Қарлұқ мемлекетінің құрылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Тарих факультеті

Археология,этнология және
Отан тарихы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қарлұқ қағанаты

Орындаған: Ги 22-1К тобының студенті
Ермахан А.Е
Тексерген:Смағұлов Н.Б

Қарағанда 2023жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I-тарау.Қарлұқ қағанаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1.Қарлұқ мемлекетінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2.Қарлұқ тайпаларының сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
II.Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1.Этникалық және тайпалық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
2.2.Шаруашылығы, мәдениеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: VI-VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік, Шығыс түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. VII-X ғасырларда Қарлұқ тайпалары Қазақстан аумағында Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін алып жатқан өңірді қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстық көл аралығында, Іле, Шу, Талас алқабында, Тянь-Шань сілімдерін мекендеді. Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес тайпалар: жікілдер, шарұқтар, аргулар және бұлақтар кірген. Махмұд Қашғари бойынша оғыздар Әмудариядан Қытайға дейінгі барлық түркітілдес тайпаларды чигилдер деп атаған.
Қарлұқтар туралы ежелгі феодалдық мемлекеттердегі тайпалардың шаруашылығы жайлы 1996 жылы Экономика баспасынан шыққан Қазақстанның экономикалық тарихы атты кітабында толық айтылған.
Тақырыптық зерттелу уақыты мен дәрежесі жағынан қарлұқ тарихнамасын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең XIX ғасырдың II-жартысын қамтиды. Зерттеушілері: Н. Я.Бичурин , Г.Е. Грум-Гржимайло, В.В. Радлов және Н. Аристов. Яғни ол кезеңдегі еңбектерде қарлұқтар жеке тақырып ретінде бөлінбей, басқа түркі тектес тайпалармен бірге, біртұтас қарастырылады.
Ал екінші кезең яғни Бартольдтық кезеңнен XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы отыз жылдығы басталып, XX ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Зерттеушілері: И. Маркварт, В.В. Бартольд, Ж.Шаван, А.Ю. Якубовский, А.Н.Бернштам және тағы басқа іргелі ғалым-түркологтар жатады. Бұл кезеңде Орталық Азияда қарлұқтардың басқа да түркі тектес тайпаларға қарағанда алдыңғы қатарда болғандығы және Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін қалағандығы сияқты мәселелерді айтуға болады. Енді үшінші, әрі соңғы кезеңге тоқталсам, XX ғасырдың II-жартысы, бұл кезеңде өзінен алдыңғы ғалымдардың жетістігіне сүйенген О .Прицактың қарлұқтарға және олардың Қарахандар мемлекетін құрудағы рөліне арналған ғылыми мақалаларды бастайды.
Осы себепті де, курстық жұмыста қарастырылып отырған тақырып өзекті деп санаймын.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қарлұқ мемлекетінің қайда орналасқанын, ертеде олардың өмірі қалай болғандығын, тілі, діні, шаруашылығы, салт-дәстүрі, халқын анықтайды.Қарлұқтардың басқа мемлекеттен айырмашылығымен немесе ұқсастығымен ұштасып жатыр. Көптеген тақырыпта тек Қарлұқтардың жері ғана емес оның басқа елдермен байланысы болғаны белгілі болады.
Зерттеушілердің біразы қарлұқтардың бұлақ тайпасын кейінгі қазақ арғындарының арғы бабаларын(болат тайпасын) құраған этносаяси бірлестіктердің бірі ретінде сипаттап жүрген. Сонымен қатар, кейіннен Жетісудағы Қарлұқ қағандығы ыдыраған кезде қарлұқтардың үлкен бөлігі түркімендер құрамына сіңісіп кетсе, Ферғана аймағындағы бір бөлігі болашақ өзбек халқының қалыптасуының этно-әлеуметтік негіздерін құрауға атсалысты. Қарлұқтардың негізінен қазіргі Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрген көшпелі тайпалар бірлестігі.
Жазбаша деректерде қарлұқтардың бірқатар шоғырланған топтары туралы хабарланған. Мәселен, шығыста Отюкен таулы жерлерінде (Моңғолия), Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал оңтүстігінде Ауғанстанның солтүстігіндегі Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерінің деректері бойынша Моңғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан. Жергілікті отырықшы халықтың көпшілігі яғни түсті және асыл металдар(алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданған.
Зерттеу объектісі:Қарлұқ қағанатының негізгі кезеңдерін талдау.
Зерттеу міндеттері:
1. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы;
2. Қағанаттың сыртқы саясатына тоқталу;
3. Мемлекеттің мәдениеттеріне тоқталу ;
4. Қарлұқ мемлекетінің этникалық , тайпалық құрамын қарастыру;
5. Шаруашылығын зерттеу;
Зерттеу құрылымы:Курстық жұмыс кіріспе мен екі тараудан құралған, қорытындыдан тұратын жұмыстың құрылымының қысқаша сипаттамасы жасалған.

1.1.Қарлұқ мемлекетінің құрылуы
Алтайдың батысына таяу жерді мекендеген қарлұқтар түргештерді ығыстырып, Жетісуда мемлекет құрды (766-940). Қағандық Жетісу мен Қашғардан, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі жерге иелік жүргізді. Бұл кең аймақтағы тайпалар әуелде "жабғу", 840 жылдан "қаған" лауазымды көсемдердің қол астына қарады. Ежелгі Қытай жазбаларына қарағанда, қарлұқтар таулы да қарлы аймақтарда өмір сүрген байырғы ғұндардың ұрпақтары. Орыстың В.Бартольд, Г.Грум-Гржимайло, Н.Аристов тәрізді үлкен зерттеушілері қарлұқ этнонимі қарлы аймақта тұратындар деген мағынаны білдіретінін айтып келді.
Қытай жылнамалары бойынша қарлұқ түріктердің бір жұрты. Алғашқыда олар Бесбалықтың солтүстігінде, Алтынтаудың (Алтайдың) батысында қоныстанған. Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940жж.) бұлақдеген атпен мәлім болған. Олар алғашқы үш тайпалық бірлестіктен - жікілдерден, бұлақтардан, ташлықтардан тұрғаны белгілі. VI ғасырда бұл тайпалық бірлестік шығыстағы тоғыз оғыздарға жақын жүргенде Үш оғыз бірлестігі деп аталса , кейінірек Үш қарлұқ атанды. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады.
654 жылы қарлұқтарды Таң империясының әскерлері басып алды. Біраз уақыт қытайлықтардың тепкісінде болған оларды 682 жылы қайта құрылған Шығыс Түрік қағанаты өзіне қосып алды. Алайда, Орхон жазуларында айтылғандай,қарлұқтар қағандарға қарсы бірнеше рет көтеріліс жасаған және оларға қарсы соғыс жорықтарын жасап отырған. Қарлұқтардың бірінші жорығы 711-712 жылдары болған. "Күлтегін ескерткішінде" Күлтегін жиырма жеті жаста еді, қарлұқтар тәуелсіз болып (бізбен) жауласты, біз олармен Таһағ деген киелі бастау басында соғыстық дейді. Бұл 714-715 жылдары Тарбағатай тауында түріктердің қарлұқтармен болған соғысы еді. Қайта қалпына келген Шығыс Түрік қағандығы бұдан кейін де (715,716,720 жж) қарлұқтарға қарсы жорық жасап отырған. Ол кезде қарлұқтар Алтай тауының батыс бөлігі мен Тарбағатай өңірін қоныстанған, олардың өз алдына жеке иелігі болған, бұл иеліктің билеушілері "елтебер" деп аталған. 734 жылы Білге қаған қайтыс болған соң, Шығыс Түрік қағандығы ішкі қырқыстар салдарынан тозғындай түсті. Осы кезден бастап қарлұқтар елеулі әскерисаяси күшке айналып,тарих сахнасына шыға бастады.
742ж. Моңғолия даласындағы саяси жетекшілік шығыс түріктерінің өкіметін қиратқан үш тайпаның - қарлұқтардың,ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Аз уақыт басмылдардың бағы жанады - олардың көсемі қаған болады. Қарлұқтар басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда 744ж. Басмылдарды ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші күлталқан етеді. Осылайша Орталық Азияда жаңа мемлекет ұйғыр қағанаты (744-840ж.ж.) пайда болады. Ұйғыр тайпаларының басы жоғарғы қаған болады да, қарлұқтар көсемі оң (батыс) жабғы атағын алады. Дербес тұруға ұмтылған қарлұқтар ақырында ұйғыр қағанатынан бөлініп шығады. 746 жылы Қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: Ит жылы үш - қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді, - деп көрсетілген.
VIII ғасырдың ортасына қарай қарлұқтар екі үлкен бөлікке бөлінді. Олардың біраз рулары шығыста қалып ұйғырларға бағынса, ал батысқа жылжыған екінші тобы Алтай мен Шығыс Тянь-Шянь аралынында өмір сүріп жатты. Алайда 755 жылы ұйғырлар батысқа жылжып,қарлұқтар мен басмылдарды қайта бағындырды. Төрт жылдан кейін ғана қарлұқтар ұйғыр езгісінен құтылып, оңтүстік аймақтарды бағындыру жорықтарын бастады. Олар алғаш Ыстықкөл және Талас аймағынан оғыздарды ығыстырып шығарды. Оғыздар амалсыздан Сыр бойындағы ежелгі қаңлылар мекеніне қоныстануға мәжбүр болды. Қарлұқтардың Жетісуда билік құрған түргештермен қатынасы да бейбіт бола қойған жоқ. Алайда түргештер өзара соғысып жатқандықтан,қарлұқтарға елеулі қарсылықтар көрсете алмады. Осының бәрі қарлұқтарды күшейте түсті. Түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса,бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Қарлұқтар бір тынбастан шекараларын кеңейте береді. Сөйтіп 775-776 жылдар аралығында қарлұқтар билігі Қашқар және Ферғана өңірлерінде ықпалын жүргізе бастайды.
Жетісу территориясында қарлұқ тайпаларының саяси бірлестігі құрылады. Араб және парсы деректеріне сәйкес, IX-Х ғасырларда қарлұқ бірлестігі көптеген рулық - тайпалық топтардан құралады. Мысалға, араб жағрафияшысы Әл-Марвази (XII ғ.) қарлұқтар құрамында яғни тоғыз тайпа болған дейді.Қарлұқ конференциясына Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның: тухси, шігілдер, әзкіштер.
Түргештер, халаджылар, чаруктер мен барысхандар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі түрік тілді тайпалары енген. Қарлұқтардың қоластындағы халықтар этникалық жағынан бір тектес болмаған, олардың ішінде ирантілді соғдылар, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектерде болды.
VIII-Xғғ. Қарлұқ мемлекетінде отырықшы-егінші тұрғындарды түріктендіру процессі қызу жүріп жатты. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі территория маңында қоныстанды. Балқаш пен Ыссық көлдер арасында Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Тянь-шаньнің сілемдерінде, Исфиджаб облысындағы ортағасыр қаласы Отырарға дейін еркін көшіп-қонып жүрген. Араб жағрафияшысы Ибн Хаукалдің (Xғ.) мәліметіне қарағанда, яғни қарлұқтар жерінің батысынан шығысына дейін жету үшін отыз күн жүру керек деп жазған.

1.2.Қарлұқ тайпаларының сыртқы саясаты
Қарлұқ қағанаты жан-жақты арпалысып өзінің алдындағы өмір сүрген мемлекеттер сияқты саясат жүргізуге мәжбүр болды. Қарлұқтарға шығыстан ұйғырлар, батыстан арабтар қауіп төндірді. Қарлұқ қағанаты арабтармен II ғасырға жуық соғыс жүргізетін болса, ал шығысындағы ұйғырлармен 20 жылға жуық ұзақ соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Бірақ қарлұқ билеушілері 766-775 жылдары Қашқарияны жаулап алып,шығыстағы шекарасын кеңейтеді. Сөйтіп олар өздерінің шегарасын шығыс Түркістанда және шығысында кеңейтіп тұрақтап алды. Араб тарихшысы Әл-Марвазидің жазуында мынандай деректер кездеседі:Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз оғыздарға құл болды, -деп жазады. Яғни қарлұқ мемлекетінің жан-жақты күрес жүргізіп арпалысып өмір сүргеніне дәлел. IX ғасырда қарлұқ қағанаты ұйғыр қағанатынан жеңіліс тапты.
Самани әулеті яғни арабтар батыстан қауіп төндіріп отырған жағдайда 840 жылы қарлұқтар Енесей қырғыздармен одақ құрып, ұйғыр қағанатын тас-талқан етіп жеңеді. Сөйтіп 840 жылы жеңілістен кейін Білге Күл Қадір хан Испиджаб қаласының билеушісі өзін қаған деп жариялайды.
Самани әулеті ислам дінінің шекарасын кеңейту мақсатында ғасауат соғысын жариялады. Саманилер Испиджаб, Тараз қаласын басып алып, оның билеушісі Оғұлшақ Қашғар қаласына шығыс Түркістанға кетуге мәжбүр болды. Кейбір қарлұқ ақсүйектері Баласағұн қаласында тұрақтап қалды. Ал Тараз қаласын басып алған арабтар бұл қалада мешіт салдырды. Испиджаб, Тараз қалалары арабтарға тәуелділікке түсіп қалғанымен іс жүзінде мемлекеттік саяси билік өздерінің қолында болды да. Ал енді арабтарға, саманилерге оларға алым-салық төлеп отырды. Испиджаб қаласында өзін қаған деп жариялаған Білге Күл Қадірханның екі баласы Оғұлшақ пен Базар Арслан хан батыстағы арабтарға қарсы күрес жүргізді.
Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі II ғасырға жуық мерзімге созылған. Оны екі үлкен кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1.Қарлұқтардың 712-713 жылдары Соғды, Шаш, Ферғаналықтармен бірігіп жүргізген күрес кезеңі. Бұл кезеңде қарлұқтардың 756 жылы билікті өз қолдарына алған кезге дейін созылады.
2.Қарлұқтар күресі VIII ғасырдың II-жартысынан IX ғасырдың аяғына дейін созылды. Бірақ қарлұқтардың арабтарға қарсы күресінің кезеңінде қарлұқтар көбіне жеңіліске ұшырап отырды. Себебі бұл кезеңде арабтар исламды идеялық қару ретінде қолданды және қарлұқтардың ішкі-талас тартыстарында өздерінің пайдасына өте тиімді пайдаланып отырған болатын.
Осындай қарлұқтардың ішкі қырқыстардан әлсіреп отырған кезеңін 940 жылы Қажғардың түрік билеушілері Баласағұн қаласын басып алып, өздеріне тәуелді етті. Бірақ Арслан ханның баласы Сатұқ Боғра хан 942 жылы Баласағұн қаласын қайтарып алып, өздері иелік ете бастаған.

2.1.Этникалық және тайпалық құрамы
Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашқы кезеңдері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқының қалыптасу сатысына ұласты.
Әл-Идрисидің картасында қарлұқтардың екі тобының аумақтық орналасуы көрсетілген. Қарлұқ этнонимін әл-Идриси жузудың екі түрінде арабша және парсыша: харлух және халлух деп береді.
Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымында жекелеген тайпалық жүйенің дамыған түрлері болуы себепті, бір орталыққа бағындырып билеу мүмкін емес еді. Қарлұқ жабғуларының билігі жеке-дара болды. Жекелеген ірі тайпалардың (шигиль, тухси, яғма) басында тұрған билеушілер өздерінің жартылай дербес және тәуелсіз саналатын иеліктерінде билікті нығайтуға тырысты. Әрбір жекелеген билеушінің бекініс қалаларында немесе елді мекендерде өзінің ордасы және әскері болды. Тайпа ақ сүйектері көптеген жеңілдіктерге ие болуымен қатар оны мирас етіп қалдыра да білді. Қарлұқ мемлекетіндегі биліктің әскери әкімшілік жүйесі көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыстың ерекшеліктерін көрсетіп, билеуші ақ сүйектер тобының иерархиялық құрылымын байқатты.
Ортағасырлық араб авторы ал-Марвази XI ғасырдағы қарлұқтардың құрамы жөнінде мәлімет береді. Оларға (түркілерге) қарлұқтар жатады. Олар Тунис (Тулис) тауын мекендейді, ал бұл тау алтыннан. Олар тоғыз оғыздардың құлы болған және оларға қарсы тұрды. Олар түргештер елінен шығып, оларды жаулап алды. Оларды бағындырды және билігін кұлатты. Осы жақтан олар мұсылман елдеріне шықты.
Жылнамашылар мен саяхатшылар VIII-IX ғасырларда Жетісу жерін шұмұқ, ұлық - ақ, жабшид, түркеш, қалаш, сурниш, азғыр, касо, барысқан, тағы басқа тайпалар мекендегенін айтады. Ал Маруазидің айтуынша: қарлұқ тайпалары жеті арысқа бөлінген, олар: шығыл ( үш арыс), бескіл (үш арыс), бұлақ (бір арыс), көкірегін (бір арыс), тұхси (бір арыс), екі қосалқы ру - лазана мен фарахия. Араб авторы Мұхаммед Әл-Ауфи: Алтай тауын мекен еткен қарлұқтар бұрын тоғыз оғыздарға тәуелді еді. Олар кейін тоғыз ұлысқа бөлінді. Мұның ішінде үш ұлыс шығыл, үш ұлыс қазақ бар дейді.
Қарлұқ одағы алғашында болат, жүз (сәбек), ташлы сияқты үш тайпадан құралғанымен, кейін осы қарлұқтардың қол астына қараған түркі тілдес тайпалар - тұхси, шығыл, азкіші, халаж, жаруқ, арғу (арғын), барысқан, тағы басқа қарлұқ тайпалары есептелген, олардың қатарында оғыз, түрікмен типті түріктенген соғдылар да болған. Махмұд Қашқаридің қарлұқ дегеніміз түрікмендер деген түсінігі осыны аңғартады.
X ғ. қарай Жетісудағы қарлұқтар билігі айтарлықтай әлсіреді. Жекелеген иеліктердің немесе қалалардың басшылығында қарлұқ жабғуының билігін, шындығында, шартты түрде ғана мойындаған тәуелсіз билеушілер тұрды. Түрік титулына түсініктеме берген әл-Хорезми былай деп жазады: қарлұқтар патшасы Жабғу деп аталды. Йнал-тегін - жабғудың орынбасары және әрбір түрік басшысының - патша немесе дехканның иналы, яғни орынбасары бар.
V ғасырда қарлұқтар тирек (теле) тайпаларына кірген. Қарлұқ туралы алғашқы дерек Суй империясы тарихында 581-618 жылдары кездеседі. VII ғасырдың басында бұлақ руы Алтай тауының баурайында мекендейтіндігі хабарланады.
VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа -бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы X ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін жабғу деп атаған.
Таншу әулеттік хроникасына сәйкес, қарлұқтар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. Олар (қарлұқтар) - ежелгі түріктер, дейді Ибн әл-Факих (Х ғ.) Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұқтар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу аумағында қалған кейбір топтары, сондай-ақ түрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.
Қарлұқ иеліктері тек қарлұқтар мекендеген жерлерді ғана емес, түркі тайпаларының шығыл, тұхси, яғма алып жатқан жерінде білдіреді. Бұл тайпалардың үстінен жоғарғы билік ортада болғандықтан. X ғасыр қарлұқтардың ябғуына тиесілі болса, мұсылман деректері көрсетілген аумақты түгелдей қарлұқтарға жатқызады.

2.2.Шаруашылығы, мәдениеттері
Қарлұқтардың мекен етіп, иелік етіп отырған жері Оңтүстік Жетісу аймағы шаруашылыққа және тұрмысқа жанға-жайлы аймақтар болатын.
Қарлұқ қағанатының шаруашылығының дамуы екі негізгі саладан тұрды:
1.Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы;
2.Отырықшы егін шаруашылығы.
Қалыптасқан тарихи және географиялық жағдайларға байланысты қарлұқтар Қазақстан мен Орта Азияда орналасқан түріктердің ішіндегі отырықшылыққа ерте бой ұрған тайпалық бірлестік. Әсіресе,қарлұқтар тұрған жер өзге халықтар мекендеген жерлерне қарағанда бау-бақшалыққа қолайлы болды.
Шаруаға икемді жартылай көшпелі және отырықшы тұрғындар тобы бар қарлұқтардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болатын. Қолөнер мен кәсіпкерліктің ең дамыған түріне мал өнімдері мен оның шикізатын үйде өндеу жататын.
Қарлұқтар маусымдық жайылымдарды бір жерде тұрақтамай, ауыстырып отырды. Мал шаруашылығымен айналысатын қарлұқтар жаз айларында Алтай, Жоңғар Алатауларын немесе Үлкен, Кіші Қаратау баурайларын жайлаған. Ал қыс айларында Балқаш, Іле, Талас, Шу, Сырдария сияқты ірі өзен бойларындағы қалың тоғай арасында немесе тау бөктеріндегі күңгейлі шатқалдарда қыстаған. Өйткені ондай жерлердің от-суы мол, қысы жайлы еді. Қыстауларда тұрақты үй-жай, қора-күркелер салып, 5-6 ай тұрақтаған және қарлұқтар төрт түлік малдың барлығын өсірген. Әсіресе соның ішінде көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын және көшпенділерге тән жылқы мен қой малы олардың шаруашылығына өте жиі кездесті, бірақ Қазақстан жерін мекен еткен қарлұқтар сонымен қатар қосымша малшаруашылығы мен қатар қосымша күн көріс ретінде,қосалқы шаруашылық ретінде орманды аймақтарда мекендейтін көшпелілер аң аулаумен де айналысқан және Сырдария, Шу, Талас, Іле өзендерінің бойын мекендеген шаруалар балық шаруашылығыменде қатар айналысты. Яғни күн көріс ретінде текқана малдың етін емес, аңдардың терілерін, балықтың етінде тұрмыста пайдаланды. Балық шаруашылығы қазақ жерін мекен еткен Балқаш, Алакөл, Сырдария және Іле өзендерінің бойын мекен еткен көшпенділердің арасында кездесіп отырды. Мал өнімдері (жүн,ет,тері,сүт) жесе азық , кисе киімі болған. Жалпы қарлұқтардың қосалқы шаруашылығы туралы Әл-Йакуби көшпелі түріктер көбіне жабайы аң-құстың етін жейді деп жазды. Қарлұқтардың балық аулаумен айналысқандығын дәлелдейтін балық аулауға қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы
Қараханн мемлекетінің негізін салушы хан
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету
«Түркі» этносы және этнонимі
Түркі қағанаты
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Қарахан Әулетінің мемлекеті
Пәндер