Педагогикалық кәсіби білгірлігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңілік университеті
Шетел тілдері факультет
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы

ТАҚЫРЫП "ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІНДЕГІ ПЕДОГОГТАРҒА БЕРІЛГЕН КӨПТЕГЕН МҮМКІНДІКТЕР"

6801707-Ағылшын тілі және Информатика ББ 2- курс студенті Жумабаев Жеткербай
Эл.почта jetkerbayjumabaev693@gmail.com

Ақтқөбе,2024ж

Кіріспе.

Негізгі бөлім.
А) Шетел тілі мұғалімінің кәсіптік және педагогикалық дамуы
Б) Құзыреттілігін ақпараттық технология арқылы дамыту
В)Шетел университеттерінде білім алуға көптеген кеңестер
Г)Жастарға шет елде білім алуға депутаттық сауал

Кіріспе
Қазіргі уақытта мектепте шетел тілін оқыту мәселесі өзекті болып табылады. Дәстүр бойынша, педагогикалық қызметтің жетістігі педагогиканың білімі, оның тақырыбы және оның әдіснамасына иелік етуіне байланысты деп саналады. Соңғы онжылдықта психологтар табыстың бір бөлігі мұғалімнің сыныпта өзара түсіністік, сенім, қарым-қатынас жасау, даму, шығармашылық қарым- қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігіне байланысты екенін дәлелдеді.Курстың қысқаша мазмұны. Мұғалімнің кәсіби компетенттілігі педагогикалық қызметті орындауға дайындық ретінде. Кәсіби педагогикалық қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы. Біздің зерттеуімізде.Студенттерді-болашақ шетел тілі мұғалімдерін кәсіби дайындау.Студенттерді-болашақ шетел тілі мұғалімдерін кәсіби дайындау өзіне студенттердің жалпы және арнайы білімдерді игеруді және оларды тәжірибеде қолдануды, болашақ кәсіби қызметінде қолдануға тура келетін танымдық, тәжірибелік сипаттағы кәсіби міндеттерді табысты орындау үшін біліктер мен дағдыларды игеруді, болашақ лингвист үшін маңызды кәсіби қасиеттерінің қалыптасуын қосады. Курстық жұмыстың өзектілігі:
Мұғалім - ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр- сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: білім дәрежесі; озық әдістемені меңгеруі; мақсат-бағыттылығы; ғылыми.Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазіргі қоғамдағы әдіскерлік шеберлік ұғымын сипаттау.Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.Зертеу жұмысының теориялық маңыздылығы педагогикалық шеберлік бойынша шетел тілі мұғалімін жеке тұлға ретінде қарастыру.Зертеу жұмысының практикалық маңыздылығы шетел тілі мұғалімінің әдіскерлік шеберлігін шыңдау арқылы білім беру.Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР Білім беру туралы Заңы; білім берудіПедагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жумыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорыгындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, оқу-тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің щндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру және жетілдіру Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік.

Педагогикалық шеберлік және мұғалім тұлғасы Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы - тың, нарық жағдайында тірішілік етіп, жумыс істей алатын барынша білімді адамдар қажет. Бұл жағдай Қазақстанның ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетеді. Қазіргі қоғамдағы мұғалім - шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман, ол кәсіптік қызмет міндеттерін жүйелі түрде көре білуі, мақсат қоя алуы және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылуы тиіс. Ең алдымен, мұғалім - адамгершілігі өте жоғары тұлға, ол адамзаттың биік идеалы әрі оның маңыздылығының критерийі болған, болып қала да бермек. Қазіргі әлеуметтік-зкономикалық жағдайдағы мұғалімнің адамгершілік мәдениетінің маңыздылығына ерекше назар аудара отырып белгілі орыс философы Н.Бердяевтің мына бір сөзін еске түсіру орынды тәрізді: " Өмірдің биік мақсаттарына зкономикалық немесе әлеуметтік емес, рухани мақсаттар жатады. Халықтың улылығы, оның адамзат тарихына қосар үлесі мемлекеттің күш-қуатымен де, экономикасының дамуымен де емес, рухани мәдениетімен анықталады" . Адамгершілік дегеніміз не? П. Кропоткиннің анықтауынша, бұл өз бойыңнан адамдық қасиеттерді сезіну, сол қасиеттерді сақтап өмір сүруге ұмтылу, жағымсыз іс-әрекетіңе қиналу - мұның барлығы адам табиғатының ортақ ажырамас ерекшелігі". Бүгінгі күнде қаталдық белең алып, рухани салаға көзқарас ауытқуына байланысты, мектеп оқушысын тәрбиелеудегі адамгершілік қағидалар да біртіндеп маңсұқ етілуде. Біз әлеуметтік қатынастар мен құндылықтардың үйлесімі бұзылғанына оқушы жастардың адамгершілік мәдениетінің апатты түрде құлдырауына куә болып жүрміз. Бүл жағдайдағы бірден бір тірек - өмірдің адамгершілік критерийлері.Қоғамның адамгершілік күштерін қалпына келтіруге түрткі болатын негізді табу және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің сыннан өткен этикалық бағдарларына күш салу бұл жағдайдағы маңызды міндет болып табылады. Оқушылардың, студенттердің білімділік, тәрбиелілік дәрежесі сияқты. Олардың-Педагогикалық іс әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
Педагогикалық кәсіби білгірлігі;
Педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;
Педагогикалық техникасы.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады . Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми зерттеу пайымдаулар мыналар:
Пеадагогикалық мақсаттылық,пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жа- сау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Жолдауын- да 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын техноло- гиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс деп атап көрсетті.Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ мұғалімдердің инновациялық іс -- әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайын- дау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс -- әрекеттің нәтижесі бо- лып табылады.Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағымы күшейген ХХІ ғасырда жан - жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жоғары мектептің басты міндеті болып саналады.Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті ел- дер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім саласындағы басты міндет -- әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай бо- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік негіздері
Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы
Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымдары
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Педагогикалық шеберлік түсінігі туралы
Педагогикалық шеберлік және педагогикалық іс әрекет
Педагогикалық шеберлік түсінігі
Мұғалімдерді аттестациялау
Педагогикалық қызметтің құрылымы
Пәндер