Зерттеу жұмысының теориялық маңызы


ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі «»
«» 20г.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін қалыптастырудағы көрнекі оқыту құралдарының рөлі
Мамандығы: 6В01303 - « 5В010200 - «
« 5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Орындаған: Идрисова Нұржамал
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. к, доцент
Норма контролері:
Алматы 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ. Көрнекілік құралдар арқылы мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуды педагогикалық шыңдаудың теориялық негіздері
- Оқушылардың оқу іс-әрекеттерін болмысы және мазмұны . . .
- Оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытуға арналған дидактикалық ойындардың педагогикалық әлеуеті. . .
ІІ ТАРАУ. Көрнекілік құралдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуды тәжірибелік-эксперименталды зерттеу
- Оқушылардың оқу іс-әрекеттерін көрнекілік құралдар арқылы дамытуды педагогикалық шыңдаудың теориялық негіздері . . .
- Оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытуға арналған тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстар мазмұны және оны ұйымдастыру . . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда кез келген жағдайда шешім шығарып, жол табатын, жауапкершілігі мол әрі өз бетінше әрекет етуге қабілетті дербес, осындай аса маңызды әлеуметтік қасиеттерге жеке тұлға тәрбиелеу талаптары бүгінгі заманның басты талаптары болып отыр. Осыған орай балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру барысында да жаңа басымдықтар мен әдіс-тәсілдер айқындалады. Айқындалған басымдықтардың бірі өсіп келе жатқан ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қалыптастыру болып табылады.
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен Шығармашылықмыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» [1] .
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту аса маңызды басым бағыттағы міндеттердің бірі ретінде айқындалып отыр. Соңғы жылдары балалардың басым көпшілігінде компьютерлік тәуелділік пайда болған. Мектеп оқушылары үшін электрондық құралдар аса маңызды сипатқа ие болған. Жаһандық ақпараттану олардың бойында өмірге деген теріс пікірлер мен құндылықтардың қалыптасуына ықпал етіп отыр. Барлығына жеңіл әрі оңай қол жеткізуге мүмкіндік беретін ақша, қаражат культы алдыңғы орынға шықты. Білім мектеп оқушыларының тұлғасын қалыптастыру барысындағы айрықша қызмет түрі ретінде қазіргі таңдағы болып жатқан құбылыстарға төтеп бере алмайды. Баланың жан-жақты дамуы барысында эстетикалық тәрбие беру айрықша орын алады. Шығармашылық адамның рухани әлемін және оның шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған теңдессіз мүмкіндіктерге жол ашады, әсіресе, балалық шақта олар барынша сезімтал әрі әуенге елтіп, ішкі дауыстарын тыңдауға бейім болады. Бұл оқу іс-әрекеттерін дамытудың шығармашылық жарқын көңіл-күймен қатар, орасан мол идея, ой мен образдар әлеміне апаруымен тығыз байланысты.
Балаларды шығармашылыққа баулу олардың ғажайып ішкі жан сарайын ашып, шығармашылық қасиеттерін (ойлау қабілеті, қиялы) және танымдық қабілетін шыңдайды. Мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытудың басты әрі ұтымды құралдарының бірі педагогикалық әлеуетті шыңдайтын көрнекілік құралдар болып табылады.
Сонымен қатар отандық білім беру жүйесіндегі оқу материалын берудің авторитарлық жүйесі білім алушылардың шығармашылық белсенділігін барынша төмендетеді. Нәтижесінде, қазіргі таңда бастауыш білім беру жүйесіндегі осы олқылықтың орнын толтыру мәселесі өзекті болып отыр.
Білім алушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытуды сапалы негізде ұйымдастыру қажет. Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі де осында болып отыр: көрнекілік құралдар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытуды педагогикалық тұрғыдан зерделеу және осы мәселені ғылыми тұрғыдан пайымдай болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Э. Б. Абдуллин, А. И. Айдаров, Б. В. Асафьев, Л. А. Безбородова, Н. А. Ветлугина, Д. Б. Кабалевский және т. б. ғалымдардың еңбектерінде баланың шығармашылық қабілетінің дамуы, шығармашылық мәдениеттің қалыптасу кезеңі олардың дәл осы бастауыш білім алу кезеңіне сәйкес келетіндігі айқын зерделенген.
Арнайы немесе өзіндік дарын мен жалпы қабілет бір-бірімен өзара тығыз байланысты екені анық, сондықтан да шығармашылық қабілетті дамыту оқушының қиял-ғажайып әлемін, эмоционалдық қабылдауын дамыту құралдарының бірі ретінде қарастырылады.
Бастауыш сыныпоқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуға байланысты мәселелерге барынша жан-жақты назар аударылған. Қазіргі таңда педагогикалық ғылым саласында аталған мәселенің шешімін табуға ықпал ететін әрі іс жүзінде тәжірибеден өткен ұтымды әдіс-тәсілдер жеткілікті. Л. А. Венгер, Л. С. Выготский, Л. В. Занков, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, А. Н. Люблинская, . С. Л. Новоселова, Д. Б. Эльконин және т. б. ғалымдар жалпы білім беретін мектеп оқушыларының белсенділігін арттыруға бағытталған технологиялардың әзірлеудің ұтымды тәсілдерін зерделеп, оларды іс жүзінде сынақтан өткізді.
Орта сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамыту мәселесінің жалпы психологиясын Б. Г. Ананьев, А. Г. Ковалев, В. Н. Мясищев, С. Л. Рубинштейн, Б. М. Теплов және т. б. ғалымдар зерттеген. Мектеп балаларының оқу іс-әрекеттерін дамыту мәселесін ғалым Н. А. Ветлугина барынша толыққанды зерттеген. А. Л. Готсдинер еңбектерінде жеке тұлға бойындағы шығармашылық қабілеттің әлеуметтік маңызына арнайы ғылыми негізделген анықтама берілген. Е. В. Назайкинский баланың әуенді/Шығармашылықны қабылдауын Шығармашылықтану/әуентану мәселесі ретінде қарастырған. К. В. Тарасова мектеп дейінгі балалар мен кіші сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерінің онтогенезін зерттеген.
Ағартушылар Л. А. Баренбойм, Б. Л. Яворский және Б. В. Асафьев жалпы шығармашылық білім беру жүйесіндегі шығармашылықтың маңызына айрықша назар аударған. Ал А. А. Никитин, Г. С. Ригина, П. В. Вейс, Д. К. Кирнарская балалардың шығармашылық-шығармашылық қабілеттерін дамыту шығармашылық тәрбие берудің ең басты міндеті деп санайды.
Жүргізілген сараптамалардың нәтижесінің көрсетуінше, зерттеушілер шығармашылық қабілеті феноменіне барынша назар аударып, жеткілікті деңгейде зерделеген, алайда осы саладағы оқушалар арасындағы мәселе әлі де болса өзекті болып отыр. В. В. Давыдов, Л. В. Банков, А. В. Запорожец, Д. Б. Эльконин және т. б. ғалымдар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысындағы дидактикалық ойындардың маңызын ғылыми тұрғыдан негіздеген. Ю. Б. Алиев, А. Н. Зимина, Н. Г. Кононова, Н. А. Метлов, К. Орф, В. И. Петрушин, О. П. Радынова, З. Я. Роот, Г. М. Цыпин және т. б. өз еңбектерінде балалардың оқу іс-әрекеттерін дамытудағы дидактикалық ойындардың психологиялық аспектілерін және оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырған. Олардың пікірінше, бастауыш сыныпжасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, олардың бойында ойындарға деген белсенділік барынша басым, Көрнекілік құралдар шығармашылық қабілеттерді және оқу әс-әрекеттерін дамытудың теңдессіз әрі аса тиімді құралы болып табылады. Аталған саладағы көптеген зерттеу жұмыстарының жеткілікті болғандығына қарамастан, әлі күнге дейін оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамыту барысындағы дидактикалық ойындардың жан-жақты мүмкіншіліктері толыққанды ашылмаған. Нәтижесінде, келесідей қарама-қайшылықтар туындайды:
- жалпы бастауыш білім беретін мектептерде оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамыту мәселесі өзекті және шығармашылық білім беру үдерісінде қолданылатын бүгінгі таңдағы құралдар мәселенің шешімін тиісті әрі қажетті деңгейде шеше алмайды;
- дидактикалық ойындардың дамытушы әлеуеті өте маңызды, ал оқушылардың оқу іс-әрекеттерін Көрнекілік құралдар арқылы дамытуды педагогикалық шыңдауды жеткілікті деңгейде қарастырылмаған.
Айқындалған қарама-қайшылықтар зерттеудің өзектілігін айқындады : шығармашылық білім беру үдерісінде көрнекілік құралдар арқылы кіші сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуды педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етудің дейгейі қандай?
Аталған көкейкесті қарама-қайшылықтарды шешудің тиімді жолдарын іздеу, олардың өзектілігі және аталған мәселенің теориялық және практикалық тұрғыдан өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысының тақырыбына негіз болды : « Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін қалыптастырудағы көрнекі оқыту құралдарының рөлі».
Зерттеу нысаны - жалпы бастауыш білім беретін мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамыту.
Зерттеу пәні - жалпы бастауыш білім беретін мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеттерін Көрнекілік құралдар арқылы дамыту үдерісін зерделеу.
Зерттеу мақсаты - жалпы бастауыш білім беретін мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеттерін көрнекілік құралдар арқылы дамытуды педагогикалық шыңдаудың тиімділігін сараптау, іс жүзінде талдап, тексеру және теориялық тұрғыдан ғылыми негіздеу.
Зерттеу жұмысына негіз болған тұжырымдама : егер де төмендегідей әрекеттер жүзеге асырылса, онда жалпы бастауыш білім беретін мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеттерін көрнекілік құралдар арқылы дамытуды педагогикалық шыңдау өз ұтымдылығының нәтижесін береді:
- жалпы білім беретін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерінің болмысы мен құрылымы қарастырылды, зерделенді, оларды дамыту деңгейі және көрсеткіштері сипатталды;
- жалпы білім беретін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты айқындалды;
- жалпы білім беретін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуға арналған дидактикалық ойындардың педагогикалық әлеуеті анықталды;
- жалпы білім беретін бастауыш сыныпоқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды педагогикалық қамтамасыз етудің мазмұндық, технологиялық және диагностикалық құрамдас бөліктері әзірленді және олар іс жүзінде сынақтан өткізілді.
Зерттеу жұмысының мақсатына, зерттеу пәніне және ұсынылған тұжырымжамаға сәйкес, зерттеу жұмысының келесідей міндеттері анықталды :
- Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерінің болмысы мен құрылымы қарастырылды, зерделенді, оларды дамыту деңгейі және көрсеткіштері сипатталды.
- Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныпо қушыларының оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері олардың жас ерекшеліктеріне байланысты айқындалды.
- Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуға арналған дидактикалық ойындардың педагогикалық әлеуеті анықталды.
- Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды педагогикалық қамтамасыз ету құралдар әзірленді және олар іс жүзінде сынақтан өткізілді.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негіздемесі н тұлға дамуының заңдылықтары жөніндегі жас психологиясы мен педагогикалық психологияның ғылыми ережелері, шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған педагогикалық үдерісті зерттеу, жеке тұлғаны дамыту теориясы және шығармашылық қабілеттерді дамыту болмысын зерделеуге арналған философиялық, психологиялық және педагогикалық теориялар құрайды.
- Зерттеу жұмысыныңтеориялық негіздемесі: -философиялық тұрғыдан: адам туралы психология және философия қағидаттары және әлемді, өзін-өзі тануға бейімділік теориясы (Н. А. Бердяев, В. Зеньковский, В. С. Соловьёв және т. б. ) ; тұлғаның өзін-өзі дамытуы және өзін-тану, дербестенуі жөніндегі іргелі зерттеулер М. Хайдеггер, К. Ясперс және т. б. ) ; қазіргі таңдағы заманауи әлемдегі көркемдік шығармашылықты талдаудың және оны зерделеудің алуан түрлі тәсілдері мен әдістері (И. Кант, А. Ф. Лосев және т. б. ) ;
- жалпы ғылыми тұрғыдан:жеке тұлғаның психологиялық дамуының мәдени-тарихи тұжырымдасындағы эстетикалық қызмет арқылы өзін-өзі шығармашылық деңгейде дамытудың маңызы туралы (Д. Б. Богоявленская, Л. С. Выготский, А. М. Матюшкин және т. б. ) ; шығармашылық қабілеттерді дамытудың заманауи идеялары (Б. М. Бим-Бад, Е. В. Бондаревская, А. Н. Ксенофонтов және т. б. ) ; тұлға дамуының қажеттіліктерге тәуелділігін және оның өзіндік белсенділігіне байланысты екендігін зерделейтін теориялар жиынтығы (К. А. Абульханова-Славская, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн және т. б. ) ;
- ғылыми дәйекті тұрғыдан:мектеп жасындағы кіші сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін ің өзіндік ерекшеліктері туралы психологтардың концептуалдық идеялары (К. В. Тарасова, Б. М. Теплов, Д. К. Кирнарская және т. б. ) ; шығармашылық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттерін дамыту теориясы (Н. А. Ветлугина, О. П. Радынова және т. б. ) ; ырғақты қозғалыстар үдерісінде шығармашылық-дидактикалық ойындарды пайдалану (Н. Г. Кононова, З. Роот және т. б. ) ; шығармашылық тәрбие беру және білім беру теориясы (Э. Б. Абдуллин, Ю. Б. Алиев, О. А. Апраксина, Д. Б. Кабалевский, Г. С. Ригина, А. Н. Зимина және т. б. ) ; шығармашылық педагогика саласындағы заманауи отандық зерттеушілер (Н. А. Ветлугина, В. П. Морозов, Н. Д. Орлова, Г. П. Стулова және т. б. ) ; оқу-тәрбиелеу үдерісі барысында халықтық педагогиканы пайдаланудың теориялық және әдістемелік құралдары (В. И. Баймурзина, Г. Н. Волков, С. Н. Федорова, А. Б. Панькин және т. б. ) .
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында төмендегідей әдістер пайдаланылды:
- теориялық (философиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік, психологиялық әдебиеттерді талдап-сараптау, құқықтық-нормативтік құжаттарды, шығармашылық білім берудің оқу бағдарламаларын, нақты дәйектер, теориялық және жалпылама моделдеу) ;
- эмперикалық (кіші сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған білім беру мекемелерінің педагогикалық тәжірибелерін жинақтау, бақылау, сұхбар жүргізу, сауалнама алу, тестілеу) ; нақтылау, педагогикалық сараптама кезеңдерін қалыптастыру және қадағалау;
- зерттеу нәтижелерін математикалық талдап, сараптау әдістері: сандық және сапалық талдау, жіктеу, математикалық статистика әдістері (t-Стьюдент шарті) .
Зерттеу жұмысы өткізіліген эксперименталдық база. Алматы қаласының « . . . атындағы № орта мектебі» КММ, экспериментке 5 сыныптың 27 оқушысы қатысты.
1 кезең - теориялық, іздестіру, зерттеу жұмысына қатысты әдебиеттерлі зерделеу, талдау, сараптау. Мәселенің қазіргі таңдағы жай-күйін бағалау және талдау, Көрнекілік құралдар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытудың дербес авторлық бағдарламасын әзірлеу және бекіту. Дәйекті тәжірибе жұмысын ұйымдастыру және өткізу.
2 кезең -тәжірибелік-эксперименталдық: экспериментің қалыптастырушы кезеңін жүзеге асыру, тиімді әдістерді, қағидаттарды, мазмұн мен форманы, тәсілдерді анықтау; Көрнекілік құралдар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытуға мүмкіндік беретін шарттарды (жағдаяттарды) зерделеу.
3 кезең - жинақтаушы/қорытынды; эксперименттің аяқталуы; жүйелеу, зерттеу нәтижелерін дипломдық жұмыс ретінде жинақтау және рәсімдеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- «оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамыту»ұғымының мазмұны мен болмысы 4 кезеңнен тұратын, шығармашылық білім беру барысында кіші сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін және олардың психифизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың нақты және шыңдауға мүмкін оқу іс-әрекеттерін сапалы негіздегі мақсатты үдеріс ретінде айқындалды; әрбір баланың шығармашылық қабілетін жетілдіру, шығармашылық дағдысын қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын дамыту, ынталандыру, мүдде қалыптастыру;
- мектеп жасында дамытылуы қажет ең басты шығармашылық қабілеттер айқындалды; жарастық сезімі, сазды түйсікті ұғыну қабілеті, шығармашылықны түйсікті ұғыну қабілеті;
- оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамыту олар жас ерекшеліктерін ескере отырып, зерделенді, эмоционалдық көңіл-күй қалыптастыру, ойлау жетілдіру, өз сезіміңіз еркін білдіре білу, образды ойлай білу, жан-жақты белсенділік;
- ынталандырушы, когнитивті, операционалдық-қызметтік алғышарттар анықталды, оқушылардың шығармашылық пәндерге деген қызығушылығы, олардың белсенділігін арттыруға бағытталған ойындар, өз мүмкіндіктерін дамытуға деген қажеттілікті сезіну, шығармашылық пәндер бойынша білім қорын меңгеру, жаңа дағды мен тәжірибені бағалау, өзіндік әрекеттің ұтымдылығын бақылау секілді көрсеткіштерге баса назар аударылды, оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамыту көрсеткіштері зерделенді;
- оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық ойындардың педагогикалық әлеуеті айқындалды, оның мүмкіндіктері ойын нәтижесінде зерделенген, ал ол өз кезегінде орта сынып оқушыларының шығармашылық қызметті меңгеру барысындағы қол жеткізген жетістіктерін қолдауды және ынталандыруды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әр баланың өзіндік дербес ерекшелігіне байланысты рөлдік ойындар өткізу де ұтымды әдістердің бірі;
- Көрнекілік құралдар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытуды педагогикалық тұрғыдан шыңдаудың әдіс-тәсілдері әзірленді, олар мазмұндық («Шығармашылық» пәні бойынша «Оқушылардың оқу іс-әрекеттерін Көрнекілік құралдар арқылы дамыту» авторлық бағдарламасы), технологиялық (Көрнекілік құралдар кешені және олардың пайдалану нұсқаулығы/технологиясы) және диагностикалық (5 сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін дамытуды бағалау деңгейі, әдісі) .
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы . Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы педагогика, педагогика тарихы және білім беру саласына өзіндік үлес қосады, оқушылардың оқу іс-әрекеттерін Көрнекілік құралдар арқылы дамытуды педагогикалық қамтамасыз ету ұғымының аясын кеңітіп, барынша толыққанды мәлімет береді. Зерттеу жұмысы барысында оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытуды педагогикалық қамтамасыз етудің болмысы, мазмұны және құрылымы айқындалды; Көрнекілік құралдар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамытудың деңгейлік көрсеткіштері мен шарттары анықталып, зерделенді. Зерттеу нәтижелері мәселенің әрі қарай барынша терең зерделенуіне теориялық негіздеме болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы теориялық пайымдар мен қорытындылар жалпы білім беретін мектептердегі білім беру үдерісінде оқушылардың оқу іс-әрекеттерін дамыту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының материалдары педагогикалық қызмет барысынды қолданылуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер (атаулар) тізімінен, қосымшадан тұрады. Жұмыс мазмұны кестелерді, бейнесуреттерді қосқанда 40 бетті құрайды.
I ТАРАУ. КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҢДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Бастауыш сынып оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің
болмысы және мазмұны
Адами қасиеттердің бірі ретіндегі қабілеттерді зерделеу мәселесі, олардың құрылымы мен даму барысы көптеген ғасырлар бойы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адамның табиғи қабілеттері туралы түсінік ғылымың өзге де салалары секілді бастапқыда философиялық тұжырым ретінде қарастырылған.
Көне ойшылдар Парменид, Гераклид, Эмпедокл, Гиппократ адамның бойынан табылатын қандай да болмасын қабілеттерді психологиялық құбылыс ретінде қарастырған. Сондай-ақ «қабілет» терминін ең алғаш рет Платон енгізген. Платон шығармашылық теориясын әзірлейді.
Оның пікірінше, адам шабыттанған сәтте тамаша туындыларды өмірге әкеледі, ол мұндай сәтте ақыл-естен айырылуы мүмкін. Ойшылдың пікірінше, шығармашылықтың өзіндік алғышарттары бар, ол адамның өзіндік табиғи болмысы, үйлесімділік сезімі мен сабақтастықтың ұштасуы. Ол шығармашылық туындыларды ақылмен емес, тек түйсіктік түсінікпен өмірге әкелетін адамдар ғана мәңгі өшпейтін туындылар қалдырады деп санайды.
Пифагор мен оның ізбасарлары жастарды тәрбиелеу барысындағы ең басты әрі ұтымды құралдардың бірі Шығармашылық және математика деп барынша басып айтқан. Олардың пікірінше, «жан мен тәннің әуезділігін сақтаған» адамдар ырғаққа еніп, үйлесімділікпен іс атқара алады.
Ән айту, би билеу, сөйлеу, ыммен түсіндіру барысында ырғақты үйлесімді таңдауды пифагорлықтар «эвритмия» деп атаған. Бұл ұғымды олар алғаш рет енгізген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz