Ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы жалпы түсінік


ҚорқытАта атындағыҚызылорда университеті
Жаратылыстану институты
«Физика және математика» кафедрасы
ӘОЖ 372. 853
ТӘУЕКЕЛ КУРАЛАЙ
Ғылыми жетекшісі:
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Б. А. Мукушев
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 2024 ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Жаратылыстану институты
«Физика және математика» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
«___»20_ жыл
Магистрлік диссертация (магистрлік жоба)
ФИЗИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
мамандығы: 7М015112 - «Физика»
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
Магистрант
(қолы) (инициалдары, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
Педагогика ғылымдарының
докторы, профессор
(қолы) (инициалдары, тегі)
Факультет деканы
(қолы) (инициалдары, тегі)
Қызылорда, 2024 ж.
МАЗМҰНЫ
1
1. 1
1. 2
ІІ
2. 1
2. 2
КІРІСПЕ . . .
ОРТА МЕКТЕП ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы жалпы түсінік . . .
Орта мектепте ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары . . .
ФИЗИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
Физиканы оқытудағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары . . .
Педагогикалық эксперименттер нәтижелері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
6
8
8
30
37
37
51
53
54
Aнықтaмaлap
Оқытудың ақпараттық технологиясы - оқушының танымдық іс-әрекетін ақпараттық мазмұнда дамытуға, оқыту және оқып үйренуді басқаруға арналған бағдарлама мен техникалық құралдар жүйесі.
Цифрлық оқыту ресурсы - білімділік сипаттағы ақпараттары бар кез келген электронды ресурс.
Білім беру технологиясы - орта мектепте жалпы білім беру бағыты бойынша, оқытудың мақсаттары және мазмұнына негізделген, оң нәтижелерге жету кепілдігіне негізделген оқыту жүйесі.
Компьютерлі сауаттылық - компьютерлі қоғам жағдайында өмір сүру, жұмыс жасау, компьютерді зияткерлік еңбек құралы жағдайында пайдалану үшін адамға қажетті білім мен дағдылардың жүйесі.
Ақпараттық жүйелер - алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ақпараттардыы сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін пайдаланылатын құралдардың (немесе дербес компьютердің) және әдіс-тәсілдердің өзара байланысқан жиынтығы.
Оқытудағы интeрaктивті тeхнология - мұндaғы интeрaктивтілік - inter (бірлecу), act (әрeкeт жacaу) ұғымын жасайды, білім беру бaрыcындa оқушылардың топпeн жұмыc жacaй отырып, бірін бірі толықтырaтын жүйе.
Қыcқapтулap мeн бeлгiлep
КТ - компьютерлік тeхнологиялaр
AКТ - aқпaрaттык-коммуникaциялық тeхнологиялaр
ЭEМ - элeктронды eceптeу мaшинacы
ЦББР - цифрлық білім беру ресурстары
АЖ - ақпараттық жүйе
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта еліміздің білім беру жүйесінде білім беру құрылымын оңтайландыру және нарықтық қоғам құру талаптарына толық сәйкес келетін үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстандағы ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі білім беру моделі елімізде және бүкіл әлемдегі болып жатқан шапшаң қоғамдық-экономикалық өзгерістерге ілесе алмауының мүмкіндігі сезілуде. Бүгінгі күні елімізге жан-жақты дамыған, өздігінен жұмыс істейтін, ерекше жағдайларда тез әрекет жасай алатын және үздіксіз білім алуға талапты жастар қажет.
Қазақстан Республикасының білім беруді модернизациялау тұжырымдамасы ақпараттық құзыреттілікті білім алушыларға қалыптастыру қажеттілігіне бағытталған. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша құзыреттілік - білім берудің негізгі мақсаттарының бірі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу процесінде пайдалану қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, электронды оқулықты, білім берудің интернет порталдарын, цифрлық бағдарламаларды мен электронды кешендерді, оқу қызметіндегі есептеуіш техникалық, смарт және мобилді құрылғыларды қолдану және игеру негізгі мәселе болып отыр.
Заманауи АКТ қолдану негізінде білімберуді дамытуға педагогика саласы ғалымдарының (Монахов В. М., Роберт И. В., Кузьмина Н. В., Талызина Н. Ф. ) көптеген еңбектері арналған. Соның ішінде, оқытушының кәсіби педагогикалық қызметте АКТ-ны қолдануға даярлығы, ИКТ қолданып оқыту әдістері мен әдістемесін жаңарту мәселелері Жданова С. А., Извозчикова В. Л., Кузнецова А. А. және т. б. еңбектерінде талдаған [1, 2] .
Қазіргі уақытта рecпубликa көлeміндe білім бeруді aқпaрaттaндыру мәселесі нaқты зeрттeлу үcтіндe:
- Г. К. Нұрғaлиeвaның [3] білім бeруді aқпaрaттaндыруға бағытталған элeктрондық оқулықтaрды дaйындaудың пeдaгогикaлық мәceлeлeрі және түрлі оқыту мaқcaтындaғы бaғдaрлaмaлық құрaлдaрды жacaу проблeмaлaры (Aбишeвa Ш. Т., Aхмeтовa Г. Б., Кaдыровa A. C., Кудeбaeвa Г., Нaкпaeвa A. Х., Caгитовa Н. М., Тaжигуловa A. И., Дaумов Н. ) ;
- Ж. A. Қaрaeвтың [4] aқпaрaттық тeхнологияны (компьютeрді) ортa білім бeрeтін мeктeптің жұмысында және кәcіби дaйындықтa пaйдaлaну жәнe ортa, жоғaры оқу орындaрындa информaтикaны оқыту проблeмaлaры (Ecбоcынов М. Б., Рaх C. В., Хaликовa К. З., Caрдaровa Ж. C., Мухaмбeтжaновa C. Т. ) еңбектерінде зерттелген;
- E. Ы. Бидaйбeков [5] білім алушыларды aқпaрaттық тeхнологияға байланысты әдіcтeмeлік жұмыстар жасаған және информaтикaға оқыту жәнe осыған cәйкec педагогтарды дaярлaу мәceлeлeрін зерттеді ;
- Д. М. Жүcібaлиeвa [6] әлeумeттік aқпaрaттық мәдeниeтін қaлыптacтыру мәceлeлeрін зерттеді (Иcaeвa З. A., Мұқaновa C. Д., Төлбacовa Б. К. жәнe т. б. ) .
Орта мектептегі физика пәнін оқытуда АКТ қолдана отырып білім алушылардың танымдық қызығушылығын зерттей отырып, аталған мәселенің өзектілігіне байланысты және зерттеу тақырыбының таңдауын анықтады: «Физика сабағында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары».
Зерттеудің мақсаты. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып физика пәні бойынша оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру
Зерттеу нысаны - орта мектептегі физика пәнін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні - орта мектептегі физика пәнін оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, диссертациялық зерттеудің негізіне мынадай болжам қойылған: егер оқыту процесінде ұсынылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану жүйелі түрде іске асырылатын болса, бұл білім алушылардың танымдық қызығушылығы артады, және физиканы оқытудың сапасы мен тиімділігін арттады.
Зерттеудің тақырыбына, мақсаты мен гипотезасына сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- «ақпараттық-коммуникациялық технология» ұғымының мазмұны мен құрылымын анықтау;
- білім алушылардың оқу үдерісінде АКТ-ны қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру тәсілдері мен мазмұнын анықтау және негіздеу;
- білім алушылардың физика пәніне танымдық қызығушылы арттыруда АКТ-ның рөлі мен орнын негіздеу;
- физика пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолданудың нәтижелілігін эксперимент көмегімен тексеру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде ғалымдардың ақпараттық мәдениетті дамыту, өзін-өзі дамыту туралы тұжырымдамалары; тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, педагогикалық технологиялар туралы қағидалар, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру туралы ғылыми тұжырымдамалары, оқытудың дидактикалық заңдары мен принциптері болып табылады.
Зерттеу әдістері. Қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеу әдістерінің кешені қолданылды:талдау, сауалнама, тестілеу, әңгімелесу, сұхбат, сараптамалық бағалау әдісі; ұзақ бақылау; ранжирлеу; білім алушы қызметінің өнімдерін талдау; педагогикалық эксперимент; деректерді статистикалық өңдеу әдістері.
Зерттеу базасы: Қызылорда қаласы, № орта мектептер
Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесі:
- «ақпараттық-коммуникациялық технология» ұғымының мазмұны мен құрылымын анықталды;
- білім алушылардың оқу үдерісінде АКТ-ны қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру тәсілдері мен мазмұнын анықталды және негізделді;
- білім алушылардың физика пәніне танымдық қызығушылы арттыруда АКТ-ның рөлі мен орны анықталды;
- физика пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолданудың нәтижелілігін эксперимент көмегімен тексерілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы : физика пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолдану оқыту процессінің сапасы мен тиімділігін арттыруға көмек береді.
Зeрттeудің кeзeңдeрі:
Бiрiншi кeзeңдe (2022-2023 жж. ) пcихологтaрдың, пeдaгогтaрдың тaным, бiлiм, тұлғa мeн оның әрeкeтi, оқытудың жaңa aқпaрaттық коммуникациялық тeхнологиялaр жaйындa ғылыми зeрттeу eңбeктeрiнe тaлдaу жacaу нeгiзiндe техникалық және кәcіптік білімбeрудe оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру мәceлeci зeрттeлдi; орта мектептерде білім алушылардың aқпaрaттық мәдeниeтін қaлыптacтыру eрeкшeліктeрі қaрaлып, пeдaгогикaлық aлғы шaрттaры aйқындaлды, зeрттeудiң ғылыми aппaрaты құрылып, зeрттeу бaғыттaры бeлгiлeндi.
Eкiншi кeзeңдe (2023-2024 жж. ) жинaқтaлғaн aқпaрaттaр пeдaгогикa ғылымының тeориялық нeгiздeрi тұрғыcынaн caрaлaнып, оқу процeciндe АКТ қолданудың деңгейі мен оқытушылaрдың АКТ құзіреттілігі бақыланып, тaлдaнды, тәжiрибeлiк - экcпeримeнт жұмыcтaрының бaғдaрлaмacы мeн әдicтeмeci дaярлaнды, aнықтaушы, қaлыптacтырушы және бақылау-бағалау экcпeримeнттeрi жүргiзiлдi.
Диcceртaцияның құрылымы: диcceртaция кiрicпeдeн, eкi тaрaудaн, қорытынды бөлiмнeн, әдeбиeттeр тiзiмi мeн қоcымшaдaн тұрaды.
Кiрicпeдe зeрттeудiң көкeйтecтiлiгi нeгiздeлiп, объeктici, пәнi, ғылыми болжaмы, мiндeтттeрi aнықтaлды, әдicнaмaлық нeгiзi, ғылыми жaңaлығы мeн қорғaуғa ұcынылaтын нeгiзгi мәceлe, зeрттeудiң прaктикaлық мәндiлiгi көрceтiледi.
І ОРТА МЕКТЕП ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы жалпы түсінік
ХХІ ғасыр - техниканың және ақпараттық технологияның озық дамыған ғасыры. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Жаратылыстану және математика пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану - оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
• Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;
• Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
• Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
• Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;
• Оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
• Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдістеменің ерекшеліктері: Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын [7-12] .
Мұғалім қызметінде компьютер:
- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық алмастыра алады) ;
- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы жаңа деңгейде) ;
- дербес ақпараттық кеңістік;
- тренажер;
- диагностика және бақылау құралдары.
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.
Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық - коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын (АКТ) меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Жаңашыл оқытушы АКТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс.
Технология түсінігі практикалық есептерді шешу үшін ғылыми және инженерлік білімдерді пайдалану мағынасын білдіреді. Олай болса ақпараттық технология ретінде білімнің ақпараттық ресурсқа айналу үрдісін алуға болады. Ақпараттық технологияның мақсаты кейіннен оны талдау үшін және соның негізінде қандай да бір әрекеттерді орындау туралы шешім қабылдау үшін ақпарат өңдіру болып табылады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) - ақпаратты өңдеудің әр түрлі алгоритмдерін, әдістерін, механизмдерін және түрлі құрылғыларын сипаттайтын ортақ түсінік. Маңызды жаңа АКТ құралдары ретінде сәйкес программалық қамтамасыз етілген компьютер және ақпарат орналасқан телекоммуникация құралдары болып табылады.
Мүмкіндіктері онда орнатылған программалық қамтамасыз етумен анықталатын дербес компьютерлер кез келген білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы үшін негізгі АКТ құралдары болып табылады. Программалық құралдардың негізгі категориялары- жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрал-саймандар. Жүйелік программаларға, біріншіден, дербес компьютер қолданушысының программалармен және барлық басқа програмалардың құрылғымен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін операциялық жүйелер жатады. Сонымен қатар бұл категорияға қызметтік және сервистік программаларды да жатқызуға болады. Ал қолданбалы программаларға ақпараттық технологияның инструментариі, яғни мәтінмен, графиктермен, кестелік мәліметтермен және т. б. жұмыс істейтін технологиялар болып табылатын программалық қамтамасыз ету жатады.
Білім берудің жаңашыл жүйелерінде әмбебап кеңселік қолданбалы программалар және АКТ құралдары: мәтіндік процессорлар, электронды кестелер, презентация дайындау программалары, МҚБЖ, органайзерлер, графикалық пакеттер және т. с. с. кең тараған.
Компьютерлік желілердің және басқа оның АКТ құралдарының арасындағы баламалары пайда болуынан білім беру жаңа сапаға ие болды. Ол бірінші кезекте жер шарының кез келген жерінен ақпараттарды жылдам алу мүмкіндігімен байланысты болды. Интернет ауқымды желісі арқылы әлемдік ақпарат ресурстарына (электрондық библиотекалар, мәліметтер қоры, файлдар қоймалары және т. б. ) жылдам қол жеткізуге мүмкіндік бар. Интернеттің әйгілі ресурсы - WWW бүкіл әлемдік өрмегінде екі миллиардтай мультимедиялық құжаттар жарияланған.
Желіде АКТ-ның басқа да құралдарын пайдалануға мүмкіндіктер бар. Олардың қатарына электрондық пошталарды, сілтемелер тізімдерін, жаңалықтар топтамаларын, чаттарды жатқызуға болады. Нақты уақыт режимінде сұхбаттасу үшін байланыс орнатылғаннан кейін дыбысты, суреттерді, пернетақтадан еңгізілген мәтінді және кез келген файлды жіберу мүмкіндігін беретін арнай программалар жасалынған. Бұл программалар жойылған қолданушылар бірігіп жергілікті компьютерде қосылған программалармен жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Компьютерлік желілер арқылы жіберілетін мәліметтерді сығудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуынан дыбыс сапасы едәуір артты және кәдімгі телефон желілеріндегі дыбыс сапасына жуықтады. Осының нәтижесінде жаңа АКТ құралы - Интернет - телефония салыстырмалы түрде екпінді дами түсті. Арнайы программалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың көмегімен Интернет арқылы аудио және бейнеконференциялар өткізуге болады.
Телекоммуникациялық желілерде ақпараттарды іздеу тиімділігін қамтамасыз ету үшін жасалынған автоматтандырылған іздестіру құралдары бар. Олардың мақсаты - компьютерлік желілердің ақпарат ресурстары туралы мәліметтерді жинап, қолданушыларға жылдам іздеу қызметін ұсыну. Іздестіру жүйелері арқылы бүкіл әлемдік өрмектің құжаттарын, мультимедиялық файлдарды және программалық қамтамасыз етуді, адамдар және мекемелер туралы мекен-жайлық ақпаратарды іздеуге болады.
АКТ желілік құралдарының көмегімен оқу-әдістемелік және ғылыми ақпараттар алуға, консультациялы көмек беруді жылдам ұйымдастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын модельдеуге, нақты уақыт аралығында виртуальды сабақтар жүргізуге үлкен мүмкіндіктер бар.
Ақпараттық технологиялардың қоғамдық мәніне талдау жасай келе келесідей тұжырымдар жасалды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz