Кәсіби бағдар беру әдістемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

«М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ

Ұстаз институты

«Биология» кафедрасы

КУРСТЫҚ Жұмыс

Тақырыбы: Биология бойынша кәсіби бағдар беру әдістемесі

Білімгер: Жанділда Қарақат Тобы:Б-21-1

/аты-жөні/ /қолы/

Жетекші: Биология кафедрасының аға оқытушысы Абжапарова А

/қызметі/ /аты-жөні/

Қорғауға жіберілді «»20ж.

/қолы/

Жұмыс қорғалды «»20__ж.

бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

_

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 2023

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I Кәсіби бағдар беру әдістемесі . . . 5

1. 1 Кәсіби бағдардың мәні және мазмұны . . . 6

1. 2 Кәсіби бағдар жұмысының негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері . . . 10

II Биология сабағында кәсіптік бағдар беру жұмыстары . . . 12

2. 1 Кәсіптік бағдар беру түсінігі мен кәсіби өзін-өзі анықтаудың күрделілігі . . . 20

III Тәжірибелік бөлім . . .

3. 1 11 сынып биология курсында «» сыныпта сабақ өткізу әдістемесі . . .

Қорытынды… . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26

КІРІСПЕ

Жұмыстың мақсаты :

  • оқу профилін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау барысында оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
  • оқушылардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктеріне, қабілетіне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау.

Зерттеу нысаны : сабақтағы және сабақтан тыс дидактикалық ойындарды сабақ үдерісінде қолдану.

Зерттеу әдісі: Биология бойынша кәсіби бағдар беруді қолданудағы бақылау іс-әрекеті.

Жұмыстың міндеттері:

Жұмыстың практикалық маңызы: биология пәнін оқытуда дидактикалық ойындардың сабақ барысында және сабақтан тыс қолданудағы тиімділігін анықтау

Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарда білім беру саласында, оның ішінде орта білім беруде көптеген реформалар жүргізіліп, жана талаптар қойылып жатыр.

Биологиядан білім беруді жетілдірудін, дамытудың ең басты нысандары - онын міндетін, максатын анықтай отыру. Ғылыми турғыдан білім беру жүйесінің біртүтастыгын калыптастыру. Жас өспірімдердіц танымдық денгейін дамыту барысында теориясын, методологиясын, формасы мен әдістерінін арасындағы байланыстарын ашып көрсете білу. Сондыктан методологиялык негізсіз биологияны жеке пән ретінде баска білім салаларымен байланыссыз калыптастыруға болмайды.

Оку тәрбие беру үдерісінде пәннің мақсатын, мазмұнын дұрыс құруда және қолайлы, тиімді формалары мен одіс-тәсілдерін үйренуде басты көмекті методологиядан іздсу керек. Қүрылымын, оку үдерісін логикалык жүйемсн үйымдастыруда методологиның маңызы зор. Ал методиканың мақсаты - методологияның кемегімен теориялық кағидаларды, заңдылыктарды, практика жүзінде іске асыру әдістерін қолдана білу.

Жас ұрпактарға биологиялық білім беруді үйрету дегеніміз - дүниедегі тірі ағзалардыц тіршілігін, оміріиің кыр-сырын түсіндірудегі ең басты міндет. Биологияны жан-жақты зерттеп, оқыпбіліп, табиғатта болатын үдерістерді түеінуге және биосфераны сактауға мүмкіндік туғыза отырып, адамзат баласы дамуының басты шарты деп түсіну керек.

Табиғатпен тең кұкыкты карым-қатыиас, адам мен биосфера арасындағы эволюция міндетті түрде болатын үдеріс. Осы түрғыдаи биология жаратылыстану ғылымы ішіндегі кешбасшысы деп айтуға болады. Бүгінгі таңдағы басты моселе мектеп оқушыларына биология пәнінеи білім бсрудс биология ғылымының жетістіктерін, маңызын үйрстуді түбсгейлі қолға алуымыз керек.

Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін котсруді іске асыруда және казіргі өркениетке, мәдениетке сай білім бсруге жүмылдыруда әрбір мүғалім үздіксіз ғылыми шығармашылык іздеиісте болуы тиіс. Тағы да көціл қойылатын мәселелердің бірі - биологияның мәдениет жүйесіндегі орны. Қазіргі биологиялық білім беру жүйесі коғамдағы мәдениеттің дамуын бейнелеуге батытталуы тиіс. Биологиядан білім берудегі дағдарыстың басты әсері қоғамның дамуындағы жаһандық моселелердің нәтижесінде өркениеттенудің тығырыкка тірелуінің салдары деп айтуға болады. Оғаи соңғы уакыттагы экологиялық дағдарыс, коғамдағы урбаиизациялаиу кезіндегі адамның салауатты омір сүруініи төмендеуі, ғылым мен техниканың дамуына байланысты табиғатқа жасалып жатқан үстсмдік, адам, қоғам, табигат арасындағы байланыстың бүзылуы адамзат бойындағы рухани багалықтың жоғалуына жатады.

Бүгінгі таңдағы басты талап - биологиядан білім беру жүйесіи кайта карай, оку бағыт-бағдарын өркениетті коғамиың дениетін дамытуға карай қалыптастыруды жолға коя білу. Мәдениет деген түсініктің мәні - адамның тіршілік барысындағы жалпы іс-әрекет жонс кызметінің технологиясы, былайша айтқанда, материалдық-практикалық, әлеуметтік жәнс рухани қасиеттері. Биологиялық білім берудің бағыт-бағдарын мәдени даму жағына карай бүру. Дүниенің біртүтастығын танып білу тек мәдени жүйеде ғана іске асады. Осы айтылғандардың көптеген оку пәндерінің ішіндегі мэдениет жүйесін ойдағыдай іске асыруға қызмет аткарушы пондердің бірі биология болып табылады. Бүл пән жаратылыстану мен коғамдық ғылыми пәндердің арасында орын алады. Биология мәдениет жүйесінде техникаиың даму жетістіктерін «биосфера» денесіндегі «ісік» ауруы есебінде қарамайды, ксрісінше, коғам мен табиғат арасындағы үдеріс ретінде түсіндіреді. Сонымен бірге биология ғылымы немесе тіршілік жайлы ғылым адамзаттын

дамуына жоне экологиялық ойлау стилін баска жаратылыстану ғылымдарына енгізіп, танымдылык жолдарын, әдіс-тәсілдерін түсіндіре отырып, жаңа идеялардың тууына эсер етеді.

Биологиялык білім берудегі срекшс айта кетуге тиісті мәселелердің бірі жас үрпактын дүниетанымдык козқарасынын калыптасуындағы рөлі жеке түлғаныц өмірдегі бағдарын, оның идеалы, сенімі, кызығушылығы, күндылығын анықтауға әссрін тигізеді, адамның міпсз-қүлкының даму бағытына себепті болады.

Дүниетанымдық бағытта биологиядан білім берудің басты талаптарына:

- бір кезеңнен екінші кезецге көтерілу барысында биологиялык шындыкты терең үйрсте отырып, биологиялык пәннің көзкарасындағы біртүтастыкты үйрету;

- басты теориялар мен концепциялардын мазмүнындағы қүбылыстарды белгілі бір деңгейде суреттеп, әдістемелік түрғыдан түсіндіру жатады.

Биологияны окыту әдістемесі пәні - педогогика ғылымының бір саласы. Оның зерттеу объектісі - жас үрпактарға жалпы биологиялык білім бсру.

Ал биологияны окыту әдістсмесі пәнінің басты міндеті - оқушыларга орта мсктеп деңгейінде биологиянын жеке-жеке салаларыиан («Биология тірі ағзалар», «Биология тірі ағзалардыи көптүрлілігі», «Биология. Адам». «Жалпы биология») максатын, әдіс-тәсілдерін, формаларын аныктан отырыи. білім және тәрбие беру.

Бүл оку күралы биология мамандыктарында білім алушы бакалавр, магистранттарға арналып, авторлардын бұдан бүрынғы (1998 ж. ) жарық көрген енбектерініц негізінде заманаун окыту технологиясынан тиісті мәліметтсрді келтіре отырып, данындалған.

I Кәсіби бағдар беру әдістемесі

1. 1 Кәсіби бағдардың мәні және мазмұны

Әрбір он жыл сайын әлемде тың жаңа мамандықтар пайда болады. 21-ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болуы жаппай жұмыссыздықпен, бос орындардың тапшылығымен, жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен және де жаһандық компьютерлендірумен тікелей байланысты. Осы орайда қазақстандық қоғамның қазургі даму жағдайында мектеп оқушыларының кәсіби бағдары өзекті мәселелердің біріне айналды.

Жалпы орта білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады, яғни:

1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;

2) сын тұрғысынан ойлау;

3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;

6) топта және жеке жұмыс жасау білігі;

7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау.

Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері:

  • бітірушілерге олардыңмүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауынакөмектесу;
  • бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуімен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады (МЖМС) .

Жоғары нормативтік-құқықтық құжаттарға жасалған шолудан кәсіби білім беру сапасын жетілдіру және қоғамдық сұраныстарға жауап беретін маман даярлау проблемасы үлкен мәнге ие екендігін көруге болады.

«Кәсіби бағдар» алғаш рет жеке ұғым ретінде 20-ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Кәсіби бағдар мәселесінің негізін қалаушы 1908 жылы Бостонда «Мамандық таңдау бюросын» құрған және мамандық таңдауға ғылыми тәсілді қолданған американдық зерттеуші Френк Парсонс. Парсонстің «Мамандық таңдау» атты еңбегі оның дүниеден өткеннен кейін 1909 жылы жарыққа шығып, американдық профориентаторлардың басты құралына айналды. «Талант-бағдарланған тәсілдеме» («talent-matching approach») термині мен «ерекшелік-фактор» тұжырымдамасы осы авторға тиесілі (Толстогузов С. Н., 2015) .

Кәсіби бағдар - білім алушының кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіби саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.

Кәсіби бағдарлау:

1) кәсіби ағарту - әртүрлі мамандықтардың әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық ерекшеліктері туралы адамның белгілі білім (ақпарат) жиынтығымен қарулануы; олардың бірін дұрыс таңдау шарттары туралы; адамның кәсіби және қоғамдық қызмет түрлеріне оң көзқарасын тәрбиелеу; уәжделген кәсіби ұмтылысын қалыптастыру. Кәсіби ағарту екі элементті құрайтын ақпараттан тұрады: кәсіби насихат және кәсіби үгіт - қажетті мамандықтар туралы адамға мәліметтерді хабарлау және сол мамандықтарды игеру шарттары мен тәсілдері туралы ақпараттандыру, республикаға, өңірлерге қажетті әлеуметтік маңызы бар әрі тапшы мамандықтарды насихаттау;

2) кәсіби диагностика - кәсіби бағдар тестілер әдістемесін қолданып адамның тұлғалық ерекшелігіне немесе таңдауына жақын келетін мамандықтарға сәйкестігін анықтау мақсатында оның тұлғасын, қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін зерделеу;

3) кәсіби консультация - қоғам сұранысы мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мүмкіндіктеріне сай мамандық таңдауда, кәсіби мансапты жоспарлауда көрсетуге негізделген кәсіби бағдар жүйесінің құрамдас бөлігі; адамның дара ерекшеліктерін ұзақ зерделеу негізінде кәсіби өзіндік анықталуын дамыту бойынша адам қызметін мақсатты басқару. Кәсіби консультация кеңес алушының зияткерлік, физикалық, психологиялық ерекшеліктерін, жалпы және кәсіби дайындық пен қызығушылықтарын, бейімділіктері мен қабілеттерін, қандай да бір мамандық бойынша қызметкерге қойылатын медициналық және психологиялық талаптарды, мамандыққа қоғамдағы сұранысты, мамандық бойынша оқыту мен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі;

4) кәсіби іріктеу - нақты еңбек түріне адамның жарамдылығын (сәйкестігін) анықтау;

5) кәсіби жарамдылық - еңбектің қолайлы тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті зияткерлік, физикалық, психологиялық қасиеттер, сондай-ақ арнайы құзыреттіліктердің жиынтығы. Мысалы, әскери қызметке соғыс және бейбіт жағдайында қажетті құзыреттіліктер әртүрлі. Сонымен қатар кәсіби жарамдылық ұғымына еңбек процесін және оның нәтижелерін бағалауда адамның өзіндік уайымдарының қанағаттануы жатады. Нақты бір қызмет бойынша кәсіби жарамдылық белгілі бір психологиялық, психофизиологиялық, антропологиялық, медициналық және басқа өлшемдерге байланысты негізделеді. Кәсіби жарамдылық деңгейін анықтау үшін әртүрлі диагностикалық құралдар қолданылады: жетістік тестілері, кәсіби маңызды психофизиологиялық және психологиялық қызметтерді тестілеу, мотивацияны, құндылық бағдарды зерделеу тестілері т. б. Кәсіби жарамдылық деңгейін анықтау тек қабілетті зерттеу тестілерімен шектелмеуі қажет.

6) кәсіби бейімделу - адамның өндіріске, жаңа әлеуметтік ортаға, еңбек шарттары мен нақты мамандық ерекшеліктеріне бейімделудің белсенді процесі арқылы іске асырылады.

Оқушылардың кәсіби бағдар мәселесіндегі ерекше орын білім алушының үнемі мектепте айналысатын оқу-тәрбие процесіне тиесілі. Оқу процесіндегі кәсіби бағдар - оқушыларға оқу процесі барысында мамандықтар туралы кеңес беру және оларды ақпараттандыру. Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен икемділіктерінің деңгейі нақты оқу әрекетіне тікелей тәуелді. Жалпы білім беретін пәндердің оқу материалының мазмұны кәсіби бағдар беру мақсатында қолданылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға пән бойынша білім беруде мамандықты табысты игеруге қажетті білімді түсіндіреді. Мектеп оқушылары биология, химия, физика, тарих, қоғамтану, әдебиет пәндері бойынша сабақтар барысында мамандықтар туралы негізгі ақпараттармен, еңбек ету жағдайымен, қоғамдағы орнымен, маңыздылығымен танысады. Әр оқу пәні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру міндетін шешуде сол пән шеңберіндегі мүмкіндіктер мен құралдарды қолданатыны түсінікті жайт. Егер физиканы, химияны, биологияны оқытуда пәндердің оқу материалы мазмұнымен қатар мамандықтардың сипатын ашуға бағытталса, қоғамтану, әдебиет, экономиканы оқытуда адамның таңдаған мамандығы бойынша өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін жүзеге асыру мен өзін-өзі таныту мүмкіндіктері, еңбек, өндіріс, еңбекақыны ұйымдастыру секілді мәселелерге басымдылық беріледі. Осы және басқа да ұғымдарды оқу пәндерімен қатар түсіндіру оқушының кәсіби өзін-өзі анықтауына тікелей қатысы бар және кәсіби бағдар мәселесін шешуге көмектеседі.

Бұл ретте әрбір оқу пәнінің шеңберінде кәсіби бағдар, мамандық туралы берілетін ақпаратты іріктеуде сол пәннің мазмұндық және пәндік ерекшелігін ескеру өте маңызды болып табылады.

Мектепте оқылатын жекелеген кейбір пәндер барысында кәсіби бағдар туралы мәлімет беруді «қолайсыз» деп санайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай пәндер қатарына «математиканы» жиі жатқызады. Дегенменде бұл мұғалімнің оқу материалын өмір құбылысымен байланыстыра алу шеберлігімен байланысты.

Мұғалім оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруда жетекші рөл атқарады: оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне, мамандығына психологиялық дайындық, кез келген мамандықты таңдауға қажетті жауапкершілік пен еңбекті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу. (А. Я. Журкина, 2014) .

Кәсіби өзін-өзі айқындау - жеке тұлғаның кәсіби қызметке деген көзқарасын қалыптастыру процесі мен тұлғалық және әлеуметтік-кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы жүзеге асыру тәсілі; қоғамда қалыптасқан кәсіби іс-әрекет критерийлеріне қатысты өзін анықтау.

Кәсіби өзін-өзі айқындау - бұл адамның өмір мен еңбек жолын қамтиды сондықтан да өмірде өзін-өзі айқындаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, яғни қоғамның әлеуметтік құрылымында белгілі бір орынды иелену, сол немесе басқа әлеуметтік топқа ену, белгілі бір өмір салтын, еңбек ету саласын және нақты мамандықты таңдау. Бұл тұрғыда тұлғаның кәсіби өзін-өзі айқындауы әлеуметтік, адамгершілік, отбасылық өзін-өзі айқындау мәселелерімен мәндес қарастырылады.

Кәсіби өзін-өзі айқындаудың теориялық негізі тұлғаның өзін-өзі айқындауының жалпы процесімен, тұлға әрекетіне ішкі шарттары арқылы сыртқы жанама әсерлердің, осы қадамға жоғары өзіндік жауапкершілікпен таңдау жасап өзін-өзі шектеумен, тұлғаның кәсіби қалыптасуымен, өзін тұлға ретінде жүзеге асыратын және оның тұлғалық қасиеттерінің бейнесі ретінде көрініс тапқан қауымға қатынасы бойынша адамның белсенді ұстанымымен т. б. өзара байланысты.

Кәсіби өзін-өзі айқындау - көпқырлы процесс. Келесі тәсілдер арқылы жүзеге асыру арқылы қолданылады: әлеуметтік тұрғыда - кәсіби өзін-өзі айқындау тұлғаның алдына қоғам тарапынан қойылған міндеттер ретінде қарастырылады; әлеуметтік-психологиялық тұрғыда - кәсіби өзін-өзі айқындау қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның жеке қалауының келісімі бойынша кезең - кезеңмен шешім қабылдау процесі ретінде қарастырылады; дифференциалды-психологиялық тұрғыда - кәсіби өзін-өзі айқындау кәсіби іс-әрекеттің бөлігі болып табылатын өмірдің дара стилін қалыптастыру процесі ретінде қарастырылады.

Жастардың кәсіби өзін-өзі айқындауы өзара байланысты кезеңдерден тұрады:

1. Мектепке дейінгі кезең - балаларда адамдардың еңбегіне және олардың айналысатын әрекетіне деген жағымды қатынасының көрінісі. Демек, балада кәсіби әлемге деген қатынасы, кәсіби әлемге қарым-қатынас, алғашқы еңбек білігі оған қол жетімді қызмет түрлерінде қалыптастырудан басталады.

2. Бастауыш сыныптарда (пропедевтический) - кіші мектеп жасындағы оқушыларының еңбекке деген адал ниетін оятады, еңбектің адам және қоғам өміріндегі рөлін, түсінеді, ата-аналарының мамандықтарына қызығушылықтарын білдіреді т. б. Осының барлығына балалардың танымдық, ойын, еңбек, қоғамға пайдалы қызметтің алуан түрлеріне қатысуы ықпал етеді.

3. Негізгі мектептің бірінші сатысы (V-VII сыныптар) - жеткіншектерде кәсіби ниеттер пайда болады, олар мамандық таңдауға байланысты өз мүдделерін, қабілеттері мен қоғамдық құндылықтарын бірте-бірте түсіне бастайды. Осының барлығы жетекші танымдық және еңбек әрекеттерінде жүзеге асады.

4. Негізгі мектептің екінші кезеңі (VIII-IX сыныптар) - бұл кезеңде мектеп оқушыларының кәсіби сана-сезімі дамиды, оларда мамандық таңдаудың тұлғалық мәні пайда болады, өз идеялары мен нақты мүмкіндіктерін болашақ қызмет саласын таңдаудың қоғамдық мақсаттарымен байланыстырады; бұл кезеңде оқушыларды белсенді танымдық және еңбек әрекетіне баулиды, оларға мамандық таңдаудың ғылыми негіздерін зерделеуге, диагностика мен өзін-өзі диагностикалау әдістерін меңгеруге қолдау көрсетеді.

5. Жалпы орта білім беру мекемелерінде оқу (мектеп, гимназия, лицей) - жекелеген оқу пәндерін тереңдетіп оқыту негізінде кәсіби бағдарлау жүзеге асырылады, кәсіби маңызды қасиеттердің қалыптасуына назар аударылады; оқушыларға өзін-өзі дамытуға және таңдаған кәсіби қызметіне өздігінен дайындалуға көмек көрсетіледі.

6. Мамандықты меңгеру - бұл колледждерде және жоғары оқу орындарында оқу процесі; осы кезеңде кәсіби мамандарды даярлау аяқталады.

7. Кәсіби іс-әрекет - біліктілікті арттыру, сондай-ақ басқа кәсіби қызметке қайта бағдарлау. (В. И. Коваль, Т. А. Родионова, 2014) .

1. 2. Кәсіби бағдар жұмысының негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері

Мектептегі кәсіби бағдар жұмысына барлық ұжым болып кіріскенде және бірқатар қағидаттарды ұстанғанда ғана тиімді болатынын ескеру маңызды:

  1. Жүйелелік және сабақтастық - кәсіби бағдар жұмысы тек жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізілуімен шектелмеуі тиіс. Бұл бастауыш сыныптан басталып мектепті бітіргенше үздіксіз әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
  2. Оқушылардың жас ерекшелігіне, олардығ мамандыққа және еңбекке деген қызығушылықтарының қалыптасуы мен сабақ үлгерімінің деңгейіне, өмірлік жоспарлары мен құндылық бағдарларының айырмашылықтарына сай саралау және даралау.
  3. Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмысының жаппай, топтық және жеке формаларының оңтайлы үйлестіру.
  4. Мектептің, отбасының, кәсіби оқу орындарының, жастарға кәсіби бағдар беру орталықтарының, қоғамдық/кәсіби жастар ұйымдарының, әлеуметтік серіктестердің өзара байланысы.
  5. Кәсіби бағдар жұмысының өңір және елдегі еңбек нарығымен байланысы (қоғамдағы маман қажеттілігімен табиғи бірлігі) .

Мектептегі кәсіби бағдар жұмысының мақсаттары:

  1. Оқушылардың еңбекке деген саналы қатынасын, тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын және өңір мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі шеңберінде кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастыру.
  2. Оқушыларға кәсіби бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіби мансабын жоспарлауға қолдау көрсету.

Кәсіби бағдар жұмысының негізгі міндеттері:

  1. Оқушыларды оқыту бейіні бойынша бөлу үшін олардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары туралы объективті мәліметтер жинау;
  2. Элективті курс сабақтары мен тәрбие жұмысында қолданылатын оқытудың кешенді және дәстүрлі емес формалары мен әдістері есебінен бейіндік оқытудың вариативтілігінің кең ауқымын қамтамасыз ету;
  3. Жұмысқа орналасу қиындығын болжауға оңай болатын кейбір оқушылар топтарына яғни, түзету мектептері мен сынып оқушыларына қолдау көрсету;
  4. Жоғары сыныптар арасында қосымша және кәсіби білім беру мекемелерімен, өңірлік кәсіпорындармен ынтымақтастықтың икемді жүйесін әзірлеу;
  5. Ата-аналарды мектеп оқушыларының бойында өмірдің әртүрлі салаларына деген өмірлік қызығушылықтарын кеңейту, басым қызығушылықтарын қалыптастыру мен кәсіби бағдар беру жұмысына жұмылдыру;
  6. Өңірлік еңбек нарығында жоғары қажеттілікке ие мамандықтарды насихаттау үшін кәсіби бағдар және еңбек нарығы саласындағы ұйымдарымен ынтымақтастық.

II Биология сабағында кәсіптік бағдар беру жұмысы

Мамандық таңдау - адамның жас кезінде жасайтын негізгі өмірлік таңдауларының бірі, өйткені мамандық таңдау кезінде ол өмір жолын таңдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі жайлы мәлімет
Кәсіптік бағдар берудегі бүкіләлемдік әлеуметтік желілер
10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу
Кәсіби жоспарларды таңдауға негізделген ақпараттанудың сатысы
Кәсіптік бағдар беру
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz