Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім
Министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
Университеті
Тарих факультеті
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы

Курстық жұмыс
Қазақстанның орта ғасыр тарихы

Тақырыбы:Түргеш қағанаты:құрылуы,дамуы,халықаралық жағдайы

Орындаған:Жакенова
Аружан Ержановна
Қабылдаған:PhD., С.Н. Бірлікұлы

Қарағанды 2024
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Ерте ортағасырлық мемлекеттер.
1.1. Түргеш қағанатының шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Түргеш қағанатының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.Түргеш қағанатының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1.Түргеш қағанатының халықаралық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бұл тақырып әлі де зерттеле қойған жоқ. Қазақ тарихындағы VI-XII ғасырлар арасы түркі дәуірі деп аталады. Бұл дәуірде бабаларымыз Алтай мен Карпат таулары арасын билеп төстеп, осынау бір сайын далада бір орталыққа бағынған, мемлекеттік және құқықтық жүйесі бар алғашқы көшпенділер империясын жасаған екен. Қуатты мемлекет Түркі қағандығы көрші елдермен тығыз байланыста болып, сол кездегі Евразия континетінде талай талай саяси процестерге қатынасып, кейде өзінің үстемдігін өктемдігін көрсете білген. Н.Ә.Назарбаев "Түркілер өзге мәдениеттердің жетістігін қабылдаудың бірегей қабілетін танытты, оны өздерінің ерекше жағдайларына қарай бейімдеп шебер пайдалана білуінде болды. Ол томаға тұйықтан мүлде бөлек мәдениет болады" деп жазған екен. Қазақ халқының тарихын дүние жүзі тарихының, әлемдік өркениетінің құрамдас бөлігі есебінде алыс-жақын елдерге мойындату Қазақстан тарихы ғылымының ендігі кезектегі басты міндеті болып табылу керек. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи мұралары-әлем тарихының ғылыми айналымына енгізілуі қажет.
Жұмыстың тарихнамасы. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі-699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы- Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Соғды еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Соғды патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады. Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бұл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды.
3

Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Ташкент қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Ташкент қаласын өртеді, 714 жылы ол Испиджабқа шабуыл ұйымдастырды.
Көптеген қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан болады. Түргеш қағанаты Сұлу қағанның(715-738 жж.) тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандары мирасқорларын қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Ташкент тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердіің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді.Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан(Қытай) империясы ұтымды пайдаланады.
А.Бернштамның зерттеулеріне назар аударар болсақ, Сары түргештерді о баста Сақа қаған басқарса, ал Қара түргештерді Сұлу қаған биледі. Сұлу билікте болғанда оның мемлекеті Қара түргеш хандығы деп аталды. Дегенмен де ішкі саясатта кешірімпаз Сұлуға Сары түргештер де және жалпы он оқ елі біртіндеп түгелдей бағынды. Олардағы халық саны 200 мың адамға жетті.
Жұмыстың мақсаты. Түргеш қағанатының едәуір дамуына, ішкі-сыртқы жағдайына, салты мен әдет ғұрпына, қағанаттың шаруашылығы мен мәдениетіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасау.
4
Жұмыстың зерттеу нысаны. 715-738 жж. Тұсында Түргеш қағанатының күшейе түсуі.
Жұмыстың зерттелу пәні. Қазақстанның орта ғасырлық тарихы пәні бойынша.
Жұмыстың әдіснамалық негізі. Жұмыс барысында жүйелі сипаттау, баяндау, салыстырмалы талдау тәсілдерді қолданады.
Жұмыстың хронологиясы. 704-756 жж. Түргеш қағанаты.
Зерттеудің аумақтық шеңбері. Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен.
Зерттеу құрылымы. Тақырып кіріспеден, 2 бөлім мен 3 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

5
1.1. Түргеш қағанаты
Түргештердің шығу тегі туралы. Қолда бар тарихи деректтерге салыстырмалы талдаулар жасар болсақ, Түргештер деп жүргеніміз шын мәнінде ежелгі Үйсіндердің билеуші руларының ұрпақтары болып табылады. Осы пікірді мәселені жаңаша, ежелгі қытай деректеріне сүйеніп зерттеген Н. Мыңжан, Ә. Дәулетхан тәрізді тарихшылар қолдап, еңбектер жазды. Ал енді байырғы Үйсіндердің үшке- Сары үйсіндерге, Қара үйсіндерге және Қызыл үйсіндерге бөлінетіндері белгілі. Кейініректе олардың ықпалымен батыстағы көршілері Қаңлылардың бір бөлігі Сары қаңлылар аталса, солтүстіктегі Қыпшақтардың бір бөлігі де Сары қыпшақтар аталып кетті.
Егер сары үйсіндерге Түргештер жатса, ал соңғы екеуіне- қара және қызыл үйсіндерге Бес түрік Дулу бірлестігін құраған қалған төрт тайпалық әскери-әкімшілік бірлестік екіге бөлініп қараған. Олардың қытай жылнамасында көрсетілген аттары- Қойлау. Шимуген, Шыти, Шаныш. Бұлар Шу өзенінің батысындағы Қаңлылар ықпалындағы аймақтарды әскери-әкімшілік тұрғыдан біріктірген бес Нүшбе одағымен бірге "Он оқ елі" деп те аталатынын жоғарыда айтып кеттік. Алғаш Батыс Түрік қағанаты құрамына енген бұл бірлестік бес түрік Дулулар құрамындағы Ту Шиши Хелоши ұлысының Батыс Түрікті билеп келген Ашына әулетінің өкілдерін тақтан тайдырып, билікке келуіне байланысты қайта құрылған Түркеш қағанаты құрамына енді.
Зерттеулер Түргештердің о баста оңтүстік Алтай аймағын мекендеп, сол кездің өзінде Дулуларға солтүстік батыстағы көрші тайпа болғандарын аңғарта түседі. Жетісуға біржолата қоныс аударған олар, осында әр түрлі тайпалық бірлестіктерді өздеріне қосып күшейіп алған өздеріне туыстас Дулулар одағына кірді. Құрамында ежелгі үйсіндерден қалған мұрагер рулар басым болғандықтан олар Сары үйсін деген атпен Дулулар одағында ерекше құрметтелді. Бірте-бірте Түргештер екіге бөлініп, Сары түргештер және Қара түргештер атанды. Сары түргештер дегендер шын мәнінде билікте отырған Сары үйсін және Қаңлы руларын біріктірсе, ал Қара түргештер Дулу одағына кіретін басқа руларды біріктірлі. Зерттеушілердің Қара түргештерге аз деген тайапаны жатқызатындарына қарағанда осы тайпа олардың арасында үстем жағдайда болса керек.Түргештер елінің "Алаш-чор ұлысы" аталуы туралы. Осы айтылғандардан аңғаратынымыз: VIII ғасырдағы Бес түрік Дулу құрамындағы Түргештерді Алаш атты тарихи тұлғаның басқарғаны. Дулу бірлестігінде және жалпы
6

Түркі қағанатында қабылданған саяси жүйеге сәйкес, жергілікті тайпа бірлестіктерін басқаратындар "чор" деген басқарушы лауазымға ие болғандықтан да бұл тайпалық бірлестік қытай жылнамаларында "Түргеш-Алаш-чор ұлысы" деп көрсетілген. Бұдан туындайтын қорытынды:"Алаш" атауы VIII ғасырда "Түргеш" этнонимінің синониміне айналса, ал біраз уақыттан соң, XV ғасырдан кейін "Қазақ" этнонимі "Алаш" этнонимінің синониміне айналды.
Үшелік қағанның билігі. Үшеліктің қаған тағына қалай отырғаны туралы қытай жылнамаларында төмендегідей түсініктеме берілген: "Түргеш Үшелік-Батыс түріктің басқа бір бұтағы.
Ол бұрын Құжыраның қол астында Баға тархан болған еді. Кейінірек Құшыра жазаның рахымсыз түрлерін қолданғандыұтан, бұхарасы одан бойын аулақ салды". Ал Түргештерді билеген Үшелік өз ұлысына ерекше жанашыр болғандықтан, елімізді көркейтетін басшы осы болар деген үмітпен алыс-жақындағы түркітілдес халықтардың бәрі оған берілді және бағынды. Ал бұрын батыс түркілеріне қаған болған Ашына әулетінен шыққан Құжыра болса енді ешкімге де керек болмай қалды. Барар жер, басар тауы қалмаған, ел алдында абырой-беделден жұрдай болған ол, енді амалсыздан Қытайдың билеуші патшайымынан баспана сұрап, оған бағынды да, қытайдан өз жұртына қайтып оралуға батылы жетпеді. Үшелік оның жер-суын, иеліктерін өзіне қосып алды.
Мұның өзі Түргеш Үшеліктің мемлекет билігін өзінің қолына алуына толық жол ашты. Үшеліктің бұрынғы чор лауазымында Түргештерді басқарып жүрген тұстағы есімі Алаш болуы әбден мүмкін. Үшелік есімі оған қаған тағына отырған соң жаңадан берілгені көрініп тұр. Үшелік басқарған тұста соғыс жағдайында Түргештер өздерінің орталарынан 150 мыңнан астам әскер шығара алатын еді. Осындай, ру-тайпалардың қуатты одағын ұйымдастыра білген Түргеш тайпалық бірлестігі енді өзінің атын мемлекетке беріп, бұрынғы Батыс Түріктерінің қағанаты енді нақты түрде Түргеш қағанаты деп атала бастады. Түргештер о бастан-ақ дулу рулар бірлестігіне туыстас жақын болғандықтан олардың Батыс Түрік қағанатындағы билікті иемденулері және тақтан Ашына әулетін ығыстырулары алғашқы кезде Дулу рулары тарапынан қарсылыққа кездесе қойған жоқ. Бірақ кезінде Батыс түрік қағанатын өздеріне басыбайлы етіп ұстаған қытай билеушілері о баста Түргештердің
7
тәуелсіз хандығын мойындай қоймады жіне оны өздерінің ықпалынан шығармауға күш салды. Осы мақсатпен қытайдың Таң сарайы 702 жылы Бесбалық басқақтығын құрғанн кезде Түргештердің астанасы Суябты әкімшілік тұрғыдан соған бағындырды және Үшелікті өздерінің уысынан шығарып алмау үшін оған "Алтынқол арда ханы" деген атақ берді.Кейініректе қытайлықтар Үшеліктің баласы Сағаны да қасақана көтермелеп, оны "14 оқ қағаны" деп марапаттады. Алайда ата жау Таң империясымен саяси жақындасу Түргеш хандығын әлсіретпесе, нығайта қойған жоқ.
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары. Ал енді Шығыс түріктеріне келсек, олар өздеріне қандас Түргештердің бөлініп, дербес хандық орнатуларын ашықтан-ашық жаулықпен қабылдады. 708 жылы Үшелік қаған өлгеннен кейін оның баласы Сағаның тұсында Түргештердің Шығыс Түрік қағанатымен қарым-қатынастары ерекше шиеленісіп, ол ақыры ашық қарсы тұруға ұласты. Осының салдарынан Шығыс түріктерінің Түргештерге жасаған екі соғыс жорығы белгілі. Орхон жазуларында Бөгі чор қағанның тұсында түріктердің Алтай жотасынан асып түсіп, Қара Ертіс арқылы өтіп, Түргештердің ханымен Болчу өзенінде 711 жылы шайқасқаны және осында Үшеліктің баласы Түргештердің ханы Сақаның өлтірілгені, ал оның әскерінің талқандалғаны туралы айтылған.
Мұның алдында ғана елдің көпшілігінің, дәлірек айтқанда Сары түргештердің қолдауына сүйенген туған ағасы Сақаның беделін көре алмаған Үшеліктің кіші ұлы Жану Бөгі чордың жағына шығып кеткен еді. Сатқындықты кешірмейтін Бөгі чор оны қолдай қоймай, опасыздығы үшін басын алған болатын. Осы жеңілістен соң Түргештер мен Нүшбелер батысқа қашты.Оларды тоқтату үшін Күлтегін бастаған шығыс түркілерінің әскері жеделдете аттанып, Қара түргештерді өздерінің ата мекені Тараз өңіріне қайтарды. Бірақ, сары түргештер мен Нүшбелердің бір бөлігі шығыс түріктеріне бәрібір бағынбай, батыстағы Қаңлылар мен Соғдылардың ішіне тереңдей еніп кетті. Түргештермен текетірестерде ылғи да басым түсіп отырғандықтан болар, шығыс түркілері Түргеш мемлекетін бәрібір менсіне қойған жоқ. Мұны қытай жылнамаларындағы мынадай деректен де аңғара аламыз:қытайлықтар бірде өздерінің астанасы Чананьда елшілерге арнап қонақасы берді. Дастархан төріне кім отырады деген мәселеде шығыс түріктері түргештердің төрге қарай өрлеуіне қарсы болды:"Түрік елшісі: "Түргеш кіші ел, тегіндеТүріктің боданы болатын, төрге
8
отыратын жөні жоқ" деді.Сұлудың елшісі:"Бүгінгі дастархан мен үшін жайылып отыр, біз босағада отыруға тиіс емеспіз" деді. Нөкерлік уәзірлік кеңсесі мен барша сарай ұлықтары ақылдаса келіп, олардың араларына шымылдық құрып, екі бөліп отырғызды. Түрік елшілері шығыс жақ төрінен, Түргеш батыс жақ төрінен орын алды. Қонақасыдан соң олар мол сыймен қайтарылды". Қандас, туыстас халықтардың осылайша ата жауларының көзінше екіге жарылып, ашық жауласуы оларға абырой әпере қоймай, түптің түбінде егемендіктен екеуінің де айырылуына алып келді.
Сұлу қағанның саясаты немесе Қара түргештер қағандығы. Алғашқы кезеңде "қараларға" және "сарыларға" бөліну Түргештерді біріктіруге елеулі кедергі келтіре қоймаса да, билік үшін күрес Сары түргештер мен Қара түргештердің ынтымағын бүлдірді. Бара-бара бір халықтың екі бөлігі қағанатты басқаратын қағанды өздерінен сайлауға ұмтылатын болды. Бұл рубасылардың соғыстан түскен олжаларды көбірек қарпып қалуларына жағдай жасайтын еді.
Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сүрген Батыс түрік қағанаты құрамындағы халқы көп тайпалардың бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде жіне Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек "Тоныкөк" жазуында айтылған.
Шаруашылығы мен мәдениеті. Түргештер көшпелі мал шаруашылығымен, жартылай отырықшы егін салумен және сауда, қолөнермен айналысты. Мал шаруашылығы түргештердің басты күнкөріс көзі болғанын айту керек. Малдың ішінде жылқы мен қой өсірудің маңызы біршама жоғары саналды. Егіншілік негізінен суы мол, құнарлы жері барөңірлерде дамыды. Бұл көбінесе оңтүстіктегі өзендердің маңы болды. Жетісу өңірі егіншілк пен бақша өсірудің басты орталығы ретінде белгілі болды. Түргеш қағандығының кезінде сауданың дамығандығы байқалады. Оған басты себеп, біріншіден, қағанат жерінің Жібек жолы бойында орналасуы еді.
Екіншіден, сауда ісінің қайнаған орталығы Суяб, Баласағұн, Тараз, Испиджаб сияқты қалалар да сауданың өркендеуіне үнемі үлес қосып отырды.

9
1.2.Түргеш қағанатының құрылуы.
Түргештер VI ғасырда Батыс Түрік қағанатының құрамында болды. Олар Іле, Шу өзендерінің аралығын қоныстанып, Шу түргештері және Іле түргештері болып бөлінді VII ғасырдың соңында түркілердің Қытайға қарсы күресі түргеш тайпаларының күшеюіне әкелді. 704 жылы түргештер Жетісуда өз саяси үстемдігін орнатты.
Түргеш қағанаты тарихындағы әйгілі билеушілер: мемлекеттің негізін қалаушы Үшлік және Сұлық(Сұлу). Олардың тұсында түргештер нығайып, Жетісудағы ең қуатты мемлекетке айналды.
Түргеш мемлекетінің жағдайы құрылған кезінен бастап күрделі болды. Оңтүстік-батыста олар арабтармен қиян-кескі күрес жүргізді. Оңтүстік-шығыста Қытай басқыншылығына төтеп берді, шығыстан Шығыс Түрік қағанаты қауіп төндірді.
Арабтармен күрес. VII ғасырдың екінші жартысында арабтар Орта Азияға басқыншылық жорықтарын бастады. VIII ғасырдың басында араб әскерлері түргештердің шегарасына жақын келді.
Үшлік 706 жылы араб әскерлерімен күрес жүргізіп жатқан соғдыларға көмек беруге тырысты. Түркі-соғды одағының біріккен күштері Бұхара түбінде араб әскерлеріне айтарлықтай соққы берді. Алайда бұл жеңіс ұзаққа бармады. Араб қолбасшысы Құтайба ибн Мүсілім одақтастар арасындағы келіспеушілікті пайдалана білді. Құтайба Орта Азия жерін басып алды.
Сұлық арабтарға қарсы батыл қимылдағаны соншалық, олар оған Әбу Музахим (Сүзеген) деген лақап ат қойды.
Қытаймен күрес. Сұлық қаза болғаннан кейін Қытай империясы Жетісу аймағына басқыншылық саясатын қайта бастады. 740 жылы Қытай әскерлері Таразды басып алып, тонады. Түргештердің орталығы Суябты қиратты.
751 жылы шілдеде Тараз маңындағы Атлах қаласында араб және қытай әскерлері арасында үлкен шайқас өтті. Түргештер мен қарлұқтар араб жағына шығып, соғыс бес күнге созылды. Шайқаста Қытай әскері толық талқандалды.
Атлах түбіндегі шайқастың түркі халықтарының тағдырында үлкен тарихи маңызы болды:
10
-Қытай Жетісудан қуылды;
-Арабтар Орта Азия аумағына шегінді.
Бұл аймақта ислам тез тарала бастады;
-Атлах түбіндегі шайқастан кейін түркілер арасына ислам мәдениеті кеңінен енді.
Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқ тайпалары қоныс аударды. Әлсіреген Түргеш мемлекеті қарлұқтардың қысымынан 756 жылы құлады.
Жетісудағы соғдылар. Соғдылардың Жетісуға VI-VIII ғасырларда қоныс аударуының үш түрлі себебі бар. В.В. Бартольд соғдылардың қоныс аударуының негізгі себебі ретінде сауданы атайды. Келесісі Соғды еліндегі тап күресінде жатыр. Билеушінің қысымына шыдай алмаған соғдылық диқандар мен көпестер Жетісуға кетуге мәжбүр болды. Соғдылардың VI-VIII ғасырлардағы Жетісуға қоныс аударуының үшінші себебі Орта Азияны арабтардың жаулап алу әрекетімен байланыстырылады.
Соғдылардың Жетісуға қоныс аударуы VII-VIII ғасырлардағы егіншілік және қала мәдениеті тарихында елеулі із қалдырды. Түркі тілді ортаға түскен соғдылар жергілікті тұрғындардың тілін, мәдениеті мен әдет-ғұрпын қабылдады. Сөйтіп, соғдылар түркіленіп кетті. Махмұд Қашғари соғдылар арасында түрікше сөйлемейтіндердің болмағандығын жазған.
Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Қағанатта Үшелік қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған таққа отырады. 706 жылы билік үшін сары түргеш және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталады. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас қаласына көшірді. Сұлу қағанның тұсында түргештер қайта күшейеді. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысатынына әрі ылғи да жеңіске жетуіне қарсы арабтар оған "мүйізді қаған", "сүзеген" деп ат қойған. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. 754 жылы қағанатта ішкі талас-тартыс шиеленісіп, батыста араб шапқыншылығынан, ал шығыста қытай шапқыншылығынан Түргеш қағандығы біржола әлсіреді. Сөйтіп, 756 жылы Түргеш қағандығын қарлұқ тайпасының көсемдері құлатып, билікті өз қолдарына алды.

11
2.Түргеш қағанатының дамуы.
Түргештің алғашқы қағаны Үшлік жазба деректерге қарағанда, халықпен тіл таба білетін және олардың құрметі мен сеніміне ие болған. Сондықтан да оның төңірегіне көбейгендердің саны күннен-күнге көбейіп отырған. Соғдылар да оған бағынышты болуды жақсы көрген. Қаған қытай патшасымен жақсы қарым-қатынаста болған.
Шен-лун жылнамасының жазуына қарағанда ол өзінің баласы Жынуды әйел император Ву-хыуға елші етіп жіберген, оны әйел патша өте жақсы қабылдайды. Оған кінәз деген атақ береді. Ал Үшлікке "дуду" игі деген атақ береді. Бұл кезде Шығыс түрік қағанаты қайта қалпына келіп, күшейіп алып, төңірегіндегі елдерге жорыққа шығып, қытайға да қауіп төндіріп тұрған. Сондықтан да олар түргеш қағандығының күшеюін қолдап отырған еді. Түргеш қағаны Үшлік те Шығыс қағанаттың шабуыл жасауы мүмкін деп, қытай патшасымен қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі болып отырған. Алайда 706 жылы Үшлік қаған қайтыс болған. Оның орнына үлкен ұлы Соғы болады және ол сол қанат әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалады. Бұл кезде Түргеш қағандығының әскері 300 мыңға жетіп, мемлекеттің күші кемеліне келген еді. Соғы өзін 708 ж. Қаған деп жарияласа, қытай патшасы оны 14 тайпаның қағаны деп мойындайды. Екі ел арасында алма-кезек елшіліктер алмасады.
Тоныкөк жазуына қарағанда Таң патшалығы Түргеш қағанымен бірге отырып, шығыс түрік қағандығына қарсы жорыққа дайындалған. Бұл туралы "Тоныкөк" жазуында түргеш қағанынан келген хабаршы сөзі мынандай: Шығыс қағанға әскер аттандырмақ... Түргеш қағаны жиналды он оқ халқы қалмай жиналды... деген жазудан екі түркі елінің арасында қайшылық туғанын көрсетеді. Таң патшалығының жылнамасында Түргеш қағанның інісі Жену өз үлесіне тиген жер мен елді азсынып, ағасы Соғыға қарсы болып шығыс түрік қағанатына қашып барғаны айтылады. Шығыс түрік қағаны 20 мың әскермен шығып Соғыны тұтқындап, оны өлтіріп, "ағаңа, еліңе опасыздық жасаған сенен бізге не пайда" деп, Шығыс түрік қағаны Женуды да өлтіреді. Соғы қаған қаза болғаннан кейін екі тайпаның арасындағы тартыста Қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлу қаған болады. Ол өзін 715 жылы қаған деп жариялаған. Қаған астанасын Талас, қаласына көшіреді. Сұлу қол астындағыларға өте қайырымды, ел басқаруда ақыл, айласы мол адам болған.
12
Ол соғыс жорықтарынан түскен олжаны өзі иемденбей қолбасшылары мен әскерлерге және қауым жұртқа бөліп беріп отырған.
Сұлудың қағандық құрып тұрған кезі түргеш қағандығының ішкі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді. Біріншіден, Азиядан арабтардың шапқыншылығы күшейіп тұрса, екіншіден, Оңтүстік Шығыс жағынан Қытай өкіметінің қаупі төніп тұрды. Ал, үшіншіден, біз жоғарыда атап өткен Шығыс түрік қағандығы Жетісу жеріндегі талас-тартыстарды өз мүддесіне пайдалануға дайын тұрды.
Сұлу қағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге тура келген. Батыстан басты жау арабтар болған. Сұлу қаған оларға қарсы күресте Орта Азиядағы арабтарға қарсы күрестерді пайдаланып, оларды қолдап жәрдем беріп отырған. Мұндай тәсіл Сұлуға пайдалы болып отырған. Сондай күрестің бірі 723 ж. Ферғана қарлұқтарының арабтарға қарсы күресі болса, екінші бір үлкен күрес Самарқанд, Бұқара халықтарының арабтарға қарсы күрестеріне көмектесіп, қалалардан арабтарды қуып шыққан.
Сұлу қаған арабтарды Мәуереннахр жерінен біршама қуғанға дейін батыл әрекеттер жүргізген. Қаған, Тохарстандағы арабтарды біржола талқандау үшін 737 ж. Ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, ойдағыдай соққы берген. Соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жеткен. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға "Сүзеген" деген ат қойса керек.
Сұлудың әскер басшысы Құли шор 720-721 жж. Соғда жеріндегі арабтарды қуып шығуда жеңіске ие болған. Бұл жеңістер Сұлу қағанға, Орта Азия жақтан болатын арабтардың қаупін аз да болса тоқтатуға мүмкіндік береді.
Шығыс жағдайына бейтарап болу үшін әскери келісім шарт жасаумен қатар дипломатиялық әрекеттер жүргізген. Шығыс түрік қағанатының белгілі қағаны Білге мен Тибет патшасының қыздарына құда түсіп, оларды құдандалық байланыста ұстап, саяси жағдайының шиеленісіп кетпеуіне аз да болса мүмкіндік туғызған.
Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 ж. Өзінің бақталастарының құрбаны болды. Оның қолбасшысы да 739 ж. Сырдарияның бойында арабтардың қолында мерт болады. Қағанның өліміне себеп болғандар- Баға тархан мен Домыжы деген ақсүйек.

13
Осы соңғы ақсүйек Баға тарханға келіспей, өз бетімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай тарихнамасы
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Түргеш қағанатының саяси тарихы
Крест жорықтары
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Крест жорықтары тарихы
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша)
Нәтижесінде Қазакстан аумағында түркі мемлекеттері
Түрік қағанаты туралы қысқаша шолу
Пәндер