Оқытудың жеке, нақты заңдылықтары


№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық- педагогикалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Бастауыш сынып дидактикасын оқытудағы Ы. Алтынсариннің қосқан үлесі »
Пәні: педагогика
Курс: IV
Топ: Ш-43
Пән: Педагогика
Білім алушы: Мырзамуратова Назира Бауыржанқызы
Мамандық: «Бастауыш білім беру» 0105000
Біліктілік: «Бастауыш білім беру мұғалімі» 0105013
Алматы, 2023 жыл
МазмұныКіріспе3
ІДидактика туралы түсінік және оның теориялық - әдістемелік негізі5
1. 1 Дидактика туралы түсінік және Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар5
1. 2 Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұны7
ІІЫ. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі11
2. 1 Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы11
2. 2Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі13
ІІІ Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясы20
3. 1 «Қазақ хрестоматиясындағы» жеке тұлғаға дұрыс тәрбие беру дидактикасы20
3. 2 Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясы21
Қорытынды29
Пайдаланылған әдебиеттер31
КіріспеЕгеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Дидактика (гр. Didaktikos - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы [1] .
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т. б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық дидактикада ойдың терең қазынасы болып табылады.
XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, т. б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ. Жұбанов, Т. Тәжібаев, Р. Г. Лемберг, Н. Көшекбаев, т. б. ) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған [2] [3] .
Курстық жұмыстың өзектілігі: Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым - Ы. Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т. б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. Ұлы ұстаз өз еңбектерінде мұғалім өз шәкірттерін сүйе білуі, олардың ата-аналарын құрметтеу, тәрбиелі болуы туралы құнды пікірлер айтқан. Ыбырай Алтынсариннің ағартушы-педагог ретіндегі негізгі ұстанымы - ізгілік пен адамгершілік, гуманистік көзқарас, балаға жылы жүрекпен қарау, мұғалім мен оқушының өзара түсінікті қатынаста болуы принциптері. ХХІ ғасырдағы дидактиканың стратегиялық дамуында Ыбырай Алтынсариннің идеялары құнды орын алады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесін зерделеу, бағасын беру болып табылады.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:
- дидактика және жеке әдістемелерге тоқталу. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушыларға шолу жасау;
- оқыту процесінің қозғаушы күштері, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерін сипаттау;
- қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұнын қарастыру;
- Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясына тоқталу болмақ.
Зерттеу объектісі: Ы. Алтынсариннің дидактикалық еңбектері.
Жұмыстың теориялық мәні . Дидактиканың оқыту үрдісіндегі маңыздылығымен танысу, білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясын меңгеру, педагогиканы үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы, Ы. Алтынсарин еңбектеріндегі дидактикалық әдістемені қазіргі дидактикалық жүйемен ұштастыра пайдалану болмақ.
Курс жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.
І Дидактика туралы түсінік және оның теориялық - әдістемелік негізі 1. 1 Дидактика туралы түсінік және Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар
Дидактика (гр. didaktikos - үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні - адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактика - теориялық және сонымен қатар нормативті - қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми - теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер оқытудың практикасын бағыттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті-қолданбалы, конструктивті - технологиялық функцияны атқарады. Бұл функциялардың бірлігінде дидактика - бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі, оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы.
1. Дидактиканың негізгі категориялары (ұғымдары) : сабақ беру (преподавание), оқу, оқыту, білім беру, білім, іскерлік, дағды, оқытудың мақсаты, мазмұны, түрлері, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Сабақ беру - оқыту мақсатын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін мұғалімдердің тәртіпке келтірілген іс-әрекеті.
Оқу - процесс, оның барысында оқушыда тану, жаттығу және тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады.
Оқыту - қойылған мақсатты орындауға бағытталған мұғалім мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады.
Білім беру - оқушының оқыту процесінде ие болған білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.
2. Оқыту процесіне педагогикадан тыс (қоғамдық жағдайлар) және педагогика ішкілік (сыныптың құрамы, оқу материалының ерекшелігі) сияқты көптеген факторлардың әсер етуі дидактикада статистикалық заңдардың көп болуын шарттандырады, яғни берілген жағдайларда оқыту процесінде өзгерістердің қандайда бір болымын болжайды.
Дидактиканың заңдарының бір бөлігі динамикалыққа жатады. Онда объектінің бастапқы жағдайы оның әрі қарай өзгеруін бірмәнді анықтайды. Дидактикалық заңдылықтардың ерекшелігін сабақ беру, оқу және білім беру мазмұнының арасындағы тәуелділік сипаттайды. Дидактикалық заңдылықтар жекелеген оқу пәндерінің мазмұнына тәуелсіз. Негізгі дидактикалық заңдылықтар : оқытудың әлеуметтік сұранысқа және қоғамдық жағдайға тәуелділігі, оқытудың әлеуметтік-қалыптастырушы және тәрбиелеушілік сипаты, оқытудың тиімділігінің оқушылардың белсенділігіне және олардың оқуға деген мақсатты бағытталған жауапкершілік қатынасты қалыптастыруға тәуелділігі т. б.
Заңдылықтардың басқа бір тобы мынадай: құрылымдық (оқу әдістерінің әр түрлі білім мазмұнының түрлерін меңгеру тәсілдеріне тәуелділігі), жүйелілік (сабақ берудің, оқудың және білім мазмұнының бірлігі), эволюциялық (оқушылардың жасына және даярлық деңгейіне сәйкесті оқыту процесінің құрымының өзгеруі), функционалдық (оқушыларда әлеуметтік тәжірибені сақтауға, қайта айтуға және дамытуға даярлау), тарихи.
3. Дидактика терминін неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) ғылыми айналымға алғаш енгізді. Ол өзінің лекция курсын «дидактика» немесе «сабақ беру өнері» деп атаған еді.
Я. А. Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде жасап, балаларды оқытудың бірізділікті ұстанымдарын және ережелерін ұсынды. Ол « Ұлы дидактика » (1657) еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т. б. Я. А. Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я. А. Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды. Қайта өрлеу дәуірінде философияда гуманистік бастама үлкен мәнге ие болғанда Ж. Ж. Руссо оқытуда баланың сұранысын, қажеттілігін, өзекті қызығушылықтарын ескеруге шақырды. И. Г. Песталоцци біржақты тәрбиелеудің бүкіл түрлеріне қарсы шығып, адамның барлық күштерін және қызығушылықтарын дамыту керек деген оқыту мақсатына назар аударды.
ХҮІІІғ. аяғында ХІХғ. басында классикалық педагогикада мектепте білім берудің 2 теориясы анықталды: формальдық білім беру теориясы (Н. Ф. Гербарттың және оның ізбасарларының пікірінше оқытудың басты міндеті - оқушыларды ақыл-ой жағынан дамыту) және материалдық білім беру теориясы (оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды өмірге пайдалы білімдермен қаруландыру) .
ХІХғ. ортасында А. Дистервег дамытып оқытудың дидактикалық негізін салып, дәлірек айтқанда «жақыннан алысқа», «қарапайымнан күрделіге» және т. б. 33 заңды және ережені анықтап берді [4] .
Индустриалдық дамыған елдерде қазіргі дидактикада психология көп орын алған.
ХІХғ. екінші жартысында Ресейде тұтас дидактикалық жүйені К. Д. Ушинский жасады. Ағартушылық философиялық идеяларға, психологияға және физиологияға сүйене отырып, ол формальдық және материалдық білім берудің біржақтылығын көрсетті, танып білу мен оқытудың ұқсастығын және айырмашылығын ашты, оқыту процесінде білімді қабылдаудың, меңгерудің және бекітудің, ойлауды дамытудың, оқушылардың оқуға ұмтылысының мотивтерін қалыптастырудың, оқыту мен оқушылардың дербес әрекетінің арақатынасының сұрақтарына жауап берді.
Оқыту теориясының дамуына Н. К. Крупская үлес қосты. Оның оқытудың мазмұнына және әдістері, мұғалімнің сапалары туралы ойлары педагогикалық зерттеулерге жаңа бағыт берді.
А. С. Макаренконың педагогикалық қызметі және көзқарастары ұжымды тәрбиелеудің және еңбекке оқытудың негізін салды.
Өткен ғасырдың 70-і жылдары білім мазмұнына оқытудың дамытушылық және тәрбиелеушілік функиясын арттыратын жаңа компоненттері енгізілді - шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүние жүзіне, бір-біріне тәрбие эмоционалдық-құндылықтық қатынас. Мектеп оқулығы мәселесі бойынша мазмұнды зерттеулер жүргізілді.
Өткеннің дидактиктерінің оқушылардың білімді белсенді меңгеру керек деген талабы жаңа негіздеме алып, оқушылардың танымдық іс-әрекетінде олардың дербестігін дамытудың қажеті сипатына ие болу арқылы өз жалғасын тапты.
Осы бағытта дидактиктер және психологтар (Т. В. Кудрявцев, И. Я. Лернер, А. М. Матюшкин, М. И. Махмутов т. б. ) проблемалық оқыту концепциясын жасады. Оқушыларда танымдық қызығушылықты, білімге деген сұранысты қалыптастырудың мәселелері зерттелінді.
Дидактика үшін оқыту психологиясы (Н. А. Менчинская, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов т. б. ) зерттеулерінің үлкен мәні бар, онда білім мазмұнын құрудың психологиялық алғышарттары көрсетіледі.
Дидактиканың дамуына озық тәжірибені жалпылау, жаңашыл-педагогтардың (Ш. А. Амонашвили, В. Ф. Шаталов т. б. ) ізденістері септігін тигізуде [5] .
1. 2 Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұныОқыту теориясының негізгі компоненттерінің бірі оның заңдылықтары. Олардан құбылыстар, үрдістер, оның нәтижелері арасындағы обьективті, тұрақты және қайталанып келіп отыратын байланыстар көрініс табады.
Дидактикалық принциптер - оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкесті мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар.
Жоғарыда айтылғандай Я . А. Коменский педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я. А. Коменскийдің оқыту табиғаттың және адамның дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады деген идеясы « оқытудың табиғатқа сәйкестігі » деген атқа ие болды. Ж. Ж. Руссо оқыту процесінің принципалдық негізі баланың табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И. Г. Песталоцци оқытудың мазмұнын көрнекілік принципінен шығарады.
А. Дистервег оқыту жүйесін нақты ережелермен толтырады. Ол оларды оқыту мазмұнына, оқытушыларға, оқушыларға талаптар түрінде қарастырды. Оқыту прициптерін жасауда К. Д. Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мынадай принциптерді бөліп шығарды: оқытудың халықтық идеясында көрініс табатын оқытудың тәрбиелеушілік сипаты; оқытудың жүйелігі, шамаға лайықтылығы және әлі жетерлігі; білімнің беріктігі; оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі. К. Д. Ушинский осы принциптерге терең психологиялық негіздеме берді.
Оқыту процесінде қызмет ететін заңдылықтары жалпы өз әрекетімен бүкіл жүйені қамтиды және жеке немесе нақты жүйенің белгілі бір компонентіне әсері болып бөлінеді.
1. Оқыту процесінің жалпы заңдылықтар:
1. Оқытудың мақсаты тәуелді: а) қоғамның дамуының деңгейіне және қарқынына; б) қоғамның сұранысына және мүмкіншілігіне; в) педагогика ғылымының және практикасының даму деңгейіне және мүмкіншілігіне.
2. Оқытудың мазмұны тәуелді: а) қоғамдық сұранысқа және оқыту мақсатына; б) әлеуметтік және ғылыми техникалық прогрестің қарқынына; в) оқушылардың жастық мүмкіншіліктеріне; г) оқытудың теориясы мен практикасының дамуының деңгейіне; д) оқу орындарының материалдық техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне.
3. Білім сапасы оқытудың әрбір жаңа кезеңінің тиімділігі тәуелді:
а) оның алдындағы кезеңнің өнімділігіне және ондағы қол жеткен нәтижеге;
в) оқылып жатқан жадығаттың сипатына және көлеміне; в) мұғалімдердің ұйымдастырушылық педагогикалық әсеріне; г) оқушылардың оқығандығына; д) оқыту уақытына.
4. Оқыту әдістерінің тиімділігі тәуелді: а) әдістерді қолданудағы біліміне және дағдысына; б) оқыту мақсатына; в) оқытудың мазмұнына; г) оқушылардың жасына; д) оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне; е) материалдық техникалық қамтамасыз етілуіне, ж) оқыту процесін ұйымдастырылуына.
5. Оқытуды басқару. Оқытудың өнімділігі тәуелді: а) оқыту жүйесінде кері байланыстың қарқындылығына; б) түзетуші әсердің дұрыстығына.
6. Оқытуды ынталандыру мыналардың есебінен болады: а) оқытудың мотивтері а) сыртқы /қоғамдық, экономикалық, педагогикалық/ стимулдардың.
2. Оқытудың жеке, нақты заңдылықтары
1. Дидактикалық заңдылықтары. Оқытудың нәтижесі оқытудың ұзақтығына, меңгеріліп жатқан мазмұнның оқушыға мәнділігіне тікелей пропорционалды. Берілген көлемдегі білім мен іскерліктің меңгерілу өнімділігі оқылып жатқан материалдың санына, қиындығына және күрделілігіне кері пропорционалды. Оқытудың нәтижесі қолданылған әдістердің, құралдарға және мұғалімнің шеберлігіне тәуелді. Оқытудың «жасату» жолы «тыңдау» жолынан 6-7 есе өнімді.
2. Танымдық (гносеологиялық) заңдылықтар. Оқытудың нәтижесі оқушылардың оқуға деген сұранысына және оқушылардың оқу іс-әрекетінің көлеміне, білімдерді, іскерлікті практикалық қолдану көлеміне тікелей пропорционалды. Оқушылардың ақыл-ой дамуы өзара байланысты білімдердің, іскерліктердің, шығармашылық әрекеттің тәжірибесін меңгеру көлеміне тікелей пропорционалды. Оқыту нәтижесі оқушылардың үй тапсырмасын әрдайым және жүйелі орындалуына, оқытудың проблемділік деңгейіне, оқушыларды әлі келетін және мәнді оқу проблемаларын шешуге қатыстырылу қарқынына тәуелді.
3. Психологиялық заңдылықтар. Оқытудың өнімділігі оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызығушылығына, оқушылардың оқу мүмкіншілігіне, тренировкалық жаттығулардың санына, тренировканың қарқынына, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейіне, оқушылардың зейінінің деңгейіне және тұрақтылығына, оқушылардың еңбек істеуге деген қабілеттілігіне байланысты. Нақты оқу материалын меңгерудің нәтижесі оқушылардың қабілетіне жекелеген ынтасына, оқушылардың ойлауының деңгейіне, күшіне, қарқындылығына және ерекшелігіне, еске сақтаудың даму деңгейіне тәуелді.
4. Кибернитикалық заңдылық. Оқыту тиімділігі кері байланыстың жиілігіне және көлеміне, оқыту процесін басқару сапасына тікелей пропорциональды болады. Білім сапасы қадағалаудың тиімділігіне де байланысты болады.
5. Әлеуметтік заңдылықтар. Индивидтің дамуы тікелей немесе жанамалай қарым-қатынасқа түсетін басқа да индивидтердің дамуымен шартталған. Оқытудың өнімділігі танымдық контактінің көлеміне және қарқындылығына, «интеллектуалдық ортаның» деңгейіне, өз-өздерін оқытудың қарқындылығына тәуелді.
6. Ұйымдастырушылық заңдылықтар. Оқытудың тиімділігі мұғалімнің ұйымдастырушылық жұмысына, жұмыс істеу қабілетіне тәуелді. Ақыл-ой шаршауы сезім органдарының тежелеуіне соқтырады: төрт сағат оқу сабағы анализаторлардың сезімдігін 2 есе кемітеді. Балалардың ақыл-ой жұмыс істеу қабілеті денсаулық жағдайына, ақыл-ой іс-әрекетінің режиміне, жынысына, жасына, жылдың уақытына, апта күніне, тәулік уақытына тәуелді болады. Балалардың ақыл-ой іс-әрекетінің белсенділігі оқу сабақтарының кестесіне де тәуелді болады [6] [7] .
3. Оқытудың принциптері, ұстанымдары мен ережелері:
Саналылық және белсенділік принципінің негізіне ғылым орнатқан заңдылықты жағдайлар жатыр: білім алудың мәні терең және дербес ұғынылған білімдер құрайды, олар өз ойын қарқынды жұмыс істеу жолымен игеріледі.
Көрнекілік принцип негізінде мынадай ғылыми заңдылықтар жатыр: адамдардың басым көпшілігінде көру органдары ең үлкен сезімділікке ие, көру органынан миға түсетін ақпарат кодировканы қайта жасауды талап етпейді, ол оқушының есінде жеңіл, тез және берік орын алады.
Жүйелілік және бірізділік принципі мынадай ғылыми жағдайларға негізделеді: оқушының миында қоршаған дүниенің анық суреті бейнеленгенде ғана ол нағыз және іскер білімге ие болады.
Ғылымилық принципінде мына заңдылық бекітілген: білім беру мазмұнын меңгеру және оқушылардың танымдық күшін дамыту - оқыту процесінің екі өзара байланысты жақтары; оқу материалын меңгерудің беріктігі тек қана объективті факторға емес, сонымен бірге субъективті факторға да тәуелді; білімді меңгерудің беріктігі оқытуды ұйымдастырумен, әр түрлі формалар мен әдістерді қолданумен, оқытудың уақытымен шартталады; оқушылардың еске сақтауы таңдаушылық сипатта болады.
Шамаға лайықтылық принципі оқытудың көп ғасырлық практикасы жасаған талаптардан шығады: оқушылардың жастық даму заңдылықтары және оқушылардың даму деңгейіне сәйкесті дидактикалық процесті жүзеге асыру. Я. А. Коменский шамаға лайықтылық принципін жүзеге асыруға арналған ережелерді анықтады: жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге, оңайдан күрделіге.
Ғылымилық принципі оқушыларға ғылым орнатқан білімдерді меңгертуді талап етеді.
Теория мен практиканың байланысы принципінің негізіне философияның мынадай басты қағидасы жатқызылған: өмір, практика - шындықтың өлшемі, танымдық іс-әрекеттің қайнар көзі [8] .
Оқыту принципінің талаптары ережелер жүйесі арқылы жүзеге асады. Ереже - бұл нақты жағдайда белгілі бір мақсатты орындаудағы педагогикалық іс-әрекетті суреттеу. Көбінесе оқытудың ережесі деп қандай да бір принципті қолданудың жекелеген жақтарын ашатын басшылықтық жағдайларды түсінеді.
Оқытудың ережесі теориядан практикаға көшу буыны болады. Ереже мұғалімге қандай да бір жағдайда белгілі бір әрекеттерді орындауды тапсырады, оны талаптарды орындауға бағыттайды.
ІІ Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі 2. 1 Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығыЫбырай Алтынсарин (шын аты Ибраһим, 1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859) . Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz