Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мәселелері


Келісілді
Әдістемелік кабинет меңгерушісінің м. а.
Байжигитова Т. Р.
«»2024ж.
Бекітемін
Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы
Әшім Е. М.
«»2024ж.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Қарағанды 2024
Авторлары:
Оралбаева Перизат Кайржановна
- Қарағанды қаласының «№17 жалпы білім беретін мектебі» КММ -нің математика пәні мұғалімі;
Ихсанова Асель Тунгышбековна
-Қарағанды қаласының «№14 мектеп-гимназиясы» КММ-нің математика пәні мұғалімі ;
Оразбаева Роза Жахановна -Қарағанды қаласының «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ-нің математика пәні мұғалімі .
Пікір жазушылар:
Д. Р. Бейсенова- Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессоры.
Махашев С. Т. - Физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі. Нуржанова Ш. У. - Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы гимназиясы «КММ»-нің математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші .
Қарағанды қаласының «№17 жалпы білім беретін мектебі» КММ -нің әдістемелік кеңесімен ұсынылады
Хаттама № 3 «28»наурыз 2024жыл
Хатшы:
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қалыбекқызы Г.
Қарағанды қаласының «№14 мектеп-гимназиясы» КММ-нің әдістемелік кеңесімен ұсынылады
Хаттама №3 «25» наурыз 2024жыл
Хатшы:
Лауазымы Жуманова С. А.
Қарағанды қаласының «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ-нің әдістемелік кеңесімен ұсынылады
Хаттама № «» 2024жыл
Хатшы:
Лауазымы аты-жөні
Қарағанды қаласы білім бөлімінің Ғылыми әдістемелік кеңеспен ұсынылады
Хаттама № «» 2024жыл
Хатшы:
Лауазымы аты-жөні
Қолы
МАЗМҰНЫ
Түсінік хат
8
12
16
21
30
42
43
ТҮСІНІК ХАТ
Бұл әдістемелік құрал орта мектептің 5-6 сынып оқушыларына арналған.
Қазіргі таңдағы заманауи мектептің мақсаты - оқушыларға сапалы және қол жетімді білім беріп қана қоймай, сол білімдерін қоғамдағы әлеуметтік жетістіктерге қолдана білуге үйрету болып табылады. Бұл құрал әрбір оқушының өмірдегі үлкен жетістіктерге жету мақсатында құрастырылған. Сонымен қатар, мектеп бағдарламасынан тыс математиканың көптеген қызықты сұрақтарымен танысуға, осы ғылымның проблемалары туралы тұтас түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұнда әр оқушы өзінің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып білім ала алады, табиғи қабілеттерін дамытады және негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырады, математикалық сауаттылықтарын арттырады. Қазіргі таңда әрбір талапкер жоғары оқу орнына түсу үшін математикалық сауаттылықтан тест тапсырады. Демек оқушы логикалық есептерді дұрыс шығаруды төмен сыныптардан бастаған дұрыс.
Логикалық ойлауға байланысты математикалық есептерді шешу балалардың танымдық іс - әрекетке қызығушылығын күшейтеді, белсенді ақыл - ой әрекетіне тартуға ықпал етеді, ойлау икемділігін дамытады және интеллектуалды дамуға үлес қосады.
Тәжірибе көрсеткендей, логикалық есептерді жүйелі түрде шығаратын балалар нақты пайымдайды, оңай қорытынды жасайды, кез-келген оқу пәндеріндегі тапсырмаларды табысты және тезірек орындайды. Күніне екі-үш есепті шешіп отырса да, уақыт, күш - жігер босқа кетпейді. Соның нәтижесінде өмірдегі кез келген проблемалық жағдайларда өзін-өзі басқару қызметі қалыптасады.
Әдістемелік құралдың мазмұны орта мектеп жасындағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді және оларға білім беруді дамыта отырып, жоғарылаған талаптар деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынады.
Сонымен:
- Әдістемелік құрал тақырыптар бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік береді;
- математика бойынша оқушылардың білімін кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді;
- сабақ өткізудің әртүрлі формалары арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді;
- олимпиадалық сипаттағы күрделі тапсырмаларды қарастыру арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамытады.
Әдістемелік құралдың мақсаты:
Оқушылардың білімдерін кеңейтіп, пәнге қызығушылығын арттыра отырып, танымдық, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Әдістемелік құралдың міндеті:
- оқушылардың математикаға деген тұрақты қызығушылығын оятуға және дамытуға жағдай жасау;
- алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда, басқа пәндерді оқуда математикалық сауаттылықты қолдана білуге үйрету;
- оқушының математикалық қабілеттерін, әр түрлі ойлау түрлерін (логикалық, бейнелі, аралас) өзіндік жұмыс, кітаппен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту;
- оқушылардың мектептегі математика курсынан алған білімдерін тереңдету және кеңейту, олардың терең және сапалы игерілуін, үздіксіз білім алуға дайындықты қамтамасыз ету.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
* жаңа оқу материалындағы мұғалім берген іс-әрекет бағдарларын есепке алу;
* мұғаліммен ынтымақтастық орнату;
* өз әрекетін жоспарлау;
* оқу әдебиетін пайдалана отырып, оқу тапсырмаларын орындау үшін қажетті ақпаратты іздестіруді жүзеге асыру;
* маңызды және маңызды емес белгілерді көрсете отырып, объектілерді талдауды жүзеге асыру;
* қажетті білім алу және олардың көмегімен нақты жұмыс жасау.
* нәтиже бойынша қорытынды жасау.
Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формалары
- сауалнамалар
- дәріс
- практикум
- консультациялар
- зерттеушілік жұмыстар
- компьютерде жұмыс.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар:
* кестені және графтарды шешудің ең тиімді тәсілдерін табу;
* презентацияларды жасау;
* ойдың логикалық дұрыстығын бағалау;
* жазық геометриялық фигураларды тану, әртүрлі есептерді шешуде олардың қасиеттерін қолдана білу;
* ықтимал нұсқаларды жүйелі түрде таңдау арқылы қарапайым комбинаторикалық есептерді шешу;
* есептерді шешуде жылдам есептеулердің тәсілдерін қолдану;
* геометриялық фигураларды құру және сызғыш пен циркульді пайдалану кезінде алған білімдерін қолдану;
* математика сабақтарында алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын қолдану.
Оқушылардың білімдерін бағалау шарттары:
Курс барысында оқушылардың білім деңгейлерін тексеріп анықтау, оқу сапасының мониторингін жүргізу өте қажет. Күтілетін нәтиженің өлшеуіші критериалды бағалау әдісін қолданумен іске асады. Осы мақсаттағы қорытындылау сабақтары әр бөлімнің соңында жүргізіледі.
КІРІСПЕ БӨЛІМІ
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі - білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласы, құштарлығы болуы керек». Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
«Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
• барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
•ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы
байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал - тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету - математика сабағының міндеті.
Жаңа буын математика оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі - оның әрбір сабаққа лайықталған материалы, негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың тобынан тұрады. Солардың бірі - балалардың шығарамашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатын көздейтін, оқулықта жасыл түсті қоршауға алынған шығарамашылық жаттығулар. Бұрынғы оқулықтардың ешқайсысында жаттығулардың осындай тобы қарастырылмағандықтан, қазіргі мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығуларды орындаумен байланысты оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда үлкен қиындықтар туындап отыр. Оқушылардың шығарамашылық жаттығуларды орындау икемділігін бағдарлама талаптары деңгейінде қалыптастыруда айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар орын алуда.
Математиканы оқыту процесінде жаттығулардың алатын орны ерекше. Жаттығу дегеніміз не? Жалпы алғанда, ғылым мен тұрмыстың әр алуан салаларында, «жаттығу» термині әр түрлі мәнде қолданылады. Ал, педагогикалық әдебиетте жаттығу ұғымы оқытудың әдісі жөніндегі дәстүрлі түсінікпен іштей байланысты мағынада анықталады. Анықтамалардың көпшілігі, жаттығу дегеніміз білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негігі әдістерінің бірі дегенге әкеп саяды.
Математикалық білімді жаттығулар орындау негізінде игеру мәселесіне ғылым тарихында ұлы жаңалықтар ашқан атақты ғалымдар да жоғары баға берген. Мәселен, ұлы ағылшын ғалымы И. Ньютон жаттығулардың теорияға қарағанда, көп нәрсеге үйрететіндігіне назар аударған.
Жаттығулар алуан түрлі болады және олар, ең алдымен, оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты ажыратылады.
Кең мағынада алғанда, математикалық жаттығу деп кез келген математикалық мазмұндағы тапсырмаларды түсінеміз. Басқаша айтқанда, математикалық жаттығуларды құрылысы жағынан мысалдар, есептер, логикалық жаттығулар, есеп құрастырумен байланысты жаттығулар, т. с. с. деп бөлуге болады.
«Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. …
Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалымен кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып - үйретудің негізін
қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тгізеді және негізгі материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі».
Жаңа буын оқулықтарында бастауыш математикалық білім мазмұнының мүмкін деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұсынылып отырған жаттығулар ерекше назар аудартады. Олар бір сарынды іс-әрекеттер орындаудан бас тарта отырып, өзгермелі әр түрлі бағыттағы ізденістер тудыру арқылы оқушыны
шығармашылық әрекет жағдайына енгізуге мүмкіндік жасайды. Шығарамашылық жаттығулар ұсынылғанда, оқушының алдында мақсатқа өзіне мәлім әрекет тәсілімен жете алмайтын проблемалық жағдаят пайда болып, ол оқушының интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін. Осының барысында оқушы жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс-әрекеттер орындауға талпынады. Осы тұрғыдан алғанда математикалық жаттығуларды, біздің пікірімізше, шығармашылық жаттығулар деп атаған орынды сияқты.
Шығармашылық жаттығу - бұл нақты мәні берілмеген, есепті шартты математикалық заңдылықтар арқылы орындау.
Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз.
Мектеп тәжірибесінде шығармашылық жаттығулар үздіксіз орындалмай жатқандығы белгілі. Кейбір мұғалімдер шығармашылық жаттығу міндетті деңгейге жатпайтындықтан оны орындамайды, орындағанымен сабақ соңында асығыс шешуін оқушыларға жалпылама айтқыза салады, яғни талдау жүргізілмейді. Балаларда ой операиялары толық жүргізілмегендіктен логикалық ойлаудың даму деңгейі төмен болады. Ал оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың бір жолы - шығармашылық жаттығуды жүйелі орындату.
Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім оқушыларға міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:
•есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
•сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
•есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
•пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
• сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.
Әдістемелік құрал білім беру ұйымдарының педагогтеріне оқытудағы тиімді математикалық ойлау дағдыларын дамыту жолдарын ұсынады. Ұсынымдар оларға өз қызметін зерделеуге, талдауға, оқу процесін тиімді жоспарлауға көмектеседі. Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне, математика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан - жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Оқыту процесінде мұғалім оқу материалын байланысты қандай да бір деректерді хабарлай отырып оқушылардың логикалық - әдістемелік білімдерін қалыптастыруды жүзеге асырады.
Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры болмайтын болса, онда олар ойлай да алмайды. Оқушыны жеткілікті білім қорымен қаруландыру және өз бетінше ойлауға үйрету, оқушының білім алуға ынта - жігері, құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді меңгеру, оның саналы ақыл - ой дамуының маңызды жолы болады.
Мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процесінде ақыл - ой іс - әрекетін талаптарға байланысты жүйелі түрде қалыптастырып, дамытатын негізгі мекеме болса, мұғалім - оны дамытушы тұлға. Білім берудің жаңа үлгісі жеке тұлғаның дамуына және оқытуды саралауға мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің сапасына қарай қоғамдық - әлеуметтік жағдайлардың үнемі өсіп отыруына сәйкес педагогикалық құралдарды да тұрақты жаңарту қажет болды. Тиянақты қалыптасқан педагогикалық парадигма бойынша педагогикалық технология ұғымы білім мазмұнын құру, оқу - тәрбие әдістерін, оның құралдарын, түрлерін таңдауда, ең қысқа мерзімде тиімді нәтижелерге біртіндеп сатылап жету кезеңдері қамтылады. Логика ғылымның өз заңдары, дәстүрлері мен дау-дамайлары, бар өзіндік бір ерекше дүние деуге болады. Логика - дұрыс ойлаудың заңдары туралы, жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, жіктеп-саралау, дәлелдеме, бекерлеу, жалпылау, сияқты логикалық амалдарды әрбір адам өзінің ойлау қызметінде ұдайы қолданып отыр.
Ойлаудың негізгі принциптері мен амалдарын пайымдай білу тек логикалық ойлауды ғана емес, сондай-ақ басқа да ойлау дағдыларын дамытып, жетілдіруге көмектеседі. Ойлау - құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлау ми қызметінің нәтижесі. Ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады. Ақыл - ойлау процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа байланысты қасиет. Ойлану үшін білім керек. Бірақ білім бардың бәрі бірдей ақылды боп келе бермейді. Ақылдылық білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана, қорыта білумен байланысты.
Халық ұғымында ақылдылық - ерен еңбектің жемісі. Ақылды болу үшін көп үйреніп, көп оқып, оны миға тоқып, көп білу қажет. Білім мен ақыл - егіз,
ақылдылық қымбат қасиет, оны ерекше қадір тұтқан абзал. Ақылдың жақсы қасиетінің бірі - оның ұшқырлығы. Бұл мәселені тез шеше алу, ойға сергектік, белсенділік әкеледі.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдідіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал болып табылады.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объектив шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын - оның қажеттіліктері.
Ойлау - өзіндік ішкі қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.
Ойлау танымдық теориялық іс-әрекет ретінде әрекетпен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты таниды, дүниені өзгерту арқылы оны түсінеді. Әрекет ойлаудың жүзеге асуының бірініші ретті формасы болып табылады. Ойлау операцияларының барлығы (анализ, синтез және т. б) ең алғашында практикалық операциялар түрінде пайда болып, содан соң барып теориялық ойлаудың операцияларына айналды. Яғни ойлау еңбек іс-әрекеті барысында практикалық операция ретінде немесе практикалық іс-әрекеттің бір компоненті ретінде туындап, содан кейін барып дербес теориялық іс-әрекетке айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді критериі болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау оқытудағы ойлау қызметінің тәсілдері, ғылыми танудың әдіс-амалдары мен логикалық әдістер ұғымдарының мазмұны, көлемі туралы бір мәнді пікірдің қалыптаспағанын көрсетеді. Анализ және синтез, абстракциялау мен жалпылау, салыстыру т. б. ойлау операциялары немесе ақыл - ой қызметінің тәсілдері түрінде көрініс табатын болса, екінші жағынан олар ғылыми танымының әдістері мен амалдары, логикалық білімдер құрамына да енеді.
Ойлауды дамытудың жоғарғы кезеңдерінде - оның логикалық формаларында - ақыл-ой әрекеттері іштей сөйлеу тұрғысынан жүзеге асырылады, түрлі таңбалар жүйелері пайдаланылады.
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп практикасында математикалық есептермен жұмыс істеу процесінде негізінен оны шешу жолдары көзделеді, шешуді іздестіру оқушылардың тиісті есеп шығару іскерліктерін қалыптастыру мәселесіне жеткіліксіз көңіл бөлінетін жағдайлар да кездеседі.
Баланың ойлау қабілеті оның қиялын, сөйлеу мәнерінің дамып, есте сақтау мүмікндігін арттырады. Ол үшін мұғалім сабақтарда тек жалаң түсіндіруден гөрі ертегі кейіпкерлерінің сөздерін іс-қимылдарын ойланып, мәтініне келтіріп қайталауға машықтануы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz