Балалар тіс пасталары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Жаратылыстану-география факультеті

Химия және қоршаған ортаны тану

( 9 - сынып оқушыларына арналған әдістемелік нұсқаулық)

Орал - 2024 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Жаратылыстану- география факультеті

Хаттама № 2024ж

Құрастырған: А. Т. Аитимова

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің

7М01507 - Химия магистранты

Пікір жазғандар: Сдикова Г. Ж.

М. Өтемісов атындағыБатыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, х. ғ. к

Оқу - әдістемелік көмекші құралда химия пәнінен «Химия және қоршаған ортаны тану» негізінде қысқа мерзімді жобалар бағдарламасы мектеп-лицей, гимназиялар мен жалпы орта білім беретін мектептердің химия пәні мұғалімдеріне 9 сыныпта бағдарлама бойынша берілген негізгі тақырыптардағы ұғымдар мен сандық есептерді шығарудың алгоритмін тереңірек меңгерту арқылы жобалық жұмыстарды жүргізу бағытында алынған көмекші құрал болып табылады.

Мазмұны:

  1. Түсінік хат . . . 4
  2. Курстың мақсаты, күтілетін нәтиже . . . 4
  3. Курс бағдарламасының мазмұны . . . 4
  4. Курс бағдарламасының тақырыптық күнтізбелік жоспары . . . 5-6
  5. Жоба жұмысының үлгілері . . . 7-31
  6. Жоба жұмысын жүргізу әдістемелері . . . 32-49
  7. Қолданылған әдебиеттер . . . 50

І. Түсінік хат

Курстың оқыту бағдарламасы 34 сағатқа 9 - сынып оқушыларына есептелген. Химия пәнің терең меңгере отырып қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешуде білім саласының маңызы жоғары. Жер бетінде өмір сүретін адам жас күнінен бастап қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау қандай зардабтарға әкелетінін білу керек; қоршаған ортаның ластану себебінен және тағамдағы химиялық қоспаның әсерінен қандай арурулар пайда болатыны; генетикалық ауытқулар; өсімдіктер мен жануарлардың өлімдері; жердің құнарлығының төмендеуі; ауыз су қорының азаюы т. б. Бұны тек біліп қоймай, сонымен қатар, бұл жағдайдағы өзініңде жауапкершілігін сезіну тиімді әрекеттер жасау қажет. Яғни химиялық білім жас ұрпаққа өмірді ең үлкен құндылық ретінде түсінуді қалыптастырады. Бағдарлама мектептегі ғылыми - зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын оқушыларға арналған және оқушы мақсат қою қабілетін дамытуға бағытталған. Ғылыми жобаларды жүзеге асыруға негіз бола алады.

Курстың мақсаты:

Адам өмірінде пайдаланылатын түрлі химиялық заттарды қолдану кезіндегі пайдасы мен зиянын білу, яғни химиялық заттарды өмірде дұрыс пайдалануға үйрету, кәсіптік бағдар беру, сұраныс тудыратын мамандыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Курстың міндеттері:

Химия есептерін шешуге қажетті математикалық формулаларды білу, ақыл - ой мен логиканы дұрыс пайдалану. Заттарды дұрыс пайдалану жөнінде білім мен дағдыны қалыптастыру. Тағам мен косметикалық заттардың химиялық құрамын білу. Қоршаған ортада, яғни адамның өмір сүру аумағының ластану көзін жоюға көмектесу. Тақырыптарға сәйкес есептер шығаруға үйрету. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Оқу пәнінің мазмұны : 7 бөлімнен тұрады

1) адам және қоршаған орта; 2) адамдар және автокөлік; 3) ағза мен дәрілік қобдиша; 4) химиялық тазартқыштар; 5) химия тұрмыста; 6) бау - бақша химиясы; 7) химия және әдемілік.

Күтілетін нәтиже:

Пәнге қызығушылығы арту. Болашақ мамандық таңдауға жол ашу.

Жоба жасау.

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: 34 сағат, аптасына 1 рет.

ІІ. Оқу - тақырыптық жоспар

«Химия және қоршаған ортаны тану»

9 сынып.

р/с
Тақырыбы
Сағ. саны
Мерзімі
Ескер-ту
р/с:
№:
Тақырыбы: І. Адам және қоршаған орта
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 1
№: 1
Тақырыбы: Табиғатты химиялық ластауыш заттар.
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 2
№: 2
Тақырыбы: Химиялық элементтердің табиғатта таралуы және айналымы.
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 3
№: 3
Тақырыбы: Табиғи ортаның радиоактивті ластануы
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 4
№: 4
Тақырыбы: Қоршаған ортадағы ауыр металдардың қосылыстарын және олардың тірі организмдерге әсерін анықтау
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 5
№: 5
Тақырыбы: Қышқылдық жауындар
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 6
№: 6
Тақырыбы: Сандық есептер шағыру
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с:
№:
Тақырыбы: ІІ. Адамдар және автокөлік
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 6
№: 1
Тақырыбы: Сутегі - болашақта экологиялық таза жылу энергия көзі.
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 7
№: 2
Тақырыбы: Автомобиль үшін сутекті жанғыш отын және бензин
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 8
№: 3
Тақырыбы: Автомашиналардан бөлінетін зиянды заттардың мөлшері
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 9
№: 4
Тақырыбы: Есептер шығару
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с:
№:
Тақырыбы: ІІІ. Ағза мен дәрілік қобдиша
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 10
№: 1
Тақырыбы: Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері, атқаратын қызметі.
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 11
№: 2
Тақырыбы: Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық рөлі
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 12
№: 3
Тақырыбы: Катализатор табиғатына сутегі асқын тотығының әсері
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 13
№: 4
Тақырыбы: Тез және ерте қартаю себептері
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 14
№: 5
Тақырыбы: Адам ағзасындағы қышқыл мен тұз
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 15
№: 6
Тақырыбы: Алғашқы көмек көрсетуге қажетті препараттар
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 16
№: 7
Тақырыбы: Үй жағдайында ерітінділер дайындау, оларды пайдалану
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 17
№: 8
Тақырыбы: Есептер шығару
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с:
№:
Тақырыбы: IV. Химиялық тазартқыштар
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 18
№: 1
Тақырыбы: Киімдегі, ыдыстағы майлы дақтарды кетіру
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 19
№: 2
Тақырыбы: Тіс пастасының тазартқыш қасиеттері
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 20
№: 3
Тақырыбы: Есептер шығару
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с:
№:
Тақырыбы: V. Химия тұрмыста
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 21
№: 1
Тақырыбы: Жасанды тамақ, тағам құндылығы
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 22
№: 2
Тақырыбы: Тағамдық қоспалары, тағам құрамындағы натрий глутаматының қызметі.
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 23
№: 3
Тақырыбы: Ақуыз, көмірсу, май мөлшерін есептей білу
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 24
№: 4
Тақырыбы: Маргаринді май өнімдерінің сапасын зерттеу.
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с:
№:
Тақырыбы: VІ. Бау - бақша химиясы
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 25
№: 1
Тақырыбы: Агрохимия маңызы, тыңайтқыш түрлері
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 26
№: 2
Тақырыбы: Табиғат суының тұздануы мен топырақтың сор болу және оны жою тәсілдері
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 27
№: 3
Тақырыбы: Ақжайық суының құрамы мен тұздылық мөлшері
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 28
№: 4
Тақырыбы: Өсімдіктерге қажетті қоспалар мен ерітінділер дайындау
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 29
№: 5
Тақырыбы: Құрамында антоцианы бар гүлдерден бояғыштар алу
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с:
№:
Тақырыбы: VIІ. Химия және әдемілік
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 30
№: 1
Тақырыбы: Асыл тастар
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 31
№: 2
Тақырыбы: Сабын алу жолдары
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 32
№: 3
Тақырыбы: Косметикалық заттар
Сағ. саны: 1
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 33
№: 4
Тақырыбы: Есептер шығару
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с:
№:
Тақырыбы: VIІІ. Курсты қорытындылау
Сағ. саны:
Мерзімі:
Ескер-ту:
р/с: 34-36
№: 1
Тақырыбы: Жоба қорғау
Сағ. саны: 3
Мерзімі:
Ескер-ту:

Үлгі жоба

Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Тіс пастасының қорғаныш қасиеттерін зерттеу»

Кіріспе

Ауыз қуысы гигиенасының ең көп таралған түрі тіс пастасы болып табылады. Бүгін тұтынушыға тіс пастасының жеткілікті ассортименті ұсынылған, сондықтан өзіне ең қолайлы тіс пастасын таңдау қиын, оның үстіне барлық өндіруші компаниялар- өз өнімдерін ең үздік деп ұсынады: жарнамалары

шындыққа сай ма ?

Өз зерттеумде менің мектебімнің оқушылары арасында ең танымал тіс пастасын анықтап және сол тіс пасталарының тіс эмалін қорғауы қаншалықты тиімді екенін анықтадым.

Зерттеу өзектілігі:

Қазіргі уақытта сатып алушыға пасталарының көптеген түрі ұсынылады. Тіс пастасының иісі, дәмі, түсі, мөлшері және брендтерінің көптегіне қоса, оның әсеріне қарай көп түрлері бар: сезімтал тіс пастасы, ағартқыш әсері бар, кариесті және тістегі тасты алдын-алатын тіс пасталары. Осы көптің арасынан керек пастаны қалай таңдайға болады. Гигиеналық заттардың тиімділігін бағалау қиын, сондықтан қымбат пастасын сатып алу дұрыс па? Бұл жұмыста ең танымал тіс пасталарының қорғау қасиеттері зерттелді.

Зерттеу нысанамыз: "Colgate", "Blend-a-med", "Лесной бальзам", "Signal"- тіс пасталары.

Гипотеза: Егер тауық жұмыртқасын тіс пастасымен алдын-ала өңдесе, қышқылдың жұмыртқаның қабығына зиянды әсері азаяды.

Жұмыстың мақсаты: Құрамында кальций бар биологиялық обьектілеріне қышқыл ортаның әсерін анықтау және тіс пастасының қорғау қасиеттетін зерттеу

Міндеттері:

1. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу.

2. Қай тіс пастасының тіс эмалін қорғауы ең тиімді екенін анықтау.

Зерттеу әдістері:

1. Мәліметтерді іздеу;

2. Жинақталған мәліметтерді сараптау;

3. Құрамы мен химиялық қасиеттерін тәжірибе арқыл зерттеу:

4. Салыстырмалы-талдау жасау

5. Сұхбат, сауалнама жұргізу.

Тіс пастасының қандай қүпиялары бар екенін анықтау үшін мен көптеген ғылыми-танымдық әдебиеттер мен баспасөз жарияланымдарын, ғаламтор ресурстарын оқып, білдім. Осы ақпарат көздерінен тіс пастасының тарихы, химиялық құрамы, адам ағзасына әсері жайында мәліметтер алдым.

Мектебіміздің оқушыларына сауалнама жүргізіп, олардың қандай тіс пастасының түрлерін қолданытыны жайында мәліметтерді жинадым .

Тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы ең танымал тіс пасталарының сапасы мен құрамына көз жеткіздім .

II. Тіс пастасына жалпы шолу

2. 1. Тіс пастасының тарихы.

Тіс тазалығы - денсаулықтың кепілі болатын басты факторлардың бірі. Өткен ғасырларда біз қолданып жүрген тіс пасталары, щеткалары, шайғыштары және спрейлері болмағаны анық. Бірақ, тазалық үшін әр елде әр түрлі әдістер қолданылған. Қандай екен?

Тіс пастасын біздің дәуірімізге дейін сонау Ежелгі Египетте де қолданған екен. Ол біздің ұғымымыздағы паста емес, ұнтақталған ас тұзы, жалбыз, бұрыш пен сары гүлден жасалған. Ал алғашқы тіс щеткалары да қазіргі бізге мәлім щеткалардай емес, мүлдем басқа түрде болған. Мысалы, Шығыс халықтары ауыз қуысын тазалау және залалсыздандыру мақсатында гигиенаның барлық талабына сай ерекше тамырды пайдаланған. Сонымен тіс щеткасы осыдан мың жылдай уақыт бұрын Араб еліндегі мұсылмандардан тараған. “Арак” ағашынан дайындалған тіс щеткасы “мисуәк” деп аталған. Ал, Қытайда тісті шөп түйінімен тазаласа керек. Уақыт өте келе, Ежелгі Үндістан, Қытай, Жапония елдерінде тіс тазалағыштың шөп түйінін алтын немесе күміске алмастырған, бұл қолданушылардың атақ-дәрежесін көрсеткен. Бері келе тіс щеткасының өнеркәсіптік өндірісін ағылшын Уильям Эдис 1780 жылы бастаған. 1850 жылы жеке өндірушілер ғана тіс щеткасын жасап шығарған, ал жаппай өндіру тек отыз бес жылдан кейін басталды. Бұл өндірісті Ресейден алынған шошқаның жуан қылтанынан, ал сабынды сүйектен жасаған. Бірақ, бұл өнім көпке бара қоймады. 1938 жылы 24 ақпанда жануар қылтанын синтетикалық талшық - нейлонға алмастырып, тіс щеткасын Oral-B компаниясы жасап шығарды. Америкалық өндірушілердің айтуынша, тіс щеткасын өндіру көлік, ұялы телефон, қысқатолқынды пеш секілді тұрмыстық бұйымдарды өндіру тізімінде бірінші орында тұр. Сондай-ақ, тіс тазалығы туралы тағы бірер қызық ақпар:

- І Петр өз кезінде боярларға тістерін ұнтақ бор жағылған дымқыл шүберекпен тазалауға бұйрық берген.

- АҚШ-тың Провиденс қаласында сенбі күні тіс щеткаларын сатуға заңмен тыйым салынған.

Ерте кездегі адамдар тістерін тазарту үшін ұнтақты пайдаланған екен. Қытай, Үнді және Еуропа елдері жануарлардың күйдірілген тұяғының ұнтағы мен кәдімгі жұмыртқа қабығының үгітілген ұнтағын араластырып қолданған. Нағыз тіс пастасы ХVІІІ ғасырда пайда болған. Дегенімен, бұл тіс пасталары адам бойына өте зиян болған, себебі ол фарфор ұнтағы мен кірпіш ұнтағының қоспасымен дайындалған. Бай адамдар оны тіс щеткасымен қолданса, қарапайым халық қолмен үйкеп пайдаланған. 1824 жылы осы ұнтаққа сабын қоспасы қосылса, 1850 жылы бор қосылған. Ал, 1873 жылы «Колгейт» компаниясынан қазіргі тіс пасталары шығарыла бастаған.

Оқушылар арасында сауалнама жүргізе отырып, оларға ең танымал тіс пастасы "Colgate", "Blend-a-med", "Лесной бальзам", "Signal"- екенін анықтадым. Осыған байланысты мен осы брендтердің тарихынан деректерді жинадым.

1873 жылы «Колгейт және Компани» американдық компаниясында өзгерістер болды. Үйреншікті өнімнің ассортименті (эссенциялар, парфюм және сабын, балауыз шамдар) революциялық жаңалық-денталдік креммен ароматталған тіс пастасымен толықты.

Бұл компаниясы тіс пастасын алғашқы ашқан, дегенмен, біздің дәуірге дейін V-ІІІ мыңжылдықта Египедте дем алуды сергітетін зәйтүннің гүлінің және үгітілген қабығының қоспасынан тіс ұнтағын пайланған.

Британдық химиктер мен стоматологтардың күшімен заманауи әдіспен әзірлеген тіс ұнтағы 300 жыл бұрын пайдаланған тіс ұнтағын еске түсіреді.

Бірақ бұл өнім қауіпті болып шықты. Онда қолданылған кірпіш үнтағы, фарфор және саз, тіс эмалін зақымдады. Оның үстіне ұнтақ шағын қағаз қалташадан кез келген уақытта шашылып қалатын еді.

Procter&Gamble компаниясының Начало формы

Начало формы

Blend-a-Med пастасы-халықаралық бренді. Blend-a-Med компаниясы, көптеген елдерде танымал және стоматолог- мамандарымен бірнеше рет мақұлдаған, ауыз қуысы гигиенасына арналған, тістерді күту тіс ұнтақтар, әр түрлі мақсатта пайдалынатын тіс щеткалар мен жіптер және т. б. өнімдер ассортиментін кең ұсынады.

Blend-a-Med өткен ғасырдың ортасында ауыз қуысын күту үшін фтор сияқты заттардың, ғылыми тиімділігін растап, тіс эмалінің кариесімен күресуге фторлы қосылыстар құралдарды пайдаланыла бастады

1955 жылы АҚШ-та ұсынылған Crest тіс пастасы құрамында фтор және екі валентті қалайы бар .

Компания қаражатына Индиана университетінің базасында стоматология. Проблемаларын зерттеу институты құрылды. Индиана университетінің мамандары-химик Мюлер, Дэем және Небергэллом мен құрастырылған "Fluoristan"деп аталатын инградиеті "Проктер энд Гэмбл"компаниясы сатып алды.

1981 жылы шығарылған Crestтіс пастасының жаңа белсенді инградиенті "Fluoristat"деп аталатын, натрий монофторфосфаты.

Кейін оны натрий фториді ауыстырды алайда, бұл уақытпен сыналған белсенді компоненттерден бас тартуды білдірген жоқ, стоматологиялық проблемаларды шешетін әр түрлі тіс пасталарында олардың арнайы үлгідегі ұнтақтары қолданылады.

Еуропадағы 1987 жылда шығарылған Crest пастасы Blend--a-Med -деп аталып, әлі күнге дейін шығарылады.

Бұған дейін Майнц қаласында орналасқан Blendax GmbH герман компаниясы осылай аталатын тіс пастасын шығарды.

Кейін бұл компанияны еуропаның нарығына шығу іс-шаралар шеңберінде Procter&Gamble компаниясы сатып алды. Crest пастасы өз атауын өзгерттіп құрамы атақты Crest пастасына ұқсас Blend-A-Med атымен шығарылды.

Бүгінгі таңда Blend-а-Med, ең алдымен, әр түрлі мақсаттағы, алдын алу және емдеу тіс пасталарын, сондай-ақ, тіс щеткаларын, жіптерді, ағарту жолақтарын, қызыл иекке арналған, эмаль ағарту, сезімталдықты азайту және жағымсыз иісі тудыратын тіс бактериялармен күресу, басқа жалпы профилактикаға арналған ассортименті қамтиды.

Лесной бальзам - тістерді және тіс иегін күтуге арналған тіс пастасын шығаратын Ресей фирмасы. Бренд "Калина" компаниясына тиесілі. Лесной бальзам -ең үздік, тұтынушылырмен расталған маркалардың бірі болып табылатын, жетекші өндірушілердің косметикалық және емдеу-профилактикалық өнімдердің қатарына жатады, ол, әділдік үшін айту керек, түрлі жүлделер мен сыйлықтарға ие болған тіс пастасы. [9]

2. 2. Тіс пастасының атқаратын қызметі.

Әдемі ақ тіс - бұл қазіргі заманғы мәдениеттің, денсаулықтың символы. Тіске үнемі күтім керек. Тәжірибе деректеріне сүйене отырып, тіс өңезінде қышқыл бөлетін бактерияларды бар екендігі анықталды. Өңез тіс әмалін жұқартады, эмалдің кариеспен, қышқылдық некрозбен ауруына әкеледі, ауыз қуысының ауруларының негізгі себебі- бактериалды тіс өңезі. Тіс пастасы құрамындағы фтор, тіс эмальлін нығайтады, күнделікті гигиеналық тазалықты сақтауға, стоматологиялық аурулардың пайда болуы мен дамуына кедергі жасайды. Бұл ақиқатты бәрі бала кезден біледі, бірақ соған қарамастан, тіс ауруларымен стомологтарға қаралмаған кісіні табу қиын. Мамандардың есебі бойынша қалықтың жартысынан көбі кариеспен аурады. Тіс пастасының негізгі міндеті: тістерді, қызы иекті, тістердің арасын, ауыз қуысын және тілді тамақ қалдықтарынан, тіс өңезінен, шырыштан және микробтардың көбеймеуне тікелей химиялық және жанама механикалық (тіс щеткасымен) әсер ету.

Жасы
Кариес (%)
Пародонт (%)
Ауыз қуысының аурулары (%)
Жақ-бет аномалиялары (%)
Жасы: 6
Кариес (%): 36, 4
Пародонт (%):
Ауыз қуысының аурулары (%): 0, 4
Жақ-бет аномалиялары (%): 0, 025
Жасы: 12
Кариес (%): 2, 4
Пародонт (%): 0, 4
Ауыз қуысының аурулары (%): 0, 2
Жақ-бет аномалиялары (%): 14
Жасы: 15
Кариес (%): 7, 2
Пародонт (%): 0, 24
Ауыз қуысының аурулары (%):
Жақ-бет аномалиялары (%): 10

Ауыз қуысының гигиенасы адамның жеке гигиенасының негізгі бөлігі болып табылады, жақсы денсаулықпен, ауруларды алдын алуды қамтамасыз етеді. Гигиенаның маңызды міндеттерінің бірі- ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан, детритан, микрофлораны қорғау болып табылады. Екінші бір міндеті, ауыз қуысының қорғаныс күшін, функционалдық мүмкіндіктерін арттыратын заттарды жеткізу. Осы міндетіне байланысты ауыз қуысын күтетін құралдар жасалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гигиена туралы жалпы ұғым
Гигиена туралы жалпы түсінік
Терінің маңызы және құрылысы
Қартайған кездегі ең маңызды физиологиялық жүйелердің жағдайы
Университет гигиенасының міндеттері
Тіс гигиенасы
Баланы отбасында мектепке дайындау
Халықаралық маркетингтің теориялық ерекшеліктері
Ауыз қуысының микрофлорасы
Қызанақтың аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz