Кірпіш - кең таралған керамикалық материал



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Ф.04-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Сәулет, құрылыс және көлік факультеті
Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама кафедрасы
тҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Курстық жобаға

тақырыбы: Иілгішті әдіспен өндірілген кірпішті шығаратын цех.
ӨҚ-1 000 000 м2 жылына
пәні Құрылыстық керамика-2
БББ 6В07340-Құрылыс материялдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

Орындаған: Нұрболат Шұғыла РашидқызыТобы:_СМ-21-8ДК2
(Студенттің аты-жөні)
Жетекші: т.ғ.к., доцент Қалшабекова Э.Н.
(Оқытушының аты-жөні,ғылыми дәрежесі, атағы, қолы)

Жоба _________________ бағасына қорғалды
(бағасы, күні)
_____ ________ 2024ж.
Норма бақылау:
Нурымбетова Р.У.
(Аты-жөні, атағы, қолы)
Комиссия:
Көпжасарова Г.Т.
(Аты-жөні, атағы, қолы)

Құдабаев Р.Б.
(Аты-жөні, атағы, қолы)

Шымкент, 2024 ж
Ф.7.04-04

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Сәулет, құрылыс және көлік факультеті
Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама кафедрасы

БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
____________ Камбаров М.А.
_________________2024ж

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №__

___________________________________ ________________________пәні

Студент____________________________ _____тобы_____________________

Курстық жоба (жұмыс) тақырыбы___________________________ _________
___________________________________ _____________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1._________________________________ ______________________________
2._________________________________ ______________________________
3._________________________________ ______________________________

Курстық жобаны (жұмыс) орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен)______, қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) _____балл. Сомалық баллы_________
Жобаның (жұмыс) бағасы___________________

Курстық жоба (жұмыс) жетекшісі__________________________ _________
Комиссия мүшелері___________________________ ___________________
Комиссия мүшелері___________________________ ___________________
Қорғау күні_________________2024ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1 Өнім номенклатурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
2 Шикізат мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
3 Өндіріс әдісін таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
4Өндірістің жұмыс істеу режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
5 Өндірістік(жобалық) бағдарлама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
16
6 Шихтаның құрамын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
17
7 Материалдық балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
8 Технологиялық схема ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
9 Құрал-жабдықтардың техникалық сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ..
29
10 Құрал - жабдықтарды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
33
11 Өнім сапасын бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
34
12 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
37
13 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... .. ...
39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
40
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
41

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігінің дәлдігі. Құрылыс жұмысында құрылыс материалдарының орны ерекше ол материалдардың сапасы жақсы болған сайын ұзақ мерзімге шыдайды. Құрылыс материалдары құрылыстың сапасына жауап береді. Сол үшін құрылыс материалдары өндіру барысына тоқталсақ: құрылыс материалдарын өндіру - өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің 8,6%-ын қамтамасыз етіп отырған қазақстан экономикасының тұрақты өсіп келе жатқан маңызды саласы. Осы сектордың басымдығы бір жағынан, құрылыс индустриясының ішкі сұранысымен, кішкентай өңір елдерінің нарықтарындағы өнімді дамытумен және өткізумен, екінші жағынан - меншікті шикізат базасының болуымен және қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетік жағдайы айқындалады.
Құрылыс индустриясы - материалдық өндірістің өзіндік бір орны бар саласы және өзінің материалдық-техникалық базасы мен тұрақты жұмысшылары бола тұра, өндіріс орындарын, тұрғын үй, мәдени, транспорттық объектілерді сала отырып, құрылыс индустриясы шаруашылықтың барлық салаларымен тығыз байланысты және дамиды. Құрылыс индустриясы - құрылыс материалдары өнеркәсібінің - цемент,кірпіш, темірбетон, әк, алебастра, төбе, шатыр материалдары, шынылар, жылу сақтағыш заттар сияқты өнімдерін қабылдайтын негізгі орны болып табылады.
Ғылыми жаңалығы.Керамикалық құрылыс материалдарын балшыққа түрлі кеуек, туф, керамзит, т.б. қосып құрғату, күйдіру, бірін қосып, екіншісін қоспау арқылы жасайды. Олар кірпіш, черепица, керамикалық плиталар, құбырлар, бетондар, т.б. Керамика грек тілінен аударғанда қыш-саз деген мағынаны білдіреді. Сонда керамикалық құрылыс материалы дегеніміз саз балшықтың минералды қоспалармен, тотықтармен, органикалық емес қоспалар-карбид, нитрид, т.б. қосып күйдіру арқылы жасалатын материал. Керамика түрлі ыдыс жасауда, техникада, мүсін өнерлерінде, құрылыс материалы ретінде қолданады [1].
Күйдірілгеннен кейін керамикалық бұйымды құрайтын материалдарды керамика технологиясында керамикалық сүйекшелер деп атайды.
Жобаның мақсаты және жұмысты орындаудағы шешілген мәселелелрі. Құрылымы бойынша керамикалық бұйымдарды бос қуысты және піскен (тығыз) сүйекшелі деп бөледі. Сүйекшелінің сусіңіруі массасы бойынша 5 % -тен астам (орташа 8-20 %) бұйымдарды шартты түрде бос қуысты деп атайды: кәдімгі іші бос және жеңіл кірпіш іші бос тастар, черепица, қаптама плиталар, құбырлар (су сіңіруі 5 %-тен аспайтын, көп жағдайда 2-4 %) сүйекшелерді піскен деп атайды, әдетте ол су өткізбейді. Тығыз бұйымдарға жол кірпішін, еденге арналған плиткаларды, санитарлық фарфоды жатқызады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристкалды, құрамдары қыш өнерінің ертедегі шеберлері негізделген материалға жатады. Осындай материалдарды алу үшін құрамында темірдің тез еритін тотықтары мен қиын еритін заттары бар табиғи сазды минералды қоспаларымен араластырылады. Осы араласпадан дайындалған бұйымдар жоғары температурада күйдіріледі.
Практикалық құндылығы. Керамикалық бұйымдарды тығыз және кеуекті деп те бөледі. Бұйымдарды кеуекті деп су сіңірімділігі 5-7%-дан жоғары бұйымдарды айтады, тығыз бұйымдар деп су сіңірімділігі 5-7%-дан кем материалдарды жатқызады. Саздың табиғатта кең таралуы сондай-ақ керамиканың көптеген түрлерінің үлкен беріктігі, елеулі түрде шыдамдылығы, сыртқы түрлерінің тартымдылығы керамикалық материалдардың үй мен құрылыстың барлығы дерлік конструктивті элементтерінде қолдануға мүмкіндік береді.Конструктивті міндеті бойынша керамикалық бұйымдарды ажыратады: қабырғалық (кірпіш пен керамикалық тас), фасадтарды қаптауға (бет кірпіш және тастар мен плиталар), жабдықтар үшін (іші бос тастар), шатырға (черепица), санитарлық коммуникацияларға (жол кірпіші, құбырлар), жол оқшаулағыштарға (жеңіл кірпіш, сәнді бұйымдар) арналған, сондай-ақ жеңіл бетонды толтырғыштар деп бөледі (керамзит, аглопорит) .
Болашақта технологиялардың дамуына байланысты - ғимараттарды ақпараттық үлгілеу, ғимараттардың үш өлшемдік үлгілерін құру, жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейін, бұл жобалау мерзімін 20%-ға қысқартады, құрылыс бағасын 30%-ға төмендетеді және нысанды әрі қарай пайдалануға қаржылық шығындарды 5-10%-ға дейін азайтады.Модульді керамикалық кірпіш - бұл тұрғын және өндірістік ғимараттар мен құрылыстық ғимараттарды салуда қолданылатын керамикалық бұйымдардың бір саласы. Құрылыс керамикалық бұйымдары олардың жоғары беріктігімен, қышқылға төзімділігімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта металл шығынын, құрылыстың өзіндік құнын және еңбек сыйымдылығын, ғимараттардың, құрылыстардың салмағын төмендететін өте ыңғайлы құрылыс материалы болып табылады.Бірнеше мыңжылдықтар ішінде кірпіш ең кең таралған құрылыс материалы болдып табылады. Кірпіш шикізат қоспасының құрамымен, өндіріс технологиясымен және тіпті сыртқы пішіндерімен ерекшеленуі мүмкін құрылыс материалы.Дәстүрлі түрде кірпіш балшықтан жасалған блок ретінде түсіндіріледі.Мұндай кірпіштің артықшылықтары оның ерекше көрінісіне, беріктігіне, отқа төзімділік, жоғары дыбыс өткізбеу, жылуды ұстап тұру және температура ауытқуын, теңгеру қабілеттілігін қамтамасыз етеді.Модульді керамикалық кірпіштің басқа кірпіштен айырмашылығы өлшемінің үлкен болуында, ал артықшылығы құрылыстың тезірек жүзеге асырады.Модульдік кірпіштің өлшемі құрылыс конструкцияларының мөлшерін анықтайды. Кірпіштен салынған ғимараттарды осы өлшемдердің айналасында жобалауға мүмкіндік береді.
Кірпіштен жасалған бұйымның байланыстырылуын қамтамасыз ету үшін барлық кірпіштер бірдей өлшемде жасалынбайды. Стандартты кірпіштің өлшемі - 250х120х65мм. Мұндай кірпішті бір кірпіш деп те атайды.Бір жарым кірпіштің өлшемі 250х120х88мм биіктікте ерекшеленеді. Мұндай кірпіш аз уақытты және жұмысты тез аяқтауға мүмкіндік береді. Өйткені 1 текше метр қалауды аяқтау үшін бір кірпіштегідей 512 кірпіштің орнына, 378 дана кірпіш кетеді. Сонымен, 250x120x88 өлшемді қатты керамикалық кірпіш салмағы 4-тен 4,2 килограмға дейін. Бос қуысы бар бір жарым кірпішке келетін болсақ, оның салмағы 3-тен 3,2 килограмға дейін жетеді.Қазіргі уақытта керамикалық модульді кірпіштерді өндіру қолға алынып, оны ары қарай жетілдіріп жатыр.

1 ӨНІМ НОМЕНКЛАТУРАСЫ

Кірпіш- кең таралған керамикалық материал. Керамикалық кірпіштер стандарт талаптарын қанағаттандыруы қажет және анықталып бекітілген ретпен технологиялық регламенттерге сәйкес дайындалады. Кірпіш түзу қабырғалар мен бұрыштардан, тегіс беттен тұратын тік бұрышты параллелепипед формасына ие, оларды ғимараттардың сыртқы және ішкі қабырғаларын тұрғызуда пайдаланады. Сонымен қатар құрылыста кең қолданылатын қуыс денелі, жеңіл салмақты кірпіштерді өндіреді. Керамикалық кірпіш өлшемдеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: кірпіш (250х120х65 мм); қалыңдатылған кірпіш (250х120х88 мм); модульді кірпіш (288х138х63 мм).Кірпіш массасы МЕСТ 22951-78 талаптарын қанағаттандыруы керек. Иілу және сығу кезіндегі беріктілігі бойынша келесі маркаларға бөлінеді: 300, 250,200, 175, 150,125, 100, 75.Аязға төзімділігі бойынша керамикалық кірпіштер келесі маркаларға бөлінеді: 15,25,35,50. Су сіңіруі кірпіш салмағының 8% аз емес болуы керек. Аязға төзімділігі алма-кезек -15С қатыру мен 15+-50С температурада еріту кезінде 15 цикл болуы керек.Модульді кірпіш нағыз стандарт талаптарына сәйкес келуі керек, бекітілген кезекпен қойылған технологиялық регламентпен өндірілуі қажет.

Модульді керамикалық кірпіштің сипаттамасы 1-кестеде көрсетілген:
Кесте 1 - модульдікерамикалықкірпіштіңсипатта масы
Номенклатура

өлшемдері, мм

[Бұйымкөлемі, м3]
Орташа
тығыздығы, кгм[3]

L
B
H

Модульдікерамикалықкірпіш

288
138
63
0,0250
1000
1400

Модульді кірпіш келесі көрсеткіштермен сипатталады:
1)Беріктігі, кгкв.см ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2,5-30 кгкв.см;
2Орташа тығыздығы, кгм[3] ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1000-1400;
3Кеуектілігі, % ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-20
4Су сіңіргіштігі,% ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16,2%;
5Салмағы, кг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3,5 ...4 кг;
6Қысу шегі, МПа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3,5...7,5 МПа;
7Аязға төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15 цикл

2 ШИКІЗАТ МІНЕЗДЕМЕСІ

Керамикалық кірпіш пен керамикалық тастарды өндіруге арналған шикізат ретінде келесілер қолданылады:- табиғатта тығыз, борпылдақ және пластикалық күйде кездесетін сазды жыныстар, оларды жалпы балқитын саздар деп атайды, сонымен қатар треол және диатомит жыныстары;
- табиғи шикізаттың (кварц құмы, шлактар, шамот, ағаш үгінділер, көмір, күл және т.б.) қасиеттерін түзететін органикалық және минералды қоспалар;
- аз балқитын саздан жасалған текстуралы қапталған кірпіш алу үшін жеңіл, отқа төзімді саздар, әйнек, бор, фарфор қалдықтары.Кірпіш өндірудің негізгі шикізаты - балқитын саздар - сумен араласқан кезде 800 - 1000 ° C күйдіргеннен кейін тасқа ұқсас материалға айналадыТөмен балқитын саздар қалдық және шөгінді жыныстар болып жіктеледі. Кірпіш өндірісі үшін элювийлік, мұздық-мореналық, ылғалды, аллювиалдық, теңіздік және басқа саздар мен саздақтар ең көп қолданылған.Кірпіш өндірісі үшін ең құнды болып саз құрамы табылады, оның құрамы 20% -дан кем болмауы керек.Саздың сипаттамалары үшін құрамында Al2O3 алюминий тотығы болуы өте маңызды, бұл шикізаттың технологиялық қасиеттерін арттырады: аз балқитын саздарда ол 10-дан 15% -ға дейін болады.SiO2 кремнеземінің мөлшері 60-тан 75% -ке дейін. Саздарда кремнеземнің бір бөлігі саз түзетін минералдармен байланысады.Кальций сазда карбонат пен сульфат түрінде, ал магний доломит түрінде кездеседі. Саздардың кейбір түрлерінде олардың оксидтері (CaO және MgO) бойынша кальций мен магнийдің болуы 25% -ке жетеді, бірақ, әдетте, олардың жалпы мөлшері 5-10% -дан аспайды. Әдетте, кальций мен магний қосылыстары керамикалық өнімдердің агломерациясы мен беріктігіне кері әсер етеді. Егер сазды жыныстарда 20% -дан астам карбонатты қоспалар болса, оларды тиісті өңдеусіз немесе байытусыз пайдалануға болмайды. Темір, титан, марганец және басқа металдардың оксидтері сазда 10-12% дейін болады және керамикалық бұйымдардың бірқатар маңызды қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді. Балшықта Fe2O3 оксиді және Fe (OH) 3 гидроксиді түрінде болатын темір оксидтері және MnO2 марганец оксидтері үлкен әсер етеді. Олар өнімдердің синтетикалық қабілетін жақсартады және оларға түс береді Калий мен натрий сілтілердің құрамына 3,5-5% аралығында болатын сілтілі оксидтер түрінде кіреді.Күкірт балшықтарда әр түрлі қосылыстарда болады, оның құрамы қабырғадағы керамикалық бұйымдардың сапасына әсер етпейді.Модульді керамикалық кірпіш өндіруге арналған осы курстық жұмыста біз сазды негізгі компонент ретінде қолданамыз.

Химиялық құрамы:
Оксид
SiO2
Al2O3
TiO2
Fe2O3
CaO
MgO
Na2O
SO3
П.П.П.
Пайызы %
75,1
21,9
6,44
7,07
5,42
5,42
_
0,87
12,09

Саздың қасиеттері:
Бағалау,%:
1 микроннан аз бөлшектер - кемінде 15%;
10 микроннан аз бөлшектер - кемінде 30%.
Икемділікнөмірі: 25-ке дейін.
Ылғалдылық 18 -22%.
Кептірусезімталдығыныңкоэффициенті 1,32 - 2,72;
Ауаныңтарылуы 6 - 10%.
3 мм-денасатынкарбонаттықосуғажолбері лмейді.
Бізшикізатқатүзеткішқоспаларретінде жергіліктіөндірісқалдықтарын (ЖЭС күлі) жәнеқұмдытаңдаймыз.Жылуэлектрстанци яларыныңкүлі - көмірдіңұнтақкүйіндежануынаншыққанқ алдықтар. ЖЭО күлініңқосылуыкірпіштіңкептіругесез імталдығынтөмендетедіжәнеоныңберікт ігінарттырады. Сондай-ақ, ЖЭО күліжаныпкеткенқоспаретіндежұмысіст ейді, өйткенікүлдекүйдірілмегенқаттыотын (көмір) қалады, олкүйіпкетедіжәнеоныңкүйіпкетуінеба йланыстыкүйдірупроцесінкүшейтеді, массаныңагломерациялыққабілетінжақс артадыжәнесоларқылыөнімдердіңберікт ігінарттырады.
Құмныңфизикалықсипаттамалары:
- сусымалысалмақ 1,6 т м3;
- өлшем модулі 1.6 - 1.8.
Керамикалықкірпішөндірісінде саз балшықтыңнегізгібөлігінқұрайды - 84%. Бұлсаздыңикемділік саны 25 болғандықтанжәнекептіругеорташасезі мталболғандықтан, оғанқоспаларқосқанжөн. Саздыңпластикасыназайтуүшінсұйылтқы шқоспасы (құм) енгізіледі - 6% жәнесұйылтылғанжәнетолықкүйіпкетпег ен (ағаш үгіндісі) - 10%.
Кесте 3 - Керамикалық материалдар массаларының құрамы
Материал атауы
Бұйым құрамы
Саз
84%
Кварц құмы
6%
Ағаш үгіндісі
10%

3 ӨНДІРІС ӘДІСІН ТАҢДАУ

Шикізатты өңдеу және массаны дайындаудағы технологияға сәйкес керамикалық бұйымдарды қалыптау үшәдіс бойынша жүргізіледі:пластикалық, жартылай құрғақ, құю не шликерлі.Бірінші әдіс кеңінен тараған. Бұл әдіс қабырғалық керамикалық бұйымдарды черепица, канализациялық және дренажды құбыр, сондай-ақ сәулеттік көркемдік керамикаларды қалыптауға арналған.Екінші әдіс керамикалық плиткаларды қалыптау үшін қолданады. Күрделі конфигурациядағы бұйымдарды қалыптайды. (сантех бұйымдар жәнеепек әсемдік керамика), сонымен қатар плиткалардың кейбір түрлері үшінші әдіс бойынша жүргізеді.Қалыптаудың иілгішті әдісі. Ылғалдылығы (18-22%) иілгішті қамырдан керамикалық бұйымдарды дайындауды әдетте таспалы шнекті престе (вакууммен немесе вакуумсыз) жүргізеді, ал пішіндері күрделі бұйымдарды, мысалы, пазалы (ойықты) черепицаны- револьверлі немесе басқа престе жаншу (штамповка) арқылы, сәулеттік- көркемдік бөлшектерді гипсті формада қолмен қалыптау арқылы жүргізеді.Таспалы шнекті прессте бұйымды қалыптау сыртқы күш әсерінен бүтіндей жарылмай деформацияланатын және сол күш тоқтағаннан кейін берілген пішінді сақтайтын сазды массаның қасиетімен негізделген.Иілгішті массадан күрделі конфигурациядағы бұйымды (черепица және т.б) ленталы престе алдын ала қалыпталған дайын массаны револьверлі, рычагты және басқа престерде штамптау әдісімен дайындайды.Қалыптаудың жартылай құрғақ әдісі (керамикалық ұнтақтан престеу) ылғалдылығы 8-10% болатын, жоғары қысыммен (15-40МПа) сусымалы ұнтақ тәрізді массадан бұйымды компрессорлық престеуден тұрады. Мұның бір түріне ылғалдылығы 2-8% болатын керамикалық ұнтақтан престейтін құрғақ әдісі жатады.Бұл әдіс кешенді механизация тұрғысынан келешегі бар. Пластикалық әдістен артықшылығы: азиілгішті сазды пайдалану мүмкіндігі, бұйымды кептіру ұзақтығы мен барлық технологиялық циклды қысқартуды, қалыпталған бұйымның беріктігінің жоғары болуы.Берілген курстық жобада модульді кірпіш массасын дайындау және өңдеу үшін пластикалық әдіс таңдалды. Әдіс шикізат материалдардың қасиеттері мен алынатын бұйым сапасына байланысты тағайындалады. Модульді керамикалық бұйымдарды олардың әр түрлілігіне байланысты оларды әр түрлі технологиялық тәсілдермен дайындалды. Карьерден тікелей алынған саз бұйым алуға жарамсыз, сондықтан кез-келген керамикалық бұйымның технологиясы керамикалық немесе жұмысшы массаларды дайындаудан басталады.Өндірістің бұл сатысының мақсаты - саз шикізатының табиғи құрылысын бұзу, одан жағымсыз қоспаларды шығару, ірі кесектерді майдалау, содан соң біртекті және қалыптауға ыңғайлы керамикалық масса алғанға дейін барлық компоненттерді сумен араластырады. Дайындалатын өнімнің түріне және бастапқы шикізаттың қасиетіне байланысты керамикалық массаларды пластикалық, жартылай құрғақ және шликерлі (сулау) тәсілдермен алады.Массаны дайындаудың және қалыптаудың пластикалық тәсілі жаппай материал шығару кезінде көбірек тараған (кәдімгі қыш, кеуекті қыш, тастар, черепица және т.б.).ПЛАСТИКАЛЫҚ қалыптау әдiстiң кемшiлiгi шикiзаттың қамыр технологиялық циклданың үлкен ұзақтығы процесс есебiнен болып табылады қамырдың жеке процессiнiң бар болуының жанында материалдың бос денеге үлкен отыруы әсiресе қамыр және күйдiрудiң процесстерiнiң бiр агрегатындағы күйдiру және қосарлану үшiн қамыр, құрғатылған шикiзаттың басқа жерге пеепкрсалуында отырғыш шикiзаттың жанында сыйымды операциялардың механикаландыруын мүмкiндiгiн қиындатады. Пластикалық қалыптауды әдiс кең ассортименттегi бұйым, iрiлеу өлшемдер, күрделi форма және үлкенiрек қуыстықты шығаруға мүмкiндiк бередi. Айналма және мұндай бұйымдардың аязға төзiмдiлiгiнiң жанында берiктiк шегi кейде шикiзат әдiс алған жартылай құрғақ әдісте жасалған бұйымдарға қарағанада сәл жоғары.

4ӨНДІРІСТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ РЕЖИМІ

Өнеркәсіптің жұмыс істеу режимі жылдың жұмыс күні санымен, тәуліктегі сменалар санымен және жұмыс сменасындағы жұмыс сағатымен анықталады. Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі және жұмыс уақытының жылдық қоры төмендегі кестеде келтірілген.
Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі және жұмыс уақытының
жылдық қоры
Көрсеткіш атауы
Өлшем бірлігі
Жұмыстың тәуліктік тәртібі

Екі ауысымды
Ауысымдағы жұмыс сағаты
сағ
8
Жұмысшының 1 аптадағы жұмыс уақыты
сағ
48
1 жылдағы жұмыс күндердің саны

305
Жұмыс уақытының жылдық қоры
сағ
6960
Қондырғыларды уақытша пайдалану коэффициенті

0,9
Қондырғылардың толық жұмыс уақытың жылдық қоры
сағ
6264

5 ӨНДІРІСТІҢ (ЖОБАЛЫҚ) БАҒДАРЛАМАСЫ

Жобалық қуат - бұл берілген бұйым түрлерін максималды шығарудың мүмкінділігі.
Өндірістік бағдарлама - нормаланған уақыттағы бұйымның әрбір түрін шығарудағы өндірістік қуат.
Жобалық қуат бойынша өндірістік бағдарлама көрсетілген

Атауы
Бұйымның шығарылымы

жылдық
тәуліктік
сменалақ
сағаттық

м3
дана
м3
дана
м3
дана
м3
дана

Модульді кірпіш

2503,9

1000000

8,2

3279

4,1

1640

0,51

205

Бұйым көлемі: L*B*H=0.288*0.138*0.063=0.0025

Жылына1 000 000 дана
Жылына1 000 000*0,288*0,138*0,063 = 2503,9 м3
Күніне1 000 000 : 305 = 3279 дана
Күніне2503,9 : 305 = 8,2м3
Кезеңде 3279:2 = 1640 дана
Кезеңде8,2 : 2=4,1м3
Сағатына 1640 : 8 = 205 дана
Сағатына 4,1: 8 = 0,51 м3

6ШИХТАНЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

Саздар-деп құрамы өте майда түйіршікті шөгінді тау жыныстарын айтады. Оны сумен араластырып илегенде жұмсақ балшық пайда болады. Балшықтан қалыпталынған бұйымдар жоғары температурада күйдірілуі нәтижесінде қатты және суға төзімді тасқа айналады. Сазбалшық құрамында түрлі минералдармен қоса, түрлі оксидтер (глинозем Al2O3 - 32-35%, кремнеземSiO2 -55-85%,темір оксиді Fe2O3, кальций оксиді СаО - 2-3%, натрий оксиді Na2O - 5-6% , магний оксиді MgO - 2-3% және калий оксиді К2О - 5-6%), бос және химиялық байланысқан су болады. Сазбалшықтың қасиетіне қосылмалар үлкен әсер етеді. Al2O3-пен байланысқан SiO2-нің көп мөлшерінде сазбалшықты минералдарға саздың байланысу, жабысу қасиеттері азаяды, күйдірілген бұйымның кеуектері көбейіп, оның беріктігі төмендейді. Жүдеудеткіш қоспалар табиғи және жасанды болуы мүмкін. Табиғи түріне жұқа саз, кварцты және дала шпатты құмдар, маршалит.Ал жасанды түріне - өндіріс қалдықтары (түйіршіктелген шлак пен күл, керамикалық өндірістің түйіршектелген қалдығы, мылонафт), арнайы дайындалған (дегидратирленген саз, шамот) жатқызуға болады.Жүдеудеткіш қоспаларға құм жатады.Сазға жүдеудеткіш қоспа арқылы біз шикізаттың құрамын жақсартамыз. Егер отқа төзімді сазды 1300-14000 температураға дейін күйдіріп майдаласақ, онда біз шамот материалын аламыз. Ол негізінен 45%-ке дейін глиноземнен, 50-60%-ке дейін кремнеземнен тұрады. Олар жоғары температурада муллитті қалыптастырады. Дайын бұымдарға қажетті қасиеттерді беру үшін, массаға әр түрлі қоспалар қосады. Пластикалық әдіспен дайындағанда түйіршіктелген қоспаларды, яғни күлді және шлакты негізді қоспаның 45% қосады. Саздың пластикалықзшщж қасиеті жоғары болғандықтан оған 45% өндірістік қалдықтар негізінде қалған шлактарды қостық.
Кесте 3 - Керамикалық материалдар массаларының құрамы
Материал атауы
Бұйым құрамы
Саз
84%
Кварц құмы
6%
Ағаш үгіндісі
10%

7 МАТЕРИАЛДЫҚ БАЛАНСТЫ ЕСЕПТЕУ

Жобадағы цехтың жылдық өнімділігі 1000 000 дана кірпіш шығарылуы керек. Өндіретін кірпіштің орташа тығыздығы γк = 1800 кгм3, топырақтың орташа тығыздығы γт=1700кгм3, жартылай құрғақ әдіспен алынған масса ылғалдылығы W=12%, күйдіргенде салмақ жоғалтуы КЖС=10 %, жарамсыз өнім (брак) ЖӨ=2 % деп есептелген. Жобада өндірілетін кірпіш бұйымдарына сағатына қанша шикізат, яғни қанша саз Vт керек екенін келесі жолмен есептейміз:
Жарамсыз өнімді есептеу үшін жылына шығарылатын өнім санын 2% (барлық 100% өнімнің 2%-не көбейтеміз):
1.ЖӨ = 1 000000 * 1,02 = 1 020000 (дана) жылына
2.Кірпіш көлемін анықтау үшін жарамсыз өнім мен кірпіш бұйымының өлшемдеріне көбейтіп шығамыз.
Vк = 1 020 000 * 0,288 * 0,138 * 0,63 = 25539,4944 (м3) жылына
3.Кірпіш салмағын оның көлемі мен тығыздығына көбейту арқылы аламыз:
mк= 25539,4944* 1800 = 45971089,92 (кг) жылына
4.Топырақтың салмағын кірпіш салмағымен ылғалдылығы және күйдіргенде салмақ жоғалту коэффициенттерін көбейту арқылы аламыз:
(12% + 10%)
тт= 45971089,92 * 1,22 = 56084729,7024 (кг) жылына
5.Өндірілетін бұйым шикізатына қоспа ретінде жүдеудеткіш қоспа саз84 % деп,кварц құм 6 %, ағаш үгіндісі 10 %. Оны есептеу үшін бұл мөлшерді топырақ салмағына көбейту керек:
а) масса бойынша
mқ= 56084729,7024* 0,84 =47111172,950016 (кг)
mқ=56084729,7024 * 0.6=33650837,82144 (кг)
mқ=56084729 *0.10=5608472,97024 (кг)
б)Топырақ көлемін анықтау үшін алдында есептелген топырақ салмағын топырақ тығыздығына көбейтуіміз қажет:
V т = 47111172,950016 1700 = 27712,45467648(м3)
V т = 33650837,82144 2650= 12698,429366581 (м3)
V т = 5608472,97024300=18694,9099008(м3)

Шикізат түрі

Шикізат қажеттілігі

Жылына

тәулігіне
ауысымына
сағатына

кг
м[3]
кг
м3
кг
м[3]
кг
м3
саз
47111172,950016
27712,45467648
154462,8621312
90,860507136
77231,4310656
45,430253568
9653,9288832
5,678781696
Кварцты құм
33650837,82144
12698,429366581
110330,615808
41,63419464452787
55165,307904
20,81709732226394
6895,663488
2,602137165282993
Ағаш үгіндісі
5608472,97024
18694,9099008
18388,435968
61,29478656
9194,217984
30,64739328
1149,277248
3,83092416
Барлығы
86370483,741696
59105,793943861
283181,9139072
193,7894883405279
141590,9569536
96,89474417026395
17698,8696192
12,11184302128299

8 ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ

Модульді керамикалық кірпіш өндірісінде қолданылатын қондырғылардың техникалық сипаттамалары томендегі 1,2,3
кестелерде көрсетілген.
Қондырғылар саны:
NA = Qr Пr
мұндағы: Qr - өңдеуге қажетті материал саны; Пr - қондырғының сағатына шығаратын өнімі
Жылдық есептік тәуліктер саны - 305 Тәуліктегі жұмыс сменаның саны - 2
Жұмыс сменасының ұзақтығы, сағат - 8
Жалпы тәулік жұмыс сағаты - 16
1. Жалпы жылдық сағат санын табу керек: 305х16=4880 2.Жылдық өнімділіктің сағатына шығатын өнімді табу керек:
1 000 000 4880=204,9180327869
3. Қондырғылар санын табу үшін сағатына шығатын өнімді қондырғының сағатына шығаратын өніміне бөлеміз;

1 СМК - 342
Өнімділігі, м3сағ. - 1000
NA=Qr Пr =0,51 35 = 0,014 = 1

2 Ленталы вакуумды пресс СМ-58.
Өнімділігі (данасағ) - 10000
NA=Qr Пr =20510000≈ 0,0205

3 Кескіш аппарат
NA=Qr Пr =2059000≈ 0,0227= 1

1-кесте СМК 342 ірі майдалау вальцтері
Элементтер

Өлшем бірлігі

Көрсеткіш
өнімділігі
м3сағ
35
Жұмыс істейтін біліктер
мм
1000
Жұмыс істейтін біліктер жалпақтығы
мм
800
Тез жүретін білік жылдамдығы
айнмин
280
Жай жүретін білік жылдамдығы
айнмин
250
Тез жүретін білік қуаттылығы
кВт
90
Жай жүретін білік қуаттылығы
кВт
70
Білік салмағы
Кг
15000
Өлшемдер
Ұзындығы
Ені
Биіктігі

мм

6900
4200
1850

СМК -

2 Ленталы вакуумды пресс СМ-58.


Элементтер
Өлшем бірлігі
Көрсеткіштер
1
Өнімділік
данасағат
10000
2
Шығу кезіндегі тығыздатқыш диаметрі
мм
450
3
Электроқозғалтқыштың
қуаты
кВт
55
4
Өлшемдер:
ұзындығы
ені
биіктігі
мм

3650
1400
1500

СМ-678А кескіш автоматтың техникалық сипаттамасы
Кірпіштің өнімділігі, данасағ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9000
Айналу жиілігі, айнмин:
Қозғалтқыш біліктің ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 500
Барабанның ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-ға дейін
Жұдырық шайбаның ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76-ға дейін
Таспалы конвейірдің жылдамдығы, ммин ... ... ... ... ... ... ... .. ...10,5-ке дейін
Габариттік өлшемдері, мм:
ұзындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1650
ені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1045
биіктігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1216
Салмағы, кг ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 440
Қуаттылығы, кВт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1, 1

3 СМК-58 вакуум-пресстің техникалық сипаттамасы
Кірпіштің өнімділігі, данасағ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9000
Масса өнімділігі, тсағ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
Престеу қысымы, МПа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1,6
Бұранданың айналу жиілігі, айнмин ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25;30
Қуаттылығы, кВт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...100
Габариттік өлшемдері, мм:
ұзындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6,8
ені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3,7
биіктігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2,2
Салмағы, т ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12, 5

Технологиялық процесті орындау мақсатында рационалды таңдалған қондырғы осы технологиялық процесс нәтижесінде жақсы өнім алуды қамтамасыз етеді. Керамика өндірісінің ерекшелігі болып технологиялық процестің өңделетін бөлігі, яғни жартылай фабрикаттың жылумен өңделуі араластыру, қалыптау және т.б. процестерге қарағанда өте көп уақытты алады. Бұл қабілетті қондырғыны есептегенде міндетті түрде ескеру қажет.

9КЕРАМИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Пластикалық әдіспен модульді кірпішті дайындау төмендегі схемада көрсетілген.
Саз кварц құм ағаш үгіндісі

Мөлшерлеу

Ірі майдалау

Майда ұнтақтау

Бункерде сақтау

Қоспаларды араластыру(екі біліктік араластырғыш)

Бұйымдарды қалыптау
таспалы қысқыш

Кептіру туннельді кептіргш

Күйдіру туннельді пеш
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Керамиқалық кірпіштерді сынау
Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Құрылыс материалдарының қауіпсіздігін тексеру Кірпіш өнімі
Жaнкeнт қaлaшығының қыш бұйымдар кeшeні
Құрылыс материалдары жөніндегі негізгі мәліметтер
Керамикалық бұйымдардың кептірілуі
Құрылыстық керамика өндірісі
Керамикалық кірпішті жартылай – құрғақ әдіспен дайындау
Керамикалық кірпіш пласикалық перстеу арқылы алу өнімділігі 25млн дана
Пластикалық әдіспен кеуекті керамикалық кірпіштерді өндіру
Пәндер