Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
БӨЖ №2
6В01716-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы
Әдебиеттануға кіріспепәні бойынша
Тақырыбы:Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
Орындаған: Нұрмаханқызы Аида
Тобы:ФҚӘ311А
Қабылдаған: Көшенова Тоты
Түркістан-2024
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
І. 1.1 Нәзирагөйлік дәстүрдің қалыптасу тарихы.
ІІ. XIX ғасыр әдебиетіндегі нәзирагөйлік дәстүрдің таралу кеңестегі.
2.1.Абай қалыптастырған нәзира дәстүрі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Нәзирагөйлік дәстүр қазақтың тілін, салт - дәстүрін, дінін тұғыр еткен дәстүр екендігі анықталды. Алайда бұған дейін әдебиетшілер тарапынан аталған дәстүрге аударма әдебиет деп қана баға беріліп келсе, бұл жұмыста ол барынша кеңейтілді. Яғни нәзирагөйлік дәстүр аударма деген түсініктен әлдеқайда жоғары, әлдеқайда терең. Себебі нәзирагөйлік дәуірлер бойы жалғасып келген емес, ол белгілі бір кезеңде бой көрсетеді де, содан кейін тарих тасасында қалып қойғандай болады. Бір ерекшелігі, нәзира дәстүрі елде мәдени тоқырау, әдеби іркілістер туындай бастаған кезде пайда болады. Билеушілерінен, басшыларынан үміттері үзілген халық көп уақытта рухани мәдениеттерін, рухани болмысын сақтап қалу үшін нәзирагөйлік дәстүрін қолданатын болған. Зерттеу жұмысының өзектілігі осы мәселелерді қамтиды, яғни нәзира дәстүрін қазіргі кезде де кеңінен жүзеге асыруымызға болады. Өйткені тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең қазақ халқы үшін қиындық тудырып отырған кезеңге айналды. Тілін бағаламайтын, салт - дәстүріне күле қарайтын жастар көбейді. Олардың ертеңгі болашағы қандай болары бұлыңғыр қалпында тұр. Көреген ата - бабаларымыз осындай қиындықтардың барлығының шешімін тауып, жандарына түскен жараларын халықтық мұралармен, қисса - дастандармен емдей білген. Нәзирагөйлік дәстүрді жаңаша тұрғыда қарастыру арқылы біз де қисса - дастандардың рухани маңызы, мәні өте жоғары екендігіне, оның әдебиетте замана тудырған құбылыс екендігіне көз жеткіздік. Сонымен қатар нәзирагөйлік дәстүрдің осы кезге дейін ескерілмей келе жатқан бір жағы, оның Қазақстандағы таралу шегі, аймақтық ерекшеліктері, өкілдері толықтай зерттеліп, бағасы толық берілген жоқ. Қазақ әдебиетіндегі жыр, толғау, терме, күйді алып қарастыратын болсақ, олардың белгілі бір дәстүрлі мектептерге жататындығын, жергілікті әдеби мектептердің жемісі екендігін көреміз. Олардың бір - бірінен аймақтық ерекшеліктерін, сөзіндегі, тіліндегі бір - біріне ұқсамайтын өзгешеліктерді зерттеу бүгінгі таңда өнерді қадірлейтін, бағалайтын жұрттың қызығушылығн тудырып отыр. Ал нәзирагөйлікті дәстүрлі мектептерге бөліп, тақырып аясында қарастыру зерттеу жұмысында толықтай жүзеге асырылды.
Жұмыстың мақсат -міндеттері. Нәзирагөйлік дәстүрдің қазақ әдебиетінде қалыптасуы, Абай поэзиясындағы нәзиралық дәстүрдің белгілері жайлы.
- нәзирагөйлік дәстүрдің Қазақстан аумағындағы таралу ерекшеліктерін қарастыру, дәстүрлі мектептер негізінде аталған дәстүрдің көркемдік сипаттарын ашу;
- ХІХ ғасырдағы Абай мен басқа да көрнекті нәзирагөй ақындардың қысқаша шығармашылық өмірбаяндарына зерттеу жасау;
Зерттеу нысаны: XIX нәзирәгөйлік дәстүрді қалыптастыру;
Нәзирагөйлік дәстүрдің қалыптасу тарихы
Нәзира нәзирагөйлік (араб тілінен - жауап, ұқсату мағынасында) - Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Бір ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта жырлауы немесе алғашқы шығармаға екіншінің "жауап" қатуы. Бұл орайда бастапқы туындының сюжеті, кейіпкерлері, өлең ырғағы, ұйқасы, көркемдеу құралдары пайдаланылады. Ол 11 ғасырдан бастап сарай поэзиясында әдебиет тартысы, ақындық талантты сынау құралы ретінде қолданылған. Фердоуси сарынымен Нәзира үлгісінде жыр жазған Низамидың "Хамсасын" бағдарға алған нәзирагөйлік дәстүрі 13 ғасырдан өрістей бастаған. "Хамсаға" ("Бес кітап") "жауап" жазу үрдісі дамып, бір ғана "[[Ләйлі - Мәжнүн" дастанына жүзден астам Нәзира жазылған. Низами дастандарының желісінде Дехлеуи, Науаи, Жәми, Физули сынды шайырлар бай мұра қалдырды. Нәзирагөйлік дәстүрі қазақ поэзиясында да дамыды. Алғашқы мифтерден, "Құран" желілерінен, "Мың бір түн", "Тотынама", "Шахнама", "Ләйлі - Мәжнүн", "Жүсіп - Зылиха", т.б. ізімен жазылған қисса, дастандар қазақ әдебиетінде көптеп саналады. Соның бірі - Шәкерімнің "Ләйлі - Мәжнүн" дастаны (1907). Ал Абайдың ортағасырлық шығыс дастандарынан тамыр алатын "Ескендір" поэмасында нәзиралық үлгіден гөрі "дара сипат" басым. Қазақ әдебиеттану ғылымында Нәзира әдеби үрдісін М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай, Ш.Сәтбаева, А.Қыраубайқызы, Ө.Күмісбаевтар зерттеді.
Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес. Ал қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар бастаулардың бірі - Шығыстың классикалық поэзиясы екені мәлім. Шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді. Енді Шығыстың классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихына тоқталсақ. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап (жауап-арабша нәзира, ал парсы тілінде - татаббу деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шайырлары мұндай туындыларды ешқашанда аударма деп те, еліктеу деп те танымаған.
XIX ғасыр әдебиетіндегі нәзирагөйлік дәстүрдің таралу кеңестігі
ХІХ ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуы мен қатар әр түрлі саяси-әлеуметтік жағдайларға орай қазақ елі ғасырлар бойғы томаға - тұйықтықтан арылып, Батыс пен Шығыстың рухани өмірімен қоян -қолтық араласа бастады. Бұл өзгерістердің сол кездегі қазақ халқының қоғамдық ой санасында белгілі дәрежеде орын теппеуі мүмкін емес еді. Әсіресе, бұл көріністер сол тұстағы ой-сананың көшбасшысы болған қазақ ақындарының шығармалары мен нәзирагөйлік дәстүр негізінде қайта жырланған әрқилы қисса- дастандардан, аударма әдебиеттен анық байқалады. Бірақ аударма өнері мен нәзирагөйлік дәстүрде жырланған туындыларға қазақ ақындарының творчесволық қарым-қатынасы, көбінесе олардың дүниетанымы мен талғамына, біліміне байланысты болғанын аңғарамыз. Алайда бұл әдеби процесте сол кезең көрінісін сыншылдықпен терең де жан-жақты қамтыған Абай мұрасының алар орны мен мән мағынасы бөлекше жатыр. Өйткені, Абай шығармаларының бар болмысын ғылыми тұрғыдан кең көлемде тану жалпы қазақ әдебиетінде орын алған әрқилы күрделі құбылыстардың сырын ашып, табиғатын тануда адастырмас бағыт бере алады. Осы себепті де Абай мұрасындағы нәзирагөйлік дәстүрдің орын алуы, дәстүрлік жалғастық табу сияқты белгілерін жан-жақты біліп, аңғармайынша, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жолындағы кейбір ерекшеліктерді жете меңгерудің өзі қиын.
Осы тұрғыдан қарағанда нәзирагөйлік дәстүрі қазақ әдебиетіне ертерек енсе де, оны жаңа сапа, соны таныммен түрлендіре қолдануға Абай ерен еңбек сіңірген. М.Әуезов Абайға Шығыс классиктерінен енген белгінің бір саласы ретінде нәзирагөйлік дәстүрді сөз еткенде, осы дәстүрдің көрінісі, жалғасы ретінде ақынның үш поэмасына ерекше көңіл бөледі.
Жалпы Шығыс мәдениетін, оның ұлы классиктерін терең бойлай білу нәтижесінде 1934 жылдың өзінде-ақ, Абай мұрасының нәр алған қайнарлары жайлы ақын мұрасын зерттеушілер арасынан тұңғыш рет кең түрде пікір көтерілді. Ұлы ақын мұрасындағы үш қайнарның бір саласы оның шығармаларындағы шығыстық белгілер жайлы күрделі де қиын мәселені сол кезде-ақ зерттеуге көңіл бөлінді.
М.Әуезовтің баспасөзде жарияланған немесе ой жүгіртіп барлаған пікірі ретінде хатқа түсіп, өз архивінде сақталған Абай жайлы ұшан-теңіз деректеріне көз жіберсек, Абай шығармаларының шығыстық белгілерін зерттеуінде, өзінше танып пікір айтуында әр кезеңде әр қырынан келгендігі байқалады. Бұлай болуы заңды да. Өйткені М.Әуезовтің ақын шығармаларын меңгеру, көптеген сырын өзінше ашып, пікір қалыптастыру кезеңдеріне сай аталмыш мәселенің де іліктестік тауып отыратыны бар.
Алғаш рет ақын шығармаларындағы шығыстық белгілер туралы пікірлер 1924 - 1927 жылдар аралығында жазылған Абай өмірбаянында шет жағалап айтылған. Абайдың жастық шақтағы өлеңдері жайлы пікір көтергенде, шәкірт ақынның Шығыс классиктеріне еліктеп, жігіттік дәуірінде ақындық өнер жарыстыруға талап еткен ізденістерін жалпы мұсылман ғаламындағы көпке белгілі болған ірі ақындардың талайымен Абайдың ерте күнде танысып алғандығы даусыз деп Абайдың ақындық кітапханасының алғашқы нобайымен біршама дерек те тастағандай болады.
Абай қалыптастырған нәзира дәстүрі
Абай шығармаларының жалпы Шығыс дүниесімен байланысы жастық шағынан басталып өмірінің соңына дейінгі аралыққа созылған желідей орын алып, әр кезеңде әр түрлі деңгейдің дәрежесінде көріну процесіне ғұлама ғалым ерекше ден қояды. Абайдың Шығыс классиктерімен ара қатынасын М.Әуезов өз зерттеулерінде екі кезеңге бөле қарайды. Бірінші кезең балаң ақынның таза еліктеу жылдары 1860-1865 жылдарды қамтыса, екінші кезең 1886 жылдан өмірінің соңына дейін созылған екі аралықтағы шын мәніндегі екшеу, меңгеру жолындағы шығармашылық процесті қамтиды. Алайда поэма жанрын Абай өз шығармашылығында баса назар аударған деп айта алмаймыз. Ол туралы М.Әуезов былай түсіндіреді: Тегінде, Абай поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізді. Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ. Сарала қазды жырлағам жоқ - деп, бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тыңдар едің - деп оқушыны шеней түседі. Жай бос уақыт өткізетін қызшыл, қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тыңдар едің - дейді. Ондай әңгімелі өлеңдерден Абай өзі ойлаған өсиеттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz