Шетел тілдеріне оқытудың құралдары


1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Алматы облыстық білім басқармасы»ММ
«Есік гуманитарлық - экономикалық колледжі»МКҚК
Курстық жұмыс
412а тобы
Мамандық: 0111000 - “ Негізгі орта білім беру ”
Біліктілігі:0111083- « Шет тілі пәнінің мұғалімі”
Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйрету жолдары
Орындаған: Қалиева Ә. М
Жетекші: Жаркимбеков Н. С
Шетел тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Есік, 2024 жыл
2- қосымша
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
I. ТАРАУ АУЫЗША ТІЛ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ
1. 1 Шетел тілдеріне оқытудың мәні мен негіздері5
1. 2 Шетел тілдерін оқыту принциптері мен әдістері6
II. ТАРАУ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ АУЫЗША СӨЗГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуді қалыптастырудың маңызы11
2. 2 Лексикалық дағдылардың қалыптасуы13
2. 3 Ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйренудің тиімді жолдары14
III. ТАРАУ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3. 1 Ағылшын тілін оқытудың тәжірибе ретінде қолданылуы23
3. 2 Шет тілін оқытудағы негізгі принциптерді тәжірибе жүзінде қолдану және оның нәтижелері29
IV. ҚОРЫТЫНДЫ31
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР32
ҚОСЫМША33
КІРІСПЕ
Шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін оқып-үйрену бүгінгі күні үлкен қажеттілік туғызып отыр. Әрбір оқушы - ертеңгі жас маман, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруді алдына мақсат етіп отыратыны бізге белгілі. Себебі, қазіргі заманда ағылшын тілі «XXI ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі - бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Сол себептен ағылшын тілі - халықаралық тіл дейміз. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1, 2-1, 5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі - жер бетіндегі ең көп қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала бастады. Ағылшын тілі БҰҰ, ЮНЕСКО, Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы сияқты және басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ауызша тіл тыңдаушылардың болғанынқалайды. Сөйлеуші мен тыңдаушы бірін-бірі естіп қана қоймайды, ауызша тіл айтылған ойдың қалай қабылдануына тікелей тәуелді болады. Ауызша сөйлеу тілінің құрылымы сауатты түзілген болуы керек. Айтылған ойдың мағынасы қарапайым, әрі қысқа беріліп, көрермендердің тез, әрі оңай қабылдауларына мүмкіндік жасалуы тиіс. Демек, бастауыш мектеп оқушыларына ауызша сөйлеуді үйрету мен қатар, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, психо-физиологиялық ерекшеліктерді ескеру арқылы ауызша сөйлеу тілін үйрету қажет.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушылары, сөйлеу тілі (шет тілі: ағылшын)
Зерттеу пәні: ағылшын тілі, шетел тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының мақсаты: Әрқашанда дұрыс, нақты, айқын, түсінікті сөйлеу маңыздылығын, ойды нақты жеткізе білу және сөйлеу объектісіне деген қатынасыңды бейнелі және эмоциялық бояумен білдіруді үйрету жолдары. Оқушының сөйлеу шеберлігін дамытып, дұрыс сөйлеуге кажетті машықтарды үйренуге, сөйлеу мәдениетін жетілдіру мүмкіндік қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- ауызша сөйге үйретудің маңыздылығы, мақсат-міндеттері;
-ауызша сөз түрлері;
- монолог және диалог сөзге үйрету;
-ағылшын тілін оқытуда ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары.
Жұмыстың мақсаты. Шетел тілі сабағында ауызша сөйлеуге үйретудің маңыздылығын айқындау; - Ауызша сөйлеуге үйретуде қолданылатын әдістер мен технологияларды айқындау; - Ауызша сөйлеуді дамыту үшін орындалған іс-тәжрибелік жұмыстар нәтижесін айқындау; - Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тексеру. Егер оқушылардың сөйлеу дағдысында әдістер мен технологиялар тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен сөйлеу дағдысы қалыптасып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Ағылшын тілі - əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1 деңгейіне сəйкестірілген. Шетел тілі сабағында ойын, сұрақ-жауап, өлең сөздерін толықтыру, суретке қарап мəтін құру, карточкаларды қолдану арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері - философия, психология, лингвистика, педагогикалық еңбектер, əдістемелік еңбектер, озат педагогтардың іс-тəжірибелері. Зерттеу əдістері ретінде бақылау, мұғалімдердің жұмыс тəжірибесін зерттеу, талдау мен қорыту, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыстарын талдау əдістері пайдаланылды. Кейінгі кезде мультимедиалық, гипер мəтіндік, желілік жəне коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы шетел тілін тиімді оқыту үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мəтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс жəне бейне- көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді
I. ТАРАУ АУЫЗША ТІЛ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ
Шетел тілдеріне оқытудың мәні мен негіздеріШетел тілдеріне оқытудың қазіргі теориясы мен практикасындағы оқыту мазмұнының категориясының болмыс пен компоненттік құрамына қатысты әр түрлі көзқарастар. Оқыту мазмұнының басты компонеттері, салалары және сөйлеу тақырыптары, тіл үйренушінің коммуникативтік танымдық қызығушылығына қатысты жағдаяттар таңдау, функционалдық бағытқа сәйкес нақты түрде таңдап алынған тілдік және және сөйлеу, соның ішінде лингвоелтану жәен елтану материалдары, сөйлеу дағдылары, сөйлеу және коммуникативтік біліктілік, сонымен қатар танымдық оқу әркетінің мәдениетін қамтамасыз етуші жалпы оқу дағдылары мен біліктіліктері және арнайы дағдылар мен біліктіліктер. Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистка ғылымдарымен тығыз байланысты.
Педагогика - жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағида болып табылады. Шет тілін оқытуды үйрену үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогиканың бір саласы дидактика деп аталады. Дидактика мектепте оқытудың негізгі жолдарын зерттейді.
Әдістер - дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі бір тақырыпты оқытудың жолдары.
Шет тілін оқыту, математиканы, тарихты оқыту әдістемелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады.
Мысалы: «көрсету» принципі тұңғыш рет шет тілін әдістемесінде қолданылды.
Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда қолданылады.
Шет тілін оқыту дегеніміз - оқушыларда, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.
Шет тілін оқытуда психологяиның негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.
Көрнекті психолог Н. И. Жинкин сөйлеу әрекетін зерттейә келіп, сөздер мен оларды мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатының айтты. Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз - жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады.
Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Соңдықтан, мұғалім жаңа тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау жолдарын білу керек. Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П. К. Зинченко еріксіз есте сақтау қабілеті бір нәрсені қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатының айтады. Ол үшін мынадай тәжірибе енгізілген. «А» тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал «Б» тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері мен сұрақтары берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент «Б» тобы студенттерінің сөздері есте жақсы сақталғаның көрсетті.
Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кездеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т. б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.
Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары жүйке жүйесінің қызметі-сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тк адамда ғана дамыған. Павловтың тероиясы бойынша, дабылдар адамның сезу мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бір түрі - сөйлеу әрекеті.
Шетел тілдерін оқыту принциптері мен әдістері«Оқыту принциптері» ұғымының болмысы. Әдістемелік принциптер (жалпы және жекелеген) . Жалпыдидактикалық және әдістемелік принциптердің өзара әрекеті. Жалпыдидактикалық және және әдістемелік принциптердің болмысы мен құрамын анықтаудың әр түрлі әдістері.
«Әдіс» ұғымының болмысы. Бұл терминнің әр түрлі мағынасы:
1. Әдіс - оқытудың біртұтас жүйесі (стратегиясы) .
2. Әдіс-мұғалім мен оқушының өзара әрекетін жүзеге асыру тәсілі.
Шетел тілдеріне оқыту әдістері: демонстрация (көрсету) әдісі, түсіндіру, жаттығу. Жаттығу әдісі ең басты әдістерінің бірі. Шетел тілдеріне оқытудың қазіргі әдістемесіндегі жаттығудың типтері мен түрлеріне классификация жасау мәселесі.
Әдістің құрамдас компоненті- тәсіл. «Жаңа» (инновациялық) педагогикалық технологиялар » ұғымы және олардың жалпы сипаттамасы.
Шетел тілдеріне оқытудың құралдары
Оқытудың басты және көмекші құралдары. Оқулық- оқытудың басты құралы. Жаңа ұрпақ оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендеріне қойылатын талаптар. Электрондық оқулықтар. Шет елдерде басылып шыққан оқулықтарды бейімдеу мәселесі. Электрондық техникалық оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері (интернет, мультимедиялық құралдар, қашықтан оқыту) .
Жеке тұлғаға бағытталған амал- білім берудің жаңа философиясын жүзеге асыру.
Шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету құралдары. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйретУ
Шетел тілінде қарым-қатынас жасау біліктілігін меңгерудегі есту-айту және ритмикалық екпіндік дағдылардың рөлі. Есту-айту және ритмикалық екпіндік дағдыларды қалыптастыру маұсаттары мен міндеттері. Фонетикалық материалды сұрыптау және әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыру. Дыбыстарды айту дағдыларын қалыптасуының басты этаптары.
Сөздің лексикалық жағына үйрету
Шетел тілінде қарым-қатынас жасай білудегі лексикалық дағдылардың рөлі . Шетел тілі лексикасын үйретудің басты мақсаты. Активтік, рецептивтік және потенциальдық сөздік ұғымдары. Активтік және рецептивтік минимум үшін лексикалық біліктерді сұрыптау принциптері. Лексикалық дағдыларды қалыптастыру этаптары. Лексикалық бірліктерді таныстыру мен семантизациялау әдістері мен тәсілдері. Потенциальдық сөздікті қалыптастыру тәсілдері.
Грамматикалық тұрғыдан сөйлемдерді дұрыс құрап сөйлеуге үйрету.
Шетел тілінде қарым-қатынас жасауды меңгерудегі грамматиканың рөлі мен орны. Грамматикалық материалды коммуникативтік тұрғыдан сұрыптау. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формалары үшін грамматикалық материалдарды сұрыптау принциптері. Шетел тілінің грамматикасын оқудың мақсаты. Грамматикалық дағдылардың қалыптасу этаптары. Грамматикалық дағдылардың қалыптасу деңгейін тексеру әдістері мен тәсілдері.
Тыңдап түсінуге үйрету.
Тыңдап түсіну- сөз әрекетінің түрі. Тыңдап түсінудің сөз әрекетінің басқа түрлерімен байланысы. Тыңдап түсіну- оқытудың әрі мақсаты, әрі құралы. Аудиомәтінмен жұмыс істеу әдістемесі. Тыңдап түсінуге үйретуге қолданылатын аудио-визуалдық құралдар. Тыңдап түсіну біліктілігін тексеру нысанасы, бағалау өлшемдері мен параметрлері.
Қарым-қатынастың диалогтық және полилогтық сөйлеу формаларына үйрету.
«Қарым-қатынастың диалогтық сөйлеу формасы» ұғымының болмысы. Диалогтық сөйлеудің лингвопсихологиялық сиппатамасы. Диалогтың құрылысы. Диалогтық тұтастық- диалог түрінде сөйлеуге үйрету бірлігі. Диалогтық тұтастықтың басты түрлері. Диалогтардың фунциональдық түрлері.
«Қарым-қатынастың полилогтық сөйлеу формасы» ұғымының болмысы. Полилогтың құрылысы. Қарым-қатынастың диалогтық және полилогтық түріне үйрету баоысында қолданылатын ойындар технологиясының рөлі мен түрлері. Тексеру нысаны мен тәсілдері.
Қарым-қатынастың монологтық формасына үйрету.
Монолог түрлері (монолог-суреттеу, монолог-хабарлама, монолог-әңгіме, монолог-әңгімелеу, монолог-рассуждение) . Монолог түрінде сөйлеудің психологиялық лингвистикалық сиппатамасы. Мәтін- монологтүрінде сөйлеуге үйретудің бірлігі. Қарым-қатынастың монологтық сөйлеу түріне үйретудің әдістемесі. Тексеру нысаны мен тәсілдері.
Қарым-қатынастың жанама түрі ретінде оқуға үйрету.
Оқу - сөз әрекетінің бір түрі. Оқудың сөз әрекетінің басқы түрлерімен байланысы. Оқудың екі жағы- 1. Техникалық жағы- көрінетін сигналдарды мағыналық бірліктерге айналдыру. 2. Мағыналық жағы- мәтінді аяқталған сөйлеу айтылымы ретінде түсіну.
Оқу техникасына үйрету. Оқу дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге арналған жаттығулар. Оқу түрлерінің типологиясына қатысты әр түрлі көзқарас. Коммуникативтік әрекеттің бір түрі ретінде, оқудың ерекшеліктерін ескере отырып, оның түрлеріне жасалған жаңа классификация- танысу оқу, зерттей оқу, қарап шығу, іздене оқу.
Оқудың әр түріне арналған мәтіндерді сұрыптау өлшемдері. Оқудың әр түріне үйрету. Түсіну деңгейінің мәселесі. Оқу біліктілігінің қалыптасу деңгейін тексеру нысаны және бағалау өлшемдері мен параметрлері.
Жазу және жазбаша сөзге үйрету.
«Жазу» және «жазбаша сөз» ұғымдары. Жазудың психофизиологиялық сипаттамасы. Графикалық және орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар, қарым-қатынастың жазбаша формасының түрлері. Қарым-қатынастың жазбаша формасына үйрету әдістемесі. Жазу және жазба сөзге үйретуде қолданылатын техникалық құралдар. Оқушылардың жазбаша жұмыстарындағы қателерді түзету әдістемесі. Жазу және жазба сөз біліктілігін тексерудің нысаны мен бағалау өлшемдері.
Тексерудің қызметтері, түрлері және формалары .
Шетел тілдерін оқыту процесін жетілдірудегі білімді, дағдылар мен біліктерді тексеру мен есепке алудың рөлі. Тексерудің қызметтері, түрлері және формалары. Ағымдағы және қорытынды тексеруді ұйымдастыру. Тексерудің тесттік формасы. Тесттер классификациясы. Тексерудің тесттік формасының артықшылықтары мен кемшіліктері. Өзін-өзі тексерудің және өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру әдістемесі. Портфолио- өзін-өзі тексерудің құралы.
Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру.
Оқу процесін ұйымдастырудағы жоспарлаудың маңызы. Жоспарлауға қойылатын талаптар. Жоспарлар түрлері және оларды құрастыруға қойылатын талаптар. Мемлекеттік білім беру стандарты және шетел тілдерінің бағдармалары. Шетел тілі сабақтарының түрлері. Сабақ-шетел тілінен дәріс ұйымдастырудың басты формасы. Шетел тілі сабақтарына қойылатын талаптар. Сабақтар типологиясы мәселелері. Оқушылардың шетел тілінен өзіндік жұмысы.
Шетел тілдері мұғалімінің маңызды кәсіби біліктілігі мен сапасы.
Кәсіби шеберлік-мұғалімнің кәсіби білімі мен сабақ беру тәжірибесінің, оның шығармашылық және жеке тұлғалық сапаларының мөзара байланысы. Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері. Қарым-қатынастың әр түрлі формалары- жеке тұлғалық (индивидуалдық), топтық, ұжымдық. Қазақстан Республикасының шетел тілдерінен білім беруді дамыту концепциясы- Қазақстан Республикасындағы шетел тілдерінен білім беруді жетілдірудің теориялық- әдістемелік және практикалық негізі.
Көбінесе БОӘ (Белсенді оқыту әдістемелерін) тәжірибеде қолдана отырып, мұғалім келесі мәселелерге тап болады: іс-шараларды өткізу көп уақытты қажет етеді, мұғалімнің қарқынды дайындығы қажет; жиі қатысушылардың тежелуімен байланысты проблемалар бар; жоғары шығындар, шектеулі/тым көп қатысушылар.
Сонымен қатар,
оқытудың белсенді әдістерінің өзі кейде оқушының оқу процесіне қатысуға құлықсыздығын жеңе алмайды. Кейбір оқушылар үшін белсенді әдістер олардың оқу процесі туралы әдеттегі түсінігін бұзатын нәрсе болып көрінеді, сәйкесінше қандай да бір ішкі жайсыздықты тудырады. Әртүрлі пікірлерді тыңдағанымен, сөйлеуші топта психологиялық тұрғыдан басым болып, сөйлеуде бір адамның пікірі басым болуы мүмкін, сәйкесінше топтық жұмыс орын алмауы мүмкін . Кейбір оқушылар үшін белсенді әдістерді қолданатын топтық жұмыс жемісті болмайтыны осыдан да болуы мүмкін.
Мұғалім интерактивті әдістерді дұрыс меңгермесе, онда оқу процесі кәдімгі анархияға айналуы мүмкін.
Екінші жағынан, мұғалім қажетті қосымша дайындықтан қорықпаса және сабақтың дәстүрлі шеңберінен шықса, белсенді оқыту технологиясының барлық қарастырылған әдістерінің артықшылығына көз жеткізеді. Бұл әдістерді орынды қолдану оқудың дамытушылық әсерін айтарлықтай арттырады, қарқынды ізденіс атмосферасын қалыптастырады, оқушылар мен мұғалімдерде көптеген жағымды эмоциялар мен тәжірибелер әкеледі.
БОӘ қолданатын ағылшын тілі сабағындағы мұғалімнің орны оқушылардың іс-әрекетін сабақ мақсатына жетуге бағыттаумен шектеледі, өйткені белсенді тәсілдер және интерактивті тапсырмалар оқушылар орындайтын жаттығулар болып табылады. Мұғалім тек сол әдіс-тәсілдерді әзірлеуші және іске асырушы болып табылады.
Сонымен, шет тілін белсенді оқыту оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі белсенділігіне басымдық беруге бағытталған. Қазіргі білім беру жүйесіне сай мұғалімнің минималды ықпалымен оқушының өз бетінше ізденіп, білім алуына жағдай жасайды. Оқыту мен тәрбиелеумен қатар, оқу процесінде қызықты әдіс-тәсілдерді қолдану оқушыларда жоғарыда аталып өткен дағдыларды қалыптастырып қана қоймай, әрине әрбір сабақты қызықты өткізуге септігін тигізіп, берілген пәнді білім алушының ұнатуына және оны жақсы игеруіне алып келеді.
Тәжірибе көрсеткендей, стандартты емес нәрсе әсіресе есте қалады! Белсенді әдістер қызықсыз және таныс сабақтарды сұйылтуға және оларды қызықты және мазмұнды етуге мүмкіндік береді. Белсенді әдістер мен жаңа заманауи технологиялар өз бетінше өмірде сенімді сезінуге, жаңа жағдайларға тез бейімделуге және күрделі мәселелердің оңтайлы шешімдерін табуға мүмкіндік беретін заманауи білім, дағдылар мен қасиеттердің қажетті жиынтығына ие түлекті дайындауға мүмкіндік береді
II. ТАРАУ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ АУЫЗША СӨЗГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуді қалыптастырудың маңызы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz