Қазақ халқының қолөнері және ұлттық киімдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан аса бай мұра



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім минстрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Педагогикалық факультет
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Костюм элементтерін құрастырудағы ою-өрнек

Дайындаған: Диз-31 тобының студенті: Өркен Айнур
Қабылдаған: п.ғ.к., профессор асс. А.Ш.Манабаева

Қарағанды 2024

Мазмұны
Кіріспе
Қазақ ою-өрнегінің шығу тарихының теориялық негіздері
Қазақ ұлттық киіміндегі ою-өрнек элементтерін оқытудың теориялық негіздері ... ...
Ою-өрнектің зерттелу деңгейі
Ою-өрнектердің тігін бұйымдарында қолданылуы және жасалу техникасы ... ...
2.1 Ұлттық киімдердегі ою-өрнек элементтерін оқыту мүмкіндіктері
Ою-өрнек түрлері

КІРІСПЕ
Қазақ халқының қолөнері және ұлттық киімдері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан аса бай мұра.Оның шығу және қалыптасып даму тарихы тереңде жатыр. Қолөнер түрлері сан алуан: зергерлік өнері, тоқыма өнері, ағаш ұқсату, сүйек ұксату және т.б. Әрбірінің өзіне тән мазмұндық және қолданылу ерекшеліктері бар, сондай-ақ, жасалу тәсілдері әр басқа. Сол сияқты қазақ ұлтыққ кимдерінің түрлеріне, әлеуметтік таптарына, жас ерекшеліктеріне және жыныс ерекшеліктеріне қарай бірқатар топтарта бөлінеді. Байырғы қазақ ұлттық кимдерінің бүгінгі күнге дейін жеткен түрлері бар. Олардың қазіргі сән дамуына қойылатын талаптарға сәйкес дамып, жетілдірілген түрлері де жоқ емес. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері - ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы мәдени мұраларының бірі. Қазақ ою-өрнектерінің өзіне тән шығу және даму тарихы, сондай-ақ терең мазмұны мен бай тежірибесі бар.Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің өн бойында халықтың дүниетанымы, түйсік-талғамы, арман-мүддесі көрініс тапқан. Оның бояу үйлесімділігі, құрылымдық жүйесі белгілі бір заңдылықпен құрылады. Әр өрнектің атауы жене қолданылу орны ерекше. Бір өрнекті екінші өрнекпен шатастырып, кез келген бұйымда қолдана беруге болмайды. Осындай білімдер мен тәжірибелерді өнертану, тоқыма, тігін бұйымдары саласындағы болашақ мамандардың білуі міндетті.
Ұлттык ою-өрнегіміз - бай тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет - ғұрып, салт - дәстүр,халыктың хал - ахуалынан кең көлемде жан - жақты хабардар етеді. Қазақ халкының ою-өрнегі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы.
Мұның басты себебі: қазақ халкының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың киіміндегі оюлар негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде , орта ғасырларда түріктерде кездеседі. Көшпенділердің киім үлгілернің тігілу мен пішілу тәсілінде сабақтастық сақталған. Көшпенділер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі ашық қаусырылатын кеуде киімі-шапанды адамзат өркениетіне қосқан.
Зерттеудің мақсаты: Костюм элементтерін құрастырудағы ою-өрнектің теориялық негіздеу және практикалық талдамасын мен тұжырымдамасын ұсыну.
Зерттеудің нысаны: Костюм элементтерін құрастырудағы ою-өрнек .
Зерттеу пәні: Костюм элементтерін құрастырудағы ою-өрнектің қолдану тенденциялары.
Зерттеу міндеттері: - түстердің киімде қолдануының талдауының ғылыми-теориялық негіздерін талдау, - қазақ этнокостюмдерінің түстерінің ерекшеліктерін ашу; - этнокостюмнің құрастыру модельдеу тұжырымдамасын қарастыру; - қазақ этнокостюмінің элементтері мен үрдістеріне әдістемелік негіздерін қарастыру. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық мәнділігі: - түстердің киімде қолдануының талдауының ғылыми-теориялық негіздерін талдау жасалды; - қазақ этнокостюмдерінің түстерінің ерекшеліктерін ашылды; - этнокостюмнің құрастыру модельдеу тұжырымдамасын ұсынылды; - қазақ этнокостюмінің элементтері мен үрдістеріне әдістемелік негіздерін қарастырылды. Зерттеу құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымша. Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты, нысаны, пәні, міндеттерімен тұжырымдалды. Қазақ этнокостюмдерінің және түстердің ғылыми теориялық негіздері деп аталатын бірінші тарауда түстердің киімде қолдануы туралы мәліметтерді әдебиеттерде және практикадағы зерттелу жағдайына талдау жасалады; Қазақ этнокостюмдерінің түстерінің ерекшеліктері, маңыздылығы мен мүмкіндіктері айқындалады. Қазақ этнокостюмдерінің дизайндық шешімі деп аталатын екінші тарауда Этнокостюмнің құрастыру модельдеу барысы мен Қазақ этнокостюмінің элементтері мен үрдістері баяндалады.

Қазақ ою-өрнегінің теориясы және көркемдік мәдениеттегі ерекшелігі
Ою-өрнек өнерінің қоғамда қалыптасуын, адамдардың эстетикалық және интеллектуалдық қоршаған ортадан алған жемісі деп қарастыруға болады. Ою-өрнектерді топтауда (классификация) дүниежүзіне ортақ формула жоқ. ХХ ғасырда Н. Могилянский: Не подлежит сомнению, что ни в одной другой области, пожалуй не было построено столько априорных теорий, гипотез, высказаной сображений и разного рода предложений, как в области классификаций орнаментальных мотивов -- дейді. Ою-өрнек атауларын жүйелеп топтастырғанда, оның қолдану аясы мен мазмұнын жан-жақты зерттеу керек. Бүгінгі күнге дейінгі ою-өрнекке қатысты ғалымдардың пікірлеріне сараптама жасап, содан кейін ғана ою-өрнектің жаңа теориясын ұсынуға болады. Қолөнер шеберлерінің интеллектуалдығын ою-өрнек элементтерінің жүздеген атаулары мен мындаған формаларын қолдануларынан көруге болады. Ежелден бері ою-өрнек адамдардың эстетикалық талғамын қанағаттандыратын өнер түрі болып отыр. Қолөнерде ою-өрнек табиғи сұлулықты адамдардың талғамына қарай қосымша әр беретін мәнер. Көзбен ғана танитын ою-өрнек элементтері адамның рухани танымдық дамуына және сезіміне арналған өнер түрі.
Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою-өрнектің идеялық эмоционалдық тұрғыдан адам психикасына әсер ететін рөлі өте зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай-ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақышты айқындап тұратын өнер түрі -- қазақтың ою-өрнегі. Суретшілер мен сәулет өнерінің мамандары ою-өрнектің сырт пішінін көшірме ретінде пайдаланып қана қоймай, оның мазмұны мен тарихын білгені жөн. Сонда ғана салынған сурет пен жасаған бұйымдарда бейнеленген ұлттық ою-өрнектерде мазмұнды ұлттық нақыш сақталады.
Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі әрі кең тараған саласы. Ою-өрнек -- ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі танда М.Ш. Өмірбекова қазақтың ою-өрнек атауларының 397-дей элементін жан-жақтан жинастырып, ал 147 ою-өрнектің мазмұнының семантикасын анықтады.
Археологтар мен этнографтардың пайымдауынша, ою-өрнек тек бейнелеу өнерімен шектелмеген, сондай-ақ ою-өрнектің семантикасы алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан. Ою-өрнек қолөнерде тек көркемдік қызметті атқарып қоймай, сондай -- ақ оның символдық мазмұны ежелден қалыптасқан. Алғашқы қауымдық құрылыста қолданған ою-өрнектер туралы неміс саяхатшысы символдар байланысы деп тұжырымдаса, ал швед этнографы X. Стольпе Хервея аралының тұрғындары ою-өрнекті құпия жазу деп атағаны туралы деректер келтіреді.
XIX ғасырда Л.К. Попов Магиялық теориясы атты еңбегінде: Ою-өрнектерді қолдану алғашқы қауымдық құрылыста байқалады -- десе, ал П.Я. Штернберг: Ежелде аңдар мен жан-жануарларға табыну және нанымсенімдер бейнелеу өнеріне үлкен ықпал етті -- деген. Буржуазиялық ғалымдардың биологиялық теориясында ою-өрнек өнері адамдарға рухани эстетикалық әсер алу үшін пайда болған деп тұжырымдайды. Ежелгі гректерде әдемі мүсін денесін пір тұтқан, сондықтан әйелдер жүкті болардың алдында, сұлу мүсінге ұзақ қарауға мәжбүр болған. Ресейде орта ғасырда бала көтерердің алдында гүлді ою-өрнекпен безенген үй жиһаздарына көп қараған әйелден сұлу, әдемі бала дүниеге келеді деп топшылаған. Олардың дүниетанымында мұндай наным-сенімнің салдарынан бала әдемілік пен адамгершіліктің ортасында өмір сүреді деген түсінік қалыптасқан. Жоғарыда айтылған ғалымдардың пікірлерін сараптайтын болсақ, ежелде ою-өрнектің эстетикалық талғамдық қасиетінен басқа магиялық күшіне сенген.
Қолөнер ше6берлері ежелден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған: бірінші топқа ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар; екінші топқа жалпы ою-өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою-өрнекті теориялық жағынан негіздеу-этнолингвистикалық атауларды лексика-семантикалық топтарға бөлуге қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Ою-өрнек тарихы халық тарихымен бірге жасасып келе жатқан төл мұрамыз екені белгілі. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласын зерттеу кенжелеп келеді, ал ою-өрнек бұрын-сонды қолға алынып, арнайы зерттеу объектісі болмаған.
Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр. Еліміздің рәміздерінде, сәулет өнері мен барлық өндіріс саласында өю-өрнек дәстүрлі түрде қолданылады. Ою, өрнек (біріккен сөзі) атауы бір мағынаны білдіреді. Сұлбасы (контуры) түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, ал киім-кешекке, түскиізге, т.б. қолөнер бұйымдарына аппликация тәсілімен және кестелеп бейнеленіп, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық элементтерді ою-өрнек деп атайды. Ою-өрнекті тасқа, ағашқа контурмен түсіргеннен кейін, ағашты жонып күйдіріп, ал тасты қашап ою-өрнек бедерін түсіреді.
Қазақ ою-өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме-дәлдігін сақтамай-ақ, көзбен мөлшерлеп қиып, ою-өрнектің тең пропорциясын қия білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Ою-өрнектің өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен барлық элементтер ырғаққа (ритм) бағынады.
Ою-өрнек өнері табиғатында поэзияға, өлеңге ұқсамайтын өнер түрі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатырған ұлттық оюлары
Қазақ халқының ұлттық киімдері
«Нұрлы көктем» (Шым Ши)
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек түрлерімен таныстырудың маңызы
Қазақ қолөнерінде ою-өрнектің дамуы
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Қазақы оюлардың магиялық күші
Қазақ халқының қолданбалы ұлттық қол өнері
Пәндер