Осындағы мақсат - мемлекеттің геосаяси әлеуетін жүзеге асыру


Семей қаласындағы
физика-математика бағытындағы
«Назарбаев Зияткерлік мектебі»
Қазіргі Әлемдегі Қазақстан
Курстық Жұмыс
Тақырыбы : Қазақстаннның саяси даму бағыт-бағдары мемлекетіміз үшін қандай нәтиже көрсетпек?
Орындаған: Молдағалиев Әлімжан Ерланүлы
Жетекшісі: Исабай Айқын Мағжанұлы
Ішкі модератор:
Семей, 2025
МазмұныI. КІРІСПЕ БӨЛІМ3
1. 1. Зерттеу өзектілігі3
1. 2. Зерттеу мақсаты3
1. 3. Зерттеу әдістері3
1. 4. Зерттеу сұрақтары4
1. 5. Зерттеу гипотезасы4
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ4
2. 1. Теориялық зерттеу4
2. 1. 1. Қазақстан республикасының геосаясаты4
КІРІСПЕ БӨЛІМ Зерттеу өзектілігіСыртқы саясат - бұл ұлттық үкіметтер басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын реттеу және басқару үшін пайдаланатын механизм. Мемлекеттің сыртқы саясаты оның құндылықтары мен мақсаттарын көрсетеді және жаһандық аренада оның саяси және экономикалық мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі. Көптеген сыртқы саясаттар ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке де қатты назар аударады және елдің Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен және басқа елдердің азаматтарымен қалай әрекеттесетінін анықтауға көмектеседі [1] . Сыртқы саясаттың дамуына ішкі ойлар, басқа мемлекеттердің позициясы, арақатынас немесе нақты геосаяси жобаларды іске асыру жоспарлары әсер етеді [2] . Қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің сыртқы саясаты мен қабылдаған саяси шешімдері инновативты трендтерге байланысты күрт өзгеруде және Қазақстан мемлекеті де әлемдегі жағдайға сүйеніп, бейімделеді, жаңа даму бағыттарын қалыптастырады. Осы тақырып аясында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 19 сәуіріңде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте ойын білдірді: “Сыртқы саясат тұжырымдамасы да жаңартылуға тиіс. Бұл құжат мүлде басқа геосаяси жағдайда қабылданған. Қазір көп нәрсе өзгерді. Яғни, ішкі қауіпсіздікті сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының халықаралық деңгейдегі беделін арттыру мәселелері басты назарда болуы керек” [3] . Ресейдің Украинға қарсы әскери қимылдарын бастауы, жасанды интеллекттің жаңа деңгейге шығуы, Жер климатының өзгеруі, саяси қақтығыстар сияқты алуан түрлі факторлар әрбір мемлекеттің мақсат-міндеттерін өзгертетіні сөзсіз. Сондықтан да, сондай жағдайда туындаған реформалар мен шешімдердің қаупін және салдарын түсіну, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Зерттеу мақсатыЖаңартылған сыртқы саясат нәтижелерін және бағыттарын анықтап, әсерін болжау.
Зерттеу әдістері- Тақырып бойынша тәжірибесі жеткілікті, білімі мол сарапшыдан сұхбат алу, сұхбат ақпараттарын алып керекті мәліметке қол жеткізу.
- Google Forms платформасында сауалнама жүргізу және нәтижелерді зерделеу арқылы қоғамдық пікірді зерттеу, нәтижесін талдау.
- Тақырып бойынша ресми және сенімді, нақты ақпарат көздерін пайдаланып ақпарат бойынша түйін жасау
- Сауалнама, сұхбат және де әдеби шолу арқылы алынған ақпараттарды пайдалана отырып, SWOT кестесін құру, талдау жасау
- Зерттеу мақсатына, жұмыс сапасына сәйкес қортынды жасау
- Қазақстан республикасының сыртқы саясаты қаншалықты тиімді?
- Қазақстан республикасының геосаясаты
- Коллаборативті идеялар қолайлы ма?
- Халық үшін оның әсері қандай болмақ?
- Әлемдегі жағдай мемлекетіміздің сыртқы саясатының даму бағыттарын қалай өзгертті?
Болжамдық тұрғыдан қарастырса, Қазақстан мемлекетінің көпвекторлы саясат ұстанымдары басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстарын күшейте отырып, әлемдік аренадағы орнын бекітуге мүмкіндік береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ Теориялық зерттеу Қазақстан республикасының геосаясатыГеосаясат - география, экономика және демография сияқты факторлардың саясатқа және әсіресе мемлекеттің сыртқы саясатына әсерін зерттеу [4] . Бұл түсінік алғашқы рет Рудольф Челленнің 1916 жылы жарық көрген “Мeмлeкeт өмір фoрмacы рeтіндe” еңбегінде алғашқы рет қолданды [5] . 1991 жылдан бастап Орта-Азиялық аумақта жаңа 14 егеменді мемлекет пайда болды. Қазіргі кезеңге дейін Қазақстан республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕЭО), Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты ұйымдар мүшесі болды. Осындағы мақсат - мемлекеттің геосаяси әлеуетін жүзеге асыру. Оған жан-жақты экономикалық интеграция, сапалы сауда қатынастарды орнату, ұлттық кауіпсіздікті қамтасыз ету, стратегиялық орналасу факторын пайдалану тиімділігін арттыру, халықаралық байланыстарды кұшейту арқылы инвестициялар ағынын күшейту жатқан болатын. Солай 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының бастапқы мақсаттары [6] :
- Ұлттық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-технологиялық дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік жолымен жүру;
- 2050 Стратегиясын ойдағыдай іске асыру, халықтың жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz