Деректер негізінде тарихи - мәдени ескерткіштердің қоғам үшін өзектілігін анықтау


ГҚӨҰЗ
Тараз қаласы
Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
12 «B» сынып оқушысы
Муллахимова Ясминаның
зерттеу жұмысы
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫН ЖІКТЕУ
Тақырып: ЮНЕСКО Қазақстандағы әлемдік мәдени мұраларды қорғауда қандай рөл атқаруда?
(сөз)
Орындаған: Муллахимова Ясмина Шовкатовна
(Қолы)
Жетекші: Утегенова Камилла Орақбаевна
(Қолы)
Ішкі модератор:
(Қолы)
Мазмұны
Кіріспе . . . 2 бет
Негізгі бөлім . . . 3 бет
А) Зерттеу сұрақтары . . . 4 бет
Б) Зерттеу әдісі . . . 5 бет
С) Зерттеу қорытындылары . . . 11 бет
Д) Бағалау . . . 13 бет
Қорытынды бөлім . . . 15 бет
Әдебиеттер . . . 16 бет
КіріспеҚазақстан Республикасы бүгінгі таңда БҰҰ құрамындағы мемлекеттермен терезесі тең ел. Қазақстан Республикасының Конституциясының 37-бабы “ҚР азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті. ”[1] Қазақстан тәуелсіздік жылдары ел аумағындағы тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы 2019 жылғы 26 желтоқсанда қабылдаған заң негізінде жұмыс жасауда. Анықталған заңнаманың негізінде мәдени мұра нысандары, санаттары, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы, Үкіметтің құзыреті, ескерткіштерді ғылыми-реставрациялық жаңғырту мен қызметтерін лицензиялау, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен бақылау мәселелері шешімін тапты. [2]
Осыған орай «Мәдени мұра» бағдарламасы 2003 жылы жоспарланып, 2004 жылы іске қосылды. Оның негізгі мақсаты мемлекеттік мәдениет мақсатында ерекше рөл атқаратын маңызды тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, қалпына келтіру және жаңғырту; Қазақстанның өркениетті мұрасын шетелден ынталандыру. [3]
Қазіргі таңда, ҚР мәдени мұраларының 6 нысаны әлемдік мұра атағына ие және ЮНЕСКО тізіміне енген. ЮНЕСКО- БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының агенттігі болып табылады және осы салалардағы халықаралық ынтымақтастық арқылы бейбітшілікті нығайтуға тырысады. ЮНЕСКО бағдарламалары 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Тұрақты дамудың 2030 күн тәртібінде айқындалған Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. [4]
ЮНЕСКО әлемдік мұраларды қорғауда үлкен рөл атқарады. Қазақстан да өз кезегінде тарихи-мәдени объектілерді қараусыз қалдырмай, оларды қорғау және пайдалану жайында заң қабылдап 01. 05. 2023ж бекітілген. [5]
Тақырыптың өзектілігі : Қазіргі таңда тарихи-мәдени құндылыққа ие нысандарын сақтау Қазақстан үшін маңыздылығын анықтау және қорғау шараларын сараптау
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерделеп мемлекет үшін маңызын анықтап, қорытынды және ұсыныс жасау. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, жаңғырту, сақтау, және мәдени құндылықтарды сақтаудағы рөлі мен маңызын анықтау осы зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының жоспары:
1. Зерттеу жұмысына қатысты деректер жинақтау
2. Деректер негізінде тарихи-мәдени ескерткіштердің қоғам үшін өзектілігін анықтау
3. Жинақталған деректерге талдау жасау
4. Бүгінгі таңда тарихи-мәдени ескерткіштердің төңірегінде қалыптасқан мәселелерін шешу жолдарын анықтау
5. Деректер, әлеуметтік зерттеу негізінде жинақталған мәліметтер негізінде қорытынды жасау.
Курстық жұмыстың негізгі сұрақтары:
- Қазастанда мәдени мұралар қаншалықты қорғалған?
- ЮНЕСКО Қазақстан мәдени мұраларын қаншалықты қорғайды?
- Мәдени мұралардың қорғаудың маңызы неде?
Қазақстанда 2004 жылы анықталған мәдени мұра бағдарламасы қысқа тарихи мерзімде мемлекет үшін брендке айналды. Қазақстанның мәдени мұралары жалпыадамзаттық тарихи-мәдени және өркениеттік үдерістің құрамдас бөлігі ретінде белгілі.
Қазақстанның мәдени мұрасын жаңғырту тәуелсіздік жағдайында елдегі мәдени процестерді күшейту бағдарламасы ретінде қабылданды.
ҚР тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев "Мәдени мұра" бағдарламасы "мемлекетті айқындаған стратегиялық ұлттық жобамен мәдениетке көзқарас", әлемдік қоғамдастық үшін маңызды теориялық және ғылыми-практикалық қызығушылық тудырады.
XXI ғасырдың басындағы Қазақстан экономикасының индикаторларының жақсаруы мәдени үдерістердің дамуына әсер етті. ҚР Үкіметі мәдени мұраларды қорғауға, сақтауға, жаңғыртуға, дәріптеуге тиісті деңгейде назар аудара бастады. Қазақстаннның мәдени мұраларын экономикалық дағдарыстан кейінгі жағдайда мемлекеттің қорғауына Президент билігі кепіл болды. Анықталған «мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2004-2006 жылдар аралығында 25 нысан жаңғыртылып, 80 ежелгі және ортағасырлық қалашықтарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді:
Сирек қорларда, мұрағаттарда және қоймаларда жинақталған әйгілі орындаушы музыканттардың мұралары сандық нұсқаға ауыстырылып, 27 қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар,
ішінде "Бабалар сөзі", "қазақтар құқығының ежелгі әлемі", "Қазақ музыкасының антологиясы", "Қазақ тілі синонимдерінің сөздігі", "орфографиялық сөздік" 218 кітап қайта басылып шықты.
«Мәдени мұра» бағдарламасының 2007-2009 жж. жүзеге асуының екінші кезеңін ҚР білім және ғылым Министрлігі басшылыққа алды. [6]
Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау және жаңғырту жұмыстарының аясында зерттеу жұмыстары РФ, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Армения, Венгрия және Швейцария елдерінде жүргізілді[8]
Қазақстан мен ЮНЕСКО ұйымының арасындағы сабақтастық туралы келісім шарт 1995 жылдың 9 тамызында қабылданды. Сонымен қатар, 5 дамыту саласын айқындады:
1) Білім;
2) ғылым және техника;
3) Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;
4) Мәдениет;
5) коммуникация, Ақпарат және информатика
1994 жылы Қазақстан дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияға қосылып, мемлекетіміздің мәдени және табиғи мұраларды сақтау мәселелерін қарастыруға және шешуге халықаралық касіби мамандар мен сарапшыларды тартуға мүмкіндік берді.
ЮНЕСКО ұйымының ережелеріне сәйкес, Конвенцияға қол қойған сәттен бастап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мүмкіндігінше олардың аумағында орналасқан мәдени және табиғи мұраны неғұрлым тиімді қорғауды және сақтауды және белсенді түрде танымал етуді қамтамасыз етіп, келесі мінтеттемелерді орындауы тиіс:
- мәдени және табиғи мұраға қоғам үшін маңыздылығын арттыру жұмыстарын, халықаралық тізімге енген мұраларды қорғау мәселелерін реттеу, жоспарлау бағдарламаларына енгізуге бағытталған жалпы саясатты жүргізу;
- егер мәдени мұралар құрылыс кезеңінде болса, Қазақстан өз аумағында өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін тиісті жұмысшылар мен құралдары бар мәдени және табиғи мұраны қорғау, сақтау және дәріптеу жөніндегі бір немесе бірнеше қызметтерді және әкімшіліктерді құру;
- мемлекетке оның мәдени және табиғи мұрасына төнген қауіптерді жоюға мүмкіндік беретін ғылыми және техникалық әзірлемелер мен зерттеулерді дамыту және жұмыс әдістерін жетілдіру;
- мәдени және табиғи мұраны қорғау, сақтау және насихаттау саласында ұлттық немесе аймақтық оқыту орталықтарын құруға немесе дамытуға ықпал ету және осы саладағы ғылыми зерттеулерді ынталандыру.
Дегенмен, мәдени және табиғи мұралар Қазақстанның аумағында орналасып жергілікті Үкіметпен реттеліп қаржыландырғанымен, табиғи-мәдени мұралар Халықаралық мұра болып саналады. Оны қорғау үшін бүкіл халықаралық қоғамдастық ынтымақтасуға міндетті.
2001 жылғы 3 ақпанда Алматы қаласында Премьер-Министрдің орынбасары И. Н. Тасмағамбетовтың басшылығымен Ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда мәдениет саласындағы 2001 жылға арналған ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықтың басым бағыттары қарастырылды. Отырыста мәдени және табиғи мұраны сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылыа, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұра Тізіміне енгізу жұмыстарының басталуы қарастырылып, Тамғалдағы жартастағы бейнелерді және Ежелгі Отырар қалашығының археологиялық ізденістерін сақтау шаралары талқыланды. [11]
ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы штаб-пәтерінде орын алған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын ұсыну рәсімі, мәдени мұралардың қалпына келтіру мен сақтаудағы Қазақстан мәдениеті үшін маңызды қадамдардың бірі болып танылады. [10]
Негізгі бөлім(В) - Зерттеу әдістеріЗерттеу жұмысы барысында сенімді деректер мен ақпарат алу үшін әлеуметтанулық зерттеулердің әртүрлі түрлері мен әдістері сапалы түрде жүргізіледі және зерттеу жұмысының басталуына бастапқы дайындық жүзеге асырылады.
Зерттелетін тақырып анықталды. Жұмыстың мақсаты зерттеу әдістері анықталады және зерттеу жұмысының құрамы таңдалады, сонымен қатар оқу тапсырмасының мерзімі анықталады. Авторлық зерттеулер бағдарламасы:
- Дайындық бөлімі
- Негізгі бөлім
- Қорытынды бөлім
Кесте 1
Курстық жұмыс бағыты мен іс-қимыл жоспары негізгі сұрақтар міндеттер мен жалпы түсінігі белгіленгеннен кейін, іздеу процесінде толық мәтінді және мета тақырыптық ақпаратты іздеу "семантикалық іздеу" әдістері қолданылды, бұл ақпаратты мазмұн бойынша екі тілде қарастыруға мүмкіндік берді. Негізгі кезеңдегі, нақтыласам, негізгі сұрақтарды талдау кезеңінде "аналитикалық зерттеу" түрі және "мазмұнды талдау" зерттеу әдісі қолданылды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шығарылған заңнамалар, жүргізілген жүмыстар туралы ақпараттар, жүргізілген зерттеу жұмыстары мен жазылған монографиялар, мәдени мұраларға ЮНЕСКО ұйымы мен ҚР құқықтары мен міндеттерді айқындайтын келісім-шарттар қарастырылды. Ақпаратты сараптау мен бағалау жүзінде олардың ресми құндылығын «ішкі таладау» әдісі арқылы жіктелді. Яғни, дереккөздердің мәтіні, құндылығын куәландыратын элементтердің болуы: сілтемелер, автор, шығарылған жылы. Сараптау нәтижесінде дереккөздердің құндылығы мен қазіргі таңдағы өзектілігі айқындалды.
Әртүрлі жас санатындағы әлеуметтік қоғамның әртүрлі топтары арасында деректерді жинау үшін зерттеу әдісі ретінде-"сауалнама" сандық әдісі қолданылды.
Сауалнама алынудың басты артықшылығы - көп адамдардың пікірлерін оларға саны шектеулі сұрақтарды қою арқылы анықтау; немесе зерттеліп отырған мәселеге байланысты түрлі үрдістер жайында мағлұмат жинастыру мүмкіндігі. Анкета жауаптарын қолдана отырып, халықтың ойы мен жағдайы жайында бір тұжырымға келуге болады.
Сауалнама алыну формасы бойынша сырттай, интернет желісіндегі респондент тіркелген поштамен, сұрақтар құрылымына байланысты жартылай жабық түрде алынды. Сұрақ саны сегіз(N=8), респонденттер саны елу (N=50) .
Сандық әдіс, сауалнама көмегімен арнайы қосымшалар арқылы статистикалық мағлұматтар алынып, қоғам үшін мәдени мұраларды қорғау және сақтау маңыздылығы бағаланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz