Еңбек ақы шығындары


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Абай облысының білім басқармасы

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

Қорғауға рұқсат

Жетекші-

«»2024ж.

«»2024ж.

04110100 «Есеп және аудит (салалар бойынша) »мамандығы бойынша

«КМ 02 ОН1. Қаржылық нәтижелердің, меншікті капиталдың есебін жүргізу, есепсаясатын қалыптастыру» модулі бойынша

23 ЕА ТиПО-2 тобының

оқушысы

КӘСІПТІК(ӨНДІРІСТІК) ТӘЖІРИБЕСІН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ

2023-2024 оқу жылы

Пән:

Есептің түсу мерзімі

Есепті қорғауға рұқсат

Есепті тексерген

Есепті қорғаған бағасы

Пән бойынша өндірістік іс- тәжірибе жетекшісінің қолы

Кәсіптік іс- тәжірибе күнделік- есебі

курс

Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «ДАРЫН» орталығы» КМҚК

(іс- тәжірибе өту орны)

Оспанова Светлана Сагидоллаевна

(іс- тәжірибе жетекшісінің аты-жөні және лауазымдық қызметі)

Іс- тәжірибе бағдарламасына сәйкес әр күнде орындалған жұмыстар көлемі
Кәсіптік іс- тәжірибе жұмыстары мен жеке тақырыптарды орындау мерзімдері
Өндірістен кәсіптік іс- тәжірибе басшысының қолы
Басталуы
Аяқталуы
№: 1
Іс- тәжірибе бағдарламасына сәйкес әр күнде орындалған жұмыстар көлемі: Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Кәсіптік іс- тәжірибе жұмыстары мен жеке тақырыптарды орындау мерзімдері:
Өндірістен кәсіптік іс- тәжірибе басшысының қолы:
№:
Іс- тәжірибе бағдарламасына сәйкес әр күнде орындалған жұмыстар көлемі: Бухгалтер жұмыстарын қайталау
Кәсіптік іс- тәжірибе жұмыстары мен жеке тақырыптарды орындау мерзімдері:
Өндірістен кәсіптік іс- тәжірибе басшысының қолы:
№: 1. 1
Іс- тәжірибе бағдарламасына сәйкес әр күнде орындалған жұмыстар көлемі:

Өндіріс шығындарының есебін жүргізу және өнімнің өзіндік құнын есептейді

Кәсіпорындар өз өнімдерін нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін

анықтайтын маңызды факторлар өндіріс шығындары болып табылады. Кез-келген тауарды өндіру-шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің белгілі бір бағалар болады.

Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.

Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат - бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген.

Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:

- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы;

- толассыз қызметі;

- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі;

- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы.

Пайдаланатын есеп саясатының басты мақсаты мен негізгі арналымы- кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.

Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын:

Әдістемелік аспектісі деп кәспорында өнімнің өзіндік құнын

есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады;

Фирманың нарыққа ұсынғысы келетін өнімінің саны бір жағынан, сол өнімдерді өндіргендегі шығындар мен ресурстарды тиімді пайда алуға байланысты болса, екінші жағынан тауардың нарықта өндірілетін бағасына байланысты болады. Жетілген бәсекелестік жағдайында фирмалар өздері өндірген өнімдердің бағасына әсер ете алмайды. Сондықтан нарықтық экономикадығы фирманың тиімді жұмыс істеуі үшін, өндіріс шығындарын азайту керек.

Шығындар қалыптасу сферасы мен айналымы бойынша ерекшеленеді. Өндірістік шығындар сауда, транспорт, сақтау шығындары, ал құнға қосылуы бойынша толық және бөлшек болып жіктеледі. Өндірістік шығындарды өндіріс деңгейінде өзіндік құн деп те атайды. Сондай ақ фирманың табысқа жетуі өзіндік құнның бірнеше себептер бойынша қалыптасуына байланысты.

Өнімнің өзіндік құны - өнімді дайындау немесе жұмысты орындау барысында тікелей пайдаланылатын негізгі қорлардың бүкіл ресурстарының, табиғи және өнеркәсіптік шикізаттың, материалдардың, жанар-май мен энергияның еңбектің шығындарының ақшалай формадағы көріністерін айтады. Өнімнің өзіндік құны өндіруге кеткен шығындардан тұрады.

Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндірі шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.

Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

Шығындарды есепке алу және өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялау - басқарушылық есептің ең маңызды бөлімдерінің бірі.

Шығындарды бөлудің нақты эдісін таңдау барысында екі негізгі критерийлерді ескеру қажет:

1) себеп-салдарлы критерий, яғни нысан мен оған қарасты шығындар арасында айқын байланыс болуы тиіс (мысалы, көліктік-дайындау шығындары бөлімшелер жэне калькуляциялау нысаны бойынша сол бағытта жөнелтілген материалдардың жоспарлы бағасына пропорционалды түрде бөлінеді) ;

2) қызмет нәтижесі әділ әсер етуі бойынша (мысалы, брендті жылжытумен байланысты шығында сату көлемі ірі өнімдер түрлеріне жатуы тиіс) .

Өнімнің өзіндік құнының құрылымы шығындардың топтастыруына сәйкес

болуы керек. Шығындарды топтастырудың негізгі принципі оларды экономикалық элементтері және калькуляция баптары бойынша бөлу болып табылады.

Шығындар бастапқы экономикалық элементтері бойынша келесідей топтастырылады:

1. Материалдық шығындар;

2. Еңбек ақы шығындары;

3. Еңбекақыдан аударымдар;

4. Амортизациялық аударымдар;

5. Басқа да шығындар.

Бұлай етіп топтастыру экономикалық табиғаты біркелкі болғанда және бірнеше өнімнің шығындарын жинақтағанда қолданылады. Ол кәсіпорынның материалдық ресурстарға жалпы қажеттілігін, негізгі құралдардың амортизация сомасын, еңбек ақы шығындарын т. б. анықтауға мүмкіндік береді.

Осы элементтердің әрқайсысы бойынша шығындар жөніндегі мәліметтер

8010" Негізгі өндіріс " шотында жинақталады.

Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары экономикалық элементтер бойынша барлық шығындар есебі олардың шаруашылық процестері арасында бөлінуін қамтамасыз етеді.

Негізгі шығындарға тура шығындар, ал үстеме шығындарға жанама шығындар жатады.

Тура шығындар - белгілі бір өнім түрінің өндірісіне тікелей катысты шығындар. Тікелей шығыстарга кеткен материалдар сонғы өнімнің кұрамына (яғни, онын құнына) баска да шығындармен катар қосылады. Жұмысшы күшіне жұмсалған тікелей шығындар - бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударым қоса есептелінеді) болып табылады. Алайда белгілі бір өнім түрінің өндірісіне тура апаруға мүмкін емес шығындар да болалы. Мұндай шығындар бірінші жеке шоттарда жиналады (құрылғыларды ұстау және эксплуатация бойынша шығындар және баска да жалпы өндірістік шығындар) . Осы шығындар есепті кезеннің сонында әр түрлі көрсеткіштерге пропоршионалды таратылады, ереже бойынша, сметалық ставкаларға, заттай өлшемдегі шығындалған материалдарға пропоршионалды немесе өндірістік жұмысшылардың төлемақысы сомасына пропоршионалды.

Жанама шығындар өнімнің бірнеше түрлерін өндірумен байланысты және калькуляция объекттеріне сәйкес базаға (жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысына немесе бүкіл тікелей шығындарға, өндірістік алаңға және т. с. с. ) пропорционалды түрде үлестірілу арқылы жатқызылады. Жанама шығындардың мысалы ретінде жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындарды, негізгі қорларды күту шығындарын және т. б. жатады.

Көмекші өндіріс -Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс. Мысалы: электр станциялары, сумен жабдыктау, жөнде - механикалык цех, автотранспорт және т. б. Көмекші өндіріс шығындарын есептеуге 8310 шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот ашылады.

Үстеме шығындарға өндірісті басқару және оны қамтамасыз ету немесе оны басқаша жалпы өндірістік шығындар, яғни жеке өндірістік бөлімшелерді (цех, учаске және т. б. ) басқарумен және қамтамасыз етумен байланысты шығындар жатады. Үстеме шығындар 8410 шотында жүргізіледі. Үстеме шығындарға Негізгі құралдардың тозуы, жөндеу, коммуналдық қызметтер, жалдық төлемдер және т. б. үстеме шығындар жатады.

Сатылған өндіріске жіберілген ТМҚ-ны бағалау әдістері әдетте тауарлар мен материалдардың партиялары әр түрлі бағамен сатып алынатындықтан жұмсалған ТМҚ-ны бағалаудың 3 әдісі қолданылады:

l) Орташа құн әдісі - сатып алынған ТМҚ шығындар есебінен есепті кезең ішінде және есепті кезеңнің басында қалған ТМҚ-ның орташа құны бойынша есептелінеді;

2) ФИФО әдісі - ТМҚ-ны алғаш сатып алынған құны бойынша есептен шығарылады;

3) Жаппай идентификация әдісі - ТМҚ-дың нақты құны бойынша есептен шығарылады.

Негізгі және қосалқы өндірістер цехтарының шығындары туралы № 12 ведомостардың деректері және жалпы зауыттық шығыстар, болашақ кезеңдердің шығыстары және алдағы төлемдердің резерві туралы № 15 ведомостың деректері № 10 ордер-журналға жазулар үшін негіз болып табылады.

Кәсіптік іс- тәжірибе жұмыстары мен жеке тақырыптарды орындау мерзімдері: 19. 04. 2024
Өндірістен кәсіптік іс- тәжірибе басшысының қолы: 22. 04. 2024
№: 1. 2
Іс- тәжірибе бағдарламасына сәйкес әр күнде орындалған жұмыстар көлемі:

Дайын өнімнің және оны сатудың есебін жүргізеді

Дайын өнім негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Дайын өнімді қабылдау - тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.

Қабылдау - тапсыру құжаты цехта екі дана етіп жазылады.

Негізгі өндіріс шығындарының талдау (аналитикалық) есебі №10 журнал - ордерге ашылатын №10 журнал - ордер мен №1, 2 ведомостарда жүргізіледі.

№10 журнал - ордерге ашылатын №1 ведомос (цехтарды бөліп көрсете отырып) өндіріс шығындарын есепке алуға арналған. Әрбір цех бойынша оның қызметіне қатысты бүкіл төте және үстеме шығындар көрсетіледі. Аталмыш шығыстар талдау (аналитикалық) есеп баптарында бөлек көрсетіледі. Әрбір айдың шығындары туралы жазулар әртүрлі бастапқы және жиынтық құжаттар, өзге журнал-ордерлер, шифрын ашушы - парақшалар негізінде корреспонденциялық шоттарда бөлек көрсетіледі. Кәсіпорын бойынша тұтастай, корреспонденциялық шоттарға бөле отырып өндіріс шығындарының жалпы сомасын есептеу №1 ведомостағы «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінде жүргізіледі. Негізгі өндіріс цехтарындағы өндіріс шығындары туралы жиынтық мәліметтер «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінен №10 журнал - ордердің бірінші бөліміне ауыстырылады. №10 журнал - ордерге тіркелетін №2 ведомосты пайда болған жері бойынша өндіріс шығыстарын топтастыруға, сондай-ақ дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтауға арналған. Дайын өнім қозғалысы бухгалтерлік есепте :

  1. кірістері - № 6 журнал-ордерлерінде,
  2. шығыстары - №11 журнал-ордерлерінде жүргізіледі.

Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының арнайы бланкілері қолданылуы мүмкін.

Қабылдау - тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.

Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар тіркеледі.

Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 «дайын өнім» шотының дебетінде жинақталып, 8110 «негізгі өндіріс», 8310 «қосалқы өндіріс» және 8210 «меншікті өндірістің жартылай фабрикаттар» деген шоттарының кредитінде көрініс табады.

Кәсіптік іс- тәжірибе жұмыстары мен жеке тақырыптарды орындау мерзімдері: 23. 04. 2024
Өндірістен кәсіптік іс- тәжірибе басшысының қолы: 25. 04. 2024
№: 1. 3
Іс- тәжірибе бағдарламасына сәйкес әр күнде орындалған жұмыстар көлемі:

Қаржылық нәтижелер мен меншікті капиталдың есебін жүргізеді

Жалпы кәсіпорындардағы меншік капиталы - бұл ұйымның міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының улесі көп болса, онда ол ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары болуы кажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады.

Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің меншікті капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы «ДАРЫН» орталығы» шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Субъектінің мулкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген пайда.

«ДАРЫН» орталығы» шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

Жарғылық қор меншік иесі субъектінің жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған қаржыларының сомасы болып саналады.

«ДАРЫН» орталығы» - дағы капитал қозғалысы операцияларының есебі.

«ДАРЫН» орталығы» - да төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110 «Төленбеген капитал» шоты арналған. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

Жарияланған/белгіленген тәртіпен тіркелген/ жарғылық қор сомасына 5110 «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоты - 5010 "Жарияланған капитал" /акционерлік қоғамдарда/ және 5010-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» / қоғамдардан басқа түрлерінде/ шоттары кредиттеледі.

Кайтарылып алынған капиталдың есебі. Қайтарылып алынған капиталдың есебіне 5110-ші шоты арналған.

Айналымнан алынған жай және артықшылықты акциялар сатып алынған акциялардың сатып алу және тұрақты құнының арасындағы айырмашылық былайша көрініс табады:

-егер олардың тұрақты құнынан төмен бағамен сатып алынған болса;

-егер акциялар олардың тұрақты құнынан жоғары бағамен сатып алынған болса;

Құжаттық үлгідегі акцияларының күшін жоюды жүзеге асыратын акционерлік қоғам акциялардың жойылғаны туралы акт жасауға міндетті. Актіні акционерлік қоғамның тиісті жолдармен бекітілген комиссиясы жасайды.

5010 шоты бойынша аналитикалық есеп айналымнан алынған акциялардың түрлері сериялары және рет нөмірлері бойынша жүргізілуге тиіс.

Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капиталдегеніміз акционерлік қоғам өз акцияларын олардың тұрақты бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сома /эмиссиялық табыс/. Мұндайкапиталдың /табыстың/ есебі 5420 «Қосымша төленген капитал»жүргізіледі.

Резервтік капитал есебі.

«ДАРЫН» орталығы»-да резервтік капитал келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзініңтаза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің жарғысында қаралады.

Бөлінбеген пайда шаруашылық субъектінің жалпы табысының барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі. «ДАРЫН» орталығы» капиталы 2832, 7 мың теңгені құрайды. Бухгалтерлік есепте меншік капиталын Типтік шоттар жоспарының 5 бөлімінде қарастырып, есепті жүргізеді

Кәсіптік іс- тәжірибе жұмыстары мен жеке тақырыптарды орындау мерзімдері: 25. 04. 2024
Өндірістен кәсіптік іс- тәжірибе басшысының қолы: 29. 04. 2024
№: 1. 4
Іс- тәжірибе бағдарламасына сәйкес әр күнде орындалған жұмыстар көлемі:

Ұйымның есеп саясатын жасайды

«ДАРЫН» орталығы»-да есеп саясатына байланысты 2023-2024 жылғы бухгалтерлік есебі келесі жүйе бойынша жүргізіледі:

1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық опреацияларын тіркеу және жинақтау үшін Бас Жоспар шотына сәйкес өңделген жұмыстық жоспар шоты қолданылады.

2. Есептеу саясаты және оны ашу есептеу саясатын қалыптастырылуы.

3. Бухгалтерлік баланстың толығымен қабылдануы.

«ДАРЫН» орталығы» негізгі талдау көзі болып жылдық технико-экономикалық көрсеткіш есептелінеді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде кәсіпорынның 2023 жылға қарағанда 2024 жылы сатылған өнімнен түскен жалпы табыс жоғары. 2022 жылы 12978, 2023 ж. -593825 мың теңге. Осыған сәйкес таза табысы да жоғары. Бұған әсер еткен факторлардың қатарына біріншіден сатылған өнімнің сапасы жақсара түскені жатады, екіншіден еңбек өнімділігі жоғарылады. Оған себеп 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы жұмысшылардың орта тізімдік 10 адамға артып отыр. Яғни кәсіпорын 2022 жылы 2023 жылға қарағанда рентебільді жұмыс істеген деп айта аламыз. Оған еңбек ресурстарын дұрыс пайдалана отырып, еңбек шығындарын азайту да әсер етті.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті - бухгалтерия бөлімі жүзеге асырады.

Кәсіпорынның ағымдағы қызметіне басшылықты кәсіпорындағы ішкі және сыртқы қаржылық бақылау тәртібін белгілейтін басшы (директор) жүзеге асырады.

Кәсіпорын бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес активтердің, міндеттемелердің, меншікті капиталдың, кірістер мен шығыстардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар мен оқиғалардың бухгалтерлік есебін екі жақты жазба тәсілімен жүргізеді.

Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтерімен басқарылатын бухгалтериямен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Нақты бір ұйымдағы өнім өндірісі шығындарының есебін, оған әсер ететін факторларды анықтап, талдау жүргізу
Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы
Шығындар аудиті
Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Өнімнің өзіндік құны
Шығыс түрлері және үстеме шығыс
Өндіріс шығындар
Негізгі өндіріс шығындары
Шығындар түсінігі және олардың басқарушылық есептегі жіктемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz