Мақал - сөз анасы
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі Балалардың тілін, ойын дамытуда мақал-мәтел, жұмбақтардың маңызы жөніндегі мәселе өз алдына зерттеуді қажет етеді. Дегенмен біз бұл жерде баланың ойын жетілдіре отырып, тілін дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың орасан зор маңызы бар екенін айта кетуге тиіспіз. Мақал-мәтелдер -- тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан сабақ барысында әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады. Мақал-мәтелдер, жұмбақтарды оқыту арқылы тіл ұстарту жұмыстары туралы мақал-мәтелдердегі терең мағыналы ой-пікірлер мәтіндердің мазмұнымен байланысып, тақырып тынысын күшейте түседі. Мысалы, 4-сыныпта „Елдің ері" әңгімесін оқығаннан кейін, „Ерлік білекте емес, жүректе", „Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы", „Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады" мақалдары талданып, мән-мағынасы түсіндіріледі. Мұнда ерлік деген күшпен, төбелеспен емес, ақылмен, жүрекпен келетін қасиет екені, елді ерлер, батыл, батыр адамдар қорғайтынын; ондай ерлері бар елдің халықтың бақытты екені ұғындырылады... Бұлар оқушыларды жаман қасиеттерден сақтандырып, жақсы қасиеттерге үйір болуға шақырады. Жақсы адамдардың өнегелі өмірдегі эстетикалық қасиетін ашып, оны оқушылар бойына сіңіруге ықпал жасайды. Әрбір мақал-мәтелдің мағынасын талдағанда, оқушыға мәтін мазмұны түсінікті және естерінде жақсы сақталатын болады. Сонымен қазір мақал- мәтелдерде тіршілік құбылыстары айтылып та, жазылып та жүр.Мақал-мәтелдердегі терең мағыналы ой-пікірлер мәтіндердің мазмұнымен байланысып, тақырып тынысып күшейте түседі. Мысалы, 4-сыныпта „Елдің ері" әңгімесін оқығаннан кейін, „Ерлік білекте емес, жүректе", „Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы", „Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады" мақалдары талданып, мән-мағынасы түсіндіріледі. Мұнда ерлік деген күшпен, төбелеспен емес, ақылмен, жүрекпен келетін қасиет екені, елді ерлер, батыл, батыр адамдар қорғайтынын; ондай ерлері бар елдің халықтың бақытты екені ұғындырылады... Бұлар оқушыларды жаман қасиеттерден сақтандырып, жақсы қасиеттерге үйір болуға шақырады. Жақсы адамдардың өнегелі өмірдегі эстетикалық қасиетін ашып, оны оқушылар бойына сіңіруге ықпал жасайды. Әрбір мақал-мәтелдің мағынасын талдағанда, оқушыға мәтін мазмұны түсінікті және естерінде жақсы сақталатын болады. Сонымен қазір мақал-мәтелдерде тіршілік құбылыстары, адамдардың іс-әрекеті мен арасындағы қарым-қатынас туралы пікір бейнелі түрде беріледі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Талдау, саралау негізінде ұтқыр, дәл айтылған тіркестерде берілген қазақ халқының тілінің жалпы және жеке ерекшеліктерін анықтау; ұлттық мінез-құлықтың мақал-мәтелдерде айтылған өзіндік ерекшеліктерін зерделеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері - Оқушылардың, менің достарымның сөйлеу тілінде пайдалануын белсендіруге және жеке өмірлік тәжірибесін кеңейтуге ықпал ететін қазақтың тіл шығармашылығының бірегей формасы, мақал-мәтелдердің тақырыптарын зерделеп, мәнін ашу.
Зерттеудің болжамы Қазақ мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының тақырыптары мен мағынасын зерделеу заманауи адамның тілінің мәдениетін, нақтылығын, байлығын анықтайтындығы жөніндегі болжам алынды.
Зерттеу объектісі - қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың қолданудың белсенді әдіс -тәсілдері
Зерттеу пәні - Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу әдістері - Талдау, бақылау, іс-тәжірибеде қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған, қосымшадан, әдебиеттер тізімінен тұрады
1БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АУЫЗЕКІ ПОЭТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ
0.1. Бала тілін ширатудың қолайлы құралы
Ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен ауыз әдебиетінің ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық оқиғада кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін. М. Горькийдің Мақал мен мәтел тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді, -- деуі осыдан. Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Мақалды тудырушы -- еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табылады. Бұдан, әрине, барлық мақалды халық шығарған деген ұғым тумайды. Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс - тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл - өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары -- мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.
Халық мақалдарының тақырыбы олардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайларына арналған. Бұл тектес мақалдардан халықтың еңбек жайындағы көзқарасы байқалады. Еңбек адамды мақсат-мұратқа жеткізуші, абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді - Еңбегі бардың -- өнбегі бар, Еңбек түбі береке деп, халық адал еңбекті ардақтайды. Дүние -- байлық, шат өмір еңбек арқылы болатындығын, адамды тек еңбек қана қатарға қосатындығын суреттейді. Еңбек етпеген адамды, жатып ішер жалқауларды халық өзінің мақалы арқылы сынға алады, теңейді. Бұған Еңбегі аздың -- өнбегі аз, Еріншектің ертеңі таусылмас деген мақалдарды келтіруге болады.Мақал-мәтел, нақыл сөздер -- халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды педагогтар балаларды жан-жақты дамыту құралы ретінде пайдалануына болады. Мысалы, балалардың ойын, еңбек процесінде бір-бірімен келісе алмай, педагогке шағым жасайтын кездері болады. Мұндайда педагог баланың шағымын мұқият тыңдап алып, Шағым жасау -- шалдуарлық деген мақалды естеріне түсіреді әрі бала өзінің теріс іс істеп тұрғанын сезінетіндей үн ырғағын, дауыс екпінін өзгерте айтады. Балалардың іс-әрекетіне тұжырым жасау, ескерту ретінде Тентектіктің дәлелі көп деген сияқты мақал-мәтелдерді айтуға болады. Мақал - сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі. Көбінесе екі тармақтан құрылады. Бірінші ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Мәтел-мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі. Жұмбақ - халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклоріне ортақ тұр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ. Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлың сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жауға қарсы қолданған. Сырт қарағанда, соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшейуімен "Жұмбақ азайған шығар. Жаңадан жасалмайтын шығар" деген ойлар болушы еді. Анығында бұл теріс боп шықты. Жұмбақ қазақ халқы мен қатар басқа халықтардың арасында да әлі күнге, өмір сүріп, дамып келеді. Олай болса халықтың жұмбақ қорын жинап, зерттеу қажет. Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ, оны мектеп балалары тілді ұстарту мақсатымен оқып, жаттайды. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек - кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер -білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады. Мақал-мәтелді қазақ тілі сабағында көптеп қолдануға болады. МЫСАЛЫ: Сын есімді өткенде: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болады. Бұлттан шыққан күн ащы, жаман кісінің тілі ащы,-деген сияқты сан есімдерді өткенде: "Ел құлағы елу. Қырықтың бірі - қыдыр. Қызға қырық үйден тыю. Ұлға отыз үйден тыю. Алыстан алты жасар бала келсе, Алпыстағы шал келіп сәлем берер. Бірінші байлық - денсаулық, Екінші байлық - ақ жаулық, Үшінші байлық - он саулық. деген сияқты есімдіктерді өткенде: Кісі еліне сұлтан болғанша, Өз еліңе ұлтан бол. Бұлай тартсаң, өгіз өледі, Олай тартсаң, арба сынады. деген мақал-мәтелдерді қолдану, олардың мағынасын ашу жоғарыдағы қойылған мақсаттардың кейбірін іске асырады. Мұндай сабақтарда оқушыларға да тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жазып келуге тапсырма беруге болады. Мұны оқушылар ынтамен орындайды, өйткені, мақал-мәтелдер - сөз мәйегі, әрі қысқа, әрі нұсқа, оқушылардың жаттауына да жеңіл, әрі балалардың тілін дамытып, ой-өрісін өсіре түсері сөзсіз. Тиісті жерде тыныс белгілерін қойғызып, оларды сөйлем мүшелеріне талдауды оқушылардың қызығушылығын туғызып, сауаттылығын арттырады. Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту және де сауаттылығын нығайту мақсатында қазақ тілі пәнінен 3-сыныпта "Жалпы және жалқы есімді" қайталау сабағының бекіту бөлімінде оқушыларды 3 топқа бөліп мақал сайысын өткізуге болады. I бөлімінде: Еңбек туралы мақал айтып жарысу. II бөлімінде: Мақалдың соңын жалғастыру және мәнін-мағынасын айту. III бөлімінде: Белгілі тақырыпқа байланысты мақал айту. Мысалы: Ат айналып қызығын табар, Ер айналып елін табар. Тіліңмен жүгірме, Біліммен жүгір. Адам баласының ең жаманы талапсыз. IV бөлімінде: Әр топқа белгілі тақырып беріліп, сол тақырыпқа байланысты мақал айтып жарысу. Мысалы: I топқа: "Оқу білім туралы мақал" Ақыл азбайды, білім тозбайды. Қына тасқа бітеді. Білім басқа бітеді. II топқа: Мал жөнінде: Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл көсір. Ат ерінді келеді, Ер мұрынды келеді. III топқа: Тіл өнері туралы мақал: Өнер алды қызыл тіл. Өнер - ердің қанаты. Сонымен қатар "Әрі қарай жалғастыр" жарысында топ басшыларына арналған өлең шумағын жалғастыру. 1. Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым анасы М.Мақатаев. 2. Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай мақтанба. А. Құнанбаев. 3. Кел балалар оқылық, Оқығанды көңілге ыңыласпен тоқылық. Ы. Алтынсарин. Бұл жарыста III топ басшысы толық жауап беріп жеңіске жетті. Мақал-мәтелдер әр бөлімнің, әр тараудың соңында беріледі. Оқушылар сабаққа белсенді түрде қызығушылықпен қатысады. Қорыта келгенде, халықтық педагогиканың тарам-тарам жолдарын орынды пайдалана білу әр мұғалімнің өз үлесінде. Тек оқушыларымыздың ұлттық санасын оятып, жүргеніне жол таба білсек болғаны. Халықтық педагогика қағидаларын игеруге айлар емес, жылдар керек. Оның үстіне жинақталып, кітап болып басылып ғылыми тұрғыдан жүйеленбеген, сараланбаған қазынаны тауып алу оңай емес. Сондықтан ел аузындағы есті сөздерге құлақ түре жүру, ата-бабалардың баспа сөз бетінде жарық көрген ұлағаттарын тере жүру тәрбие тұтқасындағыларға тартымды да татымды білім олжасы. Өзің пісірген астың дәмді болатыны сияқты, өзің терген сөздің қадір-қасиетін де тере бойлай танисың, тәжірибеңде тиімді, ұтымды, орынды пайдаланасың. Өз педагогикасын тудырған халың әр дәуірде ақылды сөзбен, парасатты мінезбен ұрпақтарын игілікке тәрбиелеген. Осы тұрғыдан К. Ушинскийдің "Қандай да тарихи тірлік жасаушы халық - жер бетіндегі ең тамаша жаратылыс, тәрбиеге тек қана осы бай да таза қайнар көзден керектіні ала білу керек!" - деген даналық ойына құлақ асу әр ата-ананың парызы. Өйткені халық педагогикасының ғылыми тәрбиеге кесе-көлденең келер сәті жоқ, қайта керісінше қоян-қолтық қабысып жатады.
1.2. Жұмбақ адам баласы санасының даму процесінде
Балаларға жұмбақтарды үйрету арқылы олардың тілін ұстарту жұмысы жүйесіз, негізен бағытсыз, кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі -- баланың сөздік қоры байитын, байланыстырып сөйлеуге үйренетін кезең. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгілерінің бірі -- жұмбақтарды меңгерту нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой, қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертегілердің алуан түрлерін шығарған. Ертедегі жұмбақтар:
Апаң, апаң,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз
сияқты, көбінесе мал шаруашылығына байланысты және:
Сумбіл теректі,
Жасыл желекті,
Ерден қалмайды:
Жауға керекті сияқты қару-жарақ, құрал-саймандар туралы болған.
Заман өзгерген сайын, халың педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса берді. 19- -- 20 ғасырларда бу машиналары, электро-техника, радио, телеграф, самолет, ракета, космос кемелері, т.б. техни-калық, мәдени прогрестерге байланысты жұмбақтар туды.
Самұрын құс самгады,
Көктен өтіп, Айға жетіп
Жеңілдеді еалмағы.
Жолһі -- темір,
Жалы -- темір
Шымыр атты
Зымыратты..
Көкшіп айна үйдегі, естіді киноны.
Темір сирақты,
Алып жирафты
Жұмсап көр енді
Үй сап береді.
Жұмбақтарды Аристотель Жан-жақты жымдасқан метафора дейді, Яғни затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне, аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, әрі заттарды салыстыра көз алдына елестетіп, дүниетанымдық қабілетін дамытады. Жұмбақтар, көбінесе үйлесімді үйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады. Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да бар. Отқа жанбас, суға батпас (мұз) айтыс түрінде құрылған, яғни жұмбақ айтыстарын екі ақын шығарып бірі өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі сол жұмбақтың шешуін өлеңмен айтады. Авторы белгісіз ел аузында жатталып қалған айтыстар да кездеседі:
Айтыстарын екі ақын шығарып бірі өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі сол жұмбақтың шешуін өлеңмен айтады. Авторы белгісіз ел аузында жатталып қалған айтыстар да кездеседі:
Бір жәндік көріп аласа,
Түрі баеқа тамаша,
Ешбір жанға қосылмай,
Жүреді өзі оңаша...
Ұялады өзі жиырылып,
Тіктеп біреу қараса.
Ине мен біздей кірер еді
Жалымен тіктеп қадаса. Шешуші:
Бұл айтқаның кірпі ғой,
Түктері біздей түртті ғой:
Түгімің түрі -- алаша.
Инедей кірер қадаса.
Өзі ұялшақ дегенің:
Кісі көрсе жиырылып,
Домаланып иіріліп,
Жатып алып, жүрмейді,
Арыстан, аю, жолбарыс,
Алуын оның білмейді.
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді, тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс.
Жұмбақ айтушы неғұрлым көбірек, күрделірек жұмбақтарды тауып айтып, шешушіні жеңуге тырысады. Егер жұмбақ шешуші мүдірмей, айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса, оның өзі де жұмбақ айтып, жұмбақ айтыс жалғасып, айтушы мен шешуші өз білімдерін сараптайды. Кім көбірек жұмбақ айтып (көбінесе санап отырады) көбірек жұмбақ шешеді осы жұмбақ айтысуда жеңіп шығьіп, білімділігін көрсетеді.
Жұмбақ айтысу мен жұмбақ айтысты ажырата білу керек. Жұмбақ айтыста жеңіп шығу ақындық дарынның, білімнің басымдығына байланысты.

Мектептерде Қызықты кеш, Өнерпаздар мен білгіштер жарысы сияқты думандарды жоспарлы түрде ұйымдастыра білген мұғалім, жұмбақ айту, жұмбақ айтысу, жұмбақ айтыс дәстүрлерін қызықты өткізеді, Әрине, жұмбақ айтуды көбінесе мұғалімнің өзі бастайды да, бұрыннан үйретілген жұмбақтар бойынша жұмбақ айтысу одан әрі жалғасады. Жұмбақты көп білген балдырғанға білімпаз деген атақ беріледі (оның 3 -- -2 -- -1 дәрежесі болу керек). Білімпаз балдырған жұмбақ айтысуды басқаруға да ерікті болады.Өтетін таңы-және мерекелік, той-думандық кештердің бір кезеңінде жұмбақ айту мен жұмбақ айтысуды керек.
Қазақ халқында ауыз әдебиетінің бір бөлімі ретінде жұмбақтар бірінші кластан бастап оқулықтарға ендірілген. Әдеби кештерде, мерекелік кештерде, өнерпаздар мен ой тапқыштар жарысында жұмбақ айту, жұмбақ айтысу, жұмбақ айтыс ерекше орын алады. Пәндік кештерде сол пәндік кештердің тақырыптарына байланысты жаңа жұмбақтарды, көбінесе, оқушылардың өздері ойлап шығарады, әділ қазылар алқасы жаңадан шығарылған жұмбақтардың мәнін, маңызын, көркемдік сапасын жан-жақты бағалайды.
Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбиеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы артады.
Жұмбақта қандай іс жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? Немесе „Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп" жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар екені ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса, „Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар?" деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтьны, сөйлейтін жол -- жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың белгілерін балалар өздері табады. Жұмбақтағы -- „салған ізі" дегеннің жазған жазу екенін де айтады, Осы сияқты екі-уш жұмбақтың шешуі талданып, көрсетілгеннен кейін, балалар өздері де заттың белгілерін жұмбақтап айтуға тырысады.
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚЫЛ ОЙЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2.1. Оқушылардың тілін дамытудағы мақал-мәтел жанры
Қазақ халқы -- сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне парықтап пайдалану -- дәстүрге айналған. Әсіресе, қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді -- борышым деп санайды. Мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі шамалы сияқты көрінеді. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Мысалы:
Ер туған жеріне.
Өз үйім -- өлең төсегім
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Отан -- оттан да ыстық.
Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер:
Өжет адам өлімді жеңеді.
Ер бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп өлген артық.
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де, жирен.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Өнерліге өлім жоқ
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер:
Қойдың сүті -- қорғасын,
Қойды соққан оңбасын
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Ееі кеткен ешкі жияр,
Ешкісімен есін жияр.
Нар жолында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz