Sansara мейрамханасының операциондық қызметін талдау


«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ»
Қонақжайлылық және туризм мектебі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Жаңа медиа арналарды қолдану негізінде
мейрамхана үшін PR іс шараларын әзірлеу жобасы»
Мамандығы «6B11101- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»
Орындаған:
Қаратауова М.
Алматқызы Д.
Арыкова А.
Нұркерім А.
Дипломдық жобаның жетекшісі:
Э. ғ. к assistant professor
Манап А. С.
Алматы, 2024 ж.
МАЗМҰНЫ
ТҮЙІНДЕМЕ
- МЕЙРАМХАНАЛАР СЕГМЕНТІНДЕГІ PR БАЙЛАНЫСЫН ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА АРНАЛАРДЫ ТАЛДАУМейрамхана бизнесі нарығындағы PR стратегияларын зертеу«Sansara» мейрамханасының операциондық қызметін талдау«Sansara» мейрамханасындағы PR іс шараларын әлеуметтік желілер арқылы жылжыту стратегияларын талдау
2. «SANSARA» МЕЙРАМХАНАСЫ ҮШІН PR ІС ШАРАЛАРЫН ЖОБАЛАУ
2. 1 Жаңа медиа арналарды пайдалануды ескере отырып, PR іс-шараларының стратегиясы мен тұжырымдамасын әзірлеу
2. 2 PR іс-шараларды өткізу үшін бюджет пен ресурстарды жоспарлау
2. 3 PR іс-шараларын іске асыру және тиімділігін бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
ТҮЙІНДЕМЕ
Цифрлық технологиялар адамдардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқаратын қазіргі әлемде, жаңа медиа мейрамхана бизнесінде маркетингті жылжыту, тұтынушыларды тарту және түсімнің артуы үшін қажет болады. Қағаз брошюралар немесе билбордтар сияқты ескі жарнама әдістері әлі де маңызды, бірақ олар енді цифрлық платформаларды пайдалану сияқты тиімділікті қамтамасыз ете алмайды.
Әлеуметтік желілер, интернет-жарнама, мобильді қосымшалар - мұның бәрі мейрамхана бизнесін жылжыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Шығармашылық контентті құру, онлайн-ұсыныстар өткізу, мессенджерлер мен әлеуметтік платформалар арқылы тұтынушылар өзара әрекеттесу потенциалды келушілердің назарын аударуға және тұрақты қонақтарды қолдауға мүмкіндік береді.
Жаңа медиа құралдарының әсерінің ықпалынан, ресторатор өз аудиториясын кеңейтіп қана қоймай, кері байланыс алу және қонақтардың пікірлерін талдау арқылы өзара әрекеттесуді жақсарта алады. Бұл жекелендірілген ұсыныстарды жасауға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі, нәтижесінде пайда мен нарықтағы орнын бекітуге әкеледі.
Бұл дипломдық жобаның мақсаты - жаңа келушілерді тарту, мейрамхананың имиджін нығайту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жаңа медиа арналарды пайдалана отырып, «Sansara» мейрамханасы үшін тиімді PR-стратегиясын әзірлеу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. Мейрамхана бизнесіндегі қолданыстағы PR стратегияларына талдау жасау және жаңа медиа арналарды пайдаланудағы озық тәжірибені анықтау;
2. «Sansara» мейрамханасының ағымдағы PR іс-шараларын талдау;
3. Жаңа медиа арналарды пайдалануды ескере отырып, PR іс-шараларының стратегиясы мен тұжырымдамасын әзірлеу;
4. PR іс-шараларын іске асыру және тиімділігін бағалау.
Жобаның нысаны «Sansara» мейрамханасы болып табылады.
Жобаның тақырыбы - «Sansara» мейрамханасын PR іс-шараларының тиімділігін медиа арналар арқылы арттыру процесі.
Жоба «Sansara» мейрамханасының мақсатты аудиториясымен ең тиімді арналар мен байланыс әдістерін анықтауға көмектеседі, бұл қонақтармен және онлайн оқырмандармен өзара әрекеттесуге, адалдылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Жаңа медиа арналарды пайдалана отырып, эSansara” мейрамханасы үшін PR стартегиясын әзірлеу және PR іс - шараларын жүргізу үшін қажетті зерттеулерді келесі әдістер қолданылды:
1. “Sansara” мейрамханасының әлеуметтік желідегі беделін талдау: сандық және сапалылық зерттеу әдістері арқылы Instagram, және бұқаралық ақпараттар көздерінде бағалау.
2. Нарықтағы үздік стратегиялар мен Қазақстан нарығындағы бәсекелестерінің үстемділігін анықтау.
3. “Sansara” мейрамханасына SWOT анализ жүргізу.
4. Қонақтармен кері байланыс жүргізу арқылы, сауалнама нәтижесімен қорытынды жасау.
5. Ұсынылған жобаның тиімділігі мен қаражат есебін құру.
Осылайша, бұл жоба мейрамханының маркетингіне ғана әсер етіп қоймай, қонақтармен қарым-қатынысты оңтайландыруға, бәсекелестерден ерекшеленуге, заманауи құрылымды қалыптастыруға және жаңа медиа арналарын ұтымды қолдануға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желідегі озық жарнамалардың әсері мейрамхананың табыстылығының артуына негіз болатынын көрсетеді. Жоба нәтижесі Sansara мейрамханасына ғана емес, сонымен қатар басқа мейрамхана желілеріне де ұтымды стратегия бола алады.
- МЕЙРАМХАНАЛАР СЕГМЕНТІНДЕГІ PR БАЙЛАНЫСЫН ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА АРНАЛАРДЫ ТАЛДАУМейрамхана бизнесі нарығындағы PR стратегияларын зерттеу
Қазіргі таңда мейрамхана бизнесі жоғары сұранысқа ие салалардың бірі. Бұл салада бәсекелестердің көп болуы мейрамханалардың бір бірінен ерекшеленуі үшін жаңа идеяларға және қоғам өзгерісіне дайын болу керек екендігін көрсетті. Мейрамханаларға тек ұсынылатын жоғары аспаздық тағамдары мен қызметтерінен басқа жаңа PR стратегиялар құру қажет. Қазіргі уақытта мейрамханалар арасындағы бәсекелестік жоғары, мейрамхананың жақсы болуы жеткіліксіз, ол өзіне жаңа қонақтары тартуы үшін ерекшеленуі қажет .
Әлемдік деңгейдегі көптеген мейрамханалар танымал инфлюенсерлермен серіктес бола отырып, тұтынушыларды тарту үшін әлеуметтік медианы пайдаланады. Бұл брендтің имиджін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар сенім тудырады, өйткені адамдардың ұсыныстары ескеріледі. Брендтің бірегей тарихын жасау және оны әртүрлі PR әрекеттері арқылы таныстыру мейрамханаларға бәсекелестіктен ерекшеленуге көмектеседі. Мысал - Копенгагендегі үздік мейрамханалардың бірі «Noma» ұсынған науқан, жергілікті ингредиенттерді жинауға және бірегей тағамдарды жасап қолдануға болатынын ашық көрсетті. Сонымен қатар, Noma Projects 2022 жылы Копенгагендегі мейрамханасынан тыс номаның білімін, инновациялары мен дәмін бөлісу арқасында танымалдылығын арттырды. Бірдей шығармашылық топ пен ізашарлық рухтың жетелеуімен біз дүние жүзіндегі адамдарға үйлерінде номаны сезінуге мүмкіндік беретін өнімдерді әзірлеп, олардың күнделікті өміріне көбірек дәмділік пен шабыт әкеледі. [1] . Мейрамхана өз арнасының асханасын азық-түлік инновациясына және жаңа тағамдарды дамытуға назар қойған. «Noma» мейрамханасының бұл PR стратегиясы жаңа тұтынушылар санының артуына алып келді.
Зерттеу негізінде PR стратегияларын сәтті жүзеге асыратын мейрамханалар әдетте дәстүрлі және цифрлық маркетингтік тәсілдерді араластыра пайдаланады. Атап айтқанда, әлеуметтік медиа платформалары алға жылжуда шешуші рөл атқарады. Мысалы, Google My Business-ке тіркелу мейрамханаларға іздеу жүйелерінде көрінуді арттыруға мүмкіндік береді, бұл әлеуетті клиенттерге мейрамхана туралы ақпаратты табуды жеңілдетеді. Instagram және Facebook-те дәмді тағамдардың фотосуреттерін жариялау және осы платформаларды жарнамалық науқандар өткізу үшін пайдалану да тұтынушыларды тартудың тиімді әдістері болып табылады [2] . Сондықтан желіде сілтемелер немесе гео-нұсқаулық арқылы мейрамханаға деген қызығушылықты арттыруға болады.
Мейрамхана индустриясындағы PR науқанының классикалық мысалы - «Ronald McDonald's House» қайырымдылық қоры деп аталатын McDonald's бастамасы. 1984 жылдан бастап McDonald's мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмектесуде. Бұл акция тұтынушыларды өз өнімдерімен қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар мұқтаж балаларға көмек көрсету арқылы компанияның гуманистік құндылықтарын көрсетуге арналған. Акцияның мәні мынада: чизбургер сияқты белгілі бір өнімді сатып алғанда, клиент қайырымдылық бағдарламасына да қатысады [3] . Осылайша, қонақ төлемақысы оның рухани құндылықтарын қанағаттандырады.
Шетелде қолданылатын бірнеше танымал PR стратегиялары мен іс-шараларын қарастыру (1-сурет) .
Инновациялық тәсіл
Жергілікті кәсіпкерлермен серіктестік және бірегей промо науқандар
Танымал фотографтармен серіктестік
Сурет 1 - Танымал PR стратегиялары
[Ескерту-авторлар өздерінің талдауы негізінде құрастырылған]
Қазақстанда мейрамхана бизнесі өзгермелі нарыққа және клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделу үшін алдыңғы қатарлы PR-стратегияларды белсенді қолданады. Бір жарқын мысал - алдын-алу PR науқандарын құруға, уақытты оңтайландыруға және үлкен деректерді талдауға негізделген объективті шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін аналитика мен трендтерді болжау үшін жасанды интеллектті қолдану. Бұл сонымен қатар тұтынушылар тәжірибесін кеңейтетін өнімдер мен қызметтерді көрсету үшін VR технологияларын енгізумен ерекшеленеді [4] . Бұл стратегиялардың тиімділігі көбінесе аудиторияға қол жетімділік, әлеуметтік белсенділік, және медианың қатысу сапасын көрсетеді.
Қазақстан нарығындағы үздік мейрамханалар желісінің бірі- «abr». 50 мейрамхана, 1500 қызметкер, жылына 7 миллион қонақ [5] . Бұл ABR компаниясының мейрамхана индустриясындағы 10 жылдық тәжірибесінің аз ғана бөлігі. Құрылымның PR стратегиясының ұтымдылығы:
- Ықшамдалынған дизайн және сайт.
- Мейрамханалардың әртүрлілігіне қарамастан, өз ерекшеліктерін сақтау және дәріптеу.
- Қонақтармен және онлайн қонақтармен байланыстың жоғары деңгейі.
- Арнайы адалдылық жүйесі, бонустар және QR жүйесі.
- Жеткізу мекемелерімен серіктестік.
- Сапалы контент жоспар, ұйымдық құрылымның қызметінің икемділігі.
Осылайша, жаңа медиа арналарды ұтымды қолдану арқылы мейрамхананың танымалдылығының деңгейінің өсу қарқыны күнделікті жаһандануда.
Кесте 1 - Қазақстандағы мейрамханалардың PR-стратегияларын талдау
Әлеуметтік медианы
белсенді қолдану
Қазақстандағы мейрамханалардың PR-стратегияларын талдау табысты мекемелердің әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатынын, арнайы іс-шаралар ұйымдастыратынын және қонақтарды тарту және ұстап қалу үшін фестивальдарға қатысатынын көрсетеді. Әлеуметтік желілерді пайдалану мейрамханаларға келушілерді мәзірдің жаңалықтары, арнайы науқан және алдағы іс-шаралар туралы үнемі хабардар болуға мүмкіндік береді, осылайша аудиторияны қызықтырады және тартады.
Гастрономиялық фестивальдар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу мейрамхананың имиджін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар брендтің айналасында қоғамдастық құруға ықпал етеді, оның беделін нығайтады және жаңа клиенттерді тартады [7] . Белгілі аспазшылармен серіктестік және эксклюзивті аспаздық мастер класс өткізу, мейрамхананың деңгейін көтереді. Көрнекілікті арттыруға бағытталған бұл стратегиялар, инновация мен креативті тәсілдің заманауи мейрамхана индустриясындағы табысқа қалай әсер ететінін көрсетеді.
- «Sansara» мейрамханасының жалпы сипаттамасы
Алматы қаласындағы Наурызбай батыр көшесінде, 85 мекенжайы бойынша орналасқан «Sansara» мейрамхананың ерекшелігі - оның жылы атмосферасы мен дизайны. Ол кеңдік пен еркіндік сезімін тудыратын жарық пен әйнекті көп пайдаланады. Сондай-ақ барда жасыл желек көп пайдаланылады, бұл оған балғын және жағымды хош иіс береді. «Sansara» тағы бір ерекшелігі оның жоғары деңгейде қызмет көрсетуінде. Барда келушілерге коктейльдер мен тағамдардың ең жақсы таңдауын ұсынуға, сондай-ақ жылдам және сапалы қызмет көрсетуге дайын тәжірибелі қызметкерлер бар.
Олар қонақтардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру үшін өнімдердің, тағамдардың және қызметтердің жоғары сапасына кепілдік береді. Барлық ингредиенттер мұқият таңдалады, тағамдар аспаздық өнердің ең жоғары стандарттарын ескере отырып дайындалады және қызмет көрсетуді кәсіби және жауапкершілігі жоғары қызметкерлер жүзеге асырады. Олар «Sansara» мейрамханасында кешті одан да жағымды және қызықты ету үшін диджей би кештері, жанды музыка және фотосурет сияқты әртүрлі ойын-сауық іс-шараларын ұсынады [8] . 2-ші кестеде мейрамхананың жалпы сиппатамасы көрсетілген.
Кесте 2 - «Sansara» мейрамханасының жалпы сипаттамасы
Алматы қаласындағы «Sansara» 200-ге дейін қонақты қабылдай алады. Мұнда әрбір келуші өзіне ұнайтын нәрсені табады, өйткені барда көптеген үстел ойындары, тегін Wi-Fi және қорқор бар. Ыңғайлы болу үшін тегін автотұрақ қарастырылған. Мекеме 1 қабаттан тұрады. Орындар саны: 32 үстел 200 адамды толықтай қамтиды. Жазғы маусымда жаздық терасса ашылады. Жаздық террасада
8 үстел. Сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері сағат 22:00 ден 01:00 ге дейін арнайы диджеймен би алаң ұйымдастырылады. Әр жұма және сенбі KIPYATCOM фотографтары арнайы естелікке суреттер жасайды. Әр бейсенбі және жұма күндері жанды дауыста әндер ұсынылады [9] . Осындай іс-шаралар потенциалды келушілер санын арттырып мейрамхананың деңгейін көтереді.
«Sansara» мейрамханаcының ұйымдық құрылымын қарастыра отырып қызметкерлердің міндеттері анықталды. Әрбір қызметкердің өзінің тікелей басшысы бар және иерархия бойынша жоғары көтерілгенде жауапкершілік деңгейі артады. Мейрамхана менеджері (администратор) әдетте мекеменің күнделікті жұмысын басқаруға жауапты. Бұған тұтынушылармен сәлемдесу және оларға қызмет көрсету, брондау және қызметкерлер кестесін басқару, проблемалық жағдайларды шешу және мейрамхананың белгіленген стандарттар мен саясаттарға сәйкес бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету кіреді. Төмендегі 2-ші суретте мейрамхананың ұйымдық құрылымы көрсетілген.
Сурет 2 - «Sansara» мейрамхананың ұйымдық құрылымы
[Ескерту-авторлар мейрамхананың құжаттарының негізінде құрастырылған]
Мейрамхана директоры - бұл максималды пайда табу және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мейрамхананың жұмысын тиімді басқаруға жауапты жоғары білікті басшы. Қаржы бөлімі бухгалтерлік және қаржылық есеп жүргізуге, ал маркетинг бөлімі қонақтарды тарту үшін маркетингтік стратегиялар мен акцияларды әзірлеуге жауапты. Администратордың жұмысы ауқымды - мейрамханадағы әкімшілік процестерді басқаруды қамтиды. Даяшылардың міндеттеріне қонақтарға қызмет көрсету, тапсырыстарды қабылдау және тағамдарға қызмет көрсетумен қатар, мейрамхана аумағын тазалықта ұстау кіреді. Бас аспаз мәзір мен рецептті дайындаумен, ас үй қызметкерлерінің жұмысын қадағаласа, ас үй қызметкерлері тамаққа ингредиенттер дайындаумен, аспазға тапсырыстарды орындауға көмектесумен айналасады.
Кесте 3 - 2021-2023 жылдардағы «Sansara» рестобарының негізгі экономикалық көрсеткіштері
2021 ж.
2022 ж.
2023 ж.
Ауытқулар
2023ж
Өсу қарқыны,
%
2021-2022ж
9
101, 4
99, 4
106, 9
94, 8
110
1 жұмысшының орташа жылдық жалақысы,
мың тенге
100, 2
101
100
101, 1
102, 3
Сатудан түскен пайда (залал),
мың тенге
12
Таза пайда
мың тенге
104, 4
13
47, 92
104, 8
14
31, 83
31, 3
102, 9
«Sansara» мейрамханасының 2021-2023 жылдар аралығындағы негізгі экономикалық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, бірқатар маңызды үрдістер мен өзгерістерді байқауға болады. Соның ішінде, сатудан түскен түсімдер жыл сайын өсіп отырғанын көреміз, мұнда 2022 жылы 2021 жылға қарағанда 2, 37% өсім байқалса, 2023 жылы бұл көрсеткіш тағы да 1, 38% артқан.
Бұл қызметкерлердің орташа тізімдік саны мен жалақы фондының артуымен қатар жүріп отырғанын көреміз, мұнда сондай-ақ жұмысшылардың орташа жылдық өнімділігінде азаю байқалған.
Ресторанның айналым капиталының орташа жылдық құны мен негізгі қорлардың орташа жылдық құны бойынша да өсім белгіленіп, бұл бизнес процестердің тұрақтылығын және даму қабілетін көрсетеді. Кірісті алғанда, сатудан түскен табыс пен таза табыс көрсеткіштері де оң өзгерістерге ие болған.
Жалпы, «Sansara» мейрамханасының көрсеткіштері 2021-2023 жылдары табыс пен сату көлемінің өсуі, жұмысшылар санының артуы мен жалақы фондының ұлғаюы сияқты оң өзгерістер байқалады.
Сурет 3 -2021-2023 жылдардағы рентабельділікті салыстырмалы талдау
[Ескерту-авторлар мейрамхананың құжаттарының негізінде құрастырған]
Сатудың рентабельділігі - бұл сатудан түскен пайданы құру кезінде компанияның ресурстарды пайдалану тиімділігін өлшейтін көрсеткіш. 2021 жылдан 2022 жылға дейін сатылым рентабельділігінің төмендеуі және 2023 жылға қарай одан кейінгі шамалы өсу шығындар құрылымының, нарықтағы бәсекелестік деңгейінің немесе компания операцияларының тиімділігінің өзгеруін көрсетеді.
- «Sansara» мейрамханасындағы PR іс шараларын медиа арналар арқылы жылжыту
«Sansara» мейрамханасының қызметтерін медиа арналарды қолдана отырып, негізгі бәсекелестермен салыстыру жүргізілді.
«Sansara» мейрамханасының өз сайты жоқ, бұл оның онлайн белсенділігін шектеуі мүмкін. Сонымен қатар, оның 80 мың оқырмандары бар белсенді Instagram парақшасы бар. Дегенмен, оның профилінің дизайны жеткілікті ойластырылмаған, жалпы үйлесімділік жоқ және басқа брендтермен немесе тұлғалармен серіктеспейді.
4ші кестеде әлеуметтік желілерде қызметтерді жарнамалау бойынша «Sansara» мейрамханасының бәсекелестеріне талдау ұсынылды.
Кесте 4- «Sansara» мейрамханасының бәсекелестерің медиа арналарды пайдалану арқылы қызметтерін жарнамалауды талдау
№
Әлеуметтік
желілер
Парақша сипаты
Instagram 90 мың
оқырмандар
Кәсіби тамақтың фотосуреттері,
әлеуметтік желідегі белсенділік
Үйлесімді, әдемі дизайн,
тұжырымдама бар
Myata Platinum мейрамханасының да өз сайты жоқ, бірақ 90 мың оқырмандары белсенді Instagram парақшасы бар. Олардың профилі тағамдардың кәсіби фотосуреттерімен және әдемі дизайнымен ерекшеленеді, бұл профильдің үйлесімді жалпы көрінісін жасайды. Алдыңғы екі мейрамханадан айырмашылығы, Чайла асханасының өз сайты бар. Олардың Instagram парақшасында 20 мың оқырман бар. Профильдің үйлесімді және әдемі дизайны, сондай-ақ нақты тұжырымдама бар. Nino мейрамханасында да өз сайты жоқ, бірақ 45 мың оқырмандары бар белсенді Instagram парақшасы бар. Олардың өзіндік стилі мен парақшаны безендіру дизайны бар, бұл оны танымал етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz