Қазақ оюларының сырлары
М.Маметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сабақта ұлттық ою -өрнекті пайдалана отырып , дамыту оқыту технологиясын қолдану
Студенттің аты-жөні : Муратбеков Балаби
Оқытушы: Жетілгенова Айнур
Тобы: КЕ-20
Қызылорда ,2024 жыл
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ою-өрнек ұлттық құндылық
Қазақ оюларының сырлары
2.3 Еліміздегі ұлттық нақыш тәрбиенің негізі
2.4 Дамыта оқыту технологиясы, қолданылуы
ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлімі
Мектеп оқушыларының ұлттық ою-өрнекті пайдаланып , дамыта оқыту технологиясын қолдану
ІҮ. Қорытынды
Ү. Пайдаланылған негізгі және қосымша әдебиеттер
Кіріспе
Ұлттық ою - өрнектер халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым- қатынаста болғандығы мәлім.
Зерттеу мақсаты:
Халқымыздың көркем мұрасы ою-өрнек өнерінің мектепте қолдану аясын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
:: Ою-өрнек өнерінің шығу тарихы мен сол заманғы қоғам дамуы.
:: Ою-өрнекті тұтыну қажеттілігі мен орындалу техникасы.
:: Өнердің жаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу.
:: Заман талабына сай халқымыздың ұлттық мәдениеті мен рухани мұраларын ою-өрнек өнері арқылы ұрпақ санасына сіңіру.
Зерттеу нысаны:
Ою-өрнек өнерді тұтыну қажеттігін анықтап, жүйелеп, қазіргі мектеп өміріне енгізу.
Зерттеу пәні: көркем еңбек
Зерттеу құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, тәжіриебе бөлімі, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің өзектілігі:
Ұлттық ою-өрнектерді зерттей отырып, ата - бабаларымыздан қалған мұраны жас ұрпаққа дәріптеу.
Зерттеудің жаңалығы:
Ғасырлар бойы келе жатқан ою - өрнектерді ғылыми тұрғыда талдап, жаңа заман талабына сай мектеп өміріне енгізу жолдарын қарастыру.
Жұмыстың орындалу әдістері:
Бүгінгі тақырыпқа байланысты туындап отырған мәселеге қатысты ғылыми әдістеме көздерін теория түрінде талдау.
Оқушылардың ою-өрнек өнеріне деген оқу танымдық шығармашылығын, іс әрекетін талдау.
Жұмыстың нәтижесі:
Ата-бабаларымыздың жинақтап дайындаған бай тәжірибесін қолдана отырып, ою-өрнектің технологиясын таңдап алудағы оқушының іскерлігін, шеберлігін қалыптастыру.
Мектеп өміріне заман талабына сай ою-өрнектерді әр түрлі тәсілдермен еңгізу жолдарын оқушыларға көрсету. Олардың ұлттық өнерге деген көз-қарасын, қызығушылығын дамыту.
Негізгі бөлім
2.1 Ою - өрнек ұлттық құндылық
Тарихы жоқ ел тамыры жоқ ағаш секілді деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Ұлттық ою-өрнекте ата-бабаларымыздың өсиеті сақталған, олардың мәнін ашу арқылы біз өзімізді тани аламыз.
Ежелгі заманнан адам өзіннің таным-түйсігін, пәлсапасын тасқа, тұрмыстық бұйымдарға бейнелей отырып, тіршіліктің мәнін, өмірдегі өз орнын іздеген. Діннің пайда болуымен адам баласы, айналасындағы заттарға өз дінінің қағидаларын бедерлей бастады. Қазақтың ою-өрнегі ғасырлар бойы қалыптасты және оған тәңіршілдік пәлсапа бойынша өмір сүрген ежелгі түркі халықтарының дүниетанымын түсінуге деген ұмтылыс арқау болды.
Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті - б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында юатыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б. VIII - III ғасыр ларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды азиялық скифтер деп, ал парсы тарихшылары сақ деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.
Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін тануға болады.
Бұған дәлел - қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті. Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.
Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Бұйымдарда жан - жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген.
2.2 Қазақ оюларының сыры
Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өренктер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын байқау қиын емес. Оюлардың ертеден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Ал көне түркілердің түсінігі бойынша құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі болған. Сол қазақ ою-өрнегінің мақлұқаты, нәубет аты, ғарыштаты, тікесызықты, нышандық, танымдық т. б. сарындарының мазмұнын байыта түскені белгілі. Сондықтан ежелден келе жатқан ою-өрнектердің нұсқасынан аңды, жан-жануарлар мен құстарды жиі тұспалдап тұрғанын аңғару қиын емес.
Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.
Ою-өрнек - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңға мазмұн беру.
1.Кемпірқосақ ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар: көк түс - аспанның символы, ақ түс - ақиқаттың, қуаныштың символы, сары түс - ақыл парасаттың, қайғы мұңның символы, жасыл түс - жастықтың,
көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырады .
2. Күн ою-өрнегі күнді тұспалдап тұратын ою. Күн оюы кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бейнелеуде қолданады.
3. Жұлдызқұрт ою-өрнегі ши орауда, сырмақтың шеткі жиегінде кездеседі. Ол ақ пен қарадан, қызыл мен жасылдан, көк пен сарыдан бунақталып келеді.
4. Жұлдызгүл ою-өрнегі бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды. Тұскиіз, төсекжапқыш, беторамалдың ортасына және сырт киімнің арқа тұсына немесе шапанның етегінің алдыңғы бетінің екі бұрышына салынады.
5. Жұлдыз. Бұл өрнек геометриялық сынық сызықты тұспалдайды, кейде жұлдыздың натуралдық қалпын кестелейді. Жұлдыздың бейнесі композицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі және бес жұлдыздың бейнесі ап-анық көрініп тұрады.
6. Төртайшық ою-өрнегі айды тұспалдап тұрады. Төртайшық ою-өрнегінің әрбір тармағы төрт ай секілді жай элементтен құралған. Бұл төртайшық элементтерінен шексіздікке ұласатын ою-өрнектер қиюға болады.
Қырықмүйіз ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше ьармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).
Сынықмүйіз морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалаталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісімалдың сынған мүйізіне ұқсайды.
Төртқұлақ ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, төтбұрыш, төртжапырақ құрайтыною-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, ебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегінің ортасына немесе шет бұрыштарына салынады.
Үшқұлақ, Үшжапырақ ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты болып бейнеленеді. X-XI ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.
Түйемойын ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен тұтас келеді де, түйемойын өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.
Құсқанаты ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат щақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек.
Жіліншік ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Жіліншек өрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз, тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданады).
Тіс ою-өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, ақ-қара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны тіс, иттіс деп те атай береді.
Таңдай ою-өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диагональ тәрізді өрнек. Бұл өрнек ағаш, мүйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің жағасына, кимешектің жағына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі тектес халықтарда кездеседі.
Бөрікөз ою-өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың басын, құлағын, сондай-ақ бөріқұлақ деп аталатын жапырақты бейнелейтін ою-өрнек бөріқұлақ деп аталады.
Итқұйрық ою-өрнегінің сырт көрінісі иттің қайқайып тұрған құйрығына ұқсас, көбінесе сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен ағаш төсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады.
Тоғызтөбе ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде тоғызтөбе ою-өрнегі Айша-бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.

Арқармүйіз деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың бір түрі. Бұл элемент қошқармүйізге өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарына кездеседі).
Сыңармүйіз қосмүйіз, қошқармүйіз деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған сыңармүйіз өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару- жарақ т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі. Және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.

Ұлттық тәрбие деген термин кез - келген ұлтқа байланысты айтылатын ұғым. Өйткені, қандай ұлт болса да тәрбиесін өз тілінде ұлттық тәлім тәрбие тәжірибесіне байланысты жүргізеді. Сәндік қолданбалы өнері халқымызда ұлттық тәрбиемен тікелей байланысты. Көркем өнердің қазақ халқының ұлттық мәдениетінде алатын орны, маңызы ерекше. Тәуелсіздік алған қазақ халқының мерейі өсіп, мәртебесі биіктеп келеді. Мемлекетімізді өркениетті елге айналдыру үшін ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, көркейту қажет. Ұлттық мәдениеттің ауқымы кең. Ол -- ең бастысы тілімізді, дінімізді, салт - дәстүрімізді, ұлттық өнерімізді дамыту.
Ежелден келе жатқан қасиетті дәстүр, тәлім - тәрбие. Ұлттық өнерге баулу -- жас жеткіншектерді жан - жақты тәрбиелеудің негізгі құралы. Қазақстан Республикасы өркениетті елдің қатарына қосылу үшін оқушыларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Ата - бабаларымыздан мирас болып қалған қазақтың ұлттық өнерінің түрлері көп. Оларға жаңаша талдау жасау қажет. Ұрпақ тәрбиелеуде қазіргі кезде ұлттық педагогиканы негізге алу басты міндет. Ұлттық педагогика - ол халықпен бірге дамып оқушыларға ұлттық тәрбие беруде қолданып келе жатқан, қайта жаңғырған тәрбие арқауы. Ұлттық тәрбиені оқушыларға бойына қалыптастыруда көркем - өнердің маңызы ерекше. Қазіргі Тәуелсіз мемлекетіміздің туы желбіретіп, келер ұрпағымызға еліміздің еңсесін түсірмей, оны ары қарай өрлете түсу үшін қоғамға саналы, білімді, ұлттық намысы бойында тасып тұрған "қазағым, елім" дейтін азаматтарды тәрбиелеу қажет.
Оған атсалысу -- аға буынның, ұстаздар мен тәрбиешілердің, отбасындағы ата - аналардың міндеті. Қолданбалы қолөнер түрлі ұлттың халықтары сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өрнегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сәндік қолданбалы қолөнері тек ою - өрнек емес, олар математикалық ойдың, есептің, бұрыштық өлшемдерінің сабақтастығының қосындысы, жан - жақты тәрбие құралы. Халық қолөнерін игеру -- оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп мәдени мұрасын қадірлеп дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Сәндік қолөнері - халықтың мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі."Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық" - дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де өзінің даналығы. Қазақ қолөнері көркемдік мол - мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабалардан қалған қандай өнер, қандай қазына бар? Оның бірі - ою - өрнек. Оларды жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз. Ұлттық өнерді, оның ішінде сәндік - қолданбалы өнерді ойдағыдай меңгерген балада ұлттық талғамның қалыптасатыны сөзсіз. Адамның адам болып қалыптасуының құралы -- еңбек дейміз.
Еңбек тәрбиесі -- барлық тәрбиенің қайнар көзі. Өйткені бала алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірмен, өзінің іс - әрекетімен, күнделікті тіршілік қызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын, жемісін береді. Қазақ халқының еңбек тәрбиесіне аса үлкен мән бергені: Еңбек етсең емерсің, Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас, Өнерліге өріс кең, Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер, тағы басқа мақал - мәтелдерінен - ақ көрініп түр.
2.4 Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков)
Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды. Дамыта оқытудық екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.
"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz