Вирусологиялық зертхана персоналдары


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Магистрант

Сайлау Назерке Асхатқызы

Магистрлік диссертация

Білім беру бағдарламасы: 7М10108-«Қоғамдық денсаулық сақтау»

Тақырып: «Вирусологиялық зертханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын және персоналдың биоқауіпсіздігін бағалау»

ӘОЖ: 614. 4+578

Ғылыми жетекші:

м. ғ. к., доцент Айтманбетова А. А.

Алматы, 2024 ж.

Мазмұны

Беті

Жалпы ережелер

Белгілеулер мен аббревиатуралар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Тақырыптың өзектілігі: Лабораториялық жағдайда биоматериалдармен жұмыс жасау барысында қолайсыз жағдайлар орын алу қаупі бар, соның салдарынан биологиялық қауіп тудыруы мүмкін. Биологиялық қауіп қатер орын алған жағдайда биоқауіпсіздік бойынша әр түрлі іс шаралар іске асырылады. Бұл іс шаралар негізінде биоагенттің және қоршаған ортаға қаншалықты қауіп төніп тұрғанын бағалауға көмектеседі. Патогендер, токсиндер және оларды қоздырушылардан төнетін қауіп қоршаған ортаға үлкен кері септігін тигізу қатері бар, сол себепті биоқауіпсіздік әлемдік нарықта ерекше назар аударатын өзекті мәселерінің бірі (Абиева АА, 2021; Dana Perkins, Kathleen Danskin, 2019) .

Берілген деректер бойынша зертханалық инфекция қаупі жағдайлары, патогендермен жұмыс істеу кезінде қызметкерлердің індет жұқтыруы биологиялық қауіптің жоғары деңгейіне ие.

Қолайсыз жағдайларда туындайтын қауіп қатерлерді алдын ала сараптай отырып қолайсыз апаттарды, төтенше жағдайлардың басталуын және мүмкін экономикалық шығындар салдарын болдырмауын қамтамасыз етуге болады. Негізгі қауіп лаборатория қызметкерлерінің дайындықсыз жұмыс жасауы, биоқорғау міндеттерін толық сақтамау және жеке қауіпсіздік іс шараларын сақтамауы салдарынан патогендер мен олардың қоздырғыштары ауаны ластап, осылайша тіршілік ету ортасын ластайды (Biorisk management: Laboratory biosecurity guidance. World Health Organization, _2006; Некрасова ЛЕ, Жолшаринов АЖ, 2012) .

Патогендердің, токсиндердің байқаусызда бөлінуі пайда болған кезде биоқауіпсіздік әдістері олардың алдын алу үшін практикалық әдістерді, олардың алдын алу салдары техникалары қолдануды ескереді. Зертханалық жағдайда биоматериалдармен жұмыс жасай отырып, бірінші кезекте персоналды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау үшін бірқатар өндірістік, диагностикалық, теориялық бөлімдер орындалады. Тәуекелдерді бағалау персоналды қорғаудың және патогендердің қоршаған ортаға таралуын болдырмаудың ең тиімді жолы болып саналады. Зертханалық жағдайда биоматериалдармен жұмыс істеу кезінде сақтық шараларын әзірлеу кезінде патогенділік деңгейі, қолданылатын жабдықтар мен процедуралар, персоналды жеке қорғау және т. б. ескерілуі тиіс (Bielecka A, Mohammadi AA., 2014) .

Алайда, зертханалық жағдайда жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ патогендер мен олардың қоздырғыштарының таралуының алдын алу жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылау және персоналдың биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету басқарушы кадрлардың жетіспеушілігі мен кадрлардың даярланбауына байланысты тиісті түрде бақыланбайды. Биологиялық материалдармен жұмыс істейтін көптеген қызметкерлер инфекциямен жұмыс барысында төнетін қауіп-қатер салдарын толық білмейді, биоқауіпсіздік және биоқорғау бойынша біліктілікті арттыру іс-шаралары сирек ұйымдастырылады.

Зерттеу мақсаты:

Вирусологиялық зертхана персоналының жұмысын ұйымдастыру мен сақтық шараларын бағалай отырып биоқауіпсіздікпен қамтамасыз етуді жетілдіру ұсыныстарын өңдеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Вирусологиялық зертхана жағдайындағы биоқауіпсіздік жөнінде шетелдік және отандық тәжірибеге шолу жасау.

2. Алматы қаласындағы ШЖҚ РМК "Ұлттық сараптама орталығы" вирусологиялық зертханасы персоналының жұмысын ұйымдастыруды, қауіп-қатер деңгейі мен сақтық шараларын бағалау.

3. Вирусологиялық жұқпалармен жұмыс істеу кезіндегі негізгі тәуекелдерді анықтай отырып вирусологиялық зертхана қызметкерлерінің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу түрі: бастамашылық тәртіппен орындалады.

Зерттеу әдістері: статистикалық, ақпараттық-аналитикалық, тарихи, құжат көздерін талдау, социологиялық .

Зерттеу көлемі: вирусологиялық зертханада биоматериалдармен жұмыс жасайтын персоналдар және қауіпсіздік бойынша іс шаралар өткізетін мамандарды зерттеу.

Зерттеу объектісі: Вирусологиялық зертхана персоналдары.

Зерттеу субъектілері: Алматы қаласындағы ШЖҚ РМК "Ұлттық сараптама орталығы" вирусологиялық зертханасы.

Ғылыми жаңалығы: Вирусологиялық зертхана мысалында биологиялық агенттерді жұқтыру қаупі және олардың таралуын болдырмау жолдары шараларын әзірлеу. Жұқпалы агенттермен жұмыс жасау кезінде орын алатын қауіптер, жұмысты ұйымдастыру және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешудің оңтайлы жолдары қарастырылады.

Практикалық маңыздылығы, күтілетін нәтижелер:

Ғылыми зерттеу нәтижелері патогендермен тікелей жұмыс жасайтын персоналдың биоқауіпсіздігін жақсарту әдістері әзірленеді. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері басқарушылар үшін биологиялық қауіпсіздік, биоматериалдардың таралуын болдырмау семинарлары мен ұсынымдар дайындауға, персоналдың жұмысындағы сақтық шаралары мен биоқауіпсіздігін оптимизациялауда құнды ақпарат болмақ. Зерттеу мәліметтері жергілікті денсаулық сақтаудың құзыретті ұйымдары үшін басқару шешімдерін қабылдауда маңызды болып табылады.

Негізгі бөлім

Биологиялық қауіпсіздік, қазіргі таңда, мемлекеттік жүйеде ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаев халыққа жолдауында (2021ж. ) : биоқауіпсіздікті болжаудың Ұлттық жүйесі құрылуы тиістігін; санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтіндігін; «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде зертханаларды жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандыру керектігін көрсетті. Басқаша айтқанда, қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы аумағындағы биологиялық қауіпсіздік мәселелері ерекше өзектілікке әрі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басымдыққа ие.

Соңғы уақытқа дейін биоқауіпсіздіктің негізгі мазмұны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерімен байланысты болды. Эволюцияның қазіргі кезеңінде биологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы оның «тар форматы» туралы көзқарасты өзгертіп, оның негізгі мазмұнының едәуір кеңеюімен және ауқымы ұлттық және халықаралық қауіп-қатермен салыстыруға болатын төтенше жағдайлар ретінде сипатталады.

Биологиялық қауіпсіздік интеграцияланған ғылым ретінде адам немесе қоғам денсаулығына қауіп төндіру негізінде қолданылуы мүмкін факторлар мен биотикалық факторлардың әсер ету қаупі туындаған жағдайда адамды қорғау жүйесінің теориясы мен практикасын жинақтайды. Осылайша, микробиологиялық агенттердің тікелей немесе жанама ықпал етуінен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне байланысты міндеттерді шешу үшін медициналық-биологиялық, ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралар мен құралдардың кешенді жүйесі қажеттігі туындайды.

Биологиялық қауіпсіздік патогендер мен токсиндердің әдейі емес әсерін немесе олардың кездейсоқ босатылуын болдырмау үшін оқшаулау қағидаттарын, технологиялары мен практикалық әдістемелерін қолдануды білдіреді [1] . Биологиялық қауіпсіздік әлемдік қоғамдастықтың маңызды проблемасы. Оның өзектілігі қазіргі әлемде жаһандық сипатқа ие жұқпалы аурулар мен олардың қоздырғыштарынан туындайтын қауіп-қатерлермен анықталады [2] . Таяу уақытқа дейiн биологиялық қауiпсiздiктiң мазмұны, негiзiнен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiмен байланысты болды. Бұл биологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасында бүгiнгi күнi оның толық зерттелмегеніне сәйкес келедi [3] . Биологиялық қауiпсiздiкке көзқарастар эволюциясының қазiргi кезеңiнде оның негiзгi мазмұнының айтарлықтай кеңеюiмен сипатталады.

Яғни, қоғамдық денсаулық сақтауда ауқымы ұлттық және халықаралық қауiпсiздiкке қауiп төндiретiн төтенше жағдайлардың пайда болуының салдарымен анықталады [4] .

Биологиялық қорғау - биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары мен әдістерін практикалық тұрғыда қолдану, ол қызметкерлерді зертханада орындалатын жұмысқа байланысты қауіп-қатер салдарынан қорғауға мүмкіндік береді.

«Биологиялық қауіпсіздік» микроорганизмдердің салыстырмалы қауіптілігін қарастыра отырып, оларды мамандандырылған диагностикалық жабдықтағы жұмыстармен немесе практикалық қызметпен негізделген қауіптілік деңгейлері бойынша негіздейді. Қауіптілік деңгейлерді зерделей келе зертханалық жұқтыру жағдайлары, оның нәтижесін қоса алғанда, сондай-ақ эпидемиялық ошақтарда жұмыс істеу кезінде зертхана персоналы жұқтыруының, биологиялық тәуекелдің алдын алу іс-шаралары секілді биоагентпен жұмыс жасау барысында туындайтын қауіп-қатерлерді алдын ала саралауға мүмкіндік береді [5] .

Жоғары патогенді микроорганизмдермен зерттеулер жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы екі негізгі факторды - техникалық және адами факторларды қамтитыны белгілі. Техникалық элементтер бастапқы және қайталама қорғаныс кедергілерінің жүйесін білдіреді. Адам факторы зертхана персоналының жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен жұмыс істеудің қауіпсіз әдістеріне дайындық және оқыту деңгейімен, жұқтырудың ықтимал көздерін білумен айқындалады және осылайша зерттеулерді жүргізу тәжірибесімен тығыз байланыста болады. Биологиялық қауіпсіздік жүйесінің қағидаттарын іске асырудағы «адам факторы» басым рөл ойнайды. Биологиялық материалмен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздіктің кез-келген деңгейіндегі зертханадағы қызметкерлердің ықтимал ұқыпсыздығы персоналдың, қоршаған ортаның контаминация қаупін едәуір арттыруы және зертханадағы биологиялық қорғау іс-шараларынына кері септігін тигізеді.

Жұқпалы аурулардың тікелей әсер ету факторларының мысалдары ДДҰ бас директоры М. Ченнің 68-ші ВАЗ сессиясында (2015 ж. 18 мамыр), қазіргі заманда әсер ететін зиянды биогендік фактор ретінде тамақ өнімдері мен өмір салтын атап өткен.

Қауіпті биологиялық факторлардың қоғамдық денсаулыққа жанама әсерінің мысалдары-тіршілік ету ортасының, өндірістік инфрақұрылымның, әлеуметтік-экономикалық және саяси саланың нашарлауы, экожүйелердің жұмысының бұзылуы, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының өмірін оңтайлы қамтамасыз ету мүмкіндіктерін төмендетеді.

Қоздырғыштары патогендік I-II топтарының микроорганизмдеріне жататын аса қауіпті деп аталатын бірқатар өткір қауіптердің ішінен жұқпалы аурулар ауыр әлеуметтік-экономикалық және геосаяси салдары бар эпидемия мен пандемия ауқымындағы жағдайларды тудыруы мүмкін. Қоғамның оларды болжауға, ерте анықтауға, тексеруге және қарсы тұруға дайындығының төмен деңгейіне байланысты жаңа (анықтамалған), жаңа аумақтарға таралатын, жұқпалы аурулармен байланысты эпидемиялық жағдайлар ерекше ауырлықпен сипатталады. Мұндай жағдайлар олардың техногендік генезисінің мүмкіндігіне қатысты сақтықты тудырады және ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Тарихи хронологияға жүгінетін болсақ, биологиялық агенттермен қарсы күресуде персоналды қорғау шаралары (биоқауіпсіздік іс-шараларының тар форматы) қалыптасты, онда ең алдымен 1894 жылы пайда болған обаның үшінші пандемиясы туралы айту керек. Гонконгта, оның бастапқы аурудың таралуы Қытай мен Моңғолияның таулы аймақтарында өмір сүрген суырлардан оба жұқтыру жағдайлары болды. Бұл пандемияның құрбандары, әсіресе ХХ ғ. бірінші жартыжылдықта қарқынды болды, шамамен 14 миллион адам көз жұмды. Сондай- ақ, 1910-1911 және 1920-1921 жылдары Забайкалья аймағында, Маньчжурияда, Қиыр Шығыста (Шығыс Қытай теміржолы аймағында) таралу ауқымы бойынша әлемдегі ең үлкен, теңдесі жоқ өкпе обасының алғашқы инфекциясымен байланысты екі ірі эпидемияны еске түсіру қажет. Осы эпидемия салдарынан ауру саны 100 мың және 30 мың адамды құрады.

Обамен күрескен, эпидемиялық көріністерді тергеуге, науқастарға қызмет көрсетуге және мәйіттерді жерлеуге, оба инфекциясының биологиялық қасиеттерін зерттеуге және тиімді диагностикалық, профилактикалық және емдік препараттарды жасау мақсатында эксперименттік жұмыстарды жүргізуге, тиімді санитарлық-профилактикалық (эпидемияға қарсы) іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге қатысқан медицина персоналдары арасында қаза тапқандардың саны көп екені белгілі.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы өткір эпидемиялық жағдайдың тағы бір мысалы-1918 жылы басталған және бір жыл ішінде әртүрлі мәліметтер бойынша 20-60 миллион адамның өмірін қиған испандық эпидемия, зардап шеккендер қатарында медицина қызметкерлерін де болды.

Аталған жұқпалы аурулар қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық (биологиялық) сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупін тұрақты түрде тудырады.

ХХІ ғасырда жаңа аса қауіпті жұқпалы аурулардың номенклатурасын 2002 жылы күтпеген жерден пайда болған және 2003 жылы кең таралған SARS коронавирусынан туындаған атипті пневмония толықтырды. Қытайда пайда болған бұл ауру қысқа уақыт аралығында Азия, Америка, Еуропа, Африка және Австралияның 32 еліне әсер етті. Науқас/қайтыс болғандардың жалпы саны 8437/916 адамды құрады (өлім-жітім 10, 9%) . Қытайда аурудың өршуі басында барлық жұқтырғандардың ¼ -ден ⅓- бөлігі медициналық қызметкерлер болды.

Қоғамдық денсаулыққа елеулі қатердің тағы бір мысалы - 2012 жылы жаңа қоздырғыштың- Таяу шығыс респираторлық синдромының (MERS-CoV) коронавирусының пайда болуы және 2015 жылға қарай әлемнің 26 ел арасында инфекция таралды. Науқас/қайтыс болғандардың жалпы саны 1363/487 құрады (өлім-жітім 35, 7%) . Көптеген жағдайларда бұл коронавирус нозокомиялық инфекция ретінде таралды.

Мүлдем күтпеген, ауқымды, көптеген құрбандықтармен және медициналық персоналдың бұрын-соңды болмаған жеңілісімен, қоғамның қарсы тұруға дайын болмауымен, 2014-2015 жылдары Батыс Африкада (Гвинея, Либерия, Сьерра-Леоне) Эбола безгегінің пайда болуы болды. Ауруды көршілес елдерге - Нигерияға, Сенегалға, Малиге, Еуропа елдеріне - Ұлыбританияға, Испанияға, Италияға және АҚШ-қа әкелу күтпеген жағдайдың, эпидемиялық жағдайдың ауырлығының, мемлекеттік денсаулық сақтау құрылымдарының. ДДҰ анықтаған бақылаудан 2015 жылғы 13 қыркүйектегі жағдай бойынша, аталған елдерде науқастардың/қайтыс болғандардың жалпы саны 28 220/11 291 (өлім-жітім 40%) құрады. Медицина қызметкерлерінің арасында 2015 жылғы 4 маусымда 888 ауру жағдайы тіркелді, оның ішінде 514 адам қайтыс болды.

Әлеуметтік-экономикалық маңызды эпидемиялық жағдайлардың жоғарыда келтірілген мысалдары медициналық персоналдың зақымдану қаупі мен эпидемиялық процестің даму қаупін көрсетеді. Бұл көбінесе диагностикалық, профилактикалық, емдік құралдар мен эпидемияға қарсы тиімді шаралар жиынтығы болмаған кезде, эпидемиологиясы жеткіліксіз зерттелген, жаңа аумақтарға таралатын инфекциялық ауруларға, әсіресе вирустық этиологияға қатысты.

Әлемде жаңа жұқпалы аурулардың, әсіресе вирустық этиологияның пайда болуының тұрақты тенденциясына, олар тудыратын эпидемиялық жағдайлардың техногендік шығу мүмкіндігіне байланысты бұл жағдайды санитарлық-эпидемиологиялық және емдік профилактикалық бейіндегі органдар мен мекемелердің эпидемияға қарсы дайындығын қамтамасыз ету кезінде ескеру қажет. Негізінде, қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен сын-қатерлерге эпидемияға қарсы дайындықтың толықтығы биологиялық жоспар ең алдымен Халықаралық медициналық-санитариялық ережелерде (ХМСЕ) реттелетін жұқпалы аурулардың тізімін анықтайды (2005 ж. ), халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайлар тудыруы мүмкін өңірлік халықаралық бірлестіктердің (ТМД, ЕАЭО) және жекелеген елдердің аумақтарын санитарлық қорғау жөніндегі құжаттар негізінде жұмыс істейді.

Ықтимал қауіпті биологиялық нысандарда орын алатын және тез өршитін апаттар, негізінен адами факторларға байланысты жергілікті оқиғалар болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік деңгейде патогендік микроорганизмдермен жұмыс істеу кезінде биоқауіпсіздік талаптарының жүйелі бұзылуы, биоқауіпсіздік шеңберінде тергеу мен тиісті шаралар қабылдаудың мәні болып табылады. Мұндай мысал 2014-2015 жылдары АҚШ-тың патогендік микроорганизмдермен жұмыс жасайтын зертханаларында болған оқиғаларды айтуға болады. Бірінші оқиға, 2014 жылғы 20 маусымдағы ақпаратқа сәйкес, Атлантада (Джорджия) болды. Оқиға биологиялық қорғаныстың жоғары деңгейлі зертханасынан Сібір патогенінің инактивацияланған (өлтірілген) үлгілерін өндірістік мақсатта қорғаныс деңгейі төмен зертханаға жеткізу кезінде дезинфекция режиміндегі бұзушылықтардың салдарынан тірі қоздырғышы бар биоагенттерді жіберді. Қорғау деңгейі төмен зертханалардың 75 қызметкері жұқтыру қаупіне ұшырады. Мұндай қатені ерте анықтау және профилактикалық іс-шаралар кешенін уақтылы жүргізу ғана эпидемиологиялық салауаттылықты сақтауға мүмкіндік берді.

АҚШ-тағы тағы бір жағдай (бақылау орталығы және аурудың алдын алу мәліметі бойынша) Эбола қоздырғышымен байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарында 2014 жылдың 29 желтоқсанында жарияланды . Жоғары қорғаныс зертханасының қызметкерлері басқа зертханаға белсенді емес Эбола вирусының орнына тірі Эбола вирусының үлгілерін қате жіберді. Бұл факт келесі күні анықталды. Өткізілген іс-шаралардың арқасында бұл оқиға да сәтті аяқталды.

2015 жылы болған тағы бір оқиға Пентагонның белсенділігімен және сібір күйдіргісінің тірі қоздырғышын жаппай таратумен байланысты болды. 4 зертхананың ішінен тірі микроорганизмдердің үлгілері АҚШ-та да, әлемнің 7 елінде де (Ұлыбритания, Италия, Австралия, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония және Германия) орналасқан 86 зертханаға (192 ұйым) жіберілді. Көрсетілген оқиғалар жүйелік және әлемдегі қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін АҚШ зертханаларында биоқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өте қауіпті ақаулар. 2001 жылы құрамында сібір күйдіргісінің ұрығы бар пошталық хаттар арқылы таралған, 22 адам жұқтырылды, олардың 11-і сібір күйдіргісінің өлімге әкелетін түрімен ауырып, бес адамның өліміне әкелді (45%) .

Боиқауіпсіздік саласындағы қазіргі қауіп - қатерлер қатарына ХМСЕ -де болжанған (2005 ж. ) оқиға - тұмаудың жаңа түрінің пандемиясы (жаңа-белгісіз ауру) жатқызылуы керек, ол туындаған жағдайда бүкіл халықаралық қоғамдастық үшін өте ауыр эпидемиологиялық, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелуі мүмкін. Патогеннің жаңа түрінен туындаған тұмау пандемиясына халықаралық сергектік пен дайындық деңгейі бағытталуы тиіс. Жаңа тұмауда А(H5N1) құс тұмауына тән жоғары өлім-жітімнің(60%) және маусымдық тұмауға тән ауа тамшыларының берілу қарқындылығының үйлесу қаупі бар. Мұндай тұмаумен эпидемияға қарсы күрестің бірінші кезеңінде ғана қажетті шығындар 800 млрд-тан асады деп болжануда, бұл сөзсіз биоқауіпсіздік саласындағы төтенше жағдайларға сәйкес келеді.

2003 жылдан бері белгілі құс тұмауы А(H5N1) қазіргі уақытта әлемнің 16 елінде тіркелген. Инфекцияның жалпы саны - 859, оның ішінде 453 адам қайтыс болды (52, 7 %) . Аурудың шыңы 2015 жылы болды, ауру саны 145 - ке жетті, өлім-жітім 42-ге жетті. Ең қолайсыз аумақ Египет болып табылады, онда 356 инфекция жағдайы зертханалық расталды, оның ішінде 119-ы өліммен аяқталды. 2016-2017 жылдары тек Египет аумақтарында спорадикалық сырқаттанушылық тіркелді(сәйкесінше 10 және 3 жағдай) .

Тұтастай алғанда, бүгінгі күні H5 және H7 қосалқы типті құстардың А тұмауы вирустарының айналымымен байланысты биоқауіпсіздік саласында төтенше жағдайлар туындау қаупі өте төмен. Адамнан адамға жұқтыру факторы болмауы маңызды тосқауыл болып табылады.

Сонымен қатар, вакцинация көлемі халық арасында жеткілікті иммундық қабатты қамтамасыз етпейтін аумақтарда халық денсаулығы қаупі сақталуда.

Елді мекендерде төтенше жағдайлар туындау салдары: эпидемиямен қамтылған елдерде ХМСЕ (2005ж. ) имплементациясының жеткіліксіз деңгейі, эпидемияның басталуын өткізіп жіберу, ХМСЕ (2005ж. ) регламенттелген белгілердің жете бағаланбауы, мысалы, туындаған эпидемиялық жағдайдың туындауы, пайда болуының елеулі сипаты, халықаралық хабарлардың таралуы мен шектелу тәуекелдерінің туындауы, эпидемияның және оның кеш этиологиялық транскрипциясы ДДҰ-ны халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ретінде тексеру.

Төтенше жағдайларда қалыптасатын құрамдас бөліктері:

- жаңа жұқпалы аурудың факторын анықтау, индикация және сәйкестендіру құралдары әзірленбеген немесе жеткіліксіз ұсынылған; (этиологиялық агентті анықтаудың зертханалық әдістері, нақты алдын алу және емдеу әдістері, эпидемияға қарсы ең тиімді іс-шаралар) ;

- әдетте жаңа аумаққа болжанбаған жаңа жұқпалы аурудың енгізілуі;

- ұлттық және халықаралық денсаулық сақтау құрылымдарының аурудың синдромдық фонын өзгертуге дайын болмау құбылысы (геморрагиялық симптомдық кешенді азайту және жедел диарея синдромын профильдеу), бұл адам популяциясында қоздырғыштың қарқынды таралуы кезінде ауруды анықтау және дифференциалды диагностикалауға әсерін тигізеді;

- эпидемиялық процестің қарқындылығы мен экстенсивтілігінің эксплуатациялық өсуімен, аурудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттырумен ұштастыра отырып, ауылдан ірі елді мекендер мен астаналық қалалардың қоғамына аурудың ілгерілеуінің күтпеген және аналогы жоқ қарқынының факторы зардап шеккен елдердің ресурстық мүмкіндіктері;

- биологиялық агенттердің қасиеттерін сынау және индикациялаудың, сәйкестендірудің, мониторингтің, емдеудің және эпидемиологиялық бақылаудың тиімді шараларын әзірлеу мақсатында эпидемиялық процестің даму барысына жасанды әсер ету қаупі.

Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық биоқауіпсіздік көптеген шектеулерге тап болады. Әлемдік қоғамдастықты индустрияландыру және урбанизациялау үрдісімен және жаңа технологиялардың дамуымен технологиялар мен олардың өнімдерінің ықтимал зияны туралы сұрақтар туындайды. Адамдарда (өсімдіктер мен жануарларда) ауру тудыратын және адам мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жасанды түрде жасалған микроорганизмдерге қатысты мәселелер бар. Синтетикалық биология қос мақсатты технологияның мысалы болып табылады және адамға да, қоғамға да пайдалы және зиянды болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринериялық санитариялық сараптау
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі
Бірінші зертханалық-тәжірибе сабағы МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА
Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеру
Зертханаларда қолданылатын биологиялық қауіпсіздіктің негіздері
ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық Ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Семей өңірлік филиалы
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Карантиндік сараптау және оның жалпы ережелері
Ветеринариялық зертханаға патологиялық, биологиялық материалды, қан мен жем сынамаларын жіберу үшін құжаттарды ресімдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz