, M. Baker, т.с.с. еңбектері алынды.
Апробация. Зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелеріТорайғыров университетінде жыл сайын өткізілетін XXIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ атты Халықаралық ғылыми конференциясында мақалада берілді.
Диплом жобасының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

1 Эмотивті лексика және аударма

Эмотивті лексика
Эмотивті лексика дегеніміз не? Оның аудармамен байланысы туралы жазыңыз қандай тіл мамандары, аудармашылар қандай еңбек жазды, еңбекке шолу жасаңыз

1.1 Эмотивті лексиканың тілдегі және аудармадағы көрінісі

Оның тілде және аудармада берілу жолдары туралы жазыңыз. Аудару тәсілдері

1.2 Көркем шығармалардағы эмотивті лексиканы аудару кезіндегі баламалылық мәселесі

Көркем шығармаларда қандай эмотивті лексика (көркемдеуіш құралдар) қолданылады, не үшін; оларды аударғанда баламалылықты сақтау, сақталмауы. Аударманың баламалылықты кім зерттеді. Сақталмаған жағдайда шешу жолдары жазыңыз

1.3 О. Генридің шағын әңгімелеріндегі эмотивті лексиканың қолданысы

Шығармаларында (екі әңгімесінде) қандай эмотивті лексика (көркемдеуіш құралдар) бар, әр шығармадан 4-5 мысалын жазасыз және оны автор не үшін қолданды? Интернетте бар

1-ші тарау бойынша қорытынды

2 О. Генридің шағын әңгімелеріндегі эмотивті лексикасы аудару ерекшеліктері
2.1 О. Генридің шағын әңгімелеріндегі эмотивті лексикасы аудармасындағы трансформациялар

Тіларалық, мәдениаралық коммуникация мәселелерінің барлық түйткерлері шет тілдерін ана тілімен, өзге мәдениетті төл мәдениетімен салыстырғанда ғана айқындалып, нақтыла түседі [35, б. 42].
Көркем әдебиет шығармалары аудармасының аса күрделі болатындығы мына төмендегі тәндік ерекшеліктеріне байланысты:
1) жазушының жеке көркем манері;
2) оның өзі өмір сүрген дәуірі мен әдебиет мектебінің көзқарасына әсері;
3) шығармадағы лексикалық және грамматикалық, әсіресе синтаксистік құралдардың сан-алуандығы;
3) кітаби - жазба және ауызекі тілдердің стилистикалық түрлерінің қосындысының кездесуі.
Көркем әдебиет шығармасын аудару - оны стилистикалық тұрғыдан терең талдау жасауды қажет етеді. Бұл процесс автордың жеке жазу манерін анықтауға көмектеседі. Өнердің кез-келген саласы сияқты көркем әдебиетте де тіл мен көркем бейне байланысы - негізгі қаңқа болып табылады. Алайда аударма кезінде түпнұсқаға сәйкес келетін тура бейне табу оңайға түспейді.
Көркем әдебиеттің келесі бір ерекшелігі оның мазмұны мен формасындағы (пішініндегі) ұлттық бояу.
Жазушының жеке стилін анықтайтын шығарма бейнесі мен тарихи орта байланысы тағы бір ерекшелігі.
Жазушының жеке стилі жалпыхалықтық белгілі бір тілдік стильді қолданады. Оның біртұтастығы стилистикалық талдауға жатады (түпнұсқаның да, аударманың да). Бұл жағдайда аударма шығармасының тілдік стиліне аса мән беріледі. Алайда тұпнұсқаға дәлме-дәл сәйкес келген уақытта кітаби бояулы тілге айналады, әрине бұл сөзбе-сөз аудармаға жақын.
Ә. Тәжібаев сөзбе-сөз аудармаға қарсы болған. Аудармашы суреткер болу керек. Ол осыған дейінгі қалыптасу жолында кездесіп отыратын тілдік кедергілерді жеңіп отыру тиіс. Бұл тұрғыда А. Федоровтың мына пікірімен санасуға әбден болады, Аударманың ең білікті шебері, аудармашы суретші қадам басқан сайын сын есімдермен де, мағынадағы етістіктермен де, диалектизмдермен де, барлық текстегі аллетирациялармен де бірге жүреді және қажет жағдайда есімдерді транскрипцияға алады. Және осының бәрі оларды қызықтырмай қоймайды, егер ол білікті шебер болмай өзінің әдебиеттегі лайықты орнын дөрекі және қызықсыз нәрселермен жоғалтып аламын деп қорқатын әдебиеттен шыққан ақсүйек болса [36, б. 114].
Кез-келген тілдің мағыналық мазмұны оның эмоционалдық реңімен тығыз байланысты. Сөздерді, сөз тіркестерін немесе грамматикалық құбылыстарды аудармас бұрын, олардың эмоционалдық және көркемдік мағынасын анықтап алады. Аудармашыға көркем шығарманың түпнұсқаның балама аудармасын беруде, жоғарыда аталған мәселелерге тіреледі. Бұл көркем әдебиеттің стилистикалық жағдайы деп аталады. Аудармашыны тығырыққа тірейтін тағы бір қиыншылық тілдердегі стилистикалық өзіндік ерекшеліктердің болуы. Сондықтан аудармашы аударылатын тілдегі стилистикалық негізгі сәйкессіздікті біліп қана қоймай, аударма қағидаттарын да есте сақтау қажет.
Кей жағдайда түпнұсқадағы стилистикалық ерекшеліктерді ана тіліне беру барысында:
1) тілдік көркемдегіш құралдарды грамматикалық тәсілмен аударуға;
2) грамматикалық тәсілді лексикалық жолмен беруге;
3) суреттеме әдіспен шектелуге;
4) мазмұндық ауыстыру компенсация әдісін қолдануға тура келеді.
Егер де осы жоғарыдағы мәселелер өз мақсатына жетсе, кейбір жекелеген тілдік суреттеме және көркемдегіш сөздердің аудармасының берілмеуі, балама аудармаға еш нұқсан келтірмейді.
А. М. Алдашева докторлық диссертациясында ...казірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары, әдіс тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес, деп атап өткен [37, б. 14].
Нағыз аудармашыға тән ерекшелік түпнұсқаның мазмұнын көркем түрде дәл жеткізу ғана емес, шығарманың тілдік заңдылығын сақтап, ондағы сөз байлығын ұлттық тілдегі сөздік қормен жаңалау.
Аудармашы өз ойларын ана тіліне немесе шет тіліне жеткізудің түрлерін еркін таңдай отырып, әрі көптеген ана тілі мен шет тіліндегі грамматикалық, лексикалық, стилистикалық семантикалық мағынасын білуі аса маңызды.
Көркем аударма мен ғылыми және техникалық әдебиет аудармасының айырмашылығы жоғарыда аталып кеткен бейнелер тезаурусы, яғни көркем әдебиет аудармашысы міндеті шығарма идеясы, композициясы, стилі, интонация, ырғағы жалпы бар, көркемдік эстетикалық элементін дәл, бейнелі, мәнерлі бере білуі.
Кейде жақсы шығарманың қызықты, әсерлі мазмұнына бола, аудармашы аударуға құлшынғанмен, оның семантикалық стилистикалық құрылымының ауыр да күрделі болуы аударманың сәтті жасалуына кедергі келтіруі мүмкін.
Жақсы аударма автор ойымен үндесу ғана емес, ұлттық тіл байлығымен көркем ойды сұлу сипаттау сәйкестігі.

2.2 The Gift of the Magi Сыйға сый шағын әңгімесінің талдауы

The Gift of the Magi махаббат үшін құрбандылық туралы тамаша әңгіме. Осы басты ұлы сезім негізінде құрылған христиандық оқытулардың мәнін ашады. Волхлар туралы әңгіме рождестволық рух көрсетеді, онымен О. Генридің бүкіл әңгімесі көтерілген.
Әдеби шығармада мәтін мазмұнын оқырманға түсінікті болатындай, терминдерді нақты қолданып, төлеу сөзден алшақ, объектіні суреттемей, арнайы лексиканы қолдануға мүмкіндік бар. Осыған байланысты аудармашы қазақ тіліне тәржімалаған кезде түпнұсқаға стилистикалық түзетілім жасайды, нақты терминнің орнына авторлық оралым қолданады.
Аударма тәжірибесінде тілдегі қиын орамдардан қашу бар.
Прозалық шығармаларды классикалық аудару үлгісін көрсеткен жазушылардың бірі Ғ. Мүсірепов берген балама тәржімасындағы атақты американ новеллисі О. Генридің The Gift of the Magi Сыйға сый және The Last Leaf Соңғы жапырақ атты шағын әңгімелеріндегі лексика - стилистикалық тәсілдердің қазақ тіліне аударылу тәсілдерін қарастыралық.
Бұл тарауда материалдар негізінде О. Генридің шағын әңгімелерінің түпнұсқа және прозалық шығармаларды классикалық аудару үлгісін көрсеткен жазушылардың бірі Ғ. Мүсірепов берген балама тәржімасына салыстырмалы талдау жасалады.
The Gift of the Magi әңгімесінің тақырыбынан мифологиялық, әлде басқадай бір мәдени ерекшелікті көруге болады. Автор Библиядан алынған кейіпкерге сілтеме жасаған.
Стилистикалық тұрғыдан алғанда осындай тәсілді аллюзия деп атаймыз.
Грек аңызы бойынша Рождество күні қарсаңында сиқыршы адамдар кедей жанұяға, балаларға сыйлық әкеліп тастап кететін болған. Бұл сүйіспеншіліктің, жомарттықтың нышаны саналған. Әрине, басқа елдің мәдени ерекшелігінен хабары жоқ аудармашы немесе оқырманға тақырып атауы ешқандай мән бермесі анық.
Аударма тәжірибесінде аллюзия, цитата аудармасының берілуі оңай шаруа емес. Аудармашы ең алдымен сілтеменің, цитатаның қабылдаушы-оқырманға белгілі - белгісіздігін анықтап алу қажет. Содан соң оның сипатын, яғни ғылыми, көркем шығармадан, мифтерден алынғандығын, немесе мақал - мәтел екендігін ажырытады. The Gift of the Magi әңгімесінің тақырыбын Ғ. Мүсірепов қазақтың сыйға сый, сыраға бал мақалының алдыңғы элементін алып, балама тәсілін қолданған.
Әрине, оқырман шығарманың соңында берілген түсіндірмеден және сюжетінен мазмұнын түсінетін болады. Бұдан біз аудармашы аллюзияны ұтымды тәсілмен тәржімалағанын көреміз.
Осы әңгімеден тағы бірнеше мысал:
Ағылшын нұсқасы:
1) Maybe the hairs on my head are numbered...; [p.] страницаларын тауып жазыңыз бәрінің
2) Had the Queen Of Sheba lived the flat across the airshaft, Della would have let her hair hang out the window some day to dry just to depreciate Her Majesty's jewels and gifts;
3) Had the King Solomon been janitor, with all his treasures piled up in the basement, Jim would have pulled out his watch every time the passed just to see him pluck at his beard from envy.

Ғ. Мүсірепов аудармасы:
1 ------ аударма жоқ.
2 Егер Сава жұртының қатын патшасы қарсы үйде тұратын болса, Делла жуғаннан кейін шашын сол үй жақтағы терезеден төгілдіріп жіберіп кептірсе, қатын патшаның бар асыл киімдері, бар асыл алтын-маржандары оңып кеткендей болар еді; [, ].
3 Егер Сүлеймен патша сол қарсы үйдің есігінде тұратыны болса, Джим оның қасынан өте беріп қалтасынан алтын сағатын суырып алса, Тақ Сүлейменнің өзі күндеп, қызығып қалар еді [11, 118 б.].
Байқағанымыз, бірінші сілтеменің аудармасын автор бермеген. Дегенмен, оның орнын келесі сөйлемдегі күшейтпелі сонша сөзі компенсациялаған.
Екінші және үшінші сілтемелерді аудармашы аударудың балама тәсілімен тәржімалап қойған. Себебі бұл грек аңызы оқырман қауымға түсінікті болар.
Сонымен, аллюзияны:
1) балама;
2) суреттемелі түсіндірмелі;
3) аударылатын тілде қалыптасқан баламасымен береді.
Ирония - кекесін бүркеншік сын, бүтіннің бөлегін ғана көрсетеді. Ирония стилистикалық құралын аударудағы бір қиыншылық - әртүрлі мәдениетте бірнеше жолдармен берілетіндігі, яғни оның түріндегі, мазмұнындағы және қызметіндегі ерекшелік. Иронияның ең бір қарапайым белгіленетін түрі - тырнақшаға алынуы. Мұндай ирония аналогия тәсілімен көрсетіледі [16, б. 74].
Ирониялы контрастылы контексті ана тіліне берудің бір әдісі - құрылымдық өзгерту жасау.
О. Генридің The Gift of the Magi әңгімесінен:
The magy, as you know, were wise men wonderfully wise men who brought gifts to the Babe in the manger. Of all who give gifts these two were the wisest [27, 115 б.].
Бұл екі қарама-қарсы қасиетті астарлаған иронияның түрі.
Иронияның осындай түрін аударудың бірден бір тиімді тәсілі аударудың техникалық әдісін қосуды пайдалану.
Ғ. Мүсіреповтің аудармасы:
Ең қымбат сыйлықтар адал жан, таза жүрек сыйлығы осылардан аса алмауы керек [б.].
Автор мағыналы компоненттер қосу арқылы алмастыру әдісін қолданған деуге болады.
Қорытындысында, аударма тәжірибесінде иронияны ана тіліне берудің мынадай ережелерін атап көрсетеді:
1) толық аударма;
2) кеңейту;
3) антонимдік аударма;
4) мағыналы компонент қосу;
5) мәдени - ситуациялық алмастыру.
Мына бір аударма - үзінділер мен түпнұсқаны салыстырып көрелік.
а) So now Della's beautiful hair fell about her rippling and shining like a cascade of brown waters.
Қазақ тілінде:
Міне, Делланың шашы тарқатылып, тізесінен төмен түсе төгіліп кетті. Құлама судың толқынындай құлпырған алтын толқынға көз тоқтай алар емес [11, б. 430].
Түпнұсқадан ешқандай ауытқымай мағынасын мен бейнесін сақтаған, яғни баламасын берген. Дегенмен, синтаксистік құрылымы жағынан ерекшеліктер бар:
1) ағылшын тіліндегі нұсқасындағы көсемшемен күрделенген жай сөйлем аударма барысында бөлшектеліп, екі жай сөйлемге айналып тұр;
2) сөз таптары - shining көсемшесі қазақ тілінде есімшемен беріліп, екінші жай сөйлемнің құрамына кіріп тұр;
3) аудармашы - автор аударудың техникалық тәсілін қолдану арқылы көз тоқтай алар емес, адамның ішкі тамсану психологиясымен логикасын берген.
Стилистикалық құралдар теңеуді, эпитетті Ғ. Мүсірепов түпнұсқадағы бейнені сақтаған.
Мысалы: hair ...like a cascade of waters құлама судың толқынындай.
Құрылымдық - семантикалық түрін төмендегі формула бойынша беруге болады:
Ағылшын тілінде Қазақ тілінде
S+like+Atr. Constr. Зат есім + зат +дай аффиксі
(Ұқсастыру мағынасы)
Jim stopped inside the door, as immovable as a setter at the scent of quail. Қазақ тіліндегі аудармасы:
Есік ашылып Джим үйге кірді. Әйелін көрді де, қалың шөптің арасында бөдене барын сезген сеттер итке ұсап қатып қалды [11, б. 431].
Балама аудармасы; ағылшын түпнұсқасындағы сөйлем екі сөйлем болып жіктелген; теңеу сөз бен бейнесі сақталған; стилистикалық бояуды қатып қалды етістік тұлғалы фразеологизм үстемелеп тұр.
Метафора ағылшын әдебиетінде маңызды когнитивті құрал болып табылады.
О. Генридің Сыйға сый атты шағын әңгімесінің және қазақ тілінде Ғ. Мүсірепов аудармаларындағы сөйлемдердің нұсқасын салыстырайық:
Түпнұсқа:
1 Pennies saved one and two at a time by bull-dozing the grocer and the vegetable manand the butcher until one's cheeks burned with the silent imputation of parsimony that such close dealing implied.
Ғ. Мүсіреповтің аудармасы:
1 Әрбір цент үшін ет сататын, ине - жіп сататын, көк - азық сататындармен қанша саудаласатын еді! Үнсіз наразылықтарынан құлақтары қызарып кететін [11, б. 235].
Біріншіден, сөйлем құрылымында қазақ тіліндегі аудармасын автор екі жай сөйлемдерге жіктеген.
Екіншіден, ағылшын тіліндегі күрделі метафораны жақтары емес құлақтары қызарып кететін ... деп қатыстық балама жасап, көз алдымызға жан тебірентер сезімді, яғни кейіпкер тиын санаған күн көрісін және сол үшін де оны ұялу сезімі билейтіндігі жөнінде эмоционалды - бағалық хабарлама айтады.
Десекте, екінші сөйлем құрылымы аудармасы техникалық жағынан әлсіздеу байқалады, өйткені фразалық байланыс сақталмаған.
Түпнұсқа:
2 Oh, and the next two hours tripped by on rosy wings.
Ғ. Мүсіреповтің аудармасы:
Келесі бірер сағат еріне сыйлық іздеуге кетті. Қуанышты әйел көше-көшені қанат біткендей ұшып жүріп кезді [11, б. 429].
Автор бұл сөйлем бірлігіндегі rosy wings метафоралы тіркесін қазақ тіліндегі қанат біткендей бейнелі фольклорлық метафоралы эпитетпен аударуды жөн көрген. Тек сағат бейнесін әйел бейнесімен орын алмастырып, әйелдің қуаныштан қанат біткендей көтеріңкі эмоциясын суреттеген және экспликация жасаған.
Түпнұсқа:
3 Twenty dollars a week doesn't go far.
Ғ. Мүсіреповтің аудармасы:
Айлық табыстарың жиырма-ақ доллар болса үнем жасау қиын екен.
Сөйлемді Аптасына табатын жиырма доллармен ешқайда бара алмайсың деген нұсқасын алған болсақ, ауызекі стиліне айналып кеткен болар еді. Ғ. Мүсірепов айлық табыстарың сөз тіркесін қоса және үнем жасау қиын екен дей отырып, лексикалық алмастыру арқылы құрылымдық өзгерту жасау тәсілімен түпнұсқаның мағынасын сақтаған.
Жоғарыдағы үзінді аудармаларды талдай келіп, ағылшын тіліндегі метафора мынадай тәсілдермен аударылады деген қорытынды жасаймыз:
1) түпнұсқадағы метафоралық бірліктер аудару тіліндегі метафорамен байланысу тәсілі де, эмоционалды бағалауыштық хабарламасы да сәйкес келетін жағдайда, толық аударма әдісі қолданылады;
2) бейнелеуіштік мағынасын беретін образдар екі тілде әртүрлі келген жағдайда, метафора экспликация (қосу) немесе импликация (алу, түсіріп тастау) әдісімен аударылады;
3) екі тілдегі метафора элементтерінің лексикалық немесе ассоциативтік сәйкессіздігі жағдайында алмастыру әдісі қолданылады.
4) грамматикалық ерекшелікті метафора құрылымдық өзгерту жолымен аударылады;
5) фольклорлық, библиялық, аңыздық метафора дәстүрлі, жалпымен қабылданған, яғни аналогиялық тәсілмен беріледі;
6) параллельдік атау тәсілі.
Төмендегі сурет 1 О. Генридің Сыйға сый шағын әңгімесін талдау барысындағы стилистикалық құралдардың қолданыс жиілігі көрсетілген.

Сурет 1

2.3 The Last Leaf - Соңғы жапырақ шағын әңгімесінің талдауы

Соңғы жапырақ әңгімесі алғаш 1907 жылы Горящий светильник жинағында жарық көрді. О. Генридің басқа да шығармалары сияқты ол күтпеген аяқталуымен қысқаша әңгімелерге жатады. Шығарманың атауы - өтіп бара жатқан өмір образы [27, б. 157].
Көрші үйінің кірпіш қабырғасына жабысып тұрған шырмауықтың соңғы жапырағындай, пневмониямен ауырған Джоанна (Джонси) үшін де, өліммен алысуындағы уақытша нүктесі болды. Әбден қиналған, шаршаған қыз, өзіне тыныштықты үміт беретін нанымдарды ойдан шығарады: Мен күтуден шаршадым, ойлаудан шаршадым, мені ұстап тұрған бәрінен босанғым келеді. Осындай ойларымен ол жазылып кетуге емес, өлімге өзін итермелеуін түсінеді. Дәрігер өлім аузындағы қыздың құрбысы Сьюге оның өмірден күдер үзбеуі (үйдің қабырғасына жабысқан шырмауық сияқты, өмірге жабысуы) керектігін, олай болмаған жағдайда оның мүмкіншілігі оннан бір де болмайтынын түсіндіреді. Дәрігер (шынайы мамандық иесі ретінде) - өмірдің мағынасы ретінде - ер азаматқа деген махаббатты ұсынады. Сью (өнер адамы ретінде) мұндай таңдау таң қалдырады. Оған Джоаннаның Неаполитан бұғазын бояулармен салу арманы түсінікті (бұл туралы ауру жағдайы нашарлағанға дейін және бұған жағдайы жақсарған кезде бірден оралып отырды).
О. Генридің екі шығармасында кездесетін көркем бейнелеу сөздері теңеу мен эпитет турасында тоқталып өткенбіз. Аударма нұсқасын талдау барысында Ғ. Мүсірепов те түпнұсқадағы көркемдегіш құралдарды сақтағанын байқадық.
Аударма тәжірибесінде теңеуді ана тіліне берудің әдістері - оның тілдік (жалпымен қабылданған) немесе авторлық түріне байланысты. Себебі төмендегідей фразеологиялық сөз тіркестерін жасайтын теңеулердің баламалары қолданыста қалыптасқан және қазақ тіліндегі теңеудің жасалу жолымен сәйкес келеді де, мұндай теңеулерді аудару қиынға соқпайды:
Алайда, қазақ тілінде аналогы жоқ болған жағдайда сөзбе-сөз аударма жасауға тура келеді.
Мына бір аударма - үзінділер мен түпнұсқаны салыстырып көрелік.
Түпнұсқа:
I want to turn loose my hold on everything, and go sailing down, down, just likeone of those poor, tired leaves [].
Ғ. Мүсіреповтің аудармасы:
Мені бұл өмірден не жібермей жатса, соның бәрінен тезірек құтылғым келеді. Содан соң ана жапырақтарға ұсап үзіліп түсіп, төмендеп барып құлағым келеді [].
Осы сөйлемді талдасақ:
1) грамматикалық синтаксистік ерекшелік бар. Бұл мысалдағы ағылшын нұсқасы жай сөйлеммен берілген, ал қазақ тіліне аударған кезде екі жай сөйлеммен аударылған;
2) стилистикалық ерекшелік: Бұл жердегі like leaves деген сөйлемдегі теңеуді жай нейтралды стильмен берілген. Like leaves сөзіндегі like демеулігі - жапырақтарға ұқсап деген сөзбе-сөз аудармасын берген. Ешқандай стилистикалық реңк жоқ;
3) poor, tired leaves - эпитетті автор бұл бұл эпитетті стилистикалық реңк бермей жәй лексикалық аудармасын беріп тұр ана жапырақтарға ұсап. Жалпы сөйлемді талдауды қортындыласақ, автор ағылшын тіліндегі түпнұсқаны стилистикалық көркемдеуіш құралдарды аса қолдана бермей сөйлемнің стилистикалық реңкін төмендетіп берген.
Дегенмен, түпнұсқа мағынасы сақталған.
Келесі мысал:
Түпнұсқа:
For the rest he was a fierce little old man, who scoffed terribly at sortness in any one, and who regarded himself as especial mastiff-in-waiting to protect the two young artists in the studio above.
Ғ. Мүсіреповтің аудармасы:
Солай бола тұра екі жас суретші қыздар үшін жанын беруге бар. Сол екі қызды күзетуге қойылғандай, маңайларынан шыбын ұшырмайды.
Мұнда:
1) синтаксистік құрылымы жағынан ағылшын тіліндегі нұсқада күрделі сөйлеммен берілсе, қазақ тіліндегі нұсқада екі жай сөйлеммен берілген;
2) айтқанымыздай ағылшын тіліндегі шылаулар қазақ тіліне жалғаулар арқылы беріледі as especial mastiff - in-waiting to protect - күзетуге қойылғандай - дай жалғауы арқылы беріліп отыр;
3) қазақ тіліне for the rest he was a fierce little old man, in the studio above, in any one деген үзінді аударылмаса да, автор түпнұсқа мазмұнын толығымен берілген. Дегенмен, түпнұсқаны қазақ тіліне аудару барысында автор мазмұнын ашып, көрерменген түсінікті етіп аударған.
Түпнұсқа:
She told him of Johnsy's fancy, and how she feared she would, indeed, light and fragile as a leaf herself, float away, when her slight hold upon the world grew weaker.
Ғ. Мүсіреповтің аудармасы:
Содан соң, Джонсидің соңғы жапырақ ұшып түскенде мен де өлемін деп жатқанын айтты. Өмір байланысынан біржола күдер үзсе, сол соңғы жапырақтай үзіліп түсерін ұғындырғысы келеді.
Бұл сөйлемді талдай отыра:
1) as a leaf herself деген теңеу қазақ тіліне соңғы жапырақтай - тай жұрнағымен беріліп тұр;
2) ағылшын тіліндегі түпнұсқа күрделі сөйлеммен берілсе , қазақ тілінде екі жай сөйлеммен берілген;
3) қазақ тіліндегі нұсқада ағылшын тіліндегі нұсқадай өткен шақпен беріліп отыр.
Түпнұсқа:
`You are just like a women' yelled Behrman.
Ғ. Мүсіреповтің аудармасы:
Айналайын, балапаным - ай, сорлы Джонсиім - ай! - деді шал.
Автордың like a women теңеу сөзін әдеби тілмен аударғанда айналайын балапаным-ай ауыстырма сөзбен береді. Егер қазақ тіліне осы осы сөзді сөзбе -сөз аударсақ, әйел секілді болып аударылады. Екі нұсқада да осы шақпен беріліп, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында автор мағынасы үшін сөйлем құрамын өзгертеді.
Төменде тағы бірнеше теңеулер мен аудармасы көрсетілген.
Түпнұсқа:
1 Tell ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі эмотивті лексиканы қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Қазақ әдеби тілінің даму жолдарында ғылыми стиль, қазақ ғылымының тілі
Ағылшын тіліндегі эпитеттердің стилистикада алатын орны
Ағылшын тіліндегі стилистика
Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері
Фразеологиялық бірліктердің жүйелік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру, бейнелеу
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі
Лексикалық мағынаның макрожүйелік құрылымы
Эмоционалды жағдайды вербализациялау классификациясы
Пәндер