Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
5
Кіріспе: 1 Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері
5: 8
Кіріспе: 1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу өзіндік жұмысын ұйымдастыру мазмұны мен мәні
5: 8
Кіріспе: 1. 2 Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
5: 21
Кіріспе: 2 Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
5: 34
Кіріспе: 2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының өзінідік жұмыс істеу дағдыларын диагностикалау
5: 34
Кіріспе: 2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында өзінідік жұмыс істеу дағдыларын дамыту
5: 38
Кіріспе: 2. 3 Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысының нәтижесі
5: 51
Кіріспе: Қорытынды
5: 55
Кіріспе: Пайдалынған әдебиеттер тізімі
5: 57


Кіріспе

Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі еліміздің болашағы үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.

Қазіргі ақпараттық технологиялар қоғамы, бүгінгі жастардың өз бетінше белсенді қимылдауға, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемділікпен бейімделуге қабілетті болуына жоғары дәрежеде мүдделі болып отыр. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы және ақпарат көлемінің жыл сайын екі еседей өсуі, ой еңбегін және оқыту процесін айрықша сапалы түрде жетілдіруді қажет етеді.

Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін еңгізу мүмкін емес. Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парсатты азамат тәрбиелеп шығуға болады.

Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білім мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы.

Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі педагогикалық үрдісте оқушылардың өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі - оның білімнің, шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап, беру мен бетік белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.

Бүгінгі таңда білім беру ісі оқушының жас ерекшеліктеріне сай бағытталып, соның ішінде ең алдымен баланың жеке және жалпы дамуға дайындығы туралы мәселелерді шешуді көздейді. Осы мақсатта бастауыш мектептердің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалып келеді.

Мұндай дүниежүзілік күрделі мәселелерді шешудің түбегейлі жолы мамандардың және білім алушылардың үздіксіз білім алуының жаңа халықаралық форматтарға көшуі заман талабы. Бұл оқушылардың өз мүмкіндіктерін пайдаланып, өз бетінше алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана білуге және олардың білім алуға деген ынта-жігері мен белсенділігін күшейту білім саласындағы әрбір педагогтың міндеті. Халықаралық форматтар білім алушылардың өз бетінше ізденіп, оқып әртүрлі бақылаулар жасап, өлшеп, зерттеп, талдап, өзінше қортынды жасауға, өз пікірін дәлелдей отырып, өзінің қоғамдағы орнын анықтауға жол ашады.

Еліміздегі дәстүрлі білім беру түсіндіру, көрсету, сұрау, үлгі бойынша тапсырмалар берумен шектеледі, бірақ білім алушылардың ойлау, қолдану, дәлелдеу, шешімін табу сияқты мәселелерге көңіл бөліне бермейді.

Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқушылардың өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Оқушылардың өздігінен білім алу мәселелерін И. Г. Песталоцци, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, Л. C. Выготский, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Н. А. Менчинская, А. А. Люблинская және т. б. педагог-ғалымдар зерттеу жұмыстарында қарастырылған.

Сонымен қатар, Республикамыздың көрнекті педагог-ғалымдары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Б. П. Есипов, Ж. Махимова, М. Мұсабеков, А. Мүбараков, Ж. Сардарова, С. Қаңтарбаев, А. Арынова т. б. еңбектерінде оқушылардың өздігінен білім алу мәселелері қарастырылған.

Жоғарыда аталған педагогтардың ғылыми еңбектерінде оқушылардың өздігінен білім алу мәселесі біркелкі зерттелгені айқындалады.

Сонымен, бүгінгі күні бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұны негізінде бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдістерін айқындау қажеттілігінің артуы мен оның теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауы арасында қайшылық орын алып отырғандығы белгілі болды. Осы аталған қайшылықтың шешімін іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру заманауи әдістерін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу объектісі: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының өзіндік оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары

Зерттеудің болжамы: егер бастауыш мектеп оқу-тәрбие үрдісіне оқушылардың өздігінен білім алу қабілеттерін дамытудың заманауи әдістерін жүйелі түрде енгізіп, оны тиімді пайдаланса, онда оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеттері арта түседі, өйткені өздігінен іздену, жұмыс істеуге талпыныстары күшейе түседі.

Зерттеудің міндеттері:

  1. бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау
  2. бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру жолдарын анықтау
  3. бастауыш сынып оқушыларының өздігінен білім алу қабілеттерін дамытудың әдістемесін жасап, эксперимент жүргізу арқылы тәжірибеге енгізу.

Зерттеу әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқу-тәрбие процесін бақылау, сауалнама алу, педагогикалық бақылау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және салыстыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері : «өзіндік жұмыс», «өздігінен білм алу» ғылыми ұғымдарын аша түсетін философиялық, пихологиялық және педагогикалық тұжырымдар мен қағидалар, бастауыш білім беру дидактикасының жетістіктері, бастауыш мектепте оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері анықталды;
  • бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру жолдары анықталды;
  • бастауыш сынып оқушыларының өздігінен білім алу қабілеттерін дамытудың әдістемесі жасалып, эксперимент жүргізу арқылы тәжірибеге енгізілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижелерін бастауыш сынып оқушыларының өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту мақсатында бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесінде қолдануға болады

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Зерттеу базасы : Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі


1 Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу өзіндік жұмысын ұйымдастыру мазмұны мен мәні

Бастауыш білім - білім беру жүйесінің алғашқы сатысында меңгерілетін дағдылар мен ұғымдардың жиынтық атауы, яғни баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуына, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты деген сөз. Бастауыш білім беру сатысында оқушы әріп танып, жаза білуге, дұрыс, жатық оқуға, өз ойын ауызша, жазбаша жеткізе білуге, мазмұндауға үйренеді.

Қазіргі таңда мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі болмай, керісінше оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын тұлға болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрибиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады.

Өз бетімен жұмыс дегеніміз не?

Сурет 1 - «Өздігінен білім алу» ұғымының анықтамалары

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың өз бетінше жұмыс істеу қасиеттерін қалыптастыру, оқу танымдық қызығушылығын арттыру, оқу тәрбие ісіндегі жетістіктердің қыры мен сырын білу міндеттерін айқындау, соның ішінде бастауыш мектептердегі білім мен тәрбие беру тәжірибесіне сүйену ерекше көкейкесті мәселе. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі жаңаша ой-пікірлер мен педагогикалық көзқарастараның қалыптасу белесінде әлеуметтік педагогика ғылымдарының ауқымыдылығы кеңейіп оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде. Қазақстан Республикасының Білім туралы” заңы қабылданып, оның негізінде “Білім” мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұнының тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай еліміздің қайта өркендеуі, әлемдік желілерге көтерілуі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарасытарын қалыптастыру, оны педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кездегі объективті қажеттілік. Қызығушылығын дамыту- білім алудың негізі болып отыр. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары және жаңаша әдіс-тәсілдермен таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді.

Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім беруден қаланатыны белгілі. Оқушылардың өздігінен білім алу біліктерін қалыптастыруда бастауыш білімінің маңызы зор. Бастауыш білім беру арқылы оқушыларды жалпы орта білім берудің мақсаты көзделеді.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу процесін демократияландыру, ізгілендіру принциптері оқушының белсенділігін дамыту, оқу тәрбие ісмін кешенді түрде қарап, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие бірлігін ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыпқа негіздей отырып, білім берумен қатар, өздігінен білім алу жұмысты барлық пәндер арқылы да біліктерін қалыптастыруға болады. Білім беру- қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Жалпы білім беру негізінен, үш мақсатты көздейді.

Біріншісі-табиғат, қоғам, техника, өнер, туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа дүниетанымдық идеялар мен сенімдер практикалық біліктер мен дағдылар және өз бетінше ойлау әрекеттері жатады.

Екінші- оқушыларды сабақтан тыс күндері практикалық іс-әрекетке, өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге даярлау.

Үшінші мақсаты- оқу пәндерін оқытуда өзіндлік жұмыстың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануды керек етеді.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен білі алу жұмысын дамыту және жетілдіруде мынадай шарттар бар:

  1. Оқушылардың білім қорының болуы және оларды қолдана білуі;
  2. Оқушылардың көрген-білгендеріне байланысты ынта-ықыласы мен өзіндік мағынасының болуы;
  3. Оқушылар өз көзқарастары мен сенімдерін практикалық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асыруға дайын болуы.

Көптеген ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәрбиесіне сүйенсек, оқу-тәрбиесі үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.

Себебі сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өздігінен білі алу белсенділік әрекетә болмаса жұмыстың нәтижелі сапалы орындалуы мүмкін емес. Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі, бұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете көрген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялылыраның бірі ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов.

Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның «Бастауыш мектеп», «Қазақша оқу жайынан», «Мектеп керектері» атты мақалаларында ашылған. Соның ішінде біздіңде ерекше көңіл аударарлық мәселе - бұл автордың “Қазақша оқу жайынан” автты еңбегінде айтқан пікірі.

Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі-балаға орындататын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру. Бұдан біз Ахмет Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары ресей ғалымдары В. Давыдов пен Л. Занковтың дамыта оқыту теориясын негізі болған, -өз бетіндік танымдық әрекеттің ролін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағағндығын байқаймыз.

Бұл тағы да оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы, ғалымы екендігімен қатар, оның баланы дамыту мәселесін көтере отырып басты нысанасы болып табылатын өз бетіндік жұмыстың ролін көре білгендігін көре аламыз.

Бастауыш сыныптарда өздігінен білім алу жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өз бетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Өздігінен білім алу - бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.

Бастауыш мектепте өздігінен білім алу жұмысын тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай - бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.

Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:

  1. Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;
  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т. б. )
  3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т. б. ) .

Мұнда басты назар аударатын мәселе- бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығымол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену (игеру), бекіту, қайталап-пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.

Оқушылардың өз бетінше жұмыстың педагогикалық тиімділігі- мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасы мен тікелей байланысты. Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдында қойылған мақсат да айқын болса, онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.

Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі-оқушыларға өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Білімнің негізгі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты ережені түсініп, тұжырымдау есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау жасай білу, т. б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру-оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Өздігінен білім алудың негізгі ерекшелігі - оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім оқушының іскерлік дағдысын бақылау, білу қабілетін, ойлауын, дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.

Оқу - мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың оқу әректі-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әректін, рухани күштерін керек етеді.

Баланың ақыл ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.

Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т. б. Оқушының өздігінен оқуы тиісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл ой-еңбегін белгілі бір жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай біліуге, уақытты дұрыс пайдалануға. Өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.

Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту технологиясы-оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология-оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестілігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдарымен істеуі, және оған әсер ететін мативтер және т. б. Дәлірек, айтқанда, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.

Оқу әрекеті барысында оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау дағдыларын қалыптастыруға болады.

  • Оқушылардың өзіндік жұмысы туралы түсінік беру:
  • Оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау әдістемесімен таныстыру.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылуы - баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:

1. Баланың бойындағы қамқорлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

2. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай . жасау;

3. Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми - теориялық негіздері
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
САБАҚТА ЖӘНЕ ТӘРБИЕДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орта шағын жинақты мектеп
Шағын комплектті мектептерде математиканы оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz