Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . 3
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Зерттеу әдістері
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы
Зерттеуді ұйымдастыру
I. МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚУШЫ АҒЗАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ .
1. 1 Мектептердегі дене тәрбиесінің теориялық маңызы
1. 2 Мектеп жасындағы балалардың дене дамуының морфофункционалдық ерекшеліктері
1. 3 Дені сау балалардың сыртқы тыныс алуының күйі және әртүрлі физикалық жүктемелер кезіндегі ерекшеліктері
1. 4 Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің негізгі ұғымдары және физиологиялық-гигиеналық негіздері
II. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2. 1 Мектепте дене шынықтыру сабақтарын өткізу тәсілдері
2. 2 Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
2. 3 Бастауыш сынып дене тәрбиесі
2. 4. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері
IV. АНЫҚТАМАЛАР
V. ҚОРЫТЫНДЫ
VI ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың көкейкестілігі. Қазіргі дене тәрбиесі жүйесінің әлеуметтік - экономикалық және әлеуметтік - мәдени жағдайында жалпы орта білім беру мектептерінде дене тәрбиесі пәнінің негізгі мақсаты адамның жалпы мәдениетінің компоненті ретінде дене мәдениетін де қалыптастыру көзделіп отыр. Кез - келген мұғалімнің алдында сабақта оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін оқушылар дене жаттықтыру сабағына қызығушылық танытуы, денелік және психикалық сапаларды дамытуы және сабақтан ерекше әсер алуы қажет. Қызығушылықтан ерекше дүниені күту пайда болады. Оның деңгейіне оқушының сабақтағы зейіні, мінез - құлқы, белсенділігі, сынй ойлауы, шығармашылықпен жұмыстануы байланысты. Оқушылардың денсаулығы - білім беру саласы мен мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарының бір.
Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т. б. ) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі - адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары: 1. Дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек. 2. Дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек. З. Дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті. 4. Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.
Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау.
Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі.
Қызметі дене дамуын оңтайландыру, білімдік, ақыл-ой және қызметтің өзге де түрлерімен өзара бірге әрекет ету, таңдап алған мамандықты меңгеруге себепкер болу, тәрбиелік, жалпы мәдени, эстетикалық, адамгершілікті, әлеуметтік-экономикалық салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене дайындығы.
Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.
Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.
Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі.
Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске ұшырау қалпы.
Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі.
Қызметі білім беруді, ғылым мен әдебиетті, техникалық құрал тәсілдерін, әдістерін пайдаланып дене дайындығына жан-жақты жағдай жасау.
Спорт дегеніміз - түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық.
Яғни спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның тандаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жеткізу саласы. Яғни жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір түрі.
Қызмет - спорттық әрекет. жарыстырушылык. интернационалдық. жүйкені реттсйтін. комуникативтік. ақпараттық, жалпы мәдениеттік. денені жетілдіру, эвристикалық бейбітшілік кызметі. ойын-сауықтық іс-әрекет. .
Бұқаралық спорт- тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып. жетілдіруге және бір қалыпта ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттаңдыратын спорт түрі болып табылады.
Жоғарғы жетістіктер спорты-жеке тұлғаның спорттағы мақсаты жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізуді рекорттар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы. Жоғарғы жетістікке жету жолы спартакияда, универсиада, чепионат және олимпиадалық ойындар.
Әуесқойлық спорт- азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қилы спорт қозғалысы.
Кәсіпқойлық спорт - спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі.
Дене тәрбиесі бойынша маманның кәсіби компоненттігі олардың өз қызметінде мектеп жасындағы балалардың дене құрылымының заманауи тұжырымдамасын іске асыруға дайындығында болып табылады - тәрбие білім процессінде денсаулығын нығайту, дене және психикалық даму, әр баланың эмоциональдық саулығына бағытталады.
Мектеп жасындағы баланың заманауи дене тәрбиесінің мотивациясы, ағзасының өзін-өзі жетілдіруіне, дене жаттығулары арқылы денсаулығын нығайту қажеттілігіне қалыптастыруы тиіс. Дене жаттығуларының әсерінен барлық мүшеміз бен ағзамыздың қызметтік сипаты өзгереді, олардың құрлысы жетіледі.
Мектеп оқушыларының жас ерекшелігінде-ақ, балалар осындай әсерлер механизімі туралы бастапқы білім алуы керек. Осыған байланысты дене тәрбиесі бойынша мамандарды дайындауда үшінні бағыт жаңа әрі маңыздысы болып табылады. Көрсетілген ағза жұмысы бойынша балаларды қалыптастыру әдісін меңгеру
Жұмыстың болжамы: Дене тәрбиесі мен әдістемелері замануи педагогиканың негізгі мәселелері болып күн тәртібінде тұрған тұрғаны белгілі. Себебі, бала тәрбиесі тек қана ақыл-ой еңбегін ғана дамытумен емес қимыл белсенділігінің ағзаның жүйелері мен қызметтеріне де тікелей әсер ететіндіктен, дене еңбегінің де маңызы жоғары. Сондықтан да жұмыстың мәні, маңыздылығы, қарастырған материалдарымыз балалар ағзасының дамуына дене шынықтыру сабақатарының да маңызды екенін түсіндіру.
Зерттеу нысаны: Дене жаттығуарының әрт түрімен және спорттың арнайы түрлерімен айналысатын спортшылар мен дене шынықтыру сабақтарыныңы адам ағзасы үшін маңыздылығын анықтау барысында мектеп оқушылары алынды.
Жұмыстың мақсаты: дене шынықтыру пәнге деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Пәннің рөлін айқындау арқылы қызығушылықты арттыру; біліктілікті арттыру; еңбектің жеке сапалық көрсеткіштерін өзгерту; оқытушы - сабақ беруші бағытынан педагог - басқарушы, педагог - әдіскер, педагог - зерттеуші бағытына сапалы ауысу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Әдістемелік жұмысты іске асыру, біліктілікті арттыру үшін мүмкіндіктерді қолдану; жаңаша мінез - құлықты, жаңа педагогикалық ойлауды дамыту; ғылыми - зерттеушілік және әдістемелік мәдениет деңгейді дамыту, арттыру; кәсіби әрекеттің нұсқасын жасау.
2. Кәсіби құзыреттілікті бағалау. қиындықтарды жеңу және жоғары нәтижеге жету әрекеттерін жоспарлау. жұмыс нәтижесін талдау, жалпылау, жүйелеу.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында бірқатар әдістер қолданылды:
-ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы;
-сараптамалы бағаламалар әдістері;
-математикалық статистика әдістері
-сауалнама түрлері.
Зерттеудің ұйымдастырылуы: Зерттеу тәртібі және ұйымдастырылуы ғылыми жұмыстағы басты талаптардың бірі болып табылады. Біздің жұмысыымызда бұл талап қатаң сақталуы тиіс. Өйткені, зерттеу жұмыстарының нәтижелері алдыға қойған мақсат-міндеттерімізді орындауға мүмкіндік береді. Зерттеу әдістерінің ұйымдастырылуы және жүргізілуі қатаң қадағаланып аудиторияларда жүргізілді.
Зерттеу әдістемелері: Қандай да бір тақрыпта неме ғылыми бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік ролінің де маңыздылығы басым болып табылады. Ағзаның дене шынықтыру жаттығуларына бейімделуін анықтауда қолданылатын негізгі әдістердің бірі антропометрияның жүргізілу әдістемелерін үйрету. Сауалнама жүргізу әдістемесінің өзі үлкен қажырлылық пен білімділікті өажет етеді. Сауалнама жүргізу үшін тақырыпқа сай арнайы сауалдар түрі мен алынған мәліметтерді ғылыми тұрғыдан тұжырымдай білудің өзі болашақ педагогтар үшін аудиторияның басқаруға арналған педагогика-психологиялық әдіснаманың бір сипаты болып табылады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы.
Дипломдық жұмыстың жазылуы барысында қандай ғылыми бағытта болғанына орай өзекті мәселелердің өзегі тақырып болып алынатынын білеміз. Осы тақырыптың қарастыратын мақсаты мен алдыға қойған міндеттері бірнеше кезеңдерге бөліне отырып жұмыстың маңыздылығын анықтауға бағыттар береді. Аталған тақырыптағы бітіру жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы, дене шынықтыру сабақтарының өскелең ұрпақ үшін маңызы мен қатар жалпы біім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақатырының негізгі пәндер құрамына кірмей екінші орынға ысырыла беретінін айқындай отырып, қимыл белсенділігінің бала ағзасының даму кезеңдері үшін де маңыздылығын ашып көрсету.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ Зерттеу әдістері
Зерттеу барысында бірқатар әдістер қолданылды:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы
- сараптамалы бағаламалар әдістері
- математикалық статистика әдістері
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы
Әдебиет көздерін зерттеу бірнеше бағытпен жүргізілді: Зерттелінетін мәселенің ғылыми деңгейін анықтау, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алушы студенттерге «мектептердегі дене тәрбиесінің» мазмұны мен әдістеріне және теориялық және эксперименталды мәліметтерді жинақтау;
Жалпы саны 50 әдебиеттер көзі сараптамадан өткізілді.
Зерттеуді ұйымдастыру
Дипломдық жұмысты орындау барысында теориялық тұрғыдан әдебиеттерге шолу және еліміз бойынша дене шынықтыру сабақтарының әр өңірлерде өткізілу тәртібі мен мысал бола алатын әдістемелік негіздеріне де назар аударылды. Сонымен қатар дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу қарқыны байқалады. Айта кететін бір жайт, мектеп оқушыларының ішінен жас жағына кіші болсада спорт түрлері бойынша белгілі бір белестерді бағындырып үлгерген балаларды да кездестірдік. Сонымен қатар, облыстар бойынша, спорт түрлері бойынша да сандық мәліметтер ұшырасты. Сондықтан қарастырған материалдарға сәйкес зерттеу нәтижелерін ұсынылып отыр.
- МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚУШЫ АҒЗАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫМектептердегі дене тәрбиесінің теориялық маңызы
Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері - тәрбиеші, жаттықтырушы және тәлімгерлік қызметтерді қатар атқаратындығы белгілі. Мұғалімнің кез-келген мәселені шешу қабілеті, мектептегі дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта ұйымдастыра алу шеберлігі, оқушылардың денсаулығын нығайту міндеттерінің орындалуы ҚР-ның заңында көрсетілген. Осы тұрғыдан алып қарағанда дене шынықтыру сабағы барлық уақытта мектептегі дене тәрбиесі және тәрбие жүйесіндегі басты пән болып қала береді . Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс. Дене тәрбиесінің жалпы міндеттерімен қатар оның тәрбиелік, тәлімдік, нұсқаушылық бағыты оқушылардың сабақ барысында және үй жағдайында өзіндік шынығуына ықпал етуі де өте маңызды .
Дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру, ол пән мұғалімін тек дене жүктемесінің орындалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оқушы сабақта қандай білім, тәрбие және дағды алды, оны күнделікті өмірде нақтылы жағдайда пайдалана алды ма? және өзге іс-әрекеттерінде осы алған білім, дағдыларын қаншалықты жүзеге асыра алды - деген мәселелер де толғандыруы тиіс .
Мектепте оқушыларға дене тәрбиесінен білімді бірыңғай теория (ақпарат) түрінде беру дұрыс емес. Оқушылардың дене қабілеттері мен қозғалыс дағдыларын дамыту үшін бір бағытта ғана емес, сонымен бірге сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты тиімді қолдану және жаттығулар мен жүктемелерді қиыннан оңайға, оңайдан қиынға ауыстыра жүргізу қағидалары ҚР жарлығында атап айтылған. Оқушының жаттығуларды орындаушылық қабілеті, ол дене әзірлігі жағынан қаншалықты дайын болуына байланысты. Мұғалім осы бағытта оқушылардың бойындағы ізденушілік, белсенділік, жинақылық, шапшаңдық сияқты қасиеттерін дамытуға ұмтылуы тиіс. Жыл бойы ашық ауада өткізілген дене жаттығулары ағзаның шынығуы үшін тиімді, шыныққан ағза суық тиіп аурудан қорғайды және кез-келген ауруға қарсы тұратын болады. Мектеп жанындағы ашық спорт алаңдарында орындалған дене жаттығулары мен ойындар оқушылардың дене бітімінің жан-жақты дамуына, дұрыс мүсін қалыптасуына жақсы әсерін тигізеді. Таза ауада жаттығулар өткізу оқушылардың қозғалыс дағдыларының шеңберін кеңейтеді. Балалар табиғи кедергілерден өтуге, жаңа жағдайға бейімделуге үйренеді, өзіндік белсенділігін таныта бастайды. Таза ауадағы дене жаттығулары балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке тартуға ықпал етеді. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырады .
Дене тәрбиесі сабағының балалар үшін ең қызықтысы - бұл жарыс түрінде өткізу. Оған қатысқан оқушы жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылады, жеңіске жетеді, бұл қажетті психологиялық және дене қабілеттерінің (күш, ептілік, икемділік, жылдамдық, шыдамдылық) дамуына көмегін тигізеді. Спорт пен дене тәрбиесіне байланысты мұндай сабақтарды жақын орналасқан көрші мектеп оқушыларын да қатыстыра өткізген пайдалы. Ол балалар өміріне өзгеріс енгізеді, іс-шараға қатысушылардың қызығушылықтарын арттырады, эмоциялық күйін жақсартады, байытады, оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастырады. Жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал етеді. Балалардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін тануына жағдай туғызады. Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс. Оқушыларды кез-келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы тиіс; нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша жан-жақты қолдану қажет; әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп міндетті түрде іріктеу керек. Бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының жаттығу орындау және ойындардағы іс-тәжірбисін шебер пайдалану қажет; барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл-қозғалыстарға белсене қатысуына зор көңіл бөлген дұрыс; сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру керек. Бағалау, бақылау, қателіктерді дер кезінде түзеп отыру қажет. Осы аталған қағидалар мен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене тәрбиесі сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамып, жетіледі, пәнге деген қызығушылығы артады .
- Мектеп жасындағы балалардың дене дамуының морфофункционалдық ерекшеліктері
Ағзаның жеке дамуының заңдылықтарын зерттеуде қойылатын негізгі мәселелердің өзектілігінің бірі балалар денсаулығын сақтау болып табылатыны сөзсіз. Дегенмен қазіргі кезде денсаулық сөзі көп жақты пікір тудыратын, ағзаның әртүрлі тіршілік әрекетін қамтамсыз ететін көрсеткіштерден тұратын, сонымен қатар денсаулық деңгейіне әсер ететін әртүрлі факторлар өзгерісімен қатар жүретін түсінік . Қандай елде болмасын бала денсаулығына аса мән беретіні белгілі. Себебі бала денсаулығы болашақ ұрпақ денсаулығы, ұлт жалғасы екені сөзсіз. Сондықтанда осы таңда мектеп жасындағы балаларадың денсаулық күйі өзекті мәселелелердің бірі болып отыр. Аталған тақырыптатарға қатысты әдеби деректерде келтірілген мәліметтерге қарасақ, мектеп жасындағы балалардың 10 % дені сау деп есептелінеді екен. Ал балалардың үштен бірі созылмалы дертке шалдыққандығы анықталып отыр. Балалар денсаулығына жүргізілген тәжірибелерді қарай отырсақ, олардың физикалық даму деңгейі, ағзадағы даму, өсу үдерістеріне қатысты жүйелері біркелікі емес. Жалпы өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарында-ақ негізгі нормативті анықтамалар дайындалған болатын. Қазіргі кезде де балалар денаулығына қатысты, олардың даму үдерісі барысындағы сыртқы орта факторларының әсерінен бастап, әртүрлі жас кезеңдеріне қарай, сонымен қатар әртүрлі физикалық жүктемелер мен эмоционалды стресстер әсерінен болатын ағза жүйелерінің қызметіндегі, құрылымдық өзгерістері де қарастырылып, толыққанды зерттелуде. Бұл зерттеулер барысында қойылатын талаптардың тағы бір себептерінің бірі, ағзаның негізгі жүйелеріне қойылатын жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы нормативтер енгізу. Оқыту процесі барысында әртүрлі шамадағы физикалық жүктемелерді енгізу, қазіргі заманауи талаптардың бірі. Себебі кез келген физикалық жүктемелер ағзаның жүйлеріне жаттығу әсерін тигізеді. Өйткені, көпшілігіміз білеміз гиподинамия - дене жұмысына белсенділіктің төмендеуі. Заман талабына қарай, ғылыми -техникалық прогрестің дамуына байланысты, сонымен қатар білім беру үдерісіндегі талаптардың жоғарылауына байланысты мектеп оқушыларында дене еңбегінен гөрі, ақыл- ой деңгейінің дамуына үлкен талап қойылып отырғаны таңқаларлық емес. Дегенімен балалар ағзасында белсенді даму үдерісі жүретіндіктен қозғалыс белсенділігі аса маңызды болатыны сөзсіз. Бұлшық ет қимыл-қозғалыстың төмендеуінен әлсіреп, бірте-бірте атрофияға ұшырайды. Бірте-бірте күш төзімділік секілді қасиеттері төмендеп, вегето-қантамырлық дистония, депрессия т. б. жүйкелік өзгерістер, зат алмасу үдерістері туындайды .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz