Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Тарау. ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Дүниетану пәнінің оқыту әдіснемесінің даму тарихы ... ... ... ... .5
1.2 Дүниетанымды оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 8
2 Тарау ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1 Дүниетанымды оқыту әдістемесінің теориялық негіздері ... ... ... ...10
2.2 Дүниетаным оқыту әдістемесі бойынша жұмысты ұйымдастырудың негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
3 Тарау ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 18
3.1 Дүниетану пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.2 Дүниетанымдық білімді игеру деңгейін бағалау және бақылау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: бастауыш сынып оқушыларының зерттеу қызметін ұйымдастыруға бағытталған заманауи бастауыш мектептің талаптарына байланысты.
Дүниетану - бұл табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарына, әлемдегі өз орнына, шындыққа деген көзқарастар жүйесі. Бұл адамдардың философиялық, ғылыми, саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық мұраттары мен сенімдерінің жиынтығы. Дүниетану адамның іс-әрекеті мен мінез - құлқының жалпы бағытын анықтайды. Ғылыми дүниетанымның негізі-ғылыми білім. Бірақ олардың барлығы бірдей дүниетанымдық емес. Сондықтан қазіргі мектептегі білім берудің мақсаты ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жүзеге асырылатын оқу материалының мазмұндық негізін бөлу болып табылады.
Зерттеудің проблемасы қазіргі білім берудің негізі ретінде оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастырудағы мектеп тәжірибесінің қажеттілігі мен бастауыш мектептегі жаратылыстану сабақтарында осы зерттеу аясында зерттеу қызметінің дәстүрлі және стандартты емес формаларының жеткіліксіз дамуы арасындағы қайшылықта жатыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: дүниетанымпәнін оқыту әдістемесі бойынша жұмысты ұйымдастырудың негізгі түрлерін зерттеу және талдау. Оқушылардың дүниетанымдық принциптерді тиімді игеруіне ықпал ететін оңтайлы тәсілдерді анықтауға, сондай-ақ осы пәнді оқыту әдістемесін жетілдіру саласында оқытушыларға арналған ұсыныстарды тұжырымдауға бағытталған.
Курстық жұмысының міндеттері:Дүниетаным әдістемесінің принциптерін талдау.Жұмысты ұйымдастыру формаларын зерттеу: дәрістер, практикалық сабақтар, заманауи технологиялар. Дүниетанымдық дағдыларды қалыптастырудағы мұғалімнің рөлін бағалау.Дүниетанымды оқытудағы заманауи білім беру технологияларын талдау.Оқытушыларға арналған практикалық ұсыныстарды тұжырымдау.
Курстық жұмыстың нысаны: бастауыш мектеп жасында ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1. ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Дүниетану пәнінің оқыту әдістемесінің даму тарихы

Мектепте Дүниетану пәнін пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Айталық; 1-революцияға дейінгі кезең болып саналады. Дүниетану пәнін оқу пәні ретінде орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер шағын және негізгі болып бөлінді. Дүниетану пәнін пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына енгізіліп, олар география, физика, Дүниетану пәнін тарихынан тұрды. Дүниетану пәнін тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне арналып жазылған Дүниетану пәніндан алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев болды.
В.Ф.Зуевтің бұл кітабы Жаратылыс тарихының бейнелері деп аталады. Ол Қазбалар әлемі, Өсімдіктер әлемі, Жануарлар әлемі делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арналған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге арналса, ал үшінші бөлімде зоология материалдары кірістірілген. В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі Дүниетану пәнін 7 бойынша бірінші бағдарлама, әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы болды. Мұнда автор заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған жағдайда ғана суретін қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы Дүниетану пәніндың негізгі оқулық ретінде қолданылды.
XIX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Дүниетану пәнінды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Дүниетану пәнін жеке пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде Дүниетану пәнін пәнін 2 - сынып пен 4 - сыныпта оқытылды. Пәнді ойдағыдай оқыту үшін мұғалімдерге оқушыларды табиғатқа ғана емес, сондай-ақ фабрикалар мен зауыттарға экскурсияға шығару ұсынылды. Жарлық бойынша барлық гимназия мектептерінде табиғаттың барлық үш патшалығы бойынша табиғи көрнекілік ретінде коллекциялары болу тиіс деп талап етілді. Сонымен бірге жергілікті материалды пайдалануға айырықша көңіл бөлінді.
Уақыт өте келе пән мазмұны өзгерді, тіпті 1828 жылы жалпы білім беретін мектептерде Дүниетану пәнін оқу пәні ретінде ширек ғасыр бойы өткізілмей қалды. Бұл декабристер көтерілісінен соң үкіметтің ғылым атаулыға сенбеуінен туындаған реакция еді.
Дүниетану пәнін мектепке ұзақ үзілістен соң, 1852 жылы оралды. Бекітілген бағдарлама бойынша бастауыш мектептің 1- сыныпында пәнді оқытуға 2 сағат бөлінді. Одан кейінгі сыныптарда сәйкесінше биология, география, физика пәндері оқытылды.
Ал 1864 жылғы жаңа мектеп реформасының жарлығына сәйкес реальдық және сыныпсикалық гимназиялардың бағдарламасынан пропедевтикалық курсы алынып тасталды да, биологияны, географияны және физиканы оқыту пәндік түрі сақталды. Осы кезеңде кіші мектеп жасындағыларға Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесін дамытуға ерекше үлкен үлес қосқан Ушинский Константин Дмитриевич болды.
Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) - бастауыш білім беру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағылардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде Дүниетану пәнін және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады.
К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. Жаратылыс ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады - деп жазды. К.Д.Ушинскийдің бастауыш сыныптарда Дүниетану пәнінды оқыту жөніндегі көзқарастары Ана тілі, Балалар әлемі деген кітаптарында, сонымен бірге мұғалімдерге арналған Ана тілі кітабында және Балалар әлемі оқулығының кіріспесінде ашып көрсетеді. Әдістемелік тұрғыда К.Д.Ушинскийдің кітабы үлкен жетістікке ие және ол ерекше педагогикалық білгірлікпен жазылған деп бағаланаған. Кітап көрнекілік және оқушылардың өздігінен ойлау белсенділігін жүйелі түрде арттыру негізінде құрылған. Кітаптың өн бойындағы материалдар жеңіл, әрі қара пайымнан күрделіге қарай орналастыру принципі сақталынған, әрбір жеке тақырып материалы тұтас кейінгі тақырыптағы материалдармен байланысып отырады.
К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар, педагогтың сөзінің онымен бәсекелесуі қиын деп көрсетті. Сондай-ақ, ол табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика деп есептеді.
Г.Н.Филонов бойынша тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыдан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды төмендегідей қарастырады:
- шынайы дүниені жеке тұлғаның рухани-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру негізіндегі іс-әрекетін мойындауы
және оның адам санасындағы адекватты бейнеленуі;
- тұтастықтықтың жеке тұлғаның интеллектуальдық эмоциональды-еріктік және іс-әрекет тәжірибе
саласына әсерін іске асыру;
- жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру жүйесінде тәрбие процесін дараландыру, еңбек және
оқытуда жеке тұлға мен ұжымнын өзара әсерінің органикалық біртұтастығы;
Оқытудың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен тығыз байланысына негізделген іс-әрекет тәжірибе факторының белсенді қызметі оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың міндетті шарты.

1.2 Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері

Мектептегі оқыту процесінде оқу пәнінің мазмұнының көлемін орнату мен сабақ үшін материалдар таңдар алуда оқытудың әдістерінің маңызы өте зор. Әдіс дегеніміз грек тілінен аударғанда бір нәрсеге жетудың жолын білдіреді. Қызметтіқ басқа түрлеріне қарағанда оқыту әдісінің ең негізі ерекшелігі ретінде оқытушының оқыту қызметі мен оқушының оқу қызметін үйлестіретін екі жақты процессті оқыту көрініс береді. Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған мәселелерді ескере отырып, оқытудағы әдістер ұғымын мынадай негізде анықтап беруге болады. Оқытудың әдістері дегеніміз білімді жоғары турде меңгеруге, белгілі бір дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруға, оқушылардың танымдың белсендігін, дербестігі мен творчестволық мумкіндіктерін дамытуға бағытталған оқытушы мен оқушының бір бірімен өзар байланысты қызметінің тәсілдері. Егер де оқушы мен оқытушының оқу қызметтерінің тәсілдері бір бірімен өзара байланысты болса және оқу процесінің белгілі бір кезеңіндегі оқу, тәрбиелік және дамытушы мәселелерді шешуге бағытталған болса, онда белгіленген әдіс алға қойылған маселелерді шешеді деп ұйғарамыз.
Оқыту әдістерін жіктеудің әртурлі тәсілдері бар. Олар:
- білімнің негізгі бастамалары бойынша.
- ойлаудың логикалық формалары бойынша.
- таным қызметін ұйымдастыру бойынша.
- белгілердің жиынтығы боынша.
Оқушылардың жас ерекшелігі мен Дүниетанукурсындағы мазмұнның ерекшелігін есепке алған 1ші және 4ші сыныптар үшін арналған әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдістерін оқытушының қызметі мен оқушының танымдық қызметін оқытатын білімдерің негізгі бастамалары бойынша жіктеледі. Білімдердің басты негізіне оқулық пен бағдарламаның мазмұнымен анықталатын сөз немесе практикалық қызмет жатады. Білімдерді меңгеріп ұйғару оқытушы мен оқушының қызметінің сипатымен тығыз байланысты. Егер де білімдерді меңгеріп, жеткізу сөз арқылы, көрсету арқылы және практикалық жұмыстар арқылы жүзеге асырылған жағдайда оқыту әдістері ауызша, көрнекілік және практикалық негізге топталады. Оқытудың ауызша әдістерін қолдану кезіндегі білімдерің басты негізі ретінде мұғалімнің сөзі көрініс береді. Мұғалім пікірлесудің, әнгімелесудің процесі кезінде немесе сәйкес ақпаратты тусіндіруде және бұған әртүрлі көрнекі оқу қуралдарын пайдалану процесі кезінде белгілі бір білімдердің жүйесін бере алады. Ал оқушылар бұларды үйғарып мұкият тыңдап есте сақтау кезінде меңгере бастайды. Мұғалімнің оқыту қызметі оқушыларға білімді сөзбен жеткізу. Ауызша әдістер көрнекі және практикалық әдістермен тығыз байланысты. Мысалы: демонстрациялық тәжірибелерді жүргізу кезінде оқытушы оқушыларға бул тәжірибеге қалай дайындалғандығы жайында және осы тәжірибені қарастырып, бақылау кезінде басты назарды неге аудару керектігі жайында әнгімелейді. Практикалық әдістерді қолдану сонымен бірге ауызша және көрнекілік әдістермен өзара байланыста болады. Лабораториялық практикалық жұмыстарды орындауға дайындық, оларды орындаудың барысы мен ондағы нәтижелерді көркемдеу алдын ала жоспарланып қойылады, яғни жұмысты қалай орындау жайында, тәжірибе мен байқауды қалай жүргізу керектігі жөнінде оқушылармен алдын ала әнгіме жүргізіледі. Бүкіл практикалық әдістерді қолдану кезінде өздігінен дербес жұмыс істеу өте маңызды, өйткені мұндай жұмыстың процесі негізінде оқушылар творчестволық сипаттағы әртурлі мәселелерді орындай алады. олар белгілі бір обьектінің немесе процесстің мақсатқа лайық қарастырылуын және оның басты белгілері мен ерекшеліктері ойңын көрсетуге қол жеткіздіру керек.
"Дүниетану" пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал "Дүниетану"пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады
Дүниетану сабақтарында тәжірибелер оқытушының басшылығымен жүргізіледі. Оқытушы тәжиребеге қажетті обьектілер мен жабдықтарды таңдап алып, топтық немесе индивидуальды сипаттағы жұмыстың формасын анықтап алады. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақта тәжиребе жүргізер алдында, оқушыларға белгілі бір тапсырмалар беріп, мәселелі жағдай тудырады. Оқытушы тақтаға тақырыпты, тәжірибенің мақсатын, жүргізу жоспарын және нәтижелерді белгілеудің жоспарын жазып қояды. Тәжірибе жоспарымен танысу барысында жауапты тәжірибенің нәтижесі ғана беретіндігі жайлы гипотеза көрініс береді.
Лабораториялық жұмыстар жүргізу кезінде оқушылар тікелей аспаптармен, жабдықтармен жұмыс істейді, Бақылау күнделіктерін толтырып, нәтижелерді белгіліп отырады. Мұның бәрі оқушыны дербес әрекет етуге үйретеді.
Практикалық және дербес, өзіндік жұмыс жүргізу ұғымдары оқушылардың білімді мегеруі жөніндегі практикалық және дербес, өзіндік қызметтерін ұйғарады. Балаларға өзіндік жұмыстар көп берілген сайын, олар білімді меңгеруге деген дағды мен қажет тілікке қол жеткізеді "сыныптан" сыныққа өтудегі практикалық жұмыстардың ұзақтығы артып, олар күрделене түспек. Алғашқы практикалық жұмыстар өңделген жоспар үлгі бойынша жүргізіледі, кейін мұндай жұмыстардың денгейін мұғалім жоғарылатып, оқұшыларға творчестволық сиппатағы тапсырмалар беріледі. Форма бойынша практикалық жұмыстар индивидуальды, топтық және фронтальды болып бөлінеді. Осының негізінде білімдер мен практикалық іскерліктер қалыптасады.

2. ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
2.1 Дүниетануды оқыту әдістемесінің теориялық негіздері

Дүниетаным ұғымы адамның әлемге көзқарасын, оның құндылық бағдарларын және құбылыстар мен оқиғаларды бағалаудың негізгі принциптерін анықтайтын философиялық, әлеуметтік-мәдени және моральдық нанымдар жүйесін қамтиды. Дүниетаным әлеуметтену процесінде қалыптасады және табиғат, қоғам, адам, өмірдің мақсаттары мен мағыналары туралы идеяларды қамтиды.
Білім беру үдерісіндегі дүниетанымның рөлі алынған білімді түсіну және түсіндіру үшін негіз құру болып табылады. Бұл іргелі тұжырымдама адамның ойлауын, жеке дамуын және мәдени контекстін қалыптастыруға терең әсер етеді. Білім беру процесінде дүниетанымның рөлінің бірнеше аспектілерін қарастырыңыз:
Құндылықтар мен мақсаттарға бағдарлау. Дүниетаным студенттерге өздерінің құндылық басымдықтарын анықтауға және оқу мақсаттарын түсінуге көмектеседі. Бұл пәндерді, оқу курстарын және кәсіби траекторияны таңдауға әсер етеді. Сыни ойлауды қалыптастыру.
Өзін-өзі тануға бағдарлау. Білім беру процесінде дүниетаным өзін-өзі тану құралына айналады. Сонымен, дүниетаным студенттің білім беру тәжірибесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, оның оқу және жеке қызметінің барлық аспектілеріне әсер етеді.
Пәнаралық: дүниетаным пәні көбінесе философия, мәдениеттану, діни зерттеулер мен әлеуметтану элементтерін біріктіретін пәнаралық болып табылады. Мұғалім оқушылардың тұтас көрінісін қалыптастыру үшін әртүрлі пәндерді біріктіре білуі керек.
Философиялық ойлауды қалыптастыру: дүниетанымды оқытудың негізгі міндет оқушылар философиялық ойлауын дамыту болып табылады. Мұғалім олардың талдау, сыни ойлау және рефлексия дағдыларын қалыптастыруға ықпал етуі керек.
Жеке тұлға: дүниетаным оқушылардың жеке басына, оның сенімдері мен құндылықтарына тікелей байланысты. Мұғалім осы жеке аспектіні ескеріп, студенттерді өзін-өзі тануға және олардың дүниетанымын саналы түрде таңдауға ынталандыруы керек.
Белсенді өзара әрекеттесу: дүниетанымды оқыту көбінесе оқушылар белсенді қарым-қатынасты қажет етеді. Бұған пікірталастар, жағдайларды талдау, сондай-ақ жеке зерттеулер жүргізу кіруі мүмкін. Оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуы маңызды.
Бағалау ерекшелігі: дүниетаным пәніндегі оқушылар бағалау басқа пәндерге қарағанда аз формальды және стандартталған болуы мүмкін. Себебі бағалау фактілерді білуді ғана емес, сонымен қатар оқушылар өз көзқарасын дәлелдеу, талдау және қорытынды жасау қабілетін де қамтуы мүмкін.
Қазіргі заманғы сын-қатерлерге сәйкестік: дүниетанымды оқыту өзектілікті және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен проблемаларға сәйкестікті талап етеді. Мұғалім материалды заманауи шындыққа бейімдеуге және студенттерге алған білімдерін қазіргі қоғам контекстінде қолдануға мүмкіндік беруге дайын болуы керек.
Жалпы, дүниетаным пәнін оқыту оқытушыдан икемділікті, шығармашылықты және студенттердің жеке ерекшеліктерімен тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін талап етеді.
Дүниетанымдық пәндерді оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері студенттердің ойлауын, құндылық көзқарастарын және жеке дамуын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Бірнеше маңызды аспектілерді қарастырыңыз:
Оқушылардың жеке ерекшеліктері:
Жеке темпераменттер мен оқыту стильдері: оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, мысалы, оқу стилі, ақпаратты қабылдауды қалау және білімді игеру қарқыны тиімді білім беру процесін ұйымдастыру үшін маңызды.
Сыни ойлауды дамыту:
Аналитикалық дағдыларды қалыптастыру: дүниетанымдық пәндерді оқыту сыни ойлауын, әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау, олардың сенімдерін дәлелдеу қабілетін дамытуға бағытталған.
құндылықтарын анықтауға және өз көзқарастарын негіздеуге мүмкіндік беру арқылы интроспекция дағдыларын дамытуға көмектесу маңызды.
Эмоционалды жағымды білім беру ортасын құру:
Оқытудың интерактивті әдістері:
Топтық жұмыс және пікірталастар: топтық әдістерді қолдану студенттерге пікір алмасуға, диалог және мәселелерді бірлесіп шешу арқылы тәжірибелерін байытуға мүмкіндік береді.
Кейс-әдіс және ситуациялық міндеттер: кейс-әдісті қолдану студенттердің практикалық ойлауын дамытатын нақты жағдайларда теориялық білімді қолдануға ықпал етеді.
Өзін-өзі тану процесін сүйемелдеу:
Рефлексиялық тапсырмалар: интроспекция мен рефлексияға бағытталған тапсырмалар студенттерге өздерінің сенімдерін, ойлау процестерін және өз дүниетанымындағы өзгерістерді жақсы түсінуге көмектеседі.
Жеке кеңес беру: студенттер өз сұрақтары мен ойларын талқылай алатын, қолдау мен қосымша түсініктеме алатын жеке әңгімелесу мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды.
Жалпы, дүниетанымдық пәндерді сәтті оқыту студенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып және олардың жеке және интеллектуалды дамуына ықпал ете отырып, педагогикалық және психологиялық тәсілдердің үйлесімді үйлесімін талап етеді.

2.2 Дүниетаным оқыту әдістемесі бойынша жұмысты ұйымдастырудың негізгі түрлері

Дүниетанымдық білімді қалыптастырудағы дәрістердің рөлі және жүргізудің тиімді әдістері:
Дәрістер дүниетанымдық білімді қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады. Оқытушылар дәрістерді негізгі философиялық ұғымдарды ұсыну, ой тарихын шолу, рефлексияны ынталандыру және тақырыпты терең түсіну үшін контекст құру үшін пайдаланады.
Дәріс жүргізудің тиімді әдістері:
Интерактивті элементтер: сұрақтар, пікірталастар және шағын топтар студенттердің белсенді ойлауын ынталандыру арқылы интерактивтілікке ықпал етеді.
Көрнекі құралдарды қолдану: презентациялар мен визуалды құралдар дәрістерді тартымды ету арқылы күрделі ұғымдарды елестетуге көмектеседі.
Нақты мысалдар мен жағдайлар: нақты сценарийлерді тарту студенттерге философиялық тұжырымдамалардың практикалық қолданылуын көруге көмектеседі.
Аудиториямен Диалог: белсенді қарым-қатынас және пікір алмасу мұғалім мен студенттердің өзара әрекеттесуіне ықпал етеді.
Қайталау жүйесін ұйымдастыру: негізгі ұғымдарды қайталау материалдың маңыздылығын көрсетеді және оны игеруге ықпал етеді.
Қызықты әңгіме құру: қызықты әңгімелер ретінде дәрістер құру материалды жақсы қабылдауға көмектеседі.
Дүниетанымды оқытудағы семинар сабақтарының маңызы:
Семинарлар материалды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, аналитикалық және коммуникативті дағдыларды дамытады, сонымен қатар диалог пен теорияны практикада қолдануға мүмкіндік береді.
Семинарларда студенттік белсенділікті жандандыру әдістері:
Топтық талқылаулар: студенттер шағын топтардағы тұжырымдамаларды талқылайды, содан кейін жалпы талқылау өтеді.
Рөлдік ойындар: әртүрлі дүниетанымдық тәсілдерді үйрену үшін жағдайлар мен рөлдік ойындарды пайдалану.
Іс әдісі: нақты жағдайларға теорияны қолдану үшін нақты жағдайлармен жұмыс.
Пікірсайыс құру: әртүрлі көзқарастарды ұсыну үшін ресми пікірсайыстарды ұйымдастыру.
Технологияны қолдану: виртуалды талқылау және пікір алмасу үшін онлайн платформаларды енгізу.
Портфолио қалыптастыру: студенттердің ойларын бейнелейтін портфолио құруды ынталандыру және дүниетанымдық тақырыптарды талдау.
Пікір мозаикасы әдісі: студенттер әртүрлі көзқарастардың мозаикасын құра отырып, қысқа мәлімдемелер береді.
Семинарлар студенттерді жандандырып, білім беруді ғана емес, сонымен қатар сыни ойлауды дамытуға ықпал етуі маңызды.
Оқыту әдістемесінің практикалық аспектілері:
Білімді қолдануға баса назар аудару: практикалық сабақтар философиялық мәселелерді талдау және шешу үшін тапсырмалар мен жағдайларды енгізу арқылы нақты сценарийлерде дүниетанымдық білімді қолдануға баса назар аударады.
Мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру: құрылымдық жаттығулар студенттердің күрделі дүниетанымдық мәселелерді талдау және шешу дағдыларын дамытуға көмектеседі, өз көзқарастары мен шешімдерін ұсынуға шақырады.
Интерактивті әдістер: жағдайларды талқылау, рөлдік ойындар және топтық жобалар сияқты әдістерді қолдану студенттердің материалмен белсенді өзара әрекеттесуіне ықпал етеді.
Шынайы өмірмен байланыс: оқытушылар күнделікті өмірде дүниетанымдық идеялардың қолданылуын көрсету үшін нақты өмірлік жағдайларға қатысты практикалық мысалдар мен сценарийлерді ұсынады.
Технологияны қолдану: жағдайларды модельдеу, вебинарлар жүргізу және виртуалды жағдайларды жасау үшін технологияларды енгізу практикалық сабақтарды байытады.
Дүниетанымдық ойлауды қалыптастырудағы жеке зерттеулердің рөлі:
Талдау қабілетін дамыту: жеке зерттеулер сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ете отырып, дүниетанымдық тақырыптарды терең талдауды қажет етеді.
Зерттеу дағдыларын қалыптастыру: студенттер зерттеу сұрақтарын қоюды, ақпаратты талдауды және зерттеу құзыреттіліктерін дамыта отырып, қорытынды жасауды үйренеді.
Шығармашылықты ынталандыру: жеке жобалар студенттерге шығармашылық ойлауды дамыта отырып, өз идеялары мен көзқарастарын білдіруге мүмкіндік береді.
Жеке өсу: студенттер дербестік пен жауапкершілікті дамытады, бұл олардың жеке өсуіне және өздерінің дүниетанымдық көзқарастарын жақсы түсінуге ықпал етеді.

2.3 Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру

Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу, білім беру жүйесінде олардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып дүниетанымын, наным, сенімін қалыптастыру мәселесі тәрбиенің өте маңызды мақсаты.
Ғылыми көзқарас, дүниетаным жеке адамға өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге мүмкіндік береді, сонымен қатар оған объективті баға беруге мүмкіншілік жасайды. Осының бәрі дүниетанымның қажетті қызметі бағыттаушылық, хабарлау, айқындау, бағалаушылық. Мұндай сапасы арқылы ол көптеген көрсеткіштің маңызды цементтеуші жүрек жарды негіздері идеялық, ғылыми және адамгершілік-эстетикалық дамуын қалыптастырып, ынтасын, күресте мұқалмауын қоғамның гуманитарлық идеалын жүзеге асыру үшін күреседі.
Дүниетаным адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өміріне, табиғатқа, өміріне көзқарасы және сенімі. Адамның өмірлік поэзиясының, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекетінің тірегі, көрсеткіші. Сондықтан оны қоғам құрметтеп, зор баға береді.
Дүниетаным деген сөздің маңызына көз жіберсек, оның адам мінездемесінде атқаратын негізгі роліне орнына маңыз бере қарасақ, оның лексикалық құрылымына көңіл аударсақ та жеткілікті. Ол екі сөзден түзілген: дүние және таным мир и соззрение. Осыны ой елегінен өткізсек, дүниетаным адамның санасының өзінше ерекше түрі, қоршаған ортаға оның көзқарасы, дүние және сол дүниеден оның алатын орны.
Осыған орай ғылыми дүниетанымның, құрылымдық компаненттерінің төрт түрінің бар екенін ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетеді. Олар: ғылыми білім жүйесі, сенім, адам мұраты, дүниетану.
Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы адам табиғаттың және қоғам құбылыстарыңың объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғынады. Ғылыми білім адамды қалыптастырудың және дүниені танып білуінің үлкен тірегі. Ғылыми білім арқылы қабылдаудың нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына сеніміне айналады. Сондықтан жеке адамға қаратып айтылған ескертпе сөздерде сенімінде ғылыми база болсын дейтін пікір кездеседі.
Дүниетаным жеке адамның өзін қоршаған ортадағы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды түсініп, байымдау арқылы, ой тұжырымдауы. Адамның пайда болуы туралы бүгінге дейін екі ұдайы пікір қалыптасқан. Мысалы, бірі материалистік тұрғыдан дәлелдесе, екіншісі адамды жаратушы Алла Құдадеген тұжырым жасайды - мұны діни пікір дейді.
Сенім терең, тиянақты ойланып қортылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның. Бойына нық орнап, қалыптасқан өмірлік позициясы, оның беріктігін айқындайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идеялардың ішінен адам сенімін тауып алу, шындықты терең танудың жгізі, соны берік үстау.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адамның жоғары мұрат-мақсаттары, өмірде ілгері ұмтылушылық, талаптанушылығы. Біздің бүгінгі жағдайда әлеуметті өмір қажеттілігін, жеке бастың өз мүмкіншілігін айкын сезініп әрекет арқылы алдына койған биік мақсатқа кол жеткізуі.
Дүниетанымының қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық жасайды. Дүниетанымның қалыптасуына әр түрлі факторлар микроорта мен тәрбие, ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Әрине әр адамның өмірге өз көзқарасы болады, ол оның табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасы арқылы көрінеді. Оның сапалығы өмірлік тәжірбиесі мен ғылыми әзірлігіне байланысты бағаланады.
Дүниетанымдылық білімін оқушылар дене және ақыл күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игеріледі. К.Д. Ушинский Әрбір сынып ең төменгі сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек, әр жыл сайын бұл көзқарас тереңдетіліуі, кеңейтіліп толықтырылуы тиіс, -деп жазады.
Бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалар кандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керек?
Оқыту мен тәрбие барысында әр кезеңге байланысты білім берудің мазмұны, тереңдігі оларды оқушыларға түсіндіру, оқу, тәрбие бағдарламаларында белгіленген. Онда оқушылардың жас ерекшілігі және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынған.
Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғат құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріне олардың алатын орны туралы ғылыми білімнің бастапқы негізгілерін игереді. Олар Отан, халықтар достығы т.б. мәселелерді түсінеді.
Сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу процесінде дамиды. Сонымен бірге, еңбек оған көзқарастары қалыптасады, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Оқытудың өмірімен байланысы қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңіп, тереңдейді, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Өздеріне және басқа адамдарға талап қоя білуге, әділетті, адал болуға тырысады.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйрену керек.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сиякты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Адам табиғат, қоғам - біртұтас дүние
Екінші сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқушының негіздеріне технологияның талғама жасау
Үшінші сынып дүниетануын оқытудағы ерекшеліктер
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану әдіснамасы
Пәндер