Мәтін арқылы қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың әдістемесі


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСАқмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Тіл және әдебиет кафедрасы
МӘТІН АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ
Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру» Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі ф. ғ. м. Т. Жоламанова
Дипломдық жұмысты қорғаған бағасы
Кафедра меңгерушісі м. ғ. м. Т. Қайыржан
Хаттама № 20 ж.
Көкшетау, 2024
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы білім беру тұжырымдамасы. /Егемен Қазақстан, 18. 08, 2005.
2005 жылғы 18 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан» атты аталған тұжырымдама өмір бойы оқытуды оңтайлы қамтамасыз ету үшін білім берудің барлық деңгейлері мен нысандарының құрылымы мен мазмұнын тиімді өзгертудің мақсаттарын, міндеттерін, негізгі тәсілдерін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына енген өзгеріс.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) өзгерістер енгізілсін деп берілген. Өзгерістер аталып көрсетілген.
3. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат - жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
АНЫҚТАМАЛАР
Мәтін - бұл жалпы (бір) тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі.
Мәтіндік жағдаят - бірмәнді шешімі жоқ жағдайлардың қарама-қайшы арақатынасы; проблемалық ойлаудың старттық шарты. Проблемалық ситуациялар типі типтік шешімдерді талап етеді.
Диалог - екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Функционалдық сауаттылық - оқушының мектептегі алған орта білімінің күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шеуде табысты қолдана білуі [3, 99] .
Автор - көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы [11, 96] .
Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары [13, 27] .
Тақырып - шығарманың заттық болмысы болып табылатын бөлшегі.
Идея - автордың дүниетанымдық сипаттағы тұжырым бағаларынан өрбитін көркемдік тұтастық.
«Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Inter» бұл - өзара, «act» - әрекет ету дегенді білдіреді [27, 80] .
Әдіс - оқу және тәрбие жұмыстарының міндеттерін дұрыс орындау үшін қолданатын, мұғалім мен оқушының бірлесе атқаратын іс-әрекеті.
Тәсіл - әдістің бір элементі [28, 56] .
ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
БББ - Білем, Білдім, Білгім келеді.
т. с. с - тағы сол сияқты,
т. б - тағы басқа
БС - бақылаушы сынып
ЭС - эксперимент сынып
ОС - оқу сауаттылығы
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Мәтінмен жұмыс істеу оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу сапасын жақсарту шарттарының бірі ретінде тілдік дайындықтағы ең тиімді форма. Мәтін - сөйлеу ортасын құрудың негізі. Мәтін арқылы оқытудың барлық мақсаттары олардың кешенінде жүзеге асырылады: коммуникативті, білім беру, дамыту, тәрбиелеу. Мысалы, қазақ тілі сабағында сөздік дайындыққа көп уақыт бөлінеді. Жаңа сөздер мен терминдерді есте сақтау және бекіту өте маңызды. Әр түрлі контексте олар әр түрлі мағына береді, сондықтан мәтіндік материалда барлық сөйлеу бұрылыстарын пысықтау, сөз тіркестерін, қарапайым сөйлемдерді құрастыру, сөйлемдегі сөздердің ретін қайталау, синонимдерді немесе антонимдерді бөліп көрсету, сөйлем мүшелерін табу, жаңа сөздер сөйлеудің қай бөліктеріне жататынын нақтылау өте маңызды. Мәтіндік материалда сөзжасамда жаттығулар жасауға болады. Сөйлеу дағдыларын дамыту үшін одан да көп мүмкіндіктер бар. Біріншіден, мәтін бойынша жұмыс оқу техникасын жақсартуға, дұрыс айтуға, лексикалық қорды толықтыруға ықпал етеді. Оқушылар сөздердің емлесін көзбен есте сақтайды, стильде жаттығады, мәтіндегі басты нәрсені бөліп көрсетуді үйренеді, кілт сөздерді табады, салыстырады, қысқартады. Осылайша олар есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын дамытады. Қазіргі таңда мәтін арқылы қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту үлкен сипатқа ие.
Мәтіндер арқылы қазақ тілі сабақтарын танымдық тұрғыда интерактивті әдістер арқылы оқытудың тың жолдарын көрсетіп, жаңаша әдістемесін ұсыну біздің жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мәтін арқылы оқушылардың белсенділігін арттырудағы қазақ тілін танымдық тұрғыдан тереңдетіп, интерактивті әдістер арқылы тиімді оқытудың жаңаша әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- мәтіндер арқылы қазақ тілі сабақтарын танымдық тұрғыда оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін ұсыну;
- мәтіндер арқылы қазақ тілі сабақтарын танымдық тұрғыда оқытуды практика жүзінде интерактивті әдістер арқылы көрсету;
- зерттеу барысында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасап, нәтижесін шығарып, қорытындылау.
Зерттеу нысаны: мәтін арқылы қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту
Зерттеу пәні: мәтіндермен жұмыс жасау әдістемесі, мәтіндер арқылы қазақ тілі сабақтарында танымдық тұрғыдан оқыту әдіснамасы.
Зерттеу әдістері: библиографиялық, баяндау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту, индукция-дедукция, бақылау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытуды дамыту және іс-әрекеттің осы түрін жақсы түсініп, мәтін тапсырмаларын дұрыс меңгерудегі оқушының белсенділігін әр түрлі тапсырмалар арқылы арттыру.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: Зерттеу жұмысындағы тұжырымдарды классификациялап, конспект түрінде қолдануға және басқа жобаларда ұстануға болады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу жұмысындағы тұжырымдарды оқулықтар мен техника құралдарын пайдалануы. Сондай-ақ, қазақ тілін оқытуда жіктелген мәтіндерді деңгей бойынша бөліп оқытуға болады.
Зерттеудің дереккөздері: А. Байтұрсынұлы «Тіл тағылымы», Р. Сыздықова, Б. Шалабай «Көркем тексті лингвистикалық талдау», Ф. Оразбаева «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі»
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Мәтін және оны қабылдау да - өз шешімін таппай отырған, кең ауқымда зерттеуді қажет ететін мәтін лингвистикасының өзекті мәселелерінің бірі. Мәтін анықтамасын түсінуде ол феноменді оқып-үйренудің түрлі әдістемесі мен амал-тәсілі анықталады. Оны танымдық тұрғыдан оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді анықтап алу керек.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, әр тарау екі тармақшадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
І МӘТІН АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Мәтін, оның түрлері
Жалпы, тіл білімінде мәтін ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ғылыми тұрғыдан зерттеліне бастағандығы және мәтінді лингвистикалық талдауда қандай ғалымдар еңбек еткені жайлы айтылады. Сонымен қатар, мәтін талдаудың негізгі мәселелері, әдістері мен амалдары, аспектілері, негізгі деңгейлері және талдау түрлері қарастарылды.
Қазақ тілін оқытудың ең негізгі мақсаты - тілімізді терең үйрету, яғни оқушы белгілі дәрежеде қазақ тілінде сөйлеу керек, оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну керек, өз ойын басқа адамға жеткізе білу керек. Бұл үшін сабақ барысында мәтіндер қолданылады.
Мәтіндерді қолдану мақсаты - балалардың сөздік қорын дамыту, мәтінді талдай білу, сонымен бірге ауыз және жазба тілінің дағдыларын қалыптастыру. Баланың тілін дамытуда мәтін талдау үлкен орын алады, мәтінді талдау балаға білім береді, тілі мен ой-өрісін дамытады және тәрбиелейді. Мәтін талдау оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға, тілін байытуға, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізу, сауатты жазу үшін елеулі нәтиже береді.
Тіл білімінде мәтін ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ғылыми тұрғыдан елеулі жетістіктерге жете бастады. Алдымен мәтін туралы жалпы түсінікті айқындап алатын болсақ. Мәтін ерте кезден-ақ түрлі ғылым салаларының зерттеу нысаны болып табылады. Әуел бастан, діни сакральдық мәтіндер, заң және әдеби мәтіндер ғалымдардың ерекше назарын аударған. Зерттеушілердің айтуынша, мәтін туралы 300-ге жуық анықтама берілген.
Ең алғаш орыс фольклорисі В. Я. Пропптың 1928 жылы шыққан, «Морфология сказки» деген кітабында мәтін лингвистикасына ғылыми бағдар берген еңбегі болып табылады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді.
Батыс Еуропада 1960 ж. мәтін лингвистикалық теориясынның негізі қалана бастады. Олар: П. Хартман, Р. Харвег, З. Шмид, В. Дресслер т. б. Олардың еңбектерінде мәтін құрылымдық жағынан қарастырылды. Алайда 1970 ж. ортасында мәтін коммуникативтік процесс ретінде қайта жандана бастады.
1950-60 ж. мәтін құрылымымен Н. Ю. Шведов, Т. Г. Винокур, Е. В. Падчуева т. б. ғалымдар айналысты. Мәтінді лингвистикалық зерттеу 1970-80 ж. өте қарқынды дамып, Т. М. Николаева, С. И. Гиндин, И. И. Резвин, М. И. Откупщикова, И. Р. Гальперин, В. Г. Гак, Б. М. Гаспаров, т. б. еңбектері жарыққа шықты [1, б. 9] .
«Мәтін» сөзінің этимологиясы латынның texo - «тоқимын», «тігемін», «өремін» етістігіне ұштасады, textus - «мата» дегенді білдіреді. Мәтінге берілген түрлі анықтамаларға тоқталып кететін болсақ:
- қарым-қатынастың негізгі бірлігі.
- жазба құжат түрінде обьектіленген аяқталғандықты білдіретін, әдеби тұрғыда өңделген, тақырып лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың әр түрлі типтерімен біріккен, бірқатар ерекше бірліктерден тұратын белгілі бір мақсаты, грамматикалық нұсқамы бар сөздің шығармашылық процесінің туындысы.
- жүйелі, тұтас, тиянақты қалыптасқан және мағыналық жақтан өзара
байланысқан сөйлемдердің бірізділігі, коммуникацияға қатысуға тән сөйлемелік бірізділігі, жазу үлгісіндегі ауызша сөйлеу шығармашылығы.
- обьективті әлемнің субьективті бейнесі, кең мағынада екі сананың қарым- қатынасқа түсінуінің бір жолы [2, б. 10] .
Соңғы жиырма жыл көлемінде «мәтін» ұғымын қазақ лингвист ғалымдары жан-жақты зерттеп, көптеген еңбектерін жарыққа шығарды. Қазақ лингвист ғалымдарын Р. Сыздықтың, Б. Шалабайдың С. Мұстафинаның, Г. Есмағұловтың, Д. Әлкебаеваның, Г. Смағұлованың, Ж. Қайшығұлованың, т. б. атауға болады. Мысалы, мәтін түзуші тілдік бірліктердің ерекшеліктеріне қатысты: 1989 жылы Р. Сыздықова, Б. Шалабаев. Көркем тексті лингвистикалық талдау; 1996 жылы М. Серғалиев. Көркем мәтіннің тілі; 1997 жылы Б. Шалабай. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері; 2010 жылы Г. Смағұлова. Көркем мәтін лингвистикасы т. б. кітаптары жарық көрді.
Мәтін - мәтін лингвистикасының зерттеу объектісі болып табылады. Демек, мәтінді зерттеу, жан-жақты талдау мәтін лингвистикасы арқылы жүзеге асады деп айтуға болады. Мәтін лингвистикасы тіл білімінің жеке бір саласы болып қалыптасты. Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдарына: мәтінді талдау; мәтін параметрлері; мәтін бірліктерін анықтау; мәтін категорияларын анықтау; мәтін және семантикалық зерттеу жатады.
Қазіргі кезде біздің елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту жұмыстарының басты тақырыптарының бірі функционалдық сауаттылық қалыптастыру. Педагогтердің мақсаты білім алушыларды осы өмірдің дағдысына дайындау, оларды белсенділікке, шығармашылыққа, іскерлікке және тәуелсіз білімге деген қызығушылыққа жетелеу. Функционалды сауатты тұлғаның негізгі белгілері: бұл белгілі бір қасиеттерге, шешуші құзыреттерге ие, адамдар арасында өмір сүре білетін және тәуелсіз тұлға.
Функционaлдық сaуaттылық - оқу және жaзу дaғдылaрын әлеуметтік ортaдa қолдaну (түрлі құжaттaрмен жұмыс, бaнкте сaуaлнaмa толтыру, түрлі aқпaрaттaрмен тaнысу), сыртқы ортaмен тығыз бaйлaнысты орнaту және оқушылaрды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылaр сыртқы ортaдa aдaмдaрмен, құрбылaрымен, жaнұясымен қaрым-қaтынaс жaсaғaндa оқу дaғдысын қолдaнaды, яғни aқпaрaт aлмaсу үшін, aқпaрaт беру үшін мәтінмен жұмыс жaсaйды. Оқу сaуaттылығы - оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі.
Сабақ үстінде білім алушының жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік жасау, өтілетін сабақ тақырыбына сай нақты SMART мақсат қоя білу - ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына тікелей байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақы, түсінікті біліммен сусындату, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, өз бетінше білімін жетілдіріп, толықтыруға дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл дегеніміз әр педагогті ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге, әрдайым жаңалықтың жаршысы болып жүруге жетелейді.
Оқушылардың сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі.
Мәтінмен жұмыс жасату - тіл үйретудегі негізгі элементтердің бірі. Тіл дамытуда мәтіннің рөлі өте үлкен, мәтін балаға білім береді, тілін, ой-өрісін дамытады, тәрбиелейді. Мәтінді талдаған кезде оған қойылатын талаптарға да назар аудару керек. Мәтіннің тәрбиелік мәні бар болуы тиіс; мәтінде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтер нақты, түсінікті, қабылдауға қиын болмайтындай болуы керек; жеңілден - қиынға қағидасы сақталу қажет. Мысалы, біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінен мәтін арқылы жеткіземіз.
Мәтінмен жұмыс жасау мынадай кезеңдерге бөлінеді:
- Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
- Мәтінмен жұмыс кезеңі;
- Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
Мәтін алдындағы жаттығулар мен тапсырмалар және соларға сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, сөйлем түрлері, сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері және т. б. ) меңгерту.
Мәтінмен жұмыс - сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.
Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс;
2. Сөздіктермен жұмыс;
3. Сөздік қорларын жетілдіру;
4. Тіл дамыту;
5. Ережемен жұмыс;
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру;
Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз - мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті болады деген ой туады.
Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, мәтіндегі негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу.
Мәтінді оқып, танысқаннан кейінгі орындалатын жұмыстар: логикалық сұрақтар құрастыру, сөздік жұмыстарын жүргізу, фонетикалық жаттығулар, мәтіндегі пнегатив тұстарды позитивке айналдыру, сөйлем кұрау, мәтінге мәтін мазмұны негізін сақтай отырып, жоспар құру, аударма жасау, мәтінге мазмұнына сай ат қою, диалог, жағдаят құру, мәтіннің мазмұнын құрылған жоспар бойынша айтып беру.
Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде саралау тәсілі қолданылса, жұмыс жүргізу жеңілірек болады. Оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтастырып, әр топқа сараланған тапсырма берген дұрыс.
Мысалы, мәтіннен бірнеше сөйлем оқып, сол сөйлемдердің ішінде мәтіннің мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін балалар белгілеп шығады, мәтіннің мазмұнына келетін суреттер таңдап алып, соларды пайдалана отырып, мәтін құрастырады. Таспаға жазылған мәтінді оқушыларға мұқият тыңдатып, мәтінге байланысты сұрақтар қою, бұл олардың мәтін мазмұнын қаншалықты түсініп отырғандарын аңғартады. Бұл арада сөздіктіде пайдалану ұсынылады.
Мәтін мазмұнымен толық таныспай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес. Оқушылардың алдында сабаққа қатысты мәтін жатуы қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көп көмегі тиеді. Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Сондықтан мәтін таңдап оларды сыныптың деңгейі ескерілу қажет. Алдыңғы біліммен байланыстырып отыру керек. Бұл жерде алдыңғы білім дегеніміз - үй тапсырмасы емес, жалпы оқушылар алдыңғы сыныптарда өткен білімдеріне сүйене алулары керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.
Мәтінмен жұмыс жүргізуде жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге алсақ, оқушылар мәтіндегі ойды, оқиғаны өз өмірімен ұштастыруы керек; оқылған мәтінге өз көзқарасын білдіре алуы тиіс; мәтінге әлеуметтік, тарихи, адамгершілік маңыздылығы жөнінен баға бере алуға бағыттауымыз қажет.
Сонымен қатар әр оқуышының психологиялық жағынан жас ерекшелігіне, тәжірибелеріне қарай өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың танымдық мәні зор.
Әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор Ф. Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде: «Мәтін - адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-брімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» - деп тұжырымдайды.
Зaмaнaуи оқу сaуaттылығы ұғымы түрлі мәтінді түсінумен aнықтaлaды. Сондықтaн жaңa жүйеде жұмыс жaсaйтын мектеп оқушылaрды түрлі мәтіндермен жұмыс жaсaуғa дaғдылaндыру керек: жaзбa мәтін, электронды мәтін, aудиомәтін. Шығaрмaшыл, құзіретті мұғaлімдер сaбaқты оқушылaрдың тaлaбынa сaй әзірлеуі шaрт. Мәтіндерді топтaстыруғa немесе белгілі бір тaқырыптaр бойыншa жіктеу өте күрделі. Оқушылaрдың сaуaттылығын aрттырудa оқыту үрдісіне жaңa технологияны пaйдaлaнудың нaқты белгілері көрсетіліп отыр. Зaмaнaуи оқыту үдерісіне сaй мұғaлім сaбaқтa тек бaғыт беруші, aл көрсетіліп отырғaн жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы aрқылы іске aсырылaтын және оқушының сaуaттылығын aрттыру мен дaмытуғa тікелей бaғыттaлғaн нaқты, нәтижесін берер жүйелеп сaнaймын.
Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.
Олар:
1. дыбыстармен жұмыс;
2. сөздіктермен жұмыс;
3. сөздік қорларын жетілдіру;
4. тіл дамыту;
5. ережемен жұмыс;
6. белгілі тақырыптар бойынша тірек сөздерін табу;
7. ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
- Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;
- Мәтінмен жұмыс кезеңі;
- III. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
... жалғасыМәтін алдындағы жаттығулар мен оған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: жекелеген сөздерді дұрыс айтып, жазуды, тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әр түрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері т. б. ) меңгерту.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz