ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
Саясаттану және әлеуметтік-
гуманитарлық пәндер
кафедрасының меңгерушісі,
с. ғ. д, профессор Симтиков Ж. Қ.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Қазақ мәдениеті -ұлттық бірегейліктің іргетасы»
6В03102 -Мәдениеттану
Орындағандар: Нұрболатқызы . А,
Жалғасбаева. Қ, Арқалық. Д.
Ғылыми жетекшісі
философия ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушы: Рахимова Г. Д.
Алматы, 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1. ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қазақ халқының ауызекі мәдениетінін ерекшеліктері мен мәні 7
1. 2. Этникалық сәйкестілік және ұлттық бірегейлік 16
1. 3. Өзін-өзі тануды қалыптастырудағы мәдени құндылықтардың рөлі 23
2. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫ МӘДЕНИ КОД РЕТІНДЕ
2. 1. Мәдени әртүрлілікті сақтау үшін мәдениетаралық диалог және өзара әрекеттесу 37
2. 2. Қазақ халқынын ұлттық бірегейлікті қалыптастыру жолындағы кедергілер 43
2. 3. Қазақ ұлттық бірегейлігінің морфологиясы 54
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
Алматы, 2024
КІРІСПЕ
Ұлттық бірегейлікті зеттеу өз кезегінде басқа салаларға, оның ішінде: тарих, әлеуметтану, антропология, саясаттану және т. б. сияқты әртүрлі білім салаларын кесіп өтеді. Ұлттық бірегейлік жайлы зерттеген шет елдік ғалымдардың еңбектері мен мақалаларына көз жүгіртетін болсақ, бұл ұғым мәдениет пен өркениет терминдерімен тығыз байланысты, тіпті олардың ең соңғы нәтижесі деп қарастыруға болады. Бұл мәдениеттің терминімен: Б. Андерсон, Э. Хобсбаум, Э. Геллнер, А. Смит, Р. Брубейкер, А. Уимммер көп зерттеу жұмыстарын жасады.
" Ұлттық бірегейлік бірлестіктің қайнар көзі, сондай-ақ қақтығыстардың қайнар көзі бола алады. Мұның бәрі оның қалай қолданылатынына және түсіндірілуіне байланысты [1, 26 б] . Антони Смиттің осы сөзіне келетін болсақ, ұлттық бірегейлікті зерттеу бағытына қарай да оның түсініктері өзгереді. Ал біз бұл терминді мәдениеттанулық талдау түрде зерттедік.
Зерттеу жұмысы -қазақ мәдениетінің әртүрлі аспектілерін, олардың ұлттық бірегейліктің қалыптасуына әсерін және олардың қазіргі қоғамдағы рөлін кеңінен зерттеуді көздейді. Мұндай жұмыста қазақ мәдениетінің тарихи, әлеуметтік-мәдени, тілдік, діни және басқа да аспектілері, сондай-ақ оның басқа мәдениеттермен өзара іс-қимылы қарастырылды. Зерттеу Қазақ мәдениетінің тарихи тамырларына шолу жасаудан, оның ғасырлар бойы қалыптасуы мен дамуынан басталды. Қазақ мәдени бірегейлігінің қалыптасуына қандай факторлар мен оқиғалар үлкен әсер еткеніне ерекше назар аударылды.
Ұлттық бірегейлік - бұл әр елдің өзіндік әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлер, діні, тарихы, мәдениеті және мәдени көзқарасының ерекшелігінің жиынтығы.
Мадалиева. Ж. Қ. «Ұлттық бірегейліктің тарихи негіздері: ұлттық мәдениет сабақтастығында» мақаласында:
«Ұлттық бірегейліктің тарихи негіздемелерін кешенді түрде ұсыну, арнайы ғылыми жұмысты керек етеді және оның нәтижелері қазіргі ұрпақтар мен болашақ жастардың рухын көтермелеуге, өзінің Қазақ екендігін мақтан тұтуға жетелейтін психологиялық-идеологиялық технологияға айналуы тиіс»- деп жазған. Бұл ойға сүйенетін болсақ Ұлттық бірегейлікті зерттеу үшін оның тарихына көз жүгіркеніміз дұрыс. Және бізге ол үшін сол елдің ұлттық мәдениеті көмектеседі. Ұлттық бірегейлік және оның мәдениетпен арақатынасы жайлы зерттеген ғалымдардың мәліметтеріне сүйенсек :бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысқан құрылымдар екенін түсінеміз. Бұл екі түсінік жайлы: Т. Х. Ғабитов, Г. К. Абдигалиева, З. Н. Исмагамбетов, Д. Г. Шорманбаева, К. А. Бияздыкова, Г. А. Абдуразакова, Д. У. Кусаинов, Г. К. Мусабекова. Ж. К. Мадалиева және т. б зерттеу жұмыстарында көп үлесін қосты. Қазіргі уақытта олардың еңбектері мәдениеттану пәні арқылы оқуда тәрбиелік те, теориялық та білім беруіне көп үлесін қосты.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жаңалығы. Қазақ мәдениеті - ұлттық бірегейліктің іргетасы» тақырыбы - Қазақ ұлттық бірегейлігінің түпкі бастамасы мен негізгі құрылымы және қазақ мәдениетінің ұлан-ғайырлық тарихының оған әсерін зерттеуге байланысты өзекті болып табылады. Қазақ халқының ұлттық бірегейлігін зерттеу арқылы ұлттың мәдени мұрасын сақтау ең маңызды фактор болып табылады. Қазіргі жаһандану мен мәдени гемонизация процессі үздіксіз болып жатқан заманда біздің халқымыз, олардың іщінде жастардың мәдениетініміздің және оның мұраларын жетік білуі маңызды болып табылады. Халыққа білім беру арқылы өз мәдениетініміздің жоғалуына немесе әлемдік мәдениеттің құрсауында қалып деңгейінің түсуінің алдын аламыз. Сондай ақ, жас буынның мәдени кодтың ерекшелігін сақтап жаңа буынға дамытып жетектеп отыруы өте өзекті мәдени жоспарлардың бірі болып табылады.
Мәдениет халықтың құндылықтарын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен ойлау тәсілдерін анықтай отырып, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты зерттеу қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастыру және дамыту процестерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Ұлттық бірегейлік - бұл ескі мен жананың ұштасып қазіргі кезеңге бейімделген мәдениет обьектілер жиынтығы. Заманға сай болуды талпынсақ бізге әрқащан дамып, және «ескі қанаттарды» шешіп отырғанымыз абзал. Бұл біздің ол мұраларды ұмыту деген сөз емес, керісінше оларды қазақ мәдениеті тарихы ретінде қарауды көздейді.
Қазақ мәдениетінің басқа мәдениеттермен өзара іс-қимылының ұзақ тарихы бар, бұл оны зерттеуді елдегі ішкі процестер тұрғысынан да, халықаралық мәдени қатынастар тұрғысынан да өзекті етеді. Сонау б. з. б 2-ғасырдағы Ұлы Жібек Жолы бағыты туралы мәдениеттерді қарастырсақ сол кездегі ата-бабаларымыз көшпелілер мәдениетіне сауда-саттықпен Қытай, Парсы, Византия мәдениеттерінің түйіршіктері де қоныстанғанын байқаймыз. Мәдениеттің дамуы үшін оған әрқашан да қозғалыста болуы қажет, қозғалыста ғана ол көркейеді және өз ағымын табады.
Қазіргі жағдайда мәдениет көбінесе мемлекеттік саясаттың назарына айналды, ұлттық бірегейліктің негізі ретінде қазақ мәдениетін зерттеу мәдени саясат пен этносаралық қатынастар саласындағы тиімді стратегияларды анықтауға көмектеседі. Тарихтары мен мәдениеттері, тілдері ұқсас болып келетін Түркі Мемлекеттердің Ұйымы- мәдениет пен саясаттың бір-біріне күш беруші прогрессорлар екенін дәлелдейді. Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы - 2009 жылы 3- қазанда Нахшыван қаласында құрылды. Құрамына: Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан кіреді.
Қазақ мәдениетін зерттеу - антропология, әлеуметтану, тарих және басқа да пәндер саласындағы білімнің кеңеюіне ықпал етеді, сондай-ақ жастардың білімі мен тәрбиесі үшін маңызды мәнге ие болуы мүмкін.
Жалпы, "қазақ мәдениеті - ұлттық бірегейліктің негізі" зерттеу тақырыбы ғылыми және практикалық тұрғыдан өзекті болып табылады, өйткені оны зерттеу Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі тарихи, әлеуметтік-мәдени және саяси процестерді тереңірек түсінуге ықпал етеді. Қазақ мәдениеті- қазақ халқының әлемдік мәдени сахнаға шығара алатын қабілеті жеткілікті. Халықтың тарихы мен мәдени мұрасының бай болуы мен қатар, оларды зерттеуіне көп көңіл аударылуының өзі жаһандық прогрессияның бір бөлігі деп айтсақ болады. Қазақ ұлттық бірегейлігі мен мәдениетін зерттеу- ұлтымыздың болашағы мен қазіргі кезеңнің бет-бейнесін қалыптастыру процессиясында маңызды рөл атқаруымен өзекті болып табылады.
Зерттеу жұмысының жаңалығына келсек:
- Дәстүрлі қазақ мәдениетінің насихаттау барысында ұлттық бірегейліктің архетиптерін негіздеу;
- Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру процесінде, қазақ мәдениетінің тарихи жолында кездестірген кедергілерін анықтау;
- Мәдениеттердің өзара бір-бірімен байланысы арқылы, ұлттық бірегейліктің түрленуіне мысалдар қарастыру;
- Қазақ мәдени құндылықтарының, мәдени кодтағы көрінісін анықтау,
секілді тұжырымдамаларға мәдениеттанулық талдау жасадық.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерін, көші-қон, сауда, жаулап алу және мәдени алмасу сияқты сыртқы факторлардың әсерін, сондай-ақ мәдениеттің қазіргі жағдайына әсер ететін жаһандану мен жаңғыртудың заманауи процестерін қамтиды. Сондай-ақ қазақ халқының тілі, әдебиеті, халықтық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, музыка, би, аспаздық, қолөнер және басқа да көптеген аспектілері жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастыру мен қолдаудағы қазақ мәдениетінің рөлін терең түсіну болып табылады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Қазақ мәдениетінің- қазақ ұлттық бірегейлігінің іргетасы екенін анықтау.
Зерттеу жұмысының міңдеттері былайша тұжырымдалады:
- Ұлттық бірегейлігіміздің басқа мемлекеттердікінен ерекшелендіретін құндылық аспектілерін анықтап, оларды ашып көрсету.
- Мәдениет пен өркениеттің арасындағы байланыстың, ұлттық бірегейлікті нығайтуға әсер ететін күш екеніне дәлел келтіру.
- Қазақ ұлттық бірегейлігі қазақ халқының басынан өткерген тарихи кезеңдер мәдениеттерінің құрылымы екеніне көз жеткізу.
- Қазақ ұлттық бірегейлігінің мәдени кодының құрылымы тақырыбын ашып оны зерттеу.
- Қазақ ұлттық бірегейлігін зерттеп, қарастыру - қазақ мәдени мұрасын сақтау және оны дамытудың қозғалтушы күші екенін айқындау.
- Басқа мәдениеттер мен біздің мәдениетіміздің өзара әрекеттесуінің қазақ мәдени әртүрлілігіне әсер етуші фактор ретінде қарастыру.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Тақырыпты зерделеу үшін зерттеу жұмысының әртүрлі әдістері, соның ішінде: тарихи талдау, этнографиялық әдістер, лингвистикалық талдау, мәдени-тарихи тәсіл, герменевтикалық тәсіл, салыстырмалы талдау, әдебиетті сыни талдау әдістерін зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттеріне байланысты бөлек және біріктіріп қолданылды.
Жобаны жазу барысы . Дипломдық жобаны жазу барысында бөлімдер және оның мәселелерін қарастыру, оқу материалдарын жабдықтау бойынша әрбір бітіруші өзара бөлінген тақырып аясында жұмыстар атқарды. Атап айтар болсақ, дипломдық жобаның кіріспе бөлімі мен екінші бөлімнің бірінші параграфы және үшінші параграфын- Жалғасбаева Қарақат жазды. Дипломдық жобаның қорытынды бөлімі мен бірінші бөлімнің екінші параграфы және екінші бөлімнің екінші параграфын- Арқалық Дана жазды. Ал бірінші бөлімнің бірінші параграфын және бірінші бөлімнің үшінші параграфын- Нұрболатқызы Аяулым сондай ақ ол әдебиеттер тізімі мен жобаны қорғаушылардың жазған жерінің белгіленген аймағына қойып, түзетулер жасады. Жобалық жұмыс осы уақытқа дейінгі оқыған білімімізді қайта еске түсіруге көп әсерін тигізді.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік маңыздылығы. Қазақ ұлттық бірегейлігін теориялық түрде зерттеу- қазақ халқының мәдени антропологиясы мен мәдени көзқарастарын зерттеуге, өсіп келе жатқан жас буынға өз халқының басқа халыққа қарағандағы ерекшелігін түсіндіріп, олардың кеуделеріне патриоттық сезімін оятуға жақсы импульс болып табылады. Олардың оқитын әдебиеттеріне жаңа материал болып, олардың санының өсуі үшін маңызды. "Жеке сәйкестілік сөзсіз ұлттық бірегейлік сияқты ұжымдық сәйкестіктермен байланысты"- деген сөзді тілге тиек етіп, қазақ ұлттық бірегейлігін зерттеу ең алдымен, қазақ жастарының өз елінде орны мен маңызын сезінуіне, және рухани білім алып дамуына зор үлесін қосады. [3, 34 б]
Ал практикалық зерттеудің маңыздылығына келсек, зерттеу нәтижелерін мәдениетаралық өзара әрекеттесуді дамыту үшін, соның ішінде мәдениеттер арасындағы диалогты нығайту және тәжірибе мен білім алмасу платформаларын құру үшін пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақ мәдениеті - ұлттық бірегейліктің іргетасы.
Зерттеу жұмысының құрылымы : Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан және әрбір тарау 3 тараушадан, сондай-ақ қорытынды бөлім мен әдебиеттер тізімінен құралған.
І. ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Қазақ халқының ауызекі мәдениетінін ерекшеліктері мен мәні
Қазақ мәдениеті - көне замандардан келе жатқан өзіндік төл тарихы мен құндылықтары, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін бірегей мәдениет. Ол көп ғасырлық даму кезеңдерінен өтіп, сан алуан өзгерістерге ұшырағанымен, негізгі құндылықтарын жоғалтпаған. Қазақ мәдениетінің негізін қалаушы - көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік құрылымы, діни нанымдары және өнері. Осы өзгешеліктер бүгінгі таңда Қазақстан халқының рухани байлығын құрайды және оның әлемдік мәдениеттегі орнын айқындайды.
Қазақ мәдениетінің құндылықтық негіздері, әсіресе, отбасылық байланыстар, қоғамдық өмірде ынтымақтастық, рухани дүниетаным, білімге ұмтылыс және қоршаған ортаны құрметтеу сияқты аспектілері арқылы көрініс табады. Бұл құндылықтар қазақ халқының өзара көмек және қайырымдылық сияқты маңызды қасиеттерді дамытуда маңызды рөл атқарады. Олар қазақ қоғамын біріктіріп, оның мүшелерінің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Қазақ мәдениетінің құндылықтық негіздерін тереңірек түсіну - қазіргі қоғамдағы өзара түсіністікті және өзара құрметті нығайтуға көмектеседі.
Қазақ мәдениетінде отбасы - қоғамның негізгі бірлігі ретінде ерекше орын алады. Отбасылық құрылым мен байланыстардың беріктігі, өзара құрмет пен сүйіспеншіліктің болуы қазақ халқының маңызды құндылықтарының бірі болып табылады. Бұл мәдениетте отбасы, ұрпақтар арасындағы байланысты сақтаудың және дәстүрлерді жеткізудің негізгі көзі ретінде көрінеді. Қазақ отбасыларында үлкендерге құрмет, жасы үлкен адамдардың пікірін ерекше қадірлеу және олардың ақыл-кеңесін үлкен бағалау дәстүрі күшті.
Отбасындағы әрбір мүшенің жауапкершілігі мен міндеттері айқын белгіленген, бұл әрқайсының қоғамдық өмірде де өз орнын табуына мүмкіндік береді. Қазақ отбасылары өз мүшелерінің әл-ауқатына ерекше назар аударады, олардың білім алуына, денсаулығына және жеке дамуына барынша қолдау көрсетеді. Отбасылық құндылықтардың бұл аспектілері қазақ мәдениетінің бүкіл құрылымында маңызды рөл атқарады және олардың әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік өмір сүру деңгейінің нығаюына ықпал етеді. [4. 80б] .
Қазақ мәдениетінде отбасының құндылығы мен орнын айқындайтын нақты ол салт-дәстүрлер:
Біріншіден, "Асар" дәстүрі - қазақ отбасылары арасындағы ынтымақтастық пен көмек көрсетудің көрнекті мысалы. Бұл дәстүрде ауыл немесе қоғамдастық мүшелері бір-біріне үй салу, егін егу немесе басқа да ауыр жұмыстарда көмектеседі. "Асар" өзара көмек пен қолдаудың символы ретінде, отбасы мен кеңірек қоғамдастық арасындағы байланысты нығайтады және жеке мүдделерден гөрі қоғамдық игілікті алға қояды.
Екіншіден, "Бесікке салу" рәсімі - бұл отбасылық құндылықтардың беріктігі мен ұрпақтардың жалғастығын білдіреді. Жаңа туған сәбиді бесікке салу арқылы отбасы мен қоғам оған амандық, береке және жақсы тағдыр тілейді. Бұл рәсімде отбасы мүшелері, атап айтқанда ата-аналар мен аталар мен әжелер, баланың тәрбиесіне және оның болашағына жауапты екендіктерін білдіреді. "Бесікке салу" рәсімі ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дәстүрлердің және отбасылық берік байланыстардың жалғасын символдайды.
Үшіншіден, той дәстүрі - бұл қазақ мәдениетінде отбасылық құндылықтардың көрінісінің айқын мысалы. Тойлар, әсіресе үйлену тойлары мен балаға ат қою рәсімдері, отбасы мен достарды біріктіретін маңызды оқиғалар. Осы іс-шаралар арқылы қазақ отбасылары өзара құрмет пен сүйіспеншіліктің маңызын көрсетеді, сонымен қатар қоғамдағы берік байланыстарды нығайтады. Тойлар, сонымен қатар, өзгелерге қайырымдылық жасау мен көмек көрсету сияқты қазақтың қоғамдық құндылықтарын да нығайтады.
Көрініп отырғандай, қазақ мәдениетіндегі отбасылық құндылықтар тек өзара құрмет пен сүйіспеншіліктің негізінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамды біріктіретін, оның мүшелерінің өмір сүру сапасын жақсартатын және дәстүрлер мен мәдени мұраларды сақтауда маңызды рөл атқаратын күшті байланыс ретінде көрінеді.
Қазақ мәдениетінде үлкенге құрмет және отбасылық дәстүрлер - қоғамның тұтастығын сақтаудың негізгі элементтері болып табылады. Бұл құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі және отбасы мүшелері арасында өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Қазақ қоғамында үлкенге құрмет - бұл тек әдептіліктің белгісі емес, сонымен қатар бала тәрбиесінің ажырамас бөлігі. Үлкендерге арналған құрмет көрсету жолдары арқылы балаларға өзгелерді сыйлау, тыңдау және үлгі алу қажеттілігі үйретіледі. Мысалы, отбасылық кездесулерде немесе мерекелік шараларда үлкендер алдымен сөйлейді, ал жастар оларды мұқият тыңдап, сөздерін бөлмейді. Сонымен қатар, жасы үлкен адамдарға орын беру, олардың алдынан өткенде кешірім сұрау сияқты әрекеттер де үлкенге құрметтің бір бөлігі.
Отбасылық дәстүрлер қазақ мәдениетінің маңызды құрамдасы болып табылады және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Бұл дәстүрлер отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайтуға және мәдени мұраны сақтауға көмектеседі. Мысалы, Наурыз мерекесін тойлау, қысқы кештерде әңгімелер айту, қазақтың ұлттық ойындарын ойнау сияқты отбасылық шаралар қазақтың бай мәдени мұрасын жас ұрпаққа таныстырудың тамаша тәсілі болып табылады.
Үлкенге құрмет пен отбасылық дәстүрлердің күнделікті өмірде орын алуы, мысалы, таңғы ас үстінде бірге отыру, кешкі асқа дайындалуда балалардың көмек көрсетуі, мерекелер мен естелік күндерді бірге атап өту сияқты салт-дәстүрлер арқылы отбасы мүшелерінің бір-біріне деген махаббаты мен құрметі нығая түседі. Осы арқылы қазақ мәдениетіндегі отбасылық құндылықтар мен өзара құрмет сезімі ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі, олардың өмірінде маңызды орын алады.
Қазақ мәдениетінде қоғамдық құндылықтардың арасында көршілестік, достық және ынтымақтастық маңызды орын алады. Бұл құндылықтар қазақ қоғамының социалдық құрылымында бірлік пен берекені нығайтуға және қоғам мүшелері арасындағы өзара сенім мен қолдауды арттыруға ықпал етеді.
Көршілестік құндылығы - бұл қазақ қоғамының тұрақты элементі, ол көршілер арасындағы өзара көмек және қолдауды қамтамасыз етеді. Мысалы, қиын кезеңдерде көршілер бір-біріне азық-түлік немесе еңбек көмегін ұсынып, қайғы-қасірет кезінде қолдау көрсетеді. Бұл дәстүр қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтады, сонымен қатар көршілестік қатынастардың маңызын күшейтеді.
Достық - қазақ мәдениетінде өзара сенім және қолдау негізінде қалыптасқан берік байланыстарды білдіреді. Достар арасындағы ынтымақтастық жеке және қоғамдық деңгейде өмір сүру сапасын арттыруға көмектеседі. Мысалы, достар бір-біріне кеңес беріп, қиындықтар кезінде қолдау көрсетеді, бұл әлеуметтік желіні нығайтады және әрбір адамның өміріне оң әсер етеді [2] .
Ынтымақтастық құндылығы қазақ қоғамының бірлігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Бұл құндылық, әсіресе, қоғамдық іс-шаралар мен апаттар кезінде көрінеді, мұнда қауымдастық мүшелері бір-біріне көмектесіп, ортақ мақсаттарға жету үшін күш біріктіреді. Мәселен, табиғи апаттар немесе қоғамдық жобалар кезінде көрсетілген ынтымақтастық адамдар арасындағы берік байланысты күшейтеді және қоғамдық жауапкершіліктің маңызды үлгісін көрсетеді.
Көршілестік, достық, және ынтымақтастық құндылықтары арасындағы тығыз байланыс қазақ қоғамындағы социалдық капиталдың құрылымын нығайтуға және оның мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Бұл құндылықтардың өзара байланысы адамдардың бір-біріне деген сенімін арттырып, қоғамдағы ынтымақтастық пен бірлікті күшейтеді.
Көршілестік қатынастардағы көмек және қолдау көрсету актілері адамдар арасындағы сенімді арттырады. Мысалы, көршінің үйінде болған шараға қатысу немесе қиын кезеңдерде көмек көрсету сияқты іс-әрекеттер көршілестік байланыстарды нығайтады. Бұл сенім дәрежесі жоғары қоғамда достық қатынастардың дамуына және одан әрі ынтымақтастыққа ықпал етеді.
Достық қарым-қатынастары қоғамдағы өзара әрекеттестіктің негізін қалайды. Достар арасындағы берік байланыстар қоғамдық жобаларға белсенді қатысуды ынталандырады. Мысалы, бір достық тобының мүшелері қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруы немесе қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысуы мүмкін. Бұл іс-әрекеттер қоғамдағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайтады, себебі олар көпшіліктің ортақ мүдделеріне қызмет етеді.
Қоғамдық ынтымақтастық пен бірліктің күшейуі, өз кезегінде, көршілестік және достық қатынастарын одан әрі нығайтады. Бұл ынтымақтастық кезінде адамдар бір-бірінің мәдениетін және әдет-ғұрыптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады, бұл өз кезегінде көптүрлілікті құрметтеуге және әр түрлі пікірлер мен көзқарастарға ашықтықты арттырады. Сондықтан, көршілестік, достық және ынтымақтастық арасындағы байланыс қоғамдық өмірдің барлық аспектілерінде маңызды рөл атқарады, олардың әрқайсысы бірін-бірі күшейтеді және қоғамдық беріктік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Осы құндылықтар қазақ қоғамының негізгі тірегі болып табылады және олардың өмір сүру сапасын жақсартудағы рөлі зерттеулерде кеңінен сипатталған. Көршілестік, достық және ынтымақтастық құндылықтары әлеуметтік байланыстарды нығайтуда және қоғамдық бірлікті сақтауда шешуші рөл атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz