Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
І Инновациялық технологиялардың ғылыми теориялық негіздері
Инновация, Инновациялық технология ұғымдарының мәні, жіктелуі және бағыттары
Қазақ тілін оқыту үрдісіндегі қолданылатын инновациялық технологиялардың түрлері, интерактивті оқыту технологиялары
ІІ Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі және тәжірибелік жұмыстың нәтижесі
2.1 Дәстүрлі және инновациялық технологияларға анализ және қазақ тілі сабағын оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер
2.2 Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Білімді ұрпақ - ел болашағы. Қазіргі таңда Жаңа Қазақстанды дамыту үшін бірқатар жаңа жобалар жоспарланып іске асырылуда. Сол сияқты білім кеңістігінде де жаңа әдістер, жаңа технологиялар, жаңа бағдарламалар жасалып жатыр. Оқу өмірдің сәні, тіршіліктің шамы дегендей, білім алу арқылы, ғылымның бастауы ашылып қана қоймай экономиканың дамуына үлкен әсерін беруде[1]. Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді деп М.Горький білім түсінігін жоғары бағалап пікір қалдырған екен[2]. Расымен, білім ең мықты құрал. Білім беру арқылы оқушылардың таным, іскерлік дағдыларын дамытып қана қоймай, олардың сана сезіміне әсер етіп, тәрбие беріп тұлға болып қалыптасуына жол ашуға болады. Білім беру- адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі. Сонымен, білім беру- әрқашан әлеуметтік-саяси маңызын жоғалтпайтын өзекті тақырып.
Бастауыш білім берудің тұжырымдамасында білім алушылардың тек терең де берік білім ғана емес, жалпы оқу бейімділіктерін, әмбебап құзыреттіліктерін, функционалдық сауаттылығы мен әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін - ғылыми дүниетанымы, жауапкершілік сезімі, ұйымшылдығын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажеттігі туралы айтылған [3]. Білім берумен қатар оқушыларға патриоттық, адамгершілік, экономикалық тәрбие беріп, олардың шығармашылық және танымдық дағдыларын қалыптастыру да көзделеді.
Бастауыш жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандартында білім мазмұны өзін-өзі анықтау мен өздігінен білім алуды қамтамасыз етуге бағытталатын бастауыш мектептің жеке тұлғалық-бағдарлы, танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеруіне және балалардың әртүрлі іс-әрекет түрлерінде тәжірибе жинақтауын дамытатын нұсқасын енгізу идеясын тұжырымдайды [4]. Мұндай білім беру тәжірибесінде бастауыш мектептегі білім алушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке ынтамен кірістіру үшін белгілі бір қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндерін оқытуда жұптық, топтық, өзіндік жұмыстарға негізделген және түрлі модельде даярланған логикалық, шығармашылық, жағдаяттық тапсырмалар, ойын түрінде берілген материалдар, рөльдік ойындар білім алушы бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастыруға негіз болуы тиіс [5].
Білім беру аясында 2015 жылдан бері енгізілген жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұны бойынша қойылған міндеттер енді ғана реттеліп келе жатқандай. Жаңартылған білім беру түсінігінің өзі сапалы білім алуға негізделген, білім алушыларды заманауи үлгіде оқытудың жүйесі. Бұл жүйе негізінен жаңа технологияларды білім жүйесінде қолдана отырып, сапалы білім беруге бағытталған. Жаңартылған білім беру жүйесінің мақсаты- сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын, эксперименттер жүргізу, ақпараттық технологияларды пайдалану, жеке, жұптық, топтық қарым-қатынас құру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және пайдалану, оларды тиімді іске асыру, білім алушының жеке басы үшін үйлесімді және қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады. Мұғалімдер үшін жаңартылған білім берудің тиімділігі төмендегідей:
- Сапалы білім беру үшін жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, тақырыпты өзекті түсіндіру.
- Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әртүрлі формаларын қолдану.
- Қашықтықтан білім беру жүйесіндегі технологияларды меңгеру.
- Сабақ берудегі білім сапасын арттыруға, тақырыптың мақсатын, міндетін жіті түсіну, бағалаудың әртүрлі әдістерін қолдану.
Жаңартылған білім берудің тиімділігімен қатар ерекшеліктері де сан қырлы. Соның бірі жаңа инновациялық технологиялар.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдану мәселесінің өзектілігі қоғамда болып жатқан интеграциялық және ақпараттық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесін қалыптастыруға байланысты туындайды. Білім беру процесінде инновациялық технологияларды қолдану барысында сабақ мақсатына жету мен тақырыпты меңгеру аса маңызды екені белгілі. Осы орайда көптеген мұғалімдер жаңа инновациялық технологияларды пайдалану білім беру сапасын арттырады деп, нақты керекті әдіс-тәсілдерді таңдай алмай, бір сабақтың өзіне 4-5 әдіс қолданып, сабақ нәтижесіне қол жеткізе алмай жатады. Сабақтың қызықты ғана емес нәтижелі болуы үшін әр сабақты жоспарлау кезінде сабақ бөлімдеріне байланысты нақты керекті әдіс-тәсілдер қолданылуы тиіс. Себебі, мұғалімнің басты міндеті - инновациялық технологияларды пайдалану емес, инновациялық технологияны тиімді пайдалану болып табылады. Қазіргі жаңа Қазақстанда жаңа технологияларды пайдалану арқылы елімізде заман талабына сай ойлана алатын, сыни және бейстандартты ойлай алатын, жаңашыл, шығармашыл жан-жақты дамыған ұрпақ керек. Ал, 21-ғасырдың альфа ұрпақтарын оқытуда белсенді іс-әрекетке қызықтырып, танымдық қызығушылығын ашу үшін- бірсарынды, дәстүрлі, АКТ құралдардан мақрұм, оқулықпен жұмыс істеуі басым және өзара әрекеттесуі аз, оқушыларды тек тыныштыққа шақыратын іс-әрекеттерден аулақ болған жөн. Себебі, гипербелсенді альфа ұрпақтарын он жыл бұрынғы зет ұрпағымен салыстыруға келмейді. Қазіргі жас ұрпақтың танымдық ынтасын арттыру үшін сабақта өзара байланыс орната білу керек. Ол үшін, сабақты оқушылар үшін тиімді, жеңілден күрделіге алгоритмі бойынша жоспарлап оқыту керек. Оқушылардың жас-ерекшелігін, психологиялық ерекшелігін назарға ала отырып, танымдық қызығушылығын қалыптастыру және сабақ өткізу барысында инновациялық технологияларды пайдалану- бастауыш мектептің білім беру мәселесінде мешеулік деңгейде. Себебі, қазіргі таңдағы саны бар, сапасы жоқ инновациялық әдіс-тәсілдердің санында шек жоқ. Ал, оны талдап, тиімдісін іріктеу, оқу процесінде қолдана білу үшін практикалық қолданыстағы ресурстардың (уақыт, техникалық құралдар) жеткіліксіз болуы және іріктеуді талап ететің ғаламтордағы жиынтықтар, коммерциялық әрекеттер қарама-қайшылық туындатады.
Жоғарыда айтылған көптеген күрделі мәселелердің мазмұны зерттеу тақырыбын - Инновациялық технологияларды қолдану негізінде қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру деп таңдалуына себеп болды.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі сабақтарын оқытуда инновациялық технологияны қолдана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыуды теориялық негіздеу және эксперименттік тексеру.
Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының оқу процесі.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиімді жолдары.
Зерттеу міндеттері:
Педагогикалық және психологиялық дереккөздері мен мектеп тәжірибесіндегі бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылық әрекетімен, білім саласындағы жаңалықтар мен инновациялық технологиялардың түрлерімен танысып талдау.
Инновациялық технологиялардың білім берудегі орны мен рөлін анықтау.
Бастауыш сыныпқа қазақ тілін оқытудағы инновациялық білім беру әдіс-тәсілдерді қолдану.
Қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды қолдану жолдарын, платформаларын анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы - инновациялық технологияларды оқу үрдісінде тиімді қолдану оқушылардың жан-жақты дамуына танымдық қызығушылықтарының дамуына, ана тіліне деген құрметінің артуына жол ашады егер:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің, қызығушылығын арттырудағы әдіс тәсілдер жүйеленсе;
Қазақ тілі сабақтарын оқытуда бір сарынды емес, инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді іріктеп, тақырыпқа сай жоспарлап, тиімді пайдаланса;
Оқушылардың білім алу барысында инновациялық технологияларды қолдану нәтижесінде оқу сапасы артып, ынтасы жоғарыласа.
Теориялық және әдіснамалық негізі:
Танымдық белсенділік мен дербестік туралы теориялық тұжырымдамалар (Б.П.Есипов, М.Н.СКаткин,
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1.

І Инновациялық технологиялардың ғылыми теориялық негіздері.
Инновация, Инновациялық технология ұғымдарының мәні, жіктелуі ,бағыттары және инновация мәселелерін талдау
Білім беру саласында оқушыларға сапалы білім беру, оқытуда қолданатын технологиялар мен әдіс-тәсілдерді үздіксіз жетілдіру мұғалімдердің алдына қойылған басты міндет. Қазіргі жаһандық даму үрдісінде қай саласада болмасын инновациялық жобалар үлкен рөл атқаруда. Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1-ші қыркүйегінде Қазақстан халқына берген жолдауында Мен сайлау алдындағы бағдарламада ғылым және технологиялық саясат туралы заң қабылдау жөнінде бастама көтерген едім. Қазіргі әзірленіп жатқан заң жобасында экономикамызды ғылым мен инновацияға сүйене отырып дамыту логикасының көрініс табуы өте маңызды деп, қазіргі замандағы инновацияның рөлі тек экономикада ғана емес ғылым саласында да айрықша рөл атқаратынын атап өткен еді[7]. Инновациялық технологиялар педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке әдістемелік құралдардың жиынтығы мен жұмыс жүйесі. Ол оқытудың ең ұтымды жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым ретінде де, оқу процесінде де қолданылатын принциптер, алгоритмдер жүйесі ретінде де, нақты білім беру процесі ретінде де әрекет етеді.
Инновациялық технологиялар өз актуалдылығын ешқашан жоғалтпайтын терминдер қатарында. Себебі, қазіргі бір орында тұрақтап қалмайтын сенсацияға толы әлеміміз әр заттың заман талабына сай жаңарып отыруын талап етеді. Сонымен инновация сөзі нені білдіреді?
Инновация сөзі әуеліден қолданылып жүр. Бұл терминге көптеген анықтамалар берілген. Жалпы айтқанда, инновация ұғымы педагогика саласында бұрыннан қолданылып келе жатқан термин. Бұл ұғымды ғалымдар өз еңбектерінде инновация сөзі жаңа, жаңалық ашу деген мағынаны білдіреді деп көрсетсе, енді бірі инновация сөзі өзгеріс дегенді білдіреді деп сипаттама берген.
Инновация термині латын тілінен аударғанда novis жаңалық, in енгізу деген мағынаны білдіреді. Қазақша баламасы жаңарту, өзгеру деген мағынаға ие.
Ең алғаш 19- ғасырда инновация ұғымы мәдениеттанушылардың зерттеуінің нәтижесінде пайда болды. Жалпы айтқанда, бұл бір мәдениет түрін екінші ел мәдениетіне енгізуді білдірді.
Инновация сөзін қазақша мағынада жаңа, жаңалық деген мағынаны білдіреді десек, С.Ожеговтың сөздігін негізге алатын болсақ, инновация сөзі бірінші рет шыққан, жуық арада пайда болып, бұрынның орнын басатын, бұрыннан таныс болмай жаңадан пайда болған жаңалық болып шығады. Сонымен қоса, инновация сөзін әр ел өзінше түсінген. АҚШ, Нидерланды елдерінде бұл термин кеңінен таралған, Ал Арабия, Жапония тәрізді мемлекеттерден кездестіру мүмкін емес. Инновация сөзі қазір барлық сферада, атап айтсақ өндіріс, техника, медицина салаларында кеңінен қолданылып жүр.
Инновация процессінің негізі- жаңарту, өзге жаңалықты енгізе отырып, оны өзара байланыстыра жетілдіру. Білім беру үрдісінде оқытушының оқыту процесіне жаңалық енгізуі болып есептеледі.
Қазақстанда Инновация терминіне тұңғыш рет Немеребай Нұрахметов түсініктеме берген. Өзінің анықтамасында ол Инновация, инновациялық процесс деген - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі деген анықтаманы ұсынады. Немеребай Нұрахметов инновация білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын)[8].
Инновацияны енгізудің өзіндік кезеңдері болады. Ол 4 негізгі сатыдан тұрады:
Кезең: Жаңа идеяны іздеу. Бұл кезеңде ақпараттар мен жаңалықтарды талдап, жаңа тақырыптағы мәліметтерді іздеу керек. Жаңа идеяны іздеу кезеңінде әр түрлі тақырыптардағы семинарларға қатысып, білім беру платформаларынан үздік басылымдарды іріктеп, қызықтырған тақырып бойынша ой қозғау керек.
Кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру кезеңі. Бұл кезеңде жаңалықтың мақсаты мен аудиториясын анықтап алу керек. Білім беру ресурстарын әзірлеп шағын әдістеме құрау қажет. Оқушылардың қызығушылықтарын анықтау үшін социалды медианы пайдаланып жоспар құру керек. Жоспарланған әрекетке сай, оны алғашқы байқаудан өткізіп кем-кетігін анықтаған жөн.
Кезең: Жаңалықтарды енгізу кезеңі. Оқу үрдісінде ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдерді біртіңдеп қолдану.
Кезең: Жаңалықтарды бекіту кезеңі: Енгізілген инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижесін шығарып, бағалау.
Инновациялық білім беру- білім беру жүйесінде жаңа технологиялар мен әдістерду қолдану арқылы жасалған білімді бекіту түрі. Бұл мақсатты жетілдіруге, жаңа оқу және білім беру әдістерін жасауға, технологияларды жетілдірумен білім беру процесін жаңа деңгейге арттыруға бағытталады.
Жаңа педагогикалық инновациялық технологиялардың міндеттері:
Әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыру;
Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Инновацияның негізгі қағидалары:
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
Оқыту мен тәрбиенің біртұтастығы;
Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру;
Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
Әр оқушының даму жүйелерінің жұмыс істеуі;
Оқу үдерісін оқушының сезінуі.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады. Инновациялық құбылыстар педагогикалық құбылыстарды үнемі жаңартуға жетелейді.
Масырова Р, Линчевская Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Инновацияның 3 түрі бар: модификациялық, комбинаторлық, радикалдық.
Модификациялық инновация- түрдің өзгеруі, яғни бұрын қолданыста болған дүниені дамытып, түрін өзгерту. Мысалы, В.Ф.Шаталовтың жазған тірек конспектісі жатады.
Комбинаторлық - жаңа құрастыру. Бұрын қолда қолданылмаған, пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Пәндерді оқытудың қазіргі әдістемесін жатқызуға болады.
Радикалдық инновация- білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады.
Инновациялық әдістердің жіктемесі әр түрлі болып келеді. Белгілі әдістердің классификациясы 5 топқа бөлінеді.
Қатысушы саны бойынша;
Ұйымдастыру жері бойынша;
Оқу- танымдық қызметі бойынша;
Қатысушылардың іс-әрекеттерінің үлгісі бойынша;
Компьютерді қолдану принципы бойынша.
Қатысушы саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық, триада, диада болып бөлінеді.
Ұйымдастырылған жері бойынша аудиториялық және аудиториялық емес болып бөлінеді. Аудиториялық емес жоспарлы және экскурсиялық болып екіге бөлінеді.
Оқу-танымдық қызметі бойынша имитациялық және имитациялық емес болып 2 ге бөлінеді. Имитациялық ойын (оқу ойын, іскерлік ойын, ойынның жағдайы, белсенді режимдегі тренинг, ойын рәсімдері және әдістері), және ойын емес (case-stady. ТРИЗ) болып жіктеледі. Имитациялық емес дәріс, іскерлік ойын, ойынның жағдайы, белсенді режимдегі тренинг, ойын рәсімдері және әдістерінен тұрады.
Қатысушылардың іс-әрекеттерінің үлгілері бойынша әрекеттердің және пәндердің әр түрлі белгілері бойынша сараптама жасау; әлеуметтік-психологиялық, басқару, зерттеу және инженерлік-жобалау есептерін шығару; келіспеушілік, басқару жағдайларындағы әрекеттердің тактикасын талдау; көңіл қабілеттілігінің, ойлау тездігінің демонстрациясы және тренинг арқылы дамыту; нысандарды жобалау және конструкциясын жасау; құрылымдарды және үдерістерді оңтайландыру.
Компьютерлік қолдану принципі бойынша дербес компьютерсіз; компьютерлік ойындар; компьютерлік бағдарламалар негізінде болып бөлінеді.
Инновациялық технологиялар - білім беру саласында қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар мен ғылыми жаңалықтарға негізделген әдістер. Отандық дәстүрлі педагогика тәжірибесінде оқыту әдістері үш топқа бөлінеді:
Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері
Оқу-танымдық қызметтің тиімділігін бақылау әдістері
Оқу-танымдық қызметті ынталандыру әдістері
Бұл оқыту әдістерінің өзі ішінара төмендегідей бөлінеді.
Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері
Оқу-танымдық қызметтің тиімділігін бақылау әдістері

Оқу-танымдық қызметті ынталандыру әдістері

ауызша, көрнекі, тәжірибелік (оқу материалын баяндау көзі бойынша)
өсімпаздық түсіндірмелі-бейнелі, ізденістік, зерттеушілік, мәселелік және т.б. (оқу-танымдық қызметтің сипаты бойынща)
индукцтялық және дедукциялық (оқу материалын баяндау және түйсіну қисыны бойынша)
білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды меңгеру нәтижелерін ауызша, жазбаша тексерулер және өзіндік тексерулер
білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды меңгеруде ынтаның, жауапкершілік сезімнің, міндеттемелердің, мүдделердің қалыптасуын көтермелеу
Қазіргі кезеңде жаңа әдістерді қолданумен қатар технология түсінігі жиі кездеседі. Технология терминіне қысқаша түсінік беретін болсақ, бұл термин 1960 жылдары АҚШ та пайда болып, күллі әлемге тарады. Технология гр. Techne- өнер, шеберлік, кәсіп және logos- ғылым, білім деген сөзінен шыққан.
Техника терминінің екі мағынасы бар;
өндіріс құралдарының жиынтығы
бір істі орындалғанда қолданылатын тәсілдер жинағы.
Технология термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. С. Смирнов технология түсінігін төмендегідей анықтайды:
оқытуды ұйымдастыруда форма немесе әдістеме түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясын, қарым-қатынас технологиясы);
нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың дәстүрлі технологиясы, В.В.Давыдов пен Д.Б.Элбкониннің мектепке арналған жүйесі және т.б.)
Біраз уақыт бойы технология термині педагогикалық ұғымдар тізімінен тыс қалып келді. Негізгі мағынасы (шеберлік жөніндегі ілім) педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау- сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық технология- кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен қатар жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.В.Данилов, В.К.Дяченко, В.Б.Беспалько және т.б.).
В.В.Воронов педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт, - деп есептейді.
В.М.Шепель: Технология- бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі - десе М.Чошанов: Технология- бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі - деп анықтама береді.
Сонымен, педагогикалық технология- оқыту үдерісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі.
В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, бастауыш сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге деген көзқарас, қатынас қалыптасады.
Педагогикалық тәжірибеде жаңа педагогикалық технологияларды дамыту үлкен рөл атқарады. Жаңа педагогикалық технологияларды дамыту арқылы шығармашылық дағды дамып, креативтілік пен сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Әрбір мұғалім жаңа педагогикалық процестерді меңгере отырып өзін шыңдайды және шығармашылық тұрғыда дамиды.
Педагогикалық инновациялар мазмұнына, мағынасына және нәтижесіне қарай екіге бөлінеді:
Білім беру жүйесіндегі инновациялар
Оқу жоспарлары мен бағдарлама құрылысына сай инновациялар
Жаңартылған білім беру жүйесі кеңістігінде оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті бола білуге үйрету, бейстандартты ойлау, өз пікірін нақты жүйелі жеткізумен қатар, болып жатқан құбылыстарға сыни көзқараспен қарауға үйретуді талап етеді.
Қазіргі білім беру жүйесін талдай отырып төмендегідей тұжырым жасауға болады:
Оқушылардың бәсекеге қабілетті бола білуі оның күнделікті алатын бағасына тікелей байланысты емес.
Сабақты қызықты өтізу үшін бекітілген жоспарлауға сай жаңа әдіс-тәсілдерді ретімен жүйелі қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Жаңартылған оқу жүйесі арқылы оқушы күнделікті өмірде пайда болатын әр түрлі жағдайларда объективті пікір жасап, қорытындылауға, әділ баға беруге үйренеді. Себебі, критериальды бағалау кезінде оқушыларға ұсынылатын дескриптор мен критерий оқушының өз жұмысын бағалауда әділ болуға үйретеді.
Сабақтың нәтижелі болуы үшін пайдаланылатын инновациялық технологиялардың мақсаты тапсырма мақсатымен сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологиялардың басты мәселесі - гарантиясы бар нәтижені қайдан алуға болады деген сұраққа жауап іздеуде. Іс-әрекеттің тиімділік деңгейі кәсіпқойлық деңгейімен тікелей байланысты, оның ең жоғарғы деңгейі эффективтілігі болып табылады.
Бүгінгі таңда педагогикалық технологияларға деген қызығушылықты тудырған келесі себептерді бөліп көрсетуге болады:
Біріншіден, педагогикаға жүйелілік-белсенділік тәсілін енгізу қажетттілігі.
Екіншіден, білім беру процесін дараландыру және жеке-дамытуды жүзеге асыру қажеттілігі.
Үшіншіден, білімді берудің тиімсіз вербальды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының логика ұғымын айқындау
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Пәндер