Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Пәні: Бастауыш білім педагогикасы
БӨЖ
Тақырыбы: Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
Орындаған: Есенәлі Бекзада
Қабылдаған: Сұлтанбек Мәлік
Тобы:ППМ-315
Түркістан 2024
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Отбасы - адам баласы тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
- Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы.
- Отбасы тәрбиесінің кейде сәтсіздікке ұшырауының себептері.
- Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формалары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Отбасы - әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады.
Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу - отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Яғни, балаларды тәрбиелеу тек ата-ананың жеке ісі емес, бұған барлық қоғам қызығушылық танытуы керек. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен бастау алып, оқу тәрбие орындарында тәрбиеленген саналы ұрпақтың қолында.
Бұл мәселе еліміздің Заңдарында да көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының ата заңында «Біздің мемлекеттің ең басты байлығы, қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Ата заңымызға сүйенсек «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Мемлекеттің бұл саясатын жүзеге асыру үшін бізге бірлік керек.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасыда, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне балаларына қалай қарайтындығына байланысты. Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балаларының қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды 2 алса жаман, 5 алса жақсы. Оқу жылы ішінде бірде-бір рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-ана. Міне сондықтан отбасындағы білім беру бағытындағы тәрбиесі жайына қалады. Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірі-баланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі.
«Баланың бас ұстазы ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыртасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастамасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әр қашан аулақ болуы керек. Ата-анагың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі-нәзік те күрделі, қоғамдық жауап кершілікке жатады. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі азамат болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. Қазыргі кезде баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, рухани байлыығының молаюына ата-анамен бірлесіп еңбек ету, ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, тығыз қарым-қатынас орнату ең басты мәселелердің бірі болып таблады.
Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланыс арттыру және мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету бала тәрбиелеудің жолдарын көрсету бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал етеді. Ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланысын нығайту жолдарын жақсартуға төмендегідей нәтижелерге жетеді.
Ата-ананың педагогикалық мәдениеті жетіледі; мектеп өміріне белсенділік танытады; өз баласының дұрыс дамуы үшін ата-ананың тәрбиелеу мен білім беру саласындағы қажеттілігі анықталады; ұл, қыз тәрбиесәне жауапкершілікпен қаралып көңіл бөлінеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі , мемлекет алдындағы ата - аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Оған дәлел: балалар мекемелері жөніндегі халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балаларды еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми - техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың ттіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Бала өмірін және іс - әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбекпен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Күн ырғағын жасауда ата - ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасыда күн ырғағының негізгі құрамды элементтері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т. б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында шартты рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотип) пайда болады. Мысалы, бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабында тежелу процесі басым болады да тез ұйқыға кіріседі. Сондықтан, ата - аналар белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, ұйықтауға, тұруға үйретулері, яғни, ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.
Балалардың бос уақыты - бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады. Көптеген отбасыларда ата - аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүге айналды.
Отбасыда балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелері жатады:
Отбасының этикалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл - ауқаты, селодық және қалалық отбасы.
Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаттарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
Ішкі отбасылық қатынастар микроклиматының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көз қарасы.
Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата -аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажетті шаруашылық функциясы, отбасы мүшелерінің өзара және туған - туысқандарымен қатынас жасау функциясы.
Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы.
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты.
Ерте кезде балалар оқыса да, оқымаса да дін талап еткен тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары болған, отбасы тәртібі солар арқылы қатаң реттеліп отырған. Мысалы: қызға қандай киім лайықты, шашты бір өрім бе, әлде екі өрім етіп өруі дұрыс па, оны шашбаумен сәндеу керек пе, не орамалдың, не кимешектің астына жасырып қойған жөн бе? дейтін жайларды жіктеген. Ал, қазіргі кезде қыздарымыздың кіндігін көрсетіп жүруі, жарассын-жараспасын киімдерді киюі, өміріміздің бір бөлшегіне айналғанын жасыра алмаймыз. Баланың жақсы адам болуы тек ғана өмірдің ағымынан қалмай киіну ғана емес, ең негізгісі өмірден өз орнын таба алатын азамат ретінде тәрбиелеу жағы ақсап жатады.
Ұрпақ - болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді сондықтан ата-ана беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. «2» алса жаман, «5» алса жақсы. Оқу жылы ішінде бірде-бір рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-ана, баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды. Міне, сондықтан отбасындағы білім беру бағытындағы тәрбиесі жайына қалады. Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірі-баланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар десеңізші. Халқымыздың «Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» деген өмірлік қағидасы бар емес пе!
Отбасы тәрбиесінің кейде сәтсіздікке ұшырауының себептері.
Үйелмендік тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып, отырмайды. Зеттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден отбасында болатын өктемдік баланы өзін өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай - күйі төмен болады.
Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата - аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.
Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата - аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдалнып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден, ата - аналар балаларды еркімен қарым - қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс - әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже іс - әрекетінің төңірегінде шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесіне даналық ақыл - ойдың, орында дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез құлықтық мектебі болып табылады.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формалары.
Мектеп оқу - тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата - аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата - аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бол уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т. б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты формалары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әртүрлі тақырыптарда ата - аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы педагогикалық насихат, яғни ата - аналарға педагогикалық білім беру.
Қазір ата - аналар және қалыњ бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н. К. Крупская өзінің еңбектерінде ата - аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.
Ата - аналардың тәрбие жұмысы процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық - психологиялық білім негіздерімен ата - аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.
Мектептің ата - аналар комитеті мұғалімдерге, ата - аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шефке алуды, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата - аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын, пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты- қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz