ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КЕРІ ӘСЕРІ


Шымкент қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан қоғамының құндылықтары
Тақырып: “Әлеуметтік желілердің қоғам құндылықтарына әсері”
(2784 сөз)
Орындаған: Құршанбек Дәулет
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Шалабай Гаухар
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор__ Жаманкулова Ақбөпе
(аты-жөні, қолы)
Шымкент, 2024
КІРІСПЕ
Кәзіргі таңда әлеуметті желілердің пайда болғанына жарты ғасыр болмаса да, бұл байланыс құралы әлемдегі миллиондаған адамдардың күнтізбесінің ажырамас бөлігі. Олар қарым-қатынас жасау, ақпарат алмастыру және виртуалды қоңыраулар құру үшін бірден-бір қолжетімді платформа ұсынады. Соның арқасында, әлеуметтік желілер ақпаратты таратуға, қоғамдық сананы нығайтуға және қашықтықтағы адамдар арасындағы байланысты сақтауға көмектеседі. Әлеуметтік желілер пайдалы да, жағымды да болғанымен, олар жеке құпиялылықты жоғалтуға, виртуалды қарым-қатынастарға тәуелділікке және теріс стереотиптер мен құндылықтардың қалыптасуына әкелуі мүмкін. Әлеуметтік желілердің пайда болып, Қазақстанда қолданысқа енген уақытын алып қарасақ, 2000 жылдың мамыр айы, салыстырмалы түрде қарағанда ол біз үшін әлі де жаңалық, 2015-2016 жыл аралығында Қазақстанда 3, 3 миллион адам, яғни халықтың жиырма пайызы ғана әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданады. Желі мүшелерінің саны аз уақыт ішінде қарқында артып жатқандықтан, біз оның қоғамға деген, құндылықтарға деген нақты әсері мен салдарын байқамаймыз. Сондықтан, осы тақырыптағы зерттеулер қазіргі әлемдегі маңызды тақырып болып табылады. Бұл зерттеуде құндылықтардың маңыздылығы туралы жалпы түсінік пен Қазақстанға интернет пен әлеуметтік желілердің қашан келгенін қарастырып, әлеуметтік желілердің өмір бойы білім алу, отбасылық құндылықтардың ішіндегі жақындармен байланыс үзбей жақын қарым-қатынаста болу, ілім тәрбие мен салауатты өмір салтын ұстану секілді ең жиі айтылатын құндылықтарға оң да, сол да әсерлерін талдауға назар аударамыз. Бұл зерттеу бізге әлеуметтік медиа құндылықтарымызды қалай өзгертетінін және оның жалпы қоғамымыз үшін тудыратын қиындықтары мен мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге көмектеседі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қоғамның тұрақты дамуы біріншіден оның қоғам мүшелерінің адамгершілігіне байланысты, ал адамгершілік өз орнында рухани тәрбие. Тұлғаның адамгершілігі, қаншалықты рухани бай екендігі мен құндылықтарын орнатып, жасаған әрекетіне сай бағаланатындықтан, бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Тіпті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 жолдауында болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі үлкен қажеттілік екендігін- бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру- осы сөздерінде жеткізген[1] . Сол себепті ел арасында қарқынды тарап келе жатқан әлеуметтік желілердің тек тұлғаға ғана емес елге де әсері мол.
2. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Әлеуметтік желілер - пайдаланушыларға профильдер жасауға, ақпарат алмасуға және өзге де бағдарлама қозданушыларымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін онлайн платформалар. Олардың тарихы 1990 жылдары Six Degrees және Friendster сияқты сайттардан басталды, бірақ өнеркәсіптің бұл бағдары дами келе Facebook, Twitter, Instagram және LinkedIn атты желілер ең танымал болып, қарым-қатынас, ойын-сауық және маркетингтің маңызды құралдарына айналды. Ал Қазақстанға интернет 1999 жылы бірінші қыркүйектен бастап "Қазақтелеком" филиалдары арқылы "Зона интернет" атты жобасының арқасында таным болды. Бұл проектінің жұмыс істеуі үшін Қазақстанның әрбір үлкен қалаларында бұл фирманың құрылғылары орнатылды. 2000 жылдың мамыр айында- "Қазақстандық интернет" атты тағы бір жоба пайда болып, интернетке қосылғаннан кейін 87501110111 телефон номеріне хабарласу арқылы Қазақстанның барлық жүйелеріне толығымен кіруіне мүмкіндік берді. Дәл осы сәттерден бастап Қазақстанда интернет пайда болып толығымен дамып кетті. “Алайда 2015-2016 жыл аралығында Қазақстанда 3, 3 миллион адам, яғни халықтың жиырма пайызы ғана әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданады”- деп Media System компаниясы Brand Analytics сервисі арқылы анықтаған[7] . Айта кетер жәйт белсенді қолданушы ретінде айына кем дегенде бір рет хабарлама жариялаған адамдар алынды.
3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ОҢ ЫҚПАЛЫ
3. 1 Әлеуметтік желілердегі ақпараттардың тәрбиелік маңызы
Сурет-1: https://www. instagram. com/nurlanimam. kz/
Instagram әлемінде әрқайсысы белгілі бір тәрбиелік мәнге ие көптеген тұлғалар мен топтар бар. Ең көп таралған санаттардың бірі - әсер етушілер, айтарлықтай ықпалы бар және өз аудиториясының пікірін қалыптастыра алатын адамдар, нақтырақ мысалдарға тоқтала кетсек: “ Нұрлан Байжігітұлы”-@ nurlanimam. kz, @ rabiga. ustaz. Осы тұлғалар ересектік өмірге өтуде рухани қиындықтарға тап болған немесе кірпіш болып қаланған ересек болып, бірақ жан тыныштығын өмір сүру мәнін таппағандарға, ең жиі отыратын орталарының бірінде- әлеуметтік желіде -бағыт бағдар беріп отыр. Осылай жарық бар жерде қараңғы да бар демекші, Нұрлан аға секілді тұлғалармен бір уақытта жастардың күйзелісті, тұрақсыз жағдайын қолданып теріс діни ағымдарға тартып әкетіп жатады. Жастар бойындағы теріс бағыттағы идеологияға қарсы тұру үшін діни ақпараттарды оқып-білер кезде ішкі рухани ойдың дұрыс болуы керек. Интернет, әлеуметтік желілерде, жалпы діни ақпарат алуда сезімге бой бермей, бірден сеніп қалмай ақпараттың дұрыстығына көз жеткізе білу. «YouTube», «Facebook», «Telegram», «Instagram», «Twitter», «ВК» сияқты әлеуметтік желілерін қолданушылар санының артуына байланысты, интернет ресурстарына үздіксіз мониторинг және талдау жұмыстарын жасап отыру арқылы, жастардың санасының бұрмалануын алдын алуға болады. Онымен қоса ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріміз бен тарихи-мұраларымызды санасына сіңіру, дұрыс бағыттағы шынайы дәстүрлі діни тәрбие беріп, танымдық ойлау қабілетін кеңейту қажет. Діни тәрбие адам бойында ар-намыс, Отанға деген сүйіспеншілік, елге, жерге, отбасына деген махаббат сезімдерін оятады. Сондай-ақ, жастар көп қолданатын әлеуметтік желілерге дәстүрлі дін мен салт-дәстүрдің құндылықтарын дәріптейтін жоғарыда айтылып өткен парақшалар секілді мазмұнды материалдармен толықтырып, оқырмандар санын арттырып, мағыналы жарияланымдарды шығарып отыру қажет. Сонда теріс ағымды таратушыларға біршама тойтарыс беруге болады деп ойлаймын. Біздің еліміздің әрі қарай дамуы тікелей жастарға байланысты болғандықтан, жастардың рухани деңгейі жоғары, сауатты болуы маңызды. Қоғамның дерті болған әлеуметтік желіде жастардың алданып, теріс ағымдармен санасының уланбау үшін отбасы, қоғам, мемлекет бірге жұмылып күресіп, оларды дұрыс рухани азықпен сусындата алу қажет.
Сурет-2: https://www. instagram. com/p/CoozX3MtJZz/?img_index=4
3. 2 Әлеуметтік желілердегі ақпараттардың академиялық және кәсіптік білімдегі маңызы
Сурет-3: https://www. instagram. com/p/Cx5dQrMsOp8/?img_index=1
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті - білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, жастардың білім сапасы саласында бәсекелестікті арттыру. Ал қазіргі таңда әлеуметтік желілер студенттер, мұғалімдер және зерттеушілер арасында білім мен тәжірибе алмасудың қуатты құралына айналды. Белгілі бір тақырыптарға немесе курстарға арналған топтар мен қауымдастықтар студенттерге материалдарды талқылауға, сұрақтар қоюға және құрдастарынан қолдау алуға мүмкіндік береді. Бұл курс материалын терең түсінуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар әркім өз үлесін қоса алатын виртуалды оқу қауымдастығын жасайды. Әлеміміздің осындай жағдайы, әлеуметтік желілер университеттер мен ұлттық топтар арасында академиялық ақпарат алмасқысы келетін ерекше талантты мұғалімдер үшін, жұмыс жасауға құнарлы топырақ болды. Ғылыми жобалар, ғылыми мақалалар және жаңа әдістемелер жаһандық білім беру қауымдастығын қалыптастыруға көмектесе отырып, тез таралады. Елімізге осындай еңбек арқылы өз үлесін қосып отырған тұлғаға мысал “Улан Усенов”-@wanna_be_teacher. Улан Усенов, ұлағатты ұстаз, «Қазақстанның 100 жаңа есім» тізіміне енген химия пәнінің мұғалімі, магистр және батыр, жастардың білімге деген ынтасын оятып, өмір бойы білім алу құндылығын ел ішіне енгізуге ықпалын тигізгендіктен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев президентімізден жеке
алғысын алған.
Сурет-4:
https://www. instagram. com/wanna_be_teacher/
Сурет-5: https://www. youtube. com/@mahmudchoudhury4844
Кәсіптік білім беру саласында кәсіби байланыстар желісін қалыптастыруда әлеуметтік желілер басты рөл атқарады. LinkedIn сияқты платформалар студенттер мен түлектерге сала өкілдерімен байланысуға, жаңалықтарды қадағалауға және ағымдағы трендтерді талқылауға мүмкіндік береді. Қазіргі жұмыс берушілер де болашағы зор үміткерлерді табу үшін әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Жобалар, жетістіктер және кәсіби қызығушылықтар туралы ақпаратқа бай студенттердің профильдері кадрларды таңдауда құнды ресурсқа айналады. Енді жастарға осындай шексіз көмегі тиетін тұлға мысалмен алысқа баруды ойламадым, себебі өзіміздің Шымкент қаласында, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткер Мектебінде информатика пәнінің мұғалімі Mahmud Choudhury, Youtube платформасында барлық жастағы қолданушыларға PHP, CSS, HTML тілдерінде сайт жасау сабақтарын жүктейді.
3. 3 Әлеуметтік желілердегі ақпараттардың қарым-қатынас және коммуникациядағы маңызы
Әлеуметтік желілер бірінші кезекте адамдар арасындағы физикалық қашықтыққа қарамастан үздіксіз байланысты қамтамасыз етуді мақсат тұтқан. Маңызды оқиғаларды, фотосуреттерді және ойларды лезде бөлісу мүмкіндігі, арақашықтық шын мәнінде маңызды болса да, жақындық елесін тудырады. Бұл әсіресе географиялық тұрғыдан бөлінген адамдар үшін өте маңызды, өйткені әлеуметтік желілер әлемдер арасындағы көпірге айналады, бұл сізге жақын адамдарыңызбен байланысты сақтауға және нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер біздің қарым-қатынасымызды жақындарымыз туралы ақпаратпен байытады. Біз олардың күнделікті өмірін, қызығушылықтарын, жетістіктерін бақылай аламыз. Бұл қарым-қатынас үшін қосымша ортақ негіз жасайды және бір-бірімізді жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Туған күндер, мерекелер, сәттіліктер мен сәтсіздіктер сияқты маңызды оқиғалар ортақ болып, ортақ тәжірибені тудырады, байланысты нығайтады.
3. 4 Әлеуметтік желілердегі ақпараттардың салауатты өмір салтын ұстанудағы маңызы
Жоғарыда айтылып өткендей әлеуметтік желілер қарым-қатынас пен ақпарат алмасу алаңы ретінде қолданылады, сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтаудың маңызды құралына айналады. Бұл платформаларда берілген ақпарат біздің денсаулық туралы түсінігімізге, өзімізге қамқорлық жасауға ынталандырады және өзара қолдау көрсетуге ықпал ететін қауымдастықты құрады. Ең алдымен, әлеуметтік желілер денсаулық туралы құнды ақпараттың көзіне айналуда. Пайдаланушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, релаксация әдістері және салауатты өмір салтының басқа да аспектілері туралы тәжірибелерімен, білімдерімен, жаңалықтарымен және кеңестерімен бөліседі. Бұл өз орнында әрбір адам үшін жаңа нәрсені үйреніп, шабыттанып, өмірінде оң өзгерістер жасай алатын білім беру ортасын құрады. Сонымен қатар, әлеуметтік медиа салауатты өмір салтын сақтау үшін күшті ынталандырушы бола алады. Пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасау, достарыңыздың физикалық белсенділік немесе дұрыс тамақтану саласындағы жетістіктерін көру сізді өз күш-жігеріңізді жасауға ынталандыруы мүмкін. Мұндай желілік қауымдастықтар тұрақты жаттығуларға, дұрыс тамақтануға және сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасауға шабыттандыратын қолдау атмосферасын жасайды. Пайдалы рецепттер, жаттығу бағдарламалары, ауруларды жеңу немесе өмір салтын өзгертудегі табыстар туралы жарияланымдар өзін-өзі күтудің виртуалды мәдениетін жасайды. Бұл стереотиптерді өзгертуге көмектеседі және қоғамды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Дегенмен, әлеуметтік желілер басқалармен теріс салыстыру, сұлулық пен денсаулықтың жалған стандарттарын жасау сияқты тәуекелдерді де әкелуі мүмкін екенін білу керек. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауды дамытып, ақпаратты ұтымды пайдалану маңызды. Нәтижесінде салауатты өмір салтын сақтау үшін әлеуметтік желілердегі ақпараттың маңызы орасан зор. Бұл платформалар тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар салауатты және белсенді қоғам құруға үлес қосатын шабыт, ынта және өзара қолдау орнына айналады. Алайда оның басты мақсаты адамды адаммен салыстыру емес, салауатты өмір салтын насихаттау болу қажет.
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА КЕРІ ӘСЕРІ
4. 1 Қарым-қатынас дағдыларын жоғалту
Әлеуметтік желілер күнделікті өмір салтымызға үлкен әсер етеді. Бұл өзгерістер біздің көңіл-күйімізге және нақты әлеммен байланысымызға қалай әсер етуі мүмкін екені өзекті мәселелердің бірі. Бір қарағанда, әлеуметтік желілер достармен тұрақты байланыста болуға және әлемдегі оқиғалардан хабардар болуға таптырмас мүмкіндік береді. Дегенмен, әлеуметтік медиа әлеміне қарқынды ену шындықпен байланысын жоғалтуға әкелуі мүмкін. Керемет кадрлар мен сәттерде ұсынылған виртуалды өмір иллюзиясын жасау шындықты қабылдауымызды бұрмалап, жеткіліксіздік сезімін тудыруы мүмкін. Онымен қоймай, шексіз жаңалықтар арналары мен виртуалды талқылаулар бізді өзіміздің өміріміздегі оқиғалар мен қарым-қатынастардан алшақтатып, назарымызды шынайы әлемнен алшақтатады. Эмоционалды күй әлеуметтік желілердің ықпалына осал болады, онда адамның өмірін әсерленген бейнелермен салыстыру қанағаттанбау және депрессия сезімін тудыруы мүмкін. Виртуалды және шынайы арасындағы тепе-теңдік болуы керек. Әлеуметтік желіні саналы пайдалану өзін-өзі бақылауды талап етеді. Тек осы тәсіл арқылы біз шындықпен байланысты сақтай отырып, қарым-қатынастарымызды байыта аламыз және онлайн өзара әрекеттесу әлемінде эмоционалды әл-ауқатты қамтамасыз ете аламыз.
4. 2 Ой сананың бұзылуы
Заманауи технологиялар мен әсіресе әлеуметтік желілер кез келген сәтте көңіл көтеруге бірегей мүмкіндік береді. Күлкілі әзілдерді қараудан бастап достарыңызбен желіде байланысуға дейінгі әдістермен эмоционалды денсаулығымызға дем басатын пана бола алады. Дегенмен, бұл сіздің көңіл-күйіңізді көтерудің тиімді және нәтижелі әдісі ме, жоқ па, деген өте даулы тақырып. Бір қарағанда, әлеуметтік желіде көңіл көтеру - уақытша жұбаныш, күнделікті күйбең тірліктен тез құтылу сияқты. Сүйкімді жануарлар, шабыттандыратын дәйексөздер немесе күлкілі бейнелер қуаныш елесін тудыруы мүмкін, бірақ бұл эмоциялар жиі қысқа мерзімді болады. Бірақ, шын мәнінде мұндай үзілістер қажетті психологиялық демалыс ретінде қызмет ете алады. Тоқтаусыз ағып жатқан өзен секілді өмір сіздің көңіл күйіңізге айтарлықтай әсер етуі мүмкін, ал әлеуметтік желілердегі позитивті мотив шағын дозасы тынымсыз қысымнан дем алуға болар бір аралдың түрі болуы мүмкін. Дегенмен, көңіл-күйіңізді көтеру үшін әлеуметтік медианы конструктивті пайдалану мен парақшаларды шексіз айналдыруды ажырата білу маңызды. Тиімділік энергияны шынымен қалпына келтіретін мазмұнды таңдау мүмкіндігіне және виртуалды әлемде жұмсалған уақытты шектеу мүмкіндігіне байланысты. Осылайша, әлеуметтік желілер арқылы көңіл көтеруді күнделікті күйзеліспен күресудің қосымша құралы ретінде қарастыруға болады, бірақ виртуалды ләззат жәй күнделікті өсек пен ой санамызды бұзбайтын ақпарды қадағалау қажет[4] .
4. 3 Әлеуметтік желілерге тәуелділіктің денсаулыққа зияны
Әлеуметтік медианы көп қолданумен байланысты отырықшы өмір салтына байланысты физикалық және психикалық денсаулыққа қауіп төнеді. Психология және медицина саласындағы зерттеулер әлеуметтік медиаға тәуелділіктің физикалық және психикалық денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін екенін растайды. Мысалы, әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт өткізу семіздік, ұйқы проблемалары және мазасыздық қаупінің жоғарылауымен байланысты болды. Осыған дәлел ретінде Ujala Zubair, Muhammad K. Khan, және Muna Albashari-пен жасалған зерттеулерін қолдандым, олардың айтуынша “Әлеуметтік желілерді пайдалану мазасыздықпен және депрессия, ұйқысыздық және стресс сияқты басқа психологиялық бұзылулармен тығыз байланысты. ” [3] .
ПРАКТИКА
Түрлі жас және жыныс топтарындағы қазақстандықтардың әлеуметтік желерді қолдануының құндылықтарға әсерін зерттеу үшін Forms платформасында онлайн сауалнама алынды. Сауалнаманың шынайылығын арттыру үшін ол әртүрлі жас топтарындағы және ортадағы адамдардан алынды. Сауалнамаға 101 адам жауап берді.
Диаграмма 1:
Диаграмма 2:
Сауалнамаға жауап берген әйелдер саны ерлерге қарағанда үстем болды. Нақтырақ айтқанда, әйелдер үлесі 62% (63 жауап) болды, қалған 38% (38 жауап) ерлерден болды. Жас ерекшеліктері бойынша респонденттердің шамамен 49%-ы (49 жауап) 12-17 жас арасындағы жасөспірімдер болса, 30%-ы (30 жауап) 18-25 жас аралығындағы ер студенттер, 26-35 жас аралығындағы қатысушылар саны өте аз, нақтырақ айтсақ 4 респондент 4% құрады. Ал 35 жастан асқан респонденттер саны 18, яғни 18%.
Диаграмма 3:
Үшінші сұрақ соңғы сұрыптаушы сұрақ. Әрине респонденттердің басым бөлігі “Ия” деп жауап қатты, 86%, яғни 87 адам, ал қалған 14 адам әлеуметтік желімен мүлдем қолданбаймыз деп жауап қатты. “Жоқ” деп жауап бергендерге сауалнама осы жерде аяқталады.
Диаграмма 4:
Бұл сұрақ кәзіргі таңда халық арасында қай әлеуметтік желі танымал екендігін анықтауға көзделген. Респонденттер арасындағы қолданыста ең танымал екі әлеуметтік желі Whatsapp пен Instagram, сәйкесінше 83 және 75 жауап жинаған. Ал Facebook, Twitter, LinkedIn 14 жауаптан аса алмай қайда артта қалып кетті. “Другое” жауаптарының сараптай респонденттердің, көп болмаса да, кейбіреулері TikTok, Youtube, Telegram желілерін қолданатынын атап өтті. Осы жауаптар бойынша теория бөліміндегі 2016 жылғы ақпарат ескіргені туралы ой түйуге болады.
Диаграмма 5:
Бұл сұрақ респонденттердің әлеуметтік желілерде қанша уақытын өткізетінін анықтау үшін арналған. Орта есеппен 3, 66 немесе 3сағат 40минутқа шақ өткізеді. Әлеуметтік желілермен 4 сағатқа дейін қолданатын адамдар саны 57 ал одан артық, яғни шамадан тыс қолданатын респонденттер саны 30-ға тең.
(Қосымша 1, 6)
Диаграмма 6:
Алтыншы сұрақ бесінші сұрақтағы ақпаратпен тәуелділік туралы байланысты анықтауға арналған. Нәтижелер бойынша толықтай тәуелділер 9, орташа 43, кішкене 24, ал мүлдем тәуелді еместер саны 11 болды.
Диаграмма 7:
Жетінші сұрақтың нәтижесі бойынша академиялық не профессионалды білім алу мақсатында қолданатын адамдар саны 47, ал сондай ақпаратпен бөлісетін адамдар саны 13. Желі қолданудың ең жиі мақсаттар көңіл көтеру мен жақындармен әңгімелесу 62 және 68 жауап. Ілім тәрбие мақсатында 30 жауап, салауатты өмір салты туралы ақпар алу 11 және жеке бренд жауабы 7 жауап жинады.
8-9 сұрақта “Almas debate club NIS, Орлеу, @marziya, @asselibadulla, @englishplaylists, Vox dezeen, master SAT, Utopia Show, master. _. sat, mike. around. the. world, Himia tube, Toxmotivation, Ichemist, Бейонд, Punkmonk, juzeng” секілді академиялық және профессенионалды біліммен, 10 сұрақта “Нұрлан имам, Гульвира ұстаз, Малика ұстаз, Абдулахад, Ерсін Әміре ұстаз, Марал Жұмагелді, Билим, Балқия Балтабай, Роза коуч, dolphy, alina solopova, lana blakely, erkosha, Tatespeech, Мирас Ерланұлы, Game Theories, Ислам, Himia tube, askhat abzhanov, Маргулан Сейсембай, juz40” іліммен, 11 сұрақта “ Tengri news, kaznet, Дәулет Мұхаев, Сана клубы, Құранға қызмет, Нұрланған жүректер, Бала тәрбиесі, @, Марал Жұмагелді, Akenzhebek және Thewizardliz ” пікірлерімен, 12 сұрақта “ @farizatoreali, assel_health, Thewizardliz, Ali, askhat abzhanov, Маргулан Сейсембай ” секілді денсаулық туралы ақпаратпен бөлісетін тұлғалар мен парақша, арналар туралы ақпарат алынды.
Forms платформасында әр түрлі жастағы және гендерлік топтағы қазақстандықтар арасында жүргізілген сауалнама негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: сауалнамада әйелдер басым болды (62%), бұл олардың әлеуметтік желілерге деген қызығушылығының да басым екенін көрсетеді. Қатысушылардың көпшілігі (86%) әлеуметтік желілерді пайдаланады, Whatsapp пен Instagram ең танымал. Әлеуметтік желіде өткізілетін уақыт орташа есеппен 3 сағат 40 минутты құрайды, респонденттердің кейбірі (9%) тәуелдімін деп хабарлады. Әлеуметтік медианы пайдаланудың мақсаттары көңіл көтеруден білім беру мақсаттарына дейін, соның ішінде жақын адамдармен сөйлесу және ақпарат алуға бөлінді. Пайдаланушы қызығушылығы білім, жаңалықтар және денсаулық туралы ақпарат сияқты әртүрлі мазмұн тақырыптары бойынша да таратылады.
АНАЛИЗ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz