Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА

КАФЕДРАСЫ

«Арнайы педагогика» пәнінен

6В01901-Арнайы педагогика (Логопед) білім алушылары үшін

лекция сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Оқу түрі: күндізгі

Шымкент 2022ж

Құрастырушы: аға оқытушы А. М. Шатаева

Әдістемелік нұсқауда жалпы лекция сабақтарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері және жүргізілуіне қойылатын талаптар көрсетілген. Сондай-ақ, және «Арнайы педагогика» пәнінен жүргізілетін лекция сабақ тақырыптары және оларды өткізуге арналған нұсқаулар беріледі.

Кафедра меңгерушісі Ж. А. Масалиева

Лекция 1. Кіріспе.

Жоспар:

1. Арнайы педагогика және оның тарихының қазіргі ғылыми бағыттары мен өзекті проблемалары.

2. Дамуында ауытқуы бар тұлғаларға батыс еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы.

3. (Н. Н. Малофеев бойынша) арнайы педагогика және оның тарихи саласына байланысты зерттеулерді бейімдеу.

Арнайы педагогика - педагогикалык білімнің бір бөлігі, құрамдас болғанына қарамастан көлемді, көп аспектілі ғылым саласы /латын тілінен аударғанда specialis- туыс, түpiдеген мағынаны білдіреді. Нақты анықтамасын қарастырсақ, арнайы педагогика -жалпы педагогикалық жағдайда білім алуда қиналатын, немесе мүлде оқи алмайтын кемтар тұлғаларға арнайы білім берудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін ғылым.

Қазіргіхалықаралық педагогикалық теория мен тәжірибеде «арнайы педагогика» және «арнайы білім беру» ұғымдары кең пайдалынады: мысалы, ағылшынша special education, французша - education speciale, испан тілінде - pedagogica especial, деген анықтамалар дәстүрлі қолдануда. Өйткені «арнайы педагогика» ұғымы жалпыға түсініктіжәне адамгершілік бағытына сәйкес үйлеседі.

Арнайы педагогиканың нысаны - білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, яғни кемтар тұлғаларға арнайы білім беру үрдіci, ол педагогикалык феномен ретінде қарастырылады.

Арнайы білімберуде зерттеу мен субъект^- даму мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға. Бұл жерде арнайы оқыту- нақты шешуге бағытталған.

Арнайы педагогиканың пәнi - арнайы оқытудың теориясы мен тәжірибесі. дамуы мен білім алу ерекшеліктерін, тұлғалыққалыптасуы және әлеуметтену зандылықтарын зерттейді, Арнайы педагогиканыңпәнін білутұлға дамуындағы дене немесе психикалық кемістіктітүзету мен оңалтуға және өмір сүру деңгейіне қол жеткізу үшін өте маңызды.

Арнайы педагогика өз мәселелерін шешуде психолог, педагог ғалымдардын (П. П. Блонский, Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, А. А. Люблинская, Д. Б. Эльконин т. б. ) теориялық қағидалары мен шешімдеріне сүйенеді.

Арнайы педагогика дамушы тұлғанын әлеуметтенуін, өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуді көздей отырып, бұл мақсаттыңмүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңыздыекенін көрсетеді, нақты тәуелсіз және ерекше өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуді жетекші бағыт ретінде қарастырады. Ал сол мақсатқа жету үшін арнайы педагогика келесі міндеттерді орындайды:

  • Дамудағы кемістікті, ауытқуды түзету;
  • педагогикалыққұралдар арқылы дамудағы кемістікті, ауытқуды теңестіру; орнын толықтыру (компенсациялау) ;
  • абилитация (ерте жас кезеңі үшін) -әлеуметік ортаға aлiбейімделмеген ерте жас кезеңінде пайда болатын патологиялық жағдайлардың алдын aлyемдік- педагогикалық шаралар жүйесін асыру. Ол коғамда еңбектену және пайдалы мүше болу мумкіндігін туғызады.
  • сауықтыру жұмыстары (әлеуметтік және тұлғалық) - тұлғаны даярлау мақсатындағы медициналық, әлеуметтік, білімдік және кәсіби сипаттағы кешендерді қолдану.

12ғ мен 18 ғ аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кемтар тулгаларга арналған зиялы мекемелер мен үйлер(мемлекеттік және жекеменшик ) жуйеси курылды. Реннесанс мадинети мен Улы реформация акыл-ойы мен дене кемистиги бар тулгаларга деген мемлекетпен когам катынасын курт озгертти. Ренненсанс даншпандарынан туган гуманистик жане орталандыру туралы ой-пикирлери еуропалыктардын санасына енип, адам жане адам омиринин мани туралы тусиниктерин озгертти, мункиндиктери шектеули тулгалардын дарежесине деген коз карастын озгеруне асер етти. Християн дининин тагы бир багытын тудырган реформация кайырымдылктын жана улгилерин дуниеге акелди. Орта гасыр кезенинде батыс еуропалык ширкеулерде керендикти жане баскада кемистикти ата аналарынын киналары ушин жиберилген деген. Олармен карым катынаска тусе алмагандыктан, оларды еси дурыс емес сыйкыршылар деп ойлаган. Инквизиция жагы олардын изеринен калмаган. Бираз уакыттар оте келе дамуна ауыткуы бар тулгаларга деген нем курайлык биртиндеп жойыла бастады. Оларга деген жан ашырлык пайда болып, бундай адамдарды тарбиелуге болатыны жайлы да коз карастар калыптасты. Мысалга, Янамос Каменский (1592-1670) озінің«Ұлы дидактика»атты еңбегінде былай деп жазған; «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшин тәрбие беру»екендигіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «кім жаратылысынаң өзи баяу және ашуланшак болса, сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойыңдағы пайдасыз ақылсыздықпен жындылықтан құтылу үшин». Янамос Каменски бұл сөздермен аномальді балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. Осылайша мүмкіндік шектеулі тұлгалар қоғамға артылмас жүк болмас үшін оларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерді қарастырыла бастады.

Дамуында ауытқу бар адамдарды «азаматтық» тұрғыда ақтауға ғана емес, сонымен қатар олдардың кейбіреулерің оқытуға тырысу жағдайлары да жасалады. Бұл жерге тағы Ян Амос Коменский жазғаннан еске түсіруге болады: «қандайда болмасын әйтеуір адамзат баласы білім алудан шет қалмауы керек» деген сөздерін.

Ағылшында әр түрлі кемістігі бар балаларды жеке-дара оқыту тәжірбиесі, арнайы оқу мекемелерін өзіне қарай тартқан жоқ. Саңырау және соқырлар жеке-дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенің заңды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты семьядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай колдау 1578 жылыИспанияда, 1648 жылы Англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады.

Ағарту дәуірінде дамуыңда кемістігі бар тұлғаларды оқытуға алғашқы қадам жасалады. Алғашында түрлі мемлекеттерден жинақталған балаларды жеке дара оқыту тәжірибесі арнайы оку мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін тудырмады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу эволюциясының құндылығы.

2. Қамқорлықтан керең, соқырларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезеңде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғам көзқарасы.

3. Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу кезеңінде үлес қосқан ғалымдар.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Коржова Г. М, Байтурсынова А. А История специального образования в Республике Казахстан. -Учебное пособие. - Алматы: КазНПУ им Абая, 2003.

2. Коррекционнная педагогика. Под. ред. Б. П. Пузанова. -М., 2009

3. Кукушкина О. И. информационные технологии в контексте отечественной традиции специального образования. -М. :Полиграф Сервис, 2005.

4. Левченко И. Ю., Приходько О. Г. Технологии обучения и воспитания детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. -М. : Академия, 2001.

Лекция 2. Арнайы педагогиканың даму кезеңдері.

Жоспар:

1. Дамудың бірінші-үшінші кезеңі: агрессия мен жеккөрушіліктен оқу қажеттілігін түсінуге дейін.

2. Антика дәуірін және дамуында ауытқуы бар тұлғалардың тағдыры. Антикалық медицинаның және философияның есту мен көрудің бұзылысының табиғаты көзқарастары.

3. Алғашқы арнайы мектептердің пайда болуы. Германияда, Францияда, Англияда, арнайы білім беру жүйесінің құрылуы.

Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдсрі.

  • кемтарларды жек көрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейін кезең (б. ә. д ҮІІІг - б. ә.

XII ж. )

Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кемтар балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғалымының даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжіребесіне лайық жүреді.

Арнайы білім беру жүйесінің бір кезеңнен екінші кезеңге етуі және сапалы құрылып, қалыптасуы әлеуметтік көрінісімен анықгталады.

Антикалық дәуерден бастап бүгінгі күнге дейінгі кемтар тұлғалардың дамуын зерттеу жұмыстары дамудың бес деңгейін ажыратуға мүмкіндік берді. Бұл кезендерді ажыратудың негізгі көрсеткіші ретінде Н, Н Малофеев қоғамның кемтар тұлғаларға деген көзқарасы, көрсетілген көмектің дәрежелерімен бекіткен.

Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғам мен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғапарға» деген қарым-қатынас өте төмен

дәрежеде болды. Ол кезде олардың азамат есебіне алмай, статустарын кұлдардың статусымен тең қойды. Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылык танытқан шіркеу корғаушылары болды. Шіркеулер хоспис, баспаналар мен жетімханалар пайда болды.

Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіншілігі жоқ тұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды.

Ежелгі

Грециядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кесірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен дене кемістігі бар балалар ұшыраған. Спартада осындай балаларды өлтіру ІУ-У ғасырларды қамтиды және олар бұл істерін экономикалық жағдайына тәуелді болған. Бұндай құбылыс Римде де өз орнын алған. Оны ежелгі Рим философы Сенеканың (б. д. д. 6 - б. д. д. 65ж. ) сөзінен байқауға болады. «Біз өмірге әлсіз және кейіп-кеспірсіз болып туылған балаларды өлтіріп, суға тұншықтырамыз, бұны біз ызалықтан немесе қолайсыздықтан емес, санамыздың жетекшілігімен істейміз, жарамсыз бен сауды ажырату үшін» деп жазған.

Ал ежелгі грек елінің ұлы философы Аристотель «адам бойындағы

«бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топастықты» - жаман қылықтардың калыптасуына әкелетін жетіспеушілік» - деп тұжырымдады.

Ж. Аймауытұлы (1889-1931) жас ұрпакты адамгершілік тәрбиелейтін еңбектер жазған. Олар тәрбие жетекші «Жан жүйесі және өнер тандау».

алатын естімейтін балалардың барлығын қабылдай алмады. Көрмейтін балаларға білім беруде де қиыншылықтар кездесті. 1936-1937 оқу жылдарының басындағы мәліметтер бойынша республиканың әртүрлі аймақтарында шамамен 103 көрмейтін балалар білім ала алмады.

1937 жылдан бастап Семей, Ақтебе, Орал, Қарағанды мен Қостанайда естімейтін балаларға арнайы мектептер мен балалар үйлері ашыла бастады. 1938 жылы естімейтін және көрмейтін балаларға арналған арнайы мектептердің материалдың базасы жақсара бастады.

- Статистикалық мәліметтерге сәйкес 1940-1941 оқу жылдарында Қазақстанда 3. 4 мың ауытқулықтары бар балаларға арналған 33 арнайы мекеме жұмыс істеді. Сол уақытта мамандардың жетіспеуі ерекше сезілді. 30 жылдардың ортасына дейін республикадағы арнайы мекемелерде дефектолог мамандар болған жоқ. 1935 ж РСФСР-дан Қазакстанға 2 сурдопедагогпен Барнаулдық сурдопедагогика мамандығы бойынша техникумды аяқтаған мұғалім келді. 1938 жылы Ленинградта 14 мүғалім 3 айлық курстардан өтіп келді. Бір жылдан кейін Ленинградта жалпы мектептерден тағы да 12 мүғалім жіберілді. 1940 ж республикада естімейтіндерге арналған мектептерге Мәскеулік 2 айлық курстардан өткен 13 адам келді.

Ауытқулықтары бар балалармен жұмыс істеуге жоғарғы білімі бар дефектологтардың квалификацияланған мамандары қажет болды. Осы кезде тифлопедагогтар мен олигофренопедагогтар жоқ болатын.

Жалпы 20-30-шы жылдары дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған оқыту, тәрбие беру мекемелеріндегі педагогикалық мамандарды даярлау мен іскерлік біліктілігін жоғарлау жүйесінің қалыптасу кезеңін бастан кешірді.

Арнайы мектептерге жалпы білім беретін және еңбекке даярлауда әдістемелік, нұсқаулық құжаттар мен бағдарламалардың болмауы да қиыншылық туғызды.

Қазақстанда 30 жылдардағы дамуында ауытқулықтары бар балаларға арнайы білім беру жүйесі дамуының қорытындысы жағымды жағынан көрінді. Ақыл-ойы кем, көрмейтін, естімейтін тұлғаларға арналған оқыту, тәрбие беЕкінші дүниежізілік соғыс пен концлагерь қиындықтарын басынан өткізген өркениетті мемлекеттер адамдар арасындагы айырмашылыкка, олардың ерекшелігіне ерекше көзбен қарады. Бұл дүниетанымдық түсініктер мен заңдар барлық азаматтардың білім алуға құқын, оларға медициналык қызмет көрсетілген, зейнетақымен камтамасыз ету, кемтарларға көмек көрсету, жұмыссыздарға төлем ақы төлеу т. б. түсініктерді анықтап, оларды бір жүйеге біріктірді. Дәл осы кезде Еуропа қоғамының алдында, оз азаматтарынын жеке құқыктарын жеке тұлғалық деңгейге көтеру, әрбір адамға жеке қарым- қатынас негізін құру мәселесі тұрды, ал қазірде ол Европа мемлекетінің заманга сай әлеуметтік-педагогикалық негізін құрайды. Міне осындай шараларды қолданудың арқасында бүкіл дүние жүзі елдеріне өте кажет және маңызды ұйым кұрылды, ол Біріккен Ұлттар ұйымы (1945ж) . Оның негізгі қызметі - дүниежүзілік стандарт бойынша адамның құкықтарын қорғау. Өмір, еркіндік, адам құқығы мен теңдігі маңызды құндылықтар болып жарияланды. Б¥¥ 1948 жылы "Адам кұқығы туралы" Декларацияны қабылдады Сол 50- 70 жылдар аралығында кемтар балаларды анықтау, есепке алу, арнайы білім беру мекемелерін дамыту жүзеге асырылды. Осыған сәйкес, кемтар балаларды топтастыру, жіктеу де өзгеріді,, балалардың жаңа категориялары (психикалық дамуы тежелген балалар, эмоция-ерік саласында ауытқуы бар балалар) анықталып жүйені саралауға жол ашты. Психологиялык-педагогикалык көмек көрсету баланың жасына лайық өзгертілді, кеңейді, яғни мектеп жасына дейінгі кемтар балаларға арнайы көмек ұйымдастырылды. Бұл кезеңнің аяқталуында Б¥¥ ақыл-ойы кемтар (1971), мүгедектердің (1975) қүқықтарын декларацияларда бекітті. Кеңес дәуіріндегі арнайы оқытуды үйымдастыру жалпыға білім беру заңның негізінде жүрді. Жаңадан қалыптасып келе жатқан дефектология ғылымына маңызды міндетті шешу тапсырылды - кемтар балаларды оқытудың теориясын әзірлеу, тәжірибесін қалыптастыру. Сол кезден кемтар балаларды оқыту мәселелерін ғылыми-әдіснамалық негізін және әдістемесін құруда дефектология ғылымы айналысты (Л. С. Выготский, Р. М. Боскис, А. Н. Граборов, Г. Н. Дульнев, А. И. Дьячков, Л. В. Занков, С. А. Зыков, К. С. Лебединская, Н. Г. Морозова, М. С. Певзнер, Ф. А. Рау, М. Е. Хватцев, Ж. И. Шиф т. б. ) . Бұл уақытта кеңестікте кемтар балалардың барлығын арнайы біліммен қамту үшін арнайы мектептер белсенді ашылып, аяғында сегіз түрлі арнайы мектеп қызмет етті ( естімейтін, нашар еститің, кермейтін, нашар көретің,

сөйлеу тілінде кемістігі бар, тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар, псхикалық дамуы тежелген және зиятында ауытқушылығы бар балалар үшін) .

- кемтар тұлгалардың тең цүцыңтарынан тең мүмкіндіктірін қамтамасыз етуге бас бүру кезеңі ( XX г. 70-иіы жылдар - қазіргі уақытқа дейін) XX ғасырдың 70-ші жылдарында өркениетті елдерінде қалыптасқан қоғамның жалпы адамзаттың құндылығы туралы түсінігі бойынша және ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуындағы оқшалау шетте қалтыру ға қарсы қоғамға қосу, құқыктарының теңдігі жарияланған. Тарихта ең бірініші рет дамуындағы ауытқушылыктарға қарамастан, кемтар тұлғалардың тең құқылы екендігін қоғам көзқарастарында толығымен қалыптасты. Сол жылдары дамуында ауытқуы бар тұлғалардың құқықтарын қорғайтын бір қатар Б¥¥ бекіткен ақыл-ой кемтар тұлғалардың құқықтары туралы, мүгедектердің қүқықтары туралы декларациялар қабылданды - бұл бесінші кезеңнің басталуын белгісі. Құжаттарда аталмыш тұлғалардың отбасында өмір сүру, қалыпты адамдар арасында білім алуға, кемтар қабілеттерін қалпына келтіру, еңбек ету құқықтарын қамтамасыз ету қажетгілігі бекітілген. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жабық мекемелерде (интернаттарда) оқыту және тәрбиелеу шетелдегі коғамда әлеуметтік оқшалау белгісі ретінде талқыға салынды. Сол кездерден бастап батыс Еуропа және АҚШ елдерінде әлеуметтік-саяси, экономикалық өзгерістерге тәуелді арнайы білім берудің әдіснамасы күрт өзгеріп, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жаппы мектептерде оқыту жағдайын терең қарастырды. Бұл кезеңде жетекшілік ретінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға қосу қолға алынды. Қоғамға біріктіруде кедергі жасайтын жағдайларды жою, қоршаған ортаны бейімдеу жұмыстары белсенді жүре бастады. Осы кезенде мүмкіндіктері шектеуді балаларды жаппы мектептердегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесімен бірге бұрын оқытылмаған, яғни дамуында ауыр, терен ауытқулары бар балаларды оқыту басталды. Бұл кезең әлі аяқғаламады, көтерілген мәселе қоғамда кең талқыланып жатыр. Қазіргі уақытта кемтар түлғаларға медициналық көмек көрсетудің жаңа технологиялары енгізілуде, арнайы білім беру саласында да жетістіктер мүмкінідіктері шектеулі тұлғалардың коғамда тәуелсіз өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге багытталган. Осы кезеңде дәрігірлер ұрыктын пренаталды кезінде ауытқушылыгын диагностикалау технологиясын халыққа ұсынады, сонымен қатар:

  • ағза мүшелерін ауыстырудың жаңа технологияларын;
  • жасанды органдарды әзірлеудің жетістіктерін;
  • имплант және протездеудің технологияларын;

жүктілік кезінде қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін арнайы вакцинапар мен дәрмектерді пайдалану;

кемістіктерді ерте анықтап арнайы түзетушілік бағдарламаларын әзрілсу, жүзеге асыру.

Бакылау сұрақтар мен тапсырмалар:

Арнайы білім беру жүйесінін әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу әволюциясынын құндылығы не?

Қазіргі уақытта отандық арнайы білім беру жүйесі эволюциянын бесінші кезеңімен қалай үйлеседі?

Қазіргі мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға деген қоғам көзқарасы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер

Специальная педагогика/под ред. Н. М. Назаровой. - М. - 200) .

Замский Х. С. Умственно отсталые дети: история их изучения, восгіитания и обучения с древних времен до середины XX века. -М. - 1995.

Лекция 3. Қазақстанда кеңестік арнайы білім беру жүйесінің дамуы.

Жоспар:

1. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған алғашқы арнайы мектептер.

2. Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу.

ҚР-да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Бұл білім қиын-кыстау кезеннің мән-жағдайын түсіну және осы заманғы арнайы көмектің жагдайын білу үшін керек. Баска ғылымдардың тарихы сияқты арнайы білім беру жүйесінің өз тарихы бар.

Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды.

Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен тенденциясының анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің қарама-кайшы жақтарын аныктау және дамуында ауытқуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес шарітар қүруды қамтиды. ҚР-да арнайы білім берудің теориясы мен практикасының дамуы анықталған тарихи кезенде көрініс тапты.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу туралы педагогикалық көзқарастар мен ой-пікірлерінің тарихи калыптасу процесі қазіргі уақытқа дейін арнайы зерттелетін мәселе болып түр.

Бұл жерде қазак халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен көзқарастары тарихтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жиі кездеседі. Осы кездегі қазақ халқының жаркын болашағы, оның тәуелсіздігі мен бостандығы және рухани өрлеу жайында қалтықсыз қызмет етіп, оны осы жолда шыбын жандарын қиған аса көрнекті ғұламалар мен коғам қайраткерлері қазақ аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап, кең далада рухани- мәдени дамуының жаңа іргесін қалаған Ы. Алтынсарин, Абай атамыз, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, А. Байтұрсынов және т. б. болды. Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім- тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің калыптасуына бағасыз үлес қосқан.

Арнайы педагогиканың қазіргі күнде жетекші парадигмаларының бірі гуманизация. Ал XIX ғасырда еңбек еткен Ы. Алтынсаринның шығармаларында педагогикапық гуманистік көзкарас, яғни шәкіртке жылы жүрек болу мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың принципінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ы. Алтынсарин өзінің атақты «Хрестоматиясында» жасөспірімдердін жан- дүниесі, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп санаган. БІбырай - оку тәрбие процесіне мұғалім рөлінде айырықша көңіл бөлген мұғалімнің алдында мынандай міндеттер қойды: нағыз мұғалім болу үшін шәкіртгердің өзіндік ерекшеліктерін мықты санау қажет, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет. Осындай озық ойлар дене және психика дамуында түрлі кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету-теңгеру жүмыстарының негізгі қағидапарының бірі - әр баланың жеке ерекшеліктерін есепке алу кажет екені әр дефектологияда таныс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Дамуында ауытқуы бар балалардың түрлері
Тұқым қуалаушылық ауруы бар балалар
Арнайы педагогиканың пәндік салалары
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары туралы
Эмоционалды - ерік сферасы бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz