Мазмұндама мәтіндеріне қойылатын талаптар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ

М. Қанапиянов атындағы жоғары колледжі

Курстық жұмыс

Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша

Тақырып: «Бастауыш мектептегі мазмұндама мен шығарма жұмыстарына қойылатын талаптар»

Мамандығы: 01140101 Бастауыш білім беру

Біліктілігі: 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі

Орындалды

Білім алушы

(студенттің Т. А. Ә. )

(қолы)

Топ:

Тексерді:

Оқытушы:

(оқытушының Т. А. Ә. )

(қолы)

Курстық жұмыстың қорғалған күні

20___ ж. «___»

Баға

Павлодар 20 ___ ж.

Жоспар

Кіріспе

1. Жазылым жұмыстарына қойылатын жалпы талаптар (Теориялық бөлім)

1. 1 Мазмұндама жұмыстарына қойылатын талаптар

1. 2. Шығарма жұмыстарына қойылатын талаптар

2. Жазылым жұмыстарының талаптарына сәйкестігін тексеруге арналған бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар (Практикалық бөлім)

2. 1. Мазмұндама жұмыстарының талаптарына сәйкестігін тексеруге арналған бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар

2. 2. Шығарма жұмыстарының талаптарына сәйкестігін тексеруге арналған бастауыш сынып оқушыларына арналған тапсырмалар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұндама дегеніміз - белгілі бір шығарманың, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндау.

Мазмұндама мен шығарма жазуға қазақ тілі сабағынан арнайы сағаттар бөлінеді. Шамамен алғанда, әрбір он-он бес күнде 1 сағат бөлінеді.

Бастауыш сыныптарда мазмұндаманың осындай түрлерін көрсетуге болады:

  1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама.
  2. Сурет бойынша мазмұндама.
  3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама.

Дайын әңгіме бойынша мазмұндама

Мазмұндаманың бұл түрі атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу принципімен жүргізіледі. Соған орай ол бірнеше сатыға бөлінеді:

  1. Мәтіннің құрылысы мен тәртібін сақтай отыра жазу. Бұл әдіс, көбінесе 1-сыныпта қолданылады. Мазмұндаманың бұл түрі 1-сыныпта былайша ұйымдастырылады:« Аралардың достығы».

«Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын жинапты. Өздері тату тұрыпты. Сондықтан балдай тәтті өмір сүріпті.

Бұл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады немесе мұғалім үлкен қағазға алдын ала үлкейтіп жазып қояды да, тақтаға іледі. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардан араны көрген-көрмегендерін, ол жөнінде қандай ертегі, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да болады. Әңгімені дүниетанудан алған білімдерімен ұштастырып, араның адамға қандай пайдасы бар екеніне де тоқталған жөн.

Сабақ баcталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі шырын, балдай тәтті өмір, тату, т. б. сөздері түсіндіріледі.

Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мәтінді балалардың өздеріне оқытудың пайдасы сол, олар мәтіндегі сөйлем құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, яғни балалардың есту, көру сезімдері қатар қызмет атқарады. Мәтін оқылып болғаннан кейін сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтінмен ол сұрақтарға жауап береді. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін мұғалім оны толықтай бір оқып шығады. Осындай жұмыстан соң мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы сұрақтарды ашады.

Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтың, мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұрақтың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы:

  1. Орманда қанша ара тұрыпты?
  2. Бәрі қандай болыпты?
  3. Үнемі не теріпті?
  4. Өздері қала тұрыпты?
  5. Сондықтан қалай өмір сүріпті?

Бұл сұрақтарға оқушылар мәтіннен есте қалғандары бойынша тағы да ауызша жауап қайтарады. Қорытынды ретінде барлық сұраққа бір оқушы немесе 2-3 оқушы жауап береді. Балалар осы қойылған сұрақтарға жауап жазуға кіріседі.

  1. Сурет бойынша мазмұндама

Мұнда балалар берілген суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді.

Мазмұндаманың бұл түрін бірнеше топқа бөлуге болады.

  1. Дайын сурет бойынша мазмұндама

Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді, ал оқушылар сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманың бұл түрі бастауыш сыныптарда бір сюжетті бейнелейтін бірнеше сурет арқылы да жаздырылады. Бір сюжетке салынған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндамаға мысал келтірейік.

«Бүлдірген тере барғанда суреті бойыншы»

  1. Мұғалім кіріспе сөзінде балалардың жазғы демалыстарында не істегендері, не көргендері туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі. Онда көбінесе жазғы қаланың көрінісіне көңіл аударысады.
  2. Тақтаға суреті ілінеді. Оның атын жауып қойып, балаларға суретті қарап шығу тапсырылды. Аздан соң, мұғалім «Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген. Бұл жауаптың дұрыстығын қуаттай отырып, мұғалім оқушылардың зейінін «ағаш көлеңкесіндегі дем алып отырған балаларға, олардың қастарындағы жидекке толып тұрған ыдыстарға аударып:
  • Балалар, не істеп тұр?
  • Ал мына тұрған нелер? (шешек, себет)
  • Бұл ыдыстардың ішінде не бар?
  • Енді бұл суреттерді қалай деп атасақ екен?

Балалар түрлі ат айтады «Бүлдірген тере бастағанда», «Бүлдірген теру», т. б. Балалардың ұсынған аттарының барлығы да дұрыс екенін айта отырып, мұғалім: Осы суретті автор қалай атады екен, соны көрейік, деп суреттің жабулы атын ашады. Сурет бойынша мазмұндама бастауыш сыныпта осылай жүргізіледі.

  1. Кино, диафильм бойынша мазмұндама

Кино, диафильм соңғы жылдарда мектеп өмірінен берік орын ала бастады. Кино оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ықпалды құралдардың біріне айналып отыр.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнап шығарылған диафильмдер мен мультфильмдердің дені орыс тілінен аударылған. Қазақ мектептерінде оқу-тәрбие жұмысында кино, диафильмдерді пайдалануды дұрыс жолға қойып, көпшілік мүддесіне айналдыру үшін, әрине, алдымен мектептерді қазақ тілінде шыққан кино, диафильмдермен қамтамасыз ету қажет.

Фильм көрсетілер алдында балалардың көңілін сол фильмде болатын оқиғаға аудару үшін кіріспе әңгіме айту керек және бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте-бірте үйрету қажет.

Шығарма және оның түрлері

Жоғары сыныптарда шығарма жаздыру әдістемесін зерттеуші Е. Дайрабаев шығарма мен мазмұндаманың айырмашылығын айқын атап көрсетті. «Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз - белгілі тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Шығармада оқушының өзі туралы, өнер жөнінде, оқыған немесе талдаған әдеби туынды жайындағы ойлары баяндалады. Оқушы тиісті тақырып бойынша мәтінді өзінше жазады».

«Шығарма» терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде өз көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымында түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп беруін айтамыз.

Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады:

  1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;
  2. Экскурсия бойынша;
  3. Өнер саласына (супер, кино, қуыршақ театрының спектакльдері, т. б. ) байланысты;
  4. Оқушының іс-әрекетіне (ойын, еңбек, т. б. ) байланысты тақырыптар.

Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетілуіне ерікті бола тұрғанымен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасы белгіленді. Оқушылардың жазған шығармаларының көлемі шамамен:

I сыныпта 20 - 30 сөз.

II сыныпта 30 - 60 сөз.

III сыныпта 60 - 130 сөзге дейін барады.

Енді шығарманың жоғарыда көрсетілген түрлеріне жеке-жеке тоқталайық.

  1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты шығарма жұмысы. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлемді дұрыс құру дағдысын қалыстастыруда оларды үйде немесе сыныпта оқыған шығармалары мен үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлетіп, үйретудің пайдасы зор. Шығарманың бұл түрінің білімділік, тәрбиелік мәні де зор. Мұндағы ұтымды мәселенің бір ұшы бала өзін қоршаған айналаға сын көзімен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, іскер мен кертартпаны, кішіпейілділік пен дөрекілікті байқайды; бұлар жөнінде өз сезімін білдіреді.

Бұл жұмысты мұғалім алдын ала, жан-жақты ойластырып, дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Балаларды сөйлеткенде олардың сөйлемдерінің қысқа әрі түсінікті, жүйелі құрылуына назар аударған жөн. Ол үшін мұғалім жетекші сұрақ қойып отырады.

Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар естіген, оқыған әңгімелерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді және тілдік көркемділікті пайдаланып, нәрлі ойларын еркін білдіруге әдеттенеді.

Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқыған, яғни естіген әңгімелерінің мазмұыны бойынша шығарма жаздыруды түрліше ойластырып жүр:

  1. Оқушылар оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмұнын сақтай отырып, өз сөздерімен еркін шығарма жазады.
  2. Оқыған немесе естіген әңгімелерінің үлгісіне еліктеп, өздері ойдан шығарып жазады.

Дұрыс ұйымдастырылса, бұл жұмыстың екеуінің де пайдасы мол. Әңгіменің мазмұнын сақтай отырып жазған шығармада оқушылар әңгімедегі оқиғаға, құбылыстарға өз білгендерін қосып, одан алған әсерлерін білдіреді.

Бұл - оқушының шығармашылық қабілетін дамытады, тілін ұстартып, ойын жүйелі баяндауға төселдіреді.

Шығарманың бұл түрлерін «сендер мынадай әңгіме оқыдыңдар, сол бойынша шығарма жазыңдар» деген сияқты нұсқау беру арқылы ұйымдастыруға болмайды. Бұл жұмыста мұғалім үлкен шеберлікпен, дұрыс басшылық етуі тиіс.

Оқушылар тіпті өздері жақсы білетін әңгімелерінің мазмұнын да бірден өз сөздерімен жазып бере алмайды. Сондықтан алғашқы кезде оқыған мәтіндердің мазмұны мұғалімнің көмегімен әңгімеленеді де, кейін балалардың өздері айтып және жазып бере алатын болады.

Мысалы: 1- сыныптың «Ана тіліндегі» «Сырғанақ» деген мәтіннің мазмұнын мысал ретінде басшылыққа ала отырып, шығарма жаздыру үшін бастапқы кезде мынадай дайындық жасалады. Мұғалім оқушылармен жақында «Ана тілі» кітабынан «Сырғанақ» деген мәтін оқығандары жөнінде әңгімелесіп, сол мәтіннің мазмұнын еске түсіреді. Сонан кейін оқушыларға ескертеді: - Сендер қазір осы мәтіннің мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беруге дайындалыңдар. Айбол туралы мәтінде айтылмай қалған жерлерін өз жандарыңнан қоса айтыңдар. Мысалы: Мәтінде Айболдың сырғанаққа қай күні барғаны айтылған ба? Оқушылар: - Жоқ, Айболдың сырғанаққа қай күні барғаны айтылмаған, - деп жауап береді.

  • Айбол төбеге сырғанақ тебуге қай күні барды деп ойлайсыңдар? (Ол сырғанақ тебуге демалыста барды) .
  • Айбол сырғанақ тебуге асыққан ба екен? Сендер ше?

(Біз де сырғанақ тебуге асығамыз. Айбол да демалыс болуын асыға күткен шығар) .

  • Ол күні ауа-райы қандай болды екен? (Демалыста күн жылы болатын) . Ал осылар жөнінде мәтінде айтылған ба? (Жоқ, бұл жөнінде мәтінде ештеңе айтылмаған) .
  • Ендеше, алдымен Айболдың демалысты асыға күткені, ол күні ауа-райының қандай болғаны жөнінде сөйлем құрастырайық (Айбол демалыстың болуын асыға күтті. Демалыста күн жылы болды) .
  • Айбол сырғанаққа бармас бұрын не істеді? Сендер не істейсіңдер? Бірден шығып жүре бересіңдер ме?
  • Жоқ, біз алдымен киінеміз, сонан соң шанамызды аламыз.
  • Олай болса, Айбол да солай істеген шығар, бұл жөнінде әңгімеде бар ма? Оны қалай айтсақ екен?
  • Оны жылы киініп, шанасын алды. Төбеге барды.

Алдымен осы мәтіннің мазмұнын оқушылар еркін ауызша айтады. Оқушылардың әңгімесі:

«Қыс қызығы басталды. Айбол демалыс күнін асыға күтті. Демалыста күн жылы болды. Ол жылы киініп, шанасын алды. Төбеге барды. Онда сырғанақ тепкен балалар көп. Ойын қызықты болды. Айбол үйіне көңілді оралды.

Шығарма жаздыруға мынадай талаптар қойылады:

  1. Тақырыпты түсіну және талдай білу.
  2. Тақырыптың мақсаты мен мазмұнын білу.
  3. Шығармаға жоспар құру.
  4. Ойды дұрыс, қисынды құрау.
  5. Сөзді, сөйлемді орынды қолдана білу.
  6. Эпиграфты дұрыс таңдау.

Шығармаға дайындық қалай жүргізілу керек. Алдымен, шығарма бағдарлама бойынша жоспарлы түрде өтеді. Оқушыларға шығарма жазатындары ескертілу керек. Шығармаға арқау болатын тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сай алынады. Оқушыларға шығарма үшін ұсынылатын тақырып белгілі, оқушылардың мағлұматы бар тақырып болғаны дұрыс. Яғни, бағдарламада көрсетілген, оқушылардың өздері сыныпта танысқан, талдаған мәселелері алынады. Мұғалім алдын ала шығармаға арқау болатын тақырыпты өту кезінде ауызша сұрау, сұраққа жауап беру, жазбаша шағын тапсырмалар орындау, мәтінді бөлімдерге бөлу, ат қою, жоспар жасау секілді жұмыс түрлерін атқару керек. Сонда оқушы көркем туындының мәнді тұстарына назар аударып, негізгі ойды жинақтап, өз пікірлерін айта білуге дағдыланады. Әрине, мектеп оқушысының ауызша сөйлеуі мен жазбаша жұмыс орындауы тең түсіп жатпайды. Кейде ауызша жауапқа жүйрік бала, жазбаша ойын жүйелі бере алмайды. Кейде керісінше болады. Мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім екі жұмыстың түрін де мүмкіндігінше өткізіп отыру керек. Шығарма жұмысы мұғалімге оқушының ішкі әлемін тануға, шығармашылық қабілетін айқындауға мүмкіндік береді. Шығарма жазуға төселдіру - болашақ қоғам мүшесін, тұлғасын тәрбиелеуге ықпал ететін философиялық мәселе. Шығарма жұмысын жаздыруда дұрыс, нақты құрылған жоспардың маңызы айтарлықтай. Оқушының өзі жазғалы отырған тақырыбын қалай ашып, қай түрде талдау беретіні, не жазатыны жоспарда айқындалады. Оқу жылы ішінде жазылатын шығарма тақырыптары күн ілгері жоспарлану керек. Көркем мәтінді бөлімдерге бөліп, әрқайсысына лайықты тақырып қойып, жай немесе күрделі жоспар жасау керек. Шығарма жоспары кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыпқа шолу жасалып, негізгі ойға бағдар беріледі. Негізгі бөлім шығарманың идеясын ашып, ол нақты ой, мысалдар арқылы дәйектеледі. Қорытындыда негізгі бөлімдегі ой түйінділеді.

Ана тілінің негізгі саласының бірі тіл дамыту жұмысы бола тұрғанымен, бұл мәселеге әлі күнге дейін мектептерде жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқаны, әсіресе балалардың жазу тілін дамыту жұмыстары бастауыш мектептердің көпшілігінде жүргізілмейтіні, ал бұл жұмыстардың ұшқыны бар деген мектептердің өзінде оқта-текте, жүйесіз, мақсатсыз өткізілетіні жоғарыда айтылған. Бұған себеп бастауыш сыныптардағы шығарма, мазмұндама жұмыстарының жоғары сыныптарға қарағанда анағұрлым ауыр болатындығынан.

Бастауыш мектептерде балалардың жазбаша тілін дамыту жұмысының қиындығын айта келіп, К. Д. Ушинский: «Әрине, балаға жеңіл-желпі оқу мен жазуды үйретуге болады, бірақ мен мұны зиянды деп есептеймін, өйткені сіз баланы маңыздырақ, қиынырақ істерден сақтандыра беретін болсаңыз, онда ол кейін осы қиын іске ауысқан кезде, тіпті ауыр болады. Балаларға маңызды, қиынырақ сабақты қызықты ете білу - бастапқы оқытудың мақсаты. Әрбір дені сау бала іспен шұғылдануды талап етеді, бала әкесі мен шешесінің бір күрделі ісіне өзінің құрдастарымен ойнағаннан әлдеқайда зор ынтасымен көмектеседі», - дейді.

Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазбаша тіл дамыту жұмыстары
Ауызша және жазбаша сөйлеуге үйрету
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚША ТІЛІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдәс – тәсілдері
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі туралы
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz