Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Универитеті
Тарих факультеті
Археология, этнология, және Отан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстанның ежелгі тарихы
Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы мезолит, неолит, энеолиттің Отандық
Тарих ғылымында зерттелуі
Орындаған: ИО-23-2К тобының студенті
Еркінбек. Е
Қабылдаған: Жауымбай С. У
Қарағанды, 2024
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1, Мезолит . . . 5
1. 1 Зертеуші ғалымдар . . . 6
1. 2 Мезолиттегі ерте матриархалды-рулық қауым . . . 7
1. 3 Қазақстанның мезолит тұрақтары . . . 8
2, Неолит . . . 10
2. 1 Қаратау бойындағы ескерткіштер . . . 12
2. 2 Арал бойының неолиті . . . 12
2. 3 Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері . . . 15
2. 4 Неолит өнері . . . 19
3, Энеолит . . . 23
3. 1 Энеолиттік қоныстарды зерттеу әдістемесі . . . 25
3. 2 Ботай мәдениеті . . . 27
3. 3 Ботай мәдениетінің пайда болуы мен дамуы мәселелері . . . 29
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі - Шығысында Ертістен, Алтай тауларынан Батысы-Еділ өзенінің төменгі ағысынан каспиге дейін, солтүгі-Батыс Сібір жазығынан оңтүстіктегі Тянь-Шань таулы жоталарынан алып жатқан республика аумағында Мезолит, Неолит және Энеолит ескерткіштері соңғы жылдары біршама жүйелі түрде зерттеліп келеді. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында 40-шақты мезолиттік, 800-ге жуық неолиттік және энеолиттік Ботай мәдениетінің тұрақтарынан табылған ескерткіштер анықталған. Көне дәуір ескерткіштерінің ашылуы, Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясын жаңа қырынан алып көруге мүмкүндік береді.
Курстық жұмыстың нысаны - Қазақстан аумағындағы мезолит, неолит, энеолиттің Отандық Тарих ғылымында зерттелуін қарастыру.
Курстық жұмыстың пәні - Мезолит, неолит, энеолит дәуірлеріне тән қоныстар, қорғандар, қорымдар және әртүрлі тұрмытық заттар, тастан жасалған құралдар мен қару жарақтар, зергерлік бұйымдар, керамика жәнеде басқа да археологиялық олжалар.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан аумағындағы мезолит, неолит, және энеолиттің Отандық тарих ғылымында зерттелуін зерттеу
Курстық жұсыстың міндеті -
- Мезолит, неолит, энеолит дәуірлері туралы археологиялық олжалар арқылы бояндау.
- Әр дәуірдің мәдениет ерекшеліктерін түсіну: материалдық мәдениет, жерлеу орындары.
- Ескерткіштер мен сол дәуірлердегі мәдениеттер арқылы дәуірлерді тереңірек зерттеу.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі - Мезолит, неолит, энероит кезеңдерін археолог В. В. Зайберт, В. Логвин, С. Калиева, Ә. Марғұлан, А. Андрей, Д. Талеев, С. У. Жауымбаев секілді ғалымдар зерттеп, түрлі экспедициялар жүргізіп арттарынан құнды кітаптар жазып қалдарған. Бұл Отандық ғалымдар ал кеңес заманында еңбектер жазып кеткен ғалымдар қаншама. Олар К. Акышев, Бибикова. В. И, М. П. Грязнов С. Н. Боголюбский, П. М Кожин, В. М. Массон, В. С. Титов, С. Е. Толыбаев.
Курстық жұмыстың хронологиясы - Мезолит, неолит және энеолит дәуірлерінің хронологиясы б. з. б 12-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Осы уақыт аралығында адамдар әртүрлі болды және даму жолдары да әртүрлі болды. Мезолит тас дәуірінің орта кезеңі ондағы адамдар жиі қозғалып, аң аулайтынқолайлы жерлерді іздестіріп, жиі қоныс аударып отырды. Оған себеп климаттың өзгеруі мен халық санының өсуі. Неолит кезеңінде адамзат аң аулау мен терімшілдікті тастап өндірістік шаруашылыққа көшті. Яғни егіншілік пен мал шаруашылығы. Адамдар қыш құмыра жасап тоқыма өнеркәсібімен айналысты. Кейіннен адамдардың өміріне мыс келеді. Адамдар мыс пен тасты біріктіріп жәй ғана тас құралдардан мықты құралдар жасай бастайды. Бұл кезеңді энеолит деп білеміз. Мыстың пайда болуы тас құралдардың азаюына әкеліп соқты.
Курстық жұмыстың территориясы - Қазаіргі Қазақстан және көршілес елдер аумағы.
Курстық жұмыстың құрылымы - Кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер.
1. Мезолит
1. 1. Зерттеуші ғалымдар
Мезолит- тас дәуірінінің ең аз зерттелген дәуірі. Бұл терминді алғаш рет 1893 жылы Аллен Браун палеолит пен неолит арасында аралық орынды алатын тас құралдар кешендерін белгілеу үшін қолданған. Б. з. б 12-5 мыңжылдықтар. Шамамен 7 мың жылдай уақытты қамтиды. Сең-сең мұздардың толық еруіне байланысты егін шаруашылығының негізі қаланды, адам жануарларды қолға үйрете бастады. Ірі жануарлардың жойылуы аң аулауда неғұрлым жетілдірілген қарудың пайда болуына жол ашты. Жебелі садақ пен бумеранг пайда болды. Садақты о баста тек ағаштан кесіп жасаса, бертін келе сүйек пен мүйіз қапталған бірнеше ағаш кесіндісінен істеді. Ал, жебелер ағаш пен нар қамыстан кесіліп, сүйектен және мүйізден доғал және домалақ ұшты етіліп әзірленді. Өткен дәуірдегі шаруашылықтың тұрпайы түрінің барлығы сақталды: аңшылық, терімшілік, балық аулау. Атап кетер жағдай, жебе мен садақтың ұштарын доғал, домалақ етіп жасаудың мәні бар екен. Ол бағалы аң терілерін зақымдамай аулау үшін ойластырылған болып шықты. Бұл аңшылықтың дами түмкендігін көрсетеді. Егерде өткен дәуірлерде ежелгі адам тобыр, қауым болып аң ауласа, енді садақ пен жебенің пайда болуы аңшылар санының ықшамдалуына, яғни шағын топпен немесе тіпті жекеленіп аң аулау әдісіне көшуге мүмкүндік тудырды.
Тас ғасырының аяғыны қарай далалық, орманды далалық өңірдегі жабайы жануарлардың түрі едәуір артып: жылқы, қоян, сутышқан, құндыз, қасқыр, түлкі, аю, қабан, елік, бұлан, қара құйрық, киік, бизон, өмір сүрді.
Мезолит дәуірінде табылған тұрақтардың басым көпшілігі өзендер мен көлдердің жағасында орналасқан. Тұрған үйлердің орындары олардың лашық тәріздес екенін көрсетеді. Есіл өзенінің аңғарында көлемі 40-60 шаршы метр, қабырғаларының бөренелері терең көмілген тұрақ орны қазылды. Бұл лашықтардың орнында тек шағын шұңқарлар ғана қалған.
Мезолитте еңбек құралдарын дайындау техникасында дп одан әрі принципті өзгерістер болды, олардың мөлшері тастың көлеміне байланысты болған жоқ. Бұл қымтырма техникасының арқасында мүмкүн болды. Оның мәні мынада еді: Заттың пышақтың, қанжардың, найза ұшының негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңлаулар жасалып, оларға ұзындығы 1-2 см пышақ сияқты тас қалақшалардан істелеген өткір ұш салынып, қара майлы затпен бекітілген. Мұндай еңбек құралдарын жасау әдісін микролиттер деп атайды.
Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды. 70-80 жылдары В. Зайберт Есіл өңірінде, В. Логвин Қостанай және Торғай маңдарында зерттеулер жүргізіп, мезолит дәуірінің далалық аймақтағы ерекшеліктірін көрсетеді, ал 80-90 жылдары Бастыс пен Оңтүстік Қазақстанның территориясынан бірнеше мезолит дәуірінің тұрақтары табылды. Қазақ жерінен мезолит дәуіріне жататын тас құралдардың колекцияларын табудың алғашқы талпыныстары алдыңғы ғасырдың 60-жылдары еліміздің орталық және оңтүстік аймақтарында жасалды (Медоев 1965; Клапчук 1969; Волошин 1976; Алпысбаев 1977; Мотов 1979) . Материалдардың табылуына байланысты мезолит дәуірі қалыптасып 20-ғасырдың 70-80 жылдары солтүстікқазақстандық зерттеушілер мезолит дәуірін зерттеуді өз қолдарына алды. Өңірде ауқымды зерттеулер жүргізілді. Дегенмен неолит дәуірінің ақпараттық кешендері бірінші орынға шығып, мезолит дәуірі көлеңкеде қалды. Осыған қарамастан мезолит дәуірі туралы мақалалар мен баяндамалар шығып отырды. Кең ауқымды тұжырымдар жасалып, Чаглин деп аталатын дербес мезолит мәдениеті анықталды (Коробкова 1989; ) . А. Ю. Чиндин өткен ғасырдың 80-90 жылдарының басында Оңтүстік Қазақстан жерінде мезолитті зерттеу жұмыстарын қолға алды. Бірақ мезолит дәуірі туралы жаңа жаңалықтар ашылмады. Сонымен бірге көпқабатты Шідертті 3 учаскісі ашылды, ұзақ уақытқа созылған зерттеулер ерте кешендер туралы маңызды мәліметтер алуға мүмкүндік берді. Бұл кешендер ғылыми айналымға ішінара ғана енгізілген орасан зор материалды қамтамасыз ететін үш мәдени қабатпен байланысты (Мерц 1992; 2006; 2007; 2008; ) . Табылған заттар ерте голоцен дәуіріндегі тас өнеркәсібінің кезеңділігі, олардың типологиясы және шикізаттық стратегиялары туралы түсінік алуға мүмкүндік берді.
Осы зерттеулердің нәтижесінде В. Ф. Зайберт пен В. Н. Логвиннің мезолитке жатқызған материалдың едәуір бөлігі шын мәнінде олай емес екені де белгілі болды, өйткені ол көпқабатты учаскенің ерте неолит кешендерімен толық сәйкес келді. Бұл Тельман ескерткіштерінің тобы, олардың арасында мезолит матрериалдары болса керек, оларды автрлар ерте неолитпен бірге біртұтас мәдени-хронологиялық кешен шеңберінде қарастырған (Зайберт, Потемкина 1981) . Нәтижесінде Солтүстік Қазақстанның мезолитке арналған объектілердің өте тар таңдауы қалды. Еліміздің басқа аймақтарында да негізінен жер бетінде жиналған коллекциялардан шыққан мезолит кешендерін зерттеу әрекеті жасалды (Бексейітов 2002; Искаков 2006; Подзюбан 2002; 2021; Астафев, Баландина 2001; Арюхова және т. б) . бірақ әзірге олар Қазақстан территориясындағы және оның жекелеген бөліктеріндегі ерте голоцендік өнеркәсіптің ерекшеліктерін зерттеу мақсатында жұмыс жасау қажет. Бұл мәселені шешуге ресейлік архнологтар белгілі бір үлес қосуда. (Павленок және т. б 2021; ) . Біздің археологтарда жұмыстар жүргізіп жатыр. Нәтижесінде Павлодар Ертіс өңірінің мезолит туралы мәліметтері толықтырылуда. Соңғы жылдары жаңа деректер мен өңделіп жатырған фактілік материалдардың көлемі артуда. Борлы, Павлодар аумақтарында Тұндық өзенінің аңғарында және Қалмаққырылған тауларында, Костамар елді мекенінде тұрақты жұмыстар жүргізілді. Ошақтардың қалдықтары, фауна және микролиттік материалдың көп мөлшері бар құрылымдары анықталды.
1. 2 Мезолиттегі ерте матриархалды-рулық қауым
Мезолитте әйелдер тамақ пісіруді үйренгендіктен оның пайдаланатын өнімдерінің ауқымы кеңейген сияқты. Өсімдіктердің кейбіреулерінде улы заттар болды, сондықтан ежелгі адамдар оны жақсылап сумен жуып, қайнату нәтижесінде ғана улы заттар жойылып, жеуге жарамды етілді. Бұрынғысынша, мезолитте алғашқы қауым адамдардың қоғамдық ұйымындығы басты ұйым- ұжымдық меншік пен ұжымдық еңбекке негізделген ру болды. Қоғамдық өндірістің дамуы ру-тайпалық ұжымның ұйымшылдығы мен бірігуіне жағдай жасады. Матриархалды экзогамды рудың орнығуы негізінен, топтық некенің әртүрлі формасынан жұптық жанұяға өтумен сипатталады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жанұя-неке қатынастарының тарихы экзогамия дамуының жалпы тенденциялары өзара некелесе алатын адамдар шеңберінің біртіндеп тарылуымен сипатталатынын көрсетеді. Топтық некеде бұл шеше жағынан жақын туыстардың неке байланыстарын шектейтін, тиым салудың күрделі жүйесіне әкелді. Екінші жағынан, әйелдер олар матриархалды-рулық қоғамдағы шаруашылық және қоғамдық өмірде маңызды роль атқарды. Топтыққа қарағанда берік, біршама анығырақ неке формасын құруға тырысты. Бұның бәрі алғашқыда шектеуге әкелді: ал кейіннен некенің толықтай жойылып, оны жұптық жанұя деп аталатын жеке неке формасымен алмастырды.
Жұптық жанұяға біртіндеп өткен және этнографияда некенің екі формасы: топтық және жұптық жанұялы неке сақталған тайпалар белгілі. Жұптық жанұяда бір еркек бір әйелмен некеде болады. Алайда бұл таптық қоғамға тән кейінгі моногамды жанұядан ерекшеленетін жұптық жанұяның жалғыз белгісі емес. Жұптық жанұя құру үшін ынтаны еркек емес, әйел білдіруі тиіс. Некеге дейін жыныстық қатынастардың толық бостандығы сақталды.
Жұптық жанұя әлі жеке шаруашылық ісін жүргізбейді, алайда бұл жанұя мүшелері рулық қауымдағы ұжымдық шаруашылыққа атсалысады. Сонымен қатар, жұбайлар тұрағы кейде дислокальді болды. Ондай жағдайда әйелі мен күйеуі жеке, бөлек тұрған және әрқайсысы өз руының ұжымдық шаруашылығына қатысқан. Алайда, күйеуі өз отбасын қажетті тамақтармен қамтамасыз етуге тиіс болды. Біртіндеп, күйеуі әйелінің руы тұратын жерге келіп, олар әйелінің руының ұжымдық шаруашылығына бірігіп еңбек ететін болады.
Жұбайлардың күрделі мүліктік қарым-қатынастарымен байланыссыз жұптық жанұя ешқандай заңдылыққа жүгіенбей, егер жұбайлар қаласа еш қиындықсыз бөліне салатын болды. Мұндай жағдайда балалар ылғи шешесімен қалды.
Мұрагерлік ісіне мүлік ру шеңберінің ауқымынан шықпау керек деген қағида сақталған. Негізінен шеше жағынан беріліп отыратын жеке мүлік қана мұрагерлікке берілген. Сондықтан балалар әкесінің емес, шешесінің мүлкіне мұрагерлік еткен. Күйеуі әйелінің мұрагері болмаған, ал әйелі күйеуі өлсе олардың мүлкі руға тиесілі болғандықтан мұрагер бола алмаған.
Осындай жолмен, жұптық жанұя ру-тайпалық қоғамда матриархалдық дәстүрлерді қалыптастырып, бекіте түсті.
Жұптық жанұяда әйелінің руында күйеуінің дәрежесі аса берік болмаса да, осы кезде әкелік туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Топтық некеде баланың әкесі белгісіз болды, және жеке емес топтық туыстық болып есептелді. Шеше терминімен бала тек өз шешесін ғана емес, шешесі жататын экзогамдық барлық әйелдерді атаған. Дәл осылай шеше топтары неке қатынастарына құқығы бар экзогамды топқа жатытын барлық еркектер оның әкесі болып есептеледі. Жұптық жанұяда анықталған әкесі белгілі болды және өзінің баланың тууымен байланыстылығын, әкелігін, әкелік сезімін көрсетуге тырысқан.
Топтық неке біртіндеп жойылды, сондықтан да оның көп әйелден, көп күйеулік, некеден тыс жыныстық қарым-қатынас сияқты қалдықтары көпке дейін сақталып қалды. Сондай қалдықтардың бірі - көп апалы-сіңілілердің бірінің күйеуі барлығына күйеу болып табылады. Сорорат-күйеуі өлгеннен кейін, оның әйелі күйеуінің аға-інісіне тиген. Топтық некенің қалдықтарының бірі-кешірімді және қонақ жайлық гетеризм. Кешірім гетеризмі өз отбасын құру құқұғын өзіндік сатып алу болды, және жұптық некеге тұрар алдында әйелдер топтық некеде оларға құқұғы болған еркектерімен некелік қатынастарға түсті. Кейінірек бұл әйелдің некеге тұрмас бұрын орындауға тиісті бірнеше діни ғибадаттарды орындаумен байланыстырылды. Қонақжайлық гетеризмде - уақытша әйелдерін алмастырды, бұл дәстүр көбіне жанжалдарды шешу тәсім және достық қарым-қатынасты бекіту ретінде қолданылды.
1. 3 Қазақстанның мезолит тұрақтары
Қазақстан аумағында мезолит ХХ ғ, 70-ші жылдарына дейін шындап зерттелген жоқ және казіргі таңда тас ғасырының ең нашар зерттелген кезеңі болып табылады. Мезолит дәуірі ескерткіштерінің саны қазіргі кунде 50-ге жуық, көпшілігі кездейсоқ табылған.
Мезолит ескерткіштерінің ірі таралу аймақтарының бірі Солтүстік және Орталық Қазақстан болып табылады. Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Алтай, Балқаш және Бетпақдаланың аралығындағы Еуразияның кең далалық аумағы орманды даладан жартылай шөлге дейінгі әркелкі ландшафты өңір болып табылады және Сарыарқаның таулы массивтерін және Тобыл-Есіл өзен аралығы мен Ертіс төңірегін өз ішіне алады.
Сарыарқадағы Шідерті 3, Жезді өзені бойындағы Тоқтауыл, Тобылдың оң жағалауына жақын жердегі Евгеньевка 1 тұрағы, Тобылдың Обаған тобы ескерткіштері (Обаған 3, 5, Жоғарғы Алабұға, қамысты 1), Соллүстік Қазақстандағы Явленка кешені осы өңірдегі мейлінше жақсы зерттелген мезолиттік тұрақтар болып табылады.
Солтүстік және Орталық Қазақстанның мезолиттік-неолиттік кешендерінің арасында Шідерті 3 тұрағының маңызы зор. Солтүстік Сарыарқада (Екібастұз ауданында) орналасқан көп қабатты бұл бірегей тұрақ мезолиттен бастап (б. з. д. IX мыңжылдық) қола дәуіріне (б. з. д. III мыңжылдықтың аяғы) дейінгі мәдени қабаттар кешеніне ие. Зерттелген 9 мәденн қабат голоцен дәуірі тас ғасырының барлық негізгі сатыларының дамуын бейнелейді.
Тұрақтың ерте голоцендік кешені мезолиттің ерте, дамығанжәне аяқтаушы сатыларын сипаттайтын 6-шы, 5-ші және 4-ші мәдени горизонттарынан (б. з. д. IX мыңжылдықтың ортасынан б. з. д. VII мыңжылдықтын аяғы-б. з. д, VI мыңжылдықтың басына дейін) алынған. Ең төменгі қабатта ошақтары бар тұрақжай және өндіріс орындары табылды. Жарты шеңбер мен орналасқан ірі тастар күрке үлгісіндегі жер үсті үйлері құрылысының қалдықтары болуы мүмкін. Артефактілер негізінен призма, конус, сына, қалам тәрізді нуклеустерден, микроппастиналардан, орташа және ipi- пластиналардан, қырғыштардан, кескіштерден, біздерден тұрады. Геометриялық микролиттерден - майда симметриялық трапециялар, ірі тастардан жасалған құралдардан - ретушерлер, шойбалғалар, ірі отщептерден жасалған кескіштер бар. Мәдени қабаттарда фауна қалдықтары сирек кездеседі: жылқының және ақ бөкеннің тістері табылған. Еңбек құралдары үшін шикізат ретінде сұр және ақ-сары теңбіл түсті кремнийлі-сазды тас жынысы, шақпас тас, яшма, яшма- кварцит, халцедон пайдаланылған.
Батыс Қазақстандағы Жаңа Қазан құмды төбе тұрағы Қазақстандағы ірі мезолит ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тұрақ аумағынан тас артефактілерінің 8 шоғыры айқындалды. Мәдени қабатының қалыңдығы 5 см дейін жетеді. Тас бұйымдардың жалпы саны 5 мың данадан асады. Еңбек құралдары негізінен ашық сұр және қоңыр шақпақтастан жасалған, кварц тәрізді құмтастан даярланғандары сирек.
Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданынан табылған қарсы, Шәуші тұрақтары, Солтүстік Каспийдегі Ізтай тобы, Үстірттегі Айдабол тобы, Шығыс Қазақстанның Шүлбі тұрағының үстіңгі қабаттары, Оңтүстік Қазақстанның Шаян және Бүркітті топтамалары да мезолиттік ескерткіштер қатарына кіреді.
Қақстанның мезолит өндірісіне пластиналық жаңқалау үрдісі тән болып, пластиналар призмалық, конус, сына тәрізді, қалам тәрізді, цилиндр тәрізді нуклеустерден алынған. Еңбек құралдары топтамаларының ішінде кескіштер, пластиналар мен отщептерден жасалған қырғыштар, геометриялық микролиттер, бір қапталы немесе бір қапталымен бір ұшы өңделген қыстырма-пластиналар, үшкіртас құралдар бар. Кейбір топтамаларда ірі тас сынықтары мен отщептерден, нуклеустерден даярланған қырғыштар мен тісті құралдар кездеседі. Шикізаттан шақпақтас, яшма, ашық түсті кварцит, халцедон және т. б. пайдаланылған.
2, Неолит
2. 1 Қаратау бойындағы ескерткіштер
Неолит - тас ғасырының соңғы сатысы. Б. з. б 5-3 мыңжылдықтарды қамтиды. Бұл тас өңдеуде техникалық әдістің гүлденген кезеңі. Неолитте табиғи құбылыстар қазіргі жағдаймен теңелді. Осыған байланысты адамдар еңбектің жаңа түрін игерді. Кен өндірудің алғашқы белгілері қалыптасты. Адам санасы өсіп, өндіруші күшке айналды. Асыл тастарды жәй тастардан ажырата алатын дәрежеге жетті. Нефриттен зергерлік бұйымдар, граниттен дән үккіштер жасады. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Еңбек құралдарының сапасына қарай саны да көбейді. Тас балталар, кетпендер, келілер, келсаптар жасалды. Ыдыстарға геометриалық өрнектер салу игерілді. Ыдысқа күйдірмей тұрып жұмсақ кезінде онша күрделі емес геометриалық өрнектер салынды.
Егіншіліктің жетілуі, адамды азық-түліктен тағамдық қор жинауға бейімдеді. Бұл құбылыс ғылымда “неолит төңкерісі” (революциясы) деп аталады. Тас өңдеу жоғарғы деңгейге көтеріліп, сына дайындалды, дән үккіштер пайдаланылды. Сына дайындау тас өңдеудің неолит дәуіріндегі әдісі болып табылады. Неолит дәуіріндегі ең ірі жетістік кен өндірудің алғашқы белгілері қалыптасты. Сырдария өңірінде неолит дәуірінде құралдарды яшма мен кварциттен жасады. Адам санасының деңгейі өсіп, өндірушіге айналды. Асыл тастарды жәй та- стардан ажыратып, олардың сапасын ескеріп, оның ішінде нефриттен зергерлік бұйымдар, граниттен дән үккіштер жасады.
Ауа-райы жылы және топырағы құнарлы болған оңтүстік аймақтарда егіншілік пен мал шаруашылығы дамиды, ал солтүстік өнірлерде иемденуші шаруашылык түрлері ұзақ уақытка сақталып қалады. Деректер бойынша егіншілікке оту әлемнің бірнеше орталықтарында бір-бірінен тәуелсіз жүзеге аскан. Олардың арасында Таяу Шығыс егіншіліктің алғашқы пайда болған орталыктарының бірі болып саналады. Ол жердегі ерте егіншілік мәдениетінің ең ежелгілері б. з. д. VIII мыңжылдықтың аяғы VII мыңжылдықтың басында, ягни мезолит дәуірінің аяғында қалыптасқан. Ал б. з. д. VII-VI мыңжылдықтарда жер шарының көптеген аймақтарында, атап айтсақ Орта Азия, Перу, Қытай, Үндістан, Мысыр және Балкан түбегінде ерте егіншілік мәдениеттері калыптасканы анық. Көпшілік ғалымдар егіншіліктің пайда болуын бірнеше факторлармен байланыстырып, олардың арасында экологиялық факторды басты болған деп санайды. Соңғы археологиялық ашылымдар көне Әлемде де, Жаңа Әлемде де егіншілікке өту үдерісінің нақты табиғи жағдайларда жүзеге асқанын көрсетеді. Бұл адамдардың жасауы үшін қолайлы және өсімдіктердің түрлері көп субтропикті климатқа ие таулы аудандар. Дегенмен басқа алғы шарттар еңбек құралдарын жасау техникасының жоғары деңгейде болуы, демографиялық жарылыс азық-түлік табудың бұрынғы әдістерінен бас тартуға және өндіруші шаруашылыққа өтуге алып кеген болса керек.
Егіншіліктің дамуы жиналған өнімнің бір бөлімін мал үшін жем ретінде пайдалануға мүмкіндік беріп, өз кезегінде мал шаруашылығының дамуына әсер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz