Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің тілдік портреті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы
Ғылыми жоба
ИЛЬЯС ӘСЕЛ
СЕЙТЖАПБАР АЯУЛЫМ
КЯЛ-22-3 оқу тобының студенттері
Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің тілдік портреті
Мамандығы: 6ВО172-қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Жобаның ғылыми жетекшісі: А. Абасилов,
филология ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
Ғылыми кеңесші: Э. Ибрагимова
гуманитарлық ғылымдар магистрі
Қызылорда, 2024 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ӘДЕБИ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
МЕТОДОЛОГИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ БІРІ - СИЫР
1.1 Сиыр және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Қазақ әдебиетіндегі шығармалардан сиыр малына қатысты үзінділер ... .
Тарау бойынша тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.СИЫРДЫҢ ПІРІ - ЗЕҢГІ БАБА МИФТІК КЕЙІПКЕР
2.1 Миф және мифологиялық кейіпкер ұғымы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Зеңгі баба туралы аңыз әңгімелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Зеңгі ата кешені (XIV - ХХ ғ. басы) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Зеңгі бабаның тілдік тұлғасы мен портреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тарау бойынша тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зеңгі баба - байырғы халықтың қайсарлығын, қайраты мен даналығын танытатын мифтік кейіпкер. Аңыздарда ол ұзын ақ сақалды, әрқашан қарапайым киінген, ірі денелі қарт адам ретінде бейнеленген. Ол туралы аңыздар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, шабыт пен даналықтың қайнар көзі болып табылады.
Зеңгі бабаның басты ерекшеліктері - даналығы, мейірімділігі мен жанашырлығы. Оның мейірімділігінде шек жоқ және ол басқалардың игілігі үшін өзін құрбан етуге дайын болған. Жалпы Зеңгі баба дана, қайратты, қайырымды, тәлім-тәрбие алатын, сүйсінетін тұлға идеалын білдіреді.
Осы сипаттамаларға сүйене отырып, Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің кім екендігін таныту, тілдік портретін қалыптастыру маңызды.Оның өмір жолы арқылы адамгершілік құндылықтарды және рухани байлықты кеңінен насихаттау.
Зерттеу нысаны. Қазақ әдебиеті. Мифтік кейіпкер.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің тілдік тұлғасын қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Зеңгі баба атауының пайда болуын зерттеу;
- Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің мифологиядағы маңызын ашу;
- Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің тілдік тұлғасын талдау.
Зерттеу жұмысының сұрағы:
1.Неліктен сиырдың пірі Зеңгі баба аталды?
2.Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің мифологиядағы маңызы қандай?
3.Зеңгі баба туралы аңыздардың тәрбиелік мәні қандай?
Зерттеу жұмысында пайдаланылған әдіс-тәсілдер. Зерттеу барысында сапалық әдіс, оның ішінде сұхбат қолданылды, екінші деректерге талдау жасалынды.
Зерттеу жұмысының теориялық-практикалық маңызы. Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің мифологиядағы орнын ашып көрсету, неліктен Зеңгі баба атанғанын анықтау. Сонымен қатар Зеңгі бабаның өмір жолына және оған қатысы бар аңыздарға шолу жасап, Зеңгі бабаның тілдік тұлғасын және портретін қалыптастыру. Зерттеу жұмысының нәтижесі Зеңгі баба туралы тың мәліметтермен қамтамасыз етеді, Зеңгі баба тұлғасын сипаттау теориясын жетілдіреді, қазақ әдебиетінің дамуына өз үлесін тигізеді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
1.Көше, алаңдарда, мекеме орындарының алдына төрт түліктің және оның пірлерінің монументін қою.
2.Мектеп бағдарламасына төрт түлік және оның пірлері жайлы мәліметтердің тереңінен оқыту (осы орайда өзіміздің авторлық қосымша кітапшамызды ұсынамыз).
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Зеңгі баба мифтік кейіпкері жөнінде ақпараттар беріледі. Ондағы ерекшеліктерге талдау жүргізіліп, оның маңызы мен өміршеңдігі, ерекшелігі жөнінде мағлұматтар әдебиет саласына сүбелі үлес қосады. Зерттеу барысында ізденген әдебиеттерден, мақалалардан Зеңгі баба бейнесі туралы пікірлерді жинақтап, Зеңгі баба портретін ұсыну - негізгі жаңалық.
Зерттеу жұмысының құрылысы. Кіріспеден, әдеби шолудан, методологиядан негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ӘДЕБИ ШОЛУ
Бұл ғылыми жоба Зеңгі бабаның өмірі мен тағылымына, ол туралы аңыздардан тәлім-тәрбие алуға негізделген. Қазақ көне дәуірден мал шаруашылығымен айналысып, малым - жанымның садағасы дейтін халық. Малды баптап, ас-суын беріп, күнделікті өмірде қолданыс көзі еткен. Қазақ халқы ертеден төрт түлікті ішсе тағам, мінсе көлік етіп, негізгі тіршілік көзіне айналдырған. Сонымен қатар, мал басының көбейіп, мол өнім беруі үшін төрт түліктің пірлеріне сыйынып, тағзым жасайтын болған.
Зеңгі баба -- қазақ халқының мифологиялық сеніміндегі төрт түлік малдың бірі -- сиырдың пірі. Халық нанымында әр түліктің өз тәңірісі, иесі болады деп есептелген. Соның ішінде сиыр малының тәңірісі, қамқоршысы Зеңгі баба деп түсінген. Соған сиынып, малының аман-сау өсіп, көбеюін тілеген (Бабалар сөзі, 2011).
Зеңгі баба туралы пікір білдірген ғалымдарға тоқталайық.
Ә. Диваев Зеңгі баба туралмаң мынадай мәлімет келтіреді: Зеңгі атаның қазіргі аты - Иман баба дей келе, оның Зеңгі лақап есімін жүзінің сұрықсыздығынан алғанын алға тартады (Тоқтабай А. У., Карамедина М. Ө., 2019).
Ә. Диваевтың пікірлеріне сүйеніп, Ә. Марғұлан Зеңгі баба туралы мынадай тұжырым жасады: Мұнда Айқожа Самарқанд қалалары мен төңірегінен келген халықтың өкілі ретінде көрсетіледі., Бұхара және Үргеніш. Бұл қалаларда 8 ғасырдан бастап ислам діні орныға бастады. Аңыз бойынша, Айқожа Қарахан мемлекеті болғандықтан Орта Азияға ислам дінін таратқан. Өйткені оның беті қара болса, оны Зеңгі ата (атасы), Зеңгі баба (өте ежелгі ата) деп атай бастады. Демек, Зеңгі баба - Айқожаның бүркеншік аты. Айқожа да Қарахан әулетімен туысқан. Аңыздың бір нұсқасында өгей қызы Айша бибіні Талас уәлаятының билеушісі Манастың әкесі, Жақыптың туысы Қарахан әулиеге күйеуге бергені айтылса, екіншісінде Айқожаның шәкірті. Хакім ата Сүлеймен. Сүлеймен қайтыс болғаннан кейін әйелі Амбар Анаға үйленеді одан Айша бибі туады. Демек, Айқожа ойдан шығарылған кейіпкер емес, 12 ғасырда өмір сүрген нақты тұлға және Қарахан әулетіне қызмет етіп, исламның таралуына көп еңбек сіңірді. (Марғұлан, 1985).
Қазақ мифологиясын зерттеген ғалым Серікбол Қондыбай Зеңгі баба тақырыбы аясынан да тысқары қалған жоқ, ол өзінің Қазақ мифологиясына кіріспе еңбегінің бірінші томында Зеңгі бабаның сыртқы бейнесін былайша сипаттайды: Зеңгі -- қара түсті дегенді білдіреді, яғни әлгі пірдің денесі қара болғандығынан осылай аталыпты-мыс. Қара түс -- төменгі дүниенің символы, сонымен қатар осы түске өлім образы да ие. Қара түсті өлім -- ажал бейнесі ежелгі ортаазиялықтардың мифтік түсінігінде болған (Қондыбай, 2008).
МЕТОДОЛОГИЯ
Зерттеу дизайны. Ғылыми жобада Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің тілдік портретін қалыптастыру үшін сапалық әдіс қолданылды. Сапалық әдіс бойынша сұқбат алынып, екінші деректерге талдау жасалынды. Зеңгі бабаның портреті D-ID қосымшасы арқылы жасалды.
Сұқбат. Екінші дерек бойынша сұқбат алынды. Сұқбатқа филология ғылымдарының кандидаты қатысты.
Сұқбат 3 зерттеу сұрағына жауап алу мақсатында алынды.
Қатысушылар.
Саны: 1
Мамандығы: филология ғылымдарының кандидаты
Деректерді талдау. Сұқбат алынды, транскрипциясы жасалды, сұқбатқа жауап бергендердің есімдері кодпен берілді.

Зеңгі баба - Сүлеймен Бақырғанидың шәкірті, Арыстан бабтың шөбересі. Дене бітімі ірі, қара түсті және сақал-мұрты бар. Қазақ халқы сиырының көп болуын, молаюын, амандығын Зеңгі бабаға сиынып, тілеген. Сол себепті сиыр малының қамқоршысы, тәңірісі саналады.

Қазақ мифологиясында Жер шары көк өгіздің мүйізінде тұр деген аңыз бар. Алып, ірі денелі көк өгіз екі мүйізінің ортасында Жерді ұстап тұрады екен. Жер бетіндегі адамдар жақсылыққа ұмтылған кезде, адамдар мамыражай бейбіт өмір сүрген уақытта көк өгіз де соны сезіп, өзін жақсы сезінетін болған. Ал Жер бетінде соғыстар болып, адамдардың пейілі өзгеріп, зұлымдық орын алған кезде көк өгіз қалжырай бастайды екен. Әбден шаршаған көк өгіз Жерді бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырады, сол сәтте Жер бетін топан су басады. Кейде жамандықтан, зұлымдықтан жиреніп, сілкінеді, осының нәтижесінде жер сілкінісі пайда болады. Сол кезде Зеңгі баба көк өгізді тыныштандырып, әлемді құтқарушы қызметін атқарады.
Осы миф арқылы Зеңгі бабаның мифологиядағы маңызы айрықша байқалады. Себебі Зеңгі баба тек сиырдың пірі ғана емес, әлемді сақтаушы ретінде қызмет атқарып тұр.

Зеңгі бабаның дінге жақын болып, бойында ұлы әулиелік қасиеті бар екендігі хақ. Бұның астарында алар тәрбие мол. Халқының қамқоршысы болып, тілеуін тілегені, адасқанды тура жолға салып жүргендігі - көпке үлгі.
Этикалық мәселелер. Зерттеуді жүргізу барысында этикалық қағида талаптары сақталды, сұқбат алу кезінде түсінік хат беріліп, келісім хатқа қол қойдырылды, анонимділік сақталды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ БІРІ - СИЫР
Сиыр және оның түрлері
Төрт түлік малдың қасиетін сипаттағанда: Жылқы - желден, қой - оттан, түйе - саздан, жер - лайдан, сиыр - судан деген өрнек ерекше мағына береді (Тоқтабай А. У., Карамедина М. Ө., 2019). Аты әлемге әйгілі болған кәсіпкерлердің бірі және жазушы Кийосакидің айтуын бойынша, белгілі бір табыстарға жету үшін адам бойында осы төрт элементтің барлығы болуы керек (Кийосаки, 2008).
Сиыр -- Мүйізді ірі қара мал; төрт түліктің бірі (Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі, 1997).
Сиыр - қазақтың төрт түлігінің бірі, сонау атам заманнан бері ішсең сусын болатын, жесең соғым болатын берекелі жануар. Оның тағы бір пайдасы қыстың қақаған аязына дес бермейтін шыдамдылығы мен кез келген табиғат құбылысына бейімділігі. Сиыр ішіндегі ең еті дәмді, сүтті болып келетіні - қазақтың ақ бас сиыры болып табылады.
Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті (Бес жүз бес сөз, 1994).
Төрт түлік малдың ішінде сиыр малының да өзіндік орыны бар. Сондықтан да халқымыз Сиырлы кісі - сыйлы кісі, түйелі кісі - күйлі кісі деп мақалдаған. Сол ірі қараның қазақ даласында өніп-өсуіне байланысты жаңсақ пікірлерде сақталған. ХІХ ғасырдағы кейбір зерттеушілер сиыр малы қазақтарға қарақалпақтар мен Алтайдан Астраханға ауған қалмақтардан алынған сиырлардан өсіп-өнген деген пікірлер қалыптастырған. Алайда бұған Х.Арғынбаев қазақ даласындағы қола дәуірдегі адам тұрақтарынан табылған сиырдың сүйектерін дәлел ретінде келтіріп, айтылған пікірлерді жоққа шығарады (Арғынбаев, 1969).
Өгіз немесе бұқа туралы мифтерден назар аударатын және бір жағдай өгіздің көк болуына байланысты. Жалпы көк түс ерекше қасиеттеледі, айталық көк бөрі, көк боз ат, көк бұқа, көк өгіз, т.б. Жерді көк өгіз көтеріп тұрады дегендегі көк оның түр-түсі емес, Көк аспан, Көк Тәңір, 1-, Көк Тәңірінің өгізі деген мифтік түсініктен қалыптасқан. Бұндай түсініктің қалыптасуына оның көшпелі өмірде ең алғашқы жүк артар көлікке айналғандығында болса керек (Набиолла, Қазақ фольклорындағы сиырға қатысты қастерлі ұғым-түсініктер, 2021).
Қазақ фольклорындағы мифтік бейнелердің бірі - көк өгіз бейнесі. Бұл бейнені зерделеу барысында фольклорлық мәтіндерде аз кездесетіндігін байқадық. Негізінен көк өгіз - жаратылыс туралы түсінікке негізделген діни наным-сенімнен туындаған мифтік бейне. Ол жердің жаратылуы туралы аңызда ұшырасады (Итеғұлова, Қазақтың мифтік кейіпкерлері, 2016).
Аңызда: Көк өгіз жасаған жер мен көкті ең алғаш жаратқанда, әуелі айнадай дөңгелек, жерді тебіңгідей төртбұрыш, жалпақ етіп жаратқан екен. Кейін бұлар бірте-бірте өсіп, үлкейе беріпті. Сонан соң Жасаған жерді көк өгізге көтертіпті. Бірақ жалпақ жер көк өгіздің арқасына тоқтамай, ауытқып, аударылып, төңкеріліп, қалтылдап, толқи беріпті. Мұның салмағын теңгеру үшін төңіректің төрт бұрышына талдарды әкеліп, орнатып, тау мен жазықты реттеп, бәймөңкелеп бекітіпті. Сонымен жалпақ жер көк өгіздің арқасында аумай-талмай тұратын болған екен (Итеғұлова, Қазақтың мифтік кейіпкерлері, 2016).
Бұл миф бойынша жер жүзінде ізгілік, жақсылық молайса, көк өгіздің жүгі жеңілдейді. Бұған көк өгіз де сүйсінеді. Жер үстінде қылмыс, қылапат қабындап, жауыздық, жаманат өршісе, оның жүгі ауырлайды. Бұлардан жиренген көк өгіз, жер үстіндегі лас-жылыс, жаманатты аластау үшін сілкінеді. Осыдан жер сілкінуі туылады. Жердің сілкінуі, жерге аунаған малдың үстіне жабысқан шаң-тозаң, шөп-шолаңды түсіріп тастау үшін сілкінетін әдетіне тақылет етілген. (Итеғұлова, Қазақтың мифтік кейіпкерлері, 2016).
Кезінде сиырдың төтемдік жануар болғандығын дәлелдейтін ел ішінде көптеген мифтер таралған. Сиыр малын, соның ішінде бұқаны ерекше құрмет тұтқан. Тіпті жердің жаратылуына да қатысы бар деп әспеттеледі. Ол мифтерде көк бұқа, кейде көк өгіз ретінде танылып, фольклорда ерекше ен-таңбасымен айшықталады. Бұл негізінен жердің жаралуы туралы мифтермен астасып жатыр. Әлем халықтарының мифологиясында жерді киіт, балық, піл (ертедегі үнділердің түсінігі бойынша), жылан көтерсе, түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының арасында тараған мифте Жаратқан жерді жаратып болған соң, оны көтеріп тұруы үшін көк бұқаның, кейде көк өгіздің үстіне қойған деп айтылады. Онда: Жасаған жер мен көкті ең алғаш жаратқанда, әуені айнадай дөңгелек, жерді тебіңгідей төртбұрыш, жалпақ етіп жаратқан екен. Кейін бұлар бірте-бірте өсіп, үлкейе беріпті. Сонан соң, Жасаған жерді көк өгізге көтертіпті. Бірақ жалпақ жер көк өгіздің арқасына тоқтамай, ауытқып, аударылып, төңкеріліп, қалтылдап, толқи беріпті. Мұның салмаған теңгеру үшін төңіректің төрт бұрышына тауларды әкеліп орнатып, тау мен жазықты реттеп бекітіпті. Сонымен жалпақ жер көк өгіздің арқасында аумай-талмай тұратын болған екен. Бұл өгіздің айтуынша, жер жүзінде ізгілік, жақсылық молайса, көк өгіздің жүгі жеңілдейді. Бұған көк өгіз де сүйсінеді. Жер үстінде қылмыс, жауыздық, жаманат өршісе, оның жүгі ауырлайды. Бұлардан жиренген көк өгіз, жер үстіндегі лас, жаманатты аластау үшін сілкінеді. Осыдан жер сілкінуі туылады. Жердің сілкінуі, жерге аунаған малдың үстіне жабысқан шаң-тозаң, шөп-шалаңды түсіріп тастау үшін сілкінетін әдетіне негізделсе керек-ті (Набиолла, Қазақ фольклорындағы сиырға қатысты қастерлі ұғым-түсініктер, 2021).
Сиыр жасына қарай бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп аталады (Кенжеахметұлы, 2006).
Сиыр атаулары
Бұзау - сиыр төлі.
Баспақ - алты айға дейінгі төл.
Арда, торпақ - бір жылдық төл.
Тайынша - жастан асқан еркегі.
Тана - жастан асқан ұрғашысы.
Қашар - екі жасар ұрғашысы.
Құнажын - үш жасар ұрғашысы.
Дөнежін - төрт жасар ұрғашысы.
Өгіз - кестірілген мал. Бұлар жасына қарай өгізше, құлан өгіз, атан өгіз болып аталады.
Бұқа - аталық.
Сиыр - аналық.
Сауын сиыр - сауылып жүрген сиыр.
Саулы сиыр - бұзаусыз сауылатын сиыр.
Бұқаша, бұқашық - жас бұқалар.
Қашақ - жиі қашатын, яғни бұқаға тоқтамайтын сиыр (Кенжеахметұлы, Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті, 2006).
1.2Қазақ әдебиетіндегі шығармалардан сиыр малына қатысты үзінділер
Сиырдың атауына байланысты сөздер мен даналық ойлар, аңыз-әңгімелер, жырлар қазақ ақын-жазушыларының көркем әдеби шығармаларында кездеседі.
Зеңгі баба
Сиыр берсең мамасынан,
Айран кетпес сабасынан,
Өзі өрістеп, өзі келер,
Қыдыр бағып асасынан.
Ұран салып, ұтылайды,
Кезіксе ит-құс, арасынан.
Мінсе - керік, артса - көлік,
Жаны себіл жаратылған (Ғұрыптық фольклор, 2020).
Осы өлең жолдарында сиыр малының мінсе - көлік, ішсе - ас боп даритындығын сипаттап жеткізген.
Зеңгібабаға
Сиыр берсең, сүтті бер өңкей мама,
Кең өріске шұбыртып өзің бағып,
Кешке жақын қотанға әкеп қама.
Тағы бір тілек тілейін,
Бергеніңді білейін,
Қос жегуге жарамды,
Ылғи бойшаң өгіз бер,
Жұп-жұбымен егіз бер.
Бұқалары әукелі,
Шүйделері білеудей,
Аяқтары тіреудей,
Әр түстен ыңғай сегіз бер...
Сәйгел тисе, мөңкіген,
Оқыра тисе, жөңкіген,
Ала бас жіп естірген,
Мұрнын тура тестірген,
Құйрығында шоғы бар,
Жапалап тастары тағы бар,
Саздау жерге тоқтаған
Сиыр деген мал екен...
Дауысы бар азандай,
Желіні бар қазандай,
Мүйізі бар жылтылдақ,
Буыны бар сыртылдақ,
Зеңгібаба баласы-
Сиыр бассын үйінді!
Сиыр басса үйінді,
Сыймай бассын үйінді (Ғұрыптық фольклор, 2020).
Бұл өлең жолдары арқылы сиыр малының түр-тұлғасын, сыртқы бейнесін әдеби тұрғыда тани аламыз. Мәселен, оның шүйделерін білеуге, аяқтарын тіреуге, дауысын дүниедегі ең әдемі, әуезді үн - азанға, желінін қазанға теңеу арқылы суреттеген. Сонымен қатар, қазақ халқы бір-біріне мал басының көбеюін ниет етіп, тілек білдіретіндігін аңғарамыз.
Төлді қалай шақырады?
Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған.
Көкке мұрнын шүйіріп,
Зеңгі баба өсірген
Әукешім менің, қайдасың?
Аухау, Аухау! (Бабалар сөзі, 2011).
Қазақ жұртының күн көрісінде төрт түлік мал өте маңызды болған. Сондай-ақ халық ауыз әдебиетінің айтыс жанрында төрт түлік малдың маңызы жануар мен адам айтысында көрініс табады. Мәселен: Иесі мен сиырдың айтысын алып қарайық.
Иесі мен сиырдың айтысы
Иесі:
-- Неғып жүрсің, қу жалғыз, шолақ сиыр,
Сиырымен Айтақтың болдың үйір.
Үй маңында көдені жұлып жатпай,
Сен шолаққа бір сойқан болды биыл.
Сиыр:
-- Мейірімсіз адамсың тастан қатты,
Сүмеңдетіп арыттың кер жорға атты.
Үй қасында көденің түк дәмі жоқ,
Қараөлеңнің, қамыстың түбі тәтті.
Иесі:
-- Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба,
Биылғы жыл соғымға сояйын ба?
Биылғы жыл соғымды сойып алып,
Танабайға жаяңды қояйын ба?
Сиыр:
-- Шиыршықтап қыл арқан ескеніңді,
Қу шолақты соялық дескеніңді,
Қу шолақты соғымға сойып алып,
Бүржекейден көрермін көшкеніңді (Бабалар сөзі, 2011).
Осы айтыста қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланысты екендігі, оның ішінде, әсіресе, сиыр малының алатын орны айрықша екендігі айтылған. Бұл айтыс арқылы қазақ халқы сиыр малын жайып, семірген соң, күн көріс көзі ретінде соғымға соятындығын анық байқаймыз.
Сиыр малының бір түрі - көк өгіз жайында халық аузында мынадай бір аңыз қалған екен.
Көк өгіздің тарихы жайында
Ерте заманда бір сиырдан туған көк бұзау ержетіп, ешкім мінбей, ешкім ұстамай, бұғы маралдай болып тел өседі. Өзі семіз болады. Сол дене, дәулетіне мастанып, сиыр жынысын өзі шабан, өзі көріксіз, денесі келісімсіз, тұяғы сыртылдақ деп менсінбейді. Төңірекке қарап, түйені, есекті көріп, оларды да менсінбей жүргенде, жайылып жатқан құлағы тік, жал-құйрықтары төгілген, тұяғы құйма бақай, тік денелі сұлу бір үйір арғымақтың асыр сала, құйындай ойнағанын көріп, Осы мал менің теңім екен, өзі сұлу, өзі жүйрік екен, - деп, сиырды тастап, жылқыға еріп, жайылып кете береді.
Бір күндерде жылқыға қасқыр шабады. Көк өгіз жылқыны қорғап, қасқырды жолатпайды. Бірнеше рет жылқыны қорғаған соң, қасқырлар ұлып-ұлып, жиналысып, кеңес қылып, былайша деп ақылдасады:
- Осы малдың жылқыдан түрі бөлек, жылқымен туыс емес сияқтанады, қой, осының өзіне жабылып, өзін жесек, жылқы осыған қалай болысар екен?,-деп ақылдасып болады-дағы, тағы жылқыға шапқанда, көк өгіз әдеті бойынша қоқырайып, топырақ шашып, өкіріп айбат қылып, қасқырлардың алдынан шығады. Қасқырлар уағда бойынша тұс-тұстан өгізге жабылады. Қабырғадан, бүйірден, шабынан, тамағынан, санынан тістеп, шайнай береді. Өгізекең жылқыны қорғау есінен шығып, өз жанымен қайғы болады. Тулап, сүзгеніне қасқырлар болмай, талап, шайнап жабыла бастаған соң, өгіз бар даусымен өкіріп барып құлағанда, жылқылар өгіздің өкірген даусынан үркіп, ойын салып, жосып, топтанып кетіп қалады.
Көк өгіздің жан даусы мен өкіргенін тоғайда жатқан бір топ сиыр естіп, құйрықтарын қоқырайтып, мүйіздерін аран-аран қылып, шуылдап, бар даусымен күжілдеп, көк өгіздің үстіне барлығы шуылдап, ат қойысып жетіп келгенде, қасқырлар тайқып шыға береді.Өгізді қасқырдан ажыратып алады да, қоршалап мөңіреп, шуылдасып қарап тұрады. Көк өгіз әлсіреп талып, тұла бойы жара, қан болып жатыр екен. Біраздан соң есін жиып, көзін ашып қараса, жылқы жоқ, ажыратып тұрған өзінің менсінбей шығып кеткен сиырлары екенін танып, ұялғанынан көзін қайта жұмып алады. Біраздан соң есін жиып, орнынан тұрып, көп сиырға қарап басын иіп: Бізден өткен қатені кешіріңіз,-деп, үзіртіледі. Көп сиыр шуылдап:
- Бізді менсінбей, тудырған ата-ана, өз жынысыңды көзге ілмей,тәкаппарлық етіп едің, сиырды тастап, жылқыға кетіп едің, жылқың қайда? Бүгін жаныңды жаудан кім ажыратты? -деп, бірнеше айыптарын өгіздің бетіне басады. Өгіз жылқыны талай-талай қасқыр жаулардан ажыратқан қайратын айта келіп, басына күн туғанда жылқының тастап кеткенін айтып, өзінің басынан асқан тәкаппарлығын ойлап, тәуба қылады.
- Енді қастарыңыздан шықпаймын!-деп, көп сиырмен уағда байлап, бірге жүре береді.
Әркімнің өз жынысы өзіне деген сөз тарихта сондайлардан қалған екен (Ғибратты фольклор, 2020).
Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінде сиырға байланысты мақал-мәтелдер көрініс табады. Мәселен: Сиырлының үйі - айран, сиырсыздың үйі - сырдаң, Сиыр малы сушыл келеді, пасық адам күншіл келед, Сиыр алсаң, танып ал, танымасаң, тарғыл ал, Сиыр мүйізді өгіздің күші болмайды, өгіз мүйізді сиырдың сүті болмайды, Өгізді өрге айдағанның өмірі өксиді, Жаман сиыр жазда бұзаулар, Сауынсыздың жазы болмайды, қауынсыздың күзі болмайды (Ғибратты фольклор, 2020).
Осы мақал-мәтелдер арқылы сиыр малының қазақ тұрмысында елеулі орын алатындығы байқалады. Және сиырдың қыр-сырын танып, жақсы-жаманын ажыратып, сиырлы үйдің берекелі болатындығын, асы мол болатындығын, ал сиырсыз үйдің тақыр жер сияқты сырдаң болатынын көрсетеді.
ТАРАУ БОЙЫНША ТҰЖЫРЫМ
1.Сиыр - сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты және қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануар.
2.Сиыр малы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен кәсібі үшін аса маңызды. Сүт өнімдері адамға қорек, сатса кәсіп бола алады.
3.Қазақ әдебиетінде сиыр малына қатысты жырлар, аңыздар жетерлік және олардың маңызы зор.
2.СИЫРДЫҢ ПІРІ - ЗЕҢГІ БАБА МИФТІК КЕЙІПКЕРІ
2.1 Миф және мифологиялық кейіпкер ұғымы туралы түсінік
Бұл жөнінде "жаңалық" ашып жатудың керегі шамалы. "Миф" пен "мифология" атауының анықтамасы кез келген арнайы тақырыптық сөздіктер мен кітаптардың кіріспесінде-ақ тәптіштеліп баяндалады. Бұл жерде біз соларды қысқа, жалпылама түрде қайталап шығамыз десек те болады (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008)
Миф - ерте замандағы адамдардың өзі туралы, қоршаған ортасы, жалпы ғалам туралы, олардың орны мен реті, өзара байланысы, пайда болуы мен жоқ болуы туралы түсінігі. Ал ертегі адам өзі мен ғалам туралы не білген? Ол түсінік бойынша ғаламда білгілі бір тәртіп бар, жануарлар, адамдар, перілер, құбыжықтар, Құдайлар, дәулер, алыптар мекен етеді (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008). Олай болса:
Миф ғалам мен адам туралы, Құдайлар мен құбыжықтар туралы, рухтар мен аруақтар, алғашқы адамдар мен адам сипатты батыр пенделер туралы түсінік. Ертегі адам мифті ойдан шығарылған ертегі деп емес, керісінше, бүткіл дүниенің жалғыз ақиқаты деп білген (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008), олай болса:
Миф - ертегі адамдардың адамтану, дүниетану көзқарасы, ақиқат танымы. Ежелгі адам кез келген әрекетінің себебін озарт арқылы түсіндірген, яғни айтылатын ертегі мен жырдың да, салынатын суреттің де, айтылатын ән мен өлеңнің де, тарихтың да, биленетін бидің де арғы жағында озарттық түсініктер жатыр (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008). Олай болса:
Миф - бүгінгі ғылымның, өнердің, мәдениеттің бастапқы, бір-бірінен ажыратылмаған сатысы. Мұндай ажыраспаған күйді ғылымда әдетте синкреттілік дейді. Мысалы, ертегі мен жырдың басында миф жатыр, яғни бүгінгі ертегі мен жырды байыптап қарап, белгілі бір заңдылықтарға сүйене саралай отырып, ежелгі озарттық түсініктерді сұрыптап, бөліп шығаруға болады (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008).
Миф - жазба тарихтың басталуына дейінгі өткен оқиғалар туралы әңгіме. Сондай-ақ ол - болашақта олар оқиғалардың маңызын баяндайтын әңгіме. Озарт өткен мен бүгінді, бүгін мен ертеңді біртұтас етіп матайтын жіп (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008).
Миф біздің бес сезіміміздің арғы жағында жатқан - ақиқаттарды суреттейтін өзінше бір ғажайып тіл. Ол түйсіктегі бейнелер мен саналы ойдың тілінің аралығында жатқан құрдым кеңістікті толтырады (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008).
Миф - адамды біртұтас қауымдастыққа топтастыратын "желім". Ол қауымның, ру-тайпаның, ұлттың өзін анықтауының, өз танымының негізі болып табылады (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008).
Миф - адамгершілік, имандылық заңдарының барлық жиынтығында бар өте қажетті нәрсе. Адам баласының адамгершілік жөн-жосығы әрқашан да дін мен озарттан өсіп шығады (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008).
Миф - біздің өмірімізге белгілі бір мән-мағына беретін сенім-нанымдар жиынтығы. Миф адамдар мен қоғамның өздерінің айналасына жақсы және сайлы түрде үйренісіп кетуіне жағдай жасайды (Қондыбай, Қазақ мифологиясына кіріспе, 2008).
Мифологиялық кейіпкер - мифтік дәуірде өмір сүріп, мифтік әлемдегі нәрсенің бәрін жасаушы, тіршілік атаулының бәрін дүниеге келтіруші күш. Қазақ фольклорында да мифологиялық кейіпкер бар. Олар өзінің шығу тегі мен мезгіліне, іс-әрекетіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі - архаикалық мифте бейнеленетін ілкі ата мен жасампаз қаһарман. Алғашқы адамға аң аулап, от жағып, тамақ пісіруді үйретуші және оның әдет-ғұрыптарын орындаушы болып суреттеледі. Екінші топтағы кейіпкерлер - қастандық ойлаушы албасты, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, үббе, күлдіргіш, айдаһар, жалмауыз кемпір, т.б. Бұл кейіпкерлер, негізінен, хикаяда, ертегіде және көне батырлық жырда кездеседі. Іс-әрекетіне, сондай-ақ, шығу тегіне қарай бұл топтың өзі іштей екіге жіктеледі. Албасты, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, күлдіргіш тәрізді кейіпкерлер көне мифтен туған хикаяларда, айдаһар мен жалмауыз кемпір ертегіде болады. Ал кейінгі замандарда, исламның әсерінен бұлармен қатар пері, дию, шайтан сияқты ежелгі араб-иран әдебиетіндегі кейіпкерлер де көріне бастады (Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық, 2010).
2.2 Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің шығу тегі
Зеңгі баба [ата] мифологиялық. а) Қазақ халқының мифологиялық танымындағы төрт түлік малдың бірі - сиырдың иесі, пірі. Байға қыдыр дарыды, суға кетіп бара жатсаң, Ілияс пайғамбар қолдайды, баланы Бабатүкті Шәшті Әзіз береді, сиырды Зеңгі ата бағады, қойды Шопан ата сақтайды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Халық нанымында малдың әр түлігінің өз Тәңірісі, иесі болады деп есептелген. Соның ішінде сиыр малының Тәңірісі, қамқоршысы Зеңгі баба деп түсінген (ҚҰЭ). Тілесең сиыр, сұлтаным, Зеңгі баба пірлер бар, Соған барып тілеңіз, Басына барып түнеңіз (Батырлар жыры). ә) мифологиялық. сөйлеу. Сиыр малы. Ұрандасып Зеңгі ата Өкіріп пе жиылып Құлақтары делдиіп, Құр аңырап ербиіп, Қой тұрып па үйіліп? (М.Жұмабаев, Шығ.). Б) Сиыр малы, қара мал. Таяқтан қорқып қалған зеңгі баба мүйіздерін шайқап желді сүзе бүкеңдейді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Хан ауылы маңында мал болмағанмен, төменгі елдің қайтқан қойының маңырағаны, зеңгі баба шаңырақ мүйіз сиырлардың бұзауларын шақыртып мөңірегені алыстан естіліп жатты (I.Есенберлин, Алмас.) (Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2011)
Қара мал пірінің келіп шығуы, аңызда былай жырланады:
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ұлық әулие болмаса неге қалған?
Жалғыз тана үстінде жатып қалып,
Зеңгі баба әулие содан қалған (Мыңбаев, 2016).
Өте көне заманда, хұн дәуірінде өгіз тотем болғандығы баршаға белгілі. Ал бұл жерде қара малдың пірі Зеңгі баба болғандығымен сұрақ туындайды. Себебі, деректер бойынша Зеңгі баба Қожа Ахмет Иасауидің қызы Анбар анадан туған. Аңыздағы осы жолдарды түсіндіру қосымша зерттеуді талап ететін мәселе. Ал Зеңгі баба Ташкенттің түбінде жатыр. Осы күнде егер қара мал егіз туса, біреуін осы жерге сыйлау - пірге құрмет ретінде халықта кеңінен тараған (Мыңбаев, 2016).
Зеңгі баба қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде сиыр мырзасы (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974) болып көрсетілген және бұл атау бүкіл қазаққа ортақ. Ә. Нұрмағамбетов Зеңгі бабаның есімі шығу тарихына шолу жасай отырып: Қазіргі түрік Tілдерінің ішінде сиырдың әулиесі Зеңгі есімі тек қырғыз тілінде ғана кездеседі деп жазады (Тоқтабай А. У., Карамедина М. Ө., 2019).
Зеңгі баба туралы қысқаша ақпарат беретін болсақ, ол -- Ахмет Яссауидің халифасы Сүлеймен Қожа Хаким атаның ең жақын шәкірттерінің бірі және халифасы болатын (Ә.М. Ауанасова, Ғ.И. Көшенова, А.С. Бижанов, С.Б. Оразаев, Н.Б. Смағұлов, 2021).
Арыстан бабтың немересі Абдулмалик Қожаның баласы Тәжі Қожа (Тас Қожа) Зеңгі бабаның әкесі болған. Тас Қожа бір кездері Ахмет Яссауидің қызметінде болып, сопылық ілім, рухани тәлім-тәрбие алған болатын. Тас Қожа 6151218 жылы қайтыс болды деген деректер де кездеседі (Ә.М. Ауанасова, Ғ.И. Көшенова, А.С. Бижанов, С.Б. Оразаев, Н.Б. Смағұлов, 2021).
Ал Зеңгі бабаның туылған жылы нақты белгісіз, шамамен ХІІ ғасырдың соңы -- ХІІІ ғасырдың басы делінеді. Ал туған жері -- Ташкент қаласында деген жорамалдармен қоса, Шаш уәлаятында, яғни Ташкент пен Қауыншының арасындағы қазіргі Зеңгі ата деп аталатын ауыл делінеді. Деректерге қарағанда оның негізгі аты -- Айқожа ибн Тасқожа екен. Ал реңінің (терісі) қара түсті болғанына байланысты Зеңгі деген лақап ат берілген екен (Ә.М. Ауанасова, Ғ.И. Көшенова, А.С. Бижанов, С.Б. Оразаев, Н.Б. Смағұлов, 2021).
Ә.Диваев өз мәліметінде Зеңгі атаның қазіргі аты-Иман баба дей келе, оның Зеңгі лақап есімін жүзінің сұрықсыздығынан алғанын алға тартады (Тоқтабай А. У., Карамедина М. Ө., 2019).
Ислам дінінің ықпалына байланысты Зеңгі баба есімі Айқожа лақап атымен атала бастады. Кейде оның аты Иман баба деп те беріледі (Хозяйство казахов на рубеже ХІХ - ХХ веков, 1980).
Ә. Диваевтың пікірлеріне сүйеніп, Ә. Марғұлан мынадай тұжырым жасайды: Мұнда Айқожа Самарқанд қалалары мен төңірегінен келген халықтың өкілі ретінде көрсетіледі., Бұхара және Үргеніш. Бұл қалаларда 8 ғасырдан бастап ислам діні орныға бастады. Аңыз бойынша, Айқожа Қарахан мемлекеті болғандықтан Орта Азияға ислам дінін таратқан. Өйткені оның беті қара болса, оны Зеңгі ата (атасы), Зеңгі баба (өте ежелгі ата) деп атай бастады. Демек, Зеңгі баба - Айқожаның бүркеншік аты. Айқожа да Қарахан әулетімен туысқан. Аңыздың бір нұсқасында өгей қызы Айша бибіні Талас уәлаятының билеушісі Манастың әкесі, Жақыптың туысы Қарахан әулиеге күйеуге бергені айтылса, екіншісінде Айқожаның шәкірті. Хакім ата Сүлеймен. Сүлеймен қайтыс болғаннан кейін әйелі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz