Тұқым қуалаудағы будандастыру
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Булекбаева М.М.
ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Мамандығы 6В01507- Химия-Биология
Ақтөбе 2024
Мазмұны
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1.Гибридологиялық әдістің ерекшелігі
2.2.Тұқым қуалаудағы будандастыру
2.2.1. Моногибридті будандастыру, гаметаларын анықтау
2.2.2. Дигибридті будандастыру, гаметаларын анықтау
2.2.3. Полигибридті будандастыру, гаметаларын анықтау
3. Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Гаметалардың түрлерін тез есептеп табу
Жұмыстың мақсаты: Дигибридті және полигибридті будандастыру кезінде тұқым қуалау процесіне қатысатын генотиптердің гаметаларының санын ескере отырып, олардың түрлерін белгілі бір заңдылықпен тез есептеп табу
Жұмыстың міндеттері:
- Мендель әдісіне шолу;
- Генетикалық таңбалармен танысу;
- Моно-; ди-; полигибридті будандастырудың тұқым қуалауы;
- Гибридтердің генотиптерімен таныстыру;
- Гаметалардың жазылу тәртібін теориялық тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеу пәні: биология (генетика)
Зерттеудің объектісі: тұқым қуалауға қатысатын гаметалар
Биология- барлық тіршілік уникумдарын қамтитын, олардың өмір жолын анықтап, сипаттайтын, саналы жандардың дүниетанымдық қызығушылығына жауап бере алатын күрделі ғылым. Биологиялық таным мәдени адамның дамуына жол ашатын, өнеркәсіп пен агрономияда үлкен рөл атқаратын негізгі қажеттілік.
Жалпы биологияда генетиканың орны бөлек. Генетикалық заңдылықтар барлығы дерлік процестерге қатысады, өзгергіштік пен тұқым қуалауға жауап береді. Көптеген эксперименттер жануарлар мен өсімдіктерге жүргізілсе де, зерттеу нәтижелерін адамға да қолдануға болады, бұған негіз тіршілік иелеріне қатысты генетикалық заңдылықтар барлығына ортақ болып келеді. Сондықтан, генетикалық заңдылықтар универсалды заңдылықтар болып табылады. Айта кетерлік, эксперименттерді адамға жүргізуге тыйым салынған, зерттеулер биоэтикаға сәйкес өтуі тиіс.
Гибридологиялық әдістің ерекшелігі
Ғасырлар бойы ғалымдар гибридті будандардың барлық белгілерін жинақтап, тұқым қуалайтындығын зерттеген болатын. Грегор Мендель жаңа принциптер ұсынып, тұқым қуалаудың негізін қалады. 1865 жылы тұқым қуалаудың зерттеу әдісі Г.Мендельмен ұсынылды.
Мендель әдісінің бірінші ерекшелігі бірнеше ұрпақ бойына өз белгілерін тұрақты ұстайтын формаларды алып, кейіннен оларды будандастырған.
Екінші ерекшелігі бір түрге жататын өсімдіктердің (Pisum stivum бұршағы) ұрпақтарының әр түрлі белгілерінің, мысалы бір, екі және үш жұп контрастты, сонымен қатар альтернативті белгілерінің тұқым қуалауын талдау болып табылады. Әр ұрпақта будандасқан өсімдіктердің альтернативті белгілері бар жұптарын зерттеп, басқа белгілерін елемей, есепке алынып отырды. Гүлдері ақ және күлгін, бұршақ формасы тегіс немесе бүдір, тағы сол секілді жұп белгілерді мысал ретінде қарастыруға болады.
Бұл әдістегі үшінші ерекшелік альтернативті белгілері бар жеке жұп топтарына сандық есеп жүргізіп пайдалану
Төртінші ерекшелігі әрбір гибридті өсімдік ұрпағына жеке анализ жасау.
Жоғарыда көрсетілген қарапайым зерттеу әдістері тұқым қуалаудың түбегейлі жаңа гибридологиялық әдісін құрады. Бұл өзгергіштік пен тұқым қуалауды зерттеуде тұтас дәуірді ашты. Тұқым қуалауды зерттейтін генетикалық әдістер жиынтығын генетикалық анализ деп атайды.
Тұқым қуалайтын белгілерге анализ жасамас бұрын, ең алдымен "белгі" мен "қасиет" ұғымдарын ажырата білу керек. Белгі- бір организмді екіншіден ажыратуға септігін тигізетін жеке қасиет. Бір ағзаны екіншіден өзіне тән ерекше белгілеріне қарай ажыратуға болады: көк көзді - қоңыр көзді, қара шашты - сары шашты, ұзын бойлы - қысқа бойлы, қан топтары А - В және т.б.
Тұқым қуалаудың генетикалық талдауы барысында жыныстық көбеюге қатысатын әртүрлі жыныстағы екі түрді будандастыру қажет. Генетикада будандастыруды көбейту белгісімен белгілейді (X). Схемада ең бірінші болып аналық орналасады. Аналықты ♀, аталықты ♂ белгілерімен таңбалайды.
Будандастыруға қатысатын аналық пен аталықты Р (Parents) латын әрпімен белгілейді. Екі дараны будандастырудан пайда болған ұрпақты- гибридтік немес будандық ұрпақ деп, ал жекелеген дарасын гибрид деп атайды. Гибридті ұрпақты қысқа түрде цифрлық индексі бар F (Filia) әрпімен, ал индексіне гибридті ұрпақтын пайда болуының реттік нөмірімен жазылады.
Алғашқы ұрпақ - F1; гибридті ұрпақтың өзара будандасуынан пайда болған ұрпақ - F2, үшінші ұрпақ - F3.
Тұқым қуалаудағы будандастыру
Белгілі бір жұп белгілеріне байланысты өзгешеліктері бар бастапқы аталық пен аналық формаларды будандастыруды моногибридті, дигибридті және полигибридті деп ажыратады.
Моногибридті будандастыру, гаметаларын анықтау
Тек қана бір альтернативті жұп белгісі бойынша ата-аналық формаларды шағылыстыруды моногибридті деп атайды. Мысалы, аталық өсімдікте гүлі - қызыл, аналық өсімдікте гүлі - ақ немесе керісінше болуы.
Шағылыстыруды бастамас бұрын, ең алдымен аналық пен аталықтың ұрпақ бойы тұрақты жалғасқан белгілер бар екендігіне сенімді болу керек. Яғни, өздігінен тозаңданған немесе жақынтуыстық будандасу кезінде белгілер тұрақты тұқым қуалайды, ал альтернативті немесе контрастты белгілері ұрпақта көрінбейді.
Моногибридті будандастырудың нәтижесін іс жүзінде қарастырайық.
1-сурет.
Егер аналық өсімдіктің гүлі қызыл, ал аталық өсімдікте ақ болса, бірінші ұрпақтағы барлық гибридті өсімдіктер гүлі қызыл болып, ақ белгісі байқалмайды. Сәйкесінше, F1 гибридінде ата-анасының альтернативті белгілер жұбының тек қана бір белгісі қана жетіліп, екіншісі байкаусыз қалады. Бір белгінің екінші белгі үстіне басымдылық көрсететін құбылысты Мендель доминанттылық деп атады. Үстемдік көрсететін белгіні- доминантты белгі, ал көрінбейтін белгіні- рецессивті белгі деп аталады. Бұл өсімдік, жануарлар мен адамдарға қолдануға болатын универсалды құбылыс.
Доминантты белгі бас әріппен - "А", рецессивті кіші - "а" латын әріптерімен белгіленеді. Осыған орай АА белгісін толық доминантты, Аа белгісін жартылай доминантты белгі деп қарастырамыз. Әрбір организмде бұл белгілер жұп түрінде болады, себебі бір белгісі аналықтан, екінші белгісі аталықтан келеді.
Альтернативті белгілерді анықтайтын гендер жұбын аллеморфты жұп деп атайды, ал жұптық құбылыстың өзін аллеморфизм немесе аллелизм дейді. Әрбір ген екі күйде болады - А және а, сондықтан бұлар жұпты құрайды, ал жұптың әр мүшесін аллель деп атайды.
1-суретте аналық толық доминантты, аталық рецессивті қасиет көрсетіп тұр. Шағылыстыру кезінде пайда болған бірінші ұрпақ түгелімен біркелкі Аа болады (Мендельдің біркелкілік заңы). Себебі әр бастапқы особь тек қана бір сорттағы гаметаны береді - аналық А, аталық а.
Гаметаларды шығару барысына 1-формула пайдаланылады. Бұл формула моно-; ди-; полигибридті будандардың гаметаларын анықтау кезінде қолдануға болады.
Гамета саны=2n
1-формула.
мұндағы 2- бір геннің аллельдер саны (тұрақты)
n- гетерозиготалы аллельдер саны
Бұл формула тек гетерозиготалы белгілері бар аллельдердің санымен есептеледі. Гомозиготалы аллельдер гаметасын табу үшін дәреже саны 0 көрсетіліп табылады және гамета саны тұрақты 1 болады.
1-формула бойынша моногибридті будандардан түзілген гаметаларды есептесек:
а) АА - толық доминатты гомозиготалы аллель
Гамета саны- 20=1
Гамета түрі : А
ә) Аа - жартылай доминантты гетерозиготалы аллель
Гамета саны- 21=2
Гамета түрі : А және а
б) аа - рецессивті гомозиготалы аллель
Гамета саны- 2[0]=1
Гамета түрі : а
Аналық А гаметасын, аталық а гаметасын түзіп, оларды шағылыстырғанда бірінші ұрпақ F1 - Аа жартылай доминантты гетерозиготалы аллель түзеді(1-сурет). Өзара тозаңданған бірінші ұрпақтан екінші ұрпақ түзіледі. Аналық та, аталықта Аа генотипі болады.Яғни, F1 Аа генотипінен 2 түрлі гамета түзіледі: А және а.
F1 ♀Аа Х Аа♂
Гаметалар: А а А а
F2 АА Аа Аа аа
Гаметалардың айқасуын Пеннет торы арқылы да жазуға болады:
♀
♂
А
а
А
АА
Аа
а
Аа
аа
1-кесте.
Сол жақ вертикаль бойынша аналық гаметалары, жоғарғы горизонталь бойынша аталық гаметалары орналасқан. Кестедегі гаметалардан айқасу кезінде зиготалардың генотиптері түзіледі.
1-суреттегі F2 Аа генотипі өзара тозаңдануынан генотип бойынша 1АА:2Аа:1аа, ал фенотип бойынша 3 қызыл:1ақ болып ажырайды. Осы арқылы генотип пен фенотип ажырауы біркелкі жүрмейтіндігі белгілі болды.
Дигибридті будандастыру, гаметаларын анықтау
Дигибридті будандарда аталық пен аналық формалары 2 белгімен ажыратылады. Бірінші белгі аллельдері түсіне жауап берсе, екінші жұп белгісі пішініне жауап береді деп қарастыруға болады, айта кетерлік, белгілер есеп шарттарына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін, мысалы, бірінші жұп белгі ұзындығына, екінші жұп белгісі түсіне жауап береді. Дигибридті белгілер гомозиготалы да, гетерозиготалы да болып келеді: ААВВ, аавв, ААвв, ааВВ, АаВв, ААВв, АаВВ, ааВв - аталық пен аналық генотиптері.
Дигибридті будандастыру үшін Мендель 2 түрлі белгісімен ажыратылатын, аталық пен аналығы гомозиготалы болатын бұршақты алды. Аналық өсімдік бұршағы сары түсті, тегіс, аталық өсімдіктің бұршағы жасыл, әрі бұдырлы. Бірінші ұрпақ будандарының бұршағы тегіс және сары түсті болды, сәйкесінше, аналық бұршағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz