КОРЕЙ тіліндегі ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жақсылық Н. А.
КОРЕЙ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ: ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАР НЕГІЗІНДЕ.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
6B02302 - «Аударма ісі (шығыс тілдері) »
Алматы, 2023
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шығыстану факультеті
Қиыр Шығыс кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: « КОРЕЙ тіліндегі ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ: ТЕЛЕХИКАЯЛАР МЕН ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАР НЕГІЗІНДЕ. »
6B02302 - «Аударма ісі (шығыс тілдері) »
Орындаған:
4 курс студенті Жақсылық Н. А.
Ғылыми жетекші:
aғa oқытyшы Кыдырбаев Б. М.
Қорғауға жіберілді
Хаттама № , «» 2023 ж.
Кафедра меңгерушісі Ем Н. Б.
Норма бақылаушы Серикбаева З. А.
Алматы, 2023
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: «Корей тіліндегі қысқартылған сөздерді қазақ тіліне аудару: телехикаялар мен телебағдарламалар негізінде».
Диплом жұмысы 61 беттен, 55 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, тұрады.
Диплом жұмысының құрылымына кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар кіреді.
Диплом жұмысының мазмұны екі тараудан тұрады: 1) Аббревиатураның ерекшеліктерін зерттеудің теориялық алғышарттары. 2) Корей тіліндегі қысқартылған сөздерді қазақ тіліне аударудың ерекшеліктері.
«Корей тіліндегі қысқартылған сөздерді қазақ тіліне аудару: телехикаялар мен телебағдарламалар негізінде» атты диплом жұмысы қазіргі таңда корей жастарының қысқартылған сөздерді жиі қолдануының әсерінен, қысқартылған сөздер телехикаялар мен телебағдарламаларда кең қолданысқа ие болып отырғандықтан, оның мағынасын түсіну және қазақ тіліне тиімді әдіс-тәсілдермен аударуға арналған.
Жұмыстың өзектілігі. Күнделікті өмірде корей жастарының жаппай қысқартылған сөздерді қолдануы корей қоғамына өз әсерін тигізбей қоймады. Сонымен қоса қысқартылған сөздер, корей телехикаялары мен телебағдарламаларында да кең қолданысқа ие болып отыр. Осы орайда телехикаялар мен телебағдарламалардағы кездесетін қысқартылған сөздерді аударудың өзектілігі де артуда.
Қазіргі таңда корей телехикаялары мен телебағдарламаларының кең таралуының әсерінен қазақ қоғамының да қызығушылығын тудырғаны баршаға мәлім. Осылайша қызығушылығы артқан аудитория үшін корей телехикаялары мен қысқартылған сөздерді қазақ тіліндегі аудиторияға түсінікті етіп жеткізу қажеттілігі туындауда. Қысқартылған сөздерді корей тілінен орыс тіліне аударылу ерекшеліктері мен тәсілдерін зерттеуге бағытталған еңбектер кездескенімен, оларды қазақ тіліне аударудың тәсілдері мен ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруға арналған жұмыстар жоқтың қасы. Сол себептен, диплом жұмысының тақырыбын қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі ретінде қарастыра аламыз.
Диплом жұмысының мақсаты - корей тіліндегі қысқартылған сөздердің түрлерін зерттеп, оларды телехикаялар мен телебағдарламалар негізінде қазақ тіліне аударудың әр түрлі тәсілдері мен ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысаны: корей тіліндегі қысқартылған сөздерді қазақ тіліне аудару ерекшеліктері мен әдістері.
Түйін сөздер: аббревиатура, аббревиация, қысқартылған сөздер, акроним, неологизм.
РЕФЕРАТ
Название дипломной роботы: «Перевод сокращенных слов в корейском языке на казахский язык: на основе сериалов и телепередач».
Дипломная работа состоит из 61 страниц, 55 списка использованной литературы.
Структура дипломной работы включает введение, две главы, заключение, список использованной литературы и приложения.
Содержание дипломной работы состоит из двух глав: 1) Теоретические предпосылки изучения особенностей аббревиатуры. 2) Особенности перевода сокращенных слов с корейского языка на казахский.
Дипломная работа «Перевод сокращенных слов с корейского языка на казахский язык: на основе сериалов и телепередач» предназначена для понимания их значения и перевода на казахский язык эффективными методами в связи с влиянием частого употребления корейской молодежью сокращенных слова, так как сокращенные слова широко используются в сериалах и телепрограммах.
Актуальность работы. Широкое использование корейской молодежью сокращенных слов в повседневной жизни не могло не сказаться на корейском обществе. Кроме того, сокращенные слова широко используются в корейских сериалах и телепрограммах. В связи с этим возрастает и актуальность перевода сокращенных слов, встречающихся в сериалах и передачах.
В настоящее время всем известно, что благодаря широкому распространению корейских сериалов и телепередач интерес к ним возник и у казахстанского общества. Таким образом, возникает необходимость донести правильный смысл сокращенных слов в корейских сериалах и телепередачах для казахскоязычной аудитории которая есть повышенный интерес. Хотя имеются работы, направленные на изучение особенностей и способов перевода сокращенных слов с корейского языка на русский, почти отсутствуют работы, посвященные комплексному рассмотрению способов и особенностей их перевода на казахский язык. Поэтому тему дипломной работы можно считать одной из актуальных тем.
Целью дипломной работы является изучение типов сокращенных слов в корейском языке и изучение различных способов и особенностей их перевода на казахский язык на основе телесериалов и телепередач.
Объект исследования: особенности и способы перевода сокращенных слов с корейского языка на казахский язык.
Ключевые слова: аббревиатура, аббревиация, сокращенные слова, акроним, неологизм.
ABSTRACT
The topic of thesis: «Translation of abbreviated words in the Korean into the Kazakh: based on serials and TV shows. »
The thesis consists of 61 pages, 55 list of references.
The structure of the thesis includes an introduction, two chapters, a conclusion, and a list of references and applications.
The content of the thesis consists of two chapters: 1) Theoretical prerequisites for studying the features of the abbreviation. 2) Features of the translation of abbreviated words from Korean into Kazakh.
The thesis work "Translating abbreviated words from Korean into Kazakh: based on serials and TV programs" is designed to understand their meaning and translate them into Kazakh with effective methods due to the influence of the frequent use of abbreviated words by Korean youth, since abbreviated words are widely used in serials and TV programs.
The relevance of the work. The widespread use of abbreviated words by Korean youth in everyday life could not but affect Korean society. In addition, abbreviated words are widely used in Korean dramas and TV programs. In this regard, the relevance of translating abbreviated words in serials and programs is also increasing.
At present, everyone knows that due to the wide distribution of Korean series and TV shows, interest in them has also arisen in Kazakh society. Thus, there is a need to convey the correct meaning of abbreviated words in Korean serials and TV shows to the Kazakh-speaking audience, which is of increased interest. Although there are works aimed at studying the features and methods of translating abbreviated words from Korean into Russian, there are almost no works devoted to a careful consideration of the methods and features of their translation into Kazakh. Therefore, the thesis topic can be considered one of the topical topics.
The purpose of the thesis is to study the types of abbreviated words in the Korean language and the study of various ways and features of their translation into Kazakh based on television series and television programs.
The subject of the thesis: features and methods of translating abbreviated words from Korean into Kazakh.
Keywords: abbreviation, abbreviate, abbreviated words, acronym, neologism.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3 1 АББРЕВИАТУРАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ . . . 6 1. 1 Аббревиатура түсінігі және оның түрлері . . . 6 1. 2 Қазақ тілі мен корей тіліндегі аббревиатураның түрлері мен ерекшеліктері . . . 10 1. 3 Қысқартылған сөздер қолданысының корей қоғамына тигізген әсері. . 19 2 КОРЕЙ ТІЛІНДЕГІ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 24 2. 1 Қысқартылған сөздердің түрлері және олардың телехикаялар мен тедебағдарламаларда кең етек алуы . . . 24 2. 2 Корей тілінен қазақ тіліне қысқартылған сөздерді аударудың негізігі әдіс-тәсілдері: телехикаялар мен телебағдарламалар негізінде . . . 35 Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 58 h
Кіріспе
Әлемдегі барлық тілдер қазіргі уақытқа дейін сан мыңдаған өзгерістерге ұшырап келгенін барлығымыз білеміз. Тілдегі өзгерістер мен жаңалықтар да ғасырлар бойы ғалымдардың назарынан ешқашан тыс қалмаған. Әрине тілдегі қандай өзгеріс болмасын оның оған тигізер пайдасы өте зор деп айтуға болады. Бірақ ең бастысы тілді жойылып кетуден сақтау бұл ең қиын жұмыстардың бірі болып табылады. Қазіргі XXI ғасыр ғылым мен білімнің, ғаламтор мен жылдамдық заманы деп айтар болсақ еш қателеспейміз. Адамзат өз ойын қысқа нұсқа және аз уақыт аралығында жеткізу үшін де әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келді. Оның ішінде қысқарған сөздер, сленгтер тәрізді дүниелер де бар. Ал біздің зерттеу жұмысымызға сай корей тілінде қысқа уақыт аралығында ойды жеткізудің бір жолы ол қысқартылған сөздерді қолдану. Яғни қысқарған сөз бен қысқартылған сөздің айырмашы бар екендігін түсінуіміз қажет. Қысқарған сөздер яғни аббревиатура алдымен барлығына түсінікті және лексика ғылымының жақсы зерттелген бөлігі деп айта аламыз. Ал қысқартылған сөздер жасөспірімдер мен жастардың сөздерді әдейілеп қысқартуынан туындап отырған жайы бар. Мысалы, сөзді ықшамды қолдану үшін және жастардың арасындағы трендтен қалмау үшін, өз ойларын тез әрі оңай жеткізу үшін және т. б. Қысқартылған сөздер тек қана корей тілінде ғана емес ағылшын тілінде де бар құбылыс. Дегенмен олардың қысқартылу жолдары әртүрлі болып келеді.
Қысқартылған сөздің корей тіліндегі әртүрлі атауы бар. Мысалы: 줄임말 [jurimmal], 신조어 [sinjo-eo], 준말 [junmal] тәрізді атаулары өте көп кездесіп жатады [1] . Корейлер осы атаулардың арасынан кез-келгенін таңдап қолданып жатады. Тағы айта кетерлік жайттардың бірі корей қоғамында қысқартылған сөздердің қолданылысына оң көзбен қарайтындар және оның қолданысын құптамайтын адамдар да жетерлік. Кейбір жандардың ойлауынша қысқартылған сөздерді күнделікті өмірде қолдану тілдің бара-бара жойылуына әкеледі деген ойда болса, кейбіреулері керісінше бұл тілдің дамуы деп білуде. Ал біздің ойымызша бұл корей тілінің алға жылжуы мен дамуы деп ойлаймыз. Ал корей жастарының ойынша қысқартылған сөздер өте тиімді әрі ыңғайлы. Және қысқартылған сөздердің қолданысы күнделікті өмірдің бірте-бірде ажырамас бір бөлігіне айналып жатыр дер болсақ еш қателеспейміз.
Корей тілі «корей толқынына» байланысты әлемдегі ең жиі оқылатын тілдердің бірі болып отырғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан да корей тілін оқыған әрбір жан дәл осы корей тіліндегі қысқартылған сөздермен бетпе-бет келеді деп айта аламыз. Қазіргі таңда өте жиі қолданылатын қысқартылған сөздер жайлап теледидар тіліне айналып бара жатқандай. Бұлай айтуымыздың бірден-бір себебі телехикаялар мен телебағдарламаларда өте көп қолданылуында. Және дәл осы қысқартылған сөздерге арнайы түсірілген телебағдарламалар да баршылық. Ал дәл осындай телехикаялар мен телебағдарламаларды біздің қазақ қоғамындағы қызығып тамашалайтын қаншама жастар мен жасөспірімдер бар. Аудармашы ретінде дәл осы қысқартылған сөздерді қазақ тілді көрермендерге дұрыс мағынада аударып беру ол біздің негізгі мәселелеріміздің бірі.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы, Корей тіліндегі қысқартылған сөздердің түрлері мен жасалу жолдарын анықтап, оларды қазақ тіліне дұрыс аудару. Аударудың негізгі әдіс-тәсілдерін табу және аудару барысындағы негізгі қиындықтармен бөлісу.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Корейліктер үшін қысқартылған сөздердің қолданысы күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігіне айналуда. Дәл осы қысқартылған сөздердің қолданысының кең тарағаны соншалықты телехикая мен телебағдарламаларда, айдолдардың беретін сұхбаттарында болсын т. б. жерлерде өте жиі кездесуде. Ал мұндай қысқартылған сөздермен бетпе-бет келген аудармашылар үшін оны аудару және мағынасын дұрыс бере алу өте қиын шаруалардың бірі болып отыр. Ал корей тілінен қазақ тілінде дәл осы қысқартылған сөздер жайлы зерттелген жұмыстар жоқтың қасы. Демек телехикаялар мен телебағдарламаларда кездесетін қысқартылған сөздерді корей тілінен қазақ тіліне дұрыс аудара алу және қазақ тілді көрермендерге барынша дұрыс мағынада жеткізе алу диплом жұмысының өзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Корейліктер мен корей жастарының күнделікті өмірде ең жиі қолданатын қысқартылған сөздерін анықтау, қысқартылған сөздердің жасалу жолы мен түрлерін жіктеп көрсету. Сонымен қатар телехикаялар мен телебағдарламаларда кездескен қысқартылған сөздерді тауып, оны қазақ тіліне сауатты аудару. Қысқартылған сөздер жайлы зерттеу жұмыстары өте аз болғандықтан, осы зерттеуге кішкенеде болсын үлес қосу.
Осы мақсатқа жету үшін, төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
- Қысқартылған сөздердің жасалу жолы мен қолданысына байланысты жіктеу;
- Қысқартылған сөздерді телехикаялар мен телебағдарламалар ішінен эпизодтарын тауып оларға талдау жүргізу;
- Корей тілінен қазақ тіліне қысқартылған сөздерді аударудағы негізгі кездесетін қиындықтарды анықтау;
- Қазақ тілді аудиторияға қысқартылған сөздер кезіккен телехикаялар мен телебағдарламаларды дұрыс және сауатты аудара алу жолдарын анықтау.
Жұмыстың теориялық әдіснамалық негіздері: Ғылыми еңбекте мәселені зерттеуде қысқартылған сөздер жайлы зерттелген жұмыстар негізге алынды. Нақты айтқанда, корей тіліндегі және ағылшын тіліндегі зерттелген жұмыстар негіз болды.
Зерттеудің әдістері: Диплом жұмысының зерттеу әдісі корей қоғамын алаңдатып отырған қысқартылған сөздердің жасалу жолдары мен қолданысын зерттеу арқылы оның корей тіліне тигізген ықпалын анықтау. Және қазақ тілді аудиторияға телехикаялар мен телебағдарламалар негізінде қысқартылған сөздерді дұрыс аударып, жеткізу әдіс-тәсілдері қарастырылды. Жұмысты жазу барысында анализдік және статистикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қысқартылған сөздерді телехикаялар мен телебағдарламалар негізінде корей тілінен қазақ тіліне аудару барысында мына төмендегі мәселелер шешімін тапты:
- Корей тіліндегі қысқарған сөзбен қысқартылған сөздердің айырмашылығы анықталды;
- Қысқартылған сөздердің жасалу жолы мен қолданысына қарай бірнеше топтарға бөлінді;
- Телехикаялар мен телебағдарламалар негізінде қысқартылған сөздерді қазақ тіліне дұрыс аудару алу мен аударманың қай түрі қолданылатыны анықталып, зерттелді.
Жұмыстың теориялық маңызы: Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінде корей тілі мен қазақ тіліндегі қысқарған сөздердің жасалу жолдары жіктелеген. Сонымен қысқарған сөздердің екі тілдегі ерекшеліктері де қарастырылған. Аббревиатура мен аббревиация ұғымдарына түсінік берілген. Және де қысқартылған сөздер қолданысының корей қоғамына тигізген әсері мен қысқартылған сөздерді жастардың не себепті қолданатындарына дейін сауалнамалар көмегі арқылы талданған. Ал ең маңызды дүниелердің бірі қысқарған сөздер мен қысқартылған сөздердің айырмашылығы айқын қарастырылып дәлелденген.
Жұмыстың практикалық маңызы: Дипломдық жұмыстың нәтижелерін корейтану мамандығы оқытылатын жоғарғы оқу орындарды қысқартылған сөздерді үйрету барысында қолдануға болады. Сонымен қатар телехикая мен телебағдарламаларды корей тілінен қазақ тіліне аудару барысында қысқартылған сөздер кезіккен жағдайда да бұл жұмыста жазылған материалдарға сүйенуге болады.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарауға байланысты жеке-жеке тұжырымдар мен қортындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. Бірінші тарауда аббревиатура түсінігі мен оның корей және қазақ тіліндегі түрлері туралы айтылады. Корей тілі мен қазақ тіліндегі аббревиатуралардың айырмашылығы зерттелді. Сонымен қатар қысқартылған сөздер қолданысының корей қоғамына тигізген әсері зерттелді. Екінші тарауда қысқартылған сөздердің түрлері жасалу жолына және қолданысына байланысты әртүрлі топтарға жіктелді. Және де корей телехикаялары мен кездескен қысқартылған сөздерді тауып олар қазақ тіліне аударылды. Сонымен қатар аудару барысында қандай әдіс-тәсілдер қолданылғаны зерттеліп жазылды. Қортындыда жұмысқа байланысты түйіндер, қорытындылар келтіріліп, соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
АББРЕВИАТУРАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ Аббревиатура түсінігі және оның түрлеріXXI ғасыр ғылым мен білімнің дамыған заманында ақпараттың қайнар көзіне айналған, ғаламторсыз әлемді елестету мүмкін емес болып отыр. Ғаламтор, смартфон, планшет, ноутбук, әлеуметтік желі және т. б. біздің қоғамымыз бен әлемдегі адамдардың көпшілігінің өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналып отырған жайы бар. Адам баласы сонау ерте кезден-ақ күнделікті өмірдегі күйбең тіршілікті жеңілдету үшін қоршаған ортадағы заттарды барынша тиімді қолдануға тырысып келген. Аталмыш жайт тек қана күйбең тіршілікпен ғана емес, сөйлесу барысында жаргондар, неологизмдер мен қысқарған сөздерді қолданумен де көрініс тауып отырған. Алғашында олар ауыз-екі сөйлеу барысында қолданылса, кейінірек технологияның дамыған заманында СМС хабарламалар мен газет-журналдарда көптеп қолданысқа ие бола бастады. Сайып келгенде қазіргі таңда адамзат күнделікті өмірде ақпарат алмасу барысында, ойын тез жеткізу немесе сөзді үнемдеу, ықшамдау мақсатында сөздерді қысқартып қолданып жатады. Ал бұл тілдің дамуының негізгі заңдылықтарының бірі болып табылады. Яғни сөйлеуші немесе ақпаратты жазбаша түрде беріп жатқан адам әрқашан өзінің күш-жігерін үнемдеуге тырысады. Ал бұл күрделі қысқарған сөздер мен аббревиатураның қолданылуын толықтай бейнелейді. Сонымен қоса қазіргі таңда аббревиатураларды қолдану үйреншікті жағдай және адамдарға мүлдем таңсық нәрсе емес болып отыр.
Қазіргі таңда көптеген ғалымдардың қызығушылықтарын тудыртып отырған өзекті тақырыптардың бірі адамның менталды қызметі болып отыр. Және дәл осы менталды қызметті лингвистика ғылымы да өз назарынан тыс қалдырмады. Сондықтан да, қазіргі уақытта лингвистика ғылымы, көптеген ғалымдардың айтуы бойынша «когнитивті революцияны» бастан өткеруде. Және когнитивизм аясында когнитивті лингвистика пайда болып XX ғасырдың 80-ші жылдары мойындалған болатын. Когнитивизм ғылымының зерттеу нысаны адам баласының ойлау жүйесі, адамның ақыл-ойы және менталды үдерістерді зерттеу болып табылады. Ал бұл жердегі лингвистика ғылымының зерттеу саласы адами білімнің қалыптасуы, оның адам жадында сақталуы, тасымалдануы, танымдық үдерістердің тасымалдануы жатады [2, 213] .
Ағылшын термині когницияның философиялық энциклопедиядағы мағынасы - «білім және таным» атты мағынаны береді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Н. Болдыревтің сөздеріне сүйенер болсақ «когниция» термині, танымдық үдерісті білдіреді [3, 10] . Сонымен когниция термині - ойлау мен сөйлеу, қоршаған ортаны бақылау мен қабылдаудың жиынтығы. Ал когниция терминінің аббревиатурамен байланысы адамның ойлау және сөйлеу бағытымен байланысты болып тұрғанында.
Коммуникацияны жеңілдету үшін қолданылатын бірден-бір тілдік құрал аббревиатура болып табылады. Олар белгілі бір нысандар мен құбылыстардың адамдарға түсінікті дербес атауы бола алатын өзіндік сөздер болып табылады және адами қарым-қатынастың құралдарының бірі ретінде қолданылады. Аббревиатура сөзжасамның бір түрі, атауларды және сөздердің буындалуы кезінде жаңа дыбыстық әрі графикалық тілдік бірліктерден құралады. Және адам баласы шындықты белсенді әрі бейнелі түрде қабылдау арқылы аббревиатураны түсінеді. Алайда құралған тілдік бірліктердің барлығы дерлік дербес түрде қолданылып, аббревиатура бола бермейді. Себебі олар қолданыстан шығып, ұмыт қалулары да мүмкін. Және де дәл осы аббревиатуралардың барлығы дерлік рационалды лексикалық бірліктер ретінде қарастырылып жатады. Рационалды лексикалық бірлік болып қарастыруларының бірден-бір себебі оның құрылымында семантикалық, ақпараттық, ықшамдылық, ақпараттық және үнемділік секілді бірнеше ұтымдылық жатқанында [ 2, 214] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz